Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

.Социология латгрек создеринен ~~рал~ан ~~ societs~~лат тіл ldquo;~о~ам ~~logos~~ грекше ілім ~ылым деген ма~ына

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Әлеуметтанудың оъектісі мен пәні.

1.Социология лат-грек создеринен құралған ‘’ societas’’-лат тіл “қоғам» , ‘’logos’’ грекше ілім, ғылым деген мағына береді. Сонда социология тікелей аударғанда қоғам жөніндегі ғылым деген мағына береді. Әлеуметтану қоғамның пайда болуының , ондағы  әлеуметтік байланыс,катынастардың ,алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің ,ұйым , мекемелерінің ,институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын  19 ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен ,әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысыуына байланысты ол өзінің дұрыс ,дәл атын таптЫ.Объект дегеніміз- бізді қоршап тұрған объективті  нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бөліктері (отбасы,тап,топ, әлеуметтік мекемелер, институттар,мемлекет,т.б), тіпті адамның өзі , оның барлық іс-әрекеті , қызметі , саласы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін  субъектіден тәуелсіз,тыс өмір сүреді. Оларды адал өзінің  теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеу-ң  пәні шығады. Әлеуметтанудың зерт.объектісі социум деп аталатын біртұтас алеуметтік шындық , әлеуметтік болмыс.Әлеуметтанудың пәні-қоғам мен адамның арасындағы байланыстар,осы байланыс беймәлім жақтады, олардың арасындағы байланыс пен қатынастардың механизмі және  құрылымы, сонымен қатар әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар , әлеум. Іс-әректпен адам-ң мінез құлықтары мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары және т.б. қоғамдық жүйелерді ,олардың дамуы мен қалыптасуын зерт-н теоретикалық және эмпиририкалық пән.

2.Әлеуметтану білімдік құрылымы. Әлеуметтану білімінің құрылым-қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың жіне ғылым түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл-ең  алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам  жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке  келтірілуі. Бұл – құрылым –әлеуметтік  түрлі  деңгейдегі процестер , жеке адамдар , әлкеуметтік топтар немесе тұтас  қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер ,ұңымдар ,көзқарастар, теориялар жүйесі. Әлеуметтану білімнің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына    орай  жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады. Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар: Жалпы әлеуметтанулық  теориялар немесе жалпы теориялық әлеуметтану, арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те сипаттайды;  нақты әлеуметтанулық зерттеулер. Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады . Жалпы әлеуметтанулық теориялар макроәлеуметтанулық зерттеу ретінде ,әдетте , тым тереңдетілген және әлеуметтанушылар айтқандай , қоғамның жәнее  тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады.

3.Әлеуметтік ұғымы және оның мәні.Әлеуметтік- бұл нақты уақыт пен  белгілі орында жеке адамдардың немесе жеке адамдар топтарының бірлесе еткен қызметінің процесі барысында кіріктендірілген сол қоғамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы. Кез-келген қоғамдық қатынастар (экономикалық , саяси,т.б.) жүйесі адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынастарына қатысты болды. Сондықтан бұл жүйелердің әрқайсысының  өзіндік нақты әлеуметтік аспектісі бар. Әлеуметтік –бұл индивидтердің қарым-қатынасы мен өзара әрекетінен көрінетін  әр түрлі жеке адамдардың біріккен қызметінің нәтижесі. Әлеуметтік адамдардың өзара әрекетінің барысында пайда болады, нақты қоғамдық құрылымда олардың алатын орны мен рөлін анықтайды. Бұл өз кезегіндегі ,жеке адамдар мен жеке адамдар топтарының қоғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі әр түрлі қатынастарынан көрінеді. Әлеуметтік заңдар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.

4. Әлеуметтанудың категорияларымен  заңдары.Әлеу-қ басты категориясы «әлеуметтік» ұғымы ,әлеуметтік латынның «socialcs» - «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөздерінен шыққан . Әлеу-к категориясы тек қана адамға, адам зат қоғамына қатысты қолданылады. Бұл ұғым ең алдымен адамның қоғамдық өмірінің мәнін түсіндіреді,адамның жануарлардан айырмашылығын көрсетеді адам-ң табиғаттан ай-н көрсетеді.Әлеуметтану заңдары- қоғамды зерттей отырып ,әлеуметтану ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді.Әлеуметтік заңдар адамдардың  және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді және олардың қарым-қатынасын анықтайды. Әлеу-к заңдар қоғамның әлеуметтік қауымдастықтардың  таптар мен адам-ң іс-әректтері мен өзара байланыстарының заңдары болып табылады. Әлеуметтану заңдары жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы әлеуметтану заңдары –өздігінен дамитын әлеу-к жүйе ретінде бүкіл қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың  ішкі дамуымен қызмет атқаруын , сондай-ақ тұтас әлеуметтік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады. Бұдан басқа , әлеумет-да әлеуметтану заңдары бес тапқа бөлінеді,олар: 1) әлеу-к құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар .2) әлеу-к құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар. 3) даму үрдістерін белгілейтін заңдар.4) әлеу-к құбылыстар арасындағы байланыс есебінен белгілейтін заңдар. 5) әлеу-к құбылыстар арасындағы байланыстардың  мүмкіндігн немесе ықтималдығын бекітетін заңдар. Әлеуметтану заңдарының қоғамдық құбылыстарды зерттеуде,әлеуметтік процестерді басқару да маңызы зор. Әлеу- у заңдарының болуы әлеуметтануда ғылыми тәсілді пайдалану мүмкіндігн қамтамасыз етеі.

5)Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері. Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық құызметі- әлеуметтік құбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан , басқа құбылыстармен байланысынан , даму заңдары мен олардың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатымен тұраады.Әлеуметтану  әр түрлі субъектәлер арасында қалыптасатын қоғамдық  қатынастарға ,олардың қызметінің объективті және субъективті жақтарын талдлауға , сонымен қатар әлеу-к институттардың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңызын береді. Қорыта айтқанда,әлеуметтанудың танымдық фун-сы қоғамның  мәні ,оның құрылымы ,өмір сүруі мене дамуының заңдылықтары негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім берумен анықталады. Әлеуметтанудың келесі бір атқаратын қызметі –идеологиялық міндеттер болып табылады, Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын ,белгілі бір әлеуметтік таптардыі, топтардың, саяси партиялармен қозғалыстардың   мүдделерін білдіреді.Қоғамдық ойдың қайсібір жақтарына қатысты әлеуметтанушысы жасайтын қорытындылар тек өзі жататын әлеуметтік топтың мүддесіне тиесілі болып қала қоймай , басқа да әлеуметтік топтардың , соның ішінде  топтардың мүдделерін де қамтитыны рас. Сөйтіп , осы қорытындылар қалыптаса келе идеологиялық мазмұнға , өзіндік реңге ие болады.

6)Әлеуметтанудың болашақ мамандар  тұлғасын қалыптастырудағы рөлі. Әлеуметтану ғылымының, қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар арасында алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның қоғамда атқаратын қызметін және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын ,оның даму заңдылықтарын ашатын , тарихи процесті объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін көрсететін жалпыәлеуметтанулық теориялар , мысалы, тарих ,саясаттану ,құқтану , әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде  маңызды дүниетанымдық және методологиялық рөл атқарады.

11)О.Конт –әлеуметтану ғылымының негізін салушы.Әлеуметтану ғылымының негізін салушы француз философы әлеуметтанушысы Огюст Конт (1798-11857 ж.ж.) болады.Конт «Позитивтік философия курсы» (6  томнан тұрады) «Позитивтік саясат жүйесі» (4 томнан тұрады) және т.б. еңбектер жазды. «Позитивтік философия курсы» атты еңбегінің 3-ші  томында социология деген терминді алғаш қолданды. Конт әлеуметтанудан алғашқы ғылыми бағыт позитивизм бағытын қалыптастырды. Конттың ілімінде екі идея жатыр:1-сі қоғамды зерттеуде ғылыми әдістерді қолдану .2-сі әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда ғылымды принципиялдық тұрғыдан қолдану. О.Конттың пікірнше ғылыми позитивтік сипатта болуы керк, ол үшін нақтылы фактрлерді оқып ,үйрену қажет. Нақтылоы фактірлер –бұл әлеуметтік  құбылыстар мен процестер. О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекеттік дінді алып қарайды. Олардың өоғамдағы атқаратын қызметін және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді . О.Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді.О.Конттың пікірінше , қоғамның ілгері дамуы негізінде , рухани бастама , адамзаттың ақыл-ойының  дамуы жатыр.

7) Г.Спенсердің «әлеуметтік –дарванизмі». Әлеуметтік –дарванизмнің негізгі идеясы бұл  барлық табиғаттағы қозғалыс күшін адамның қозғалыс күшін байланыстыру болды. 19 ғ. 2 жартысы 20 ғбасында пайда болған антропологиялық мектептің негізгі бағыттары төмендегідей болады: А) Әлеуметтік өмір мен мәдениет антропологиялық қозғалыс факторларының нәтижесі ; Ә) Көршілік қауым өзара интентуалдық , шығармашылық және басқада жағдайларда бір-бірімен тең емес; Б) Көпшілік қауым байланысқан жалпы физика-антропалогиялық белгілер әлеуметтік –тарихи процестердің негізгі субъектісі болып табылады; В) Адамның әлеуметтік тәртібі немесе қозғалысы  бұл биологиялық үрдістермен байланысты.

13) М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастары. Макс Вебер (1864-1920 ж.ж) –батыстың ірі әлеуметтанушысы . Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің  ой-тұжырымдарымен көп санасады .М.Вебердің әлеуметтану  теориясы позитивтік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеу-ң  өзгешелігін жақтай отырып ,адам іс-әрекетін, қимылын  «түсіну,ұғыну» теориясын қалыптастырады.

М.Вебердің пікірінше ,әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстардың субъективтік (яғни, адамның санасына , ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ ,адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң –мұқтажын , талап-тілегін ,мақсатын,т.б. әр  уақытта ескеруі отыыруы керек. Осыған қосымша , әлеуметтану оны объективтік пен эмпирикалық жағынан бақылап ,тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек.Оның  басты міндеті адамдардың іс-әрекетінің ,қимылының мәнін ,мағынасын ,мазмұнын терең түсіну, ұғыну  болып табылады. Осыларды еске ала отырып ,қоғамның даму заңдарының себебін  ашуға болады. М.Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну ,ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты,оның  әлеуметтану теориясы «тү-сіну,ұғыну теориясы» деп аталынады.

14) Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарастары. Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі,әрі өте беделдісі-Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.).Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді . Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне  көп көңіл аударды. Ал, бұл методология «социозим» деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер,теориялармен қаруландырады. Э.Дюркгейм әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім , ынтымақтастық  ттеориясы құрайды.Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі-«Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндетті –әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

16)20 ғасырдағы орыс әлеуметтануының дамуы. Ресейде әлеметтік  ойдың  дамуына субъективті бағыт маңыздылардың бірі болады.  Оның көрнекті өкілдері  Петр Лаврович Лавров (1823-1900 ж.ж.) және Николай Констанинович Михайловский (1842-1904 ж.ж.) еді. П.Л.Лавров «Тарихи хатуар» деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз көзқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып ,антропологизм «субъективтік әдіс» , «субъективтік көзқарас»  ұғымдарын енгізді. Оның пікірнше , бсқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен тарихта өзгермейтін және абсолютті заттар бар. Олар объективті , белгілі бір  дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін , бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен  тарих белгілі сәтке дейін анықталынбайтын ақиқаттарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның міселесі түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті  дайын болмауы жатады. Оның көзқарасы бойынша қоғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады. П.Л.Лавров әлеу-ы нормативті ғылым деп есептеді. Лавров әлеу-ға анықтама беруге талпыныс  жасады. Оның түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынтымақтастықтың көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін органикалық ғылым. Ш.К.Михайловскийдің пікірінше , адамның адаммен қарым-қатынас секілді , оның табиғатпен қарым-қатынасының арасында бір-бірімен жоласпайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жәй ғана құбылыс деген ой туралы керек.Өйткені бұл құбылыстың алдына қойылатын нақты мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес. Бұл өзгешеліктер аса маңызды болғандықтан адамзат танымның екі ірі саласында әр түрде әдістерді қолдану қажеттілін талап етеді. Қоғамдық құбылыстарды тек субъективті деп бағалауымыз керек. Бұл  жерде жоғарғы бақылауды субъективті әдіс жүзеге асырыуы тиіс. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдармен байланысты болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның әлеуметтік байланыстарына қарап, оның дүниеге көзқарасын анықтауға болатынын жазды.  Л.И.Менчиковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалады. Қоғамдық прогресс идея. Л.И.Мечниковтың әлеумет-у тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болады. Оның пікірінше , прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады.Әлеуметтануды дүниедегі  бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларынан дейінгі ынтымақтастықтардың  бүкіл  құбылыстардан қамтыған ғылым  ретінде анықтап Л.И.Мечников  қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайм биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

17) А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары. Абай әлеуметтанулық көзқарастарның қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократты мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті . Данышпан Абай қазақ халқының ілеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырды. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді . Ғұламаның шығарда еңбек қоғамдық прогрестің негізгі, материалдық , құндылықтарды шығару көзі,халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады.Ұлы ойшылдың пікірінше ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз , жаралып,жасалып , қойған   нәрселерді сезбекші , көзбен көріп,ақылмен білемізз. Абай осы тұжырымын «Отыз сегізінші сөзінде»  тереңдете келіп , ғылымның ,білімнің пайда болып, қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін былайша пайымдайды «Адамның ғылымы, білімі ақиқатқа,растыққа құмар болып, әр нарсенің түбін , хикметін білмекке ынтық бірмән табады. Әлеметтік тұжырымдамалы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) болды. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамның әлеуметтік –білімдік  құрылымы арқылы ғана қарастырп қоймаған,оның әлеуметтік –топтық құрылымына да көңіл аударған .Қазақ қоғамының кесіндісі ретінде Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді.

18) Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық  көзқарасы. Ш.Уәлихановтың  (1835-1865)  ғылыми  еңбектерінің бәрінде,атап айтқанда «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», « Сот реформасы жайлы жазбалар» , « Баянауыл округі туралы» , «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы» , «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы  көкейтесті әлеуметтік мәселелер зертеледі. Шоқанның пікірі бойынша , экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы  қоғамдық прогреске жетуді  мақсат ету керек, ол қоғамдық профес.өз кезегінде халықтық материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының  анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі  себептерін көрсете біледі.

24) Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде .Қоғаамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын ,алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек . Жүйе –өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын ,өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген  тұтас жүйенің ішкі табиғатын , мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам- әлеуметтік жүйе . Ал , әлеуметтәк жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Жекеленген адамдар және адам топтарының  арасында болатын байланыстар , қарым –қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екәнші ұрпаққа ауысып отырады.  Әлеуметтік байланыстар –фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамадар немесе адамдар тобынң арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қызметтілікпен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді. Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер . Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын таптардак немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады. Әлеуметтік қарым-қатынастар-адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сол қилы қатынастарға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен , туған-туысқандарымен  туыстық қарым – қатынаста ,өндірісте- еңбек қатынасында, билік орындарымен-саяси қатынас орнатады. Әлеуметтік жүйе- тұтастықты құрастыратын жүйе болып табылады.

25)Қоғамның атқаратын қызметтері. 1) материалдық игіліктерді өндіру. 2) дүниеге нәресте әкелу жәәне адамды әлеуметтендіру  .3)рухани игілектерді өндіру . 4)еңбек өнімдерін бөлу .5) адамдардың мінез құлқын және қызметін реттеу басқару.

27) Постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы.  Постиндустриалды қоғам –қоғамның  даму сатысы. Постиндустриаллды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман,З.Бжезинский,Дж.Гэлбрейт,т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20ғ-дың 50-60 жылдары ғылыми айналымға еніп ,60- жыл-ң аяғынан теориясы ғылыми негізделген , жаңа мазмұнға ие болды. Оның айырықша белгілері: шыменғармашылық интелектуалдық еңбектің  жаппай таралуы, ғылыми білім  мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының ғылым , білім беру, мәдениет сапаларының дамуы, т.б. 70-80 жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке ықпалынсипаттауға тиіс футуралогиялық және социологиялық  теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) эканомикалық , инженерлік , мәселелерді шешу үшін жаңа интелектуалдық технологияның пайда болуы;3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтау қалыптасуы ;  4) билік қатынастарының  өзгеруі ; индустриалдыққа дейінгі қоғамда-аристократия, индустриалдық қоғамда –демократия , постиндустриалды қоғамда- меритократия.

28) Әлеуметтік топ ұғымы. Топ –мүшеліктен ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың)  ұжымы немесе көпшілігі . Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы оның және қозғалмалы (мосандық ұйымдар) болуы мүмкін. Әлеуметтік топ-жеке тұлғалардың ортақ ынтымақты , үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің , өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі арқылы бірлестігінің  құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Жалпы , әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының  ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Кең мағынаснда әлеуметтік топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін –отбасынан , құрдастар тобынан елдің ,тіпті,бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Әлеуметтік топ санына қарай үлкен және кіші , әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.

29) «Тап» ұғымы оның негізгі белгілері. «Тап» деген үғымы айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе 18-19 ғас-да Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп , қоғамда топтардың бар екендігіне мойындау болды. Бастапқы кезде топтар деген ұғымның саяси мазмұны боса айтады. ТОПТАР дегеніміз –қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлыұтан алатын үлесін көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар топтар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз.

30) Қоғамның қазіргі заманғы типтері.  Қоғамның қазіргі заманғы типтері:  1) дәстүрлі қоғам . 2) индустриалды қоғам .3)постиндустриалды қоғам. 1)Дәстүрлі қоғам бұл қоғамның ең қарапайым, артта қалған түрі (жабық қоғам). 2) Индустриалды қоғам  өзгеше өндірістік  негізі болу, коммуникация жүйесінің дамуы.3) аПостиндустриалды қоғам білім мен ақпараттың рөлі шуғыл артқан қоғам.

32)Әлеуметтік институт және оның типтері. Институт дегеніміз (лат. Тілінен  institutum-белгілеу , орнату, мекеме) деген мағына береді. Әлеуметтану ғылымында әлеуметтік институт ғылымын алғаш қол. Г.Спенсер қолданған . Г.Спенсер-әлеу-к институттардың бірнеше түрін енгізді. Олар: туыстық ,мекеме ,эканомикалық .Әлеуметтік институт- қоғамда мағызды фун-ды орындайтын,адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік инст-ке жататын: меншік , мемлекет,саяси партиялар ,отбасы инст-ты, мешіт және шіркеу , еңбек ұйымдары , біліммен тәрбие беру мекемелері, ғылым, бұқаралық, әсер. Әлеуметтік институт өзінің құрылымының  тұрақтылығы мен бірлігімен фун-ң өзгерткішімен сипатталады. Турлері: әлеуметті эканомикалық инс-р, әлеуметтік саяси инс-р.

33)Әлеуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процесс-адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекет қоғамда табиғатта болып жатқан өзгерістер әлеуметтік процеске анықтама берген орыс –америка ғалымы Сарокин. Сонымен бірге әлеу-к процесс табтардың құрамында болып жатқан әлеу-к  құр-дың  шегі.

34) Әлеметтік процестің типтері. 1)Мақсатты. 2)Статиқалық. 3) Материялық. 4)Рухани.

36)Әлеуметтік ққрылым және оның элементтері. Әлеуметтік құрылым- әлеуметтік топтардың ,старторлардың ,таптардың және әлеуметтік инст-ң жиынттығы. Адамдар қауымдас-у және әлеуметтік топтарының арасындағы эканомикалық әлеумет. Әлеуметтануда  «әлеуметтік құрылым» ұғымы «әлеуметтік жүйе» ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым» түсінігі «Әлеуметтік жүйе» түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 элементтен тұрады-әлеуметтік құрылым және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрылым»- бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компанент –осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша , «Әлеуметтік құрылым» ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды,екінші жағынан-мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен қабаттарға , топтарға объективті болуды білдіреді.

37)Әлестауметтік стратификация және оның  түрлері. (лат. Strsturm-қабат) әлеу-к  топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Стратификация-бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер , жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады жіне бедел, меншік ,билік, мамандақ пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страторларға топтасады. Стратификация теа адамадардың ,топтардың қоғамдғы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды,сондай-ақ олардың тең емес күйін бейнелейді. 1) Құлдық  дәуір стратификациясы---» патриархалдық, ең қарапайым түрі. 2)Касталық стратификация. Үндістан, Африкалық кейбір  беттерінде боды. КАСТА-адам өзі өмірге келген уақыттан бастап мүшесі болатын қандайда бір әлеуметтік топты атаймыз. Классикалық  үлгісін Үндістан жасады. 4 каста бар Үндістанда: 1) брахмандар\ діни адамдар, халықтың  3% құрайды. 2) кшатрийлер\ жауынгерлер,әскери адамдар .3) вайшьтер\ көпестер , саудагерлер,екі топ халық 75% құрайды.4)шудралар\ жұмысшылар мен шаруалар .70% құрайды.

38)Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.   Әлеуметтік мобильдік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің  немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертеді. Бұл термин соци-а 1927 жылы П.А.Сорокинмен енгізілетін болатын. Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады.олар: 1) вертикалды,яғни тік сызықтың бойымен болатын. 2) горизантальды, немесе  көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. Вертикальды мобильдік –индивидтің бір стратордан  екінші старторға өзгеруі. Вертикальды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау болып бөлінеді. Горизонтальды мобильдікте- индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады.Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауғы тырысады, керісінше ешқандай адам қызметінің төмендеуін қаламайд. Басқаша айтқанда , жоғарылау –ерікті құбылыс,ал төмен түсу-еріксіз  болып табылады.

39)Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтіл мобильдік процестері. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік ,тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер,кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер ауан түрлі жеке фирмалардың ,дүкендердің, қонақ үйлерінің,мейрамханалардың т.б. жеке меншің иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік –экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып өтіп жатыр, демографиялық жағдай ,ел-жұрттың миграция мәселелері мен үрдістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда ,негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа , жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа,кедей адламдар ппайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне  меншік формасының өзгеруі ,жалпы нарықтық қатынастарының орын алуы ықпал етті.Әлеметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне , парламенттің, үкіметтің жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына,саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланыты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар мен қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5 %- дан артпайды. Ал,ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25% -ға дейін көтерілген.

41)Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымы. Қазіргі Қзақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның  дамуы кездейсоқтығымен , анықсыздығымен , аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік  теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру , әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы  болып оның әлеуметтік поляризациясы,кедейлер мен байларға бөлінуі табылады. Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік , табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобтильдік формаларына байланысты жаңа топшылық интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізіледі:Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы; Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың  жағдайының ,шекараларының , сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралқ , маргиналдық  қабаттардың қалыптасуы; Әр түрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар  мен страторлардың қалыптасуы. Қазіргі жаңа қабаттар өзінің құрамы ,іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі . Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.

43)Адам,индивид,тұлға  ұғымдары. Адам- тән мен рухани отты, табиғилықпен алеу-ті иеленгенімен, өмірден қабылдағандарын , бірлікте алып жүретін пенде. Адам-бұл тбиологиялық индивит,күрделі және ұзаққа созылған биологиялық   революцияның жемісі (2,5 мың жылға созылды).Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш қоғам  ғана. АДАМ дегеніміз-барлық адамдарға тән жалпыға бірдей сапалар мен қабілеттерді сипаттау үшін қолданылатын қғым. Адамның биологиялық эвалюциясы 2,5 млн жылға дейін. ИНДИВИД-бұл халық ,қоғам , тап,әлеуметтік  топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың жеке өкілі, нақты адам . Әлеу-да «индивид» ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке-жеке түрі.. ТҰЛҒА-индивид дамуының қорытындыс және оның бойында  барлық адамдық сапалар толық көрініс табады..Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі әрі объектісі. Тұлғаны Үндістан,Греция ,Қытай  қарастырды.

44)Тұлға ұғымы және оның ерекшеліктері.   Тұлға- индивид дамуының қорытындысы және оның бойында барлық адамдық спалар толық көрініс табады. Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектіс әрі объектісі. Тұлғаны Үндістан,Греция,Қытай қарастырды. Тұлға ерекшеліктері: 1) саналылығы. 2) құнды бығыт бығдары. 3)басқалармен әлеуметтік қатынастары. 4) қоғамның дербестігі. 5) іс-әрекеті үшін жауапкершілігі.

47)Дэәлеуметтендіру және Рэәлеуметтендіру ұғымдары. Дэәлеуметтендіру- ескі құн-н, норма-н, мінез-құлық ереже-н бас тарту.  Рэәлеуметтендіру-ескілердің орнына жаңа нормаларға , құндылықтарға ,рөлдерге, мінез-құлық ережелеріне үйпену процесі.

48) Идентификация процесі. Идентификация –әрбір индивидтің ,тұлғаның өзін-өзі  басқа адамдармен, топпен, ұғыммен ұжымдастырудың психологиялық процесі.

49)Девиация ұғымы. Девиация-(әлеу-к ауытқу) –бұл белгілі бір қоғамда қалыатасқан нормаларға немесе морйындалған шаблондарға және мінез-құлық стандарттарына сәйкес келмейтін адам-ң әлеу-к топтардың жүріс тұрыстары , мінез-құлықтары. Әлеу-к ауытқу проб-н әлеу-у, психология, криманология құқ-қ статистика ғылымдары зерттейді. Соның ішінде әлеу-к ғылымы ауытқыған мінез-құлықтың барынша себептерін , оның салдарын зерт-ді.

50)Э.Дюркгейм аномия теориясы. Әлеуметтануда девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған Француз әлеуметтандырушысы Эмиль  Дюркгейм . Ол аномия тұжырымдамасын жасады. Девиацияның себептерін анықтау ,оның салдарлары мен формуларын анықтау бүкіл қоғамға әлеуметтік бақылау жасаудың жіне қоғамды басқарудың маңызды құрамы. Егер де индивидтер қоғамдағы жалпыға  ортақ нормаларды сақтағысы келмейтңн болса, онда аномия пайда болады. Аномия- қоғ-ң мүше-ң өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле –тұра оларға бейжай қарайтын қоғамның жай-күйі.

60)Саясат әлеуметтануының объектісі мен пәні. Саясат әлеуметтануды-әлеуметтанудың бір саласы. Бұл сала 20 ғасырдың 20-жыл-да Батыс әлеуметтануында қалыптаса бастады. Саясат әлеу-ы  әлеуметтік саяси қатынастарға , салаға, мәдениетке, қызметке олардың өмір с.руі мен өзгеруінің заңдарына қатысты олардың өмір суруі мен өзгеруінің заңдарына қатысты барлық проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Саясат әлеу-ң зерттеу объектісі –қоғамдағы әлеуметтік саяси өарым-қатынастар. Пәні-саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы,әлеу-к саяси қажеттіліктер , мүдделер, тұлғалардың қызметі , қозғалыстары, институттары. Саясат  әлеуметтануы жас ғылым саласы болса да, оның өз алдына ұғымдары, заңдары қалыптасқан. Мұнда «саясат әлеуметтануы» , «саяси қатынастар» , «әлеуметтануы», «саясат», «саяси жүйе» , және т.б. Саясат әлеуметтануы-б.гінгі өркениеттік ерекшеліктерін және оның қоғамдық ж.йесі.

69) Неке ұғымы. Неке-отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің , арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

70)Моногамия және полигамия. Моногамия-бір еркек пен әйелдің арасындағы неке  , бұл б.гінгі күнде ТМД,АҚШ,Еуропа елдеріндегі бірден бір форма. Полигамия- бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке. Турлері: топтық неке, полеонтрия, полигимия. .

71) Эндогамия және экзогамия. Эндогамия –некелік серіктер бір топтың ішінде . Экзогамия- неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы,рулар арасында болады.

73)Ажырасудың себептері. Моп тұрмыстық өкіл, Баспана жағдайы, Ерлі-зайыпты махаббат сезімінің жойылуы,Өмірге деген көз қарастарының өзгеруі, Қызғаныштық, Күмәншілдік,ерлі зайыптылардың теріс жолға түсуі. Әрбір 4-ші неке ажырасып кетеді.

79)Мәдениеттің құрылымы. Түсінік және сезімдер. Қатынастар. Құндылықтар. Нормалар. Түсінік-сезімдер –ең алдымен тілде көрініс берді.Тіл адамдардың білімімен тәжірибені сақтап ұрпақтарға жеткізу құралдары. Қатынастар- бұл барлық құбылыстардың өзара байланыс сәті. Құндылықтар- әрбір    қоғамдағы әлеуметтік субъектінің шың-мұқтажын, талап –тілегін қанағаттандыратын құбылыс процестердің –қасиеттерін атайды. Нормалар-адамның өзінің қалай ұстауы керектігі айқындайтын ережелер.

Субмәдениет ұғымы. Субмәдениет-(лат. Sub –төменгі,kultur-мәдениет) –дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет» ірі таптар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмідениет көбінде қоғамда өктем болып түрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немес теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақьық ұлттық мәдениет құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайд

ы.




1. Генерал де Голль- последний великий француз
2. а руб Натяжка холста на подрамник Обычная руб Натяжка холста на подр
3. Тема- Возрастные особенности суицидального поведения Выполнила Студентка ЕГФ Тресина Алёна Вита
4. Тема- Актуальные проблемы социологических исследований Содержание Введение
5. НА ТЕМУ Формы государственного устройства Выполнил- студент группы 142 С
6. Курсовая работа- Личностное реагирование в критических ситуациях
7. Тема Преподаватель
8. 1 Понятие и роль маркетинга
9. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата біологічних наук Київ ~
10. тема Пролог Ариетта Снегурочки Пролог
11. Айнкрад Перевод с английского языка ~ Ushwood Бетаредактирование ~ Ldy strel Русифицированные иллюстрации D
12. Контрольная работа- Инженерная геология
13. Саратовский государственный технический университет имени Гагарина Ю1
14. Культура речи и профессионализм
15. ТЕМА КЛАССИФИКАЦИЯ ХИМИЧЕСКИХ РЕАКЦИЙ В НЕОРГАНИЧЕСКОЙ ХИМИИ Временной режим 60 минут
16. Повесть временных лет как культурно-историческое произведение
17. Я у себя одна или Веретено Василисы Библиотека психологии и психотерапии ~ Екатерина Михайлова
18. НАУКОВОТЕОРЕТИЧНІ АСПЕКТИ ПЕНСІЙНОГО ЗАБЕЗПЕЧЕННЯ
19. Характеристика бойової майстерності за княжих часів
20. варианта пояснительной записки На протяжении семестра форма контроля качества и объёма выполняемой