Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Дінні~ ~~рылымы мен тарихы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.11.2024

31) Дінтанудың пәні мен құрылымы.Дін туралы арнайы ғылымды –дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек.ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология(көне грек teos-құдай) н/е конфессионалдық ілім(көне грек konfessio-мойындау,ғибадат қылу,белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының адам мен Абсалюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз-оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны,діни мәдениет түрінде көрінуі,белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.Ғылым діді табиғи инстинкт,өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық геннің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады.Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр.Мұны психология ғылымы зерттейді.Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

32)Діннің пайда болуының негізгі теориялары. Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады.Діннің осы қырын зерттеуден,оның этнологиялық анықтамалары шығады.Жоғарыда айтылғандар-дінді ғылымыи тұрғыдан танудың тәсілдері.Бірақ,жеке-жеке алғанда дін деген не,ол қалай пайда болды,хақ дін деп қайсысын айтамыз,деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды.Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады.Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің,әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы,жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі н/е мәдени феномен тұрғысында қарастыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.

33) Діннің құрылымы.Діни сана құрылымы-діни сенім,діни ілім және діни идеология.Діни сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады.Бірінші сатыға діни түсініктер,дағдылар,қағидалар мен діни дәстүрлер жатады.Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп,дін ілім сипатына ие болады,оның теориялық негізі жасалады,ақиқаттығы дәлелденеді.Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.Негізінен оның үш сатысын атауға болады.1-ші сатысы-діни сана қоғам санасында  орын алады,діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады,бұл үрдіс сакрализация деп ат-ды.2-ші діни сана қоғамдық санада басымдылықпен көрінеді,одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады,діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарала береді,бірақ,діни діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.3-ші діни сана қоғамдық ойға мейілінше аз ықпал жасайды,діни ортақтастық этникалық,мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды,діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады.Бұл үрдіс секуляризация үрдісі деп ат-ды.

34)Діннің негізгі қызметтері ілімдік және ғұрыптық болады.Діни қызмет дегеніміз-діни ілімді жинақтап,саралау,түсіндіру және тарату,діни идеологияны жасап орнықтыру.Діни насихат,дінді уағыздау,діни оқу орындарында білім беру де-осы қызмет саласының міндеттері.Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру,құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б.діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады.

35)Діндердің жіктелуі ұлттық және әлемдік діндер.Ұлттық діндерге Шумер-Аккад мемлекетіндегі дін,көне Египет,Греция,Римдегі дін,Брахман,Индуизм,Заратуштра,Тәңір діні,көне Қытайдағы Конфуций,Дао,Синтоизм,Иудейлік діндер жатады.Әлемдк діндерге Будда,Христиан,Ислам діні жатады. Діни бірлестіктің мынадай түрлері бар-діни мекеме(мешіт,шіркеу,діни оқу орны т.б)діни секта және деноминация.Олардың орталықтандырылған құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

36) 36. Алғашқы сенімдер және олардың болмыстары мен ерекшеліктері.Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады.Солардың бірі-діни ғұрыптар.Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды.Әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді.Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар.Олар-фетешизм,тотемизм,анимизм ж/е магия.Фетешизм(ерекше қасиеті бар зат)жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне,олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген.Тотемизм(оның тегі)құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғылым –дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады.Анимизм(жан,рух)жан мен рухты тірі ж/е өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын,оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды.Магияның тарихи ж/е дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж.Фрезер.Ол өзінің «Алтын бұтақ» атты еңбегінде магияны көне дін емес,қарапайым ойлау тәсілі,наным түрі деген тұжырым жасайды.

37) Политеистік діндер. Политеизмнен монотеизмге ауысу себептері.Политеистік діндерге: 
индуизм; анимизм (синтоизм вуду және т.б.); антикалық діндер т.б жатады. Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мем­лекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Ал­тын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды. Алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөлежара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік(политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады.

38)Әлемдік діндер. Әлемдік дін – бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады.Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады.Олар-будда,христиандық,ислам діні.Тұңғыш әлемдік дін-будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болған.Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутама  567жылы Оңт.Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді.Христиандық-I ғ-да пайда болған әлемдік дін,оның аты да,басталуы да Палестинаның солт-гі Галиеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың(еврейше-Иешуа,арабша-Ғайса)есімімен байланысты.Ислам әлем діндерінің қатарындағы жаңа әрі жас дін.Бүгінде жер жүзінде шамамен 1млрд 170мыңдай адам осы дінді ұстанады.ХХғ-да ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті.

39) Дәстүрлі емес және заманауи діндер.Дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшейуімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім,жаңа дәстүрлі емес діни ұйымдар пайда болды.Атап айтар болсақ,пресветериандық ж/е методизм,протестанттық конфессиялар,сондай-ақ Агапе,Жаңа аспан сияқты протестанттық шіркеулер,Бахаи,Сайтан шіркеу,Саентология шіркеуі сияқты діни бірлестіктер көріне бастады. Жаңа діни ағымдарға (Дәстүрлі емес діндерге) жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ діндер жатады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамдағы негізгі діндерге қарсы. Көптеген пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қарсы болып келеді. Жаңа діни ағымдар жиі дәстүрлі емес немесе альтернативті діндер деп атайды.Оларға жатады- Неохристиандық бірлестіктер, «Игова куәгерлері», Неоориенталистік ағымдар, Оккультизм және емдеулік культтер, «Алля Аят», «Ата жолы», Бахаизм, Ахмадие қауымы ж/е т.б.

40) Ежелгі Мысыр діні. Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар).Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді. Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

41) Антика әлемінің діндері. (эллада діні, ежелгіримдік діндер). «Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды.  Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге бөлінгенмен, көне заман кезеңінде “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда болады. Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті – Юпитер, теңіз құдайы Посейдонды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты – Плутон, неке, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны – Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы – Диана, ұста құдай Гефесті – Вулкан деп атады, бақыт құдайы Тюхэні – Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы Эротты – Амур немесе Купидон деп атаған. Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті. Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды. Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы – осы. Ақындық творчествоның өте ертедегі түрлері дінге табынумен байланысты шықты. Діни әнұран, қасиетті өлеңде солай туған. Римде ең кеңінен тараған Платон мен Аристотель ілімдерінің, едөуір дәрежеде заманына сәйкес өңделгендерімен, басын біріктіретін эпикуршілердің, социализмді жақтаушылардың, академиктердің философиялық мектептері еді. Храмдар алдына қойылған мүсіндер – ежелгі Рим ерлері өз мемлекетінің алыптығын естен шығармауға арналғанды.




1. 27 Расчет теплообменного аппарата
2. . Кафедра захисту інформації
3. Туризм в Восточной Азии
4. КИЇВСЬКИЙ ПОЛІТЕХНІЧНИЙ ІНСТИТУТ Кафедра історії факультету соціології і права ЗАТВЕРДЖУЮ
5. технического прогресса
6. тема РФ Виды налогов и сборов
7. Макондо было тогда небольшим селением с двумя десятками хижин выстроенных из глины и бамбука на берегу реки
8. Тема 14 Организационнометодические основы оперативного управления производством ОУП 14
9.  Рождение нации The Birth of Ntion США 1915 режиссер Дэвид Уорк Гриффит 2
10. Снежок 1
11. Информационная технология
12. Конспект лекций Издательство- Эксмо 2007 г
13. Беладонна
14. фн
15. Статья- Эффективность суда присяжных в РФ
16. вариант- Базовые моменты проявления физические свойства материалов
17. РЕФЕРАТ. ldquo; Социальные аспекты трудового права.
18. Политическая ситуация в России в XIII веке
19. Курсовая работа- Экстрадиция в уголовном праве и правоприменительной практике
20. по теме- Словообразование