Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Келешекке бастар ~ылыми ізденістерді~ сонылы~ын перспективалы~ ~рісін аны~тау~а б~кіл ~о~ам м~дделі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Мемлекет, ел тәуелсіздігінің басты атрибуттарының бірі –ғылыми-технологиялық егемендік. Ойлы ғылым, саналы экономика, озық шығарма ұлтты өркендетеді.  Келешекке бастар ғылыми ізденістердің сонылығын, перспективалық өрісін анықтауға бүкіл қоғам мүдделі.  Ендеше, жаңа ғылыми жобалар, инновациялық ұсыныстарды мемлекеттік органдардың да, қоғамдық  орындардың да,  тәуелсіз сарапшылардың да сүзгісінен жүйелі өткізіп отырудың маңызы зор. Бұл көкейкесті мәселеге бұқаралық ақпарат құралдары да кейде жанама, кейде тікелей атсалыса алады.

К.Қамзин

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ҚАЛАЙ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ?

Мемлекет басшысы әсіресе, экономика және тиісті инновациялық құралдарды басқарудың жаңа әдістері мен тетіктерін қолдануды қажет ететін көптеген салалар мен нақты әрекеттерді «қайта жүктеу» жөнінде айқын міндеттер жүктеді. 
Солардың ішіндегі айрықша маңыздыларының бірі – отандық ғылымды жаңғырту мәселесі.

     Отандық ғылымды жаңғырту және онымен байланысты барлық мәселелерді кешенді түрде шешу үшін бұл саланың жұмысын ұйымдастырудағы көптеген әдіс-тәсілдерді түпкілікті өзгерту қажет. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің нәтижесін нарықтық экономиканың өзекті қолданбалы міндеттерін шешуге бағыттау өте-мөте маңызды. Ол үшін ғылымның, экономиканың нақты салаларын дамытуға қосатын үлесін арттыру, ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау тетіктерін жетілдіру, бизнес-қауымдастықтардың ғылыми әзірлемелерге қатысуын нақты ынталандыру керек. Қазірше бұл міндеттердің орындалуын тежеп тұрған жүйелі сипаттағы біраз түйткілді мәселелер бар.

            Айталық, бірінші кезекте ғылымның қолданбалы нәтижелерін  бағалау үшін бір өлшем – сол өнімге сұраныс болуы керек. Сонда ғана ғылым экономикалық өсім мен қоғамдық дамудың қара нарына айналады. Өкінішке қарай, бүгінгі күні мемлекет өнеркәсіп пен бизнес тарапынан инновацияға сұранысты емес, ұсынысты ғана ынталандырып отыр. Сондай-ақ сатуға дайын, шығарушылардың құқықтары қорғалған, нарықта сатылатын және коммерциялық әлеуеті бар тауарлы өнім алу да отандық ғылым жүйесінің ең қиын тұстарының бірі болып тұр. Бұл – бір сөзбен айтсақ, дәл осы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге кеткен шығын оны сату арқылы түпкі нәтижемен өзін-өзі ақтайтын сәт. Түпкі нәтиже алу үдерісіне елімізде бұрыннан қалыптасқан ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бөлінетін қаржыларды бастапқы қолданбалы зерттеулерге айтарлықтай көбірек, ал соңғы басқыштағы әзірлемелерге  жеткіліксіз мөлшерде аз бөліп, тиімсіз пайдалану құрылымы да ұнамсыз әсер етуде. Соның салдарынан көптеген аяқталған ғылыми-зерттеулер өндіріске енгізуге дайын ақырғы ғылыми-техникалық өнім деңгейіне жеткізілмейді. Ал әлемдік тәжірибеде ҒЗТКЖ шығындарының құрылымы: іргелі зерттеулерге – 13-15%, қолданбалы зерттеулерге – 25-30%, ғылыми әзірлемелерге 55-60% мөлшерінде қалыптасқан. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 2012 жылы сәйкесінше – 22; 47,5 және 22,8 пайызды құрап, қалған бөлігі ғылыми-техникалық қызметтердің үлесіне тиген. Сол себепті де 2020 жылға қарай ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру сәйкестілігі іргелі зерттеулерге – 15%, қолданбалы зерттеулерге – 30%, ғылыми әзірлемелерге – 50%, ал ғылыми-техникалық қызметке 5% деңгейінде болатындай көрсеткішке жету өте өзекті. Қаржыландырудың осындай құрылымы келешекте жоғары дайындық деңгейіндегі ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу басқышына дейін жеткізу немесе тәжірибе-өнеркәсіптік өндіріс, қондырғылар және басқа да тікелей өнім шығарушы кәсіпорындар құру мүмкіндігін беретін болады.

                    Екініші бір маңызды және қажетті шарт – қоғамда еңбекақы төлеуді, ғылыми жетістіктерді, әсіресе ғылым мен техника саласындағы жастарды ынталандыру арқылы ғылыми еңбектің беделін, оған деген құрметті көтеру. Кадр саясатында ғалымдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне баса назар аудару қажет. Жаңа идеялар әкелетін ақылды, білімді, өнертапқыш ғалымның мәртебесі күрт жақсаратындай жағдай қалыптастыру қажет. Себебі адамдар бүгін негізгі капитал болып саналады, сондықтан да олар жеткілікті мөлшерде қаржы салуға лайық. Осы тұрғыдан ғылымды дамытудың ұзақмерзімді салалық бағдарламасын әзірлеу де мақсатқа лайық болатыны сөзсіз. Ол ғылыми кадрларды қолдау мен жастарды ғылымға тарту үдерістерін ынталандыратындай болуы тиіс.

Үшіншіден, ақырғы ғылыми өнім алуға салынған қаржы сол өнімді өндіріске енгізу арқылы қайтарымы қамтамасыз етілетіндей болуы қажет. Осы тұрғыдан технологияларды тиімді енгізу мақсатында ғылым мен инновациялық қызметтер саласындағы заңнаманың ғылыми нәтижелерді коммерциализациялау турасындағы бөлімін жетілдіру қажеттілігі туындайды. Атап айтқанда ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін бюджеттік қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың шаруашылық айналысына енгізілуін ынталандыру мақсатында бюджеттік қаржылар есебінен жасалатын ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижесін бірінші болып пайдалану құқығын бекіту және сол құқықты басқаларға беруге байланысты  қарым-қатынастарды заңмен  реттеу қажет. Сондай-ақ заңда шын мәнінде тәуекелді болып келетін ғылыми нәтижелерді енгізудің тәжірибе-өнеркәсіптік қондырғыларын немесе жеке бизнес өкілдерімен бірге атқарылатын бірінші басқышын қаржыландыруды қайтарымды негізде мемлекет қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс.

         Ақырғы есепте «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың ең негізгі тетіктерінің бірі ретінде, елімізде ғылыми және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды мемлекет, бизнес, ғылым және біліммен өзара тиімді қатынаста болатындай біртұтас басқару саясатын әзірлеу қажет. Мемлекет қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін өндірістік басқышқа дейін жеткізуге байланысты қазақстандық ғылымның түйткілді тұстарын ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшіктік  әріптестікті енгізу негізінде ғылыми-инновациялық инфрақұрылымдар құруды көздейтін ғылымды басқарудың жаңа жүйесін енгізуге бағытталған қадам жасап отыр. Осыған байланысты бұдан бес жыл бұрын Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3шілдедегі №668 қаулысымен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құрылды. Оның қызметінің басым бағыты – минералды ресурстарды, су ресурстарын, энергетиканы, фармацевтика мен информатиканы игеріп, терең өңдеу, жаңа материалдар алу және орнын толтыру. Осылай басқарушы компания ретінде Холдинг жоғарыда аталған міндеттерді шешу бойынша өзіне үлкен жауапкершілік алып, 1500-ден аса қызметкер, соның ішінде 100 ғылым докторы мен 200-ден аса ғылым кандидаттары еңбек ететін барлық еншілес кәсіпорындарындағы ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерциализациялау мәселелерімен тығыз айналыса бастады. Бұған холдинг құрамына кіретін  Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты да республикамыздың минералды-шикізат базасын толықтыруға белсенді қатысу арқылы өз үлесін қосып келеді.

Тәуелсіздік жылдарында институт пайдалы қазбалар кеніштерін ғылыми болжау мен бағалаудың жаңа әдіснамасын жасап шықты. Соның негізінде Қазақстандағы барлық қазба байлықтардың түрлері жүйеленіп, классификацияланды және өнеркәсіптік кендерге бай келешегі зор аудандар анықталды. Осылай, «Минерагения және Қазақстандағы минералды-шикізат ресурстарының даму келешегі» атты кешенді зерттеулердің нәтижесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беруге лайық деп танылды. Соңғы жылдары институт кенді минералдар мен құрамында кен кездесетін түзілімдердің құрылымдық-заттай құрамын микро және нано деңгейінде жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижеде ғалымдарымыз 10-дай  минералдар мен олардың түрлерін ашты. Бұлардың барлығына Канаданың Торонто қаласында орналасқан Халықаралық минералогиялық қоғамның сертификаттары берілді. Бұл зерттеулердің нәтижелері кенге бай орталардан пайдалы металл компоненттерін алудың тиімділігін арттыру үшін өте маңызды.

             Қазіргі кезде институтта геологиялық зерттеулердің инновациялық-технологиялық негіздері жасалып жатыр. Зертханалардың материалдық-техникалық базалары жаңартылды. Геологиялық зерттеулер үдерісіне инновациялық, ғарыштық және IT технологиялар енгізілуде, сондай-ақ жаңа технологияларды меңгеру үшін жас мамандарды оқыту курстары ұйымдастырылған. Осылай Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты республикамыздың минералды-шикізат базасын толтыру бойынша жүктелген мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру және өзінің келешек дамуын ойлайтын ел ретінде инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті ғылыми әлеует пен кадрлық және технологиялық ресурстарға ие.

Енді бірнеше күннен соң институтымызда  «Парасат» Ұұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құрылғанына 5 жыл толуына орай «Қазақстан ғылымын жаңғырту: ғалымдардың индустриялық-инновациялық дамуға қосқан үлесі» атты  ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек. Онда еліміздің ең белгілі ғалымдары Елбасы, Ұлт Көшбасшысы белгілеген «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру тұрғысынан отандық ғылымның алдында тұрған өзекті мәселелерді кезекті рет пысықтап, өз ойларын, ұсыныстары мен  тілектерін ортаға салатыны сөзсіз. Қалай десек те, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуде асқақ мұратқа жету үшін ғалымдар аянып қалмауы керек.

Мұрат ӨМІРСЕРІКОВ, «Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты» ЖШС директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы




1. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА ’ 6 АНАЛИЗ ИНФОРМАЦИОННЫХ РЕСУРСОВ ИНТЕРНЕТ Задание 1
2. . Личность Б. Н. Ельцина
3. Этническая идентичность её типы и основания.html
4. Персональные правила успешного рабочего дня
5. Углеводороды 1
6. ДЕМОКРАТІЇ Соціалдемократичний рух в економічному та політичному відношенні є нині досить впл
7. Реферат- Обратные связи в живых системах
8. а Ідеї концепції узагальнення нового українського письменства та творчої інтелігенції витворені на грун
9. Реферат ПЕТРА I государственный деятель и человек
10. задание В качестве первого задания участнику олимпиады предлагается провести комплексный анализ т
11. Тематика контрольных работ Философия и мировоззрение
12. Криминологическая характеристика и профилактика рецидивной преступности
13. а лечебная обстановка б режим дня и рацион питания в закаливающие процедуры г лечебная физкультура и
14. Курсовая работа- Управление проектом- система персонального радиовызова.html
15. Россия в международных экономических организациях Активное и прагматичное включение в деятельность межд
16. Предмет и задачи инженерной геодезии
17. получатель Exp~diteur exp~ditrice отправитель Fcteur fctrice почтальон Postier posti~re~служащийпочты Distribuer le courrie
18. теманы~ жіктелуі.html
19. реферату- WlesРозділ- Журналістика Wles Wles is country of lkes nd mountins
20. 1992. Ананьев Б. Г