Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
© ҚаZаҚтың ҚыZдары
ААА
А.В. Ванюков үрдісімен шикізатты өңдеу технологиясы келесі операциялардан тұрады? Шихтаны дайындау және кептіру, ваннаны барботаж арқылы араластыратын пештерде шлак пен штейнге балқыту, штейнді конвертерлеу, металды отпен және электролиттік тазалау.
Автогенді процестерде пайдаланылатын жылу нені жағу кезінде бөлінеді? Металдардың сульфидтері
Агломераттағы қай компонент мөлшерінің ұлғаюы шлактағы қорғасынның тотықсыздануын қамтамасыз етеді? Темір тотығы
Агломераттағы қорғасынның негізгі формасы? PbO*SiO2
Агломерациялау процесінің алдында мысты шихтаның тиімді ылғалдылығы нені қамтамасыз етеді? Мыс бойынша анағұрлым бай
Агломерациялық күйдірудің мақсаты? Сульфидтерді тотықтырып, кесектелген материал алу.
Агломерациялық күйдірудің шихтасында қорғасынның қандай мөлшері (%) боладыы? 45-50
Агломерациялық күйдірудің шихтасындағы флюстің атқаратын қызметі? Шихтаны қорғасын бойынша кедейлендіру үшін.
Агломерациялық машинаның негізгі бөлшектерінің біреуі? Полета
Аз ауыр металдардың тобына жататын металдар? Висмут, мышяк, сурьма, кадмий, сынап.
Алюминатты ерітіндінің каустикалық модулі дегеніміз не? Na2Ok / Al2O3 мольдік қатынасы
Алюминатты ерітіндінің кремнийлік модулі дегеніміз не? Al2O3 / SiO2 салмақтық қатынасы
Алюминий гидрооксидін қыздырғанда жүретін фазалық өзгерістер? Al(OH)3→AlOOH→ γ - Al2O3→ α - Al2O3
Алюминий шикізатын өңделгенде қандай сирек металдар жолай алынады? Галенит, ваннадий, титан.
Алюминийді электролитті тазарту кезінде электролиттің тиімді температурасы? 950-970 С
Алюминийдің негізгі минералдарын атаңыз? Гидраргилит(гибсит), бемит(диаспор), нефилин, алунит.
Алюминийдің өндірістік кендерін атаңыз? Бокситтер, нефилиндер, алуниттер.
Алюминийдің парамолибдатын термиялық ыдырату кезінде қандай қосынды алынады? Молибденнің үштотығы
Ауыр түсті металдар сульфидтерінен тұратын қорытпа қалай аталады? Штейн
БББ
Байер әдісі бойынша сілтілеу үрдісін автоклабтарда қандай температурада жүргізеді? 180-240 С
Биіктігі (сыпь) жоғарғы шахталы қорғасынды балқыту кезінде бөлінетін шаңның шығымы(%)? 0,5-2
Бір жабдықта күйдіру, балқыту және конвертерлеу процестерін қоса атқаратын автогенді процестерге келесі процестер жатады? НОРАНДА, УОРКРА үрдістері
Бірсатылы агломерациялық күйдірудің шихтасында күкірттің қандай мөлшері (%) болады? 6-8
Боксит емес алюминий шикізатын айтып шығыңыз? Күлдер, сазбалшықты шлактар, топырақтар (балшықтар), каолиндер.
Бокситтерден сазбалшықты өндірудің өндірістік тәсілдерін айтыңыз? Байер әдісі, Пісіру әдісі, Байер пісіру құралмалы әдіс
Бокситтерді Байер әдісімен өңдеу кезінде жүретін негізгі реакция? Al(OH)3 + Na OH = NaAlO2 + 2H2O
Бокситтің кремнийлі модулі деген не? Сазбалшықтың кремнеземге проценттік қатынасы
ВВВ
Вольфрам штабиктерін гидравликалық перстеу қысымының мөлшері? 500МПа
Вольфрамды алу технологиясы қандай сатылардан тұрады? Кенді концентратты ыдырату, ертіндіден WO3-ті тұндыру алынатын қосылыстан металды тотықсыздандыру.
Вольфрамның балқу температурасы? 3395ºС
Вольфрамның үштотығын негізгі тотықсыздандыру тәсілі ? Сутегімен
ГГГ
Гиббсит пен күкірт қышқылының әрекеттесу реакциясын жазыңыз: Al(OH)3 +H2SO4= Al2O3 + SO3+H2O
Гиббситпен улы натрийдің әрекеттесуінің реакциясын жазыңыз: Al(OH)3 + Na OH = NaAl(OН)4
Гидрометаллургиялық процестер? Сілтілеу, ерітінді қоспалардан тазарту, ерітіндіден металды тұндыру
Горизантальді құрылысының элементтері? Хромом агнезитпен қапталған сыртқы қорап, мойынтық(горловина), фурмалар, бандаждар, тісті дөңгелек, электр тежегі бар редуктор
ЕЕЕ
Егер десульфуризация дәрежесі 100%болса, күйінді қандай қосылыстардан тұрады? Тотықтардан
ЖЖЖ
Жоғарғы сульфидтерді қыздырғанда жүретін үрдіс? Диссоциация
ККК
Келтірілген мыс шихтасын шарпыма балқытудың ерекшелігі? Шихта қабырға айналасында орналасады және отынның жану алауының (кафель) жылу есебінен балқиды
Концентрат дегеніміз не? Құрамында металдың мөлшері байыту өнімі
Концентраттағы қорғасынның негізгі формасы? PbS
Көмірлі электродтарды өндіру үшін қандай негізгі көміртекті материалдар қолданылады? Антрацит, термонатрацит,құю коксы
Көміртекті заттардан сығымдалып күйдірілген электродтарды алудың негізгі үрдістерін айтыңыз? Сығымдау, күйдіру
Көрсетілген процестер тобының қайсысы шахталы балқытуға жатады? Тотықсыздандыру, Пиритті, мысты күкіртті, жартылай пиритті
Күйдірілген мырышты концентраттарды қай жабдықтарда сілтілейді? Агитатор, пачук
Күйдіру кезіндегі десульфуризация дәрежесі неге тең? Газбен кететін күкірт мөлшерінің шихта құрамындағы күкірт мөлшеріне қатынасы
ҚҚҚ
Қазіргі кезде сульфидті қорғасын шихтасының күйдіруін қалай жүргізеді? Агломерациялық машиналарда
Қайнау қабатты пештерде концентраттарды күйдірудің негізгі көрсеткіштері? Десульфуризация дәрежесі, өнімділігі, температура, шаң шығару
Қайнау қабатында мырыш концентраттардың күйдіруін әдеттегідей қандай температурада жүргізеді? 900-1000 ºС
Қандай температурада (ºС) висмутсыздандыру пройесі аяқталады? 340-350
Қандай шикізатты Байер әдісімен өңдеуге болады? Құрамындағы кремнеземнің мөлшері төмен бокситтерді
Қара қорғасынды бірінші сатыда мыссыздандыру негізінде не жатады? Ликвация
Қаралы қорғасынды пирометаллургиялық тазартудың сатылары? Мыссыздандыру, теллурсыздандыру, күміссіздендіру, висмутсыздандыру, сапалы тазарту
Қорғасын агломератының тотықсызданырып балқытуын қандай пештерде жүргізеді? Тік бұрышты шахталы пештерде
Қорғасынды шахталы балқыту кезінде мына химиялық реакциялардың қайсысы негізгі болып саналады? PbO + CO = Pb + CO2
Қорғасынды шахталы пештерде отын ретінде не қолданылады? Кокс
Қорғасынды шахталы пештеріне балқытқанда не тиеледі? Агломерат, флюстер, кокс
Қорғасынның висмутсыздандыру процесі немен әрекеттесуде негізделген? Ca және Mg
Қорғасынның қайнау температурасы (ºС)? 1745
Қорғасынның мырышсыздандыру процесі немен әрекеттесуде негізделген? Оттегімен
МММ
Магнидің минералдарын атап шығыңыз? Магнетит(MgCO3), доломит(MgCO3 * CaCO3), карналит(KCl*MgCl2*6H2O), бишофит(MgCl2*6H2O)
Молибден концентраттарын өндірудің негізгі пирометаллургиялық тәсілі? Пісіру
Молибденит минералы? MoS2
Молибденнің қайнау температурасы? 4800 ºС
Мына заттардың қайсысы сульфидті шихтаның тотығу өнімі болып табылады? SO2
Мына минералдардың қайсысы галенитке жатады? PbS
Мына минералдардың қайсысы церусситке жатады? PbCO3
Мырыш катодтарын қандай пеште балқытады? Индукциялы.
Мырыш концентратындағы мырыштың мөлшері қандай шектерде болады? 60 % жоғары
Мырыш өндірісінде негізінде шикізаттың қандай түрі қолданылады? Сульфидті
Мырыш электролизіне арналған электродтар неден жасалған? Pb + 1% Cu
Мырышты концентраттарды күйдіру кезінде түзілетін қосылыстардың қайсысы шаймалау кезіндегі мырыштың ерітінідіге бөлінуін төмендетеді? Магнетит
Мырышты концентраттарын ұнтаққа күйдіру үшін негізінде қолданылатын күйдіру пештері? Қайнау қабатты
Мырыштың гидрометаллургиясында күйдірудің қандай түрін қолданылады? Тотықтыру
Мырыштың қайнау температурасы (ºС) ? 906
Мырыштың немесе оның қосылыстарының қандай қасиеттерін де мырышты алудың пирометаллургиялық технологиясы негізделген? Металды мырыштың жоғарғы ұшқыштығы
Мыс металлургиясында есептеуге қолданылатын Мостович ережесі ? Мысты штейннің құрамында 25% күкірт бар
Мыс металлургиясында қолданылатын күйдіру түрлері? Қайнау қабатты пештерде, агломашиналарда күйдіру
Мыс металлургиясында сульфидті концентраттарды өңдеу кезінде қолданылатын күйдірудің түрлері? Тотықтыру және сульфаттандыру
Мыс металлургиясында төменде келтірілген балқыту пештерінің қайсысында ваннаны тотықтыру газбен барботаждау принципі қолданылады? А.В. Ванюков үрдісіндегі пеш
Мыс штейндерін конвертерлеу үрдісінің мақсаты? Бірінші мерзімде темір сульфидін тотықтырып шлакқа өткізу, тотық пен сульфид арасындағы реакцияның нәтижесінде мысты алу
Мыс штейндерін конвертерлеудің бірінші мерзімінде жүретін негізгі реакция: 2FeS + 2O2 + SiO4= Fe2SiO4 + 2SO2
Мыс штейндерін конвертерлеудің екінші мерзімінде жүретін негізгі реакция: Cu2S + 1.5O2 = Cu2O + SO2 ; 2Cu2O + Cu2S = 6Cu + SO2
Мыс штейндерін конвертерлеулің негізгі технологиялық операциялары? Штейнді құю, кварц флюсін қосып балқыманы ауамен үрлеу, шлакты құйып алу. Ақ матты флюссіз ауамен үрлеп қара металды алу.
Мыс электролизі кезінде ең жиі қолданылатын сулы ерітінділер қайсысы? Мыстың сульфаты, күкірт қышқылы.
Мыссыздандыру мақсатымен электролитті қалпына келтірудің кеңінен тараған әдіс? Ерімейтін анодтармен электролиздеу.
Мысты балқыту кезінде шарпыма пешке тиелетін бастапқы материалдар? Шихта немесе күйінді, конвертер шлагының балқымасы
Мысты отпен тазалау кезінде қолданылатын пештердің түрлері? Сыйымдылығы 500 тоннаға дейін шарпыма пештер, сыйымдылығы 250 тоннаға дейін айналмалы пештер
Мыстың қасиеті және қолдану салалары? Электр және жылу өткізгіштігі өте жоғары жұмсақ метал. Мырыш, қорғасынмен қорытпа ретінде, ал таза күйінде электротехникада креогенді техникада қолданылады
Мыстың өндірістік сульфидті минералдары? Халькопирит, ковеллин, халькозин
ННН
Натрий вольфраматының (Na2WO4) ерітіндісін кремний қоспасынан тазарту тәсілі? Na2SiО3 дың тұндыру
Негізгі ауыр металдардың қатарына жататын металдар? Мыс, никель, қорғасын, мырыш,қалайы.
Никель штейндерін конвертерлеу процесінің мыс штейндерін конвертерлеу процесінен айырмашылығы? Процестің басында конвертердегі температура ферроникельдегі температурасы тотығып шлакқа айналу есебінен жылдам көтеріледі.
Никель электролизіндегі анолит, бұл…? Құрамында никельмен басқа металдардың иондары бар электролит
ООО
ОӨЦЭТ (КИВЦ) жабдығының негізгі түйіндері? циклонды бөлу камерасы, электр пеші.
ППП
Пирометаллургиялық үрдістер? Күйдіру, тотықсыздарып балқыту
РРР
Реакциялық балқытудың негізінде қандай реакция жатыр? Металдың сульфидімен тотығының арасындағы реакция.
ССС
Сапалы агломерат алу үшін сұйық фазаның қандай мөлшері түзілу(%) керек? 20-25
Сілтілеуден кейін алынатын мырышты ерітінділердің негізгі қоспалары? Fe, As, Sb, Cd, Ge, Cu, Co, SiO2.
Сілтілеуден кейін ерімей қалған қалдықта мырыштың қандай қосылыстары кездеседі? Сульфит, феррит.
Сулы ерітінділерден мырышты электролиттік бөлудің мүмкіншілігі неге байланысты? Сутектің жоғары асқын кернеуіне.
Сульфидті мыс кендеріне сәйкес келетін сипаттамалар? Негізгі металдың минералдары: халькопирит, ковеллин, халькозин. Қоспаларға жататындары: сфалерит, галенит, асыл және сирек металдар.
Сульфидті мыс концентраттарды тотықтырып күйдірудің мақсаты? Күйіндіні балқыту кезінде мыс бойынша анағұрлым бай штейнді алу үшін жоғарғы күкіртті материалдардан күкіртті жартылай жою.
Сульфидті шикізатты күйдіру кезінде түзілетін технологиялыұқ газдардың негізгі компоненттері? SO2, CO2, CO, H2O, N2.
ТТТ
Табиғи криолит пен дала шпатының негізгі минералдарының химиялық формулаларын жазыңыз? Na3AlF6 (3NaF AlF 3) және CaF2.
Тазартылған вольфрам қышқылынан вольфрамның үш тотығын негізгі алу тәсілі? Термиялық диссоциациялау (ыдырату).
Тотыққан никель кендерін балқыту кезінде алынатын штейндердің ерекшеліктері? Штейннің құрамында Ni3S2 ферроникель Fe-Ni және кобальт қоспалары болады.
Төменде келтірілген ерітіінділердің қайсысы алюминатты ерітіндіге жатады? Na2Ok=180 г/дм3 αк=2,9.
Төменде келтірілген металдардың қайсысы мысэлектролитті шламдарға өтеді? Au, Ag, Sе, Te, Pb.
Төменде келтірілген түсті металдардың кендерінің қайсысы тотықты кендерге жатады?Al2O3*H2O, Al2O3*SiO2, Al2O3*3H2O.
Төменде көрсетілген пештердің қайсысы саз балшықты шихтаны пісіруге қолданады? Құбырлы айналмалы пеш.
Түсті металлургиядағы шлактардың негізгі компоненттері? SiО2 , ҒеО, СаО.
ФФФ
Фтор тұздары өндірісінің шикізаты? Табиғи криолит, дала шпаты.
ХХХ
Халькопиритпен ковелиннің формуласы? CuFeS2, CuS.
Химиялық мәні бойынша агломерациялық күйдіру қай класқа жатады? Тотықтыру
ШШШ
Шаймалауға түсетін мырыш күйіндісіндегі сульфидті күкірттің мөлшері? 0,1-0,3%.
Шахталы қорғасынды балқыту кезінде шығындалатын кокстың мөлшері(%)? 10-13
Шахталы қорғасынды балқытудың газдары не алу үшін өңделеді? Атмосфераға шығарылады
Шахтаның дайындау сапасын бағалайтын технологиялы көрсеткіш? Таралу коэффициенті7
Шеелит минералы? CaWO4
Шлактардың вельцелеу процесі қандай жабдықтарда жүргізіледі? Құбырлы пештерде.
Шлактардың Фьюмингтеу процесі қандай жабдықтарда жүргізіледі? Шлак айдаушы жабдықтарда.
Шлактардың Фьюмингтеу процесінің температурасы (ºС)? 1250-1300.
Шпейза дегеніміз не? Мышьяк пен сурьма қосылыстарынан тұратын балқыма.
ЭЭЭ
Электролиттен мыс купорасын алу кезінде қолданылатын операциялар? Бейтараптандыру және қоспаларды шөктіру, буландыру, кристалдандыру.