У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~ылым тарихы мен философиясы п~ніФилософия ж~не ~дістеме ~ылымдары философиялы~ білімні~ саласы ретінде

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

1-дәріс. Ғылым тарихы мен философиясы пәні.Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде.

Лекцияның мақсаты:Магистранттарға ғылым тарихы мен философиясы ұғымы туралы ғылыми түсінік беру.Философия туралы дүниетанымның формаларының мәнін ашу және де қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Ғылым тарихы мен философиялық білімнің негізгі сипаттары.

Ғылым философиясы және жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер

Ғылымның ,философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Кілттік сөздер: ғылым философиясы, неопозитивизм, прогресс т.б.

Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін қүрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бүл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осыңдай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пөндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғыльгми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бүл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды.

Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пәндерден айырып түратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Егер гылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезеңдерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяңдап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оньщ зандылықтарьш зерттеу больш табьшады. Одан ғылым социологиясының айырмашылығы сол, ол ғылыми мекемелер мен қауымдастықтарының қүрылысын, ғылыми мекеме мүшелерінің арақатьшасьш, т.б. үйымдасу   жақтарын   зерттейді.   Алайда ғылым философиясынан басқа бір де бір ғылым ғылыми зерттеу процесінің өзін, ғылымның өсуі мен даму зандарын арнайы зерттемейді.

Сөйтіп, гылым философиясының негізгі пәні қогам дамуының турлі тарихи кезеңдерінде гылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттыгын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы зандыльгқтарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының түрлі кезендерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдьгқ (тиімді) әдістері мен нормаларьш табады. Алайда ғылым тарихшыларының мүқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Сондықтан ол бүл жерде ғылым тарихшыларынын көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндіріудің қазіргі нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Ал ғылыми-творчестволық еңбекке психологиялық талдау жасаудың нәтижелері ғылыми ақиқат іздеудің логикалық-методикалық және психологияльгқ әдастерінің арасындағы айырмашъгқтарды анықтап, таным процесінің объективтік және субъективтік критерийлерін (олшеуішін) ажырата білуге көмектеседі.

Екінші жағынан алғанда, гылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге козқарастық және методологиялық түрғыдан жалпы бағдар больш табылады. Ғылыми жаңалықтьщ нәтижелерін (ғылыми білімді) оны ашу процесіне (таным процесіне) қарама-қарсы қоюшы неопозитивистер мен сыншыл рационалистердің (К.Поппер т.б.) әрекеті ғылымды зерттеуші ғалымдардың күшін біріктіріп үйлестіруге комектеспеді. Сондьгқтан ғьшым дамуының гипотезалық-дедукциялық әдісіне негізделген олардың бағыты сынға үшырағаннан кейін оны талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздеу басталды. Ғалымдардың копшілігі неопозитивистердің ғылыми білімді негіздеумен ғана шектелуі жаңа ғылыми идеялар мен гипотезалар табудың немесе жасаудың мүмкіндігін жоққа шығара алмайтьгньша баса назар аударды. Мүндай жүмысты ғылым философтары ғылыми творчество саласында психологиялық зерттеу жүргізуші ғалымдармен және сондай-ақ компьютерлік ғылымдардың өкілдерімен бірлесе жүргізуі тиіс. Жаңа ғылыми идеялар іздеп табу процесіне сын көзбен талдау жасау, жаңа зерттеу проблемалары міндеттерін үсыну ғылыми зерттеудің нақты барысын дүрыс түсінуге мүмкіндіктер тудырады. Сол себепті де неопозитивизмді сынаушылар ең алдымен оның ғылым философиясына қарсы шықты, өйткені ол философия өзінің міндетін тек ғылымды негіздеу ісімен ғана байланыстырды.

Ғылым философиясы  ғылым тарихымен өзара қарым-қатынасқа түскенде жеке тарихи фактілерді баяндаумен ғана шектелмеуі тиіс. Ол ғылымның даму тарихының заңдылықтары мен мөнді байланыстарын ашып беруі тиіс, ғылымның рухани мәдениетпен және практикалық қызметпен жан-жақты байланысын көрсететін зертгеу болашағына бағыт сілтеп, көмектесуі қажет. Сонымен бірге ғылым философиясьшың ойдағьщай дамуы үшін ғылым тарихындағы бай нақты факті материалдарына арқа сүйеп отыруы қажет. Мүндай өзара творчестволық байланыссыз ғылым философиясы қүры бос сөзге айналар еді, ал ақиқат ғылыми дүниеге көзқарассыз ғылым тарихы айқын бағдарсыз, адаскан бірдеңе болар еді.

Ғылым автономиясын, яғни осы күнгі философиядан мүлдем тәуелсіз ғылым концепциясьш үсынушы позитивизмге қарсы қазіргі кезде ғылымды адамның басқа іс-әрекеттерімен тығыз байланысты қүндылықтарды зертгеу проблемасы барған сайын алға тартылуда. Ғылым практикалық іс-әрекетте қажетті нәтижелерге жетуге көмектесетін техникалық қүралдар, таным әдіс-тәсілдерін жасаумен ғана шектелмейді. Ол өзінің қүндылықтар жүйесін басшьшыққа алады. Бүл жүйедегі ең басты қүндылық - объективтік ақиқатты іздеу процесі. Сондықтан қазіргі ғылым философиясында ғылымның ең басты мақсаты мен атқаратын қызметін ғылыми танымға тән қүндылықтар түрғысынан қайта қарау процесі жүргізілуде.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ғьшыми білімнің өсуі мен дамуын аса маңызды проблемаға айналдырып отыр. Осыған байланысты ғылымды дамытудың көптеген түрлі жолдары мен концепциялары үсьшьшуда. Солардьщ ішіндегі бір аса маңыздысы интерналистік деп аталатын, яғни ғылыми білімнің өсуінің ішкі себептері мен мүмкіндіктеріне, факторына негізделген концепциялар ерекше орын алады. Көптеген ғалымдар ғьшым професі ең алдымен объективтік ақиқатты іздеумен жөне оған жетудің рациональдық (тиімді) әдіс-тәсілдерімен анықталады деген көзқарасты үстанады. Алайда кейбір философтар ғылымньщ прогресін дүние жайлы объективті ақиқат білімнің өсуінен гөрі, нақты ғьшыми проблемаларды шешуге ғылымның қаншалықты тиімді екендігімен түсіндіруге тырысады. Ал проблеманың тиімді шешілуі теорияның дамуымен қаншалықты байланысты екендігін еске алсақ, олардың арасыңдағы әлгінде келтірілген қарама-қарсы қоюдың қисынсыздығын байқау қиын емес. Міне сондықтан да ақиқат білім ғылымның ең негізгі қүндылығы болып табылады. Олай болса, ғылыми танымның бүкіл қызметі ақиқатты іздеуге және негіздеуге бағытталуы тиіс.

Ғылым философиясының қазіргі ғылыми-техникалық революциямен тығыз байланыстылығының екінші бір маңызды көрінісі - оның дамуында біртіндеп болатын эволюциялық өзгерістер мен бірден болатын түбірлі сапалық, революциялық өзгерістердің өзара байланыста болатындығы. Бүл проблеманы талқылау батыстың ғылым философиясында 1970 жылдары, американдық ғылым философы өрі тарихшысы Т. Кунның "Ғылыми революциялардың қүрылымы" деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін басталды. Ол бүл кітабында ғылым дамуына деген кумуляциялық көзқарасты сенімді түрде орынды сынады. Бүл теория бойынша, ғылым дамуы көп жаңа ғылыми ақиқаттардың үздіксіз жай жинақталуынан ғана түрады; жаңа ақиқаттарды іздеу, жаңа зандардың ашылуы және жаңа ғылыми теориялардың қүрылуы бүрын түжырымдалған заңцар мен теорияларға ешқандай әсерін тигізбейді. Т.Кун астрономия, механика, физика мен химия ғьшымдарынан көп нақты мысалдар келтіре отырып, ғылым дамуының кумуляциялық үғымының қателігін көрсетіп, ғылым дамуында революциялық өзгерістердің қажетті түрде болатынын дәлелдеді. Ол ғылымдағы революция деп ғьшымның даму барысында зерттеудің бір парадигмасынан екіншісіне өту арқылы бүрьшғы түсініктердің қайта қаралуын, сөйтіп зерттеудің жаңа стратегиясына өтуді түсінді. Аталған кітаптың төңірегінде өрбіген айтыстар мен дискуссиялар ғылымның дамуына тарихи көзқарастың қалыптасуына көмектесіп, сонымен бірге ғылым тарихына тек баяндаушылық түрғыдан ғана қарауға болмайтындығын көрсетті.

Сонымен, ғылым философиясы ғылымды әр түрлі түрғыдан талдайтын жеке пәндер үшін дүниеге көзқарастық бағдар сілтеуші болып табьшады, себебі ол ғылыми білімнің табиғаты мен қүрылымын жөне сондай-ақ дүние туралы объективтік ақиқат білім алудың әдіс-тәсілдері мен нормаларын зерттейді.

Қазіргі заманғы ғылым философиясының кейбір бастама идеяларын антик заманы философиясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін, математикалық білімдерді қүрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады. Ертедегі гректердің тәжірибелік білімдерінің дамыған жүйесі болмағандықтан, XVII ғ. Жаңа заман ғылымына тәжірибелік (эмпириялық) зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасаудан бастауға тура келді. Осы мақсатта ағылшынның XVII ғ. философы Ф.Бэкон зерттеудің индукциялық әдісін жасады. Сонымен қатар италиян ғалымы Г.Галилей бақылау мен математикалық есептеу әдісін біріктіретін әлдеқайда күрделі де нәзік зерттеу әдістерін жасады. Олардың ішіндегі ең бір маңыздысы - эксперименттік әдісті Галилей механикалық қозғалыстың қарапайым формаларын зерттеу үшін қолданды. Бүл әдістің ерекшелігі сол, ол табиғат қүбылыстарын натурфилософтар сияқты белгісіз бір күштердің және натурфилософиялық принциптердің көмегімен түсіңціруден бас тартты. Мүның орнына ол арнайы эксперименттер жасап, солардың көмегімен белгілі бір гипотезалар қүру арқьшы табиғатқа "сүрақтар қоя" бастады. Ол гипотеза-сүрақтарды тексеру үшін эксперименттердің нәтижесін математикалық түрғыдан өндеу тәсілін қолданды. И.Кеплер планеталар қозғалысының зандарын ашты және ақыр соңында И.Ньютон жасаған классикалық механика мен гравитация теориясы дүниенің механикалық көрінісін (бейнесін) жасауды аяқтады.

Дүниенің бүл ғылыми бейнесінің негізін қүрған шындық дүниені ең жалпы детерминистік зандар басқарады деген түсінік болды, яғни дуниенің механистік көрінісінің мәні механикалық детерминизм принципінде деген үғым берік орнады. Осы түрғыдан қарағанда, шындық дүниеде барлық заттар мен қүбылыстар механикалық себептер мен салдарлардың үздіксіз байланысынан түрады, сондықтан олардың бәрі алдын ала белгіленген деген түсінік үстем болды.

Астрономияда, физика мен химияда үстем идеяға айналған қүбылыстардың өзара занды байланысы туралы түсінік социология ғылымының бастамашысы болған және классикалық позитивизмнің негізін салған Огюст Контқа қатты әсер еткені сонша, ол механистік принципті қоғам өміріне қолдануға кірісті. Ол қоғамдық ғыльгмдардағы түрліше қияли-утопиялық жобалардан бас тартып, өлеуметтік өмірдің нақты фактілерін зерттеуге кірісу қажет, оларды мүқият тадцау, жүйеге келтіру және жалпылау арқылы социологияны әлеуметтік физикаға айналдыруға болады деп есептеді. Ал ғылым философиясына келсек, ол ғылым ешқандай философияны қажет етпейді, нақты гылымдардың үстінен қарайтын, сөйтіп оларға өз принциптерін жүктейтін метафизикадан ешқаңдай пайда жоқ деп санады. Сондықтан позитивтік (оң) философияның міңцеті ғылыми танымның нақты нәтижелері мен қорытындыларын жай талдау, классификациялап, жүйеге келтіру ғана деп түжырымдады О.Конт. Оның пікірінше, ғылым қайсы бір қүбылыстар не себепті пайда болды деп сүрақ қоймастан, қалай пайда болғанын жай баяндап беруге міндетті. Осылайша қүбылыстардың түпкі себебі мен мәнін зерттеуден бас тарту кейіннен позитивизмнің басты бір ережесіне айналды.

Белгілі ағылшын философы, экономисі Джон Стюарт Милль "Логика системасы" деген кітабында ғылымды индукциялық логиканың көмегімен тәжірибелік түрғыдан негіздеу дәстүрін жалғастыра отырып, өзінен бүрын Ф.Бэкон түжырымдаған иңцукцияның ережедерін жүйеге келтіріл, әрі қарай жетілдірді. Тәжірибеге жүгіну индукцияны негіздеу үшін жеткіліксіз екенін түсіне отырып, Милль табиғаттың біркелкі екендігі туралы априорлық принципті енгізді, сөйтіп эмпиризмнен алшақ кетті.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басына қарай ғалымдардың назары жаратылыстануда революция тудырған физика мен химияда болған үлы жаңалықтарға ауды. Табиғи радиоактивтіктің ашылуы, энергияның сәулеленуі мен жүтылуьгньщ дискреттік сипаты, бүған дейін материяның ері қарай бөлінбейтін ең кіші бөлшегі деп есептеліп келген атом қүрылысьгньщ күрделі екендігінің ашылуы - мүның бәрі классикалық физика жасаған дүниенің ғылыми көрінісі жайлы ғалымдардың түсінігін түбірінен өзгертті. Оның орнына кванттық механика мен салыстырмалылық теорияға сүйенген дүниенің жаңа ғылыми көрінісі келді. Бірақ материя, энергия, кеңістік пен уақыт туралы бүрынғы түсініктердің түбірлі өзгерісі ғалымдардың кейбір тобының арасында ғылым зандары мен үғымдарының объективтік мазмүнына күмәнданушылық тудырды. Мүндай релятивизмді жақтаушылар, егер үғымдарымыз бен принцигггеріміз өзгереді екен, онда олардьщ мазмүныңда анық ақиқат ештеңе болмағаны деп пайымцацы. Мүндай жағдайда ғылыми білімдердің салыстырмалылық мәселесі, салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттардың арақатынас проблемасы бірінші қатарға шығатыны табиғи нәрсе.

XX ғасырдың 30 жылдарында ғылым философиясында XIX ғасырда позитивистер күн тәртібіне қойған проблемалар қайта көтеріле бастады. Ол проблемаларды шешу үшін зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдері, атап айткаңда, сол кезге қарай жасалған математикалық (символдық) логика әдістері қолданыла бастады. Вена үйірмесінің және кейіннен неопозитивистер деп аталған эмпириктік философияның Берлиндік тобының өкілдері ғьшым тіліне логикалық талдау жасау, сөйтіп теориялық физиканың тілі сияқты бір ізге келтірілген ғьшыми тіл жасау — ғылым философиясының басты мақсаты деп жариялады. Осыған байланысты неопозитивистер логикалық позитивистер деген екінші атауға ие болды.

Тек тәжірибелік білімді ғана ақиқат білім деп санаған неопозитивистер теориялық үғымдар мен пікірлерді қабыддау арқылы алынған сөйлемдерге жатқызуға тырысты. Осы сияқты мақсатты көздей отырып, қабыддауға негізделген таза тіл жасауға әрекеттеңді. Бірақ олардың бүл әрекеті іске аспады, өйткені ғылым тілін теориялық терминдерден тазарта алмады. Верификация критерийінің көмегімен олар философиялық ой-пікірлер мазмүнсыз деп жариялауға әрекеттенді, өйткені оларды тәжірибелік жолмен тексеру мүмкін емес. Бірақ бүдан түк шықпады, өйткені онда таза математикалық теоремаларды да, тіпті жаратьшыстанудың негізгі теориялық қағидаларын да жалған деп жариялауға тура келер еді.

Неопозитивистік ғылым философисы жаңа білімді іздеу және дамыту проблемаларын мүлдем қарастырмай, дайын білімдерді тексерумен және негіздеумен ғана айналысуды өз міндеті деп санайтынын жоғарыда айттық. Ғьшыми жаңалық ашу проблемаларымен ғьшыми творчество психологиясы айналысуы тиіс деп санайды. Осындай міндетті басшылықкд алған неопозитивистер ғьшыми зерттеудің гипотезалық-дедукциялық әдісін қолданды. Бүл әдіс бойынша, гылым философиясы гипотезалар жасаумен немесе ойлап табумен айналыспай, гипотезаларды, гылыми жорамалдарды логикалық жағынан таддаумен, яғни олардан туатын қажетті логикалық салдардың бәрін корытып шығарып, оларды эксперименттермен және бақылаулардың нәтижелерімен салыстыру ғана.

Карл Поппер ақиқатты анықтаудың верификациялык критерийіне қарсы шығып, оның орнына шын ғылымды жалған ғылымнан айырудың басқа критерийін үсынды — ол ғылыми гипотезалар мен теорияларды фальсификациялауга, яғни бекерлеуге негізделді. Поппер бірақ ғылым философиясы ғылыми білімді негіздеу мәселелерімен ғана айналысуы тиіс деген неопозитивистердің басты тезисін теріске шығармады.

Ғылым философиясының неопозитивистік түсінігі қатаң сьшға көп үшырап, кейін басқа түсініктермен, көзқарастармен ауыстырылуға мәжбүр болды, сөйтіп оның орнына көптеген оған қарама-қарсы бағытгар, козқарастар мен мектептер пайда болды. Солардың ішіндегі ең беделдісі ғылыми білімді зерттеу процесіне тарихи көзқарас түрғысынан қарау болды. Қазіргі ғылым философиясын зерттеудің одан басқа да жаңа бағыттары шықты.

Негізгі әдебиет: 1,2, 3.

Қосымша әдебиет: 11, 12, 15.

2-дәріс. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым.

Лекцияның мақсаты: Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Қоғамдағы ғылымның рөлі мен функциялары. Ғылым және философия. Философия мен ғылымның өзара байланысының тарихы туралы магистранттарға түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Өркениет пен мәдениет жүйесіндегі ғылым.

Қазіргі ғьшыми-техникалық прогресс.

Ғылыми білімнің өсуі мен дамуы.

Кілттік сөздер: Ғылыми идея, ғылым онтология, ғылымның постпозитивизм.

Ғылымды оқып үйренудің негізгі аспектілерінің өзіне тән ерекшелігі мен өзара байланысы: ғылым логикасы, ғылым философиясы, ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы және басқа бағыттар. Ғылым тарихының статусы мен мәселелері. Ғылым философиясы мен ғылым тарихының өзара байланысының ерекшеліктері.  Ғылым философиясының әдіснамалық негіздері. Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Қоғамдағы ғылымның рөлі мен функциялары. Ғылым және философия. Философия мен ғылымның өзара байланысының тарихы. Ғылымның жетістіктерін философиялық тұрғыдан түсіну:  негізгі позициялар, ғылымның мәселелерін талқылау, ғылымдағы философияның функциялары (тарихи ракурс). Ғылымның дамуына философиялық концепциялардың әсері. Ғылым және өнер. Ғылым және дін. Ғылымның әлемді діни тұрғыдан қабылдауға тигізетін әсері. Дін мен ғылымның сұхбаты. Ғылымның әлеуметтік статусы және дінге деген қатынас өзгерістерінің динамикасы. Ғылым және білім. Ғылымның дүниетанымдық аспектілері. Ғылым өндіргіш күш ретінде. Ғылымның гуманистік көкжиектері. Ғылым және парасаттылық. Ғылымның құндылық статусы. Ғылымдағы жеке тұлға. Ғылым тарихының әлеуметтік қырлары. Ғылымдағы әлеуметтік табиғаты мәселесі ретінде. Ғылыми идеялар  тарихындағы философия. Ғалымдар шығармашылығындағы философияның рөлі. Ғылымның философиялық және әдіснамалық мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде (құбылыстар тарихына). XX ғасырдағы ғылымдардың философиямен берік байланысы (А.Эйнштейн, Н.Бор, М.Бори, В.Гейзенберг, В.И.Вернадский, Қ.И.Сәтпаев және т.б.).  Ғылым концепциялары:  ғылым философиясы мен ғылымдар әдіснамасындағы негізгі ыңғайлар. Ғылымның қазіргі кезеңдегі концепцияларының жіктелуі,  неопозитивизм, ғылыми зерттеу логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постпозитивтік бейнесі.

Негізгі әдебиет: 1, 3, 5.

Қосымша әдебиет: 10, 12, 13.

3-дәріс. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері.

Лекцияның мақсаты:  Магистаранттарға ғылымның пайда болу мәселелері, ғылымның тууы тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттер жиынтығы және білімнің ерекше түрінің қалыптасуы туралы ұғымдарын түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Ғылымның тарихы мен теориялық моделінің арақатынасы.

Ғылым философиясы  ғылым тарихымен өзара қарым-қатынасқа түсуі

Ғылымның тууы тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттер

Кілттік сөздер: Алхимия, астрология, эксперименталдық әдіс.

Ғылымның пайда болу мәселелері. Ғылымның тууы тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттер жиынтығы және білімнің ерекше түрінің қалыптасуы ретінде. Ғылымның тарихы мен теориялық моделінің арақатынасы. Ғылым және миф. Ғылым және технология. Ежелгі мәдениет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері және алғашқы ғылым. Месопотамияның, Египеттің, Қытайдың және Үндістанның мәдениеттері, өркениеттік бағалар, дамудың технологиялық жоспары, математикалық, астрономиялық, медициналық білімдердің тәжірибелік мақсаттары мен қолданбалы сипаттары. Көп мәнді "ғылым" ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет.Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, өндіруге бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен қүбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитьш әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі. Ғылым үғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. Ғылым кадрлар даярлаудың және қайта даярлаудың кесіптік жүйесі ретінде XIX ғасырдың алғашқы жартысында Германияда қалыптасты. Ғылым әлеуметтік институт ретінде Жаңа заман дөуірінде туғанымен, бірақ мұндай мазмүнға шын мәнінде XIX ғасырдың ортасында немесе екінші жартысында ие болды, ол тікелей өңдіргіш күшке айналуы XX ғасырдың екінші жартысыңда өнеркәсібі дамыған елдерде ғана іске асты. Егер ғылым деп қоғамның тарихи қалыптасқан рухани өмірінщ, қоғамдьгқ санасьшың бір формасын түсінетін болсақ, яғни белгілі бір гносеологиялық стандартқа (үлгіге) сүйенетін форма ретінде түсінетін болсақ, онда мәселе ол үлгілердің шартты белгі түрінде қалыптасуына келіп тіреледі. Ал мүндай стандартты үлгі ретінде ақыл-ой арқылы негіздеу, дәлелдеу теориясын түсінетін болсақ, онда ғылым антик заманындағы Грецияда туды деп мойындауға тура келеді, өйткені ондай ақыл-ой стандарттары алғашыңда ертедегі Грецияда тұжырымдалды. Ежелгі Грекия - ғылымның пайда болған ошағы. Шығыс мифтері мен ежелгі шығыс өркениеті білімдерінің грек мәдениетіне, философияға және жаңа пайда болып келе жатқан ғылымға тигізетін әсері. Антикалық логика мен антикалық математиканың тарихи, мәдени және ғылыми мағынасы. Батыстағы ортағасырлардағы ғылыми таным. Логиканың, ойлаудың логикалық нормаларының дамуы және ортағасырлардағы ғылымды ұйымдастыру. Дінтану және оның танымдық ұстанымының өзгеріске ұшырауы. Алхимия, астрология, магияның табиғи обьектілерді қабылдау ерекшеліктері.Ортағасырлардағы шығыс ғылымы. Ортағасырлардағы Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс мәдениеттеріндегі ғылыми танымның даму себептері мен шарттары. Математикалық білімнің, алгебралық, медициналық, логикалық және басқа ғылымдардың дамуы (әл–Хорезми, әл–Фараби, ибн Сина, әл–Кинди және басқалары).

Жаңа еуропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы. Табиғатты материалдық жолмен бейнелеу мен эксперименталдық әдістің пайда болуының алғышарттары. (Г.Галилей, Ф.Бэкон, Р.Декарт). Эксперименталдық ғылымның пайда болуының әлеуметтік–мәдени алғышарттары, ғылымды әлеуметтендіру, ғылымды институциализациялау. Жаратылыстану білімдерінің қалыптасу ерекшеліктері. Жаңа заманғы жаратылыстанушылардың рөлі. Ғылыми ойдың философияға тигізетін әсері (Р.Декарт, Лейбниц, Кант). Қазіргі кезеңдегі ғылым мәселесін батыс еуропалық өркениеттің пайда болуы ретінде қарастыру. Пәндік ұйымдасқан ғылымдардың пайда болуы. Техникалық ғылымдардың пайда болуы. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың қалыптасуы. Әлеуметтік және тарихи білім.

Ғылыми іс-қызметті ерекше кәсіпке айналдыру. Қазіргі кездегі ғылымның ерекшеліктері және ғылыми әлемнің өзгеріске ұшырауы. Ғылымның бірлігі және оның кейбір салаларының байланысы. Қазіргі кезеңдегі ғылымның жалпы белгілері мазмұнының ауқымдылығы, нақты теориялар мен нақты әдістердің жаңа сатысы, адамдардың өзге адамдардың іс-әрекеттеріне қатынасының жаңа белгілері, техникаға қатынасының өзгерісі, білімнің модельдері. Адамзат тарихындағы техникалық төңкерістер және ғылым. Қоғамды әлеуметтік ұйымдастыруды технология мен өндірістің дамуы тұрғысынан жіктеуді түбегейлі ғылымдардың жетістігі деп түсіну.

Ғылым дамуының негізгі белгілері: классикалық, классикалық емес, неоклассикалық емес (бейклассика, бейнеоклассика деп те жазуға болады).

Жаратылыстану ғылымдарының, техникалық ғылымдардың, әлеуметтік–гуманитарлық пәндердің пәндік қалыптасуы, оларды салыстырмалы талдау.

Негізгі әдебиет: 1,2, 3.

Қосымша әдебиет: 8, 10, 15.

4-дәріс. Ғылыми білімнің құрылымы: негіздері, эмпирикалық және теориялық негіздері.  

        Лекцияның мақсаты: Ғылымның дамуы. Ғылым тарихының модельдері. Ғылыми білім мен ғылымның даму концепциялары туралы мағлұмат беру.

       Лекцияның жоспары:

Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.

Ғылымдағы теориялық пен эмпирикалық, түбегейлілік пен қолданбалылық.

Ғылыми пәннің құрылымы.

Кілттік сөздер: Ғылымдағы теориялық пен эмпирикалық, разум, рассуддокқа.

Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде. Ғылыми білім типтерінің алуан түрлілігі. Ғылымдағы теориялық пен эмпирикалық, түбегейлілік пен қолданбалылық. Ғылымның интеграциясы мен дифференциациясының негізгі бағыттары .Ғылымның философиялық негіздемесі Зерттеудің пәнаралық бағдарламасы.  Ғылыми негіздеу типологиясы. Ғылыми теория ғылымның компоненті ретінде. Ғылымның философиялық негізі. Ғылыми пәннің құрылымы. Әлемнің ғылыми және философиялық көрінісі. Әлемнің ғылыми көрінісінің тарихи формалары. Ғылымдарды топтау мәселесі. Ғылымда эмпириялық таным бақылау мен эксперименттің мәліметтерін талдап, үғынудан басталады, осының нәтижесінде эмпириялық объекттер туралы түсініктер пайда болады. Мүндай объекттер шындық нәрселерінің қасиеттері мен қатынастарьш немесе істің шын мәнін терминдердің және эмпириялық тілдің сойлемдерінің комегімен түсіндіреді. Бірақ оларды танып білу, кейде ойлағандай, тікелей жүзеге аспайды, сезімдік таным арқылы жанама жолмен іске асады. Демек, эмпириялық объектілерді сыртқы дүние нәрселерімен тікелей байланысты сезімдік объектілердің моделі (үлгісі) ретінде қарастыруға болады.

Танымның эмпириялық деңгейін талдауды қорытьшдылай отырып, ол танымның сезімдік сатысымен сәйкес келмейтінін тағы да атап көрсеткен жен. Сезімдік таным эмпириялық танымның алғышарты болып табылады - олар бір-біріне сәйкес тепе-тең процесс емес. Сондықтан түйсіктер мен қабылдаулар, дәл айтқанда, эмпириялық танымның емес, сезімдік танымның формалары болып табылады — оларда жай пайымдау (орысша - расудок1) айтарлықтай роль атқарады. Жай пайымдаушы ой рациональдық (логикалық) танымның төменгі сатысын құрады. Жай пайымдау сезімдік танымның материалдарына сүйене отырып, олардан үгым, пікір қүрады, оларды классификациялап, бір жүйеге келтіреді, бірақ олардың мәнін ашып, зандылықтарын түжырымдай алмайды. Сөйтіп, жай пайымдау сатысында сезімдік танымньщ материалдарын талдаудьгң нәтижесінде жеке-дара абстракциялар (үғымдар) пайда болады, бірақ олар әлі өзара байланысқан біртүтас жүйелі білімге айналмайдьі. Ондай өзара байланысқан, біртүтас теориялық жүйеге біріктірілген жеке абстракциялар системасы терең "түжырымдаушы ақыл-ой" категориясы деңгейінде пайда болады  - бүл соңғы рациональдык (логикалық) ойлаудың әлдеқайда дамыған, жоғары сатысы болып табылады.

Теориялық таным жеке үғымдар мен пікірлерден бастап, жеке ғылымдарды және ғылым аралық зерттеулерді қамтитын теорияларды және теорияларға дейінгі түрлі рациональдық таным формаларын қүрудан көрінеді. Теориялық танымның негізгі элементтері, жалпы алғанда, мыналар: а) дәл анықталған ғылыми факгілер; ә) бір топ фактілердің жиынтығына қатысты жинақтаушы үғымдар мен пікірлер; б) жеке абстаркциялардық (үғымдар мен пікірлердің) ішкі байланысын тауып, біртүтас теориялық жүйеге біріктіру; в) сол ғылым зерттейтін бір қатар қүбылыстарды біріктіріп түсіндіруші зандылықтар жүйесін біріктіретін теория түжырымдау; г) бірнеше туыстас ғылымдардың жеке теорияларын біртүтас теориялық жүйеге біріктіру. Бүл таным процестерінің алғашқы екі элементі ғылыми танымның эмпириялық сатысына, кейінгі үшеуі теориялық сатысына жатады.

Орыс тілінде келтірілген ол философиялык категориялар классикалык неміс философиясында XVIII-XIX гасырларда (И.Кант, Г.Гегель) пайда болған - олар ақыл-ойдын дүние танымдық қызметінің екі деңгейін біддіру үшін кабьи алынған. Атап айтқанда, "рассудоктың" танымдагы негізгі кызметі түйсік, қабылдау арқылы алынатын сезімдік материалдарды ойша реттеу, жүйеге келтіру болса, ал "разум" "рассуддокқа" сүйене отырып, шындық дүниенің мөнін, заңдылықтарын ашып беретін таным қызметі, жасампаз ойлау процесі деп түсінілген. Демек, разумның көмегімен ойлау процесі танымның нәтижелерін синтездеп қосып, жаңа идеялар, теориялар түжырымдайды. Көп ойлана, толғана келе осы екі философиялық терминді біз "жай пайымдау" (рассудок) және "терең түжырымдаушы" ой (разум) деп алдық.

Теориялық таным деңгейі абстракциялар мен идеализациялауды кеңінен қолданумен байланысты. Танымның бүл деңгейі эмпириялық зандарға қарағанда әлдеқайда жалпы заңцарды зерттеуге көшумен аяқталады. Сондықтан теорияльгқ зандар кейде байқалмайтьш объекгілер туралы заңдар деп аталады, ал бүған қарама-қарсы эмпириялық заңдар байқауға болатын объектілер туралы зандар деп қарастырылады. Мысалы, газдың көлемінің қысымға кері пропорциялық тәуелділігі туралы Бойль-Мариотта заңы эмпириялық заңға жатады, өйткені ол тәуелділікті тікелей көруге және өлшеуге болады. Ал, бүған керісінше, материяның молекулалық-кинетикалық теориясьша негізделген теориялық заңдар атом және молекула деген көзге тікелей көрінбейтін объектілерді пайдалануды қажет етеді. Тағы бір мысал. Биологиядағы организмдердің түқым қуалау зандылығы тікелей байқауға болмайтын заң болса, ал тіршілік үшін күрес заңының көрінісін жануарлар арасындағы қарым-қатынастардан (мәселен, қой мен қасқырдың, мысық пен тышқанның т.б. арасындағы қарым-қатъшастардан) байқауга болады. Бірақ, сонымен бірге, екінші биологиялық занды тікелей байқалмайтын зандардың қатарына жатқызуға болады, өйткені "күрес" деген сөз метафоралық мағынада қолданылып отыр.

Әрине, теориялық зандар мен эмпириялық заңдарды бір-бірінен бүлайша бөлу адамның дүниетану мүмкіндіктері түрғысынан алғанда қажетті, орынды болғанымен, бірақ олардың арасынан мүндай шекара жүргізу теориялық зандардың, жалпы теориялық білімнің өзіне ғана тән сапалық айырмашылығын, табиғатын ашып бере алмайды. Бүл айырмашылықтарды тек салыстырмалы түрғыдан ғана қарастыруға болады, өйткені, олай болмағанда, теориялық зандарды логикалық жолмен эмпириялық (тәжірибелік) білімдерден қорытып шығаруға болмас еді, ал іс жүзіңце тәжірибелік білімдер мен теориялық білімдер диалектикалық бірлікте дамиды.

Негізгі әдебиет: 1,2, 3.

Қосымша әдебиет: 6, 8, 11.

5-дәріс. Ғылыми революция (төңкеріс) және ғылыми рационалдық.  

Лекцияның мақсаты:  Магистранттарға ғылыми-техникалық революцияға байланысты ғылымның дамуы мен қозғаушы күштері. Ғылыми төңкерістердің мәні. Ғылыми төңкерістердің құрылымы, ерекшеліктері туралы түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Ғылыми төңкерістер ғылымдар негізін қайта құру ретінде.

Ғылыми рационалдық ұғымы, өзіне тән ерекшелігі, концепциялары.

Кілттік сөздер: Ғылым тарихының модельдері, Классикалық және классикалық емес рационалдық, ғылыми-техникалық революция.

      Ғылымның дамуы. Ғылым тарихының модельдері. Ғылыми білім мен ғылымның даму концепциялары. Ғылыми төңкерістердің мәні. Ғылыми төңкерістердің құрылымы. Ғылыми төңкерістер ғылымдар негізін қайта құру ретінде. Ғылыми төңкерістердің типологиясы. Ғылыми революцияның  концепциялары. Ғылымдағы қайта құрулардың факторлары. Ғылыми төңкерістің мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Ғылыми төңкерістер мен парадигмалар. Парадигма және ғылыми қауымдастықтың құрылымы. Ғылымның өрлеуіндегі төңкерістер мен дәстүрлер. Ғылыми рационалдық ұғымы, өзіне тән ерекшелігі, концепциялары.

Классикалық және классикалық емес рационалдық. Зерде және мәдениет. Рационалдықтың әр түрлі формалары. Рационалдықтың құрылымы мен типологиясы. Ғылыми рационалдықтың даму детерминанттары. Рационалдықтың тарихи типтері. Классикалық ғылыми рационалдықтың генезисі. Ғылыми рационалдық және техника. Технизация және өмірлік әлем. Рационалдық жобаны сынау. Классикалық емес және постклассикалық емес рационалдық.

Ғылыми рационалдықтың эпистемологиялық сипаттамасы. Дәстүрлі эпистемологиядағы объективизм идеясы. Объективизмді сынаудың феноменологиялық және аналитикалық түрлері. Субъективті және коммуникативті рационалдық. Гносеологиялық релятивизм. Ақиқат және құндылық. Құндылықтық релятивизм.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында қоғамның ендіргіш күштерін дамытуда ғылымның маңызының орасан артуына негізделген технологиялық детерминизм концегщиясы кең оріс алуда. "Ғылым "ең жалпы білім" ретіңде, - деп жазды ірі ғылым философы Д.Белл, — қазіргі заманғы қоғамның негізгі өндіргіш күшіне айналды".1 Қазіргі заманғы технократтар ондіріс техникасы мен технологиясын қоғам дамуының шешуші күшіне айналдыра отырып, техника мен технолоигияның қоғамда қалыптасқан олеуметтік-экономикалық жағдайларға тәуелді екенін жеткілікті бағаламайды, ал кейбіреулері оны мүлдем жоққа шығарады. Олар ғылым тек өндірістің мүқтаждарын орындаушы ғана дей отырып, оның ішкі даму зандарын теріске шығарады.

Негізгі әдебиет: 1,2, 5.

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12.

6-дәріс. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері.

Әлеуметтік иниститут ретіндегі ғылым.

Лекцияның мақсаты:  Қазіргі кезеңдегі постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы. Ғылыми зерттеулердің жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру. Пәнаралық принциптер және синергетикаф принциптері барысын түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары.

Ғылыми ақпараттардың өсуі  және ғылыми әлемнің өзгеріске ұшырауы.   

Ғылымның әлеуметтік институтын анықтау.

Философия және жеке ғылымдар.

Кілттік сөздер: постклассикалық емес ғылым, системалық, эволюциялық және синергетикалық әдістер.

Қазіргі кезеңдегі постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы. Ғылыми зерттеулердің жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру. Пәнаралық принциптер және синергетикаф принциптері. Дамушы жүйелер жөніндегі қазіргі кезеңдегі түсініктердің дамуындағы сызықты емес динамиканың рөлі. Зерттеудегі құндылықтар. Ғылымның этосы. XX ғасырдың соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және ғылымдағы гуманитарлық бақылау. Ғылыми–техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік–гуманитарлық сараптау. Зерттеудің құндылықтық бейтарап идеалының дағдарысқа ұшырауы.

Сциентизм және антисциентизм.  Ғылым және ғылымнан тыс ғылым (паранаука), жалған ғылым. Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жарамдылық контексі. Ғылыми ақпараттардың өсуі  және ғылыми әлемнің өзгеріске ұшырауы.   

Ғылымның әлеуметтік институтын анықтаудың әр түрлі жолдары. Ғылыми әрекеттің институционалды формасының тарихи дамуы. Ғылыми қауымдастық пен оның тарихи типтері (XVII ғасырдағы ғылым "республикасы", тәртіппен ұйымдасқан ғылым дәуіріндегі ғылыми қауымдастық, ХХ ғасыр ғылымының пәнаралық қауымының қалыптасуы). Ғылыми мектептер. Ғылым кадрын дайындау. Ғылыми білімді тасымалдау тәсілінің тарихи дамуы (қолжазбадан қазіргі компьютерге дейін). Ғылымдарды компьютерлеу мен оның әлеуметтік салдары. Ғылым мен экономика. Ғылым мен билік. Ғылым мен технологиялар. Ғылыми ізденістердің құпиялылығы мен жабықтығы мәселесі. Ғылымды мемлекеттік реттеу мәселесі.

Ғылымаралық және интеграциялық зерттеу тәсілдеріне соңдай-ақ эволюциялық принцип те жатады - ол қазіргі ғылымда бүкіл ғаламдық эволюционизм деген атауға ие болды. Ғылымаралық зерттеу тәсіліне сондай-ақ күрделі системаларда процестердің өздігінше үйымдасуын зерттеудің синергетикалық әдісі де жатады. Атап айтқанда, системалық, эволюциялық және синергетикалық әдістер қазіргі заманғы ғылыми ізденістің стратегиялық бағыттары болып табылады және олар қазіргі заманғы дүниенің жалпы ғылыми бейнесін (көрінісін) жасаудың алғышартын құрады.Эмпирикалық зерттеудің әдістері. Теориялық зерттеудің әдістері. Зерттеудің жалпы логикалық әдістері мен тәсілдері. Түсіну және түсіндіру.

Ғылыми зерттеудің әдіснамасы: әдіс ұғымы.

Әдіс мәселесін зерттеуге философтардың қосқан үлесі. Сократ пен Платонның сұхбаттасу әдісі, Ф.Бэконның индуктивті әдісі, Р.Декарттың рационалистік әдісі, Фихтенің антитетикалық әдісі, Гегель мен Маркстың диалектикалық әдісі. Қазіргі батыс философиясындағы әдіс мәселесінің алатын орны: ғылым философиясы, позитивизм, структурализм, аналитикалық философия, герменевтика, феноменология. Герменевтика әдісі, Гуссерльдің феноменологиялық әдісі, құрылымдық-функционалды әдіс, сыни әдіс және т.б.

Әдістің негізгі қызметтері. Әдістің негізгі мән-мақсаты. Әдіснама ұғымы. Философияның әдіснамамен байланысы. Әдіснаманың логикамен байланысы. Ғылымның логикалық зерттеулері. Ғылым тарихы ғылым әдіснамасын жасаудың эмпирикалық базасы ретінде.

Теория және әдіс. Теория мен әдістің айырмашылығы: әдістің детерминанттары. Әдістің объективті және субъективті аспектілері.

Әдісті жіктеу. Әдісті жіктеудің негізгі өлшемдері. Әдістің негізгі аспектілері: объективті-мазмұндық, операционалды, праексологиялық. Әдістің негізгі белгілері. Философиялық әдістер. Жалпы ғылыми әдістер. Жеке ғылыми әдістер. Пәндік әдістер. Пәнаралық зерттеулердің әдістері.

Философия және жеке ғылымдар.

Философия мен жеке ғылымдардың  арақатынасының негізгі модельдері.

Метафизикалық ыңғай: оның негізгі формалары – спекулятивті және позитивті.

Спекулятивті топшылаудың негізгі түрлері: натурфилософия (табиғат философиясы) және тарих философиясы.

Позитивті: позитивизмнің негізгі тарихи формалары.

Диалектикалық ыңғай: негізгі принциптері мен формалары.

Релятивистік ыңғай: негізгі принциптері. Мәдени релятивизм.

Білім беру мен мәдениет. Білім берудің деңгейлері тұлға әлеуметтенуінің кезеңдері ретінде. Білім беру концепциясының құрылуының жалпы негіздері. Бала бейнесі және педогогикалық теория. Білім беру концепцияларының психофизиологиялық негіздері: интеллект, қабілет, жыныс айырмашылықтары т.б. Білім беру теориясы мен практикасы.

Мәдениет тарихындағы білімдік канондарының өзгеруі. Жанұя мен білім беру. Білімді ер адам және білімді әйел. Үзілмес білім берудің қазіргі  концепциясы.

Жоғары білім және идеология. Европа мәдениетіндегі университеттің миссиясы. Институттар, университеттер және академиялар – кеше, бүгін, ертең.

Білім беру процесінің ішкі шындығы. Білім беру процесіндегі құндылықтар мен идеологиялар. Тұлғаның әлеуметтенуі процесінде білім берудің орны, білімділіктің канондарын, педогогикалық концепцияларды қамтитын білім беру технологиялары. Білім беру – қызмет айырбасы ретінде. Білім беру – коммуникативті процесс ретінде. Білім беру – субмәдениеттердің өзара ену процесі ретінде. Білім беру процесінің кеңістік–уақыттық параметрлері. Білім берудегі уақыттың маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері.

Саясат және білім беру. Қазіргі мәдени және саяси шынайылық. Мемлекеттің білім беру саясаты. Білім беру қадағалау және сүзгі тәсілі ретінде. Білім беру – болашаққа капитал алу және статус үшін күрес ретінде. Білім беру саласындағы стандарттау. Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру контексінде білім беру жүйесін реформалау. ҚР-да білім беруді реформалаудың нормативті негізі: “Білім беру” (1999 ж.); “2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясы” (2003 ж.); “Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы” (1995 ж.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері. ҚР білім беру жүйесінің мақсаттары. ҚР-да білім беру бағдарламалары және шарттары. Азаматтық білім беру идеясы. Діл және білім беру. Ұлттық білім беру: ұғым және мәселелері. ҚР-да білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Отандық білім беруді әлемдік евразиялық білім беру кеңістігіне интеграциялау. 1997 жылдағы Лиссабон конвенциясы. Жаһандану және интернационализация жағдайындағы ұлттық білім беру. Әлем мәдениетін қалыптастырудағы білім берудің ролі.

Негізгі әдебиет: 1,2, 4.

Қосымша әдебиет: 10, 12, 15.

7-дәріс. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. 

Лекцияның мақсаты:  Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет. Жаратылыстану мен техниканың дамуы. Жаратылыстану мен қоғамның әлеуметтік өмірі мәнін түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Жаратылыстану білімдерінің қалыптасу ерекшеліктері.

Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет.

Жаратылыстану мен техниканың дамуы.

Жаратылыстану мен қоғамның әлеуметтік өмірі.

Кілттік сөздер: Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет.

Ертедегі антик заман ғылымында тәжірибелік жаратылыстану болмағандықтан, онда зерттеудің тек теориялық әдістері ғана түжырымдалды. Аксиомалық әдіс пен дедукциялық дәлелдеу логикасы сондай теориялық әдістер еді.

Эксперименттік жаратылыстанудың шыгуына байланысты XVII ғасырда табигатты тәжірибелік түрғыдан зерттеудің әдіс-тәсілдерін зерттеу проблемалары алға шықты. Антик заманы мен орта ғасырлардан қалған зерттеудің силлогистикалық одістері бүл мақсат үшін жарамсыз болғаңдықтан, XVII ғ. корнекті философтары Ф.Бэкон мен Р.Декарт өз шығармаларында ғылымда жаңа білімдер түжырымдаудың одістерін зерттеуге коп көңіл бөлді. "Әдіс деп мен ақыл-ойдың күш-куатын артық жүмсамай жөне катаң сақталғаңда жалғанды ақиқат деп шатыстыруға жол бермейтін дәл де қарапайым ережелерді түсінемін", - деп жазды Р.Декарт.

Сақталуға тиісті негізгі ережелердің талаптары ретінде Декарт мьгяаларды үсынды: 1) қарапайым да айқыннан бастау керек; 2) оған дедукцияны қолдану арқылы күрделірек пікірді қорытьш шығару керек; 3) пайымдау барысьгнда ешбір аралык пікірді үмыт қалдырмау керек, яғни ой қорытындынын үздіксіз байланысы сақталуы тиіс. Бүл үздіксіздікті сақтау үшін, оның пікірінше, ақыл-ойға екі қабілеттілік қажет: интуиция және дедукция. Интуицияның көмегімен аса қарапайым, анық білімдердің бастамасы пайда болады да олардан дедукциялық жолмен барлық басқа ақиқат білімдер қорытып шығарылады. Мүндай әдістің сипатгамасы алдымен математикалық білімдерге тән, өйткені онда теоремалар дәлелсіз-ақ ақиқат деп саналатын аксиомалардан қорытып шығарылады. Декарттың бүл идеяларын, яғни дедукциялык әдіс туралы ілімін кейіннен неміс математигі, философы Г.В.Лейбниц кеңірек негізде зерттеп, пайымдауды есептеу әдісі арқылы іске асыруға әрекеттенеді, сөйтіп ол казіргі заманғы математикальгқ (символдық) логиканың бастамасын салды деуге болады.

Жаратылыстану білімдерінің қалыптасу ерекшеліктері. Жаңа заманғы жаратылыстанушылардың рөлі. Ғылыми ойдың философияға тигізетін әсері (Р.Декарт, Лейбниц, Кант). Қазіргі кезеңдегі ғылым мәселесін батыс еуропалық өркениеттің пайда болуы ретінде қарастыру. Пәндік ұйымдасқан ғылымдардың пайда болуы. Техникалық ғылымдардың пайда болуы. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың қалыптасуы. Әлеуметтік және тарихи білім.

Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет. Жаратылыстану мен техниканың дамуы. Жаратылыстану мен қоғамның әлеуметтік өмірі. Физика жаратылыстанудың фундаменті ретінде. Физика фундаменталдылығының антологиялық, эпистемалогиялық және әдістемелік негіздері. Физикалық таным әдістерінің өзгешелігі. Физика фундаменталдылығы мәселелерінің редукционизм-антиредукционизм оппозициясымен байланысы. Редукционизмнің әр түрлі түсіндірмелерін талдау. Физика және жаратылыстану  ғылымдары мен гуманитарлық білімнің жиынтығы. Бұл жинақтаудағы синергетика рөлі.

Жаратылыстанудағы жетекшілік туралы, “Биология ғасыры”. “Биологиялық шындық” мәселесі. Биологиялық шындықтың өмір сүру аспектілері. Қазіргі кезеңдегі ғылыми-биологиялық және философиялық әдебиеттердегі “биология бейнелерінің” көптігі. Биологияның болашағы. ОТЖ пәні. ОТЖ-ның логикалық және гносеологиялық негіздері. ОТЖ-ның құрылымы. ОТЖ-ның қазіргі кезеңдегі биологиялық танымдағы маңызы.

Жаһандандыру шартындағы тұрақты даму концепциясы. Ақпараттық өркениет философиясы және экология. Адамзат экодамуындағы негізгі сценарийлерді сыни талдау: антропоцентризм, биоцентризм, теоцентризм, космо-центризм, эксцентризм. Мәдени реттеу үстемдігінің алмасуы және экологиялық императивтер әсерінен жаңа конститутивті принциптердің құрылуы. Қазақстанның тұрақты дамуы жағдайындағы табиғат пен адам арасындағы байланыстың жаңа философиясы.

Медицинаның объектісі және пәні, медицинаның жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық білімдерге негізделетін ғылым ретіндегі ерекшелігі. Табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, сонымен қатар адам медицинаның пәні ретінде талдау ерекшелігі. Жаратылыстану және медицина. Медицина мен биологияның өзара әрекеттестігінің философиялық және әдіснамалық аспектілері. Жалпы патологияның ғылым ретіндегі әдіснамалық негіздері. Психология және медицина. Медициналық білім және қоғамдық ғылымдар. Медицинадағы фундаменталды және қолданбалы зерттеулер.

Негізгі әдебиет: 1,2, 5.

Қосымша әдебиет: 10, 13, 15.

8-дәріс. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы.

Лекцияның мақсаты:  Магистранттарға әлемді зерттеудегі эмпирикалық әдістер мен құралдардың қазіргі революциясы. Ұлы астрономиялық ашулардың жаңа дәуірі. Әлемдік зерттеу негіздерінің классикалық емес және классикалықтан кейінгі қалыптасуы туралы түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің интегралды формасы ретінде

Табиғат туралы ғылымдар мен қоғам туралы ғылымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени шарттылығы

Кілттік сөздер: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, Индивидуалды субъект.

Философия ғылыми білімдердің, қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің интегралды формасы ретінде (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т.б.).

Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымнан тысқары білімдердің ғылымға дейінгі, ғылыми емес және парағылыми, жалған ғылыми және ғылымға қарсы формалары. Әлеуметтік-гуманитарлық кезеңде ғылыми пәндердің қалыптасуы: эмпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрастырулар. Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени шарттылығы: әлеуметтану, экономика, саясаттану, мәдениет туралы қоғамның жеке салаларының салыстырмалы түрде өз бетінше қызмет етуінің танымдағы бейнесі ретіндегі ғылым. ӘГҒ-ның әлеуметтік контекске тәуелділігі: классикалық, классикалық  емес және жаңа классикалық емес ғылым.

ӘГҒ феномені және оның өркениеттік мәні Рессейдегі және басқа да батыстық емес елдердегі әлеуметтік ғылымдар. Қазақстандағы әлеуметтік білім мен әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасы.

Табиғат туралы ғылымдар мен қоғам туралы ғылымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Мәселелердің қазіргі талдануы. Қоғам мен адамның ерекшеліктері, олардың байланыстарының және таным обьектісі ретінде рухани өмірінің ерекшеліктері: көптүрлілік, қайталанбаушылық, кездейсоқтық, ерекшелік, өзгермелілік. Жаратылыстану ғылымдары мен әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің классикалық емес ғылымдағы конвергенциясы, өзара әрекет эволюциясы мен механизмі. Қазіргі жаратылыстанудың ізгілендірілуі мен гуманитарлық сипат алуы. ӘГҒ-да математика мен компьютерлік модельдеудің қолданылу мүмкіндіктері. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы әлемнің ғылыми көрінісі.

Индивидуалды субъект, оның тіршілік ету формасы. Субъект санасының қосылуы. Субъект санасының, оның құндылықтары мен мүдделері жүйесінің ӘГҒ-ның зерттеу объектісіне қосылуы. Субъектің тұлғалық анық емес білімі. Гуманитарлық танымдағы индивидуалды және ұжымдық бейсаналылық. Ұжымдық субъект, оның тіршілік ету формасы. Ғылыми қауымдастық субъект танымы ретінде. Коммуникативті рационалдылық. Дәстүр, құндылық, түсіндірме үлгілері мен “жөнсіздіктің” (Гадамер) субъект аралық түсінік пен мәнге сенудегі рөлі.

И.Канттың теоретикалық және тәжірбиелік ақыл-ой диалектикасы. “Алғышарттық білім” мен ғылымдағы реттеушілік принциптерінің әдіснамалық қызметі. Анық және анық емес құндылық алғышарттары ӘГҒ коммуникативтілігінің салдары ретінде. Ғылымдағы бағалау пікірлері мен әлеуметтік зерттеудегі құндылық бейтараптықтың  қажеттілігі. К.Поппердің “әлеуметтік ғылымдар логикасы” принципі. Әлемнің ғылыми бейнесінің, ғылыми таным стилінің, философиялық категориялар мен принциптердің дұрыс түсініктердің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу процесіндегі рөлі. Ғылымнан тыс критерийлер: әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы әсемдік және қарапайымдық принциптері.

Өмірді биологиялық мәнде түсіну. Өмір түсінігінің әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық мазмұны (А.Бергсон, В.Дильтей, философиялық антропология). Себепті сызбаны, ғылыми жаратылыстану әдістерін қолданудағы шектеулілі. Таным мен өмірдегі “бастан өткеру” – көркем шығарма негізгі мазмұны. Тарих – көрініс табуының өмірдің  көрініс бір формасы, өмірдің уақыттағы обьективациясы, ешқашан аяқталмайтын тұтастық (Г.Зиммель, О.Шпенглер, Э, Гуссерель және басқалары).

Физикалық жағдай параметрі ретіндегі уақыт пен жалпы шарт ретіндегі уақыт айырмашылығы адам тұрмысының қалыптасуының, өмірдің жүзеге асуының өлешемдері. Объективті және субъективті уақыт. Әлеуметтік және мәдени-тарихи уақыт. Табылудан тыс және қазіргі кезең контексіндегі кеңістік пен уақыт категорияларының жаңа мәнге ие болуы (М.М.Бахтин). Кеңістіктік - уақыттық сипаттамалардың нақты бірлігі ретінде хронотоп түсінігінің енгізілуі. “Көркемдік хронотоптың ” ерекшеліктері.

“Коммуникативтендіретін индивидтердің” өзара әрекеттері процесіндегі білімнің туу. Коммуникативтілік (оқымыстылардың арақатынасы) жаңа әлеуметтік-гуманитарлық білімнің туындауының шартты және ғылыми танымның әлеуметтік-мәдени табиғатының көрінісі ретінде. Ғылыми конвенциялар (келісімдер, келісімге келу) танымның коммуникативті табиғатының салдары мен қажеттілігі ретінде. Конвенциялардың енгізудегі кіріспедегі оқымыстының моральдық жауапкершілігі. Индоктринация - қандай да бір доктринаны ғылымның коммуникативтілігінің салдарының бірі ретінде енгізу, тарату және “көндіре отырып ендіру”.

Негізгі әдебиет: 1,3, 4.

Қосымша әдебиет: 10, 11, 13.

9-дәріс. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.

Лекцияның мақсаты: Магистранттарға қазіргі заманғы ғылым методологиясы. Интернеттің философиялық мағынасы. Әлемнің саяси бейнесі. Философиялық білім жүйесіндегі құқық философиясы. Информациялық қоғам концепциясы туралы түсінік беру.

Лекцияның жоспары:

Интернет жаңа әлеуметтік технология құралы ретінде.

Құқық философиясының пәні мен әдісі 

Саясат философиясы мен теориясының диалектикасы. 

Кілттік сөздер: ғылымының ақпаратты-коммуникативті ортасы, ақпаратты эпистемология концепция.

 Эмпириялық ғылымдар саласында ағылшын философы Ф.Бәкон зерттеудің аса маңызды әдісі ретінде индукцияны ұсынды. Аристотель зертгеп түжырымдаған дедукцияльгқ әдіс. оның пікірінше, табиғатты зерттеу үшін мүлдем жарамсыз болды. Сондықтан ол Аристотельдің "Органонына", яғни дедукциялық ойлау қүралына қарсы "Жаңа органон", яғни индукциялык әдістің қарапайым әдіс-тәсілдері мен ережелерінің жиынтығын жасап берді. XIX ғ. ағылшын философы Дж.С.Милль индукциялық ойлау әдісін одан әрі дамытып, қүбылыстардың себепті байланысын ашып көрсетудің индукциялық бес әдісін түжырымдады. Бірак Ф.Бэкон дедукция мен математиканың ғылыми зерттеудегі, мысалы, бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін қорытындылаудағы рөлін мойындамады. Сөйтіп, ол өзінің индукциялық логикасын ғьшымда жаңа ақиқат білімдер ашудың бірден-бір сенімді әдісі деп санады, бірақ бүл дүрыс емес еді.Ғылыми әдістер туралы ілімнің негізін салушылар өздерінің әдіс туралы көзқарастарында адамдар күнделікті ойлау практикасыңда да және ғылыми ойлауда да қолданатын логикалық пайымдаулардың негізгі түрлеріне сүйенді. Қазіргі заманғы ғылым методологиясы танымньщ толып жатқан басқа да әдіс-тәсілдерін қолданады; бүл әдіс-тәсілдерге тән жалпы ерекшелік — ақиқат білімді мақсатқа сай жүйелі де үйымдасқан түрде іздеу. Әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қодданғаңда ғана ақиқатқа жетуге немесе жақындауға болады. Сондықтан әдіс дегеніміз кең магынада алганда дәйекті түрде қолданньыатын белгілі бір жүйелі әрекет болып табылады.

Кейбір кеңістік ұғымы. Интернеттің философиялық мағынасы. Интернеттегі тәртіп пен тәртіпсіздік синергетикалық парадигмасы. Бақылаулық, фракталдық диалог. Интернеттегі тәуелділік феномені. Интернеттегі "мендік" құрал. Интернет жаңа әлеуметтік технология құралы ретінде.

ХХІ ғасыр ғылымының ақпаратты-коммуникативті ортасы мен   үздіксіз білімінің жаһандық ортасы ретінде.

Ақпаратты эпистемология концепциясы және оның кибернетикалық эпистемологиямен байланысы. Компьютерлік этика, интеллектуалды меншік мәселесінің білім инженериясы. Білімді зерттеудің технологиялық жолы. Жасанды интеллект проблемасы мен оның эволюциясы. Мультиагентті жүйе – теориясы мен информатика аймағы ретінде интеллектуалды ұйым.

Информациялық қоғам концепциясы: Ритирим Сорокиннен Эмануэл Кастельске дейін. Ақпараттық  қоғамның шығуы. Әлеуметтік ақпарат проблемасына синергетикалық әдістеме. Қоғамдағы ұйымның ақпараттық динамикасы. Торлық қоғам мен әлеуметтік ақпарат мәселесі. Тұлға мәселесі ақпараттық қоғамда. Қазіргі психотехнология мен кеңес берудің психотерапевтік тәжірбиесі қазіргі әлеуметтік-гуманитарлы ақпараттың құрама бөлігі ретінде.

Философиялық білім жүйесіндегі құқық философиясы. Құқықтың жалпы (ортақ) және ерекше белгілері. Құқық және мемлекет философиялық зерттеу объектілері ретінде. Құқық, мемлекет, құқықтық қасиеттері және заңдар туралы философиялық ілімнің  ерекшелігі. Құқық философиясының пәні мен әдісі: анықтама және сипаттама. Құқық философиясының басты және негізгі мәселесі ретіндегі құқық пен заңның өзгешеліктері мен арақатынасы. Құқық философиясы, юриспруденция және заңтану.Құқық философиясының әлеуметтік-философиялық методологиясы.

Саясат философиясының пәні. Саясат философиясы және саясаттану, саяси социология, саяси психология: ұқсастығы мен ерекшеліктері. Саясат философиясы мен теориясының диалектикасы. Саясидың түсінігі.Саяси процесстерді зерттеудегі философияның методологиялық ролі.

Қоғамның саяси жүйесі: саяси қарым-қатынастар, саяси билік, саяси билік, саяси мәдениет, саяси тұрақтылық, саяси менталдылық және идеология, саяси мифология.

Әлемнің саяси бейнесі. Діл (менталитет). Саяси сана динамикасы. Саяси ғылымдағы түсіну мен түсіндіру.

Негізгі әдебиет: 1,2, 4.

Қосымша әдебиет: 10, 12, 13.

10-дәріс. Ғылыми істерді ұйымдастыру: өлшемі, сипаттамасы эвалюциялық теория құрылымы мен принциптері.

Лекцияның мақсаты:  Ғылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге козқарастық және методологиялық түрғыдан жалпы бағдар больш табылады. Қоғам (лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениеті) барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым туралы магистранттарға түсінік беру.

Лекцияның жоспары:

Адамзат тарихындағы үш ірі қоғамдық еңбек бөлісі.

Қоғам өмірінің негізгі сфералары.

Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері.

Кілттік сөздер: Қоғам сфералары, экономикалық сфера, әлеуметтік сфера.

 Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пәндерден айырып түратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Ғылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге козқарастық және методологиялық түрғыдан жалпы бағдар больш табылады. Қоғам (лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениеті) барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым.

К.Маркс қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынып, оның дамуы – табиғи – тарихи процесс деп, қоғамның қозғаушы күштері, жалпылық заңдылықтары туралы біртұтастық ілім жасады.

Адамзат тарихында үш ірі қоғамдық еңбек бөлісі болды:

егін шаруашылығының мал шаруашылығынан бөлінуі болды;

қолөнер кәсібінің егін шаруашылығынан бөлінуі;

сауданың бөлініп, саудагерлердің пайда болуы.

қоғамдық болмыс – қоғами қатынас жүйесінде адам қызметі арқылы өңделетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол қорланып, жинақталып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.

қоғамдық сана – тарихтың рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, біртұтастық рухани құбылыс.

Қоғам өмірінің негізгі сфералары:

экономикалық;

әлеуметтік;

саяси;

рухани.

Экономикалық сфера – қоғам өмірін анықтайтын база. Оның құрылымы:

өндіріс;

үлестіру;

алмасу;

материалдық байлықты тұтыну.

Экономикалық сфера мына формаларда өмір сүреді:

экономикалық кеңістік – шаруашылық болмысы;

экономиканы басқару институттарының қызметі;

материалдық игілікті өндіру әдісі.

Өндіріс дегеніміз жалпылықты көрсететін абстракция. Өндіріс дегеніміз тұтыну, сонымен бірге өндіріс. Өндіріс дегеніміз өндіріс пен тұтынудың бірлігі, тұтыну өндірістің бір моменті, сәті. Адамзаттың өндірісті толық тоқтатуы, бірнеше күннен кейін оның сөзсіз құруына әкелер еді.

Жалпы еңбектің қарапайым моменттері:

еңбек – мақсатталған адам іс-әрекеті, қызметі;

еңбек заттары – табиғат (бөлігі), жер, су, ағаш, балық, шикізат, т.т.;

еңбек құралдары – адам мен еңбек заттарының арасындағы байланыстырушы элемент.

Өндіріс әдісі дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі.

К.Маркс: «... экономикалық дәуірлер не өндіретінімен емес, қалай өндіретінімен, қандай еңбек құралдарын пайдаланатынымен ерекшеленеді» (К.Маркс. «Капитал», т.23, 191-б.).

Өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі. Өндіріс құралдары (заттық элементтер):

еңбек құралдары;

шикізат пен материалдар;

ғимараттар мен құрылыстар;

транспорт және т.б.

Өндірістік қатынастар - өндіріс, үлестіру, алмасу және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар.

Өндірістік қатынастар негізінде қоғамдық және жекелік болып келетін өндіріс әдісінің меншіктік формасы жатады.

Материалдық өндірістің (қоғам өмірінің экономикалық сферасы) маңызы:

қоғам тіршілігінің материалдық базасын жасайды;

қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ықпал жасайды;

әлеуметтік құрылымға тікелей әсер етеді;

саяси процестерге ықпалы күшті;

рухани дүниеге де тікелей және жанама түрде әсер етеді.

Әлеуметтік сфера – еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

таптар;

страттар;

қауымдастықтар;

қала мен ауыл тұрғындары;

дене және ой еңбегі өкілдері;

әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

ұлттар.

Әлеуметтік институт – ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар – еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация (жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі. Питирим Сорокиннің страттары:

биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

әлеуметтік мобильдік (жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.

Азаматтық қоғам - әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

саяси партиялар;

қоғамдық ұйымдар;

кәсіподақ;

өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

өкілеттілік;

реттегіштік;

қорғау;

сыртқы саясат;

интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері:

рухани қызмет;

рухани құндылықтар;

адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

рухани тұтыну;

жеке сана;

қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

әдеттегі және теориялық сана;

қоғамдық идеология және психология;

қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

саясат;

құқық;

мораль;

ғылым;

дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі (Ферсман, Плотников):

антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

антропогендік әсер;

техногендік әсер.

Негізгі әдебиет: 2,3, 5.

Қосымша әдебиет: 7, 10, 13.

11-дәріс. Қазіргі заманғы пәндік білімді ұйымдастыру эвалюциясы. 

Лекцияның мақсаты:  Ғылым философиясын зерттейтін философиялық мектептер-позитивизм мен неопозитивизм, сыншылдық рационализм, ғылыми танымның философиясы мен методологиясы турал білуі.

Лекцияның жоспары:

Ғылым генезисі

Ғылым "этосы" ұғымы

Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы

Кілттік сөздер: Ғылым генезисі, интернализм, экстернализм.

Ғылым философиясы - кең мағынада-ғылым табиғатты мен мәні туралы философиялық ілім және осы мағынада ол жалпы философиялық білімнің бір бөлігі.

Ғылым философиясы - тар мағынада-қазіргі замандағы батыс философиясындағы ағым. Ол ғылыми танымның ерекшеліктерін айқындау, оның құрылымен зерделеу, ғылымның даму заңдылықтарын көрсетумен айналысады. Ғылым философиясын зерттейтін философиялық мектептер-позитивизм мен неопозитивизм, сыншылдық рационализм, ғылыми танымның философиясы мен методологиясы және т.б.

Ғылым философиясы пәні:

ғылымның шығу тегін зерттеу;

   ғылымның табиғаты мен мәні;

ғылыми даму заңдылықтары;

ғылыми білім ерекшелігі;

ғылым мен қоғам қатынасы;

ғылыми қызметті ұйымдастырудың әлеуметтік формаларын дамыту;

ғылыми қызметтің этикасы;

ғылыми  дамудың келешегі.

Ғылым философиясының орнын анықтау:

Тек ғылым нәтижелері мен әдістеріне негізделген философиялық ойлау типі (Р.Карнап, М.Бунге);

Табиғи-ғылыми және гуманитарлық білім арасындағы дәнекерлік буын ретінде ұғыну (Ф.Франк);

Ғылыми білімді методикалық талдау міндетіне ойыстыру (И.Лакатос);

Ғылым философиясының ғылым мен қоғам үшін қажеттілігін мүлде терістеу (П.Фейерабенд).

Ғылым генезисі - ғылымтану мәселесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ғылымның шығу тегі, оның тарихы ғылымның өз мәнін әрқилы ұғынудан туындайды:

Ғылым адам бітімінен бірге пайда болған. "Неолиттік революция" -тағылықтан варварлыққа өту дәуірінде, яғни протоғылым адаммен бірге дүниеге келген (Г.Спенсер, А.Гурштейн);

Ғылым ежелгі шығыс өркениетінде пайда болған;

   Ғылым антикалық дәуірдің жемісі;

Ғылым ортағасыр заманының аяқталуымен іспеттес пайда болды;

Ғылым Жаңа Заман (XVIIғ.) құбылысы;

Ғылым тек XXғ. толық айқындалды.

Ғылым адам қызметінің ерекше формасы, әлеуметтік-мәдени құбылыс, феномен, тұтастық ретінде, шын мәнінде  XVII ғасырдан бері қалыптаса бастады. Ол дербестігіне ие болып, ғылыми институт қалана бастады, ғалымдар, яғни ғылыми қызметтің субъекттері пайда болды.

Ғылымының дамуы күрделі диалектикалық процесс, ол эволюциялық дамумен бірге революциялық, секіріс түрінде де дамиды. Ол кумулятивті, яғни біртіндеп білім жинайды, байыйды.

Т. Кунның пікірінше ғылымдағы революция дегеніміз парадигмалардың ауысуы.

Парадигма - ғылыми қауымдастықта қабылданған қағидалар, құндылықтар, техникалық әдістер жиынтығы және ғылыми дәстүрдің тіршілігін, сақталуын қамтамасыз ету.

Интернализм - ғылымның өз ішкі заңдылықтарынан оның тарихи дамуын зерделеу;

Экстернализм - керісінше, ғылымдағы өзгерістер-білімге сыртқы факторлардың әсерінен болады деп ұғыну.

Америкалық ғалым Роберт Кинг Мертон (1910 ж.т.) - ғылым социологиясының негізін салды. Ол ғылымды зерттеудің институциялық әдісін қолданды. Оның элементтері:

Білім алуға бағытталған кәсіби қызмет;

Осы қызмет барысында туындайтын қатынастар;

Ғылыми қызметті ұйымдастырудың алуан түрлі формалары мен әдістері;

Ғылымды басқарудың формасы мен әдістері;

Ғылыми қызметтің нормалары мен құндылықтары.

Ғылым "этосы" ұғымын да Роберт Кинг Мертон ұсынды. Ол этос деп ғылыми қауымдастық мүшелерінің ұстанатын нормаларын ұғынды. Роберт Кинг Мертон ғылым этосының төрт негізгі белгісін, сипатын көрсетті:

әмбебаптығы (универсалдығы);

ұжымдылығы;

риясыздығы;

ұйымдасқан скептицизм (сыни қатынас).

Сциентизм (лат., scientia-білім, ғылым)-ғылымды барлық адам қызметі формалары мен түрлерінің эталоны, үлгісі, "таза, құнды-бейтарап" феномен ретінде қарастырады.

Антисциентизм-керісінше, ғылымның маңызын елемейді, ескермейді .

Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы:  

Классикалық,-яғни детерминацияланған, түзу сызықты даму;

Бейклассикалық,-яғни термодинамикалық, синусоидалық даму;

Постбейклассикалық,-яғни ағаш тәрізді тармақталған, беймәлімдік даму (Бифуркация, флуктуация, хаосомдық, диссипация, аттрактор).

XXIғасырдағы ғылымның өзекті мәселелері:

  пассионарлық;

  коэволюциялық;

            виртуалды шындық;

            клондау процесі.

Синергетика-табиғи, әлеуметтік, когнитивтік, яғни бейтепе-теңдік жүйелердің эволюция заңдылықтарын бітімдеуге, іздеуге бағытталған өзіндік қалыптасудың, ұйымдасудың жалпы ғылыми теориясы.

Синергетика (грек., synergeia-көмек, бірге болу немесе ықпал ету дегенді білдіреді), бұл терминді неміс физигі Г. Хакен 1973 жылы айналымға қосты.

Бельгия физик-химигі Илья Романұлы Пригожин (1917 ж.т.).

Синергетика категориялары:

синергия;

өзіндікұйымдасу - макроскопиялық тұрғыда реттелген кеңістік-уақыттық құрылымдардың күрделі бейсызықтық жүйеде пайда болу процесі. Ол тепе-теңдік күйден алыс, тыс тұратын тұрақсыз жүйелердің бифуркациялық (ауыспалы) нүктелерден қалыптасқан, ұйымдасқан процесі;

ашық жүйе;

стихиялы-спонтандық структурогенез;

бейсызықтық;

аттрактор-өзіне тарту, өзіндік ұйымдасу, тұрақты құрылымдардың пайда болуы.

Синергетика идеялары:

тәртіп хаостан туындайды (И.Пригожин). Эволюцияның конструк -тивті механизмі;

күрделі ұйымдасқан жүйелердің даму үрдісіне кедергі жасамау;

осылай дамудың бірнеше альтернативтік жолдары болады, соның ішінде ең оңтайлы, тиімді мүмкіндіктерін таңдау керек;

тұрақсыз әлеуметтік ортаның ерекше жағдайларында әрбір жеке адамның әрекеті макроәлеуметтік процестерге әсері болу мүмкін;

өзіндікұйымдасқан жүйелердің тенденциясын, үрдісін білсек, эволюцияның алуантүрлі қиясынан оңай өтуге болады;

жүйенің келер шақтағы күйі, осы шақтағы күйін қалыптастырады, ұйымдастырады, өзгертеді.

Техника (грек., "технэ"-өнер, шеберлік, ептілік) - тар мағынада-инженерлік қызмет әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефактар (жасанды) жиынтығы.

Техника - кең мағынады - адам қызметінің кез келген саласындағы ерекше техникалық үрдіс түрі. Техниканы кейде әйтеуір бір механизмдердің жиынтығы ретіндегі инструменталдық (құрал ретінде) түсінуде кездеседі.

Платон мен Аристотель жасанды еңбек құралдарын (артефакт) талдай келе техника ұғымын қолданған.

Маркстік философияда техника қоғами адамның жасанды органдарының жүйесі, заттық элемент тұрғысындағы қоғамның өндіргіш күштерінің құрамдас бөлігі ретінде анықталады.

М.Хайдеггердің экзистенциялық философиясында техника деп жай бір әдіс, тәсілді емес, адамзаттың өзіндік көрініс құбылысы ретіндегі жасырын, тылсым дүниесінің ашылу түрін ұғынады. Хайдеггер техника адамға "қойылған" (постав-"берілген бітімдік") түрде қарсы тұрады,-дейді. Адам техника арқылы (техникамен қатынаста) өзінің нағыз тіршілігінен, болмысынан айырылады, бас тартады, жатсынады.

Технинаның негізгі функциясы - зат дүниесін конструкциялау және реконструкциялау.

Егер адам объектке немен әсер етсе -  ол техника, ал оған қалай әсер етсе-ол технология.

"Техника философиясы" терминінің шығуы Э.Капптың "Техника философиясының негіздері" (1877., Алмания) деген еңбегіне байланысты. Оның алдында И.Бекманның "Технология туралы басшылық жасау, немесе фабрика мен мануфактура істерін тану" (1777) деген кітабы шыққан. 1912-1913 ж.ж. П.К.Энгельмейер де "Техника философиясы" деген кітап жазды. XX ғасырдың орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті философтар М.Хайдеггер, О.Тофлер, Хосе Ортега-и--Гассет айналысты, шұғылданды.

Техника философиясы - техника, жасанды объектер, артефакттармен байланысты мәселелерді зерттейтін, қарастыратын философия саласы.

Техника философиясының негізгі мәселелері:

техника табиғаты мен мәні;

техниканың тарихи дамуы;

техникалық мағыналықтардың ерекшелігі;

техника және қоғам;

   техника өсуінің салдары;

   техноэтика;

технократия.

Техника дамуының екіұдайлық, екімағыналық салдары бар:

адамзат дамуының жемісі;

әлеуметтік жағымсыз мәселелерді тудырады.

Негізгі әдебиет: 1,2, 5.

Қосымша әдебиет: 9, 11, 12.

12-дәріс. ХХ ғ.-ХХІғ. ғылымның  этикалық аспектілері, ғылымға гуманитарлық сыни ретінде.

Лекцияның мақсаты:  Магистранттарға ХХ ғ.-ХХІғ. ғылымның  этикалық аспектілері, ғылымға гуманитарлық сыни ретінде XX ғасырдың 30 жылдарында ғылым философиясында XIX ғасырда позитивистер күн тәртібіне қойған проблемалар қайта көтеріле бастағандығы туралы түсіндіру. 

Лекцияның жоспары:

Білімдегі модельдеу.

Карл Поппер философиясы

Оқу-білімдегі шығармашылық.

Кілттік сөздер:

XX ғасырдың 30 жылдарында ғылым философиясында XIX ғасырда позитивистер күн тәртібіне қойған проблемалар қайта көтеріле бастады. Ол проблемаларды шешу үшін зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдері, атап айткаңда, сол кезге қарай жасалған математикалық (символдық) логика әдістері қолданыла бастады. Вена үйірмесінің және кейіннен неопозитивистер деп аталған эмпириктік философияның Берлиндік тобының өкілдері ғьшым тіліне логикалық талдау жасау, сөйтіп теориялық физиканың тілі сияқты бір ізге келтірілген ғьшыми тіл жасау — ғылым философиясының басты мақсаты деп жариялады. Осыған байланысты неопозитивистер логикалық позитивистер деген екінші атауға ие болды.

Тек тәжірибелік білімді ғана ақиқат білім деп санаған неопозитивистер теориялық үғымдар мен пікірлерді қабыддау арқылы алынған сөйлемдерге жатқызуға тырысты. Осы сияқты мақсатты көздей отырып, қабыддауға негізделген таза тіл жасауға әрекеттеңді. Бірақ олардың бүл әрекеті іске аспады, өйткені ғылым тілін теориялық терминдерден тазарта алмады. Верификация критерийінің көмегімен олар философиялық ой-пікірлер мазмүнсыз деп жариялауға әрекеттенді, өйткені оларды тәжірибелік жолмен тексеру мүмкін емес. Бірақ бүдан түк шықпады, өйткені онда таза математикалық теоремаларды да, тіпті жаратьшыстанудың негізгі теориялық қағидаларын да жалған деп жариялауға тура келер еді.

Неопозитивистік ғылым философиясы жаңа білімді іздеу және дамыту проблемаларын мүлдем қарастырмай, дайын білімдерді тексерумен және негіздеумен ғана айналысуды өз міндеті деп санайтынын жоғарыда айттық. Ғьшыми жаңалық ашу проблемаларымен ғьшыми творчество психологиясы айналысуы тиіс деп санайды. Осындай міндетті басшылықкд алған неопозитивистер ғьшыми зерттеудің гипотезалық-дедукциялық әдісін қолданды. Бүл әдіс бойынша, гылым философиясы гипотезалар жасаумен немесе ойлап табумен айналыспай, гипотезаларды, гылыми жорамалдарды логикалық жағынан таддаумен, яғни олардан туатын қажетті логикалық салдардың бәрін корытып шығарып, оларды эксперименттермен және бақылаулардың нәтижелерімен салыстыру ғана.

Карл Поппер ақиқатты анықтаудың верификациялык критерийіне қарсы шығып, оның орнына шын ғылымды жалған ғылымнан айырудың басқа критерийін үсынды — ол ғылыми гипотезалар мен теорияларды фальсификациялауга, яғни бекерлеуге негізделді. Поппер бірақ ғылым философиясы ғылыми білімді негіздеу мәселелерімен ғана айналысуы тиіс деген неопозитивистердің басты тезисін теріске шығармады.

Ғылым философиясының неопозитивистік түсінігі қатаң сьшға көп үшырап, кейін басқа түсініктермен, көзқарастармен ауыстырылуға мәжбүр болды, сөйтіп оның орнына көптеген оған қарама-қарсы бағытгар, козқарастар мен мектептер пайда болды. Солардың ішіндегі ең беделдісі ғылыми білімді зерттеу процесіне тарихи көзқарас түрғысынан қарау болды. Қазіргі ғылым философиясын зерттеудің одан басқа да жаңа бағыттары шықты

ХХ ғ. құқық философиясы (неокантиандық концепциялары, неогегельяндық, экзистенциализм, “қайта жаңғырған” табиғи құқық, құқық антологиясы, аналитикалық юриспруденция).

Құқық философиясының даму процесіндегі дәстүрлер мен жаңашылдықтар. Қазіргі замандық философияның құқықтық зерттеулер үшін құқық философиясы тарихының маңызы. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам тұжырымдамасы.Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаттамалары. Құқықтық мемлекеттің мақсаты, міндеті, қызыметі. Құқықтық мемлекет экономикасы.

XX ғасырдың екінші жартысында өріс алған ғылыми-техникалық революцияға байланысты ғылымның дамуы мен қозғаушы күштері туралы проблеманың маңызы арта түсті. Егер бүрын ғылымның дамуы негізінен ішкі және сыртқы факторлардың жалпы өзара әрекеттесуінің нәтижесінен деп түсіңдіріліп келген болса, кейінгі кезде дамудың нақты механизмдері, ғылыми білімнің өсуінің арнаулы модельдері жасалып, оларда ғалымдар ғылым дамуының ішкі логикасын түсіндіруге тырысатын болды.

Ғылым қоғам өмірінің қажеттерінен, оның техникасы мен экономикасыньщ талаптарының өсерінен туды және олардың талаптары барған сайын арта түсуде деген пікір көпшіліктің үстем түсінігіне айналды. Алайда ғьшымның дамуы еңдіріске, экономикаға және бақса сыртқы факторларға қызмет ету деп қана түсінсек, бүл шегіне жеткен сыңаржақтық болар еді. Экстерналистік деп аталатын мүндай көзқарас ғылым дамуының ішкі факторларын, интерналистік деп аталатын ішкі даму заңцылықтарын тиісінше бағаламау немесе тіпті ескермеу болар еді.

Негізгі әдебиет: 1,3, 4.

Қосымша әдебиет: 10, 12, 14.

13-дәріс.ХХІ ғ. коммуникативті технологиясы және қазіргі ғылымдағы орны.

Лекцияның мақсаты: Магистаранттарға информатиканың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы пәнаралық бағыт ретінде құрылу тарихы. Информатика ақпаратты-коммуникативті орта дамуы мен қалыптасуы туралы, пәнаралық ғылым ретінде және оның компьютерлік технология құралы мен технологизациялануы туралы түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Информатика ақпаратты-коммуникативті орта дамуы

Интернет жаһандық ми метафорасы ретінде.

ХХІ ғасыр ғылымының ақпаратты-коммуникативті ортасы мен   үздіксіз білімінің жаһандық ортасы ретінде.

Информатиканың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы пәнаралық бағыт ретінде құрылу тарихы.

К.Шеннонның ақпарат теориясы. Норберт Винер, Росс Эшби, Уорренг Мак-Каллок, Алан Тьюринг, Джулиан Бигелоу, Джон фон Нейллан, Грегори Бэйтсон, Маргарет Мид, Артуро Розенблют, Уолтер Питтс, Стаффорд Бир кибернетикасы. Л. фон Берталанфи, А.Раппорттың жалпы теориялар жүйесі. Ваневар Буштың гипермәтін концепциясы. Хайнц фон Ферстер мен Валентин Турчиннің конструктивті-кибернетикалық эпистемологиясы. Информатикадағы синергетикалық ыңғай. Герман Хакен және Дмитрий Сергеевич Чернавский. Информатика постклассикалық ғылым контексінде және дамушы адами өлшем жүйесі туралы түсінік (В.С.Степин). Этика мен информатиканың өзарабайланысы. Қоғамдағы информатиканың құқықтық жауапкершілігі.

Информатика ақпаратты-коммуникативті орта дамуы мен қалыптасуы туралы, пәнаралық ғылым ретінде және оның компьютерлік технология құралы мен технологизациялануы.

Модельдеу мен есептеуші эксперимент–информатиканың интеллектуалды ядросы ретінде. Информатиканың конструктивті табиғаты және оның синергетикалық коэволюциялық мағынасы. Информатикадағы жасандылық пен табиғилық өзара байланысы, нейрокомпьютинг, Хопфильд, Гросберг процессорлары, ойлау мен образды тану арасындағы аналогия.

Ақпаратты қауіпсіздік концепциясы: гуманитарлы құрама. Информатикадағы шындық мәселесі. Виртуалды шындық. Пәнаралық интегративті концепт ретінде ақпаратты-коммуникативті шындық.  

Интернет жаһандық ми метафорасы ретінде.

Кейбір кеңістік ұғымы. Интернеттің философиялық мағынасы. Интернеттегі тәртіп пен тәртіпсіздік синергетикалық парадигмасы. Бақылаулық, фракталдық диалог. Интернеттегі тәуелділік феномені. Интернеттегі "мендік" құрал. Интернет жаңа әлеуметтік технология құралы ретінде.

ХХІ ғасыр ғылымының ақпаратты-коммуникативті ортасы мен   үздіксіз білімінің жаһандық ортасы ретінде.

Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.

Ақпаратты эпистемология концепциясы және оның кибернетикалық эпистемологиямен байланысы. Компьютерлік этика, интеллектуалды меншік мәселесінің білім инженериясы. Білімді зерттеудің технологиялық жолы. Жасанды интеллект проблемасы мен оның эволюциясы. Мультиагентті жүйе – теориясы мен информатика аймағы ретінде интеллектуалды ұйым.

Негізгі әдебиет: 1, 4,5.

Қосымша әдебиет: 10, 11, 12,13.

14-дәріс. Постклассикалық емес ғылымдағы және адам туралы жүйелердегі ақпараттық үрдістердің орны. 

Лекцияның мақсаты: Магистаранттарға Қазіргі кезеңдегі және классикалық ғылыми техникалық пәндердің айырмашылықтар; қазіргі кезеңдегі (классикалық емес) ғылыми-техникалық пәндердің табиғаты мен болмысы. Дамушы техника жүйесіндегі адам: “Техника антропологиясы” туралы түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңыздылығы 

Қазіргі біздің заманымызда зерттеудің системалық әдісінің маңызы

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басынан бастапқы ғылым классикалық емес ғылым деп аталады. Орыс тілінде ғылымньщ тағы бір "постклассическая наука" деген түрі бар. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымды білдіретін атау. Бүл соңғы атауды "постклассикалық емес ғылым" деп алсақ, "емес" деген терістеуші шылау қазақ тілінде "постклассикалық" деген біріккен терминді түтас терістеуші болып шығады, ал орыс тілінде "не" деген терістеуші шылау тек "классикалық" деген белігін ғана терістейді. Сондықтан біз ғьшым дамуының XX ғасырдағы кезенін екіге бөлмей, түтас алып, "классикалық емес ғьшым" деген бір ғана терминмен атауға мәжбүр болдық.

XIX ғасырдың аяғында атомішілік микродүние ашылып, оны зерттеуге кіріскенде, бүрынғы классикалық физикада түжырымдалған үғымдар мен принциптер атомішілік элементар болшектердің физикалық қасиеттерін түсіндіруге жарамсыз болып қалды, ойткені электрон, протон, нейтрон сияқты атомішілік үсақ болшектер адамның сезім мүшелері арқьшы байқалмайтын микродүниені қүрады.

Қазіргі заманғы ғылымның дамуына тән аса маңызды бір сипаты - ғылымдар бірлігіне қарай бет алу, яғни ғылымаралық интеграцияның дамуы. XVIII ғасырдан бастап XIX ғасырдың аяғына дейін бір түтас натурфилософиядан жеке-дара ғьшымдардың енші алып, болініп шығуы, яғни дифференциялық процесс жүрген болса, ал енді бір-бірінен бөлініп шыққан жеке білім салалары, жеке ғылымдар арасында ортақ проблемалалардың тууы және осыған байланысты бір ғылымдардың идеялары мен әдістерін басқа ғьшымдарда пайдалану күшейіп отыр, яғни қазіргі заманғы гылымның дамуы дифференциация мен интеграция процестерінің бірлігі негізінде іске асатын болды.

Ғылымдардың жіктелуі жаратьшыстануда болған екінші жалпы революция кезінде кеңінен етек алып, ғылыми білімдердің жеке ғылымдар шеңберінде дамығаны белгілі. Осы кезде табиғатты зертгейтін негізгі ғылымдар калыптасты. Жеке ғылымдардың әрқайсысы өзі зерттейтін пәнін дәл анықтап, өзінің зерттеу әдістерін тұжырымдады. Ғылым прогресі алға басқан сайын дифференциация процесі үдей түсіп, бүрынғы бір ғылымның жеке тараулары мен бөлімдері өз алдына дербес ғылым болып дамыды.

Ертедегі Греция тұсында накты зерттеу салаларының арасында дәл белгіленген шекара болмады. Ол кезде математикадан басқа жеке ғылымдар болған жоқ. Барлық білім салалары, құбылыстарды зерттеудің әдіс-тәсілдері бір тұтас білімдер мен даналықтың пәні деп саналған фшософияның шеңберінде жинақталып, дамып отырды.

Алғашқы жаратылыстану пәндері қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заманда, экспериментті жаратылыстанудың шығуына байланысты, пайда болғаны белгілі. Табиғатты тәжірибе жүзінде зерттеу материя қозғалысының ең қарапайым формасы болып табылатын жер мен аспан денелерінің механикалық қозғалысын зерттеуден, солардың заңдылықтарын ашудан басталуы тиіс болды. Сол себепті де тарихи бірінші жеке ғылым механика және аспан денелерін зерттеумен байланысты астрономия бодцы. XVIII ғасырдың аяғынан бастап, барған сайын жеке ғылымдар көптеп шыға бастады. Қазіргі біздің заманымызда зерттеудің системальгқ әдісінің маңызы барған сайын артып келеді - бұл әдіс заттар мен қүбылыстарды өзара байланыста және түтастықта қарауға мүмкіңдік береді. Ең жалпы мағынада алғанда, заттар мен қүбылыстардың системалық зерттеуі деп оларды бір түтас бүтін қүрылымның бөлігі немесе элементі деп қарастыруды түсінеді. Бүл бөліктер мен элементтер өзара әрекеттесе отырып, жеке-дара элементтерде кездеспейтін жаңа қасиеттерді системаның қүрамынан табуға көмектеседі.

Сонымен, системаны анықтап беретін басты белгісі - бүтіннің шеңберіндегі бөлшектердің өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі. Егер мүңцай өзара әрекет бар болса, онда, өзара әрекеттестіктің деңгейі түрліше болғанымен, әйтеуір системаның болғаны. Сондай-ақ системаның қүрамындағы әрбір жеке объектті, нәрсені немесе қүбылысты да бөлшектерден түратын өз алдына бір система деп қарауға болады, зерттеуге болады.

Системалық әдіс сияқты, система үғымы да ғылым мен практикада нәрселер мен қүбылыстардың өзара әрекеттесу және бірігу формалары мен түрлерін меңгерген сайын біртіндеп қалыптасты. Системалық зерттеулерге бір жола бетбүрыс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тек жаратылыстануда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдарда да системалық зерттеудің идеялары мен әдіс-тәсілдерінің кеңінен тарауына көмектескен күшті системалық қозғалыстың етек алуына байланысты дамыды.

Жаңа системалық түсінік бойынша, дүние әлем деп аталатын бір түтас, бірак алуан түрлі мазмүны бар орасан көп түрлі системалар жиыны ретінде қарастырылатын болды.

Әр түрлі ғылымдардағы зерттеулердің нақты, жекеше және арнаулы әдіс-тәсілдері мен амалдары бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болғанымен, бірақ танымньщ сипаты, зерттеу тәсілдері жалпы бірдей болып табылады. Осы түрғыдан алғанда, нақты ғылымдарда қодданылатын танымның жеке әдіс-тәсілдері зерттеудің тактикасы деп, ал жалпы принциптері мен әдістері стратегиясы деп аталады.

Ғылымаралық және интеграциялық зерттеу тәсілдеріне соңдай-ақ эволюциялық принцип те жатады - ол қазіргі ғылымда бүкіл ғаламдық эволюционизм деген атауға ие болды. Ғылымаралық зерттеу тәсіліне сондай-ақ күрделі системаларда процестердің өздігінше үйымдасуын зерттеудің синергетикалық әдісі де жатады. Атап айтқанда, системалық, эволюциялық және синергетикалық әдістер қазіргі заманғы ғылыми ізденістің стратегиялық бағыттары болып табылады және олар қазіргі заманғы дүниенің жалпы ғылыми бейнесін (көрінісін) жасаудың алғышартын қүрады.

Негізгі әдебиет: 1,2,3, 4.

Қосымша әдебиет: 10, 11, 13,15.

15-дәріс. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық басқа да ғылым саласындағы магистрант мамандарға байланысты ғылымдағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және  билік және философиялық мәселелердің орны. 

Лекцияның мақсаты: Магистаранттарға Қазіргі психотехнология мен кеңес берудің психотерапевтік тәжірбиесі қазіргі әлеуметтік-гуманитарлы ақпараттың құрама бөлігі ретінде.  Саясат философиясы және саясаттану, саяси социология, саяси психология: ұқсастығы мен ерекшеліктері. Саясат философиясы мен теориясының диалектикасы. Саясидың түсінігі.Саяси процесстерді зерттеудегі философияның методологиялық ролі туралы түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

Қазіргі заманғы жаратылыстану мен техниканың дамуы ғылымның дамуының маңыздылығы 

Әлемнің саяси бейнесі, қоғамның саяси жүйесі. 

Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет. Жаратылыстану мен техниканың дамуы. Жаратылыстану мен қоғамның әлеуметтік өмірі. Физика жаратылыстанудың фундаменті ретінде. Физика фундаменталдылығының антологиялық, эпистемалогиялық және әдістемелік негіздері. Физикалық таным әдістерінің өзгешелігі. Физика фундаменталдылығы мәселелерінің редукционизм-антиредукционизм оппозициясымен байланысы. Редукционизмнің әр түрлі түсіндірмелерін талдау. Физика және жаратылыстану  ғылымдары мен гуманитарлық білімнің жиынтығы. Бұл жинақтаудағы синергетика рөлі.Таным проблемалары: оның мүмкіндік шарттары мен ұқсас ақиқатқа жету жолдары ғылыми және ғылыми емес білімнің қатыстылығы; танымдылығы мен күйзелісі яғни таным шындығына қатысты барлық сұрақтарды гносеология зерттейді.

Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

 Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах).

Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.

Таным методтары:

Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі.

Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу.

Эксперимент    -     шындықты,     құбылыстарды     бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады.

Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі.

Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау.

Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау.

Индукция  (лат.т. нысанаға  алу)  - ой  қозғалысы  процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі.

Қоғамның саяси жүйесі: саяси қарым-қатынастар, саяси билік, саяси билік, саяси мәдениет, саяси тұрақтылық, саяси менталдылық және идеология, саяси мифология.

Әлемнің саяси бейнесі. Діл (менталитет). Саяси сана динамикасы. Саяси ғылымдағы түсіну мен түсіндіру.

Мәдениеттегі саясат: саясат және мораль, саясат және құқық, саясат және экономика, саясат және ғылым, саясат және дін, саясат және өнер. Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы. Ақпараттық–саяси технологиялар. Саяси коммуникация. Саясат және әділеттілік.

Билік түсінігі, қайнарлары, формаларының принциптері. Билік принциптері. Билік формалары. Негізгі философиялық трактаттары. Реляционистік, еріктік және жүйелік парадигмалар. Психоанализ концепциясы. Жүйелік ыңғай. Онтология және билік антропологиясы. Саясаттағы рационалдылық және иррационалдылық. Билік және бедел. Басқару және билік. Билік және ерік. Билік және бостандық. Билік және парасат. Билік және эрос. Тіл және билік. Билік дискурсы. Саяси лингвистика. Бұхара және билік. Билік феноменологиясы. Билік құрылымы. Билік мәдениеті. Биліктің заңдылығы. Саясат және билік іс-әрекет түрі ретінде.

Негізгі әдебиет: 1,2,3, 4.

Қосымша әдебиет: 8,9,10, 11, 13.




1. Физические нагрузки у юных спортсменов
2. Тиняков АИ
3. і. Бюджетсалы~ саясаты ~аржы ж~йесіні~ м~ні
4. Подробная анатомия камер глаза
5.  Ударение в отдельных грамматических формах Словесное ударение в русском языке характеризуется разноме
6. Основы методологии физики в курсе средней школы
7. на тему- Контроль знаний умений навыков студентов Выполнила- Смотрите как в методичке
8. . Статистический анализ динамики себестоимости единицы продукции
9.  Общие понятия основные вехи биотехнологии
10. на тему- Женщины в жизни и творчестве Генриха Гейне ученика 9В класса средней школы 119
11. . Договор любого вида это соглашение
12. музеология. Объект предсет и метод.html
13. Тим самим на його думку було б розчищене ldquo;полеrdquo; для побудови спільного дому ~ єдиної Європи ~ на основ
14. тема освіти по дисциплине- Университетское образование Работу выполнила студентка I курса группы М
15. дедуктивный конструктивистский являются главнейшими среди методов-теоретическихАнтропоцентрическое пон
16. Часть - Сканирование Фотографии Эта задача вовлекает использование вашего сканера и программного обеспе
17. община и общество которые строятся как парные дихотомические термины обладающие противоположным содер
18. ых необходимо стремиться при решении проблем соцэкго развития
19. 35 ЛК211 Логиказач 13
20. .Практик психолог~а сипаттама 2.