Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
27 |
. Қытай иероглифтеріндегі бихуалардың жазылу тәртібі қалай. |
Каллиграфиялық белгіні қабылдау дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылады. Қытайлықтар иероглиф белгілердің каллиграфиясына (қалай жазылуына қарай) қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде болғандығын, оны жазған адамның мінез-құлқын анықтайтын болған. Каллиграфияға осынша мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігі оның пластикалық элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен теңестіру өнер адамдарының байқампаздығын, талғампаздығын байқататын сияқты. Өйткені мұз айдынындағы билердің өзі де «мұз каллиграфиясына», яғни бишілердің мұз айдынындағы іздері арқылы бағаланады ғой. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты сияқты.
Қытай тілінде 40,000 астам мисол бар, бірақ 400 буын ғана бар,және 4 тон бар.
Қытай иероглифтерінің жазылуының негізгі жеті ережесі бар:
1)бірінші горизанталь сызықтар одан кейін вертикаль сызықтар жазылады
2)бірінші солға түрілген сызық(откидная влево) одан кеиін солға түрілген жазылады(откидная вправо)
3)иероглиф жоғарыдан төменге қарай жазылады
4)және солдан оңға қарай жазылады
5)бірінші иероглифтің сыртқы жағы одан кейін ішіндегі жазылады
6)"мемлекет" 国guó, "күн" 日rì деген иероглифтерде бірінші ішіндегі элементтер соңынан сыртындағы элементтер жазылады
7)бірінші иероглифтің ортасында тұрған элементтерді жазу керек,соңынан солдан оңға элементтерді жазу керек
28. Қытайдың мифтік аңыздарында айдаһар нені білдіреді?
Айдаһар мифтік аңыз жануары, Қытайдың нышаны болып табылады. Ерте заманда айдаһар патша билігінің белгісі болып саналды, ал қазір ол бақыттың белгісі.
Дәстүрлі қытай бейнелеу өнерінде оны қанатты айдаһар кейпінде кескіндеу басым. Дамыған мифологиядалунның бес түрі бар: хуанлун орталықтың сары айдаһары, цинлун шығыстың жасыл айдаһары, чилун оңтүстіктің қызыл айдаһары, байлун батыстың ақ айдаһары, сюань-лун терістіктің қара айдаһары. Сондай-ақ олар сыртқы келбетіне қарай да ажыратыла береді, мәселен, цзяо балық қабыршақты, ин қанатты, цю мүйізді, чи мүйізсіз және де ат басты, жылан құйрықты лун бейнесі кездеседі; кейбір аңыздарда суда өмір сүретін лунма ("ат-айдаһар") туралы, лунның атқа және бұқаға айналуы туралы айтылады.
Қытай айдаһары Лун қытай мәдениетінің қалыптасуында негізгі рөл атқарған мифологиялық жануар. Тіпті кейбіреулер оны мифтік бейне ретінде танудан бас тартады. Олардың мәлімдеуінше, Лун қытайлардың арғы атасы. Яғни кейбір ханьдықтар өздерін айдаһардың ұрпағымыз деп санайды. Бүгінде жылан, кесірткелерді айдаһардың тікелей ұрпағы деп қадірлейтіндер де аз емес. Мифологиялық аңыздарға сенсек, Лун ең алғашқы айдаһар. Оның тоғыз баласы бар екен. Әр баласы әкесі Лунның бір-бір қасиетін сақтап қалыпты-мыс. Мысалы, бірінші ұлы Биси ауыр көтергенге құмар болыпты. Сондықтан оның бейнесі үй салғанда тіреулерге кескінделеді. Екінші ұлы Чивэнь жұтқанды ұнатады. Оның бейнесі үй шатырының ұшар басына салынады. Мұны үйге бағытталған жағымсыз энергияны жұтып алсын деген ниетпен жасайтын көрінеді. Биань өте шымыр, алып, білекті және әділ болған. Оның бейнесі түрме қақпаларында тұрады. Бася судың пірі. Оның бейнесін көпірлердің тіреуінен байқауға болады. Қысқасы, тоғызы тоғыз қырлы... Кейіннен олар да жан-жаққа тарап, жер әлемнің түрлі түкпірін мекен ететін болған. Тұрғылықты жеріне қарап қытайлар оларды төрт негізгі топқа бөлген. Тяньлун аспан айдаһары. Құдайлардың тыныштығын қорғап, өздері арбаға жегіліп, оларды тасып жүреді. Фуцанлун байлық айдаһары. Яғни жер асты мен үстіндегі пайдалы қазбалар мен бағалы темір-тастарды қорғаушы. Дилун жер айдаһары. Ол жер, су, өзен көлдердің пірі болған. Инлун ауа райының, табиғаттың пірі. Күннің тұтылуы мен ашылуы, жауын-шашын секілді құбылыстар осы айдаһардың көңіл күйіне байланысты болыпты деседі. Қытай мәдениеті айдаһар ұғымымен тікелей байланысты. Көгілдір экраннан талай көрген айдаһар биінсіз ешқандай қытай мейрамы өтпейді. Қытай жыл санағы да айдаһардан басталады. Өйткені айдаһар адамзат өмірінің бастамасы саналады. Қытай жерінде тойланатын ең ұлы мереке Чуньцзиені өткізгеннен кейін «Айдаһар басын көтерді» деген шағын мейрам тағы бар. «Айдаһар басын көтерді» жыл жаңарды, бүкіл тылсым-тіршілік қайтадан басталды дегенді білдіреді. Айдаһардың алғашқы бейнелері осыдан 8000 мың жыл бұрын қалыптасқан деседі кейбіреулер. Яғни айдаһар тарихы Қытай елінің тарихын да тереңге тартады. Ол әртүрлі кейіпке ене алатын қасиетті жануар болған дейді деректер. Басы түйені, мүйізі бұғыны, көздері қоянды, мойны жыланды, тырнағы бүркітті, қол-аяғы жолбарысты еске салады. Ал денесі балықтыкіндей қабыршақты... Міне, осының бәрі жиылып, айдаһардың толық бейнесін танытады.
29. Қытай иероглифтерінің құрамындағы бихуалардың байланысы
Қытай ироглифтері өте қиын көрінгенмен, барлығы қарапайым бихуалардан тұрады: diăn, héng, shù, piĕ, nà, tí, zhé, gōu, wān. Қарапайым бихуалар құралып иероглифтер жасалады. Қытай иероглифтерінің өзіндік жазылу тәртібі болады, бихуалардың ілгерінді-кейінді жазылу тәртібі бихуалардың жазылу ережесі деп аталады. Бір қытай иероглифін бірнеше бөлікке бөлуге болады. Әр біреуінің өзіндік конструкциясы бар. Өз тәртібі бойынша жазылған қытай иероглифтері дұрыс әрі көркем болып шығады.
1. Дара тұлғалы иероглифтер. Мысалы: 日 大 我
2. Сол және оң бөліктен құралған иероглифтер. Мысалы: 的 昨 林
3. Оң сол және ортаңғы бөліктерден құралған иероглифтер. 谢 谁 哪
4. Жоғарғы және төменгі бөліктерден құралған иероглифтер. 爸 怎 色
5. Жоғары, орта және төменгі бөліктерден құралған иероглифтер. 念 爱黄
6. Екі жағы қоршалған иероглифтер. 这 是 听 可
7. Үш жағы қоршалған иероглифтер. 间 区 同
8. Төрт жағы қоршалған иероглифтер. 国 园 因
31. 是иероглифті сөйлемді тусіндіріп сөйлем қура
<是> сөзі бар сөйлем.
是 shì Болу(являться,есть) деген мағынаны білдіреді.
Кілті: 日 rì день,солнце толық формасы
Мұндай сөйлемдер тұжырым жасауда жиі қолданылады.Олардың 3 түрі бар: болымды, болымсыз және сұраулы сөйлем.Мысалы:
Болымды түрі: S + 是 + N.
1) 他是哈萨 克人.
2) 她是老师.
Болымсыз түрі: S + 不 + 是 + N.
1) 他不是哈萨 克人.
2) 她不是老师.
Сұраулы түрі: S + 是 + N + 吗?
1) 他是哈萨 克人吗?
2) 她是老师吗?
32. 呢 иероглифның қолданылуы, түсіндіріп сөйлем құра
Өзін таныстырып болған соң, қарсы жаққа ұқсас сұрау қоюда қолданылады. «呢» сөзі әдетте сөйлемнің соңында келеді.
Мысалы: 1) А: 我是留学生, 你吧? (мен шетелде оқитын оқушымын, сен ше)
В: 我是老师. (мен мұғаліммін)
2) А: 他是哈萨克斯坦人, 你吧?
В: 我是中国人.
33. Баяндауышы сын есімнен жасалған сөйлемдерді ата :
қытай тілінде сын есім баяндауыш болғанда «是» (shi-болу) сөзі қолданылмайды. «很», «非常» үстеу сөзі сын есімнің алдына қолданылып, деңгейді білдіреді.
Мысалы: 这些苹果很大, 那些个老师非常好.
34. 吧 иероглифнің қолданылуы
吧 сөзі сұраулы сөйлемнің соңында қолданылып, тұспалдау әрі қарсы жақтан бір нәрсені өтіну мағынасын білдіреді. Мысалы: 1)这是汉语书吧?Zhe(4) shi(4)han(4) yu(3) shu(1) ba? Мынау қытай тілі кітабы ма? 2)你是外国人吧? Ni(3) shi(4) wai(4) guo(2) ren(2)ba? Сіз шетел азаматысыз ба?
35. Сын есімнен жасалған баяндауышты сөйлемдер.
Қытай тілінде сын есім баяндауыш болғанда «是» сөзі қолданылмайды. «很», «非常» үстеу сөздері сын есімнің алдына қолданылып, деңгейді білдіреді.
Мысалы, 这些 苹果 很 大。那 个 老师 非常 好。
36. Етістіктен жасалған баяндауышты сөйлем. Тәуелділікті білдіретін анықтауыштар.
Қытай тілінде етістіктен жасалған баяндауыш «не істеді?», не істейді?» сұрақтарына жауап береді және заттың қимылын білдіреді. Етістіктен жасалған баяндауышты сөйлемнің құрылымы: бастауыш + баяндауыш (етістіктен жасалған) + толықтауыш.
Мысалы:
我说中文 - wǒ shuō zhōng wén мен қытай тілінде сөйлеймін.
我看书 - wǒ kàn shū мен кітап оқып отырмын.
他吃肉 - tā chī ròu ол ет жеп жатыр.
Егер 不 bù болса, онда ол баяндауыштың алдында жазылады: бастауыш +不 + баяндауыш + толықтауыш
我不说中文 - wǒ bù shuō zhōng wén мен қытай тілінде сөйлемеймін.
Тәуекелділікті білдіретін анықтауыштар的 (de) арқылы жасалады. Eгер есімдік пен зат есімнің арасында көмекші сөз 的 (de) тұрса, онда 的 (de) көмекші сөзінен кейінгі зат есім 的 (de) көмекші сөзінің алдындағы есімдікке тәуелді екенін көрсетеді.Мысалы: 我 的手机 wǒ de shǒujī, 她 的手表 tā de shǒubiǎo . Кей жағдайларда қолдан бауға болады. Егер зат есім туысқандық қатынас болса қолданбауға болады.
Мысалы:我 老师 wǒ lǎoshī , 我 爸爸 wǒ bàba
37. Жіктеу есімдіктері
Есімдік зат есім, сын есім, сан есім орнына жүретін сөз табы. Жіктеу есімдігі көбінесе адам аттарының орнына жүреді. Қытай тіліндегі жіктеу есімдіктерінің ерекшелігі, ол септелмейді.
Жіктеу есімдіктері:
Жекеше түрі:
І жақ
我 [wǒ]- мен
ІІ жақ
你 [nǐ] - сен
您 [nín] сендер, сіздер
ІІІ жақ
他 [tā] ол (ер адамға)
她 [tā] ол (әйел адамға)
它 [tā] ол (адамдарға қолданылмайды)
Көпше түрі: І жақ:
我们 [wǒmen] біз
咱们 [zánmen] - біз (әріптесті қосқанда) 我们 қарағанда екінші жақты қосып қолданылады (мен және сен), ал 我们 көбінесе екінші жақты қоспай, көбінесе үшінші жақпен қолданылады(ол және мен). І жақ:
你们 [nǐmen] сіз
您 [nín] сіз (көпше формасы жоқ)
ІІІ жақ:
他们 [tāmen] - олар (ер адамдарға)
她们 [tāmen] - олар (әйел адамдарға)
它们 [tāmen] - олар (заттарға)
Мысалы:1) 我是老师; 2) 他是老师; 3) 你是老师
38.Сұрау есімдіктері.
Қытай тілінде
谁 - shuí кім ?
谁的 - shuí de - кімдікі?
什么 - shénme не? қандай?
几 - jǐ қанша (егер жауап 0 ден 10 ға дейінгі сандарды қамтитын болса)
多少 - duōshao неше (жауабы 10-нан үлкен болса қолданылады)
哪 - nǎ қандай, қайсысы.
哪儿nǎr қайда? (Мысалы: 爷爷在哪儿 ата қайда?) сұрау есімдігі бар сөйлем ерекше сұраулы сөйлем деп аталады. 几 кейін саналатын сөз тұруы керек.
Мысалы:
А: 你是哪国人? A: 那是什么书? A: 他是谁?
B: 我是哈萨克斯坦人. B: 那是汉语书. B: 是我的同学.
39. Ауыспалы осы шақ
Қытай тілінде осы шақ «今天jīntiān бүгін», «今年jīnnián биыл», «现在xiànzài қазір» және т.б. уақытты білдіретін сөздер арқылы жасалады. Осы шақтағы етістіктерге ешқандай жұрнақтар жалғанбайды. Айта кететін жайт, жоғарыда көрсетілген сөздерді қолдану міндетті емес, әңгімелеу уақытын сөйлемнің контексті бойынша да білуге болады.
Қытай тілінде осы шақта болымсыз формасы不 болымсыз демеулік арқылы жасалады.
这些汉字中我不认识三个。мына иероглифтердің ішінен мен үшеуін білмеймін.
40. Болымды және болымсыз сұраулы сөйлемдер Болымды сұраулы сөйлемдер 吗 көмекші сөзін қолдану арқылы жасалады.
Мысалы: олар қытай тілінде сөйлей ма? Деген сөзді алайық.
他们 说 汉语 吗?
Болымсыз сұраулы сөйлем 不 етістігі арқылы жасалады.
Мысалы: сенің кино көргің келе ме, әлде көргің келмей ме?
你 要 不 要 看 电影 ?
41. Көп етістікті сөйлемдер
Құрылымы: «бастауыш + баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесі 1 + баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесі 2». Бұл құрылымда бірінші «баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесі» екінші «баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесінің» мақсатын білдіреді. Мысалы: 萨沙去电影院看电影. Sàshā qù diànyǐngyuàn kān diànyǐng. Саша кинотеатрға кино көру үшін барды.
同学们去图书馆借书.Tóngxuémen qù túshūguǎn jièshū. Сыныптастар кітапханаға кітап алу үшін барды.
你每天自己买菜做饭Nǐ měitiān zìjǐ mǎi cài zuòfàn. Сен күнде тамақ жасау үшін көкөністерді өзің сатып аласың.
42. «也» және «都» үстеулерінің сөйлемдегі қызметі
«也yě де, да, та, те» және «都 dōu бәрі, барлығы» үстеулері бастауыштан кейін баяндауыштың алдында жазылады. Егер бір сөйлемде екеуі де қолданылса, онда也yě 都 dōu алдына жазылады. Осындай сөйлемдердің схемасы:
Бастауыш +也 都 + баяндауыш + толықтауыш.
Мысалы: 我班的班长很忙是 біздің топтың старостасы да өте қарбалас.
都 үстеуі жалпылау сөзі болып табылады (міндетті түрде бастауыштан кейін тұрады) және «барлық, бәрі» тұрақты есімдігі ретінде қолданылмайды.
«不都» сөз тіркесі барлығы емес дегенді білдіреді. Мысалы:
Барлық қытайлықтар иероглиф жаза алмайды.
Әдетте, 也yě болымсыз сөйлемдерде , ал 都 dōu болымды сөйлемдерде қолданылады. мысалы:
他家里那儿都收拾得整齐 оның үйінің барлық жері таза.
我们中间一个人也没有茶碗 біздің ешқайсымызда да шыныаяқ жоқ.
他就是(他连)中国菜也不吃 ол тіпті қытай тағамдарын да жемейді
43. «在» және «给» сөйлем құрылымы
在сөзі бағытты білдіреді. 在арқылы орынды білдіруде сөйлем құрылымы - нысана Н + 在 + салыстырмалы зат + орын . мысалы 银行在公园 的西边 банк саябақтан батыс жақта орналасқан.
给gěi. 1) gěi беру (біреуге, бірнәрсені), ұсыну.
Мысалы: 给他一本书 (оған бір кітап беру)
2) бұл «кімге?», «неге?» сұрақтарына жауап беретін жанама толықтауыш жасайды. Құрылымы: бастауыш баяндауыш жанама толықтауыш тура толықтауыш.
Мысалы: 我给他一本书 wǒ gěi tā yī běn shū мен оған бір кітап бердім.
给 көмекші сөзімен жанама толықтауыш етістіктен бұрын да, кейін де, (我送给他很有意思的书), және сөйлем соңында да жазыла береді.
44. Қытай тіліндегі өлшем(мөлшер) сөздер.
1) 个 [ge, 4ші тон] мөлшер сөз (бір тал).
Мысалы: 这个用汉语怎么说?zhe(4 тон) ge(4) yong(4) han(4) yu(3) zen(3) me shuo(1) Мынау қытай тілінде қалай аталады?
2) 种 [zhōng] мөлшер сөз (түр, сорт, вид, род) Кілттері: 中 zhong[1ші тон] середина 禾hé злаки,
Мысалы: 这种蘋果好吃吗? Zhe(3) zhong(1) ping(2) guo(3) hao(3) chi(1) ma? Алманың мына түрі дәмді ме?
3)位[wei, 4ші тон] адамдарға қаратылады, сілтеу есімдігінен кейін қолданылады. Кілті:立 [lі, төртінші тон] стоять Мысалы:这)位是谁Zhe(4) wei(4) shi(4) shui(2) Бұл кім?
4)口[kou, 3ші тон] - қытай тіліндегі мөлшер сөздің біреуі болып табылады.
Мысалы:你家有几口人? Ni (3) jia(1) you (3) ji(3) kou(3) ren(2) Отбасыңда қанша адам бар?
5) 把 bǎ рукоятка қолға ұсталатын заттарға қолданылады一把冬不拉 (1 тал домбыра)
6) 杯 bēi для чашек一杯咖啡 (1 чашка кофе)
7) 本 běn кітаптар мен журналдарға қолданылады五本书 (5 кітап)
8)间 jiān (пространство) бөлмелерге қолданылады二间卧室 (екі жатын бөлме)
9)件 jiàn (вещь) іске, жұмысқа және кофталарға қолданылады一件大事
10) 块 kuài (кусок)1) ақшаларды санағанда қолданылады; 2) нақты формасы жоқ бір нәрсенің бөлігі түріндегі заттарды білдіреді 两块香皂 (2 иіс сабын)
11) 瓶 píng бутылкаларға қолданылады三瓶洗发水 (3 бөтелке шампунь)
12) 条 tiáo ұзын, жіңішке заттарға қолданылады.六条毛巾 (6 орамал)
13) 张 zhāng полоский заттарға қолданылады 一张桌子 (бір стол)
45. «多少» және «几» сұрау есімдігінің қолданылуы
多少 - duōshao неше (жауабы 10-нан үлкен болса қолданылады)
这个杯子多少钱 (мына стақан қанша тұрады?)
你的电话号码是多少? (Сенің телефон номерің қандай)
几 - jǐ қанша (егер жауап 0 ден 10 ға дейінгі сандарды қамтитын болса):
你哥哥有几辆汽车? (Сенің ағаңда қанша автокөлік бар)
音乐会几点开始? (концерт қаншада басталады)
46. «咱们» және «我们» есімдіктерінің қолданылуы «咱们» zánmen және «我们» wǒmen есімдіктері қазақ тіліне бірдей «біз» деп аударылғанымен, өзара ерекшеленеді. 我们 әңгімелесушінің барын жоққа шығарады, ал咱们, керісінше, барлық оқиға қатысушыларын түгелімен қамтиды.
Мысалы:
明天咱们去公园 ертең біз саябаққа барамыз.
我们没看见他 біз оны көрген жоқпыз.
47. «或者» және «还是» шылаулары Қытай тілінде «немесе» сөзі, егер сұраулы сөйлем болса, 还是 деп аударылады немесе, егер болымды сөйлем болса, 或者 деп аударылады.
Мысалы: 你去还是他去 сен немесе ол бара ма?
我喜欢吃肉, 所以我想吃饺子或者肉饼 мен етті жақсы көремін, сондықтан мен тұшпара немесе котлет жеймін.
Егер 还是 бар сөйлемде мағынасы бойынша тағы бір етістік қажет болса, ол 还是 сөзінен кейін кейін қойылады:
他们做家庭作业还是说电话 ол үй тапсырмасын жасап жатыр ма немесе телефонмен сөйлесіп отыр ма?
48. «从....到» құрылымы
从...到... cóng...dào... конструкциясы уақыт пен арақашықтықты білдіреді. Баяндауыштың алдына қойылады.
Мысалы: 从 这儿到 学 校 差 不 多 500 坚戈
Cong zher dao xue xiao cha bu duo 500 jian ge
Мына жерден мектепке дейін бару шамамен 500 тенге!
49. «怎么» және «怎么样» есімдіктерінің қолданылуы
« Бұл сұраққа жауап бермес бұрын осы екі сөздің кілттері мен аудармасына тоқталап кетейін...
怎么 zěnme қалай
xīn сердце 厶
sī личный
怎么样 zěnmeyàng қалай
xīn сердце 厶
sī личный
木 [mù] Дерево
羊 yáng баран
怎么 сұрау есімдіктерінің толық аудармасы - қалай?, қалайша? - неге? қандай? 怎么样 сұрау есімдіктерінің толық аудармасы - қалай? қалайша? - ...қалай қарайсың? -қандай? - қалайсыз?, өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?
Көріп отырғанымыздай, бұл екі сөздің түп мағынасы бір болғанымен (қалай), арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни 怎么 сұрау есімдігіне қарағанда 怎么样 сұрау есімдігінің мағынасы кең ауқымды. Барлығын жете түсіну үшін мынадай мысалдар келтірейін.
1) 怎么 сөзіне: 怎么称呼你 zěnme chēnghu nǐ [Сіздің атыңыз кандай? Немесе сіздің атыныз кім?]
2) 怎么样 сөзіне你最近怎么样 nǐ zuìjìn zěnmeyàng [Сіз соңғы кездері қалайсыз?]
50. Көмекші сөз的иероглифның қолданылуы
Егер жіктік есімдікпен немесе зат есіммен басқа зат есім арасында «的» көмекші сөзі тұрса, онда的 de көмекші сөзінен кейінгі тұрған зат есім 的 de көмекші сөзінің алдында тұрған зат есімге немесе есімдікке тәуелді. Мысалы: 我的电话-wo de dianhua- менің телефоным.
Ал мына жағдайларда 的de көмекші сөзін қолданбаса болады: егер зат есім туыстық байланысты білдірсе (我爸爸- wǒbàba менің әкем), ұстазға (我老师 wǒlǎoshī - менің ұстазым), досқа (我朋友 wǒpéngyǒu менің досым), мемлекетке (我国-wo guo- менің елім).
51. Ерекше сураулы сөйлемдерді ата
Қытай тілінде 哪, 什么, 谁 сұрау есімдігі бар сөйлем ерекше сөйлем деп аталады.
Мысалы: А: 你是哪国人? A: 那是什么书? A: 他是谁?
B: 我是哈萨克斯坦人. B: 那是汉语书. B: 他是我的同学.
52. 有 иероглифті сөйлем
«有» сөзі тиесілік, иелік мағынасын білдіреді:
Мысалы: 1) 我有一本书. 2) 他有手机.
«没有» болымсыз мағынаны білдіреді.
Мысалы: 1) 你没有姐姐. 2) 他今天没有课
53. Өткен шақ 过 ға сөйлем құра
<过> Етістіктің соңынан келіп, бұрын болған істі білдіреді. Болымсыз түрі :
<没有+动词+过>
Етістіктен кейін келеді.
Мысалы:
Болымды : 1. 我去过中国.wo qu guo zhong guo. Мен Қытайға бардым.
Болымсыз түрі: 1. 我没有吃过中国烤鸭.wo mei you chi guo zhong guo kao ya. Мен Қытай қақталған үйрегін жемедім.
Сұрайлы сойлем: 1.你看过这本书没有? Ni kan guo zhe ben shu mei you. Сен мына кітапты оқыдың ба?
54. Грамматикалық анықтағыш 才иероглифнің қолданылуы
"才" енді ғана.
қимылдың кеш не баяу болғанын білдіреді
1)"Енді ғана "Етістік алдындағы уақыт үстеуі
Мысалы: 消息才来到 ақпарат енді ғана түсті.
你怎麽才知道? неге сен енді ғана білдің?
2) "тек ғана,тек"Сан есім алдында
才两块钱 тек ғана 2 юань
我来了才十天 мен келгеніме тек 10-ақ күн болды
才一个人这样说 тек бір адам ғана осыны айтады
3)өте (мөлшер үстеуі, сын есім алдында)
才好看呢! өте адемі
55. Уақытты айту, жұмыс және демалыс туралы әңгімелесу
Уақытты айту: 九点 , 十一点 Сағат 9 болды.
九点分. Тоғыздан 5 минут кетті.
九点十分. Тоғыздан 10 минут кетті.
九点一刻. Тоғыздан 1 ширек кетті.
九点十五分. Тоғыздан 15 минут кетті.
九点半. Сағат тоғыз жарым.
九点三十分. Тоғыздан отыз минут кетті.
九点二刻. Тоғыздан 2 ширек уақыт кетті.
九点三刻. Тоғыздан 3 ширек уақыт кетті.
差一刻十点. Сағат онға 1 ширек уақыт қалды.
九点四十五分. Тоғыздан 45 минут кетті.
差十五分十点. Онға он бес минут қалды.
Уақыттық қатарлар: 早上 / 早晨 Таңертең 上午 Түске дейін 中午 Түс кезі 下午 Түстен кейін 傍晚 Ақшам уақыты,кешке таман
晚上 Кешкі уақыт 夜里 Түнгі уақыт
Мысалдар: 我差一刻六点起床. Мен алтыға1ширек уақыт қалғанда ұйқыдан тұрамын.
她八点半上班. Оның сағат сегіз жарымда жұмысы басталады.
他五点回家. Ол сағат бесте үйге қайтады.
56. Қытайша Күнтізбе қалай айтылады?
Әлемде ортақ қолданыстағы григориандық күнтізбеден тыс, Қытайлықтар өздерінің дәстүрлі күнтізбесі айлы күнтізбені қолданады. Барлық Қытай мерекелері осы айлы күнтізбе арқылы өткеріледі. Мысалы, көктем мерекесі, ай мерекесі, т.б. Сол себептен әр жылғы мереке күндері де өзгеріп отырады.
Қытай күнтізбесі екі типті күнтізбемен беріледі: күн күнтізбесі (ауылшаруашылық) және күн-ай күнтізбесі. Екіншісі екі нұсқада танымал: көктем бойынша жыл есептейтін Ся күнтізбесі (夏 бірінші жартылай мифтік династиясы) және Цинь династиясының түпкі тегінің құрметіне қойылған, күз бойынша жыл есептейтін Чжуаньсюй zh:顓頊曆 күнтізбесі.
57. Қытайлар есімді қалай қояды?
Әдетте, қытайлар екі немесе үш сөзден тұратын есімдер қояды. Олар фамилиядан кейін жазылады. Қытай есімдері путунхуаға аударылуы керек деген ереже бар.
Бұрында қытайлықтар өмір сүруінде бірнеше есімге ие болған: балалық кезінде «сүтті» немесе бала есім (сяо-мин , қыт. 小名, пиньинь: xiǎo míng), ересектер ресми есімге ие болған (мин, қыт. 名, пиньинь: míng), туысқандарының ішінде жұмыс істейтінден екінші есімге ие болған (цзы, кит. упр. 字, пиньинь: zì), кейбіреулер лақап атты да иеленген (хао, кит. упр. 号, пиньинь: hào). Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай ересектерде тек бір ресми есім мин қабылданды, соның өзінде балалық шағында «сүтті» есімдер қолданылады.
58 . «也» және «都» үстеулерінің сөйлемдегі қызметі
«也yě де, да, та, те» және «都 dōu бәрі, барлығы» үстеулері бастауыштан кейін баяндауыштың алдында жазылады. Егер бір сөйлемде екеуі де қолданылса, онда也yě 都 dōu алдына жазылады. Осындай сөйлемдердің схемасы:
Бастауыш +也 都 + баяндауыш + толықтауыш.
Мысалы: 我班的班长很忙是 біздің топтың старостасы да өте қарбалас.
都 үстеуі жалпылау сөзі болып табылады (міндетті түрде бастауыштан кейін тұрады) және «барлық, бәрі» тұрақты есімдігі ретінде қолданылмайды.
«不都» сөз тіркесі барлығы емес дегенді білдіреді. Мысалы:
Барлық қытайлықтар иероглиф жаза алмайды.
Әдетте, 也yě болымсыз сөйлемдерде , ал 都 dōu болымды сөйлемдерде қолданылады. мысалы:
他家里那儿都收拾得整齐 оның үйінің барлық жері таза.
我们中间一个人也没有茶碗 біздің ешқайсымызда да шыныаяқ жоқ.
他就是(他连)中国菜也不吃 ол тіпті қытай тағамдарын да жемейді