У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Е~бек ж~не тіршілік ~ауіпсіздігі кафедрасы Зертханалы~ ж~мыс 6 Та~ырыбы- Белсенді жолмен ~р

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

«Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы

Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: «Белсенді жолмен өртті сөндіру»

Оқытушы_______________

ғыл.атағы

_______________________

«___»____________2006 ж

Студент________________

Мамандығы_____________

Тобы                   

Алматы 2006


Жұмыстың мақсаты
: студенттерге белсенді жолдармен өрт сөндіру құралдары туралы негізгі ұғымдармен таныстыру және олар туралы пайда болатын сұрақтарға тәжірибе жүзінде жауап беру.

КІРІСПЕ

Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.

Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр. Айтылғандардың барлығы осы әдістемелік нұсқауда көрініс тапты.

1 ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.

Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.

Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.

Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.

Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.

Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді (сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік – күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен – мұнай өнімдерін; спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады, жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды тоқтатады.

Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі – көбік көлемінің, өзі алынатын барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.

Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады. Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген, себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.

Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар) газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды толтыру үшін қолданылады.

Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.

Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері, сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары пайдаланылады.

2 ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР

Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.

ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.

ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған.

1-Сурет. ОХП-10 типті химиялық көбікті өртсөндіргіш.

Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады. Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы  жану ошағына бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді. Қышқылдық пен сілтілік бөліктерінің араласуы нәтижесінде келесі әрекеттесу жүреді:

Fe2(SO4)3+6NaHCO3 = 2Fe(OH)3+3Na2SO4+6CO2

Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.

ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.

ОВП-5 және ОВП-10 типті (2-сурет) қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.

2-сурет. ОВП-10 типті қолмен сөндіруге арналған ауа-көбікті өртсөндіргіш

Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.

Өрт сөндіргіштің заряды химиялық бейтарап.  Соның негізінде алынған жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Сол себепті өрт сөндіргіштің айналадағы заттарға зиянды әсері жоқ. Мұндай өрт сөндіргіштерді электроқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру үшін қолданбайды.

Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 (3-сурет) қолмен сөндіруге арналған көмірқышқыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым  0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.

3-сурет. ОУ-2 қолмен сөндіретін көмірқышқыл өрт сөндіргіш

Көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді таразыға тарту арқылы тексеруден өткізеді. Егер салмағы 6,25 (ОУ-2); 13,35 (ОУ-5) және  19,7 (ОУ-8) кг аз болса, оларды зарядтау қажет.

Көмірқышқыл материалдарды бүлдірмейтіндіктен, оларды құнды заттарды және кітап сақтау орындарын сөндіру үшін пайдаланады. Ал ток өткізбеуіне байланысты (380 В дейін) электр құрылғыларын сөндіруде қолданады.

ОУБ-3а, ОУБ-7а (4-сурет) көмірқышқыл-бромэтил өрт сөндіргіштері, 3,2 және 7,4 л сиымдылықты шойын баллонан тұрады, оның ішінде  97% бромды этил мен 3% сұйық көмірқышқылы болады. Ерітінді 0,843 мПа қысымда болады.  Вентильді ашу кезінде шығару түтігінен бұлт тәрізді өрт сөндіру заты шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 40 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді. Олар қатты, сұйық жанғыш және электр құрылғыларын сөндіру үшін қолданылады.

.4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл – бромэтил өрт сөндіргіші

Түйіршікті ОПС-10 (5-сурет) өрт сөндіргіші кальциланған құрғақ түйіршікпен толтырылған, сиымдылығы 10 л баллоннан (1) тұрады.

 

5-сурет. Түйіршікті ОПС-10  өрт сөндіргіші

Корпусқа 15 МПа қысымдағы инертті газ (азот) толтырылған баллон бекітілген.

Вентилді ашу кезінде газ күшімен түйіршік шлангқа (3) итеріледі де, раструб (4) арқылы өртке шашыратылады. Іс-әрекет ұзақтығы шамамен 30 с.

Түйіршікті өрт сөндіргіштер кішігірім жану аймағына: автотранспорт, электр құрылғылар (100В дейін), сілтілік металдар (Na, К), ағаш, пластмасса және т.с.с. қолданылады.

Өндіріс ғимараттарының әртүрлі жүйелерінде қолданылатын  өрт сөндіргіштердің қажетті саны келесі формуламен анықталады:

N0= M0* S,

мұнда, S ғимараттың ауданы, м2; M0 – 1-кестеде келтірілген нормаланған өрт сөндіргіштердің саны.

1-кесте. Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштердің сипаттамалары.

Ғимараттардың, имараттардың және қондырғылардың атаулары

Өлшем бірлігі, м

Өрт сөндіргіштер

ОХП-10

ОВП-10

Көмірқыш-қылды

Механанико-жинау, металдарды өңдеу цехтары

600

I

-

-

Қатты отын және газбен жұмыс істейтін ұсталық және престік цехтар.

600

I

-

-

Сұйық отынмен жұмыс істейтін ұсталық және престік цехтар.

әр қондырғыға

-

I

-

Гараждар.

100

-

I

-

Пісіруші және электр пісіруші цехтар

200

I

-

-

Қатты отынды қолданатын пеші бар термиялық цехтар:

300

I

-

-

Сұйық отында қолданатын пеші бар термиялық цехтар:

әр құралға

-

I

-

Сырлау, лактау, т.с.с. цехтар

100

-

I

-

Ағаш өңдеуші, модельді, столярлы цехтар

100

I

-

-

Мотор зауыттарындағы жинаушы, реттеуші цехтар

100

-

I

-

Ацетиленді қосалқы станциялар

100

-

I

I

Трансформаторлы қосалқы станциялар

100

-

I

-

3 ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

Өрт сөндірудің қондырғылары өрттің алғашқы сатысында, өртті сөндіру бөлімшелері келгенше,  өртті оқшаулау үшін қажет.

Өрт сөндірудің қондырғылары стационарлы, жартылай стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді. Өрт сөндіру құралдарының түріне және құрамына қарай осы қондырғылар: газды (көмірқышқыл), аэрозольды, сұйық және түйіршікті болады.

Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 (6-сурет) көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы  сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.

6-сурет. ГВП-600 көбік генераторы

1) тозаңдатқыш; 2) сырты; 3) тор пакет; 4) қондырғы

 

Жұмыс қысымы үлестірілу алдында 0,5 МПа, ал көбік түзу шығыны – 6 л/с. Көбік генераторының оқпан соңында, көбікті өртке түзу бағыттайтын саптама болады.

Қазіргі кезде автоматты ауа-көбікті өрт сөндіргіштер қолданылады. Олар кішігірім ғимараттар мен  тоннельдерде, май трансформаторлар мен реакторлардағы өрттерді сөндіруге арналған.

Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші (7-сурет) оңай жанатын сұйықты сөндіру үшін қолданылады.

7-сурет. Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші

1) ыдыс; 2) кронштейн; 3) катушка; 4) жең; 5) көбік генератор; 6) өрт сөндіргіштерді зарядтауға арналған құрылғылар; 7) қысылған ауа баллондары

Ол көбік түзуші қоспамен толтырылған корпустан тұрады. Өрт сөндіргіш сиымдылығы 250 л, алынатын көбік көлемі 7500 м3, ағын ұзындығы 10 м дейін, жұмыс істеу уақыты 240 с, өрт сөндіргіштің зарядымен бірге салмағы 450 кг. Жұмыс жасауы үшін, қысылған ауа толтырылған баллон қолданылады. Қысылған ауа қысымы арқылы вентиль бұралады, көбік түзгіш көбік генераторына түседі, ол саптама арқылы өрт ошағына шашыратылады.

Газды өрт сөндіру құралдарына УП-2м типті (8-сурет) өрт сөндіргіштері жатады, олар жанып жатқан қатты материалдарды, мұнай өнімдерін және электр құралдарын сөндіруге арналған. Ол арба үстіне орнатылған сиымдылығы 40л екі шойын баллоннан құралған. Баллондар комірқышқылымен (әр баллондағы көмірқышқылының қысымы 6мПа, салмағы 25 кг) толтырылған.

8-сурет. УП-2М қозғалмалы көмірқышқылды

өрт сөндіргіш

Жұмысты бастау үшін маховикпен алдымен бірінші баллон вентилін, сосын (көмірқышқылы таусылғаннан кейін) екіншісінікін бұрау керек. Көмірқышқылы балоннан шыққанда, қысымның төмендеуі салдарынан газ күйіне өтеді, қатты суыну нәтижесінде көмірқышқылдық қар түзіледі. Өртті сөндіру әсері жанып жатқан заттын суынуы есебінен және комірқышқыл газының ауамен қосылу есебінен болады.

Бір баллон 3-3,5 м ағын ұзындығымен 120с жұмыс істейді. УП-2М жұмыс істегенде абай болу керек, себебі қолды үсітіп алу қаупі бар (бөлшектерінің температурасы -600С дейін).

ЛВЖ қабаттарында түйіршіктерден көбік түзетін ПГ-50 және ПГ-100 көбік генераторлары, ал СИ-2 жылжымалы түйіршікті өрт сөндіргіштер – мұнай өнімдері мен металлоорганикалық қосылыстарды сөндіру үшін қолданылады. Стационарлы жылжымалы СЖБ-50, СЖБ-150 өрт сөндіргіштері электр құрылғыларын сөндіру үшін, сонымен бірге аэродром қызметінің өрт машиналарын біріктіру үшін қызмет етеді. (9-сурет).

9-сурет. СЖБ-50 стационарлы қозғалғыш өрт сөндіргіш.

4 ӨРТТІ СУМЕН СӨНДІРУ

4.1 Судың өртті сөндіру қасиеті

Су – өрт сөндірудің кең тараған, қолайлы құралы. Оның жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ), термиялық тұрақтылығы өте жоғары (1700 °С), буланғанда көлемі мәнді үлкейеді (1 кг су буланғанда 1700 л бу түзеді).

Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады.

Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды. Ұсақ дисперсті судың шашырауы судың аз мөлшерін қолдану және оны буға айналдыру арқылы жанған беттің тез сулануына негізделген. Шашыраңқы ағындармен   жану аймағына өту мүмкін болса, жанып жатқан заттардың көп бөлігін сөндіруге болады. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады.

Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.

Жабық бөлмелерде жануды тоқтату үшін, ауадағы өртті сөндіру концентрациясы көлемі жағынан 30% жақын қаныққан ысыған буды қолданады.

Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0,2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2,5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды.

4.2 Өртке қарсы су құралы

Өртке қарсы шаруашылық су жабдығы шаруашылық – ауыз су және өндірістік қажеттіліктен басқа, тәуліктің кез-келген уақытында өртті сөндіруге ғимараттың ішінен де сыртынан да сумен көп мөлшерде қамтамасыз етілуі қажет.

Өртке қарсы су жабдығының көзі жасанды және табиғи болып бөлінеді. Табиғи көздеріне өзен, көл, теңіз, көлшіктер жатады. Оның өрт шыққан жерге жақындығы 200 м болғаны жөн. Жасанды су жабдығы – су құбырлары, жасанды су қоймалары өртке қарсы су құбырларының мөлшері бойынша төмен әрі жоғары ағынды деп бөлінеді. Төмен қысымды су құбырында ағын өрт автосорғышпен немесе мотопомпамен жасалады. Ол гидраттан суды өрт болған жерге жібереді. Осыдан бос су ағыны су құбырында әсер деңгейімен салыстырғанда 10 м-ден аз болмауы керек.

Жоғары қысымды су құбырында ағын стационарлы өрт сорғыштың көмегімен құрылады. Ол тұрақты су құбыр құрылысына кіреді және сорғыш станциясының мекемесінде орналасады. Өрт болған соң сорғыш 5 мин ішінде іске қосылуы керек те, ең жоғарғы қабатқа 10 м ағынды қысыммен көтерілуі керек.

Өртке қарсы су құбырының жүйелері негізінде сақиналы жабдықталады және үздіксіз су беріп тұрады. Жеке тұрған құрылыстарға ұзындығы 200 м иілген су құбырлары қолданылады.

Өртке қарсы су құбыры өзара жалғасқан шойын және электрмен дәнекерленген түтіктер арқылы байланысады. Түтіктің ішкі диаметрі:

, м.

мұнда, Q – бір өртті өшіруге кеткен су шығыны, м3/сағ; V – түтіктегі қозғалған су жылдамдығы, ол 4>V>2, м/с тең.

Түтік қабырғасы қалыңдығы мына өрнекпен анықталады:

, мм

мұнда, D – түтіктің сыртқы диаметрі, мм; P – құбырдағы қысым, Па; K – жүк тиеу коэффициенті, 1,1-ге тең; R –үзілгендегі құбыр материалының қарсылығы.

Магистральды құбырларға қабырға қабаты өсуі, коррозияға 10 жылға дейін 2 мм, ал одан көп мерзімге 8 мм болып қабылданады.

Өрт сөндірудің өнеркәсіптік объектідегі есептелген ұзақтығы 3 сағатты құрайды, ал су шығыны өрт сөндіруге жұмсалған құрылыстың өртке қарсы бұру дәрежесіне тәуелді. Су шығыны 5-тен 40 л/с арасында болады (2-кесте).

Гидранттар жолдарда бір-бірінен 100 м ара қашықтықта, ғимараттан 5 м, жолдан 2 м ары орналасу керек. Гидранттар мен өрттің арасы жоғары қысымды су құбыры үшін 150 м, ал төменгі су құбыры үшін 100 м-ден аспауы тиіс. Сыртқы су құбыры нүктелерін әр бөлікте 5 гидрант бөліп тұрады. Гидранттардың өздері өрт көтергіш ретінде келтіріледі. Олар су құбыры нүктесінде немесе жер астында және жер үстінде орналасады.

Өрт бағанашығы өрттің жолын және жер асты гидрантын жабуға арналған. Ол бас жағымен сыртқы қабықтан тұрады. Қабықтың төменгі бөлігінде өрт гидрантқа бағанашықты жалғау үшін өрнекті сақина болады. Өрт бағанашығының басында жалғасқан гайка, ашып жабуға арналған айналдырық және өрт гидрантын ашып, жабатын кілт болады.

Өртке қарсы сорғыш шлангтар су көздерінен суды қалқалауға және спиралі бар резеңкелі бірнеше қабатты шүберектен тұрады. Сорғыш шлангтардың диаметрі сорғыш өнімділігіне тәуелді 65-125 мм құрайды.

Қазіргі уақытта өнеркәсіпте капронды және резеңкелі шлангтар шығарылады. Олар 35 атмосфералы қысымға арналған.

Біріктіруші сомындар, өзгерткіштер, судың сорғыштарынан оқпанға дейінгі жолын жалғастыруға арналған.

Ең көп таралған тез жалғанатын өрт сомындары екі бірдей жартылай бұрағыштан тұрады. Ол (3) тығынмен жалғасқан бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқан. Ең көп Богдановтың жартылай гайкалары қолданылады. Оларды бір-бірімен жалғастыру қиын емес (№ 4-плакат).

Біріктірілген немесе бөлшектенген су ағынын түзіп, бағыттау үшін күйіп жатқан затқа өрт оқпандары қолданылады.

СА-2,5 қол өрт оқпаны жанып жатқан заттың бетіне біріккен су ағысын жібереді. Ал біріккен оқпан арқылы біріктірілген су жылудан сақтайтын су қалқандарына беріледі. КР-Б оқпанында тығынды көтергіш болады, ол су құбырының бұрағышын жаппай суды реттейді немесе мүлде тоқтатады.

2-кесте. Өрт сөндіруге қажетті су шығыны жайлы мәліметтер.

Ғимараттың өртке төзімді дәрежесі

Өндірістік жарылыс қаупінің

санаты

Ғимараттың сыртқы ауданын сөндіруге

кететін су  көлемі, мың. м3

Өрт сөндірудің ішкі ауданы

3

дейін

3-5

5-20

20-50

50-200

200-400

400 жоғары

I және II

I жәнеII

III

III

IV-V

IV-V

Г.Д.Е.

А.Б.В.

Г.Д.

В

Г.Д.

В

10

10

10

10

10

15

10

15

10

15

15

20

10

15

15

20

20

25

10

20

25

30

30

40

15

30

-

-

-

-

20

35

-

-

-

-

25

40

-

-

-

-

5

5

5

5

5

5

Өртті сөндіруге арналған шашыратқыш – РС-2 типті оқпандар суды шашыратып береді. Ол үшін жоғарғы жағында шашыратқыш орналасқан. Яғни бұрылғыш муфта арқылы суды жауып реттеуге болады.

Дисперсті су газында өрт температурасын түсіріп, өртті тоқтату әртүрлі су шашқыштармен жүзеге асырылады. Ең көп тараған ВВР-1 (10-сурет) екі винтті отырғышы бар су шашқыш.

10-сурет. ВВР-1 су шашқышы

Ішкі өртке қарсы су құбыры өрттің аймағын өшіруге арналған. Ол тірек жүйелердегі су құбырларында ішкі өрт көтергіштері орналасқан. Тіректер барлық жағынан қол жететіндей етіп орналасу керек. Олар көбінесе сатылы аймақтарда орналасады. Өнеркәсіп өндірісіндегі су құбыр торлары сақиналы және сыртқы су құбырлар торынан немесе өзіндік су көздерімен жабдықталады. Өндірістің ішіндегі өрт сөндіруге есептеу бойынша 2,5-5 л өнімділікпен екі өрт сөндіру су ағысы қолданылды.

Өртке қарсы көтергіштер жылу берілетін бөлмелерде еденнен 1,35 м биіктікте орналасады. Ұзындығы 10 – 20 м болған иілгіш өртке қарсы құбырлар арнайы сөрелерге салынады.

Өртке қарсы құбырлар болмаса, өртті үш сағат ішінде сөндіруге кететін су сиятындай бөшкелер орнатылады.

4.3 Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары

Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто- сорғыш, ал автоматты құралдарға – спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады.

Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері – бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады.

Қазіргі кезде қозғалмалы мотопомпалар М-600, МП-800 және МП-1200 қолданылады. Тағы да МП-1400, МП-1600 (11-сурет, № 6-плакат) түрлері бар.

Өрт сөндіру үшін керек болатын жабдықтар мен өрт сөндіру командаларының жеке құрамын өрт орындарына автоцистерна мен авто сорғыштар көмегімен жеткізіледі. Оларда суды өрт орындарына беру және ауа-механикалық көбік алуға арналған ортадан тартқыш сорғыштар орналасқан.

Өрт автомобильдер арасында сыйымдылығы 2,1-5 м3 АЦ-40 автоцистерна кең тараған. Түйірлі өрт сөндіргішті АП-3 ПС және ПСБ-3 запас түйіршіктермен 3,2т мөлшерде арнайы автомобильі бар. Аэродомдық қызмет автомобильдері АА-60 және АА-40, сумен, ПО ерітіндісімен және 114в2 хладоппен жабдықталған. Ауа – көбікті сөндіргіш автомобильдер АВ-40, көбік түзегіш запасы 400 л-ға дейін, төмен дәрежелі көбік алу үшін қолданылады.

Автоматты құрал қатарларына шашыраған суы бар спринклерлі құралдар кіреді. Олар ғимараттар төбесіне орналасады да түтіктерден тұрады. Ол түтікте спринклерлі болады.

11-сурет. МП-1600 тіркеуіші

12-сурет. Металл құлыпты мотопомпа спринклері

Спринклердің бастарында оңай балқитын металл немесе шыны құлып бар (12-сурет). Бөлгіш түтіктің үш басына шутцер (1) басы бұралады да одан су ағыны отқа қарсы шығады. Диафрагма (3) басында шыны клапанмен (4) жабылған саңылау бар. Клапан 4 құлыппен (5) жабылады, оның екінші басы разеткаға (2) жалғанып, суды шашыратады. Металл құлып (3) қызыл мыс тілімшесінен тұрады. Олар бір-бірімен өзара оңай балқитын балқымамен жалғанған. Ол шыны құлып әбден жабылған капсула. Шыны құлыпты ашу температурасы 53С, ал металды – 0,5; 72; 93; 141 және 182С. Бір спринклер ашылса табақ бақылаушы клапан көтеріледі де су түтікпен электрлі дабылға беріледі.

Қолдану практикасы спринклерлерді пайдаланғанда 90 % аса өртті сөндіруді қамтамасыз ететінін көрсеті.

Топталып жұмыс істейтін дренчерлі құрылғыларды спинклерлі түтіктер, керілген тростар бар. Құрылғының біреуін ашса камераның клапаны астында қысым түседі де, ол ашылып су түтік торына дренчерге келеді.

Топталып істейтін дренчерлі құрылғыда қолмен және қашықтықтан басқаратын құрылғы болады. Ол үшін дефлекторлы немесе қалақты дренчер қолданылады.

5 ӨРТ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ДАБЫЛ БЕРУ

Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.

Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.

Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.

Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.

Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.

Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.

Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.

Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.

Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру  көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.

ҚОСЫМША

Өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс санаты

Өндіріс санаты

Өндірістегі заттар сипаттамасы

А

Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс

Жанғыш газдар, ең төменгі жарылу шегі 10 %; өрт шығу температурасы +280С дейінгі сұйық, өнеркәсіп көлемінен 5% жоғары болса, сумен әрекеттескенде жарылып жанатын заттар;

Б

Өртке қауіпті өндіріс

+610С жоғары жарылғыш бу сұйығы, жанғыш талшық, шаңдар, төменгі өрт шығу шегі 65 г/м3 ауа көлеміне шаққанда, сумен, ауа оттегімен немесе бір-бірімен араласу үшін жану тәсілдері, тек қатты жанғыш заттар мен материалдарға әсер етеді.

В

Жанбайтын заттар және ыстық, балқыған, қызған күйдегі материалдар, қатты, сұйық, әрі газ тәрізді заттар.

Г

Жанбайтын немесе сұйық күйдегі материалдар онеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, жанғыш газ өртке қауіпті шаңнан өрт шығады, сонымен қатар технологиялық процестерде жарылыс болуы мүмкін (жанусыз); заттар, сумен, оттегімен немесе бір-бірімен араласу үшін (жанусыз) жарылыс тәсілдері.

Д

Өртке қауіпті өндіріс

Суық кезде жанбайтын заттар мен материалдар

Е

Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс

Жанғыш газдар ең жоғарғы жарылу шегі 10 % ауа көлеміне шаққанда, өрт шығу буы температурасы +280С – тан +610С дейін сұйықтар, газдар, сұйықтар, шаңдар қосылса өрт түзілетін сұйықтар тұтану және жоғары температурада қыздыру жағдайындағы өндіріс; жанғыш шаңдар мен талшықтар, 65 г/м3 жарылыстың төменгі шегі және өнеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, көрсетілген газдар, сұйықтық және шаңдар, қоспа көлемінде жарылыс қаупін төндіреді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1.  Өрт сөндірудің химиялық құралдарының түрлері?
  2.  Көбік түрлері, алынатын жолдары?
  3.  Механикалық өрт сөндіру құралдары?
  4.  Қолмен өшіретін өрт сөндіргіштер?
  5.  ОХП-10, ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8, ОУБ-3А, ОУБ-7А, ОПС-10 жұмыс істеу принципі?
  6.  Өрт сөндіру құрылғыларының түрлері?
  7.  Өртті сумен сөндіру? Оның қасиеті?
  8.  Өртке қарсы су құралдарының түрлері?
  9.  Спринклерлі және дренгерлі өрт сөндіру құралдары?
  10.  Өрт байланысы және дабыл беру түрлері?

EMBED PBrush




1. 1оборудованы вывеской; 2здания имеют круглосуточную охрану; 3вмещать не менее 6 туристов и штат обслуживания.html
2. Жизнь человека ~ страдание выход ~ в достижении нирваны относятся к философской системе-Буддизм Звезд
3. Основная роль ДНК в клетках долговременное хранение информации о структуре РНК и белков
4. Оздоровительном Лагере
5. Самогипноз. Открой путь к себ
6. Механизмы защитных реакций
7. вариант Конструктор
8. Neel Hi Kseniy wow you re even more beutiful then your pictures
9. СсО и Реклама Связи с общественностью СсО ~ это планируемые продолжительные усилия направленные
10. темах Основные законы экологии Этапы взаимодействия общества и природы Формы воздействия человека
11. Психофизиология. Рабочая программа
12. Сыр реферат.html
13. Тема- Социальная защита и социальная защищенность граждан- социологический аспект Выполнил
14. Балетмейстеры Перми
15. Оборотные средства предприятия.html
16. тонкие и эластичные мембраны способные изменять свою форму
17. тематизировать анализировать и обобщать ~ выявлять причинноследственные связи 3 методологическая пра.html
18. тематически сгруппированных философских текстов извлечений из трудов мыслителей разных эпох включая совр2
19. ТЕМАТИКА ЭССЕ- Экономическая мысль Древнего Востока Вавилония
20. Построение verilog-модели ber-тестера для проверки каналов связи телекоммуникационных систем