У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а П~н- ~аза~ ~дебиеті Саба~ты~ та~ырыбы- М

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.12.2024

Күні: 19.02.2014 жыл

Сынып: 8 «а» 

Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: М. Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту, поэма идеясын ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру. көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портеті, тақырыпқа арналған слайдтар,қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

а) сәлемдесу;

ә)оқушыларды түгендеу;

б)оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жатқа айту.

III.Жаңа сабақ

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным - сенімін, әдет - ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысайық! (Қысқаша мазмұны түсіндіріледі)

V.Жаңа сабақты бекіту

Тақырып: Сұлулық , Махаббат, Зұлымдық. 
Тақырыпты ашу мақсатында зерттеу жұмысын жүргізейік. 
«Аққу» тобына 
1. Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөз. 
2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар.

3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальды табыңдар. 
«Табиғат» тобына 
1. Поэмада Жетікөл сұлулығы қалай суреттеледі? 
2. Су тазалығын ашатын деталь көріністі тап. 
3. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз? 
«Ана» тобына 
1. Ана аққуды неге атпақ болды? 
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер. 
3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші. 
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген? 
Тест сұрақтарына жауап алу. 
Пікірталас – дебат 
- аққуды атуға болмайды. 
- Ана махаббаты құдіретті. (Табиғат тобы екі топқа баға береді) 

VI.Қорытындылау

І топ: «Аққу қандай құс?» 
ІІ топ: киелі тағы қандай құстарды білесің? 
ІІІ топ: М.Мақатаев қандай ақын? 

VII.Үйге тапсырма беру

 «Аққу және ақын» еркін шығарма жазу.

VIII.Бағалау

Тексерген:  

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі                                                    Ахметова Л                                




1. Рецептура сухих приправ
2. ЗАРЯ ВЗОШЛА НА ЗАПАДЕ Предисловие- Петр Николаевич КрасновКНИГА О СТРАНЕ БЕЗ СОЛНЦАГазета За Родину
3. великая социальная революция у многих из нас все чаще и чаще начинает являться одна и та же мысль
4. Вахте о вахте
5. Реферат- Происхождение и развитие русского языка
6. Основные направления по борьбе с коррупцией в Росси
7. Tone mrks ccording to the rules nd comment on the use of puses
8. Сибирский федеральный университет Лесосибирский педагогический институт ~ филиал федерального госуд
9. Курсовая работа- Бросание игральной кости на VBA
10. на тему- Ососбенности невербального общения
11. на тему- Исследование линейной САР с ПИрегулятором по корневым критериям качества
12. Фреймы скрипты сценарии и стереотипы как разновидности концептов
13. Найдите область определения функции-
14. на тему- Товарищество как один из видов коммерческих организаций в Российской Федерации
15. кинезитерапия от греч
16. Псориаз
17. об образовании в РФ
18. лист на ремонт Деу Матиз Замена амортизатора заднего седан 650 рублейЗамена амортизатора переднего в сбо
19. нибудь еще Градостроительная ситуация Проектируемое зда
20. Президент Российской Федерации высшее должностное лицо государства, Верховный Главнокомандующий Вооруженными силами Российской Федерации