Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~ас~асу ~ымыз фестивалі Мазм~ны Кіріспе

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 23.11.2024

«Қасқасу қымыз» фестивалі

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

  1.  «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы ..................................................5
  2.  Аймақтық бөліктерге сипаттама.....................................................................9

2.1 «Қасқасу» қалашығы..................................................................................9

2.2  Аңшылық әлемі........................................................................................14

2.3 Батырлар турнирі .....................................................................................18

  1.  Маркетингтік зерттеулер................................................................................24

4. Қорытынды........................................................................................................25

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

Кіріспе

Туризм  Қазақстанда  халықаралық экономикалық  қатынастарды дамыту  жолында  көптеген  тұрғыларда  алдыңғы  қатарда келеді. Туризм қысқа уақытта  ел экономиканың  ең табысты салаларының  біріне  айналуға мүмкіндігі бар екенін халықаралық және  отандық  тәжірибе көрсетеді. Бұл туризмнің  даму процессі нарықтық қатынастардың  дамуымен тығыз байланысты екенін  айқындайды. Әрине, бұл салада  да, оны құрайтын  бөлшектеріде  ең  алдымен  тұтынушының  көңілінен  шығуға  бағытталған, яғни  нарықтық кеңістікті қалыптастырып  туризмді  дамытуы қажет. Туризм  саласы Қазақстанда  қолайлы  жағдайлар  республика экономикасының дамуына зор әсер етеді.  

Оңтүстік Қазақстан облысында туризмнің барлық дамытуға мүмкіншілігі бар. ОҚО туризм саласын дамыту мақсатында бірнеше жобалар жасалып жатыр. Мысалы: Төлеби ауданында іске асырылғалы отырған «Қасқасу» тау шаңға базасы жобасы алдағы уақытта спорттың қысқы түрлерімен қоса туризм саласында да жыл бойы қазақстандық және шетелдік туристердің демалыс орнына айналады деп күтілуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, туристік қызметті реттеу бойынша облыстық бюджеттен жылдан жылға көп қаржы бөлінуде.

Туристік қызметті реттеу бойынша облыстық бюджеттен   2010 - 5, 1 млн.теңге,  2011 – 7,5 млн.теңге,  2012 – 48,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қаскасу қымыз фестиваль жобасының маңыздылығы өте зор, өйткені бұл жоба –  Қазақстандық туризмді дамытудың жаңа жолы. Ұлттық салт - дәстүрді, болмысымызды көрсете отырып, шет ел туристерін елімізге тарту.

Фестивальда өтетін ұлттық тақырыптағы ойындар туристтерді тек қызықтыра қоймай, ұлттық ойындарды, дәстүрлерді қайта жандандыра түсетіні сөзсіз. Келген туристтер ойындарды тамашалай отырып, Қасқасу өңірін атпен серуендеп, аң аулап қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады.

Фестивальдің еліміз үшін әлеуметтік - экономикалық  маңызы зор.

Фестивальді өткізу барысында тұрғылықты халық жумыспен қамтылады. Сол өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жақсарады.

1.  «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы

    Туристік бағдарламаның аталуы, орындалу уақыты.

    Бұл бағдарлама Төлеби ауданына қарасты, Қасқасу ауыл округінде орналасқан Керегетас мекенінен басталып, Батыс Тянь-Шань таулары етегіндегі , Қоржынтау  шатқалында  орналасқан табиғаты  керемет жасыл-желекке бөленген Науыт өзені ағатын Науытсай шатқалына дейін жол тартқандықтан, бұл жоба « Қасқасу қымыз»  фестивалі деп аталады.

  •  Жалпы ұзақтығы бір бағытқа 15-18 шақырым.
  •  Орындалу уақыты: мамыр, маусым айлары.

 «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының мақсаты.

Негізгі мақсаты:

Қымыз — сусын ғана емес, ол — қазақтың қаны, намысы мен рухы! «Қасқасу қымыз» — жай ғана, қатардағы мереке, көп фестивальдердің бірі емес, бірегейі, тектіліктің Оңтүстік өңіріне қайта оралуы. Бұл Қасқасу  өңірі қымыз дайындау дәстүрінің ерекше ақ маржаны. Қымыз дайындау дәстүрінің рецептін Қасқасулық рецептімен еліміздің түкпір түкпірінен жиналатын рецептермен орталықтандыру[1].

Фестиваль аясында Қазақстанға әсері:

  •  Еліміздің көркем табиғи жерлерін Қазақстан және  шетел азаматтарына таныстыру.
  •  Қазақстан және  шетел азаматтарына қазақтын салт-дәстүрін көрсетіп таныстыру.
  •  Осы бағытты әрі қарай жетілдіре отырып, жарнамалау арқасында кең көлемде туристерді тартып тұрақты демалыс саласына айналдыру.
  •  Жергілікті тұрғындар арасында табыс көзін ұйымдастырып, сервистік қызымет атқару саласын жандандыру.
  •  Халықты жұмыспен қамтамассыз ету.
  •  Табиғаттың өзі сыйлаған көркем табиғи жерлерді антропогендік өз-герістерден сақтап қалу және экологиялық келеңсіздікьерге жол бермеу.
  •  Аудан бюджетіне қаржы табысын түсіру.

    

   «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының сипаты.

    Төлеби ауданы , Қасқасу ауылдық әкімшілігіне қарасты Керегетас ауылынан бастау алып, Батыс Тянь-Шань тауларында орналасқан Қоржынтау тау жоталарында орын тепкен,Науытсай шатқалынан  аяқталады . Науытсай шатқалы теңіз деңгейінен 1250 метр биіктікте орналасқан. Шатқалдың ортасынан суы мөлдір таза Науыт өзені ағады. Шатқалдың жан-жағынан Құлыншақты, Үшсала, Саркезең, Бүркітұя, Үшарша жоталары мен асулары қоршап жатыр. Науыт  өзенін негізінен тау бұлақтары суы құрайды. Бұл өзенге негізгі Бөрібек бұлақ, Тасбұлақ бұлақтары сулары құяды. Өзен суы қыста жылы, жазда өте салқын болады. Өзенінң айналасында қалың ну арша, аққайың ағаштары өседі, көптеген дәрілік шөптерді кездестіруге болады, жабайы тау жеміс-жидектеріне өте бай. Тау  ешкілер мен тау тышқандарын, басқа да тау жануарларын жиі кездестіруге болады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жолдың аса қиындығының жоқтығы. Өйткені барар жол өзен арнасы бойымен бір- қалыпты жоғары көтеріліп отырады. Туристер жол бойында қалауы бойынша жаяу да, автомашинамен де жүруіне болады.

    «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы.

  •  Бағыттың жалпы мерзімі : үш күн

    Бірінші күн : Демалушы туристердің белгіленген орынға жиналып  бағыт картасымен танысу,арнайы қауіпсіздік ережілерімен танысу, тауда өзін-өзі алып жүру ереже құжаттарын заңдастыру. Туристер келген автокөліктерін арнайы автотұраққа тастап, жалға немесе жаяу Қасқасу қалашығына барады. Ол жерде арнайы тігілген киіз уйлерден орын алып жайғасады. Дамалушыларға жайғасқаннан кейін «Қасқасу қымыз»  фестивальінің ашылуына байланысты қонақтарға қымыздан дәм тартқызылады.   Түсте «Қасқасу қымыз»  фестивальінің ашылу салтанаты отеді.  Қасқасу қалашығында киіз үйлерде  әр өңірден келген өкілдері өз қымыздарын ұсынады. Қымыз дегустаторлары әр қымыздың дәмін татқаннан кейін, жүлдегерлер анықталады.  

    Екінші күні : Таң ертең туристер тау бөктеріне арнайы мамандармен аңшылыққа шығады. «Аңшылық әлемі» атты территорияда киік, тау ешкі, түлкі, қарсақ, қоян, қабан және т.б. аңдар мен құстарды аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл процесс екі түрде өтеді: 1. Құсбегілік; 2. Аңшылық,  Бағдарлама аяқталған соң туристер қоршаған ортаның көз  тартар  әсем  табиғатына мұқиат қарай жүріп кері қайтады.

    Үшінші күні : Туристерге арнайы «Батырлар сайысы» атты бағдарлама ұсынылады. Ол жерде кокпар, бәйге, жекпе-жек және үшкүрес секілді қазақтың көнеден келе жатқан  және ұмытылып жатқан ойындар ұйымдастырылады. Бұл бағдарламаны демалушылар тек тамашалап қана қоймай, бұл сайыстарға қатыса алады. Кешке «Қазақ дауысы» атты концертімен фестивальдің жабылу салтанаты өтеді[2].

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасын техникалық  қамтамассыз ету.                               

    Орташа дем алушылар саны 1000 адам көлемінде есептегенде мына

төмендегі көліктер мен құрал - жабдықтармен қамтамассыз етіледі :

  1.  Тауда дем алуға киіз үй  50 дана.
  2.  Аттар 50 дана
  3.  Құрал-саймандары : Үстелдер 100                                                           

                                      Шам 20 дана.

                                      Дәрі-дәрмек қорапшасы 100 дана..

                                      Ыдыс-аяқ 1000 адамға жетерлік.

Аңшылыққа арналған қарулар 50 дана  

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының экономикалық көрсеткіші.

                                     1. Бастапқы шығындар.

    Техникалық қамтамассыз ету мақсатында барлық заттар жалға алынады:

  1.  Өткізілетін жер 1 000 000 тг
  2.  Тауда дем алуға киіз үй 50х10000тг=500000тг
  3.  Аттар 50х8000 тг =400000 тг
  4.  Құрал-саймандары : Үстелдер 100х500тг=50000тг                                                          

                                      Шам 20х1500тг = 30000тг

                                      Дәрі-дәрмек қорапшасы 100х500 тг=50000 тг

                                      Ыдыс-аяқ 1000х500 тг =500000тг

                                      Аңшылыққа арналған қарулар 50х5000=250 000тг

Жалпы сомасы : 2 780 000 теңге

                        2. Тұрақты шығындар

1. Азық—түлік  1 500 000 теңге

2. Басқа ұсақ шығындар 50 000 теңге

3. Жарнама (Газет,телевидения,интернет) 50 000 теңге

Жалпы сомасы : 1 600 000 теңге

                        3. Айлық шығындар

1.Персоналдар(3 күнге) 20 адам х10 000 тг=200 000

2.Күзет бөлімі(3 күнге) 4 адам х5000тг=20000тг

3. Концертке қатысатын әртістер ансамбльі=100 000тг

4. Көрініс көрсететін әртістер=100000тг

5. Аңшы мамандар 10 адам х10000=100  000тг

Жалпы сомасы : 520 000 теңге

    Қазіргі заман талабына сай бір адамның қаладағы орташа демалыс сомасы 1 күнге 5000 теңге деп алғанда, әрбір серуендеуші азаматқа 3 күнге демалып атпен серуендеп қайтуға 15000 теңге баға белгілейміз. 3 күнде 1000 адам қабылданса, әрбір бағытқа серуендеушілер орташа 15 000 000 теңге құрайды.

  •  Жалпы жиналған түсім: 15 000 000  теңге
  •  Шығындардың жалпы сомасы:4 900 000теңге  

                                                            

Жалпы жиналғаны 15 000 000  теңге –  шығындар 4 900 000теңге  =    жылдық пайда 11 100 000 теңге.

2. Аймақтық бөліктерге сипаттама

2.1 «Қасқасу» қалашығы

«Қасқасу» қалашығы тематикалық территорияда туристер жайғасуы үшін Қасқасудың керемет табиғатында шөбінің шүйгі кетпеген даласында  көшпелі қазақ бабамыздың баспанасы – ақ  киіз үйлер тігіледі.

Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.

Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.

Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.

Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.

Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.

Есiк пен төр

Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.

Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.

Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.

Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.

Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.

Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi.

Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».

Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!

Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.

Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады.

Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.

Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады.

Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi.

Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр.

Қазан-ошақ

Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.

Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.

Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi[3-7].

Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды.

Бір киіз үйде қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары ұсынылса, екіншісінде қазақ даласы мен оның дәстүрі туралы естелік қалдыратын сувенирлер сатылады.

Қазақ сусындары:

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын, кышқыл, сүт өнімі.

Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.

«Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.

Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.

Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай

Қымыран — сүттен ашытылып жасалған сұйық тамақ—айранның бір түрі немесе түйенің шүбаты мен сиыр сүтінің араласы т. б. деп түсіндірілген. Егер қымыранның бастапқы мағынасы осындай болса, оның іруі заңды. Бірақ оңай іритін затты, қазақтың сөз саптаудағы дәстүрі бойынша, қырсықтың сипатына сай деп ұғынып, идиома ішіне кіргізе қоймаса керек еді. Сондықтан да «қымыран»—құрамы жағынан басқа бір сұйық тағам болуы керек деген ой туады. Бұл ойдың онша оқшау еместігіне тува тілінің дерегі куә: хымыраан — өте қою емес, болмашы ғана сүтпен ағартылған сұйық шай. Ой елегінен өткізе бағдарласақ, шайдың іри қоюының өзі екі талай. Осы себептен де асқынған қырсықты бейнелеуге сүттен жасалған сусыннан гөрі, іри қоймайтын шайдың балама ретінде алынуы нанымды.

Ұлттық тағамдар:

Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың тү-ріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.

Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.

Қуырдақ – соғым сойған-да етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.

Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.

2.2.Аңшылық әлемі

Қонақтар келіп жайғасқаннан кейін, ертесіне оларға аңшылық әлеміне түсуге бағдарлама ұсынылады. Екінші күні қонақтар таң ата тау бөктеріне жол тартады. Ол жерде арнайы мамандар көмегімен олар қазақ аң аулау әдісімен жорық жасайды. Жорықта тауда секірген Қасқасу тау ешкілерін, орманда жасырылған түлкі, қарсақ секілді хайуандарды, сонымен қатар көкте самғаған және суда айдынында жүзген құстарды аулауға мүмкіндік беріледі.  

Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Аңшылық кәсіби аң аулау қаракеті ғана емес - ол мерекелік дем алу, шебер өнер болып саналған. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.

Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі Аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

Саятшы — аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды.

Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.

Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.

Моршы — түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

Аңшылық сүйетін туристерге қолына жыртқыш құстарын қондырып, астына жүйрік ат мінген аңшылар  қазақтың көнеден келе жатқан аң аулау тәсілі – құсбегілік саятшылық өнерін ұсынады.

Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын өнер.

Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі – құсбегілік. Біздің дәуірімізге дейінгі уақытта Тұран даласында тамырын жайған ежелгі халық, қазақтың және басқа түркінің ортақ бабалары адамзаттағы алғашқы құсбегілер еді. Көшпенділер десек көз алдымызға жүйріп тұлпар мінген, бес қаруы сай, қолында қыраны, қасында ерткен тазысы бар тәуелсіз жауынгер халық елестейді. Өткенге деген құрметіміз өшпесін десек бабадан мұраға қалған өнерді алақанға салып аялап, ары қарай дамуы үшін демеп, қолдау көрсету мемлекеттік деңгейдегі мүддеміз болуы керек деп ойлаймын. Әйтпесе төл өнерімізді еншілегісі келіп жүргендер аз емес. Еділ қаған (Аттила) еуропаны жаулағанда өзімен бірге ала барған мәдениеттің бір бөлшегі құсбегілік еді. Оның байрағындағы Тұғрыл (Қара сұңқар) еуропалықтарға әсер еткені соншама, қазір еуропалық құсбегілер саяткерлікті қазақ-қырғыз құсбегілерінің түсіне кірмеген деңгейге жеткізді. Қазақ, қырғыз, мұғыл құсбегілерінің саны көлемі Жетісудың жеріне де жетпейтін елдердегі саяткерлердің санының шаңына іле алмайды. Әрине, бұған біздің халқымызды кінәлау да орынсыз болар. Құсбегілікті қойып тілімізден айырылып қала жаздаған қасіретті күндерді бастан кешірдік қой[8-10].

Құсбегілікпен айналысатын адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды. Қыран құстардың ұябасарларын ұстау тиімді, өйткені ұябасар (аналық қыран) өжет, әрі қайратты болып келеді. Құстарды баптап үйрету аса төзімділікті қажет етеді. Әбден бабына келтіріп үйретілмеген құс аң ала алмайды. Қыран құстарды үйреткенде, аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Алдымен шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Мұнан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанға қонақтатып, ұйқысын алып арықтатады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады. Құсбегілер қыран құстардың түсіне, қауырсынының ерекшелігіне, түр-тұлғасына, сүйек бітімі мен келбетіне қарап жеке тектерге топтастырады.

Тарихи деректерге қарағанда, Құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы Құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады.

Құсбегілік өнері қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерде де ерекше орын алады. Мәселен, қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шораға байланысты аңызда “Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады”, — деп қыран құстар мұң шағады екен. Қазақ және басқа түркі тектес халықтар көбінесе бүркіт асыраған, ал Еуропа мен Ресей билеушілері сұңқарларды қолға үйреткен (“соколиная охота”).

Жалпы қазақ халқы қыран құстарға: бүркіт, қаршыға, қырғи, лашын, сұңқар, тұйғын, тұрымтайды жатқызады. Құсбегілік өнер соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады. 1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын “Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер мектебі ашылды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған.

  1.  Батырлар турнирі

Фестивальдің үшінші күнінде жиналған қонақтарға қазақ ерлерінің күш-қуаты мен қайрат-қайсарлығын көрсететін  көкпар, бәйге, үшкүрес және батырлар жекпе-жегі негізінде «Батырлар сайысы» атты бағдарлама ұсынылады.  

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту). Бұрын Бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат Бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.

      Қазақша күрес. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Түрлі басқосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге, спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Англияда өткізілетін орта ғасырлық рыцарьлар сайысы негізінде, батырлар  жекпе-жегі көрінісі ұсынылады. Қазақ батырлары арнайы соғыс жабдығымен  найза, қылышпен, садақ, ақ білек күші көмегімен шайқас шеберлігін жиналған жұртқа паш етеді. Қонақтарды орта ғасырлардағы қазақ даласында өткен сан алуан шайқастарды көз алдына елестетуге мүмкіндік беретін бұл тамаша көрініс 2 сағат аралығында жалғасады.

Жекпе – жек көне замандағы батырлардың шайқасы. Шеп құрып тұрған екі жағы аралық майданына бір – бірден батыр шығып, жекпе – жек сайысқа түскен. Шарт бойынша олар аты жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алыспақ, жұлыспақ, қылыштаспақ, тнайзаласпақ т.б.) келісіп алған және осы ұрыста кім жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған.

Майдан даласының қатал дәстүрі бойынша қазақ – қалмақ қолдары бетпе – бет келіп, ортаға екі жақтан жекпе жекке батырлар шығады.

«Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының дес бермей құлаштай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып: «Олай шаппайды, былай шабады!» – деп алмасын жай түскендей жарқ еткізеді.

Ұрыссыз берілуді сұрау – Ұрыс алдында Өз – Темір Тайшықтың елшісі Әбілхайыр ханға: «Көбеден қан шықпасын, көйлектен тер шықпасын! « – депті. Бұл: «Ұрыспай бітісейік» – деген сөз емес, «Ұрыспай беріліңдер!» – деген сөз.

Қызыл шықсын, көк кірсін! – Ежелгі түркі батырлары серттескенде қарама – қарсы жүгініп отырып, осылай анттасқан. «Көк семсер кірсін, қызыл қан шықсын! мағынасында

Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші…

Адамзат тарихындағы мың – мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы болған.

Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, көбе, жалаңқат, зере, кіреуке, торғауыт, қаттама деген сөздер көптеп кездеседі. Олар батырлардың киімдері. Батырлық жырлар, дастандар, эпостар жалпы ауыз әдебиетіне үңілсек, батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған.

САУЫТ – Садақ, қылыш, найза т.б. осы сияқты қару – жарақтардан қорғануға арналған киім.

АЙМАУЫТ – Асыл болаттан соғылған ұсақ шынжыр торлы сауыт. Батырлардың ұрысқа киетін киімі. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді. Соғуы қиын болғандықтан өте қымбат бағаланып, кез келген батырдың қолына түсе бермеген. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпау үшін ішінен киіз кебенек киеді.

ДУЛЫҒА -  Соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім. Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған.

ҚАЛҚАН – Ерте заманда батырдың қарсы жақтың найза, қылыш, соққысынан, садақ оғынан майданда өзін қорғау үшін қолына ұстайтын қорғаныс құралы. Шегінген кезде арқа жағына іліп, бекітіп алады. Қалқанның төрт бұрышты, дөңгелек, жарты цилиндр тәрізді, жүрекше, астауша т.б. көптеген түрлерін қолданған. Қазақтарда дөңгелек қалқан кең тараған. Бұларда қалқан көннен, қоладан, ағаштан, темірден жасалған.

Қылыш (Шашка) – қарудың бір түрі. Қылыш ат үстінде ұрыс жүргізу үшін жеңіл әрі кесіп түсер қару ретінде қолданылған. Көшпелі халықтарда 8-ғасырдан бастап семсерлер бір жүзді, қайқы етіп жасалып, қолданысқа енді.

Найза– жақын қашықтықта, бетбе-бет айқаста түйреу мақсатында қолданылатын қару түрі. Ерте заманнан бері әлем халықтарының көпшілігі соғыс және аң аулау кезінде қолданған . Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды, бертін келе ұз. 1,5 – 2 м-ге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен, металдан үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Найзаның ұзын сапты, екі басы үшкір, сауытты бұзуға арналған түрі – “сүңгі” деп аталады. Сүңгілердің ұз. 3 – 3,5 м-ге дейін жетеді. Ерте замандарда көшпелі түркі халықтарында лақтыруға арналған қысқа Найзалар – “жылда”да болған. Ұшының қырлануына қарай Найза сегіз қырлы, төрт қырлы деген түрлерге бөлінген. Сынбас үшін сабын тарамыспен орап, темір шығыршықтармен бекітеді. Найзаға жауынгерлер әр түрлі дәрежеде белгі ретінде қыл шашақтар, жалаулар таққан[11-12].

3. Маркетингтік зерттеулер

Осы жоба дайындау кезінде студенттер арасында  сауалнама өткіздік:

Сауалнаманы М.Ауезов атындағы ОҚМУ студенттерінен алдық. Бұл процес кезінде 50 студентке сұрақтар қойылды. Олардың негізгілеріне тоқталып өтетін болсақ:          

«Қазақ салт-дәстүрі туралы не білесіз?»-деген сауалға жауап алдық. Жауап алу барысында студенттердің қазақтың салт-дәстүрі туралы түсінігі толық емес екенін байқадық, 6 %-ы жауап бере алмады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы сұрағанда 78% адам кокпар мен бәйгені атап өтсе, қалғаны қыз-қуу, күрес, тоғызқұмалақ секілді ойындарға қызығатындарын айтты.

Қазақ салтын басқа елдерге таныту үшін шаралар қолдану туралы ойларын сұрағанда – студенттердің 32%-ы Наурыз мерекесінде өтетін шаралар тектес фестивальдарды өткізу қажеттілігін айтты, 62 % студент ғаламтор көмегіне сүйенуге кеңес берді.

«Қасқасу қымыз» фестивальінің өтетіндігін естігенде 98 % сұралып жатқандар, ол фестивальға қатысатындығын айтты. Олар фестивальдің көктемнің соңы, жаздың басында және табиғат аясында өткенін қалады.   Фестивальда ұлттық ойындардың өтуін, оларды тамашалауға және өздері қатысуға ниет білдірді.

                                            Қорытынды

      Қазіргі өмір талабына сай халықаралық туризм мен мемлекетімізге деген туристік сұраныс кұн сайын өсіп келеді. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қазір еліміз, бәсекеге қабілетті мол басым салаларды дамытуға кіріскенімізді, сол арқылы  нарықтық туризмді жандандаруға мүмкіндік алғанымызды айтқан еді.

Мемлекет үшін басты байлық экономикалық табыс, ендеше неге өз жеріміздің әсем табиғатын қажетінше экологиялық тұрғыдан пайдаланып, өзгелердің де рухани байып, көңіл сергетуіне жағдай жасамасқа. Осы мақсатта  жоғарыдағыдай туристік бағдарламалар жасалды.

 «Қасқасу қымыз» фестиваль аясында ауруға ем, сауға қуат дәрі қазақ қымызы мен қазақ асханасын, сонымен қатар ұлттық ойындарды, қазақ салт-дәстүрін өз халқымызға және шет ел азаматтарына  паш ету. Фестивальді қазақ қанына сіңіріп, жыл сайын  дәстүрлі түрде өткізу керек.

       Жоғарыда көрсетілген жоба бойынша әлемдік туризмнің нысаны болуға лайықты Қасқасудың табиғи орындарын ашуға және жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаржы керек. Осы қаржы табылса, ел азаматтары ойланса, ауданда да бірнеше  қаржы  көздері мен жұмыс орындары ашылатын еді.

      Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2012 ж. халқына жолдауында: «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» демекшІ  соның ішінде халық шаруашылығының бір саласы болып табылатын туризмнің орны ерекше. Ал, туризмнің дамуының көрсететін факторлардың бірі елдің, халықтың жағдайы болса, бұл факторлар біздің елде жеткілікті болып табылады. Ендігі мәселе туристерді, әсіресе шетел туристтерін қызықтыратын фактор біздің тарихымызбен салт -дәстүріміз. Демек, салт дәстүрлердің ерекшелігі мен артықшылығын көрсету арқылы елімізге туристтердің көптеп келуіне әсер етуге болады.

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1.  География және табиғат жуналы. 2004ж. мамыр-маусым айлары.№3.
  2.  Төлеби туы газеті. 2011ж.3-сәуір М.В. Соколов. История туризма. Москва 2002г.
  3.  И.Ю. Ляпина. Организация и технология гостиничного обюслуживание. Москва 2002г.
  4.  Энциклопедия туризма.
  5.  В.Г. Гуляев. Организация туристской деятельности. Москва Нолидж1996г.
  6.  Кругалин К.В. Экстремальный туризм как новой сегмент туристского рынка (МГУ Москва)

 8.  Ердавлетов.С.Р. Туризм Казахстана. Алматы 1996г.

 9. Төлеби туы газеті. 2012 ж.19-қазан.№84

10. М.Б. Биржаков, В.И. Никифоров. Индустрия туризма.

 11. Г.И. Зорина, Е.Н. Ильина. Основый туристской деятельности   Москва Советской спорт 2002г

 12. Интернет желісі.




1. О социальной защите инвалидов в Российской Федерации
2. Докладная записка Уважаемый Евгений Евгеньевич Центр идеологической и воспитательной ра
3. Формы государства
4. нефункционирующих или избыточных активов которое не понадобится для получения этих доходов
5. а или плоской ровной площадки плато или же заканчивается остриемпик
6. Принцип диспозитивности
7. Тема 110 Согласно рекомендациям ВОЗ бронхит является хроническим если у больного кашель с мокротой на п
8. Назовите общие свойства сенсорных систем
9. I О различии между чистым и эмпирическим познанием
10. Московская русь (XIV - XVI вв)
11. Народная художественная культура
12. а; Західна Україна Галичина з Покуттям Волинь Закарпаття Буковина; Південна Україна Запорожжя Таврія Кр
13. Планирование факторов производства на примере турагентства
14. 65 Таможенное дело на установочную сессию -2013 2014 учебный год-
15. ТЕМАТИЧНА ЕКОНОМІКА доц
16.  Директор сельскохозяйственного предприятия имеет право предпринимать действия для предотвращения и устра
17. Оцінка методів аналітичної роботи приватного підприємства
18. Xes Its velocity is constnt nd equl to 12 m-s
19. Деловая этика Понятие мораль
20. гребенки Дирака