Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~ателігі мол ~аза~ тілін ~йренуге ж~не оны~ дамуына зор кедергі; Екіншіден латыншаны~ ~азіргі б~~аралы~

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Табылды Қайыпов, т.ғ.к., программалаушы

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру  әбден пісіп жетілген, кейінге қалтыруға болмайтын, тіпті бәрібір болатын қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. 

Біріншіден, қолданыстағы қазақ жазуының жүйесі, қолданыстағы қазақ орфографиясы мен емлесі - қателігі мол, қазақ тілін үйренуге және оның дамуына зор кедергі;

Екіншіден, латыншаның қазіргі бұқаралық ақпарат, байланыс, баспа құралдарында қолдану ыңғайлылығы. Соңғы жылдары Ғаламтор, электронды пошты және ұялы байланыстың дамуына қарай мың жылдық тарихы бар ұлттық әліпбилері бар елдер де латиница жүйесін қолдануға мәжбүр болып отыр;

Үшіншіден килилл жазуынан латыншаға өту көпшілік қазақтар үшін егемендік белгісі сияқты көрінері сөзсіз.

Әліпби ауыстыру  мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Бірақ, шығынды тым асыра бағалау  бекер сөз. 1918 жылы Ресей Германиямен соғысып жатқанына, елде азамат соғысының басталғанына қарамастан орыс жазуының реформасы жасалды. 1928 жылы Кеңес одағында аштық, жоқшылық болғанына қарамастан барлық түркі тілдестер жазуы арабшадан латыншаға ауыстырылды. 1940 жылы Кеңес одағы Финляндиямен соғысып және Германиямен соғысқа даярланып жатқанда барлық түркі тілдестер жазуы латыншадан орыс графикасына ауыстырылды.

Әліпби ауысқанда бұрынғы кітаптарды өртеп жіберу керек деп ешкім айтпайды. Кәзіргі жазумен жазылған кітаптар  сол кітаптарды оқи алатын қазақтармен бірге тозып, бірге ескіреді. Құнды кітаптар керек болған жағдайда қайтадан басылады. 

Ахмета Байтұрсынұлының төте жазуында және 30 жылдардағы латынша қазақ әліпбиінде 28 әріп болатын. Ал қазіргі қолданыстағы жазуымызда 42 әріп. Ешнәрсенің байыбына бармай-ақ, тек қана әріптер санының 1,5 есе өскеніне қарап, қазіргі қазақ жазуында бірнәрсенің дұрыс емес екенін түсінуге болады.

Қолданыстағы әліпбидің ең үлкен кемшілігі - орыс сөздерінің жазылуы және айтылуы орыс емлесі мен орфографиялық нормаларына сәйкес болуын қадағалауында, яғни кірме сөздер басым болып бара жатқан бүгінгі тілімізде сауатты жазу және оқу үшін міндетті түрде әркім орыс тілінің нормаларын білуі керек! 1940 жылғы әліпби реформасы - бұл қазақ тіліне жасалған озбырлық. Содан бері 75 жыл бойы қазақ сөздерін архаизмге айналдырып, орнына басқа тілдің сөздерін енгізу, қосылған жаңа әріптердің пайдалану ретін жақсарту мақсатында қазақ сөздерін өзгерту үрдістері жалғасуда. Осы жазудың кемшіліктерін реттеу мақсатындағы өзгерістерге толы қолданыстағы емле бала түгіл үлкен адамға да алынбас қамалға айналып, қазақтардың орыстануына әкеліп отыр. Сөйте тұра енгзілген немесе өзгертілген сөздердің көбі қазақтың байырғы үндестік заңы мен түбірі өзгермейтіндігіне қайшы келіп отыр.

Латын әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрудың бірнеше жолдары бар. Бұлардың арасында көпшілікке ең белгілісі –34 әріптен құралған ортақ түрік әліпбиінің жобасы. Ол жоба Анадолы түрікшесінің әліпбиіне басқа түркі тілдеріне керек болады деген таңбаларды қосу жолымен жасалған. Ортақ әліпбидің бізге өте ыңғайсыз көрінетін тұсы - онда латын әріптеріне қосымша кириллицадан, түрікшеден алынып қосымша белгі салып жасалған таңбалардың болуында және олар заманауи байланыс, баспа құралдарын және компьютерді еркін қолдануға кедергі болады.

Қазір латынның кейбір жобаларында ә, ө, ү дыбыстардың таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Ахметтің дәйекшесінің орнына ала қойса тамаша болар еді, бірақ бір айта кететін нәрсе  таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға a’lem деген бір сөзді “a” және lem деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында  қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын. Демек, бұл таңбаны қабылдасақ қазақ тілі программалауға болмайтын тілге айналады. Бұны ескерген жөн.

Керісінше, оның орнына е әрпін алсақ, е немесе і әріптері бар кез келген буын жіңішке буын болып шығып, қазақ тілін адамға да, компьютерге де үйрету әлдеқайда жеңілдер еді.

Жобаға байланысты тағы бір кейбір түсіндірмелерді келтіруге болады.

1. Әр дыбыс жеке әріппен таңбалану керек деген қатып қалған қағида жоқ, керісінше - қатар жазылған екі әріппен бір дыбысты белгілеу көп елдің жазуларында бар.

2. Қазақша оқымай жүрген қазақты ортақ әліпби арқылы өзбекше, түркменше, ұйғырша оқытамыз деген - бос қиял, сондықтан бізге ортақ әліпбиден пайда жоқ.

3. Қазақ әліпбиі - қазақ тіліне, қазақ жазуына ыңғайлы болу керек;

4. Ең дұрыс жазу - таза латын әріптерін қолдану. Бұндай латын жазуын қолдану туралы жоба 1995 жылы жарияланды[1-9].  

Латын әріптерін басқа таңбамен толықтырмай таза күйінде алғандықтың қандай ұтымдылығы бар? Ең негізгі ұтымдық - ондай әліпбидің қазіргі заманның барлық байланыс, баспахана, компьютерлік құралдарын пайдалануға өте ыңғайлы болуында. Мұнда дүние жүзінде латынша баспа әріптерінің үлгілерінің мыңнан аса түрінің барлығын және олардың бірден біздің игілігімізге жұмыс істей бастайтынын баса айтқан жөн. Бүгінгі күні бұл мәселе төңірегінде біздің жетістігіміз ең дамыған деген баспаларда бар жоғы 20-ға жуық үлгілердің болғандығында. Ал кәзіргі қазақ жазуының ерекше әріптерін белгілеулердің бір жүйеге келтірілмегендігінен туындап жатқан проблемалар қаншама!

Компьютерді қолданғанда таза латын әліпбиінің ыңғайлы болуы тек қана текстерді теріп, баспаға дайындауға беретін жеңілдігінде ғана емес, сонымен қатар таза латын әріптерін қолдануға негізделген программалау тілдерін толық пайдалануға мүмкіншілік беруінде. Егер әліпбиімізге бір қосымша таңбасы бар бір әріп енгізсек, айтылып отырған ыңғайлы жағдайлардан бірден айрыламыз. Алайда бұл жағдайда кейбір дыбыстардың екі әріппен белгіленуіне байланысты жазу ұзарып, тілге қосымша ережелер енгізілуі керек.

 1

A a

а

11

J j

ж

21

T t

т

2

Ââ

ә

12

K k

қ,к

22

U u

у

3

B b

б

13

L l

л

23

V v

в

4

C c

ш

14

M m

м

24

Ww

ұ

5

D d

д

15

N n

н

25

Ŵŵ

ү

6

E e

е

16

O o

о

26

Xx

x, h

7

F f

ф

17

Ô ô

ө

27

Y y

ы

8

G g

ғ,г

18

P p

п

28

Ŷŷ

і

9

H һ

ң

19

R r

р

29

Z z

з

10

І і

й

20

S s

с

30

Енді жоғарыда көрсетілген кейбір қиыншылықтардан тазартылған әліпби жобасын келтіріп, кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғаны туралы түсінік берейік.

1. Латын әріптерінің оқылуы европа елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;

2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер;

3. Барлық жіңішке дауыстылар төбесіне сызықша қою арқылы белгіленеді. Математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін сызықшаны доға түрінде қойған жөн. Нүктелердің санына байланысты оларды бір, не екі дәрежелі туынды деп қате түсінуі мүмкін болатындығынан нүктемен белгілеу де жарамайды;

4. Латынның c әріпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылған;

5. Көп адамдарға қазақша жазуда "к" мен "қ" және "г" мен "ғ" дыбыстарын сәйкесінше бір-бір әріптермен белгілеуге болатыны түсініксіздеу көрінеді. Нақтысында бұл мүмкін және дұрыс та. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болуына байланысты қазақ сөзінде дауыстылардың әсерімен дауыссыздар не қатты не жұмсақ айтылады. Қазаққа бұл заңдылықты бұзып айтудың өзі оңай емес. Мысалы "құл", "күл" деген сөздерді "қүл", "кұл" түрінде айту үшін тілді әдейілеп бұрмалап, қиналу керек. Сонымен қатар бұндай белгілеудің ұтымды жағы шет тілінен келген сөздерді қалай оқимыз деп қиналмай, балаларымыз қазақ тіліндегі ережеге сәйкес "қомсомол, қомпартия, диктатура, ғазет", деп оқып кетеді, және ол дұрыс та!

6. Керек болғанда г әрпін ĝ арқылы, ал к әрпін q белгілеуге болады, бірақ оны қолдамаймын.

7. W әрпі ұ дыбысын алмастырды, өйткені дыбыстарды шығару үшін демді ерінді шамалас домалақтап шығару керек;

8. һ әрпі ң дыбысын алмастырды, өйткені дыбыстарды шығару үшін демді тіл артындағы кеңістік арқылы шығару керек;

9. И, я, ю әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = “сойыу” болып өзгертіліп “soіyu болып аударылуы керек. Сол сияқты “суса”, “сиыр”, “мая”, “ою” сөздері сәйкесінше “swusa”, “syіyr”, “maіa”, “oіyu” болып аударылуы керек.

10. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер (ц, щ, ъ, э, ч, ь) қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.

11. ф, в әріптері кейбір кірме сөздерде және қазіргі төлқұжатта аты-жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр.

Егер қазақ тілінде латын әріптерін басқа таңбамен толықтырмай таза күйінде қолдану керек болса, онда қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келмейтіндігін пайдаланып, ә, ө, ү, і дыбыстардың таңбаларын ae, oe, we, ye түрінде алуға болады. Ал сөз ұзындығын үнемдеу керек болса, і дыбысын v әрпімен белгілеуге болады.

Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді!

1. Уатай Ж. О звуковом строе и гармонии гласных в казахском языке. Сб. науч. трудов Акмолинского инженерно-строительного института. Акмола, с.430-438.

2. Уатай Ж. ,  Каюпов Т. Проект казахского алфавита, удобного для использования в компьютере. Ана тілі. 1995, № 48.  

3. Уатай Ж. Проект казахского алфавита, основанный на латинской графике. Казахский язык и литература. 1996, №3, с. 107-110.

4. Уатай Ж. Пути построения казахского алфавита. Казахский язык и литература. 1999, №1, с. 3-7.

Каюпов Т.К., Морзабаев А.К., Уатай Ж. О преимуществах перевода казахского письма на латинский алфавит. Региональная научно-методическая конференцция. "Университет - образовательный, научный и культурный центр". Астана, 1999.

5. Уатай Ж. Казахский алфавит на основе латинского. -Свидетельство Агентства Интеллектуальной собственности № 295 от 09.06.1995

6. Уатай Ж. Латын әрiптерiне негiзделген қазақ әлiпбиiнiң жобасы. - Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1996, №3, 107-110.

7. Уатай Ж. Қазақ әлипбиін құру жолдары. - Қазақ тiлi мен әдебиети, 1999, №1

8. Уатай Ж.,  Каюпов Т. - Мемелекеттiк тiл мәселелерi. Жазу мен емле – Үкiмет жаршысы, 2000, № 8

9. Уатай Ж.,  Каюпов Т. – А с латиницей казахский изучить проще! – Инфо-Цес – 2000- № 27.

Автор қазақ тілінің барлық заңдылықтарына қайшы келетін сөздерді қазақшаға икемдеп латыншаға дұрыс аударатын программа жасап жатыр.

Астана, (7172)56-42-76, 8701-522-06-78, tabyldy@rambler.ru, kkt.nm.ru




1. Доклад- Юджин ОНил
2. Тема- Програма кафе
3. I. Организационные формы предпринимательства Все многообразие видов предпринимательских структур явля
4. Рабочие места кондитеров организуют четко в соответствии с выполняемой производственной операцией м видом.html
5. лабораторная работа 3
6. Развитие Восточной Европы во второй половине двадцатого века
7. варианты- двусемядольные двусемянодольные или Магнолиопси~ды класс покрытосеменных растений у которы
8. Модель будинка із сірників Виконала-Куртєва Каріна Учениця 11Б класу Пологівської гімназії Осно
9. то раз Николас Кейдж и Мэттью МакКонахи в баре
10. Вильямс 2002 704 с
11. Бухгалтерские аспекты учета производственных запасов
12. одна из наиболее распространенных экономических категорий современного мира
13. ЭЖЮрист 2011 N 16 ЭКСПЕРТИЗА КАЧЕСТВА ТОВАРА КАК ЦАРИЦА БАЛА Соответствие товара установленным требов
14. ПЕСЧАНОГО ПЯТНА
15. Реферат- Правовое регулирование страхования
16. і Основу виробництва екстракційних препаратів становлять процеси екстракції
17. Россия XXI век Молодежный форум студенческих лидеров университетов входящих в Ассоциацию университетов А
18. Демографическое прогнозирование
19. на тему Обращение взыскания на имущество должника 1
20. тема и внешнее окружение страхового рынка