Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~андай б~рыштарды сыбайлас б~рыштар деп атайды

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.11.2024

Зачет сұрақтары

7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары

1.Қандай бұрыштарды:а) сыбайлас бұрыштар деп атайды?ә)вертикаль бұрыштар деп атайды? Суретін салып көрсет.(7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(1-1)

2.Екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған бұрыштарды суретін салып көрсет. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(2-4)

3.Қандай түзулерді:а)параллель;ә)перпендикуляр түзулер деп атайды? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(3-1)

4.Түзулердің параллельдігінің  неше белгісі бар? Оларды тұжырымдап айт. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)  (4-4)

5.Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды? Оның қандай түрлерін білесіңдер? Үшбұрыштың қандай элементтері бар,атап көрсет. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(5-2)

6.Үшбұрыш теңдігінің неше белгісі бар?Оларды тұжырымдап айт. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(7-1)

7.Дөңес көпбұрыш дегеніміз не? п-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы мен сыртқы бұрыштарының қосындысы неге тең? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(8-1)

8.Қандай төртбұрышты параллелограмм деп атайды?Параллелогамның белгілерін тұжырымдап,суреттерін көрсетіңдер. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(9-4)

9.Тік төртбұрыш,ромб,квадрат деген не? Олардың қандай қасиеттерін білесіңдер? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(11-4)

10.Үшбұрыштың орта сызығы деген не?Оның қандай қасиеттерін білесіңдер? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(12-4)

11.Трапеция деген не?Оның қандай түрлерін ,қасиеттерін білесіңдер? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(13-4)

12.Шеңберге сырттай және іштей сызылған төртбұрыштардың қандай қасиеттері бар? (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(14-4)

13.Пифагор теоремасын жазып ,оған сәйкес келетін үшбұрышты салып көрсет. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(15-4)

14.Тік бұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыштың тригонометриялық функциялары мен үшбұрыш қабырғалары арасындағы байланысты жазып көрсетіңдер. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(16-4)

15.300,450,600 бұрыштардыдағы тригонометриялық функциялардың мәндерін айтып беріңдер. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(17-4)

16.Тік төртбұрыш,үшбұрыш,параллелограмм,трапеция аудандары қандай формулалармен анықталады?Формуладағы қолданылатын элементтерді суретін салып көрсет. (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)(18-4)

17.Планиметрияның негізгі формулалары (7-8сыныпбойынша қайталау сұрақтары)

1)Кез келген үшбұрыш(19-4)

2)Тікбұрышты үшбұрыш(19-4)

3)Дұрыш үшбұрыш(21-2)

4)Параллелограмм(22-2)

5)Тіктөртбұрыш(23-2)

6)Ромб(22-2)

7)Квадрат(20-2)

8)Трапеция(оқулық,геометрия9,4-бет)(24-2)

Есептер:6-бет-№6,10,18,25,27,29.

I тарау. Жазықтықтағы векторлар

1.Векторлық шама мен скалярлық шаманың қандай айырмашылығы бар? (1-2)  

2.Вектор деген не? Оны қалай белгілейді? (1-2)

3.Қандай векторды коллинеар деп атайды? Бағыттас және қарама-қарсы бағытталған векторларға мысалдар келтіріңдер. (1-2)

4. Қандай векторларды өзара тең  деп атайды? (2-1)

5.Тең векторлар мен параллель көшірудің арасында қандай байланыс бар?Параллель көшіру дегенді қалай түсінесің? (2-1)

6.Вектордың ұзындығы (модулі)деген не? (3-2)

7.Нөлдік вектор жөнінде не білесіңдер? (3-2)

8. Векторларды қосудың үшбұрыш және параллелограмм ережесін айт. (4-1)

9. Векторды қосудың қандай қасиеттерін білесің? (4-1)

10. Вектордың айырмасы қалай анықталады? (5-1)

11. Қандай векторды қарама-қарсы вектор деп атайды? (5-1)

12. Векторларды өзара қиылысатын түзулер бойынша қалай жіктеуге болады? (6-1)

13. Қандай бұрыш   және   векторларының арасындағы бұрыш деп аталады?Векторлар арасындағы бұрыш қалай белгіленеді? (7-2)

14. Бағыттас және қарама-қарсы векторлардың арасындағы бұрыш неге тең? (7-2)

15. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі деп нені айтады?Векторлардың скаляр көбейтіндісі сан бола ма,әлде вектор бола ма? (8-2)

16.Скаляр көбейтіндінің қасиеттерін тұжырымда. (8-2)

17.Екі вектор перпендикуляр болуы үшін қандай шарттың орындалуы қажетті және жеткілікті? (16-1)

18.Кез келген векторды коллинеар емес екі вектор арқылы жіктеу жөніндегі теореманы тұжырымдап, дәлелдеңдер. (9-1)

19.Жазықтықтағы базистік векторлар деп нені айтады? (6-1)

20.Координаталық векторлар деп нені айтады және оларды қалай белгілейді? (10-2)

21 Тік бұрышты координаталар жүйесінде вектордың координаталары деп нені айтады және оларды қалай жазады? (10-2)

22.Вектор координаталарының қандай қасиеттерін білесің?(10-2)

23.Нүктенің радиус-векторы деп қандай векторды айтады? (10-2)

24.Ұштарының координаталары бойынша бойынша вектордың координаталарын қалай атайды? (13-1)

25.Вектордың модулін қандай формуламен анықтайды? (13-1)

26. Векторлардың скаляр көбейтіндісін оның координаталары арқылы жаз. (15-1)

27.Векторлардың перпендикулярлық шартын жаз. (16-1)

28. Векторлардың колинеарлық шартын жаз. (16-1)

29. Векторлар арасындағы бұрышты қандай формуламен анықтайды? (17-1)

30.Қандай векторларды түзудің бағыттаушы векторы деп атайды? (12-4)

31.Түзудің бастапқы нүктесі деп нені түсінесің?Бастапқы нүкте мен бағыттаушы вектор арқылы жазылатын түзудің теңдеуін жаз. (12-4)

32.Екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жаз. (12-4)

33.Түзудің нормаль векторы деген не?Нормаль вектор мен бастапқы вектор арқылы жазылатын түзудің теңдеуін жаз. (14-1)

34.Түзудің жалпы теңдеуі бойынша оның бағыттаушы, нормаль векторлары мен бұрыштық коэффициентін жазып көрсет. (11-1)

35.Екі түзудің арасындағы бұрыш қандай формуламен анықталады? (17-1)

36.Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты қалай анықтайды? (18-1)

Есептер:№46,61,65,91,108,136,146,154,175,189,190,204,205,213,

II  тарау.Жазықтықтағы фигуралады түрлендіру.

1.Жазықтықтағы түрлендіру деп нені түсінесің? (6-3)

2.Фигураның бейнесі,түп бейнесі деген не? (6-3)

3. Қандай түрлендіруді центрлік симметрия деп атайды?Симметрия центрі деген не? (7-3)

4. Центрлік симметрияның қандай қасиеттері бар?Егер координаталар бас нүктесі симметрия центрі болса,онда центрлік симметрия центрі қалай анықталады? (7-3)

5. Қандай түрлендіруді осьтік симметрия деп атайды?Симметрия осі деп қандай түзуді атайды? (5-3)

6.Кез келген фигураның симметрия осі бола бере ме? (5-3)

7. Осьтік симметрияның қандай қасиеттері бар?Егер координаталар осьтері симметрия осі ретінде алынса,онда симметриялы нүктелердің координаталары қалай өзгереді? (5-3)

8.Бұру түрлендіруі дегеніміз не?Ол қалай анықталады? (6-2)

9.Бұру центрі арқылы өтетін түзу: ә)центрі бұру центрімен беттесетін шеңбер; б)төбесі бұру центрінде орналасқан бұрыш белгілі бір бұрышқа бұрғанда қандай фигураларға бейнеленеді? (6-2)

10.Қандай фигураларды бұру түрлендіруі арқылы өзіне-өзін бейнелеуге болады? (6-2)

11.Параллель көшіру дегеніміз не? Ол қалай анықталады? (3-3)

12. Параллель көшірудің қандай қасиеттері бар? (3-3)

13.Қандай түрлендіруді қозғалыс деп атайды? (4-2)

14. Қозғалыстың қандай қасиеттері бар? (4-2)

15.Қандай фигураларды ұқсас фигуралар деп атайды? (1-3)

16.Ұқсастық коэффициенті деп қандай санды айтады? (1-3)

17.Ұқсастық түрлендіруі дегеніміз не? (1-3)

18. Ұқсастық түрлендіруінің қандай қасиеттері бар? (1-3)

19.Гомотетия деген не?Гомотетия центрі,коэффициенті деген не? (2-2)

20. Гомотетияның қандай қасиеттері бар? (2-2)

21.Үшбұрыштар ұқсастығының I белгісі мен салдарын тұжырымдап айт. (11-2)

22. Үшбұрыштар ұқсастығының II белгісі мен салдарын тұжырымдап айт. (12-3)

23. Үшбұрыштар ұқсастығының III белгісі мен салдарын тұжырымдап айт.(13-3)

24.Үшбұрыш биссектрисасының қандай қасиеті бар?(14-3)

25. Үшбұрыш медианасының қандай қасиеті бар?(15-3)

26. Үшбұрыш биіктігінің қандай қасиеті бар?(16-3)

Есептер:№261,266,276,282,309,320,328,330,350,356,368,371,376.

III тарау.Көпбұрыштар

1.Сынық сызық деген не?Оның ұзындығы қалай анықталады? (8-3)

2.Көпбұрыш деген не?Оның қандай элементтерін білесіңдер?Дөңес көпбұрыш деген не? (8-3)

3.Сырттай және іштей сызылған шеңберлер деген не? (9-2)

4.Дұрыс көпбұрыш деген не?Оның центрі қалай анықталады? (9-2)

5.Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының арасында қандай байланыстар бар? (10-3)

6.Іштей және сырттай сызылған көпбұрыш дегеніміз не? (11-3)

7. Іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?Центрлік бұрыш дегеніміз не? (11-3)

8.Іштей сызылған төртбұрыш туралы теорема. (12-2)

9. Сырттай сызылған төртбұрыш туралы теорема. (12-2)

10.Параллелограмның қандай түрлеріне сырттай және іштей шеңбер сызуға болады?(13-2)

11.Шеңберге сырттай және іштей сызылған трапецияның түрі қандай болады? (13-2)

12.Өзара қиылысатын екі хорданың арасында қандай байланыс бар? (14-2)

13.Шеңберге бір нүктеден жүргізілген екі қиюшының арасында қандай байланыс бар?(14-2)

14. Шеңберге бір нүктеден жүргізілген жанама мен қиюшының арасында қандай байланыс бар?(15-2)

15.Тік бұрышты үшбұрыштағы метрикалық қатынастарды атап,оларды дәлелде.(16-2)

16.Үшбұрыш бұрышының сүйір,тік,доғал болатынын қалай анықтауға болады?(17-2)

Есептер:№384,385,386,394,400,415,416,421,432,435,436,444,451,457.

IV тарау.Үшбұрыштарды шешу.

1.Косинустар теоремасын тұжырымдап бер. (2-3)

2. Синустар теоремасын тұжырымдап бер. (4-3)

3.Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың биіктігін қалай анықтауға болады? (5-4)

4.Егер үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған қарсы жатқан бұрыштың шамасы белгілі болса,онда осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің диаметрін қалай анықтауға болады? (1-4)

5.Үшбұрыштарды шешу деп нені түсінесің? (3-4)

6.Үшбұрышты шешуде қандай теоремалар жиі қолданылады? (6-4)

7. с қабырғасы мен оған іргелес және  берілсе,үшбұрыштың қалған екі қабырғасы мен үшінші бұрышын қалай табамыз? (7-4)

8.Үшбұрыштың а,в,с қабырғалары бойынша оның бұрыштарын қалай табуға болады? (8-4)

9.Барып өлшеу жұмыстарын жүргізуге болмайтын жерде орналасқан екі нүктенің ара қашықтығын қалай табуға болады? (9-3)

10.Табанындағы бұрышыға тең тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі оған іштей сызылған шеңбер радиусынан а-ға артық.Үшбұрыштың табаны мен оған сырттай сызылған шеңбер радиусын табу керек. (10-4)

Есептер:№469,472,477,479,481,483,487,494,495,500,503,504,508,511,515,518,526,532,533,540,541,545,550.




1. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Дніпропетро
2. Теплопроводность через сферическую оболочку
3. Биоэнергетика мышечной деятельности
4. Тематическое занятие Старшаяподготовительная группы Состав
5. Роботы в ближайшем будущем
6. неустойка; 2 залог; 3 удержание; 4 поручительство; 5 банковская гарантия; 6 задаток
7. Альфа 10 8 1 1 52 23 25 2
8. тема інверсної населеності.html
9. тема напуска обеспечивает испарение вещества и вводит его в массспектрометр
10. Отчет по геологической практике на меловом карьере в Белгороде
11. Сутність планування, його види та особливості організації на підприємствах
12. Петербурга по жиму лежа Ненужное удалить
13. Реферат на тему- Суїцид засоби його запобігання Сьогодні Україна ввійшла до групи країн із високим р
14. частицы Заряд электрона Заряд атома углерода Минимального заряда не существует
15. Кейстест это методика оценки и развития потенциала профессионала сочетающая в себе преимущества и преод
16. Важным фактором этой эволюции являются сами живые организмы
17. Утверждаю Первый проректор ЧОУ ВО Нижегородская правовая академия
18. Рассуждение о методе В 1637 г
19.  Основные функции управления
20. ТЕМА- ПРОФИЛАКТИКА ТУБЕРКУЛЕЗА