Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Дәріс №1
«Басқарудың географиялық негіздері» пәніне кіріспе (1 сағат)
«Басқарудың географиялық негіздері» пәнінің мазмұны аумақтарды басқару мен олардың тұрақты дамуының кеңістіктік әлеуетін зерттеудің географиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қамтиды.
Пәннің мақсаты болашақ география пәні мұғалімдері мен география саласының мамандарына басқарудың аумақтық аспектілері жөнінде жүйелі түсінік беріп, табиғатты пайдалану мен табиғат қорғау мәселелерін шешуде аса қажет болатын географиялық ойлауды қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Бұл пәнді оқып-үйренген студент: осы пән бойынша негізгі терминологияны; адам қоғамының дамуындағы табиғи факторлардың ролін; табиғатты пайдалануды аумақтық басқарудың негіздерін; қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуын; дүние жүзі елдерінің негізгі даму үлгілерін; постиндустриялық әлемнің экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемаларын; қазіргі дүниені басқарудың географиялық негіздерін және тұрақты дамудың тұжырымдамасын білуі қажет.
Білім алушының біліктілігіне қоятын талаптар мынадай болады: геосаясат, геоэкология және геоэкономика саласындағы бастапқы ақпарат көздерімен жұмыс істеуді білу; ақпаратты өңдеу дағдыларын меңгеру; әртүрлі аймақтардың даму тенденцияларына географиялық баға беру және проблемаларды шешудің өзіндік жолдарын ұсына білу; аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беру және аумақтарды тиімді басқарудың жолдарын негіздеу.
Пәннің география бакалаврларын дайындаудағы ролі мен орны. Географиялық білім адамзаттың жалпы мәдениетінің негізгі элементтерінің бірі, ол қазіргі заманғы өркениеттің құндылықтарының негізін құрайтын дүниетаным қалыптасады. Бүкіл дүние жүзінде география негізгі міндетті оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектептерде оқытылады. Күнделікті баспасөз құралдарын, көркем әдебиет пен саясатқа қатысты еңбектерді, экономикалық, экологиялық ақпараттарды географиялық білім алудың қосымша көзі деп атауға болады. Қазіргі заманғы қоғамның географиялық білім деңгейін бағалау үшін тек географиялық білім ғана жеткіліксіз, ол үшін күнделікті өмірмен тығыз байланысты географиялық мәдениет қалыптастыру қажет. Қазіргі заманғы азаматтың географиялық мәдениетінің белгісі ретінде оның Жер шары, өз елі, өзі өмір сүретін аумақ туралы ғылымға негізделген тұрақты қалыптасқан білімінің болуын, бұл білімнің ойша елестетуге болатын карта түріндегі жинақталған бейнесінің қалыптасуын атауға болады. Мектеп географиясы осы біліктіліктерді үйретіп шығуы қажет.
Географиядағы негізгі талдамалық құрал географиялық карталар болып табылады. Олардың көмегімен география жинақталған ақпаратты бекітеді және көрнекі түрде бейнелеп көрсетеді. Сол себепті қазіргі заманғы географиялық білім карталар арқылы да қалыптасаып, толығып отырады. Қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелер географиялық карталардың қолдану мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қолданбалы маңызын арттырды. Сандық карталарды құрастыруда статистикалық, жедел ақпараттармен қатар, ғарыштық түсірілімдер пайдалынылып, жер бетіндегі құбылыстар мен объектілерді таныпбілу, олардың өзгерістерін бақылауға, болжам жасауға мүмкіндік берді. Қоғам мен табиғаттың дамуының кеңістіктік заңдылықтары туралы географиялық білімді жүйелеудің ең жоғарғы деңгейі аудандастыру арқылы жүзеге асырылады. Аудандастыруды карталар арқылы үлгілеуге болады.
География қоғам мен табиғи объектілер мен құбылыстардың кеңістік ерекшеліктерін зерттейтін біртұтас іргелі ғылым ретінде басқа ғылым салаларымен тығыз байланысты. Географияның негізгі зерттеу әдісі кеңістік талдау болып табылады. Географияның ғылым ретіндегі ерекшелігі жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың тоғысында жатуы, осы арқылы ол көптеген ғылым салаларымен байланысады, алуан түрлі ақпаратты пайдаланады және географияның ақпаратын басқа ғылымдар да пайдалана алады. География географиялық атаулардың номенклатурадан бастап, жекелеген объектілердің орналасуы, аумақтардың географиялық бейнесін көрсету және географиялық білімді басқа ғылым салаларында пайдалануға дейінгі мәселелерді қамтиды. Тұрғындар географиясы демографиямен, саяси география саясаттанумен тығыз байланысып кеткен.
Географияда «қайда?» деген сұрақ жетекші болып табылады. Бірақ географтар мұнымен шектелмейді, олар кеңістіктегі орынның табиғи, әлеуметтік, экономикалық ортасын зерттейді, ортаға баға береді. Кеңістік әлемнің ең басты сипаттамасының бірі, сол себепті география ғылымы бүкіл даму тарихында кеңістіктің табиғат пен қоғам дамуындағы, адам әрекетін анықтаудағы ролін танып-білуде және түсіндіруде.
География үшін кеңістік кешенді, интегралды түсінік, сол себепті география ғылымы кешенді ойлауды дамытады және шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Кез келген ішкі және сыртқы байланыстарды кеңістік тұрғыда зерттеу арқылы объектілер мен құбылыстардың орналасу, ұйымдасу және реттелу заңдылықтары, яғни басқарудың аумақтық аспектілері анықталады.
Біртұтас географияның негізін қалаған ірі географтардың бірі Николай Баранский 1938 жылы «Географиялық ойлау дегеніміз біріншіден, білімді картаға түсіру арқылы аумаққа бекітілген, екіншіден, бір элементтің немесе саланың шеңберінде оқшауланып қалмайтын кешенді ойлау» деп жазған болатын. Ал экономикалық географияның теориялық негізін жүйелеген Энрид Алаев географиялық ойлауды мынадай қағидалар түрінде тұжырымдап берген:
Ежелгі ғылымдардың бірі болған география қоғамның «әлеуметтік тапсырыстарына ұдайы жауап берумен келеді. Мысалы, XV-XІХ ғасырлар аралығында географтар жинақтаған алуан түрлі физикалық-географиялық, экономикалық және саяси деректер, ғылыми есептер мемлекет үшін аса қажет ғылыми және қолданбалы маңызға ие болды. Сол кездің аса қуатты мемлекеттері отарлау саясатында осы деректерді басшылыққа алды.
Бұл материалдар еуропалықтардың санасында ғаламшар табиғаты мен мәдениетінің алуан түрлілігі, алыс елдердің айрықша объектілері туралы түсініктерді қалыптастыруға да мүмкіндік берді. Географиялық экспедицияларды мемлекеттер қаржылай қолдап, ұйымдастыратын болды. Осы арқылы еуропалықтар Азия, Африка және Жаңа Дүние туралы аса құнды географиялық ақпаратқа ие болды. Бұл өз кезегінде география ғылымына деген көзқарасты қалыптастырды. Көптеген елдерде Географиялық қоғамдар ұйымдастырылды, олардың құрметті мүшелері қатарында әйгілі географ-ғалымдармен қатар, мемлекет қайраткерлері де болды. Қазірдің өзінде Ресей географиялық қоғамының президенті қызметін В.Н. Путин атқарады.
Қазіргі заманғы география қолданбалы ғылым, өйткені ол мынадай басты үш салада маңызды роль атқарады:
Жер шары кеңістігінің шектеулі сипаты, ғаламдық проблемалардың күрделенуі географияның теориялық негіздерін адамзат болашағына қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыруды қажет етеді. Мемлекеттер мен бүкіл аймақтар, ғаламшар үшін аса маңызды шешімдерді қоғамдағы басым көзқарастар тұрғысында саясаткерлер мен басқарушылар қабылдайды. Ал сол қоғамдағы географиялық білім мен мәдениетті қалыптастырушы ретінде географ-мамандардың ролі зор.
Қазіргі заманғы география іргелі ғылым. Оның танымдық ақпараты қоғамдағы кез келген азаматтың жеке тұлға ретінде қалыптасуын анықтайтын дүниетанымдық, іргелі білімнің негізін салады. Өйткені жеке тұлға мемлекетті басқаруға қатысып, экономика мен саясатта, әлеуметтік салада шешімдер қабылдауы қажет. Сол себепті экономистерді, саясаткерлерді және басқа мамандық иелерін дайындауда география негіздері оқытылады. Географиялық білімге аса зор көңіл бөлетін елдерде (Нидерланд, Канада, Норвегия) адам әлеуеті дамуының ең жоғары көрсеткіштері тіркелген. Керісінше, география ғылымына ұзақ уақыт жеткілікті назар аударылмаған елдер экологиялық, экономикалық және т.б. зардаптар шегіп отыр. Америкалық ғаламдар, мемлекет қайраткерлері дағдарыстарды да осымен түсіндіреді. АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор экономикалық дағдарыстың себептері ретінде мынадай факторларды атап көрсеткен:
Осы аталғандар негізінде, математика мен географиялық білім қазіргі заманғы мамандарды даярлаудың негізгі базасы, іргетасы қызметін атқаруы тиіс деуге болады. Мұның өзі басқарудың географиялық негіздерін барлық мамандарға оқыту қажеттілігін негіздейді.
Дәріс №2
Табиғат жағдайлары мен ресурстары даму факторы ретінде (2 сағат)
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуында табиғи факторлар аса маңызды роль атқарады. Адамның қоршаған табиғи ортасымен өзара байланыстары адам өмірінің барлық қырларынан (адам организмінің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, шаруашылық әрекеті, өмір салты және т.б.) айқын көрінеді. Адамзаттың техникалық жетістіктері оның өмір сапасын қаншалықты өзгерткенімен де, оның табиғи ортаға тәуелділігі жойылған жоқ. Қазіргі қандай күшті дамыған, ғылыми-техникалық жетістіктерімен әйгілі елдердің өзінде тұрғын халық табиғат апаттарынан (мысалы, АҚШ-тың орталық штаттары торнадодан, оңтүстігі урагандар мен су тасқындарынан, Жапония жер сілкіністері мен цунамиден, Батыс Еуропа елдері су тасқындары мен климаттық апаттардан) зардап шегуде. Қазақстан жағдайында мұндай апаттар қатарына жер сілкінулер, күшті желдер мен аяздар, құрғақшылық пен өрт қаупі, сел мен су тасқындары және т.б. жатады.
Табиғат жағдайлары деп табиғи орта құрамбөліктерінің немесе жергілікті табиғаттың өзіндік жай-күйінің негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін аумақтың басты табиғи сипаттамаларының жиынтығын атайды. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстары, күштері түрінде табиғат жағдайлары тұрғын халықтың өміріне, шаруашылық әрекетіне тікелей немесе жанама әсер етеді. Халықтың қоныстану сипаты, өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуы, мамандануы да осы факторлармен анықталады. Табиғи факторлар тіпті өндірілетін өнімнің құнына, осы арқылы оның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді. Мұның әсіресе табиғат жағдайлары алуан түрлі және қатал болып келетін Қазақстан, Ресей, АҚШ тәрізді елдер үшін маңызы зор.
Табиғаи жағдайларды сипаттайтын маңызды құрамбөліктерге жер бедері мен геологиялық орта, климат, беткі және жерасты сулары, топырақ және биота жатады. Осы құрамбөліктерді жеке сипаттап, олардың өзіндік жиынтығын бағалау негізінде ландшафт ортасын бағалау жүзеге асырылады. Жергілікті жердің табиғат жағдайларының өзіндік сипаты оның белгілі бір табиғат зонасында орналасуымен, онда табиғи ландшафтардың өзіндік үйлесімінің болуымен анықталады. Табиғи ландшафт деп құрамбөліктері мен құбылыстарының (процестері) заңдылықтар негізінде үйлесуімен, олардың өзара байланысты сипатымен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде бірыңғай табиғат кешенін атайды. Табиғи ландшафтармен қатар, антропогендік немесе мәдени ландшафтарды ажыратады. Соңғы жылдары қоғамда тіпті саяси ландшафт, конфессиялық ландшафт, шаруашылық ландшафты тәрізді түсініктер қолданыла бастады.
Ландшафт табиғи ортаның аумақтық бөлінунің негізгі категориясы болып табылады. Ландшафт құрамбөліктері арасындағы зат және энергия алмасуы оның құрылымын анықтап береді. Табиғи ландшафтар сыртқы орта өзгерістеріне байланысты ырғақтылық және қайтымсыз өзгерістерге ұшырайды. Ол факторлар арасында әсіресе антропогендік фактор ерекше. Ландшафтың басты қасиеттерін анықтайтын ландшафт құраушы факторларды сыртқы (ғарыштық және геодинамикалық) және ішкі (жекелеген табиғи құрамбөліктердің өзара әрекеттесуі) деп бөледі.
Басқару саласы үшін ландшафттар ең алдымен адамдардың тіршілігі мен шаруашылық әрекетінің табиғи негізі ретінде қарастырылады. Бұл ретте олардың жаратылысы, типі, антропогендік әсерге тұрақтылығы, эстетикалық артықшылықтары, сақталу немесе бұзылу деңгейі, антропогендік әрекеттердің сипаты ескеріледі.
Табиғи жағдайлар тұрғын халықтың өмірінің барлық жақтарына: өмір салтына, тұрмысы мен демалысына, денсаулығына, шаруашылық мамандануына және бейімделу мүмкіндіктеріне әсер етеді. Табиғат жағдайларын баға берудің жиынтығы олардың адам үшін жайлылық деңгейімен анықталады. Оны анықтау үшін жалпы саны 30-ға жуық көрсеткіштер пайдаланылады: климаттық кезеңдердің (жыл мезгілдері) ұзақтығы, температуралардың контрастылығы, ылғалдылық, жел режимі, жұқпалы індеттердің ошақтарының болуы және т.б.
Аумақтарды жайлылық деңгейлері бойынша 5 негізгі типке бөледі:
Табиғат жағдайлары көбінесе шаруашылық әрекеттің сипатына, мамандану салаларының қалыптасуына, аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіне алғышарт болады. Әсіресе бұл айтылғанның ауыл шаруашылығына, орман және су шаруашылығына қатысы бар. Бұл ықпал көлік қатынасына (жол құрылысы, жыл мезгіліне қарай кейбір көлік түрлерін пайдаланудың шектеулі сипаты және т.б.).
Ауыл шаруашылығы үшін вегетациялық мерзімнің ұзақтығы мен ылғалдану деңгейі, топырақтың түрі мен құнарлылығы аса маңызды, сол себепті агроклиматтық жағдайларды бағалау басқару үшін өте қажет. Ғалымдар әртүрлі агроклиматтық көрсеткіштерді пайдаланып, есептеуі бойынша, елдердің агроклиматтық әлеуеті анықтайды. Мысалы, АҚШ-тың мұндай әлеуеті Ресейдікіне қарағанда 2,5 есе артық екендігі анықталған. Яғни ауыл шаруашылығына бірдей шығын шығарылған жағдайдың өзінде АҚШ-та ауыл шаруашылығының тиімділігі 2,5 есе жоғары болады деген сөз.
Пайдалы қазбаларды игерген кезде де, оның қоры мен сапасынан басқа табиғат жағдайлары әсер етеді: жату жағдайы, өндіру және тасымалдау құны және т.б. Кейде сапалы кенді өндіргеннен гөрі сапасы төмендеу, бірақ жер бетіне жақын орналасқан немесе өндірілетін ауданда табиғат жағдайы қолайлы болатын кен орындарын игеру экономикалық жағынан тиімдірек болады.
Құрылыс индустриясы да табиғат жағдайларына өте тәуелді болады. Құрылыстың өзіндік құнына грунт жағдайы, оның тұрақтылығы, сулардың жақын орналасуы, сейсмикалық жағдай, батпақтар, тоңдардың таралуы және т.б. әсер етеді. Тұрғын үйлер мен ғимараттарды салудың техникалық параметрлері (терезелерді түрі, қабырғалық материалдардың типі, шатыр және т.б.) мен өзіндік құны климат жағдайлары әртүрлі аудандарда айырмашылық жасайды. Құрылыс салынған соң жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз ету, инженерлік құрылғыларды орнатудың құны да табиғат жағдайларына байланысты болады. Мысалы, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жылыту мерзімі 7 айға созылғандықтан қымбатқа түссе, оңтүстікте ол мерзім арзанға түседі. Ал таза су жетіспейтін аудандарда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету құны жоғары болады. Қатты аяздар болатын аудандарда су, канализация құбырлары тоңазу тереңдігінен төмен орналастырылуы керек.
Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары. Табиғат жағдайларын сипаттауда жергілікті табиғат феномендері ретінде жағымсыз және қауіпті табиғат жағдайлары ескеріледі. Оларға белгілі бір аумақтағы болуы мүмкін табиғи апаттар қаупі және жұқпалы індеттердің табиғи ошақтары туралы ақпарат жатады.
Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстарын шығу тегі бойынша 5 бөледі:
Бұл аталған құбылыстардың кейбіреулері (жер сілкінулері, сырғымалар, қар көшкіндері, опырылмалар, карст құламалары, дауылдар, цунами және т.б.) жедел және қысқа мерзімдік сипат алады. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы дамып, ақыр соңында өте көп шығынға алып келетіндері (эрозия, су басу және т.б.) де бар.
Су тасқындары Жер шарындағы ең жиі байқалатын қауіпті табиғат құбылстарының бірі. Олардың қаупі жер бетінің ¾ бөлігіне тән болады. Су тасқындары көбінесе өзендердің жыл ішіндегі қар еруі, жаңбыр жаууы байланысты су толысуынан байқалады. Дегенмен, кей жағдайда бұл құбылыс апатқа айналуы мүмкін. Мысалы, 1887 жылдың қазан айында Хуанхэ өзенінің тасуы кезінде су деңгейі 20 метрге көтеріліп, 300 елді мекен су астында қалды, 1 млн-ға жуық адам қаза болды. 1953 жылы күшті дауыл әсерінен Нидерланд, Германия, Бельгияны қамтыған теңіз деңгейінің көтерілуі 400 плотинаны құлатты, 2 мың адамды опат етті. Ғалымдар соңғы екі ғасырда Солтүстік теңіз әсерінен болған су тасқындарынан Нидерланд 200 мыңға жуық адамын жоғалтқан деп болжайды,
Су тасқындары қазіргі кездің өзінде адамзат үшін аса қауіпті апаттың бірі саналады. Мысалы, 2005 жылдың 29 тамызында Катрина дауылының әсерінен дамбаның бұзылуы Жаңа Орлеан қаласының ішімен өтетін каналдар жүйесіне орасан көп судың ағып келіп, 1 тәулік ішінде қаланың 80%-дан астам жерін су басып қалды. Қазіргі кезде қала қалпына келтіріліп, тазаланғанымен, халқының саны 2 есе азайып қалған (350 мың адам).
2011 жылдың шілде айында «Нок-тен» деп аталатын тропиктік дауыл әсерінен басталған су тасқындарының сериясы желтоқсан айына дейін созылды. Қазан-қараша айларында 9 млн-нан астам халқы бар Бангкок қаласының жартысынан астамы осы қала арқылы ағып өтетін Чао Прая өзенінің деңгейінің 3 метрге жуық көтерілуінен су астында қалды. 14 мың кәсіпорын, соның ішінде "Тойота", "Хонда" "Мазда" и "Форд" заводтары, компьютерлік тетіктер жасайтын кәсіпорындарды су басты. Шығын шамамен 20 млрд долларды құрады.
Қазақстан тарихындағы аса ірі су тасқындарының бірі 2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаш ауылында болды. Нәтижесінде 43 адам қаза болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылы Қазақстанда болған апатты жағдайлардың қаржылық шығындары төмендегідей үлеске ие болды: су тасқындары - 40%, күшті желдер мен дауылдар - 20%, жер сілкіністері - 15%, құрғақшылық - 15%, қалғандары - 10%.
Су тасқындарынан сақтану дамбалар, каналдар құрылысы, өзендердің арнасын тереңдету жұмыстары, теңіз жағалауларын бекіту және т.б. шараларды қажет етеді.
Жер сілкінулер. Ауқымы және апаттылығы жөнінен ең басты геологиялық апат болып табылады. Оның әсерінен Жер шарында жылына орта есеппен 10 адам қайтыс болады. Шығу тегі жағынан табиғи және жасанды болуы мүмкін.
Жер сілкіністерінің энергиясын сипаттау үшін магнитудасы анықталады. 1935 жылы америкалық сейсмолог Чарльз Рихтер магнитуда шкаласын ұсынды, онда сейсмограф тіркеген тербелістер бойынша 1-ден 9,5 бірлікке дейінгі шкала берілді. Бірақ бұл шкаланың жоғарғы бөлігі ашық. Бұл шкаланы көп жағдайда жер сілкінулердің күшін бағалайтын 12-баллдық шкаламен шатастырады. Жер сілкінулердің қиратушы күші осы қарқындылықтың шартты шкаласы бойынша есептеледі. Қазақстанда жер сілкінуінің әсерін бағалау мақсатында 12 баллдық шкала пайдаланылады. Жер сілкінісі болған кезде ең алдымен сейсмограммалар бойынша анықталатын магнитудасы белгілі болады, содан кейін оның салдарлары жөнінде ақпарат алынған соң, қарқындылығы белгілі болады. Жер шарындағы ең апатты жер сілкінулері:
Антропогендік жер сілкіністері пайдалы қазбалар өндіріліп жатқан аудандарда байқалады. Соның бірі Кола түбегі, мұндағы Балтық қалқанында әлемдегі ең терең ұңғы бұрғыланған. Бұрғылау 1970 жылдан бастап, 1990 жылға дейін жүргізілген, тереңдігі 12 262 метр.
Метеорологиялық апаттар. Метеорологиялық апаттар қатарына күшті желдер мен дауылдар, өте жоғары және төмен температуралар, шамадан тыс жауын-шашынның түсуі және құрғақшылық және т.б. жатады.
Күшті желдер мен дауылдар адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне үлкен зиян келтіреді:
Өте жоғары және төмен температуралар да апатты жағдайларға алып келеді. Жер шарындағы абсолютті максимум 1922 жылдың 13 қыркүйегінде Ливиядағы Эль-Азизия қаласында (580С), абсолютті минимум 1983 жылдың 21 шілдесінде Антарктидадағы Восток станциясында (-89,20С), тіркелген, әлемнің басқа аймақтарында да осындай рекордты көрсеткіштер байқалады (кестелер).
Жер шары аймақтарындағы жоғары температуралар
|
||||||||||||||||||||||||||||
Жер шары аймақтарындағы төменгі температуралар |
Тәулік ішінде температураның күрт ауытқулары да апатты жағдай болып табылады. Ең күрт суыну 1916 жылдың 23-24 қаңтарында АҚШ-тың Монтана штатындағы Браунинг қаласында байқалған (+6,7С-тан -48,8С-қа дейін, яғни 55,5С-қа ауытқу болған). Ең күрт жылыну 1943 жылдың 22 қаңтарында АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота штатындағы Спирфиште байқалған: мұнда таңғы 7.30 бен 7.32 аралығында, яғни 2 минут ішінде ауа температурасы 27,2 С-қа көтерілген (−20° С-тан +7,2° С-қа дейін).
Жауын-шашынның шамадан тыс жаууы да апатты жағдайларға алып келеді. Жер шарындағы ресми тіркелген ең көп жауын-шашын мөлшері 1860 жылдың тамызы мен 1861 жылдың шілдесі аралығында Черапунджиде тіркелген (26 461 мм), 1941 жылдың тамызында 5 тәулік ішінде 3750 мм жаңбыр жауған. Мұнда метеобайқаулар 1851 жылдан бері ресми түрде жүргізіліп, жарияланады. Ал ең жаңбырлы тәулік Үнді мұхитындағы Реюньон аралындағы Килаоста 1952 жылдың 15-16 наурызында байқалған: мұнда тәулік ішінде 1870 мм жаңбыр жауған. Әлемдегі ең жаңбырлы жер Гавай аралдарындағы Вай-али-али тауы (жылдың 350 тәулігі жаңбырлы), ал ең құрғақ жер Атакама шөлі, мұнда ондаған жылдар бойы жаңбыр жаумайды.
Қардың қысқа мерзімде ең көп мөлшерде жаууы 1959 жылдың 13-19 ақпаны аралығында АҚШ-тағы Калифорния штаты аумағындағы Шаста тауында тіркелген (4,8 м), ал Колорадо штатындағы Силвер-Лейкте 1921 жылдың 14-15 сәуірінде, яғни 1 тәулік ішінде 1,93 м қар жауған. Ең қалың қар 1911 жылдың наурызында Калифорния штатындағы Тамаракеде тіркелген (11,46 м).
Ресми өлшенген бұршақтың ең ірісі Бангладештегі Гопалганджада 1986 жылдың 14 сәуірінде тіркелген (ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг). Осы бұршақ жауған кезде 92 адам қаза тауып, бірнеше пілдер өлген.
Ең күшті мұзды дауыл 1998 жылдың қаңтарында Канада мен АҚШ-тың солтүстік-шығыс аудандарында байқалған. 5 тәулік ішінде электр желілерін 10 см-лік мұз жабысып қатып қалған, ауырлықтан олар үзіліп, 3 млн адам жарты ай жарықсыз қалған. Шығын мөлшері 650 млн долларды құраған.
Қауіпті және қолайсыз табиғат жағдайлары адам өмірі үшін ғана емес, елдің, оның жеке аудандарының экономикалық даму жағдайына кері әсер етеді. Бұл кері ықпал адам шығынымен қатар, экономикалық зардаптарға алып келеді. Сол себепті қолданбалы географиялық зерттеулер табиғат апаттары болуы мүмкін аудандарды анықтап, апаттардың алдын алу шараларын ұсынуы қажет. Сонымен қатар, географ-ғалымдар кез келген әлеуметтік, шаруашылық объектілерін және коммуникацияларын (тұрғын үйлер, оқу орындары мен емдеу мекемелері, экономикалық нысандар, жолдар, электр желілері, байланыс және т.б.) жоспарлау мен салуда белгілі бір аумақтың табиғат ортасы туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсына білуі қажет.
Табиғи ресурстар және табиғатты тиімді пайдалану проблемалары. Табиғи ресурстар дегеніміз адам мен қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өндіріс барысында пайдаланылатын табиғи денелер мен күштердің жиынтығы. Оларды басқару саласында мынадай негізгі топтарға ажыратады:
Осы ресурстармен қамтамасыз етілуін аумақтың табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды. Аумақтың, елдің табиғи-ресурстық әлеуеті дегеніміз - шаруашылықта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғат ресурстарының жиынтығы, оның шартты мөлшері ретінде аумақтағы жекелеген ресурс түрлерінің әлеуеті жинақталған күйде алынады.
Кез келген аумақтың табиғат ресурстарын бағалаудың әртүрлі әдістемелері бар. Солардың арасында Ресейлік географ А.Ю. Скопин ұсынған 5 баллдық жүйені қарастырайық. Мұнда:
0 балл - ресурс мүлде жоқ;
1 балл ресурстың тек жергілікті маңызы бар;
2 балл ресурстың аймақтық маңызы бар;
3 балл ресурстың ұлттық (мемлекеттік) маңызы бар
4 балл ресурстың халықаралық маңызы бар.
Табиғат жағдайларын бағалауды да дәл осындай 5 баллдық жүйемен жүргізуге болады:
0 балл табиғат жағдайының маңызы жоқ;
1 балл табиғат жағдайы қолайлы ықпал етеді
2 балл табиғат жағдайы өте қолайлы ықпал етеді
Ресурстар арасында ең алдымен бағаланатынның бірі минералды ресурстар. Минералды ресурстарды кейде пайдалы қазбалар деп атайды. Оларды отын-энергетикалық (мұнай, көмір, табиғи газ, уран кендері, жанғыш тақтатас, торф), кенді (қара және түсті металдар, сирек және бағалы металдар), химиялық шикізат (фосфориттер, апатиттер, калий және басқа тұздар), табиғи құрылыс материалдары мен кенсіз пайдалы қазбалар (әктастар, әшекей, техникалық, асыл тастар және т.б.) деп бөледі.
Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін анықтауда ең алдымен Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы бар екендігі аталады. Олардың 70-інің қорлары анықталған, ал 60-тан астам элемент өндірісте пайдаланылуда. Қазіргі кезде 1225 минералды шикізат түрін өндіретін 493 кен орны белгілі. Қазақстан дүние жүзінде:
Экономикалық тиімділігі бойынша көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец, уран қорларының маңызы зор. Мысалы, Қазақстанда барланған уран қоры әлемдік қордың 21 %-ын (1,69 млн тонна) құрайды, ол Аустралиядан кейінгі 2-орын алғанымен, 2009 жылдан бастап, бұрын 1-орын алып келген Канададан озды (13,5 мың тонна). 2010 жылы еліміз 17,8 мың тонна уран өндірді. Ал сирек кездесетін металдар (барлығы 17) қоры 30-дан астам кен орындарында анықталған. 2010 жылы Қазақстанның сирек металдар экспорты жалпы 13,8 млн долларды құрады. Әлемдік нарықта Қытайдың 2011 жылдан бастап сирек металдар экспортын күрт қысқартуына және сұраныстың артуына байланысты, 2012 жылы еліміз 1500 тонна сирек металдар өндірмекші. 2010 жылы жапондық «Сумитомо» компаниясы мен «Қазатомпром» бірлескен кәсіпорын құрған болатын. Мұнда уран кенінің қалдықтарынан сирек металдар концентрат түрінде бөлініп алынатын болады. Жалпы алғанда, Қазақстан өзінің бұл саладағы әлеуетін қазір тек 8-10%-ға ғана пайдалануда.
Әлемдегі ең қымбат металл - калифорний (Cf), 1 грамы 6,5 млн доллар.
Оның табиғаттағы қоры шамамен 5 г болуы мүмкін, бірақ оның изотопын қазіргі кезде жасанды жолмен өндіреді: плутонийді (Pu) ядролық реакторда нейтрондармен ұзақ уақыт бойы сәулелендіру арқылы алуға болады. Калифорнийді алғаш рет 1950 жылы Калифорния университетінде жасанды жолмен алған, ол қатерлі ісіктерді сәулелендіруде қолданылады.
Екінші орында Осмий металының изотопы осмий-187. Оны әлемдік нарыққа шығаратын бірден-бір ел Қазақстан болып табылады. Сыртқы түрі көгілдір-күлгін түсті ұнтақ түрінде болғанымен, Осмий-187 әлемдегі ең тығыз зат болып табылады. Оны арнайы реакторда 9 ай бойы бөліп алады. Бағасы 1 грамм 200 мың доллар.
Жер ресурстары шаруашылық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды, табиғи қасиеттері бойынша айырмашылық жасайтын жерлер. Жер шарындағы жер ресурстарының қоры мен құрылымы алуан түрлі болады, осы ретте «тиімді аумақ» деген ұғым пайдаланылады, бұл шаруашылық игеруге қолайлы аумақты қамтиды. Әлемдегі тиімді аумағы ең көп елдер:
Жекелеген аймақтардың жан басына шаққанда жер ресурстарымен қамтамасыз етілуі де айырмашылық жасайды: Аустралияда 37 га, Азия мен Еуропада 1,1 га. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің деректері бойынша, еліміздің жер қоры 272,5 млн.га, жан басына шаққанда - 16,5 га. Жер қорының көпшілік бөлігі (81,6%) ауыл шаруашылық алқаптары, оның көпшілігі жайылым.
Әлемде ең бағалы жер санатына өңделетін жерлер жатады, олардың үлесі дүние жүзі жер қорының 11%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш шетелдің Еуропада 27%, Оңтүстік Америкада 8%. Қазақстанда шамамен 8%. Дүние жүзі бойынша жайылымдар үлесі 23% болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 69%.
Кесте Аймақтар бойынша жер құрылымы
Аймақ |
Әлемдегі үлестері |
|||
Жалпы жер қоры |
Жыртылған жерлер |
Шалғындар, жайылымдар |
Орман |
|
Еуропа |
8 |
27 |
16 |
10 |
Азия |
33 |
32 |
18 |
28 |
Африка |
23 |
15 |
24 |
18 |
Солт. Америка |
17 |
15 |
10 |
17 |
Оңт. Америка |
13 |
8 |
17 |
24 |
Аустралия, Мұхит Аралдары |
6 |
3 |
15 |
3 |
Дүние жүзі |
100 |
100 |
100 |
100 |
Оңтүстік Америкада жыртуға жарамды жерлердің тек 1/3 бөлігі игерілген, болашақта оның үлесін 2/3-ке арттыруға болады. Дегенмен, мұнда жерлерді игеру табиғи (72%-ы ылғалды тропиктік ормандар, 24%-ы субтропик, тек 4% қоңыржай белдеуде орналасқан) және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға (латифундизм) кездеседі. Ал Африкада игеру деңгейін 43-тен 57%-ға жеткізуге болады. Бірақ мұнда жерлердің тозуы проблемасы бар. Шетелдік Азияда игерілмеген жер қоры аз. Мысалы, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланкада, Ява аралы мен Орталық Лусонда (Филиппин) жыртуға жарамды жерлердің 90%-дан астамы пайдаланылады.
Кесте Аймақтар бойынша жарамды жерлердің игерілуі
Аймақ |
Жыртуға жарамды жерлер, млн. га |
Игерілген жерлер, млн. га |
Игерілу деңгейі, % |
Игерілмеген қор, |
Әлемде игерілмеген қордағы үлесі, % |
ТМД |
360 |
230 |
64 |
130 |
13 |
Шетелдік Еуропа |
160 |
140 |
88 |
20 |
2 |
Шетелдік Азия |
600 |
460 |
77 |
140 |
14 |
Африка |
430 |
185 |
43 |
245 |
25 |
Солт. Америка |
380 |
275 |
72 |
105 |
11 |
Оңт.Америка |
410 |
140 |
34 |
270 |
27 |
Аустралия |
130 |
50 |
38 |
80 |
8 |
Дүние жүзі |
2 470 |
1 480 |
60 |
990 |
100 |
Адамзат саны артқан сайын, жер ресурстарына сұраныс арта береді, яғни жарамды жерлерге жүктеме күшейеді. Қазіргі кезде әрбір Жер шары тұрғынына орташа есеппен 0,2 га жыртылатын жер тиесілі болса, 2050 жылы 0,07 га болады деп күтілуде. Қазақстанда бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 1,3 га болып табылады.
Жер ресурстарын пайдаланудағы басты проблема жерлердің деградациясы. Ол топырақ құнарлылығының төмендеуі, су және жел эрозиясы, топырақтың ластануы, су басу, қайтара тұздану мен батпақтану, жайылымдардың өнімділігінің төмендеуі әсерінен болады. Қазіргі кезде адамзат бұрын пайдаланып келген жер қорының 2 млрд гектарынан осы факторлар салдарынан айрылып қалған. Жыл сайын тек эрозия әсерінен 6-7 млн га жер айналымнан шығып қалады.
Екінші бір проблема шөлейттену. Шөлейттену деп аумақтардың тиімсіз пайдаланылуы әсерінен тұтас өсімдік жамылғысынан айрылуын атайды. Бұл проблеманың тікелей және жанама салдарлары бар. Антропогендік шөлейттену көлемі қазіргі кезде 10 млн км2 аумақты қамтыған, бұл әлемдік жер қорының 8%-ға жуығын құрайды. Шөлейттену қаупі 60-тан астам елдердің аумағында бар.
Дәріс №3
Экологиялық факторлар және басқару проблемалары (3 сағат)
Соңғы жылдары саяси және экономикалық мәселелерге қатысты халықаралық ұйымдардың және жекелеген мемлекеттердің ресми құжаттарында, бағдарламаларда дәстүрлі пайдаланылып жүрген «табиғат ресурстары» деген ұғыммен қатар, «табиғатты тиімді пайдалану», «табиғи ортаның тұрақтылығы», «табиғи мұра», «экологиялық тепе-теңдік» деген түсініктер кеңінен қолданыла бастады. Сонымен, бұл түсініктер жаратылыстану және табиғатты қорғаумен қатысты ғылымдар шеңберінен шығып, жалпы қолданыстағы сөз тіркестеріне айналды.
Экологиялық жағдайдың индикаторлары, олардың түрлері. Кез келген аумақтың экологиялық жағдайын талдау үшін қоршаған ортадағы (су, ауа, топырақ) ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациясы деген ұғымды пайдаланады. Шекті мөлшердегі концентрация немесе шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШМК, ШРК) деп қоршаған ортадағы зиянды заттардың күнделікті ұзақ уақыт бойы адам организміне әсер етуі жағдайында қатерлі өзгерістер мен аурулар туғызбайтын мөлшерін атайды.
Экологиялық жағдайдың индикаторы ретінде атмосфераның ластану индексі (АЛИ) алынады, ол ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациясымен салыстырғанда белгілі бір аумақтағы жыл ішінде байқалған ең жоғары 5 көрсеткіштің жиынтығымен анықталады.
Қазақстанда 2004 ж 18 тамызында Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «Атмофералық ауаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар» бойынша, 596 ластаушы заттың тізімі мен олардың шекті мөлшердегі концентрациясы келтірілген. Осы құжатта ауаға шығарылмауы тиіс 39 аса қауіпті ластағыштар тізімі де берілген.
Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2010
воздуха
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша, қоршаған орта ластануының 4 деңгейі ажыратылады: әсердің байқалмауы, тітіркену, созылмалы аурулар және жедел аурулар.
Экологиялық ахуал екі басты фактордың (қоршаған ортаның ластануы және оның өздігінен тазаруы) ықпалымен қалыптасады. Бұл екі фактор да жыл мерзіміне және кеңістікке байланысты құбылмалы болып келеді. Ластану өндірістік-экономикалық жағдайларға (шаруашылықтың салалық құрылымы, өндіріс көлемі, көлік инфрақұрылымы, елді мекендердің орналасуы, тазартқыш құрылғылар және т.б.) байланысты болса, өздігінен тазару қоршаған ортадағы физикалық-географиялық жағдайларға (географиялық орны, атмосфералық циркуляция, климаттық жағдайлар, жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы) байланысты болады.
Табиғи жағдайлар қоршаған ортаның ластануын азайтып немесе керісінше ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, Ресейдегі алюминий және никель өндірісінің орталықтарының бірі Норильск қаласында ауаға шығарылатын зиянды ластағыштар мөлшері Ресей бойынша 1-орында, оның мөлшері Мончегорск қаласындағыдан 17 есе асып түседі. Соған қарамастан, Норильск ауасы Мончегорск ауасынан тазарақ болады. Өйткені бұл қалада күшті желдер жиі болғандықтан, ауаның өздігінен тазару қабілеті жоғары. Сол себепті қалаларды, соның ішінде өнеркәсіпті қалаларды жоспарлағанда, өндіріс орындарын орналастыруда географиялық факторларды ескеру аса қажет.
Ластану шығу тегі жағынан 1) табиғи жолмен (жанартау атқылауы, шаңды дауылдар, орман өрттері) 2) антропогендік болуы мүмкін. Қазіргі кезде адам әрекетінен табиғи процестердің қарқындауы байқалады: шөлейттену әсерінен құмды дауылдар болады, адамның әрекетінен көптеген алқапты қамтыған орман өрттері болуы мүмкін.
Ластаушы көздер орналасуына байланысты 1) тұрақты (өндіріс орындары) және 2) мобильдік (көлік құралдары) болуы мүмкін. Кеңістік қамтуына байланысты ластанулар 3 топқа бөлінеді: 1) нүктелік (зауыт), 2) алаңдық (көмір карьері), 3) сызықтық (транспорт магистральдары).
Ластану мерзіміне қарай бастапқы (қоршаған ортаға тікелей түсуі) немесе екінші қайтара (қоршаған ортадлағы ластағыштардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде) болуы мүмкін. Мысалы, су қоймаларына тыңайтқыштардың шамадан тыс түсуі нәтижесінде азот пен фосфор мөлшері артса, балдырлардың қаулап өсуі салдарынан биологиялық ластану болады.
Ластануды жаратылысы жағынан 4 негізгі топқа бөледі:
Экологиялық саясат дегеніміз мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы. Экологиялық саясат қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына қатысты мәселеге айналды, оның мынадай басты бағыттары бар:
Қазіргі дүниеде экологиялық саясат аумақтық сипаты бойынша ғаламдық, ұлттық және аймақтық сипат алған. Ғаламдық экологиялық саясаттың негізі 1972 жылы Стокгольм қаласында өткен БҰҰ қоршаған орта проблемаларына арналған конференциясының Декларациясында қаланған болатын. Мұнда адамның өмір сүру ортасының сапасы оның өмірін тұрақты және жайлы ететіндей болуы қажеттілігі атап көрсетілді. Жалпы Декларацияда 26 принцип көрініс тапты.
Қазіргі кезде ғаламдық экологиялық саясатты үйлестіру үшін бірқатар Халықаралық және қоғамдық ұйымдар қызмет етеді. Олардың арасында БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), Халықаралық табиғатты қорғау одағы, Тұмса табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қоры, халықаралық қоғамдық Гринпис экологиялық ұйымы, Дүниежүзілік банктің табиғат қорғау мекемесі, Ғаламдық экологиялық қор.
Мемлекеттердің экологиялық саясаты тұрғындарда экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыруға да бағытталады. Мысалы, Батыс Еуропадағы экологиялық жағынан жайлы елдер (Швеция, Норвегия, Финляндия, Швейцария және т.б.) өз бюджетінің 4-7%-ын экологиялық мақсатқа жұмсайды. Жапония 70-80 жылдарда өнеркәсіптік ластанудың зардаптарымен күрес мақсатында өз бюджетінің 11%-ына дейін экологиялық шараларға жұмсады. Ал Қазақстанда экология пәні барлық жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде енгізілген.
Басқару проблемалары. Постиндустриялық әлемнің экологиялық проблемалары және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
Табиғи-экономикалық сипаттағы ғаламдық проблемалар тобындағы экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. проблемаларды шешу адамзат дамуы мен болашағы үшін аса маңызды болып табылады. Бұл мәселелерді зерттеуде, шешуде географиялық зерттеулердің атқаратын ролі үлкен. Адамзат өркениетінің тұрақты дамуы, адамдардың өмір сүру сапасы мен деңгейі, қоршаған ортаның жайлылығы осы проблемалардың шешілуімен тығыз байланысты болады.
Бұл мәселелерді шешуге бағытталған шараларды жүзеге асыру табиғатты пайдалануға жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап ресурс сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді. Қазіргі кезде елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің әртүрлі болуы және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктеріне (әдет-ғұрпы, діни нанымы мен өмір салты) байланысты ресурс сақтаушы технологияларға көшуді жаппай қолға алу мүмкін емес. түсіндіріледі. Сондықтан дамушы елдердің өзіндік балама даму жолы болатыны сөзсіз.
Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше, мүмкін емес. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.
Шаруашылық құрылымын қайта құру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына әкеп соқты. Дамыған елдерде өндірісті орналастыруда экологиялық талаптарды ескеру аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осыған сәйкес елдердің экологиялық-экономикалық типтері анықталады (кесте).
Кесте. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері
(Б.Н. Зимин бойынша)
№ |
Елдердің экологиялық-экономикалық типтері |
Ерекшеліктері |
1 |
Экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер |
«Экологияландыру» ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық тудыруда. |
2 |
Экономикалық даму деңгейі төмен елдер |
Табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асырылады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте ЖҰӨ-нің 0,4%-ын жұмсайды. |
3 |
Экономикалық даму деңгейі орташа елдер |
Табиғатты қорғау мен ресурстар қорын сақтауға қатысты әрекеттерді қаржыландыруға ЖҰӨ-нің 0,5-1,3%-ын бөледі. Экологиялық шаралар қоршаған ортаға аса қауіпті өндіріс салаларына қатысты ғана жүзеге асырылады. |
4 |
Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер |
Бұл елдерде экологиялық шараларды қаржыландыру үлесі 1,3%-ды құрайды. Экономикалық жағынан тиімді болатын табиғат қорғау шаралары ғана жүргізіледі. Ластану көздерін мүлде жою қымбатқа түсетіндіктен экологиялық проблемалар толығымен шешілмеген. |
5 |
Экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдер |
Өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыруға қаржысы жетеді. Бұл топтағы елдер зиянды өндірістерді дамушы елдер аумағына көшіруде, мұның өзі дүние жүзіндегі экологиялық жағдайды одан әрі нашарлатуда. |
6 |
Табиғатты қорғау мен ресурстарды сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер |
Қалдықсыз технологияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі үлкен елдерде қолданыс таба алмайды. |
Шаруашылық құрылымының түбегейлі өзгеруі (шикізатты көп қажет ететін салалардың қысқаруы, өндірістің жаңа сипатқа көшуі) қызмет көрсету саласының үлесінің күрт артуына жағдай жасады.
Бүкіләлемдік мұра. Жер шарындағы қайталанбас табиғат ескерткіштері мен адамзат қолымен жасалған айрықша сәулет өнерінің туындыларының арнайы тізбесін жасап, қорғауға алу мақсатында білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы 1972 жылы Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі халықаралық Конвенцияны қабылдады. Осыған сәйкес құрылған Бүкіләлемдік мұра комитеті айрықша табиғи (Natural Heritage), мәдени (Cultural Heritage) және табиғи-мәдени немесе аралас (Mixed Heritage) мұралар қатарына жататын объектілердің тізімін жасауды бастады, бұл тізім жыл сайын толықтырылуда. «Бүкіләлемдік мұра» мәртебесін алған объектілер мынадай артықшылықтарға ие болады:
Елдер |
Объектілер саны |
|
1 |
Италия |
47 |
2 |
Испания |
43 |
3 |
Қытай |
40 |
4 |
Франция |
37 |
5 |
Германия |
36 |
6 |
Мексика |
31 |
7 |
Үндістан |
28 |
8 |
Ұлыбритания |
28 |
9 |
Ресей Федерациясы |
24 |
10 |
АҚШ |
21 |
Бүкіләлемдік мұра объектілері
ең көп орналасқан елдер
2011 жылдың 1 шілдесінде Бүкіләлемдік мұра объектілерінің жалпы саны 936 болды, олардың 725-і мәдени объектілер, 183 табиғи, ал 28-і табиғи-мәдени объектілер болып табылады. Бүкіләлемдік мұралар қатарына жататын объектілердің басым көпшілігі Еуропа мен Азияда орналасқан.
Кесте -. Бүкіләлемдік мұра объектілерінің орналасуы
Дүние бөлігі |
Бүкіләлемдік мұра объектілерінің саны |
Дүние жүзі бойынша үлесі, % |
|
1 |
Еуропа |
400 |
42,7 |
2 |
Азия |
232 |
24,8 |
3 |
Африка |
119 |
12,7 |
4 |
Солтүстік Америка |
97 |
10,4 |
5 |
Оңтүстік Америка |
64 |
6,8 |
6 |
Аустралия және Мұхиттық Аралдар |
24 |
2,6 |
Барлығы |
936 |
100 |
Табиғи объектілерге қатысты ұстанымдар:
Бүкіләлемдік мұралар қатарына жататын табиғи объектілер арасында ұлттық саябақтар мен табиғи қорықтар саны көп. Олардың арасында АҚШ-тағы (Йеллоустон, Йосемит, Гранд-Каньон, Грейт-Смоуки-Маунтинс, Меса-Верде, Олимпик, Эверглейдс), Канаданың (Вуд-Баффало, Наханни, Гуайи-Хаанас, Грос-Морн, Уотертон-Лейкс, Глейшер, Мигуаша), Танзанияның (Серенгети, Килиманджаро), Бразилияның (Серра-да-Капивара, Шапада-дус-Веадейрус, Эмас), Аргентинаның (Лос-Гласьярес, Игуасу ұлттық саябақтары, Исчигуаласто және Талампайя табиғи саябағы), Аустралияның (Үлкен Тосқауыл Рифі, Блу-Маунтинс, Какаду, Улуру), Конго Демократиялық Республикасының (Вирунга, Гарамба, Кахузи-Биега, Салонга) ұлттық саябақтары бар. Аумағында Бүкіләлемдік мұра объектілері бар мемлекеттер оларды сақтау жөніндегі жауапкершілікті өздеріне алады. Қазақстан Республикасы бойынша бұл тізімге 3 объект енгізілген:
Қазақстан Республикасы үкіметі ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін 1998 жылы Меркі, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Тасмола мәдениеті, Ешкіөлмес петроглифтері, Арпаөзен петроглифтері, Отырар, Ұлытауды, 2002 жылы Іле-Алатау ұлттық саябағы, Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығын, 2010 жылы Батыс Тянь-Шаньды (Қаратау мемлекеттік қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық саябағын қоса) ұсынған. Бұл объектілерді жоғарыда аталған ұстанымдар тұрғысында қарастырғаннан соң, тізімге енгізу мүмкіндігі бар.
Дәріс №4
Геодемография және таралып қоныстану (4 сағат)
Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы қазіргі демография-лық ахуал. Халық санының өсуі өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән күрделі құбылыстар мен процестердің әрекетіне байланысты болады. Ғалымдар дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи (биологиялық), әлеуметтік-экономикалық (қоғамның шаруашылық дамуы, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер), саяси (мемлекеттің демографиялық саясаты), діни (діннің демографиялық жағдайға әсері), медициналық (денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық (адамды қоршаған ортаның жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы) факторларды атайды.
ХХІ ғ басында дүние жүзі халқы санының өсуі оның ұдайы өсу ерекшеліктерімен (яғни табиғи қозғалыспен) анықталады. Ғалымдардың есептеуі бойынша, шамамен адамзат тарихында Жер шарында 100 млрд адам өмір сүрген, бұл орташа есеппен алғанда 20 мың ұрпақ алмасуы жүрді деген сөз. Population Reference Bureau деректері бойынша, 2010 ж ортасында дүние жүзі халқының саны 6 млрд 892 млн адам болды, халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 51 адамнан келді. Қазақстанда халық саны 2012 ж басына қарай 16 674 959 деп есептеледі, мұнда тығыздық 6 адамды құрайды.
Әлем халқының жартысынан астамы теңіз деңгейінен 200 м-ден аспайтын аумақтар мен мұхит жағалауынан 200 км-ге дейінгі жерлерде өмір сүреді. Халықтың 10%-ы ғана 1000м-ден биікте және құрлықтың орталық бөліктерінде тұрады. Құрлықтың 7%-да халықтың 70%-ы өмір сүреді. Әлем бойынша халық тығыз қоныстанған (1 шаршы км-ге 100 адамнан жоғары) 4 аймақ бар:
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары басым болатын, суармалы егіншілік дамыған Төменгі Ніл аңғары, Месопотамия ойпаты, Ява аралы мен жоғары деңгейде урбандалған, индустриялық дамыған Жапонияда да халық тығыз орналасқан. Осы аталған ареалдарда бүкіл адамзаттың 2/3 бөлігі қоныстанған.
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады (кесте).
Кесте. Халық саны жөнінен экстремум-мемлекеттер, 2010 ж
№ |
Халық саны ең көп мемлекеттер |
Халық саны, млн адам |
Халық саны ең аз мемлекеттер |
Халық саны, мың адам |
1 |
Қытай |
1339 |
Ватикан |
1,0 |
2 |
Үндістан |
1184 |
Тувалу |
12,4 |
3 |
АҚШ |
309,6 |
Науру |
14,0 |
4 |
Индонезия |
243,0 |
Палау |
20,8 |
5 |
Бразилия |
196,8 |
Сан-Марино |
30,3 |
6 |
Пәкістан |
185,5 |
Монако |
33,0 |
7 |
Бангладеш |
156,1 |
Лихтенштейн |
34,8 |
8 |
Нигерия |
152,2 |
Сент-Китс және Невис |
40,1 |
9 |
Ресей |
141,0 |
Маршалл Аралдары |
64,5 |
10 |
Жапония |
126,8 |
Доминика |
72,7 |
Туудың дүние жүзі бойынша орташа көрсеткіші 200/00 болды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 110/00-ге, дамушы елдерде - 220/00-ге дейін төмендеп қалды. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш 22,50/00-ге жетті.
Демографиялық «қысым» деңгейін түсіну үшін мынадай мысалдар келтіруге болады: Үндістанда қазіргі кезде 1189 млн адам тұрады, мұндағы туу 1000 адамға шаққанда 23 промиллені құрайды, яғни жыл сайын мұнда 27 млн 347 мың адам өмірге келеді (1 189 000 000 х 23 : 1000). Ал Қытайда бұл көрсеткіш 16 млн адамды, Пәкстанда 5,5 млн адам, Нигерияда 6,6 млн адамды құрайды.
Адамзаттың демографиялық дамуының қазіргі кезеңіне халықтың өмір жасының ұзақтығының артуы тән, ғасырдың басында ол 65 жасты құраған болатын, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 69 жасқа жетті.
Кесте. Адамның өмір жасының ұзақтығы
№ |
Адамның өмір жасы ең ұзақ елдер |
Орташа өмір жасының ұзақтығы |
№ |
Адамның өмір жасы ең қысқа елдер |
Орташа өмір жасының ұзақтығы |
1 |
Сан-Марино, Жапония |
83 |
1 |
Лесото |
41 |
2 |
Андорра |
82,2 |
2 |
Замбия |
42 |
3 |
Швейцария, Италия |
82 |
3 |
Зимбабве |
43 |
4 |
Аустралия, Франция Израиль, Канада, Исландия |
81 |
4 |
Свазиленд, Гвинея-Бисау |
46 |
5 |
Швеция, Норвегия |
80,9 |
5 |
Сьерра-Леоне, Нигерия |
47 |
6 |
Ұлыбритания, Бельгия |
80 |
6 |
Нигер, Мозамбик, Конго ДР |
48 |
7 |
Ирландия, Дания, Кипр |
79 |
7 |
Малави, Сомали, Чад |
49 |
8 |
Кувейт, АҚШ |
78 |
8 |
Бурунди |
50 |
Өмір жасының ұзақтығының артуы дүние жүзі халқының құрылымында егде жастағы адамдар үлесінің ұдайы артуына алып келеді. Дүние жүзі бойынша қарт адамдар үлесі 2010 жылдың орта шенінде 8%-ды құрады. Дамыған елдерде егде адамдар үлесі артуда (16%): халық қартайып барады. Көптеген дамушы елдерде туу жоғары болғандықтан, халықтың жасаруы байқалуда. Бұл екі қарама-қайшы топтар арасында елдердің аралық тобы тұр, оларда егде адамдар мен балалар үлесі тепе-тең. Еуропаның әрбір бесінші тұрғына 60 жастан асқан, болжам бойынша, осы тенденция сақталса, 2030 жылы әрбір үшінші еуропалық егде адам болады. Қазіргі дүниеде адамзат жас: Жер шары тұрғындарының жартысынан астамын 25 жасқа дейінгілер құрайды.
Елдердегі осы айырмашылықтарды талдау негізінде халықтың жастық құрылымының үш негізгі типін ажыратуға болады. Бірінші типті ілгерілеуші құрылым деуге болады. Оған балалар үлесінің жоғары болуы тән. Екінші тип тұрақты, онда “кәрі мен жастың” үлестері теңдескен. Үшінші типке егде жастағылардың үлесінің жоғары болуы тән, оны кері кетуші тип деп атайды.
Локалитет және локалитет типтері, функциялары. Әр ғылым саласының бөлінбейтін элементтік зерттеу объектісі болады. Қазіргі заманғы химияда мұндай объект атом болса, экономикалық географияда локалитет болып табылады. Локалитет жергілікті жер, қоғам мен технокешенді біріктіретін геокеңістіктің бастапқы кешенді ұяшығы. Локалитеттің үш ажырамас құрамдас бөлігі бар: жергілікті жер (табиғат), елді мекен және кәсіпорын (сызба).
Табиғи ресурстар
Елді
мекен
Жергілікті
жер
Қалдықтар
Еңбек ресурстары
Табиғи ресурстар
Тауарлар, қызмет
Қалдықтар
Кәсіпорын
Сызба. Локалитеттің элементтері
Локалитеттің басты элементі елді мекендер, оларды көлеміне қарай ауылдар, қалалар және алып қалалар деп бөлуге болады. Атқаратын функцияларына қарай ауылшаруашылықты, курорты, рекреациялық, индустриялық, көліктік, әкімшілік, сауда, ғылыми және т.б. деп бөлінеді. Көлемдері мен функцияларының үйлесіміне қарай локалитеттердің типтерін (монофункциялы және полифункциялы, қалалық және ауылдық) ажыратады.
Локалитеттердің шекаралары табиғат зоналары, елдердің орналасуынан айырмашылық жасайды: олар әрқашан біртекті кеңістіктік құрылым түзе бермейді. Локалитеттердің аралығында ажырау зоналары болады, олардың көлеміне қарап, аумақтың игерілу деңгейінкөруге болады. Ресей географы А.Ю. Скопин аумақ игерілуінің негізгі үш деңгейін анықтайды:
нүктелік игерілу ареалды-сызықтық игерілу тұтас игерілу
Әдетте игерілудің әрбір деңгейіне табиғатты пайдаланудың өзіндік жетекші типі тән болады. Мысалы, нүктелік игерілуге табиғатты пайдаланудың аграрлық-ресурстық типі, ареалдық-сызықтық деңгейге көлік-индустриялық, ал тұтас игерілуге қызмет көрсету-ақпараттық тип сәйкес келеді.
Локалитеттердің үйлесімі шаруашылық пен қоныстанудың кеңістік ұйымдасуының нақты формаларын түзеді. Өнеркәсіп торабы белгілі бір аумақта орналасқан бір немесе бірнеше елді мекендердегі өнеркәсіп орындарының ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарымен қоса үйлесуі. Мысалы, Алматы, Қарағанды өнеркәсіп торабы. Көлік торабы әдетте өндіріс пен халықтың шоғырлануымен үйлесетін, көлік жолдарының тоғысуы. Аумақтық-өндірістік кешен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы ортақ, технологиялық жағынан байланысқан әртүрлі өндірістердің жиынтығы. Мысалы, Екібастұз аумақтық-өндірістік кешені. Агломерация - өнеркәсіп және көлік тораптарын, коммуникациялар жүйесін, қалалар мен елді мекендерді біріктіретін аумақтық түзілістер. Агламерациялар шаруашылық пен халықтың өте жоғары шоғырлануымен көзге түседі. Мысалы, Токие агломерациясы, Мәскеу агломерациясы.
Сонымен, жергілікті жердің, елді мекендердің, технокешендердің алуан түрлілігімен анықталатын локалитеттердің түрліше болуына қарамастан, олардың мынадай негізгі типтері ажыратылады:
Әрбір локалитеттің динамикасы, яғни оның құрамдас бөліктерінің кешенді өзгерістері ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Ішкі факторлар қатарына жергілікті жер, елді мекен және технокешеннің өзара әрекеттесуі жатады. Бұл әрекеттесу даму жағдайында тұрақты, тиімді және күрделену сипатында болады, ал кері кету жағдайында бұзылу, тиімсіз және қарапайымдану түрінде көрінеді.
Сыртқы факторлар қатарына локалитеттің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі жатады. Мұны локалитеттің географиялық орны және функциясы тұрғысында зерттейді. «Географиялық орын» ұғымы кез келген объектінің сыртқы ортаға қатысын сипаттайды. Ал «жердің функциясы» ұғымымен өзара қатынастар анықталады. Географиялық орны локалитет дамуының ішкі факторларымен қоса алғанда, оның мамандануын анықтап береді. Француз географтары Ж. Божё-Гарнье мен Ж. Шабо локалитеттердің мынадай негізгі функцияларын атап көрсеткен:
Әдетте бір локалитет бірнеше функцияны қатар атқарады, қызметі неғұрлым көп болса, соғұрлым тұрақты болады. Ал монофункциялы локалитеттер тұрақсыз және даму мүмкіндіктері аз болады. Бұл мәселенің біздің еліміз үшін маңызы зор: кең-байтақ Қазақстан аумағында тұрғындарының жалпы саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала бар деп есептеледі. 2012 жылы моноқалаларды дамытуға ел бюджетінен 20 млрд теңге қаржы бөлінді.
Урбандалу және үлкен қалалардың экологиялық проблемалары. Қалалардың өсуі, қалалық өмір салтының кеңінен таралуы, мемлекеттегі экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануын урбандалудың (латынша “urbs” - қала) басты белгілері қатарына жатқызуға болады. Адамзат тарихындағы алғашқы қалалар біздің заманымызға дейінгі IV-II мыңжылдықтарда Таяу Шығыста, Қытайда және Үндістанда пайда болды. олардың кейбіреулерінде халық саны 300 мыңнан асқан деп есептеледі.
Қалалардың келесі легі біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр мен біздің заманымыздың IV ғасыры аралығында ежелгі грек-рим өркениеттерімен байланысты қалыптасты. Тарихи деректерге талдау жасау нәтижесінде ғалымдар бұл кезеңде Рим қаласының халқы 700 мыңға дейін жеткен деп болжайды.
Адам саны бойынша қалалар бірнеше топқа бөлінеді:
Қазіргі заманғы урбандалуға мынадай ерекшеліктер тән болады:
Мегаполис терминін алғаш рет 1961 жылы АҚШ-та тұратын француз географы Жан Готманн өз еңбектерінде пайдаланып, енгізген. Бұл терминнің негізінде 35 елді мекеннің бірігіп кетуінен қалыптасқан ежелгі грек қаласы Мегалополь атауы жатыр. Мегаполис термині тұңғыш рет АҚШ-тың Бостон және Вашингтон қалалары аралығында орналасқан агломерациялар тізбегіне қатысты қолданылған. Атлант мұхиты жағалауы бойымен шамамен 750 км-ге созылған, құрамына 40 шақты үлкен және кіші қалалар енетін Босваш атанған бұл мегаполис ел аумағының 3 %-ын ғана қамтығанымен, мұнда 45 млн (15 %) шамасында халық тұрады және өнеркәсіп кәсіпорындарының 25%-ы шоғырланған.
Әдетте урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Салыстырмалы көрсеткіштер урбандалудың деңгейін нақты көрсетеді. Жеке мемлекеттер бойынша бұл көрсеткіштер айырмашылықтар жасайды (кесте).
кесте. Урбандалудың ең жоғары және ең төмен деңгейі
№ |
Урбандалу деңгейі ең жоғары елдер |
Урбандалу деңгейі, % |
№ |
Урбандалу деңгейі ең төмен елдер |
Урбандалу деңгейі, % |
1 |
Ватикан |
100 |
1 |
Бурунди |
10 |
2 |
Монако |
100 |
2 |
Папуа-Жаңа Гвинея |
12 |
3 |
Науру |
100 |
3 |
Тринидад пен Тобаго, Уганда |
13 |
4 |
Сингапур |
100 |
4 |
Лихтенштейн |
14 |
5 |
Кувейт |
98 |
5 |
Шри-Ланка |
15 |
6 |
Бельгия |
97 |
6 |
Нигер |
16 |
7 |
Катар |
96 |
7 |
Эфиопия Непал |
17 |
8 |
Мальта, Сан-Марино |
94 |
8 |
Руанда, Сүлеймен Аралдары |
18 |
9 |
Венесуэла |
93 |
9 |
Малави |
19 |
10 |
Аргентина, Исландия, Израиль, Уругвай |
92 |
10 |
Буркина-Фасо |
20 |
Дамушы елдерде экономикалық өркендеу орталықтары болып отырған ірі қалаларға ауылдық елді мекендерден қоныс аударатындар саны жыл сайын өсіп отыр. Бұл өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды ушықтыруда. Ірі қалалар маңында тұрмысы төмен халық қоныстануынан кедейлер қалашықтары пайда болған. Бұларды Африканың француз тілді елдерінде бидонвиль, Бразилияда фавел, Түркияда геджеконду, Индонезияда кампунги деп атайды. Осылайша кедей қалашықтары есебінен қала халқы жалпы өскенімен, оларда қалаға тән өмір салтының болмайды. Бұл құбылысты ғалымдар «жалған урбандалу» деп атайды. Дамыған елдерде мұндай құбылыс өте сирек кездесетіндіктен, мұны дамушы елдердегі урбандалудың басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастыруға болады.
Үлкен қалаларда экологиялық проблемалар туындайды. Оларды қысқаша мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геоурбанистика, әлемдік қалалар дүниежүзілік экономиканы басқарудың орталықтары ретінде. Урбандалу мәселелерін көптеген ғылым салалары зерттейді. Соның бірі геоурбанистика. Геоурбанистика қалалардың қызмет етуі және дамуымен байланысты проблемаларды кешенді түрде талдап, зерттейтін география саласы.
Қалалардың өсуі нәтижесінде оның маңындағы елді мекендер де дамиды; үлкен қала осы серіктес қалалар енетін агломерацияның орталығына айналады. Ірі қалалардың маңының жылдам өсіп-өркендеуін субурбандалу деп атайды. Біртіндеп қалалық өмір салтының оның маңындағы елді мекендерге таралуын рурбандалу деп атайды. Бұл құбылыс әсіресе табиғат ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Еуропадағы алғашқы агломерациялар пайдалы қазбалары игеріліп жатқан аудандарда қалыптасқан.
Қазіргі кезеңде көптеген ірі агломерациялар әлемдік қалалар болып табылады. Ірі қалалардың дамуын зерттеу барысында 1991 жылы америкалық экономист, әлеуметтанушы Саския Сассен Лондон, Нью-Йорк, Токиоға қатысты «ғаламдық қала» ұғымын қолданған болатын. Оған дейін «әлемдік қала» деген түсінікті 1915 жылы Патрик Геддес қолданған болатын. Ол кезде бұл ұғым адамзат өркениеті үшін аса маңызды мәдени маңызы бар қалаларға (Рим, Париж, Лондон, Мадрид және т.б.) қолданылған болатын.
Қазіргі заманғы әлемдік қала ұғымы әлемдік экономиканың маңызды бөлігі болып табылатын, қаржы-басқару, іскерлік қызметтеріне маманданған және ақпаратты «өндірумен» айналысатын, бірнеше миллион тұрғындары бар алып қалаларға қатысты қолданылады. Мұндай қалалар ірі аймақтардың экономикалық, саяси және мәдени дамуында елеулі роль атқарады. Әлемдік қалаларға халықаралық компаниялардың штаб-пәтерлерінің, банктер мен заңгерлік қызметін көрсететін орталықтардың, жарнамалық және туристік агенттіктердің, сонымен қатар ғаламдық тауар және қызмет көрсетуге бағдарланған басқа да мекемелер мен ұйымдардың шоғырлануы тән болады.
Әлемдік қалалардың рейтингтері олардың белгілі бір саладағы маңызына қатысты да құрастырылады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, рейтингте 9 көрсеткіш ескерілді.
Көрсеткіштер |
Қалалар реті |
|
1 |
Халық тығыздығы |
Мумбай, Шанхай, Карачи, Дели, Стамбул, Сан-Паулу, Мәскеу, Сеул, Пекин, Мехико |
2 |
Халық саны |
Токио, Сеул, Мехико, Нью-Йорк, Мумбай, Джакарта, Сан-Паулу, Дели, Осака, Шанхай |
3 |
Шетелдіктер үлесі |
Дубай, Майами, Амстердам, Торонто, Маскат, Ванкувер, Окленд, Женева, Мекке, Гаага |
4 |
Қымбат қалалар |
Цюрих, Токио, Осака, Москва, Женева, Гонконг, Копенгаген, Нью-Йорк, Пекин, Сингапур |
5 |
Метродағы жолаушы тасымалы |
Токио, Москва, Сеул, Нью-Йорк, Мехико, Париж, Гонконг, Пекин, Шанхай, Лондон |
6 |
Метрополитен ұзындығы |
Шанхай, Лондон, Нью-Йорк, Пекин, Берлин, Сеул, Москва, Мадрид, Гуанчжоу, Париж |
7 |
Әуе тасымалы |
Атланта, Пекин, Лондон, Чикаго, Токио, Лос-Анджелес, Париж, Даллас, Франкфурт, Денвер |
8 |
Миллиардерлер саны |
Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Лос-Анжелес, Даллас, Стамбул, Сан-Франциско, Чикаго, Мумбаи, Сан-Паулу |
9 |
Жиынтық өнім |
Токио, Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Чикаго, Париж, Лондон, Осака, Мехико, Филадельфия, Сан-Паулу, |
Мысалы, Мумбай (1995 жылға дейін Бомбей деп аталған) халық тығыздығы жөнінен әлемде 1-орын алады (1 км² - 21 665 адам). Ал Дубайдағы шетелдіктер үлесі 73%-ды құрайды. Әлемдегі ең қымбат қала мәртебесіне 2012 жылы Цюрих ие болды. Метросы арқылы ең көп жолаушы тасылатын қала Токио (жылына 3 млрд 174 млн адам). Ал метрополитен ұзындығы жөнінен әлемде Шанхай 1-орын алады (420 км). Әуе тасымалы жөнінен әлемде Атланта қаласы 1-орын алады, мұндағы Хартсфилд әуежайы арқылы 2011 жылы 92,4 млн жолаушы тасылған. Миллиардерлер саны бойынша 2012 жылы Мәскеу қаласы 1-орнын сақтап қалды: мұнда 78 миллиардер тұрады (1210 миллиардер бар). Қазақстаннан бұл тізімге 2012 жылы 5 адам енді.
Алып қалалардың 1/3-і Шығыс және Оңтүстік Азия аумағында орналасқан, бірақ олардың барлығы бірдей әлемдік қала мәртебесіне ие емес. Нағыз әлемдік қала деп атауға болатын ірі қалалар қатарына Нью-Йорк, Токио, Париж, Лондон және т.б. енеді. Соған қарамастан, халық саны жөнінен әлемдегі аса ірі 10 агломерация қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ (кесте).
Кесте. Дүние жүзіндегі ең ірі қалалар
№ |
Қала |
Мемлекет |
Халық саны, млн. |
1 |
Токио |
Жапония |
35,7 |
2 |
Мумбай (Бомбей) |
Үндістан |
19,0 |
3 |
Мехико |
Мексика |
19,0 |
4 |
Нью-Йорк |
АҚШ |
19,0 |
5 |
Сан-Паулу |
Бразилия |
18,8 |
6 |
Дели |
Үндістан |
15,9 |
7 |
Шанхай |
Қытай |
15,0 |
8 |
Калькутта |
Үндістан |
14,8 |
9 |
Дакка |
Бангладеш |
13,5 |
10 |
Буэнос-Айрес |
Аргентина |
12,8 |
Қазақстанда ірілі-ұсақты 86 елді мекен қала мәртебесіне ие болған. Мұнда республика халқының 56%-ы тұрады. Олардың 1-уі миллионер-қала, 21-інде халық саны 100 мыңнан асады, ал 60 шақтысында халық саны 50 мыңнан аспайды. Елдегі ең ірі қала Алматы (1 450 095 адам) мен басқа ірі қалалардың (Астана - 743 014 адам, Шымкент - 642 858 адам, Қарағанды - 475 267 адам) қазіргі өсуі мен дамуы қала маңындағы елді мекендермен бірігу есебінен жүруде.
Дәріс №5
Мәдениет және өркениет географиясы (2 сағат)
Этногеография. Этногеография этнография мен географияның тоғысында қалыптасқан ғылыми пән, ол этностық қауымдастықтардың географиялық қоныстануын, олардың қоныстану ерекшеліктерін және аумақтық арақатынастарын саяси, табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстыра зерттейді. Этногеография қоныстану сипатын, аумақтың игерілу дәрежесін, халық тығыздығы және т.б. да ескереді.
Этногеографияның басты міндеттеріне әлем халқының ұлттық құрамын зерттеу, белгілі бір елдегі немесе аумақтағы халықтың және олардың топтарының (нәсілдік, этностық, тілдік, діни және т.б.) санының өзгерістерін анықтау жатады. Этногеография:
Мәдениеттер типологиясы. Мәдениеттің әркелкілігінің географиялық аспектілері. Мәдениет деп адамзат жасаған және жинақтаған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын атайды. Неміс философы Гегель мәдениетті «адам жасаған екінші табиғат» деп атаған. Әдетте мәдениетті материалдық (заттық) және рухани деп екіге бөледі. Дегенмен, кей жағдайда олардың арасында дәл ажыратылатын шекара жоқ: заттық құндылықтар адамның ақыл-ойының, жинақтаған білімі мен тәжірибесінің көрінісі болып табылады.
Рухани мәдениет адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған рухани тәжірибесінің жиынтығы ретінде қоғамның ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық даму деңгейін анықтайды. Оған ғылым, білім, өнер, мифология, дін, философия, саясат пен құқықты жатқызады. Мәдениет кез келген халықтың тарихи естелігі болып табылады, сондықтан оны этнос пен өркениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Жер шарындағы мәдениеттің алуан түрлілігі жергілікті факторлармен ғана емес, халықтар арасындағы байланыстар мен алмасулар нәтижесінде қалыптасқан.
Адамзаттың мәдениетінің бірнеше жалпы типтерін ажыратады:
Мәдениеттің әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін әсері. Мәдениет адамзат өркениетінің феномені ретінде өзіндік әлеуметтік қызмет атқарады. Олардың қатарына танымдық, ақпараттық, коммуникациялық қызметтерді жатқызуға болады. Мәдениет сонымен қатар, дамудың факторы болып табылады. Сондықтан 1992 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан Мәдениет пен даму жөніндегі дүниежүзілік комиссия құрылған болатын. Бұл комиссия құжаттарында басты міндет «ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы ретінде жарияланатын мәдениетке негізделген тұрақты дамуды қамтамасыз ету» деп анықталған. Мұның өзі осыған дейін басым болған ресурстарды пайдалану мен материалдық байлықтарды тұтынуға бағытталған дамудың орнын материалдық және рухани құндылықтардың үйлестіру арқылы жасалатын өмір салтының жаңа үлгісі басуы қажеттілігін көрсетеді.
Бұрын ғылым барлығын шешетін тәрізді көрінетін. Қазіргі кезде ғылым мен технологияны мәдениетпен үйлестіру арқылы адам өмірін мәнді ету, оның мақсат-мүдделерін материалдық құндылықпен ғана шектемеу мақсаты қойылып отыр. Сол себепті мәдениет пен экономиканың өзара қарым-қатынасында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр: экономика тиімді ғана емес, адами және экологиялық сипатта болуы тиіс.
Мәдениет географиясы және әлемдік өркениет. Мәдениет географиясы адамзат мәдениетінің кеңістіктік көріністерін атайды. Мәдениет аумақтық ерекшеліктерге ие, яғни географиялық фактордың ықпалына ұшырайды, мәдениет кеңістік тұрғыдан алғанда жіктелген сипатта болады және өзіне ғана тән аумақтық үлгіде ұйымдасып, дамып және қызмет ете алады. Осы себепті географтар мәдениеттің жаратылысының заңдылықтарын кеңістік құбылыс ретінде зерттеуге, мәдениет географиясын жергілікті географиялық факторлармен қоса қарастыруға тырысады.
Мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде сан қырлы болады. Бұл термин халықтың аймақтық топтарына, этностарға, ұлттық қауымдастықтарға тән өнер мен әдебиет, дүниетаным, салт-дәстүрлер, мінез-құлық, діни сенімдер, өмір салты мен өндірістік дағдыларды біріктіреді. Мәдениет география тұрғысында ХІХ ғасырдың екінші жартысында зерттеле бастады. Шетелдік географтар арасында бұл мәселемен антропогеография саласының негізін салған неміс географы Фридрих Ратцель (2 томдық «Народоведение» деген еңбегі 1900-1901 ж, 2 томдық «Земля и жизнь» еңбегі 1903-1906 ж жарық көрген), француз географы Жан Жак Элизе Реклю (өзінің саяхаттарының барысында жинақтаған материалдары негізінде 19 томдық «Земля и люди» еңбегін 20 жыл бойы жазған) айналысқан. Орыс географтары арасында Вениамин Петрович Семенов-Тян-Шанский ( 11 томдық «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» еңбегін жазуға қатынасқан), Никола́й Никола́евич Бара́нский («География қалалар қайда тұруы керек, қандай заводтар салынуы керек, жолдар қай жаққа қарай өтуі керектігін болжап беретін ғылым» деген әйгілі анықтаманы берген, елтану бағытының негізін салған ғалым), Лев Николаевич Гумилев (этногенездің пассионарлық теориясын ұсынған, «Этногенез и биосфера Земли» және басқа еңбектердің авторы), Влади́мир Па́влович Максако́вский (2 томдық «Географическая картина мира», «Историческая география мира», 2 томдық «Всемирное культурное наследие» кітаптарының авторы) айналысқан. Қазіргі кезде мәдениет географиясы саласындағы зерттеулермен ресейлік географ Александр Георгиевич Дружинин айналысады. Ол мәдениет географиясына «мәдениеттің кеңістік ерекшеліктері, факторлары мен даму заңдылықтары, мәдени-аумақтық жүйлеуші процестер, оның алғышарттары мен салдарлары туралы ғылыми бағыт» деп анықтама берген. Қазіргі кезде мәдениет географиясына қоғамдық географияның құрамдас бөлігі ретінде қарайды. Мәдениет географиясының зерттеу объектісі мәдениеттің аумақтық ұйымдасуы болып табылады.
Сонымен, мәдениет географиясы мәдениет пен оның жекелеген құрамбөліктерінің (халықтың өмір салты мен дәстүрлері, материалдық және рухани мәдениеттің элементтерінің, өткен ұрпақтардың мәдени мұрасы) аумақтық жіктелуін зерттейді.
Жер шарында 6 мыңнан астам әртүрлі тілдер бар деп есептеледі. Оларды 19 тілдік семьяға ажыратады. Әлемдегі ең ірі тіл семьяларына үндіеуропалық (43%), сино-тибет (22%), дравид (13%), афразиялық (6%), австронезиялық (5%) тіл семьялары жатады. Бұлардан басқа «оқшау тілдер» деп аталатын басқа тілдермен мүлде ұқсастықтары жоқ айрықша топ бөлінеді, бұл топта жапон тілі, баск, корей, айн және т.б. тілдер бар. Қазіргі кезде ең кең таралған 12 тілде әлем халқының 60%-ы сөйлейді. Ең кең таралғандары қытай тілі (1 млрд 300 млн адам), хинди (800 млн адам), ағылшын (600 млн адам).
Халық діни ұстанымдарына қарай да жіктеледі, мұны халықтың діни құрамы деп атайтынын білесіңдер. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың шамамен 25-30%-ының діни ұстанымы жоқ.
Діндердің дүние жүзі бойынша таралу шекаралары негізінен XVІІІ ғасырда қалыптасып бітті, сол кезден бері елеулі өзгерістер бола қойған жоқ. Діндер таралу ерекшеліктеріне қарай әлемдік, ұлттық және дәстүрлі болып бөлінеді. Саны жағынан христиандар басым. Олар дүние жүзі бойынша дінге сенушілердің 2/5 бөлігін (2,1 млрд адам) құрайды. Ислам діні де кең таралған, әртүрлі дерек көздері бойынша Жер шарында 1,5 млрд адам ислам дінін ұстанады. Буддизмді шамамен 500 млн-ға жуық адам ұстанады.
Өркениеттің басты геотарихи аймақтары. «Өркениет» терминін «детте «мәдениетпен» қатар қолданады, бірақ өркениет ұғымының аясы әлдеқайда кең. Бұл терминді ғылыми айналымға 1766 жылы шотланд философы Адам Фергюсон енгізген болатын, ғалым бұл ұғыммен қоғамдық таптар, қалалар, жазу мен басқа да құбылыстар тән адам қоғамы дамуының кезеңін сипаттаған. Қазіргі кезде өркениеттің (латынша civilis азаматтық, мемлекеттік деген сөз) бірнеше кең таралған анықтамалары бар:
Ресейлік-америкалық әлеуметтанушы Питирим Сорокин өркениет деп «ірі мәдени жүйелер мен супержүйелерді», ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті орыс ғалымы Николай Яковлевич Данилевский (1822-1885) өзінің «Россия и Европа» (1869) деп аталатын басты еңбегінде өркениетті «мәдени-тарихи типтер» деп атаған. Ал неміс философы Освальд Шпенглер «биік мәдениет» деген, орыс философы Николай Александрович Бердяев «ұлы мәдениеттер», ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби «өркениет» деп атаған.
Гарвард университетінің профессоры Сэмюэль Хантингтон өркениетті ең жоғары сатыдағы мәдени қауымдастық, адамдардың ең кең деңгейдегі мәдени бірлестігі деп анықтаған. Өркениеттер тілі, тарихы, діні, әдет-ғұрыптары, қоғамдық институттары, адамдардың өзін-өзі субъективті тануы және т.б. ортақ белгілерімен сипатталады. Өркениет өте көп дамдарды қамтуы мүмкін: Қытайды кейбір ғалымдар «Өзін ел деп атайтын өркениет» деп сипаттаған.
Академик Б.С. Ерасов өзінің «Сравнительное изучение цивилизаций» деп аталатын оқу құралында өркениетті сипаттайтын бірнеше критерийді бөліп көрсетті:
- көлденең (кәсіби және укладты мамандану) және тік (әлеуметтік жіктелу) еңбек бөлінісіне негізделген экономикалық қатынастардың жүйесі;
- өндіріс құралдары (еңбекті қоса алғанда) билеуші тап бақылайды, ол қосымша құнды орталықтандыруды және таратуды жүзеге асырады;
- кәсіби саудагерлер немесе мемлекеттің бақылауымен айырбас жүйесінің жасалуы, бұл өз кезегінде өнімдер мен қызметті тікелей айырбастауға шектеу қояды;
- саяси құрылымда өз қолына атқарушы және әкімшілік қызметті шоғырландырған қоғамның белгілі бір күштері басымдылық көрсетеді.
Арнольд Тойнби өзінің «Постижение истории» атты 12-томдық еңбегінде адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге бөліп, олардың даму жолдарын көрсеткен. Өркениеттердің пайда болуын, дамуын және күйреуін ғалым сыртқы энергия, түрткі болатын географиялық фактормен байланыстырады. Бұл ілім бойынша, тұрақты табиғат жағдайларында дамыған қоғамдар ештеңені өзгертпей-ақ, сол жағдайға бейімделсе, ұдайы өзгермелі қоршаған ортада өмір сүретін өркениеттер өздері де қозғалыстағы өмір кешуге мәжбүр болатынын айтқан. Дәл осыған ұқсас идеялар Лев Гумилев еңбектерінде де байқалады.
Өркениеттің аумақтық өзгешеліктері айрықша геотарихи аймақтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мәдени аймақтарды зерттеу ежелгі грек оқымыстысы Геродоттың (біздің заманымызға дейінгі 484-425 жж) әйгілі «Тарих» трактатынан басталған болатын. Кейінгі ғасырларда бұл мәселе көптеген ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде көрініс тапты. Осы зерттеулерде жекелеген өркениеттердің қалыптасуы белгілі бір этностық қауымдастықтың өмір сүру ареалын шектеп тұратын физикалық-географиялық аймақта жүретіндігі анықталды. Өркениеттер дами келе, неғұрлым үлкен аймақтарды қамтыды.
Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі заманғы геотарихи аймақтарды бөлу сызбасы ала-құла болып табылады. Жинақы түрде қарастырсақ, батыс және шығыс өркениеттерінің аймақтары ажыратылады. Олар өз кезегінде діни, географиялық белгілері бойынша жіктеледі. БҰҰ ұсынған аудандастыру бойынша, бүкіл әлем 7 аймаққа бөлінеді: Еуропалық, Араб-мұсылман, Үнділік, Қиыр Шығыстық, Тропиктік-Африкалық, Солтүстікамерикалық, Латынамерикалық. Жер шарын тарихи-мәдени аудандастыру негізінде мәдени, шаруашылық дәстүрлер алынады. Осыған сәйкес, қазіргі кезде 14 тарихи-мәдени провинциялар ажыратылады: батысеуропалық, шығысеуропалық, шығысазиялық, оңтүстік-шығысазиялық, оңтүстік-батысазиялық, ортаазиялық-қазақстандық, орталықазиялық, кавказдық, сібірлік, солтүстікафрикалық, тропиктік африкалық, солтүстікамерикалық, латынамерикалық, мұхиттық. Провинциялар өз кезегінде облыстарға, ал олар аудандарға жіктеледі.
Бүкіләлемдік мәдени мұралар. ЮНЕСКО ұйымы материалдық мәдени құндылықтар қатарына мынадай заттарды жатқызады:
2011 жылдың 1 шілдесінде тіркелген Бүкіләлемдік мұраның 936 объектісінің 725-і мәдени объектілер болып табылады. Мәдени объектілерге қатысты ұстанымдар:
Мәдени объектілер арасында әлемге әйгілі сәулет өнерінің ескерткіштері бар: Вестминстер сарайы, Вестминстер аббаттығы, Лондондағы Тауэр (Ұлыбритания), Нотр-Дам Кафедралық шіркеуі, Версаль сарайы мен саябағы (Франция), Тадж-Махал кесенесі, Махабодхи ғибадатханасы (Үндістан), Ұлы Қытай қорғаны, Цинь әулетінің алғашқы императорының кесенесі (Қытай) бар. Кейбір елдерде қалалардың тұтас бөліктері немесе сәулет ансамбльдері Бүкіләлемдік мұра санатына қосылған. Мысалы, Кордова қаласының тарихи бөлігі, Толедо (Испания), Венеция (Италия), Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң (Ресей), Куско, Мачу-Пикчу (Перу), Сукре (Боливия).
Дәріс №6
Геосаясат: теориясы, әдістері, тәжірибелері (4 сағат)
Саяси географияның тұжырымдамалары мен геосаяси идеялар. Саяси география ұғымы XVIII ғасырда пайда болды. Ол кезеңде бұл ұғымды көбінесе шекаралармен байланыстыратын. Саяси география мен геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар атсалысты. География ғылымы халықаралық саясатқа ұдайы үлкен ықпал ететін. География кез келген мемлекеттің сыртқы саясатында аса маңызды фактор болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде саяси география мен геосаясат ХХ ғасырдың басында қалыптасты, бұл саланың негізін салған неміс географы Фридрих Ратцель (1844-1904)деп есептеледі. Ратцель кеңістік мемлекет орналасқан жай ғана аумақ емес, оның саяси күші екендігі туралы идея айтты. Ол кез келген мемлекеттің дамуын оның кеңістік тұрғыда кеңеюімен байланыстырды. Ф. Ратцель экспансияның жеті заңын ойлап тапты:
Ф. Ратцель сол кездегі германиялық геосаясатта кең қолданысқа ие болған «өмірлік кеңістік» (Lebensraum) деген ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Осы ұғым арқылы неміс географы Германияның негізгі эколномикалық және саяси проблемалары ол үшін өте тар, әділетсіз бөлінген шекаралармен байланысты, яғни бұл мемлекеттің қарыштап дамуына оның аумағының тар болуы кедергі болып отыр дегенді дәлелдегісі келді. Ғалымның көзқарасы бойынша, болашақта халықаралық саясатта ірі құрлықтық кеңістіктерді алып жатқан ірі мемлекеттер басым болуы тиіс еді. Сонымен қатар, Ратцель теңіздік кеңістік факторының саясатқа ықпалын талдады. Ол сол кезеңде Жерорта теңізі алабы мен Атлантиканың стратегиялық маңызы бар деп есептегенімен, болашақта Тынық мұхиттың маңызы артатындығын болжады.
Британдық ғалым, саясаткер сэр Хэлфорд Джон Маккиндер (1861-1947) Лондон университетінде география профессоры қызметін атқарды және Лондон экономикалық мектебінің директоры болды. Ғалым-географ, саясаткер ретінде ол мемлекеттік маңызы бар саяси шешімдерді қабылдауға қатысты. 1904 жылдың 25 қаңтарында Маккиндер Корольдік географиялық қоғамда «Географическая ось истории» атты баяндама жасады. Осы баяндамасында ол жаңа геосаяси концепцияны негіздеп берді.
Маккиндер осьтік аймақта басымдылық жағдайға ие болған кез келген құрлықтық держава (Ресей, Германия, Қытай және т.б.) теңіздік әлемді ту сыртынан келіп басып алуға қабілетті деген пікір айтты. Осыған сәйкес, Маккиндер ірі және даму үстіндегі «осьтік» халықтар болып табылатын орыс-герман одағының қауіпті екендігін атап көрсетті.
Маккиндер мемлекет үшін ең ұтымды географиялық орын орталық болып табылады деген пікірде болды. «Орталық» деген ұғымның өзі салыстырмалы түрде және нақты географиялық кеңістікке қатысты әрқилы болуы мүмкін. Әлемдік тұрғыдан алғанда, дүниенің ортасы Еуразия материгі болса, оның ортасы «әлемнің жүрегі» («хартленд») болып табылады. Хартленд Еуразия құрлығының орталығы, сол себепті бұл бүкіл әлемді бақылау жасауға қолайлы географиялық плацдарм. Маккиндердің «Әлемдік арал» деген ұғымына Азия, Африка, Еуропа жатады. Оның ең ортасында «тарихтың географиялық білігі» жатыр, ол геосаяси тұрғыдан Ресейге сәйкес келеді. Қазақстанның географиялық орны да осы хартленд ұғымына жақын келеді.
Бұдан кейінгі белдеуді Маккиндер «ішкі жарты ай» деп атаған. Бұл белдеуге Еуразияның жағалық бөліктері сәйкес келеді. Маккиндер бойынша, «ішкі жарты ай» өркениеттің ең қарқынды дамитын зонасы болып табылады.
Сулы және құрлықтық кеңістіктердің ұштасуы халықтар мен мемлекеттердің тарихындағы жетекші фактор деп есептеледі. Бұдан соң «сыртқы немесе аралдық жарты ай» деп аталған белдеу өтеді. Бұл зона толығымен сыртқы (географиялық жағынан да, мәдени жағынан да) зона болып табылады. Маккиндер хартлендтің күшін азайту үшін оның шеткі бөліктерін «тартып алу» саясатын жүргізу қажет деді. Әлемнің геосаси тарихын Маккиндер 3 кезеңге бөлген:
Маккиндердің геосаяси тұжырымдамасының негізгі қағидалары мыналар болды:
Америкалық тарихшы, офицер Альфред Тайер Мэхен (1840-1914) теңіздік мемлекеттердің басымдылығы туралы тұжырымдама ұсынды. Ол мемлекеттің геосаяси мәртебесін талдап, бағалау үшін 6 критерий ұсынды:
ХХ ғасырдың соңына қарай, Гарвард университетінің профессоры Сэмюэль Хантингтон «өркениеттер тұжырымдамасы» деп аталатын жаңа ғылыми концепция ұсынды. Ол бұл концепциясын алғаш рет 1993 жылы ғылыми журналдағы мақаласында баяндап, 1996 жылы «Столкновение цивилизаций» деген кітабында талдап берді. Ғалым ХХІ ғасырда әлемдегі қақтығыстардың себептері идеология немесе экономика болмайтынын, негізгі қақтығыс әртүрлі өркениет өкілдері арасында басталатынын атап көрсетті. Яғни жаңа дүниеде өркениеттердің соқтығысы әлемдік саясаттағы ең басты факторға айналады. Оған себепші факторларды Хантингтон бөліп көрсетті:
Біріншіден, өркениеттер арасындағы айырмашылықтар өте үлкен. Олар тарихы, тілі, мәдениеті, дәстүрлері, діні жөнінен бір-біріне ұқсамайды.
Екіншіден, әлем неғұрлым тар бола бастады. Әртүрлі өркениеттердің өкілдері арасындағы өзара әрекеттесуі күшейіп келеді. Экономикалық байланыстар маңызды болғанымен, мәдениеттің әркелкілігі қақтығысқа алып келеді. Мысалы, АҚШ Канада инвестициясына қарағанда, Жапония инвестициясына күмәнмен қарайды.
Үшіншіден, әлем бойынша экономикалық даму мен әлеуметтік өзгерістердің болуы адамдардың туған жеріне байланысты дәстүрлі сәйкестігін жойып барады, осы жағдайда ұлттық мемлекеттердің ролі төмендейді. Осы жағдайда оның орнын дін басады. Көбінесе бұл фундаментализм түрінде көрініс табады.
Төртіншіден, Батыстың ролінің екіжақты болуы өркениеттік өзін-өзі тануға алып келеді. Бір жағынан, Батыс өзінің қуатында тұрғанымен, екінші жағынан батыстық емес өркениеттер өздерінің түп-тамырына қайта оралуда. Осы жағдайда Батыс материалдық және адами ресурстары жеткілікті батыстық емес өркениеттердің дүниені батыстандырмау саясатына тап келіп отыр. Бұрын бұл өркениеттердегі ақсүйектердің басым көпшілігі батыстық білім мен тәрбие алса, қазіргі кезде бұл өзгерген. Мысалы, Кеңестік дәуірде ұлттық республикаларда орыс тілінде білім алғандар билікте басымдылық көрсетсе, қазіргі кезде керісінше жағдай қалыптасқан.
Бесіншіден, мәдени ерекшеліктер мен айырмашылықтар экономика және саясатқа қарағанда аз өзгереді, сондықтан оларды шешу күрделі болады. Мысалы, бұрынғы Кеңес одағында өмір сүрген кедейлер байларға айнала алды, бірақ орыстар эстонға немесе тәжік грузинге айналған жоқ.
Алтыншыдан, қазіргі дүниеде экономикалық аймақтану күшейіп барады. Бұл көбінесе өркениеттердің ортақтығы немесе ұқсастықтарына негізделеді.
Қазіргі әлемдегі саяси проблемаларды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі. Алғашқы халықаралық ұйымдар ХІХ ғасырда пайда болды: 1815 жылы «Рейндегі кеме қатынасы жөніндегі Орталық комиссия», 1865 жылы Дүниежүзілік телеграф одағы, 1874 жылы жалпыға ортақ пошта одағы құрылды. Алғашқы халықаралық ұйымдар экономикалық, көліктік қатынастар негізінде қалыптасты. ХХ ғасырда өнеркәсіп пен транспорттың қарқынды дамуы, сауда байланыстарының артуы, қызметтер мен ақпарат алмасу қажеттілігі бұл процестерді халықаралық деңгейде реттеуді қажет етті.
Саяси бағыттағы халықаралық ұйым ретінде 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылды. Оның басты мақсаты жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмас үшін ұжымдық қауіпсіздікті сақтау болатын. Бірақ оның құрамына әлемдік тәртәпті қайта қарағысы келетін Германия мен КСРО еніп кетті, АҚШ өзінің саяси «ойындарын» жалғастыра берді. Сол себепті Ұлттар Лигасы әскери-саяси тұрғыда қауқарсыз ұйымға айналды, оның тәртіп бұзғандарға қарсы санкциялары қарастырылмаған еді. 1946 жылы таратылған бұл ұйым БҰҰ құру үшін негіз болған, саясаткерлер «ұлы эксперимент» деп атаған ұйым болды.
ХХ ғасырда БҰҰ аса маңызды халықаралық күшке айналды. Оның Жарғысында халықаралық бейбітшілікті сақтауға қажетті ықпал ету тетіктері қарастырылды. Сондықтан БҰҰ соңғы онжылдықтарда көптеген саяси жанжалдарды реттеуге қатысты.
Қазіргі кезде халықаралық ұйымдар саны артты, олар халықаралық экономикалық, саяси жүйені басқарудың айрықша үлгісіне айналды. Олар шекарааралық саяси процестердің құқықтық-заңнамалық шеңберін айқындап, мемлекеттердің мүдделерін қорғайтын халықаралық құқық субъектілеріне айналған. Соңғы үш онжылдықта халықаралық саясатта да жаһандану жүріп жатыр. Бұл әртүрлі қауіптің (экологиялық, көші-қон, қару-жарақ тарату, қылмыстық ұйымдар, нашақорлық және т.б.) халықаралық сипат алуымен байланысты.
Қазіргі кезде саяси қақтығыстар «Батыс-Шығыс» қарым-қатынастарында емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында дамуда. Сол себепті саяси жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу «көп жақты дипломатия» арқылы шешілуде.
Халықаралық ұйымдардың жұмысында жіберілетін қателіктер:
- өте күрделі жүйелерге ықпал ету әрекеті, халықаралық деңгейде алуан түрлі мүдделер мен күштер араласқан жанжалдарды шешу әрқашан өте қиын;
- халықаралық ұйымның жедел шешімі мемлекеттердің өз бетімен ұзақ мерзімді келіссөздер жасауына бөгет болуы, БҰҰ бірнеше рет бейбітшілікті сақтау операцияларын сәтсіз өткізді;
- халықаралық ұйымдардың кейбір әрекеттері жанжалды одан әрі үдетуі, 1948 жылы БҰҰ Кашмир штатының өз тағыдырын шешу құқығын айғақтайтын шешімі Үндістан-Пәкстан арасындағы жанжалды жалғастырды.
Әлемдегі геосаяси жағдайлардың өзгерістері. Қазіргі кезде әскери қақтығыстар алаңы болып отырған аймақтарға ең алдымен Африка, Азия жатады. Солтүстік Африкада үкіметке қарсы әртүрлі қозғалыстардың әрекеттері саяси жағдайды тұрақсыз етіп отыр. Алжирде Ислам құтқару майданы, Суданда оңтүстік бөліктегі тұрғындардың үкіметке қарсы әрекеттері, Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөліну қаупін туғызатын ұзаққа созылған азамат соғысы жүріп жатыр. 2011 жылдың басында араб әлемін (Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және т.б.) қамтыған оппозициялық қозғалыс кей халықаралық деңгейде алаңдаушылық тудырды. Жалпы алғанда, ХХ ғ 60-жылдарынан бері әскери қақтығыстар әсерінен Африка жерінде 10 млн астам адам құрбан болды, халықаралық жағдай ушығып, бірнеше рет БҰҰ ұйымы араласуға мәжбүр болды.
Оңтүстік-батыс Азиядағы араб-израиль жанжалы 50 жылдан астам жалғасып келеді. 1993 ж Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасында басталған тікелей келіссөздер аймақта бейбітшілік орнатуға жол салған болатын. Дегенмен, бұл жанжалды бейбіт жағдайда толық шешілді деуге әлі ертерек. Екі жақтан да қарулы қақтығыстарға себепші болатын оқиғалар болып тұрады. 2003 ж бастап, АҚШ бастамасымен Иракта «демократия орнату» процесі жүргізіліп, С.Хусейн бастаған билік өкілдері халықаралық сот шешімімен жазаланды, бірақ елдегі жағдайды тұрақты деуге болмайды. Аймақтағы жедел дамып келе жатқан мемлекеттің бірі Иранның ядролық қаруға ие болғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасауы күштердің арасалмағына айтарлықтай ықпал етті.
Әлемнің алпауыт елдерінің бірі саналатын Үндістанда да ішкі саяси жағдай тұрақты емес. Үкімет ұзақ жылдар бойы Ассам мен Кашмир штатында жергілікті күштермен күрес жүргізуде, Джамму, Кашмир штаттары үшін Пәкстанмен шекаралық жағдай да тұрақсыз болып тұр.
Оңтүстік-Шығыс Азияда әскери қақтығыстар Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада орын алған. Кей жағдайда бүлікшілдердің әрекетінен жергілікті тұрғын халық қана емес, осы аймаққа келетін туристер де зардап шегеді.
Сонымен, ХХІ ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Бұл өзгерістерге төмендегі жағдайлар себепші болды.
Біріншіден, ұзақ уақыт бойы қатарында онша үлкен өзгерістер бола қоймаған әлемдік көшбасшылар тобына социалистік даму жолындағы Қытай енді. Қытайдың экономикалық қуатының артуы оның саяси «салмағын» да арттырды.
Екіншіден, АҚШ әлемдік деңгейде саяси және әскери үстемдігін орнатуда. Әлемнің ең қуатты мемлекеті жаңа ғасырда аса маңызды мемлекеттік мүддесі ретінде жаңа ықпал аймақтарын таңдап алуда.
Үшіншіден, тәуелсіздігін алғаннан кейінгі мерзімде саяси бағдарында, экономикалық және әлеуметтік дамуында келеңсіз оқиғалар орын алған Ресей Федерациясы соңғы жылдары әскери, экономикалық қуатын арттыру арқылы әлемдік деңгейдегі қуатты держава мәртебесін қайтарып алды.
Төртіншіден, Еуропа елдерінің басым көпшілігін қамтыған Еуропалық Одақ шеңберінде оған мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси ынтымақтастығы жан-жақты дамып келеді. Әлемдік дағдарыс ықпалынан кейбір еуропалық елдерде (Грекия, Италия) орын алған экономикалық проблемаларды бірігіп шешуде ЕО елдері әлемдік қауымдастыққа үлгі болуда.
Бесіншіден, 60 жылдан астам тарихы бар, дүние жүзіндегі елеулі әскери-саяси күш болып отырған НАТО блогының Шығысқа қарай кеңеюі әлемдік саясаттың басқа алпауыт күштерінің геосаяси позицияларына кері әсер етті.
Алтыншыдан, терроризмге қарсы күрестің күшеюі, бұл әсіресе 2001 ж 11 қыркүйек оқиғаларынан кейін, Ресейдегі ірі лаңкестік әрекеттерден соң аса маңызды халықаралық деңгейдегі мәселеге айналды.
Жетіншіден, Солтүстік Африкада, Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінде саяси, әлеуметтік жағдайдың ушығуы нәтижесінде осы аумақтарда халықаралық деңгейдегі саяси күштердің бетпе-бет келу қаупі сақталуда.
Қазақстанның қазіргі геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері. Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде, Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың, халықаралық құрлық жолдарының тоғысында орналасқан. Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты Қазақстан халықаралық аренада көпвекторлық саясат ұстанады. Оның мәні алыс және жақын шетелдермен өзара ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды орнатып, дамыту болып табылады. Қазақстанның халықаралық қатынастардағы орны мен ролі оның географиялық, геосаяси және геоэкономикалық орны мен мүмкіндіктеріне қарай анықталады.
Дәріс №7
Геокикілжіңдер туралы ілім негіздері (2 сағат)
Геокикілжіңдер туралы ілім білім аясы ретінде. Адамзат қоғамының тарихында алуан түрлі кикілжіңдер орын алды, олардың арасында әсіресе саяси кикілжіңдердің орны ерекше. Қазіргі заманғы саяси кикілжіңдер әртүрлі аумақтық иерархиялық деңгейлерде (ошақты сипаттан халықаралық деңгейге дейін) түрліше географиялық, экономикалық, әлеуметтік, тарихи факторлардың кешенді ықпал етуінен қалыптасады. Кез келген кеңістіктік құбылыс тәрізді, кикілжіңдерді де георафия ғылымдары тұрғысында зерттеуге болады. Қазіргі заманғы географияда әртүрлі кеңістіктік құбылыстарды сан алуан факторлардың жиынтығын пайдаланып, зерттеудің мол тәжірибесі жинақталған. Сонымен қатар, география ғылымы кикілжіңге себепші болған факторлардың барлығына қатысты ақпарат жинақтап, оларға талдау жасау мүмкіндігіне ие.
Қазіргі заманғы географияда кикілжіңдер мен олардың түпкі себептерін, кеңістіктік заңдылықтарын зерттейтін жаңа білім аясы геокикілжіңдер туралы ілім қалыптаса бастады. Бұл сала саяси кикілжіңдердің пайда болуына, дамуы мен салдарларына себепші болатын географиялық, саяси және басқа да өзара әрекеттесетін факторларды бірлікте алып қарастырып, саяси кикілжіңдерді ерекше кеңістіктік-уақыттық құбылыс ретінде зерттеумен айналысады.
Жаңа қалыптасып жатқан ғылым саласы ретінде геокикілжіңдер туралы ілім интегралды геокеңістіктегі саяси кикілжіңдердің шығу тегі мен сипатына ықпал ету мүмкіндігі бар алғышарттар мен факторларды іздестіреді.
Интегралды геокеңістік физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси кеңістіктерден тұрады. Олардың бір-бірімен «қабаттасуы» геокеңістіктің одан әрі жіктелуіне ықпал етеді: қоғамның әлеуметтік жіктелуі, халықтың ұлттық және діни құрамы, өмір салты мен өмір сүру деңгейінің әркелкілігі, саяси мәдениет деңгейі және т.б. бұл жағдайлардың қолайсыз үйлесуі жағдайында (мысалы, мемлекеттік немесе мемлекетішілік шекаралардың этностық шекаралармен сәйкес келмеуі және т.б.) кикілжің уақыт өткен сайын тереңдеп, қарулы қақтығыс сипат алуы мүмкін. Геокикілжіңдер туралы ілімнің мақсаты осы тәрізді қолайсыз үйлесімдерді анықтап, басқа ғылым салаларымен бірге кикілжіңдердің алдын алу мен шешу жолдарын іздестіру.
Сонымен, кикілжіңдердің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді. Географиялық білім саласы ретінде кикілжіңдер туралы ілім үшін кеңістік деңгейлерде әрекет ететін факторлар мен алғышарттарды зерттеудің маңызы аса зор. Қазіргі замандағы кикілжіңдер ғаламдық факторлармен (отарлық жүйенің күйреуі, әлемнің көпполюсті даму тенденциялары, жаһандану және т.б.) қатар, аймақтық (мемлекетаралық аймақтық одақтардың пайда болуы және олардың мүдделерінің өзара қайшылықтары, аймақтық одақтардың ықпал етуі) және жергілікті (аумақтың тарихи-мәдени даму ерекшеліктері) факторлардың аса күрделі өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Оларды талдау белгілі бір саяси шешімдерді қабылдауға, саяси кикілжіңнің үдеп кетуіне, қарулы қақтығыстың орын алуына себепші болған жағдайларды түсінуге көмектеседі.
Кикілжіңдерді шығу тегіне қарай шамамен былайша топтастыруға болады ( - сурет).
- сурет. Кикілжіңдерді топтастыру
Қазіргі заманғы қақтығысты жағдайларды сипаттау үшін саяси географияда көбінесе екі түрлі ұстанымды басшылыққа алады: біріншісі әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде өркениеттердің қақтығысы міндетті түрде болады деп есептейтін Хантингтонның пессимистік көзқарасы, екіншісі батыстық либерализм құндылықтары негізінде біртұтас дүниежүзілік шаруашылықтың, бүкіләлемдік өркениеттің қалыптасуы арқылы әлемдік жүйенің тұтасуы болады деп есептейтін Фукуяма болжамы.
Әлемдік дамудың конфронтациялық үлгісі деп атауға болатын алғашқы көзқарас бойынша, кикілжіңдер мен қақтығыстар барған сайын үлкен ауқымды қамтиды. Бірақ мұны тұтас өркениеттер қақтығысынан гөрі, жекелеген аймақтық өркениеттердің мәдени айырмашылықтары мен дамудың әркелкілігінен келіп туындайтын кикілжіңдер деуге болады. Мысалы, мұсылман әлеміндегі радикалдық күштер, халықаралық деңгейдегі лаңкестік ұйымдар, жекелеген аймақтардағы заңсыз қару-жарақ, асыл тастар және есірткі саудасын қолдаушылар, «антиглобалистер» деп атайтын топтар және т.б. ұйымдастыратын кикілжіңдер.
Қазіргі дүниеде белгілі бір топтардың өздерінің саяси мақсаттарына лаңкестік әрекеттер арқылы қол жеткізуге ұмтылуы орын алуда. Бұл бұрыннан бар құбылыс болғанымен, қазіргі ауқымы халықаралық деңгейге жетіп отыр. Ол қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерге қауіп төндіру, қоршаған орта мен адам өміріне жаппай қастандық жасау тәрізді әрекеттерге айналуда. Қазіргі технологиялық даму жағдайында және арнайы қаржыландыру көздерінің болуының арқасында халықаралық лаңкестік ұйымдар жекелеген аймақтар ауқымында емес, қуатты мемлекеттердің қауіпсіздігіне де нұқсан келтіре алады. Лаңкестіктің ерекшелігі ретінде оның кикілжің тікелей пайда болған аумақтан басқа жерлерде де жүзеге асырылу мүмкіндігін атауға болады. Сонымен, лаңкестіктің себептері мен оның алдын алуды зерттеу кикілжіңдер туралы ілімнің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі ақпараттық қақтығыстар («ақпараттық соғыстар»). Қазіргі дүниеде ақпарат құралдары мен телекоммуникацияның дамуы нәтижесінде жекелеген компаниялар ғана емес, бүкіл бір мемлекеттер осы құбылыстан зардап шегуде. Мемлекеттік деңгейде «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесін шешуге үлкен мән берілуде. Мысалы, мемлекеттер мен ұйымдардың аса маңызды құпия ақпаратына ақпараттық жүйелерге «шабуыл» жасау арқылы қол жеткізу және т.б. кең тараған құбылыстарға айналды.
Ақпараттық «соғыстың» екінші бір түрі бір мемлекеттің қарсылас мемлекет жөнінде жалған ақпаратты кеңінен тарату арқылы әлем қауымдастығы мен жекелеген елдердің тұрғындарында шындыққа жанаспайтын теріс көзқарас қалыптастыру, адамдар санасына жанжалдарды тек әскери жолмен ғана шешу туралы жалған пікірді енгізу болып табылады. Қазіргі заманғы қуатты елдердің кез келген әскери акциялары аса қуатты ақпараттық дайындықтан соң басталады. Мысалы, көпұлтты әскери күштердің 1991 жылғы 17 қаңтар мен 24 ақпан аралығында Парсы шығанағында жүргізген «Шөлдегі дауыл» операциясы, НАТО-ның 1999 жылдың 24 наурызы мен 10 маусымы аралығында Югославия Одақтас Республикасында жүргізген «Одақ күші» операциясы. АҚШ Иракқа қарсы әскери-соғыс қимылдарын бастамас бұрын, 2002-2003 жылдары С.Хусейннің халықаралық қауымдастық үшін үлкен қатер төндіретіні жайлы ақпарат таратумен айналысқан болатын.
Кикілжіңдердің туындауына жанама түрде ықпал ететін фактор ретінде экономикалық теңсіздікті атауға болады. Бұл фактор тікелей ықпал етпесе де, оның негізінде жекелеген адамдардың топтары арасындағы қайшылықтардан бастап, бүкіл бір аймақтарды қамтитын қақтығыстар туындауы мүмкін. Тарихи кезеңдерде экономикалық теңсіздік революциялық үгіттерге себепші болып, белгілі бір әлеуметтік топтарды саяси мақсатта пайдаланудың құралына айналған. Экономикалық теңсіздік бірнеше полюстердің диспропорциясынан көрінеді:
Қайыршылық адамдардың мүмкіндіктерін шектеу арқылы олардың материалдық жағына ғана әсер етпейді, жалпы алғанда өмірдің барлық қырынан көрінетін айрықша кедейшілік субмәдениетін қалыптастырады.
Демографиялық факторлар да қарама-қайшылықтарды ұлғайтады. Араб елдерінде, әсіресе Солтүстік Африкада халық санының қарқынды өсуі көршілес орналасқан Батыс Еуропаға қоныс аударушылар санын ұлғайтуда. Бұл өз кезегінде аталған елдердің жергілікті тұрғындарында қарсылықтарды тудырады және ішкі қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Мысалы, 2005 жылы Париж маңындағы аудандарда тұратын иммигранттар ұйымдастырған жаппай қирату әрекеттерінен соң, Франция парламенті «Таңдамалы иммиграция туралы» заң қабылдап, елге қоныс аударатындар үшін талаптарды күшейтті.
Мәдени, діни алшақтықтар негізінде қалыптасатын қақтығыстар негізінен алғанда әртүрлі діндер тоғысқан аумақтарда орын алады. Мысалы, Таяу Шығыстағы араб-израиль жанжалы, бұрынғы Югославиядағы сербтер мен албандардың қақтығысы, Таулы Қарабахқа қатысты армян-әзірбайжан жанжалы, Үндістан мен Пәкстанның шекаралық даулары және т.б.
ХХ ғасырда әскери қақтығыстар саны жергілікті соғыстарды қоса есептегенде 230-ға жуық болса, ХХІ ғасырдың алғашқы 11 жылында олардың саны 48-ге жетті. Әскери қақтығыстардың болу мүмкіндігін жыл сайын артып отырған әскери шығындар көлемі де анықтап береді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, әскери шығындардың жалпы көлемі дүние жүзі бойынша шамамен 1,63 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,3% ғана жоғары.
Этносаяси кикілжіңдер проблемалары. Дүние жүзіндегі жартысына жуығында негізгі ұлттан басқа бес немесе одан да көп ұлт өкілдері тұрады. Жалпы алғанда, дүние жүзінде 8 мыңға жуық ұлттар бар. Мұның өзі этностық негізде қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтап береді. Ұлтаралық қақтығыстар тіпті дамыған демократиялық елдердің (Канада, Франция, Ұлыбритания) өзінде көрініс береді. Америкалық зерттеуші Тед Роберт Гарр ұлтаралық қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтайтын факторларды атап көрсеткен:
Ұлтаралық қақтығыстар әсіресе ұлы державалар ыдыраған кезеңге сәйкес келеді. ХХ ғасырдың 90-жылдарында көп ұлтты мемлекеттер болып саналатын КСРО мен Югославия ыдырады, әсіресе соңғысында қарулы қақтығыстар орын алды. 1992 жылдан бері дүние жүзі елдерінің 1/3-інде этностық негіздегі кикілжіңдер орын алды.
Жікшілдіктің географиялық типтері: мемлекетті орталықтандыру және сан аз ұлттардың өзін-өзі билеуі. Жікшілдік немесе сепаратизм (латынша separatus жеке) деп жаңа тәуелсіз мемлекет құру мақсатында немесе өте кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат пен әрекеттерді атайды. Жікшілдік мемлекеттің егемендігінің, бірлігінің және аумақтық біртұтастығының бұзылуына алып келеді.
Жікшілдікке белгілі бір халықтардың, діни топтар мен шағын ұлт өкілдерінің құқықтарының бұзылуы себеп болады. Жікшілдік қазіргі кезде кейбір дамыған (Канада, Испания және т.б.) және дамушы елдер (Үндістан, Пәкстан, Ирак, Африка елдері) үшін күрделі мәселе болып отыр. Жікшілдік пайда болған аудандарда этностық қана емес, этноконфессиялық фактордың маңызы артып отыр. Бұл католиктер мен протестанттар (Квебек, Солтүстік Ирландия), ислам мен православие (Косово, Солтүстік кавказ, Солтүстік кипр), католиктер мен ислам (Оңтүстік Филиппин), ислам мен индуизм (Кашмир) арасындағы жікшілдік түрінде көрініс берген.
Жікшіл топтар өз дегеніне сирек жағдайда ғана жетеді. Өте тиімді аяқталған жікшілдік қорытындысы ретінде Сингапур (1965 жылы Малайзия Федерациясынан бөлініп шықты), Бангладеш (1947 жылы Шығыс Пәкстан деген атпен жаңадан құрылған Пәкстан мемлекеті құрамына енгізілді, ал 1971 жылы жеке бөлінді), Эритреяны (1993 жылы Эфиопиядан бөлінді) атауға болады.
Жікшілдікті ғалымдар 6 географиялық типке бөледі:
Көп ұлтты және тарихы тереңге кеткен Қытай мемлекетінде де жікшілдік орын алған. Мұнда Тибет, Маньчжурия, Шығыс Түркістан, Ішкі Монғолия тәрізді тарихи құрылымдар бар. Жалпы алғанда, дүние жүзі бойынша, жікшілдіктің 50 шақты негізгі ошағы бар, олардың 20-ға жуығында қарулы қақтығыстар болып тұрады. Жікшілдік ошақтары жалпы 12,7 млн км2 аумақты алып жатыр, мұнда 220 млн халық тұрады.
Қосымша материалдар:
Дәріс №8
Экономиканың аумақтық ұйымдасу проблемалары мен құрылымы (3 сағат)
Қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуының формалары. География ғылымдарының бүкіл жүйесі үшін қазіргі кезде басты зерттеу мәселесінің бірі қоғамның аумақтық ұйымдасуы проблемасы болып табылады. Ресейлік географтардың жүйелі зерттеулері аумақтық ұйымдасуға қатысты мынадай түсініктерді анықтауға мүмкіндік берді:
Қоғамның аумақтық ұйымдасуын зерттеу негізінде қазіргі заманғы қоғамдық географияда мынадай заңдылықтар анықталған:
Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдерінде аумақтық ұйымдасу формалары әркелкі болды. Қоғам дамуының технологиялық тарихын әдетте мынадай ірі кезеңдерге бөледі:
Олардың әрқайсысына тән өзіндік технологиялық құрылым бар.
Аграрлыққа дейінгі кезеңге экономиканың ресурс пайдаланушы типі (аңшылық, балық аулау, терімшілік) тән болды. Бұл экономика жыл сайын қалпына келетін ресурстарды пайдалану мен адамның бұлшық ет энергиясын қолдануға негізделді, бұл кезеңде халық тығыздығы төмен болды, ал тұрақты елді мекендер мен коммуникациялар мүлде болмады. Қоғамның аумақтық жіктелуі тек табиғат жағдайларының әркелкілігімен анықталды. Ақпарат жеткізу ауызекі сөйлесу деңгейінде болды.
Аграрлық революция кезеңінде экономиканың алғашқы, ресурс өндіруші типі қалыптасты. Оған табиғатты пайдаланудың аумақтық формасы тән болды, қоныстану орталықтанбаған сипат алды, халық жыртылған жерлері көп аудандарға көбірек шоғырланды, бастапқы көлік инфрақұрылымы қалыптаса бастады, бұлшық ет энергиясымен қатар, жел, су энергиялары қолданыла бастады, жермен байланысты жұмыстарға негізделген аумақтық ұйымдасу пайда болды. Осы кезеңде өзіндік экономикалық орталықтар ретінде қалалар қалыптасты. Ақпараттық революция жазудың пайда болуымен (Месопотамиядағы шумерлердің б.з.д. 3250 жылғы саз тақталары), кітап басып шығарумен (15 ғасыр), алғашқы кітапханалардың құрылуымен, пошта, елшілік байланыстарының реттелуімен байланысты болды, яғни білім мен ақпарат жинақтаудың, алмасудың жаңа түрлері пайда болды. Көлік (мұхитта жүзуге мүмкіндік беретін кемелердің жасалуы) және сауда (басқа дүние бөліктерімен тауар алмасу мүмкіндігі) революциялары мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды күшейтті. Бұл экономика типі көптеген елдерде («аграрлық елдер») әлі күнге дейін сақталып отыр.
Индустриялық кезеңге өнеркәсіп пен құрылыстың басымдылыққа ие болуы, яғни экономиканың екінші, ресурс пайдаланушы типінің қалыптасуы тән болды. Бұл экономика минералды шикізатты, энергетикалық ресурстарды жаппай пайдалануға, бу энергиясын, іштен жанатын қозғалтқыштарды, электр энергиясын қолдануға, көлік инфрақұрылымының жасалуы мен байланыс құралдарын дамытуға негізделді. Осы кезеңде деректерді жеткізудің жүйелері (телеграф 1837 жыл, телефон 1875 жыл, радио 1895 жыл, кино 1895 жыл, теледидар 1926 жыл) жасалып, ақпарат жинақтау мен сақтаудың жаңа құралдары (аудио-, видеодисктер), нақты объектілерді көрсететін орындар (мұражай, зоопарктер, ботаникалық бақтар және т.б.) пайда болды. Географиялық кеңістіктің шоғырлану және жіктелуі артқан сайын табиғатты пайдаланудың және қоғамның аумақтық ұйымдасуының аудандық және жергілікті формалары пайда болды. Адамзаттың басым бөлігі қазіргі кезде дәл осы кезеңге тән өмір салтымен өмір сүреді.
Постиндустриялық қоғамға өту. «Постиндустриялық даму» ұғымын ғылыми айналымға ХХ ғ басында Азия елдерінің индустриялану кезеңіне дейінгі дамуын зерттеген ғалым А.Кумарасвами енгізген болатын. Қазіргі мағынасында бұл термин ХХ ғ 50-жылдарының соңына қарай қолданыла бастады. 1958 ж америкалық әлеуметтанушы Д. Рисман да бұл терминді қолданған болатын. Ал 1959 ж Гарвард университетінің профессоры Дэниел Белл Зальцбург қаласында (Австрия) халықаралық әлеуметтану семинарында жасаған баяндамасында технологияландыру әсерінен өнеркәсіп секторы өзінің жетекші маңызынан айрылып, ғылым негізгі өндіруші күшке айналатынынын, мұны постиндустриялық қоғам деп атауға болатынын атап көрсетті.
Постиндустриялық теория негізінен іс жүзінде дәлелдене бастады. Осы ілімнің негізін қалаушы ғалымдар атап өткендей, жаппай тұтыну қоғамы біртіндеп қызмет көрсету саласын қалыптастырды, ал оның негізінде ақпараттық экономика жылдам дами бастады. Дегенмен, зерттеушілер арасында постиндустриялық қоғамның пайда болу себептеріне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ екендігін де атап өтуіміз қажет. Ресейлік ғалым В.Л.Иноземцев өзінің зерттеулерінде жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, постиндустриялық қоғамның пайда болуы мен дамуының мынадай алғышарттарын атап көрсеткен:
Аумақты тиімді басқару. Қазіргі заманғы аумақтық жоспарлау аумақтардың экономикалық дамуының негізі болып табылады. Аумақтарды басқару дегеніміз тұрғын халықтың аумақтағы өмір сүруін қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру. Ал аумақтарды тиімді басқару дегеніміз аумақтағы өмір сүру жағдайларын біртіндеп жақсартуды қамтамасыз ететін ең дұрыс шешімдерді қабылдау деген сөз. Мысал ретінде қала аумағын дамытудың кешенді жобасын келтірейік.
Мұнда қала аумағын тиімді басқаруға көшу бірнеше кезеңдерді қамтиды. Сонымен қатар, аумақтық басқаруға қатысты шешімдер қабылдау бірнеше блоктардан тұратын кешенді жоспар болып табылады.
Нормативтік-құқықтық блок аумақтың мемлекеттік және аймақтық даму саясатына сәйкес дамуын басқару қызметін нормативтік-құқықтық реттеуге бағытталған ұйымдастыру жұмыстары мен ұсыныстар кешенін қамтиды. Бұл шаралар шешімдердің заңнамалық негізін қамтамасыз етіп, оларды орындауға міндеттейді.
Ұйымдастыру блогы іскерлік жобалар мен электрондық әкімшілік регламенттерін, электрондық қызмет көрсетуді енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің тиімділігін арттыру, аумақтардағы мәселелерді шешудің озық үлгілерін пайдалануды қамтиды.
Ақпараттық блок мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының аумақтарды басқару саласындағы қызметіне қажетті ақпараттық ресурстар мен деректерге бірыңғай деңгейде қол жеткізу. Мұндай ақпараттық ресурсты қалыптастыру мына бөліктерді қамтиды:
- аумақтың қазіргі жағдайы туралы деректердің жалпылама базасын жасау;
- қала құрылысына қатысты құжаттарда өзара байланысты шешімдердің жүйесін жасау;
- мекемеаралық байланыстар мен келісімдер арқылы ақпараттық жүйелердің деректерін алып отыру;
- әртүрлі салалардың тақырыптық деректерін жинақтау.
Қазіргі заманғы география ғылымының даму бағыттары Халықаралық география одағы (1922 жылы Брюссельде құрылған ұйым) конгрестерінде нақты көрініс табады. Мысалы, 2008 жылы Тунисте өткен 31 Конгреске 75 елден 1205 делегат қатысқан болатын. Конгрестің басты тақырыбы «Аумақтарымызды бірігіп жасайық» деп аталды. Мұнда ғылыми мәселелер 8 тақырыпша бойынша талданды:
- Аумақ географияның объектісі ретінде;
- Аумаққа стратегиялық көзқарастар;
- География қолданбалы ғылым ретінде;
- Жаһандану және аумақтар;
- Жаңа технологиялар және аумақтар;
- Аумақ және қоршаған орта, аумақтық жоспарлау және тұрақты даму;
- Аумақтар: жанасу және жіктелу зоналары;
- Географиядағы аумақтарды жаңғырту
Негізгі географиялық зерттеулер аймақтық даму, кеңістіктік жүйелердің динамикасы, экологиялық-экономикалық талдау, картаға түсіру, жерді пайдалану сияқты салаларды қамтиды.
Сыртқы экономикалық байланыстар мен әлем елдері экономикасының дамуының негізгі үлгілері. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың даму сипаты мен тенденциялары ұлттық және аймақтық экономикалық құрылымдардың өзара тығыз байланыста болуына алып келеді. Қазіргі дүниеде кез келген елдің экономикалық дамуын оның сыртқы экономикалық байланыстарынан тыс алып қарау мүмкін емес. Сыртқы экономикалық байланыстар деп елдер мен аймақтардың өзара шаруашылық байланыстарының жүйесін атайды. Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі түрлеріне халықаралық сауда, халықаралық қаржы-несие қатынастары, мемлекетаралық өндіріс кооперациясы, халықаралық қызмет көрсету, ғылыми-техникалық байланыстар және халықаралық туризм жатады.
Қазіргі дүниедегі геоэкономикалық кеңістікте ұлттық экономикалардың әрекет ету бағыттарын, олардың сыртқы факторлар ықпалымен өгерістерге түсуін ескере отырып, сыртқы экономикалық байланыстардың (СЭБ) үлгілерін анықтауға болады. Елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешендеріне жүйелік талдаулар жасау нәтижесінде СЭБ үлгілері 1) ұлттық экономиканың даму стратегиясында сыртқы экономикалық байланыстар кешеніне қандай орын берілетіндігіне қарай; 2) елдердің сыртқы байланыстарының өзіндік сипатын анықтайтын экономикалық жаратылысына қарай; 3) сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің ұлттық экономика мен дүниежүзілік шаруашылыққа бейімделуі тұрғысында үш топқа жіктеліп, әрқайсысына сәйкес үлгілер тобы анықталды (сурет).
сурет. Сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің үлгілері
Стратегиялық мақсат тұрғысында жіктелген үлгілер ұлттық экономиканың жалпы даму стратегиясында сыртқы экономикалық байланыстарға қандай орын берілетініне байланысты анықталады. Сыртқы экономикалық байланыстарды экономикалық бағдар алу мақсатында дамытатын елдер құрылымдық өзгерістерге ұшырап жатқан ұлттық экономиканы қай бағытта дамыту қажеттілігін анықтайды. Кейбір елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешені экономиканы тұрақтандырушы қызмет атқарады. Бұл жағдайда сыртқы байланыстар шаруашылық дамуды тұрақты деңгейде сақтау, экономикалық тепе-теңдіктерді ұстап қалу мақсатын көздейді. Ал автаркиялық үлгіні таңдаған ұлттық экономикалар жергілікті ресурстарға сүйену, оқшаулану, сыртқы байланыстарға шектеу қою бағытын ұстанады.
Экономикалық жаратылысы бойынша жіктелген үлгілер елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының экономикалық типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Жабдықтаушы-жөнелтуші үлгідегі сыртқы экономикалық байланыстар алдын-ала келісілген шарттар негізінде белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімдерде, келісілген бағамен өнімдерді жөнелту арқылы жүзеге асырылады. Жөнелтулердің шартты түрде жоспарлы сипат алуы бұл байланыстардың әлемдік нарықтағы өзгерістерге, бәсекелестікке тәуелсіз болуына ықпал етеді. Сауда-делдалдық үлгі жағдайында ұлттық экономикаға әлемдік нарықтың барлық мүмкіншіліктері ашылады: ұдайы бәсекелестікке түсу арқылы ұлттық экономикалар құрылымдық өзгерістерге түседі, өнім сапасына қатаң талаптар қойылады, экономикалық әлеуетті жұмылдыру қажеттілігі туындайды, түрлі субъектілердің нарыққа шығу мүмкіндіктері пайда болады. Өндірістік-инвестициялық үлгіде ұлттық экономикалардың байланыстары біржақты сипатта емес, бүкіл өндірістік цикл ауқымында дамытылады. Бұл өз кезегінде байланыстардың күрделенуіне және сан-салалы (қаржы-инвестициялық, ғылыми-техникалық, несие, өндірісті басқару және т.б.) болуына алып келеді.
Бейімделу қабілеті елдің сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің экономикалық ортамен байланысу деңгейін сипаттайтын тағы бір маңызды белгісі болып табылады. Ұлттық және әлемдік экономика аралығында өзіндік бір көпір қызметін атқаратын болғандықтан, бұл сектор ұлттық экономикамен де, дүниежүзілік шаруашылықпен де тығыз байланысқан болуы қажет. Дегенмен елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешендерінің экономикалық бейімделуі әртүрлі деңгейде болады. Осыған сәйкес, оның 3 негізгі үлгісі ажыратылады. Теңдестірілген үлгі ұлттық экономика үшін де, әлемдік нарық үшін де қолайлы болып табылады, өйткені ол ішкі және сыртқы экономикалық ортаға толығымен бейімделген, ұдайы дамып, жетілдірілетін кешен сипатында болады. Теңдестірілген үлгіге өндірістік-инвестициялық үлгідегі сыртқы экономикалық байланыстар кешені жақын болады.
Теңдестірілмеген үлгі ұлттық экономика мен дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің сәйкессіздігі ағдайында қалыптасады. Мысалы, елдегі несие-қаржы саласының, ұлттық валютаның жай-күйі, жұмыс күшінің кәсіби деңгейі, ақыл-ой әлеуеті, құқықтық жағдай және т.б. ұлттық экономиканың сыртқы байланыстар кешенінің негізін құрайды. Бұл кешен бір ғана экономикалық ортаға (ұлттық немесе әлемдік) бейімделіп құрылса, халықаралық еңбек бөлінісінің мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алмайды, яғни теңдестірілмеген сипат алады.
«Бөгде» үлгі сыртқы экономикалық кешеннің ұлттық экономикаға да, сыртқы экономикалық ортаға да сәйкес келмеуі жағдайында қалыптасады. Әдетте бұл құбылыс сыртқы экономикалық кешеннің бөгделігі ұлттық экономикада түбегейлі қайта құрулар жасап, дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу барысында байқалады. Себебі, жаңа сыртқы экономикалық кешенді ұлттық экономика да, әлемдік нарық та бірден қабылдамайды, бұл бейімделу жылдар бойы жүруі мүмкін.
Сонымен, кез келген елдің сыртқы экономикалық кешені ұдайы дамып, жетілдіріліп отыратын жүйе болып табылады. Белгілі бір деңгейде оны мемлекет тұрғысынан реттеу (салықтық, несие-қаржы, валюталық және т.б.) жүргізіледі, сонымен қатар ұлттық экономиканың даму басымдылықтарын ескере отырып, белгілі бір салалар бойынша бағдарлау, құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Геоэкономикалық кеңістікте ақпараттық жүйелердің де маңызы өте зор: қазіргі заманғы ұлттық экономика үшін ұтымды шешім қабылдау (тиімді келісімшарттар, сату және сатып алулар); нарыққа баға беру және болжау жасау; белгілі бір уақыт аралығындағы шұғыл экономикалық ақпаратқа қол жеткізу ақпараттық технологияларсыз мүмкін емес.
Дәріс №9
Геоэкономика және постиндустриялық қоғам экономикасы (3 сағат)
Геобәсекелестік, ұлттық экономиканың ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілігі мен әлем елдерінің бәсекелестіктегі артықшылықтары. Постиндустриялық қоғамда жаһандану жаңа ғылым салаларының қалыптасуына алып келді. Соның бірі геоэкономика. Геоэкономика ғаламдық деңгейдегі дамудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол:
Геоэкономиканың сан қырлы сипаты осы мәселелерге қатысты анықталады. ол ғалымдық экономикалық кеңістіктгеі процестер мен құбылыстарды талдап берумен қатар, әлемдік экономикалық жүйені саясаттан, әлеуметтік дамудан бөліп алмай, біртұтас жүйе ретінде қарастырады, сонымен қатар, қазіргі әлемдегі даму тенденцияларын талдап, болашаққа болжамдар жасайды. Постиндустриялық қоғамдағы экономиканың даму тенденциялары әлемдік дамуды анықтап береді:
Біріншіден, постиндустриялық қоғамда ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске енгізілуі экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады. Ғылымға негізделген, ресурстарды үнемдеуші өндірістер басым дамып, ақпараттық технологиялар қоғам өмірі мен тұрмыстың барлық саласына енеді. Әсіресе микроэлектроника, телекоммуникациялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету, робот техникасын жасау, айрықша қасиеттерге ие жаңа материалдарды өндіру, биотехнологиялар жетекші маңызға ие болады.
Екіншіден, постиндустриялық қоғам жағдайында білім қаржыдан артық бағаланады. Халықаралық деңгейде бәсекелестік күшейген сайын, жетістікке жету үшін қаржының көлемі ғана емес, инновациялық идея да қажет бола бастады.
Үшіншіден, білім, оны сақтау, білім қорын жинақтау және алмасу, оны толықтыру постиндустриялық өркениет дамуының қажеттілігіне айналады. Сол себепті жаңа қоғам ақпараттық өркениет деп аталады. Жаңа ақпараттық қоғамға жаңаша ойлау, басқадай деңгейдегі білім қажет, яғни білім берудің ескірген жүйесін алмастыру жүреді, «білімге негізделген экономика» дамиды.
Төртіншіден, постиндустриялық экономикада жаңа типтегі венчурлық (ағылшынша venture қауіп-қатерлі) инвестиция дамиды, яғни көптеген жобалар бірдей қаржыландырылады, олардың бірнешеуі ғана табысты болғанның өзінде, жұмсалған қаржы ақталады.
Бесіншіден, ұлттық экономикалардың ынтымақтасуы аймақтық, ғаламдық интеграцияға алып келеді. Соған қарамастан, осы интеграция шеңберінде бәсекелестік дамиды.
Алтыншыдан, ақпараттық қоғамда әлеуметтік жіктелу сақталады. Бұл қоғамды «кәсіби мамандар қоғамы» деуге де болады, мұндағы негізгі тап «интеллектуалдар табы» (ғалымдар, кеңесшілер, сарапшылар, технократтар және т.б.) болады. Қазірдің өзінде дамыған елдерде адамдардың білім деңгейіне байланысты мүліктік теңсіздіктері байқалып отыр.
Жетіншіден, постиндустриялық қоғамда интеграциялық және дезинтеграциялық процесстер өте күрделі сипат алады. Ұлтаралық бірлестіктер (ҰАБ) түрін өзгертіп, нығайып, ғаламдық ауқымдағы ықпал үшін өзара бәсекелестікке көшеді.
Дүниежүзілік шаруашылықтың ілгерілеп дамуына және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын жекелеген елдердің экономикалық өркендеуіне негіз болатын жағдайдың бірі өндірушілердің бәсекелестігі болып табылады. Бәсекелестік теориясын зерттеуші ғалымдар бәсекеге қабілетті болуға қол жеткізудің өзі елдердің өндіріске қолайсыз әсер ететін факторлармен күресінің нәтижесі деп бағалайды. Өйткені өркендеу үшін, бәсекеге төтеп беру үшін инновацияларды қолдану қажет, мұның өзі қоғам дамуын ілгерілетеді. Бәсекеге қабілетті болуға апаратын жолдың бастапқы кезеңінде мемлекеттің жетекші ролі болуы қажет. Америкалық экономист М.Портердің (2005) анықтауынша, мемлекет өндірушілерге мынадай жағдайларды қамтамасыз етуі қажет (-сурет).
сурет. Мемлекеттің бәсекеге қажетті жағдайды жасауы
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы сан қырлы болады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың, қызметтің, нарықтық қатынастар субъектісінің нарықта балама тауар, қызмет немесе субъектілермен тең дәрежеде болуы. Бәсекеге қабілеттілікті жоғары, орташа және төмен деп сипаттайды. Жоғары деңгейінде бұл ұғым елдің ұлттық экономикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын көрсетеді. Ресей ғалымы Н.С. Мироненконың (2006) анықтауынша, экономикалық өрлеудің қарқынын, халықтың еңбекпен қамтылуы мен нақты табыс мөлшерін арттыруға қабілетті елді бәсекеге қабілетті ел деп атауға болады. Америкалық ғалым М. Портер жеке елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 5 негізгі белгілерін ажыратқан.
1) Тұрақты бюджет дефицитінің болмауы, төменгі пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамының артуына жол бермеу тәрізді макроэкономикалық көрсеткіштері қалыпты болатын елдер бәсекеге қабілетті деп есептеледі.
2) Арзан жұмыс күшімен артығымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Жаңа индустриялық елдердің әлемдік нарыққа нық қадам басуына әсер еткен фактордың бірі осы болып табылады.
3) Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Дегенмен бұл да қатып қалған ереже емес: экономикалық дамуға алғышарт бола алатын алуан түрлі ресурсқа бай Африка елдері, Ресей және т.б. елдер өз тауарларымен әлемдік нарыққа енуде қиындықтарға кездесіп отыр. Табиғат ресурстарды игеру арқылы ғана экономикалық өрлеуге жетуге болмайтынын экономистер «голланд ауруы» деп атаған құбылыстан көруге болады. ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында Нидерланд табиғи газдың мол қорын ашып, экспорттай бастады. Бұл өз кезегінде елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп жіберді. Өйткені табиғи газды экспорттау ұлттық валюта бағамының төмендеп, басқа салалардың, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуының тежеліп, қаржының өнеркәсіптен қызмет көрсету саласына бағытталуына себепші болды. Соның нәтижесінде өнеркәсіптің сан алуан саласы дамып отырған Нидерландта деиндустриялану жүрді.
4) Үкіметі жекелеген салаларды субсидияландыратын, импортты жеңілдететін және жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсететін елдерді бәсекеге қабілетті деуге болады. Дегенмен бұл пікір де күмән туғызады: Жапония мен Корея Республикасының экспортқа бағдарланған салаларын қолдау мақсатында бұл елдердің үкіметтері олардың ішкі істеріне қол сұққандары белгілі болып отыр.
5) Елдің бәсекеге қабілеттілігі басқарудың әртүрлі практикасына, соның ішінде менеджмент пен жұмыс күшінің өзара қарым-қатынасына байланысты болады. Бұл анықтама да нақты емес, өйткені кез келген елде жергілікті ерекшеліктерге байланысты өзіндік қарым-қатынастар қалыптасады, оларды әлемдік деңгейде бірыңғай жүйеге келтіру мүмкін емес.
Елдердің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты зерттеулерді Халықаралық менеджмент пен даму институты (Лозанна, Швейцария), Дүниежүзілік банк пен Әлемдік экономикалық форум жүргізеді. Қазіргі кезде елдердің бәсекеге қабілеттілігіне баға беру үшін Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин 2004 жылы ұсынған Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі қолданылады. Бұл индекс 12 бақылау көрсеткішіне топтастырылған:
Жалпы алғанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты көрсеткіштер кестеде берілді.
кесте. Бәсекеге қабілетіліктің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Сипаттамасы |
|
1 |
Елдің экономикалық әлеуеті және оның пайдаланылуы |
Халқы, табиғат ресурстары, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп пен ғылымға негізделген өнім өндірудің үлесі, инвестициялар және т.б. |
2 |
Экономиканың интеграциялануы |
Халықаралық еңбек бөлінісі мен инвестиция ағындарына қатысу дәрежесі, ЖІӨ құрылымындағы сыртқы сауда айналымының үлесі, экспорт пен импорт сальдосы, экспорттағы жоғары технологиялы салалардың үлесі, экспортталатын тауарлар бағасының индексі және т.б. |
3 |
Мемлекеттің әлеумет-тік-экономикалық процестерді реттеуі |
Заңнамалық база, құқықтық тәртіп, саяси тұрақтылық, басқару аппаратындағы жемқорлық деңгейі, биліктің іскерлікті бағалау құзіреті және т.б. |
4 |
Қаржылық тұрақтылық |
Бюджет дефициті, инфляция, ұлттық валюта бағамы, алтын-валюта қоры, қаржы қызметтерінің түрлері мен сапасы, қор нарығының дамуы, сыртқы және ішкі қарыздар көлемі және т.б. |
5 |
Инфрақұрылымның дамуы |
Энергетика, көлік, жол шаруашылығы, байланыс пен телекомму-никациялардың, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұ-рылымның, бизнес инфрақұрылымының дамуы. |
6 |
Менеджмент сапасы |
Кәсіби менеджерлердің болуы, олардың дайындық деңгейі, қазіргі заманғы оқу базасының болуы, басқару құрылымының икемділігі, басқаруды компьютерлендіру. |
7 |
Өндірістің тиімделігі |
Өндірістің тиімділігі, және тәуекелдер, ЖІӨ-дегі салықтар үлесі, инвестициялар тәуекелін бағалау, сақтандыру жүйесі, еңбек өнімділігі және оның динамикасы. |
8 |
Ғылыми-техникалық деңгей |
ЖІӨ мен мемлекет бюджетіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындар үлесі, ғылыми қызметкерлердің саны мен кәсіби деңгейі, патенттелген жұмыстар саны, лицензиялар, экспорты мен импортының сальдосы, өндірістің ғылыми-техникалық деңгейі және т.б. |
9 |
Еңбек ресурстарының саны мен мамандануы |
Экономикалық белсенді халық пен жұмыссыздар үлесі, білім және кәсіби дайындық деңгейлері, нақты табыстары мен олардың жіктелуі, орташалар табының үлесі, тұрғын үй жағдайы, экология және еңбек жағдайлары, тұрғындардың денсаулығы, қылмыс деңгейі және т.б. |
Индексті қалыптастыру әдістемесі мен оның бастапқы дереккөздері жыл сайынғы Әлемдік экономикалық форумның баяндамасында келтіріледі. Осы форум деректері негізінде 142 ел мен аумақтың 2011-2012 жылдарға есептелген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі тізімінде Қазақстан Республикасы 72-орынды алады.
Ашық сипаттағы экономика. Постиндустриялық қоғамға тән ерекшеліктің бірі экономиканың интеграциялануы. Индустриялану кезеңінде негізі қаланған бұл даму тенденциясы ХХІ ғ басында экономикалық өрлеудің басым белгісіне айналды. Үшінші ғылыми-техникалық революция елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қамтылуын жылдамдатты, бұл интеграция негізінде дамитын «ашық экономика» (ағылшынша open economy) деп аталатын феноменге жол ашты.
«Ашық экономика» ұғымы әдетте автаркиялық (тұйық) экономика ұғымына қарама-қайшы қолданылады. Бұл ұғымның өзі қазіргі дүниенің интеграциялануы мен жаһандануы барысында өзінің бастапқы мағынасын кеңейтті. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтарда экономиканың «ашық» сипатта екендігін экспорттық квота деңгейі белгілі бір көрсеткішке жеткендігі (әдетте 10%-дан астам) анықтайтын. Ал соңғы онжылдықтарда халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) ролі күрт өсті. Осымен байланысты елдердің экспорттық квоталары арта түсті, яғни экономикасы ашық сипаттағы елдер саны көбейді.
Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесі жоғары болған сайын, оның экономикасы ашық сипат алады. Ал қатынасу дәрежесі неғұрлым төмен елдерге салыстырмалы түрде жабық экономика тән болады. Ашық экономика үшін елдің жиынтық өніміндегі экспорттың үлесі 2/3 шамасында болуы тән, ал салыстырмалы түрде жабық экономикада бұл көрсеткіш 1/10.
ХХІ ғ алғашқы онжылдығында сыртқы сауда айырбастарының 40%-дан астамы жаңа индустриялық елдерге тиесілі болды. Қазіргі кезде ХЕБ бойынша теориялық еңбектерде мынадай заңдылық атап көрсетіледі: неғұрлым ел шағын болса (аумағы, халқының саны бойынша), соғұрлым экономикасы ашық сипатта болады. Мысалы, Нидерландтың тауарлық экспортының ЖІӨ-дегі үлесі 45-48%-ды құрайды, ал Ирландияда бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді.
Ел экономикасының ашық сипатта болуына оның салалық құрылымының диверсификациясы (латынша diversificatio өзгеріс, алуан түрлілік) да ықпал етеді. Экономикасында базалық салалар (қара және түсті металлургия, отын-энергетика кешені) басым елдерге қарағанда, машина жасау, химия өнеркәсібінің салалық құрылымы күрделі болатын елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу деңгейі жоғары болады. Ашық экономика ұғымы тек сыртқы саудаға ғана байланысты емес. Жалпы алғанда, ғалымдар ұлттық экономикаларды дүниежүзілік шаруашылықпен байланыстыратын үш басты күретамырды ажыратады:
Экономиканың қаржылық бағытта «ашықтығы» ең алдымен қаржы импорты немесе экспортының ЖІӨ-ге қатысы арқылы анықталады. Ресейлік ғалымдар В.Соколов пен Ю.Шишков ұлттық экономикалардың ашық сипатын көрсететін кешенді көрсеткіш ұсынады, ол арнайы формуламен анықталады:
,
мұндағы - тауарлардың сыртқы айналымы;
- қызмет көрсетудің сыртқы айналымы;
с ұзақ мерзімдік төлемдердің (қаржылық) айналымы;
А жиынтық ішкі өнім көлемі
Ел экономикасы халықаралық интеграцияланудың осы сатыларын өткенде, дүниежүзілік шаруашылықпен кірігуі, халықаралық сауда қатынастарына тартылуы, әлемдік несие-қаржы жүйесіне енуі жүзеге асады. Бұл жолды Жапония, жаңа индустриялық елдер өткен, соңғы жылдары дәл осы бағытта Қытай дамып келеді.
Дүние жүзіндегі елдер экономикасының еркіндігі елде бизнес ашу мен дамыту үшін экономикалық жағдайлар, бизнеске салынатын салықтар жүктемесі, сыртқы сауда жүргізу үшін ел экономикасының ашықтығы, қолайлы инвестициялық жағдай, валюталық еркіндік, парақорлық деңгейі, меншік құқығының қорғалуы тәрізді маңызды көрсеткіштер ескеріледі. Америкалық Heritage Foundation зерттеу институты мен Wall Street Journal газеті құрастырған 2011 жылдағы дүние жүзі елдерінің экономикалық еркіндігінің рейтингісіне 178 мемлекет енгізілген. Осы рейтингтегі елдерді ұпай сандары бойынша 5 топқа бөлуге болады:
Қазақстан Республикасы бұл тізімде 62,1 ұпаймен 78-орынды иеленген.
Еркін экономикалық аймақтар. Ұлттық экономикалық халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қамтылуының бір бағыты ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық экономикалық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналған еркін (арнайы) экономикалық аймақтар құрумен тығыз байланысты. Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) деп мемлекет аумағының басқа бөліктерінен айрықша болатын, жеңілдіктерге ие шаруашылық әрекет режимі орнатылған ауданды атайды. Ұлттық экономикалық кеңістіктің жеңілдіктер қарастырылған айрықша аймақтары ретінде анықталатын еркін экономикалық аймақтар сыртқы сауда анклавы болып табылады. Жалпы алғанда, еркін экономикалық аймақтар қалыптастыру елдің сыртқы экономикалық байланыстарын либералды ету арқылы қарқынды дамытуға, ұлттық экономиканың ашық сипатын қамтамасыз етуге бағытталады.
Еркін экономикалық аймақтарда орнаған кедендік, салықтық және инвестициялық жағдайлар экономикалық әркеттің белсенді дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемдік экономика үшін ЕЭА маңызы халықаралық сауда айналымына оң әсерімен, инвестицияларды шоғырландыруымен, экономикалық интеграцияны тереңдетуімен анықталады. Ұлтаралық бірлестіктер дүние жүзі бойынша тарап кеткен бөлімшелерін орналастыру үшін басым түрде еркін экономикалық аймақтарды таңдайды. Жалпы алғанда, еркін экономикалық аймақтарда шетелдік инвесторлар үшін берілетін жеңілдіктерді төрт негізгі топқа бөлуге болады:
1. Қаржылық жеңілдіктер. Еркін экономикалық аймақтарда компанияларға жер мен өндірістік ғимараттарды жалдағанда, несие алуда, коммуналдық төлемдер төлеуде жеңілдіктер берілген.
2. Сыртқы сауда жеңілдіктері. Компаниялар үшін сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруда жеңілдіктер, экспорттық-импорттық баж салықтарын төмендету немесе тіпті бұл төлемдерден босату қарастырылған.
3. Салықтық жеңілдіктер. Салық жеңілдігі пайдаға, табысқа және мүлікке салынатын салықтарды төмендетіп, кей жағдайда мүлде алып тастау арқылы шетелдік қаржының келуіне мүмкіндіктер жасайды.
4. Әкімшілік жеңілдіктер. Бұл фирмаларды тіркеуде, шетел азаматтарының елге келуі мен қайтуының режимдерін реттеуде, фирмалар мен азаматтарды тіркеуде қызмет көрсету тәртібіне жеңілдіктер енгізуді қамтиды.
Елдердің өз аумақтарында еркін экономикалық аймақтарды құрудағы мақсаттары әртүрлі болады. Мысалы, жоғары дамыған елдерде ЕЭА көбінесе ел аумағындағы дамуы кешеуілдеп отырған жекелеген аудандардың экономикалық белсенділігін арттыру немесе олардың шекаралық басымдылықтарын толығырақ пайдалану мақсатын көздейді. Ал дамыған елдерде ЕЭА құру мақсаты шетелдік инвестицияларды көбірек тарту, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, жергілікті жұмыс күшінің кәсіби біліктілігін арттырумен байланыстырылады. Бұл аталғандардан басқа, ЕЭА құру төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталады:
Еркін экономикалық аймақтарды ел аумағының кез келген жерінде орналастыру жоғарыда аталған тиімділіктерді бермеуі мүмкін. Осыған сәйкес, ғалымдар еркін экономикалық аймақтарды орналастыруға қолайлы жағдайларды анықтап берген:
1. Географиялық орнының қолайлылығы. ЕЭА орналасатын аудан мемлекеттік шекараларға, негізгі халықаралық көлік жолдарына жақын болуы тиіс.
2. Жетілген инфрақұрылымның болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қазіргі заманғы электрмен, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің болуы, сенімді телекоммуникация мен ақпараттық желілердің болуы шарт.
3. Әлеуметтік инфрақұрылымның болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қолайлы әлеуметтік жағдайлардың соның ішінде қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін жайлы тұрғын үйлер, бала бақшалары, мектептер мен ауруханалардың, мәдени-көпшілік, демалыс орындарының болуы.
4. Жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі. Жергілікті жерде арзан, біліктілігі жеткілікті жұмыс күшінің болуы да еркін экономикалық аймақтарды орналастырудың қажетті шарты болып табылады.
5. Қаржылық қызмет көрсету. Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық әрекеттің даму қарқыны жоғары деңгейде қаржылық қызмет көрсете алатын қаржылық мекемелердің болуына, халықаралық, аймақтық қаржы нарықтарына қол жетімді болуына да байланысты болады.
6. Заңнамалық негіздің жасалуы. Еркін экономикалық аймақтағы қаржылық-экономикалық әрекетті реттейтін заңнамалық негіздің жасалуы және басқару саласында жергілікті биліктің құзырының кең ауқымды болуы инвестиция тартуға оң ықпал ететін фактордың бірі болып табылады.
Еркін экономикалық аймақтарды әрекет ету саласына қарай бірнеше түрге бөлуге болады (26-сурет).
сурет. Еркін экономикалық аймақтың түрлері
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақтарды дамыту мақсатында 2011 жылдың 21 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа Заң қабылданған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда аталған заң шеңберінде қызметі реттелетін алты еркін экономикалық аймақтар құрылған.
Дәріс №10
Геоглобалистика және ғаламдық даму проблемалары (2 сағат)
Дүниежүзілік өркениеттердің қазіргі заманғы дамуының ғаламдық проблемалары. Халықаралық ұйымдар ғаламдық проблемаларды шығу тегіне, сипатына, шешу жолдарына қарай үш негізгі топқа жіктейді. Бірінші топтағы проблемалар қатарын адамзаттың негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері құрайды. Олардың қатарына әлемде бейбітшілікті сақтау, жаппай қарулануды тоқтату мен қарусыздану, ғарышты бейбіт мақсатта игеру, әлеуметтік өрлеуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, жан басына шаққандағы табыс мөлшері өте төмен болатын мешеу елдердің артта қалушылығын жою тәрізді мәселелер жатады.
Екінші топты «адам қоғам техника» үштігі ауқымында шешілуі тиіс проблемалар құрайды. Бұл проблемалар ғылыми-техникалық ілгерілеудің жетістіктерін үйлесімді әлеуметтік дамуға және техниканың адам өміріне кері ықпалын жоюға, адамның жеке басының еркіндігіне алып келуі тиіс, бұл міндеттерді шешуде халық санының артуын, мемлекет және мемлекеттік мекемелер тарапынан бақылауды азайту, жеке тұлғаның құқығын қорғауды ескеру аса маңызды.
Үшінші топтағы проблемалар әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен қоршаған ортаның байланыстары шеңберінде туындайды. Сондықтан бұл топтағы проблемаларды «қоғам қоршаған орта» қарым-қатынастары тұрғысында қарастырады. Олардың қатарына шикізат, энергетикалық, азық-түлік проблемаларын шешу, қоршаған ортаның дағдарысты сипатын реттеу жатады. Соңғы онжылдықтарда бұл топтағы проблемалардың ауқымына көптеген жаңа аудандар «тартылуда», сол себепті адамзаттың болашағы алаңдаушылық туғызады.
Ғаламдық проблемалардың ауқымы, орны және маңыздылығы уақыт өткен сайын өзгереді. Ғаламдық проблемалардың маңыздылары қатарында бейбітшілік пен қарусыздану проблемасын, экологиялық проблеманы, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық проблемаларды және азық-түлік проблемасын атауға болады. Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны әлдеқайда көп. Кейбір географиялық, экономикалық бағыттағы ғылыми зерттеулерде олардың саны жиырма шақты.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары пәнаралық зерттеулердің маңызды объектісіне айналды. Ғаламдық проблемалардың кешенді сипатына байланысты оларды жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдарының жекелеген салалары зерттейді. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғаламдық проблемаларды зерттеумен айналысатын ғылым саласын глобалистика деп атай бастады. Глобалистикалық зерттеулер «ғаламдық тұрғыда ойлау жергілікті жерде әрекет ету» дегенді ұстанады. Оның құрамында ХХ ғасырдың 80 жылдарында ғаламдық география немесе геоглобалистика саласы қалыптасты.
Адамзат қоғамының қазіргі даму кезеңінде оның географиялық қабыққа ықпалы артып отыр. Географиялық қабықтың құрамбөліктерінің табиғи заңдылықтарын танып-білу, ондағы жүріп жатқан процестердің қазіргі тенденцияларын зерттеу, адамзаттың өмір сүру ортасының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағыттарында география ғылымының жекелеген салалары өз үлесін қосуда. Адамзат ғарышты игерудің, географиялық қабықтың дамуын, Жер шарының құрылысын, Дүниежүзілік мұхитты зерттеудің жаңа әдістерін ойлап тауып, белсенді әрекеттерге көшті. Бұл мәселелерде де Жер туралы басқа ғылымдар қатарында географияның да өзіндік орны бар.
Экологиялық проблемаларды шешуде БҰҰ жанынан құрылған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) белсенді қызмет етеді. Халықаралық деңгейде үйлестіруші қызмет атқаратын бұл ұйымның негізгі міндеті тұрғын халықтың өмір сүру ортасы және Жер шарындағы табиғат ресурстарын сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде табиғатты пайдаланудың салдарларын, топырақ, су және ауаның ластануын, адамдардың өмір сүретін ортасының нашарлауын ғаламшар деңгейінде зерттеумен айналысатын Рим клубы ғалымдарының қызметі аса маңызды болып табылады. 1968 жылдан бері адамзат болашағына қатысты проблемаларды зерттеумен айналысатын Рим клубының мамандары экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында халықтың, экономиканың, табиғатты пайдаланудың өсу шектерін анықтап берді. Ғалымдар адамзаттың шаруашылық әрекетін тұрақтандыру, халық санының шамадан тыс өсуіне жол бермеу, қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану көлемін қысқарту, қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайту, табиғат қорғау шараларын белсенді ету тәрізді ұсыныстар жасап, осы қадамдар арқылы ғаламдық деңгейде қоршаған ортаны сақтауға болатынын атап көрсетті. Қазақстан үшін басты экологиялық проблемалар ретінде радиоактивті ластану, атмосфера мен топырақтың ластануы, шөлейттенуді атауға болады.
География ғылымының зерттеу аясына табиғат заңдылықтарды ғана емес, қоғамдық құбылыстарды (әлеуметтік, саяси, экономикалық) да танып-білу енетіндіктен, геоглобалистиканың аса маңызды проблемаларды зерттеу және шешуге қатысу мүмкіндіктері бар. Адамзат үшін маңызды болып саналатын геодемографиялық проблемаларды зерттеу мен шешуге атсалысу география ғылымының бір зерттеу қыры болып табылады. Бұл проблемалар қатарына дамушы елдерде туу көрсеткіштерінің артуы, халық санының көбеюі, Ресей Федерациясындағы ұлттың азғындауы (депопуляция), урбандалудың бақылаусыз сипат алуы, халықтың ішкі және сыртқы көші-қонының мәселелері, өз еркінен тыс босқындарға айналған адамдар санының артуы және т.б. жатады.
Геосаясатқа қатысты проблемаларды зерттеу де географияның еншісіне тиген. Саяси география тұрғысында аймақтық жанжалдардың себептері мен салдарлары, дүние жүзінің саяси картасындағы субъектілердің мәртебесі, саяси күштердің арасалмағына қатысты геосаяси жағдайдың өзгерістері және т.б. зерттеледі. Геоглобалистика саяси және әскери интеграция мәселелерін де қарастырады.
ХХІ ғасырда экономика салаларындағы жаһандану қарқынды сипат алды. Әлемдік нарықтың қазіргі даму жағдайына географиялық факторлар да ықпал етеді. Әлемдік экономиканы қоғамдық география тұрғысында зерттеу ұлтаралық бірлестіктердің қалыптасу ерекшеліктерін, олардың кеңістік таралуының заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ҰАБ аса қуатты көпсалалы шаруашылық кешендеріне айналған. Олардың қалыптасуына байланысты тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі артып, күрделі қаржының мемлекетаралық айналымына неғұрлым көп аумақтар қамтылуда. Ұлтаралық бірлестіктердің қызмет етуі көптеген аймақтарда, әсіресе дамушы елдерде өндіргіш күштердің аумақтық ұйымдасуын оңтайлы етіп, жұмыссыздық мәселесіне оң ықпал етуде. Халықаралық (ғаламдық) сауда қатынастары үлкен өзгерістерге түсті: оның көлемі анағұрлым артып, валюталардың бағамы өсуде. Бұл саладағы соңғы зерттеулер жаңа қаржы-экономикалық орталықтардың қалыптасуында да ұлтаралық бірлестіктердің маңызы зор екендігін көрсетіп отыр.
Ғаламдық деңгейдегі проблемаларды шешуде халықаралық ұйымдардың (Әлемдік банк, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры және т.б.) ролін география ғылымдары тұрғысында түсіндіру аса маңызды. Өйткені дамуы артта қалған немесе дағдарыс әсерінен даму проблемалары туындаған мемлекеттердің экономикасына қаржы бөлу арқылы бұл ұйымдар мемлекеттердің ғана емес, тұтас аймақтардың да дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, экономикалық география халықаралық салалық және аймақтық құрылымдардың (Дүниежүзілік сауда ұйымы, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы, Азия-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы және т.б.) қалыптасу факторларына, қызметіне қатысты зерттеулер жүргізеді.
Жалпы алғанда, қазіргі ғаламдық экономикалық проблемаларды география тұрғысынан зерттеу интеграцияның ең алдымен аумақтық көршілестікке негізделетінін, шекаралық факторлардың дамуға тікелей ықпал ететінін көрсетіп отыр. Сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығымен күрес, елдердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету және бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарыспен күрес проблемаларының шешуін география ғылымы аймақтық дамумен байланыстырады.
Геоглобалистика ғаламдық өзгерістер мен проблемаларды зерттеуге қатысы бар басқа ғылым салаларымен (қоғамдық, жаратылыстану бағытындағы ғылымдар) тығыз байланысты. Өз кезегінде бұл ғылым салаларымен қарқынды ақпарат алмасудың нәтижесінде геоглобалистика жаңа ұғымдармен, түсініктермен толығады. Геоглобалистика географиялық қабық пен адамзат болашағына қатысты ірі халықаралық ғылыми бағдарламалар аясында географиялық зерттеулер жүргізу барысында одан әрі дамыды
Ғаламдық орталықтар, жартылай шет және шет аймақтар. Қазіргі әлемнің экономикалық үлгісін әйгілі америкалық экономист және геосаясаткер Иммануил Валлерстайн өзінің әлемдік жүйе концепциясы арқылы түсіндірген. Оның «Современная мир-система» деп аталатын негізгі еңбегінде әлемдік экономикалық жүйелер геосаясат тұрғысында берілген.
Қазіргі дүниенің қарқынды өзгеруіне негізделе отырып, ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөледі:
Қазіргі дүниенің ғаламдық орталықтары АҚШ, ЕО және Жапония. Жартылай периферия немесе өтпелі аймақтарға ғалым Балкан түбегі елдерін, Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия, бұрынғы КСРО мемлекеттерін жатқызған. Жартылай периферия елдері орталықтармен салыстырғанда, технологиялық деңгейі төмен өнім өндіреді және орталықтардың жоғары технологияларын сатып алуға мәжбүр, бірақ периферия елдерімен саудада өздерінің басымдылықтарын көрсетеді. Ал периферияны әлемдік орталықтарға экономикалық, саяси тәуелділіктері басым болатын Азия, Латын Америкасы мен Африканың, Мұхит Аралдарының артта қалған елдері құрайды.
Сонымен, ғаламдық экономиканы біркелкі кеңістік ретінде қарауға болмайды, оның экономикалық дамудың қарқындылығын анықтайтын интеллектуалды және ғылыми-техникалық орталықтары болады. Дәл осы орталықтар әлемдік экономикаға жаңа технологиялар мен жаңа білім беріп, перифериямен (шет аймақтар) тең емес айырбас барысында ақыл-ой рентасын алуға мүмкіндік береді. Бұл орталықтарда әлемдік валюталармен эмиссия (французша émission шығарылым деген сөз, айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы ақша массасын ұлғайту) жасайтын ақша монополиясы болады. Осы орталықтардың пайдасы үшін неғұрлым аз дамыған елдер синди раш (cindy rush) төлеуге мәжбүр болады, барлық эмиссиялық табыс әлемдік экономиканың орталықтарына құйылады және перифериялық елдердің валюталары «орталық валютаға» байластырылады. Осылайша, орталық өзінің экономикалық қана емес, мәдени-идеологиялық гегемониясын жүзеге асырады, яғни қалған дүниеге өзінің даму үлгісін, болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасын таңады. Осы арқылы орталық өзіне қажетті, өзіне қолайлы мәдени матрицаны бүкіл әлемге қалыптастыра бастайды.
Орталықтарда ғаламдық эмиссиялық негіз ретінде валюталық емес сызба жұмыс істейді АҚШ-тың федералдық қор жүйесі долларды америкалық қазына арқылы эмиссия жасайды, сонымен қатар доллармен сәйкестендірілген құнды қағаздарды шығарады. Ал Жапония иенасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта болып табылады. Еуро қазіргі кезде аймақтық валюта деңгейінен әлемдік валюта деңгейіне шығып, көптеген елдер үшін дәл осы рольді атқаруда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 57%-ын доллар, 23%ын еуро, қалған 20%ын басқа валюталар құрайды. Бұл эмиссиялық орталықтар әлемдік нарықтағы сұранысқа қарай валюта шығарып, ешқандай шектеусіз әрекет ете береді. Жалпы алғанда, америкалық доллардың 60%-ы шетелдер үшін басып шығарылады. Осының арқасында доллар әлемдік валюта мәртебесін сақтауда және бүкіл әлем АҚШ-тың федералдық қор жүйесіне эмиссиялық табысты төлеуге мәжбүр болып отыр. АҚШ қаржыны үстемемен қарызға береді. Америка валютасын пайдаланғаны үшін елдер жылына 4-5%, ал кейбір перифериялық аймақтар 15% үстеме төлейді. Периферия бұл үлкен үстемені төлеуге шамасы жетпейді (өсім оларда бар болғаны 3% ғана), сондықтан жаңа несие алуға мәжбүр, осылайша долларға сұраныс одан әрі өсе түседі. Бұл жаңа эмиссияға мүмкіндік береді.
Тұрақты дамудың үштағандық тұжырымы. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта және даму жөніндегі дүниежүзілік конференциясында адамзат болашағы үшін аса маңызды болып отырған тұрақты даму мәселесі ғаламдық деңгейде қойылып, тұрақты даму концепциясы қабылданған болатын. Бұл тұжырымдама табиғат пен қоғамның өзара үйлесім негізінде дамуын көздейді, мұндай жағдайда адамзаттың қазіргі сұраныстарын өтеу болашақ ұрпақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін шектемейтіндей болуы қажет.
Тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан үш құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Мұны тұрақты дамудың үштағандық тұжырымы деп атайды. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Тұрақты даму концепциясының негізгі қағидалары мынадай:
Бұл концепцияны қабылдау арқылы қазіргі өркениет өкілдері ұзақ жылдар бойы адамзат санасында қалыптасып қалған «табиғатпен күрес», «табиғатты бағындыру және адамға қажеттіні алу» ұғымынан «табиғатпен үйлесімді даму» жолына көшуді ұсынды.
Дәріс №11
Жаһандану жағдайындағы қазіргі дүние (4 сағат)
Жаһандану ұғымы, алғышарттары мен себеп-салдарлары. ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары жалпы адамзат тағдырын анықтайтын әлемдік экономика дамуындағы жаңа тұрпаттағы өзгерістерді алып келді, бұл өзгерістер қатарына ең алдымен жаһандану процесстерін жатқызуға болады. Олар әртүрлі салаларда, әртүрлі деңгейде және сан алуан түрде көрініс бере бастады. Жаһандану деп ақпараттық технологиялардың дамуына негізделіп дами бастаған, дүниежүзілік шаруашылықтың ынтымақтасуының сапалық тұрғыдан жаңа кезеңін атайды. Қазіргі дүниенің басым бөлігін қамтыған процесс ретінде жаһандануға баға беру үшін оның деңгейі мен кеңістік жіктелуін бейнелейтін сандық көрсеткіштер қажет болады.
Жаһандануды сапалық тұрғыдан сипаттайтын белгілер ретінде төмендегілерді атауға болады.
Ресейлік ғалымдар жаһандануға себепші болған факторларды топтастырып, жүйелеу негізінде бірқатар салалардағы жаһандану көріністерін сипаттап берді
1. Геосаяси жаһандану. Геосаяси құбылыстар мен процестердің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді. 60-жылдарда отарлық жүйенің күйреуі, 90-жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картаны үлкен өзгерістерге түсірді. Бір-біріне қарсы тұрған екі геосаяси блок басым болған екі полюсті әлемнің орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды: халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күресі арқылы әлемдік монополияға ұмтылған АҚШ-тың стратегиялық мүдделерінің шекаралары кеңи түсті. Бұл өз кезегінде мұсылман әлемінің қарсылығын тудырды. Сонымен, қазіргі дүниедегі геосаяси жағдайды көпполюсті күрделі әлемнің тұрақсыз арасалмағы ретінде түсіндіруге болады. Осы жағдайда дүние жүзіндегі кез келген күшті мемлекеттің немесе геосаяси орталықтың басқа саяси күштерді ескермей, өз бетінше стратегиялық мақсаттарын орындауына жол берілмейді. Мұның өзі геосаяси жаһандану туралы айтуымызға негіз болады.
2) Экономикалық жаһандану ұлттық экономикалардың өзара байланыстарының нығаюы негізінде дүниежүзілік экономиканың ғаламдық сипат алуымен байланысты болады. Ғаламдық экономика өзіндік заңдылықтарға сай қызмет ететін, даму бағыттары мен тетіктері бар күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі кезде ғаламдық экономиканың қалыптасуының бастапқы кезеңі жүріп жатыр. Бұл құбылыстың оң және теріс жақтары бар. Кері құбылыстар әсіресе 2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында айқын көріне бастады.
3) Демографиялық-экологиялық факторлар. Бұлар адамзат болашағына ықпал ететін басты және өзара байланысқан факторлар болып табылады. Жер шары халқының саны өте қарқынды өсіп келеді: егер ХІХ ғ әрбір 50 жыл сайын әлем халқы 1,3 есе артып отырса, ХХ ғ екінші жартысында бұл көрсеткіш 2,4 есе болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде өсу қарқыны баяулағанымен, ХХІ ғ бірінші жартысында халық саны 1,6 есе артады деп болжануда. Халық саны артқан сайын, тұтыну көлемі де өсе түседі, бұл әсіресе дамыған елдерге тән. Осындай жағдайда өңделетін жер көлемі, тұщы су мөлшері, минералдық және орман ресурстары жыл өткен сайын кеміп келеді. Халық санының өсуі қоршаған ортаға зиянды әсердің ауқымын да кеңейтеді. Жер шарының «өкпесі» қызметін атқаратын ормандарды кесу, шамадан тыс ластану әсерінен болатын «жылыжай эффектісі», озон қабатының жұқаруы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы, тұщы су көздерінің ластануы және т.б. проблемалар туындауда. Бұл өз кезегінде ғаламдық экологиялық проблемаларға алып келіп, адамзат болашағына қауіп төндіреді. Адамзат болашағына қатер төндіріп тұрған ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу үшін табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықсыз технологияларға көшу, Жер шары халқының шамадан тыс өсуіне шектеу қоюды қажет ететін экологиялық императив қажет.
4) Техника саласындағы жаһандану. Индустриялық даму кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған техникалық жүйелер мен технологиялық процесстер қарқынды өсіп, ғаламдық деңгейде тарала бастады. Дәл осы кезеңде дүниежүзілік технологиялық және ақпараттық кеңістік қалыптасты, ол көлік және телекоммуникациялық желілерді қамтыды. Дегенмен, даму деңгейі әртүрлі елдер арасындағы технологиялық алшақтық та неғұрлым үлкен бола бастады. Технологиялық жаңалықтарды өз қолдарына шоғырландырған жетекші елдер өздеріне қарағанда төмен дамыған елдерден миллиардтаған долларды «технологиялық өсім» түрінде жинап алатын болды.
Белгілі бір саладағы өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, кейбір жетекші елдер әлем бойынша тарап кеткен ҰАБ арқылы технологиялық және ақпараттық «отарлауды» жүзеге асыруда. Технологиялық, ақпараттық интеграция тетіктері ұлттық шекаралар шеңберінен шығып, жекелеген өрекениеттердің (солтүстікамерикалық, батысеуропалық, жапондық) мүдделерін қорғайтын ұлтаралық бірлестіктердің қолында жұмылдырылды. Ақпараттық жаһандану геоэкономикалық кеңістікті түбегейлі қайта құру арқылы география ғылымдарының алдында кеңістікті бейнелеудің жаңа үлгілерін жасау; торлы құрылымдарды, геоэкономикалық ұдайы өндіріс тізбектерін зерттеу тәрізді жаңа міндеттер қоюда.
5. Әлеуметтік-мәдени жаһандану. Жаһанданудың айрықша көрінісінің бірі ғылым, білім беру, мәдениет, идеология және т.б. әлеуметтік саладағы ынтымақтасу процестері болып табылады. Ғылымның қарыштап дамуы, ақпараттану заманында ғылыми идеялар мен ғылыми нәтижелердің дүние жүзі бойынша жылдам таралып, алмауы, ғалымдардың бірнеше елде зерттеу жұмыстарын жүргізуі, әртүрлі елдердегі білім беру үлгілерінің өзара сәйкестендіру бағытында бірегейленуі (мысалы, Болон процесі), тиімділігі өте жоғары ақпараттық білім беру технологияларына көшу, білім алушылармен алмасу, халықаралық деңгейде мәдени құндылықтардың пайда болуы осы әлеуметтік-мәдени жаһанданудың көріністері қатарына жатады.
Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен Интернеттің қоғам өміріне кеңінен енуі жаппай сипат алған ғаламдық антимәдениеттің де орын алуына себепші болуда. Қазіргі дүниеде ағылшын тілінің басымдылығы, батыс елдерінің мәдениет, кино өнері туындыларының жаппай таралуы көптеген елдерге батыстық өмір салтының кеңінен енуіне алып келді.
Ғаламдық интеграцияға алып келетін жаһандану процесі постиндустриялық қоғамның қалыптасу факторларының бірі болып табылады. Жаһандануды дүниежүзілік шаруашылықтың сапалық тұрғыдан жаңа жай-күйі ретінде бағалауға болады. Қазіргі заманғы әлемдік экономиканың мынадай ерекшеліктері жаһандануды дәлелдейді.
Біріншіден, жаһандану әлемдік нарық заңдарының үстемдік етуіне алып келді. Баға қалыптастырушы ретіндегі әлемдік нарық елдің бәсекеге қабілеттілігіне, оның фирмалары мен тауарларының әлемдік экономикалық жүйедегі орнына баға береді. Бәсекеге қабілеттілік ұлттық экономикалардың дамуын анықтайтын басты көрсеткішке айналды.
Екіншіден, дамудың үшінші кезеңіне (сауда-қаржылық және индустриялық) өткен халықаралық географиялық еңбек бөлінісі мемлекеттердің шекараларының экономикалық транспаренттігіне алып келеді. Бұл ұлттық шаруашылықтардың ұлтаралық бірлестіктерді реттеу мүмкіндіктерін азайтады.
Үшіншіден, жаһандану жағдайында халықаралық ұдайы өндіріс циклдары мен тізбектері жылдам қарқынмен дамиды. Мұнда ең бастысы біртұтас ұдайы өндіріс процесін біріктіру болып табылады.
Төртіншіден, дүниежүзілік шаруашылықтың кеңістіктік құрылымы ғаламдық өзгерістерге ұшырайды. Жаһандану жағдайында экономикалық үстемдік үлгісінің өзі өзгеріске түсті. Бейнелі түрде айтсақ, күшті орталықтар өзіне аумағы кең-байтақ шеткі аудандарды тартуда. Бұл беталыс тек жекелеген аймақтарда ғана емес, ғаламдық деңгейде жүріп жатыр.
Жалпы алғанда, әлемдік экономикаға әкелетін оң өзгерістерімен қатар, жаһанданудың кері салдарлары да бар:
Ұлтаралық бірлестіктер және олардың жаһанданудағы рөлі. Ұлтаралық бірлестіктер дүниежүзілік шаруашылықта айрықша орын алады. Ірі ұлтаралық бірлестіктер айналымдағы қаржы көлемі жөнінен кейбір дамушы елдердің ЖІӨ көлемінен асып түседі. Ұлтаралық бірлестіктер көптеген елдерде бөлімшелерін ашу арқылы сол елдердің ұлттық шаруашылықтарына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Халықаралық экономикалық интеграцияның алғашқы үлгісі ретінде ХХ ғ басында пайда болған халықаралық кәсіпорындарды атауға болады. ХХ ғ екінші жартысында ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы, байланыс құралдарының озық үлгілерінің пайда болуы нәтижесінде бұл кәсіпорындар көп салалы кешендерге айналды. Олар ұлтаралық бірлестіктер (ҰАБ) деп аталатын болды.
Гарвард университетінің арнайы зерттеу бағдарламасының анықтауы бойынша, ұлтаралық бірлестіктер қатарына шетелдерде бөлімшелері бар, бірнеше ұлттық экономикаға кіріккен кез келген компания емес, тек мынадай белгілерге ие компаниялар жатады:
Сонымен, ХХ ғ соңына қарай ұлтаралық бірлестіктер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарында жетекші қозғаушы күшке айналды. Шетелдерде көптеген бөлімшелерін ашып, мол қаржы салу арқылы бұл бірлестіктер дүниежүзілік өндірістің тарамдалған жүйесін қалыптастырады. Олардың қызметіне ұлттық шекаралар бөгет бола алмайды, бұл корпорациялар әртүрлі елдерде жергілікті тиімді жағдайларды (шикізат көзінің, кәсіби жұмыс күшінің болуы, өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылығы және т.б.) ескере отырып, өндірісті қолайлы орналастыру арқасында өте жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қазіргі заманғы ҰАБ жүйесі 60 мыңнан астам негізгі (аналық) компания және олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен 500 мыңнан астам шетелдік бөлімшелері мен тәуелді компаниялары бар құрылым болып табылады.
Қазіргі дүниедегі ҰАБ маңызы ең алдымен әлемдік экономиканың даму тенденцияларын анықтаумен түсіндіріледі. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін бұл алып бірлестіктер әлемдік деңгейде ауқымды шешімдер қабылдап, әрекеттер жасайды. Сыртқа шығарылатын қаржының 90%-на жуығына ҰАБ бақылау жасайды. Кейбір деректер бойынша, ҰАБ үлесіне халықаралық сауданың жартысынан астамы тиесілі болады. Сонымен қатар, жоғары технологиялар нарығындағы бірлестіктер үлесі 80%-дан асып түседі. Осылардың арқасында ұлтаралық бірлестіктердің жиынтық валюта қорлары дүние жүзінің барлық елдерінің ұлттық банктері қорынан 5-6 есе көп болады.
Ұлтаралық бірлестіктер халықаралық деңгейде ортақ нарық, жұмыс күші, ақпараттық кеңістік жағдайында жұмыс істейтіндіктен, бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттырып отыруға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде олардың инновацияларды енгізіп, технологияларды жиі ауыстырып отыруға, осы арқылы дүние жүзі бойынша ғылыми-техникалық ілгерілеуді жүзеге асыруына жағдай жасайды. Бірлестіктер өздері жұмыс істейтін елдерге кері әсерін де атап өту қажет ( кесте).
- кесте. Ұлтаралық бірлестіктер қызметі
ҰАБ қызметінің басымдылықтары |
ҰАБ қызметінің кері ықпалы |
1. Дүние жүзі бойынша табиғат ресурстарына, қаржыға және ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізуі; 2. Түрлі салаларға мамандану (көлденең жіктелу) және бір салада терең мамандану (вертикалды технология) арқылы бірлестіктің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі; 3. Ұлттық нарықтардың ауқымын, экономикалық өсу қарқынын, бағаларды, ресурстар мен саяси жағдайды ескере отырып, қай елдерде бөлімшелер ашуды таңдай алатындығы; 4. Қаржы ресурстарын тартуда үлкен мүмкіндіктерінің болуы; 5. Жоғары деңгейде маманданған кәсіби қызметкерлерді таңдап алудың мол мүмкіндіктерінің болуы. |
1. Жергілікті нарықтарды басым түрде монополизациялау мүмкіндігінің болуы; 2. Өз шарттарын тек бәсекелестеріне ғана емес, тұтас ұлттық экономикаларға қою мүмкіндіктеріның болуы, мұның өзі елдердің ұлттық қауіпсіздіктеріне нұқсан келтіруі мүмкін; 3. Адам өміріне қауіпті, лас өндірістерді неғұрлым нашар дамыған елдерге көшіре алу мүмкіндігінің болуы; 4. Дағдарыс кезінде ҰАБ кәсіпорын-дарында жаппай жұмыстан қысқарту шараларының жүргізілуі, бұл еңбек ресурстары нарығының ғаламдық сипат алуына байланысты әсіресе дамыған елдерде орналасқан компанияларда жиі болады. |
ҰАБ арасында аса ірі, ірі, орташа және шағын компаниялар жіктеледі. Ірі ҰАБ қатарына қаржы қоры 10 млрд доллардан асатын компаниялар жатады. 2010 жылы америкалық Форбс журналы жариялаған әлемнің ең ірі 2000 компаниясы тізімінде олардың сатылымы, табысы, активтері және нарықтық құны көрсетілген. Олардың жиынтық табысы жылына 1,4 трлн доллар болса, қарамағындағы активтері 124 трлн долларды құраған. Бұл ең ірі 2000 компания 62 елдің өкілі болып табылады. Олардың арасында АҚШ (осы тізімде 515 компаниясы бар) пен Жапония (210 компания) үлесі жоғары. Сонымен қатар, бұл тізімде Азия алыптары болып саналатын Қытай (113 компания) мен Үндістанның (56 компания), Канаданың (62 компания) компанияларының саны артқан. Осы тізімге енген әлемдегі ең ірі 20 компанияның деректері кестеде келтірілді.
кесте. Әлемдегі ең ірі компаниялар, 2010 жыл
Ранг |
Компания |
ел |
қызмет саласы |
сатылым ($млрд) |
табысы ($млрд) |
aктивтері ($млрд) |
нарықтық құны ($млрд) |
1 |
JP Morgan Chase |
АҚШ |
Банк |
115,63 |
11,65 |
2031,99 |
166,19 |
2 |
General Electric |
АҚШ |
Конгло-мерат |
156,78 |
11,03 |
781,82 |
169,65 |
3 |
Bank of America |
АҚШ |
Банк |
150,45 |
6,28 |
2223,30 |
167,63 |
4 |
ExxonMobil |
АҚШ |
Мұнай мен газ |
275,56 |
19,28 |
233,32 |
308,77 |
5 |
ICBC |
Қытай |
Банк |
71,86 |
16,27 |
1428,46 |
242,23 |
6 |
Banco Santander |
Испания |
Банк |
109,57 |
12,34 |
1438,68 |
107,12 |
7 |
Wells Fargo |
АҚШ |
Банк |
98,64 |
12,28 |
1243,65 |
141,69 |
8 |
HSBC Holdings |
Ұлыбри тания |
Банк |
103,74 |
5,83 |
2355,83 |
178,27 |
8 |
Royal Dutch Shell |
Нидер ланд |
Мұнай мен газ |
278,19 |
12,52 |
287,64 |
168,63 |
10 |
BP |
Ұлыбри тания |
Мұнай мен газ |
239,27 |
16,58 |
235,45 |
167,13 |
11 |
BNP Paribas |
Франция |
Банк |
101,06 |
8,37 |
2952,22 |
86,67 |
12 |
PetroChina |
Қытай |
Мұнай,газ |
157,22 |
16,80 |
174,95 |
333,84 |
13 |
AT&T |
АҚШ |
Телеком-муникация |
123,02 |
12,54 |
268,75 |
147,55 |
14 |
Wal-Mart Stores |
АҚШ |
Бөлшек сауда |
408,21 |
14,34 |
170,71 |
205,37 |
15 |
Berkshire Hathaway |
АҚШ |
Инвести ция |
112,49 |
8,06 |
297,12 |
190,86 |
16 |
Gazprom |
Ресей |
Мұнай, газ |
115,25 |
24,33 |
234,77 |
132,58 |
17 |
China Construction Bank |
Қытай |
Банк |
59,16 |
13,59 |
1106,20 |
184,32 |
18 |
Petrobras-Petrоleo Brasil |
Бразилия |
Мұнай,газ |
104,81 |
16,63 |
198,26 |
190,34 |
19 |
Total |
Франция |
Мұнай,газ |
160,68 |
12,10 |
183,29 |
131,80 |
20 |
Chevron |
АҚШ |
Мұнай газ |
159,29 |
10,48 |
164,62 |
146,23 |
1 http://www.forbes.com/lists/2010/18/global-2000-10_The-Global-2000_Rank.html
БҰҰ деректері бойынша, ұлтаралық бірлестіктердің 90%-дан астамы орташа және шағын компаниялар болып табылады. Бұлардың әрқайсысының бір елдегі қызметкерлерінің саны 500-ден аспайды.
Қазіргі әлемнің тұрақты даму тұжырымы мен басқарудың географиялық негіздері. Рим клубының тапсырысы бойынша дүние жүзіндегі ең беделді ғалымдар ғаламдық проблемаларды шешудің жолдары мен стратегиясына қатысты баяндамалар сериясын ұсынды. Ғалымдар ғаламдық проблемаларды шешу үшін ең алдымен адами қасиеттерді (қабілеттерді) дамыту қажет деп есептейді. Рим клубын құрған италиялық менеджер Аурелио Печчеи адамзат қоғамының тұрақты дамуының негізгі 6 мақсатын анықтап берді:
Печчеи ұсынған ең басты идея адамның өзіне қатысты: «Ең бастысы адам, ол әрқашанда кез келген істен, кез келген идеядан гөрі маңыздырақ, өйткені олардың барлығы адамдарсыз ешқандай мәнге ие болмайды». Осы аталған мәселерді түйсіну негізінде тұрақты даму концепциясы негізделді, ол өндірістің өсу қарқынының халық саны өсуінің қарқынынан тұрақты артуын экономикалық өсу деп ұғынатын ұлттық деңгейдегі экономикалық дамудың концепцияларына балама ретінде жаңа замандағы адамзат мінез-құлқының ғаламдық стратегиясы болып табылады. Тұрақты дамудың концепциясының негізгі мәселелері БҰҰ-ның «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасында ашылды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, қазіргі кезеңде адамзат қол жетімді табиғат ресурстарының барлығын бірдей емес, олардың тек әлем қауымдастығының тұрақты тіршілігі мен сапалық жақсаруын қамтамасыз ететін мөлшердегі бөлігін ғана пайдалануы тиіс, осы арқылы болашақ ұрпақтардың Жер шарының табиғат ресурстарына құқығы танылады.