Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Макроэкономика п~ні бойынша экономикалы~ факультетті~ к~ндізгі ж~не сырттай о~у б~лімдеріні~ студенттер

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 20.5.2024

«Макроэкономика» пәні бойынша экономикалық факультеттің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің студенттеріне арналған

ТАҚЫРЫП: МАКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ.  ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚУҒА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл тақырыптың шеңберінде ұлттық экономика тұтас елдің масштабындағы шаруашылық қызметінің басты жақтарын дәл көрсететін көрсеткіштер жүйесі негізінде қаралады. Олардың ішінде жетекші рөль өндірілген қоғамдық өнімге беріледі.

Экономиканың дамуын бағалаудың мейлінше ортақ және ең абстрактілі категориясы  жалпыланған қоғамдық өнім болып табылады. Оның шамасы қоғамдық жалпы өнімі, немесе вал өнімі және соңғы қоғамдық өнім сияқты көрсеткіштердегі есептеу әдісіне байланысты болады. Бұл категорияларды түсіну үшін «қосымша құн», және «аралық өнім» түсініктерін түйсіну керек. Ақырғы қоғамдық өнім екі формада болады: жалпы ішкі өнімі және  жалпы ұлттық өнімі. Бұл екі көрсеткіште нарықтық экономиканың қызмет ету талаптарына сәйкес келеді. Олар ақырғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағаларының негізінде есептеліп шығарылады. Олардың шамаларының айырмашылығына назар аудару керек.

Қазақстанда ЖІӨ көрсеткіші пайдаланылады, сондықтан бұдан әрі негізінен осы көрсеткішпен шектелуге болады. ЖІӨ көрсеткішін және оның рөлін мейлінше толық білу экономикада оны есептеп шығарудың үш әдісін біліп алу арқылы қол жеткізіледі: өндірістік, бөліп беру және ақырғы пайдалану. ЖІӨ мазмұнын түсінудегі келесі қадам «ұлттық табыс» көрсеткішінің есептелуін білу - оның екі түрі бар: жалпы ұлттық  табысы (ЖҰТ) және таза ұлттық табыс (ТҰТ). Бұл көрсеткіштер тиісінше жалпы ұлттық өнімімен (ЖҰӨ) және таза ұлттық өніммен (ТҰӨ) қабысады.

Сонымен қатар алғашқы табыс, қолдағы бар табыс және өңдеп түзетілген қолдағы бар табыстар деген түсініктерді біліп алу қажет. Олардың бір бірінің шегін ажырату үшін трансферттердің экономикалық мазмұнын ашу керек (ақшалай және натуралды). Соңында баға өзгеріп тұру жағдайында әр түрлі кезеңдегі ЖІӨ (ЖҰӨ) шамаларының салыстырмалылығы қамтамасыз етілетін әдістерді зерттеген жөн.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

Ұлттық экономиканы талдау барысында пайдаланылатын экономикалық категориялардың ерекшелігі неде ?

Жалпы қоғамдық өнім ұлттық экономиканың көрсеткіші ретінде нақты қандай формаларда көрінеді?

«Жалпы ұлттық өнімі», «жалпы ішкі өнімі», «ақырғы және аралық өнім» категорияларының айырмашылығы неде?

«Инфлирование» және « дефлирование» категориялары нені білдіреді?

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Критика немарксистских концепций в преподавании политической экономии. Под ред. А.Д. Смирнова. М., 1990. Гл. 8.

Политическая экономия. Под ред. В.В. Радаева. М., 1992. Гл. 32.

Политическая экономия. Руководитель авторского коллектива В.А. Медведев. М., 1989. Гл. 10.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 1994. Гл. 2.

Гвоздев Н.И. Для чего нужны, как образуются и измеряются показатели развития национальной экономики: Учебное пособие. М., 1997.

ТАҚЫРЫП:  НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЦИКЛДЫҚ СИПАТЫ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Экономиканың біртіндеп даму процесі оның бірде жоғары өрлеп, кейін құлдараумен алмасуымен, қарқындап дамудың баяу дамуымен кезектесуімен сипатталады. Мұндай экономикалық толқулардың жүйелі түрде қайталанып отыруы -  экономиканың дамуының циклдылығын білдіреді. Мұндай құбылыстардың себептерін түсіндірудегі классикалық, марксистік, кейнсиан концепцияларындағы айырмашылықтарға көңіл аударған жөн.

Экономикалық циклды зерттеу барысында оның фазаларын ашып көрсеткен жөн: дағдарыс, күйзеліс, жандану, өрлеу, сондай-ақ экономикалық дағдарыстардың түрлерін меңгеру қажет. Тереңдігі мен масштабтылығы жөнінен циклдық, аралық, ішінаралық, салалық, құрылымдық, әлемдік экономикалық дағдарыстарды, олардың спецификасын білу керек.

Циклдар ұзақтығы жөнінен қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік және үлкен экономикалық циклдарға бөлінеді.  Циклдық дамуды анықтаудың күрделілігі, атап көрсетілген циклдардың бәрінің бір уақытта әрекет етуімен және әр түрлі циклдардың фазаларының әдетте бірдей болмауынан туындайды.

Бұл тақырыпты зерттей отырып, ұзын толқындар теориясын (үлкен циклдардың Н. Д. Кондратьев) әзірлеудегі орыс (кеңес) мектебінің басымдарына назар аударған жөн. Қазіргі заманғы жағдайда олардың 5 фазалық кезеңденуі байқалады: күйзеліс, жандану, өрлеу, гүлдену, тұрақтылық. Ұзын толқындардың материалдық негізі болып көптеген себептер табылады, кей кезде пікірталастық түрдегі, оның ішінде қызмет ету мерзімі ұзақ жылға шақталғанескірген негізгі капиталды ауыстыру, ең алдымен автономдық инвестициялар негізінде, ғылыми-техникалық прогрестің өзінің циклдылығын,, таза пайда нормасының ұзақ кезеңдегі толқулары және басқалары.

Ақыр соңында, экономиканың циклдық дамуының экономикалық және әлеуметтік салдарын, сондай-ақ циклдылықтың кері әсерлерін азайтуға арналған антициклдық реттеудің ықпалын, циклдық толқулардың амплитудасын төмендетуді бағалау қажет.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

Ұлттық экономиканың қайшы пропорционалдығы мен циклдылығы неге байланысты?

Экономикалық циклдың қандай фазалары бар? Оларға сипаттама бер.

20 ғасырдың 50 – 60 – жылларының экономикалық циклдарына қандай жаңа үрдістер тән болып еді? 20 ғасырды 70-жылдарынан бастап әлемідк экономикалық дағдарыстарының қайта орын алу себептері неде?

Экономикалық дағдарыстардың қандай негізгі типтері бар? Оларға сипаттама беріңдер.

Қазіргі заманғы әлемдік дағдарыстардың спецификасы неде?

ҚР 20 ғасырдың 90-жылдарындағы экономикалық дағдарыстың басты себебі неде?

Н. Д. Кондратьевтің үлкен экономикалық циклы қандай толқулардан тұрады?

Ұлттық экономиканы антициклдық реттеу әдістерін сипаттаңдар.

3  ӘДЕБИЕТТЕР

НЕГІЗГІ

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Курс экономической теории. Руководитель авторского коллектива А.В. Сидорович. М: 1997г.  Гл. 23.

Вальрас Л., Солерю Л. Равновесие и экономический рост: принципы макроэкономического анализа. М., 1974. Гл. 3.

Шумпетер И. Теория экономического развития. М., 1982. Гл. 2.

Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1978.

Хикс Дж.Р. Стоимость и капитал. М., 1993. Гл. 1 и 2.

Блюмин И.Г. Критика буржуазной политической экономии: В 3 т. М 1962. Т. 1. Гл. 6.

Экономическая энциклопедия: В 4 т. М., 1972—1980. Статья «Спроса и предложения теории».

Чумаченко А.А. Концепция макроэкономического равновесия как теоретическая основа валютной политики реальных ориентиров// Деньги и кредит. 2001. № 11.

ТАҚЫРЫП: БАНКТІК ЖҮЙЕ ЖӘНЕ МОНЕТАРЛЫ САЯСАТ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚУҒА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл тақырыпты толық көлемде игеру үшін студент ссудалық капиталдыңтабиғатын, мәнін түсіну керек. Ең алдымен ссудалық капитал делдалдық операцияларға немесе тауардың құн өлшемін анықтауға келмейді, ол тек қана несие немесе қарыз алушыға уақытша пайдалануға беріледі, ең маңызды мақсаты  - өзін - өзі ақша нысанында өсіру. Ссудалық капиталдың өндірістік, тауарлы нысандарда болмауы, ал тек қана ақшалай формада кездесуі – ссудалық капиталдың ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Ақша соммасы қалай өсіп, ақшадан қалай капитал пайда болатыны – бұл тақырыптың маңызды тарауларының біреуі.

Қандай да капитал әр қашанда жылжуда болса, сол сияқты ссудалық капиталда әр қашанда өзінің қызметін жылжу арқылы орындайды.  Бұл жылжудың нысаны – несие. Ссудалық капиталдың пайда болуының және сонымен қатар оның мәнінің екі негізгі көз қарас бар. Бір теория бойынша ссудалық капитал құнның еңбек теориясына негізделеді, екінші теория бойынша – қажеттілік теориясына негізделеді.

Экономиканың нақты салаларын қаржыландыруында банктердің және басқа несиелік ұйымдардың уақытша бос ақша құжаттарын орталықтандыру мен пайдалану процессіндегі рөлінің маңыздылығын түсіну.      Салымдарға, ссудаларға анықталатын пайыздық ставкалардың мәнін, түрлерін, олардың ерекшеліктерін, анықтау және, сонымен қатар, банктің табыстарын, түсімдерін, шығындарын ажырата білу. Бұл тақырыпты тану процессінде банктің жалпы және таза пайдаларының  айырмашылықтарына және банктік пайда нормасына аса маңызды назар аудару керек.

Ссудалық капитал ақша нарығында «қиял капитал» нысанында кездесуі мүмкін – бағалы қағаздар түрінде (акциялар, облигациялар және т.б. пайда алу құқығының куәлігі болады. Осыған байланысты бағалы қағаздарға ие болудан түсетін табыс мөлшері қалай есептелетінің түсіну, және акциялар мен облигациялар білдіретін экономикалық қатынастардың мәнін анықтау.

Несиенің, ссудалық капиталдң жылжу нысаны ретінде, мәнін тану процессінде Орталық және коммерциялық банктердің рөлдерінің айырмашылықтарына назар аудару керек. Бұл ақша нарығында банктік ақша ұсынысын ұлғайту (төмендету) механизмдерін түсіну үшін өте маңызды болады.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.  Екі деңгейлі банктік жүйесінің мәнін ашыңыздар. Орталық банктің бұл жүйедегі рөлі қандай?

2. Сіздер мамандалған қаржы – несиелік ұйымдардың түрлерін білесіздер.

3. Коммерциялық банк деген не және олар қандай қызметтерді атқарады?

4. Банктердің қандай операциялар активті, ал қандайлары пассивті деп аталадлы?

5.  Орталық банкпен атқарылатын негізгі функциярын атаңыз.

6.  Банктік ақшалар қалай пайда болады. Банктік мультипликаторының механизмы қандай?

7. Банктік пайда нормасы қалай есептеледі?

8. Міндетті банктік резервтер және банктің ликвидттік дәрежесіне сипаттама берініз?

9.  Есептік ставка деген не? Есептік ставка өзгерсе ақша ұсынысымен не болады?

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Барр Р. Политическая экономия: В 2 т. М., 1995.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Аханов С. Банковская сисТАҚЫРЫП в условиях глобализации// Саясат №2 2004г.

Банки - двигатель экономики// Экспресс К. 2003 год, 15.02.

Гильфердинг Р. Финансовый капитал. М., 1959.

Каленова Р.А. Усилить регулирование деятельности коммерческих банков в Казахстане //Аль Пари №2, 2003г.

Курс экономической теории. М., 1997. Гл. 27.

Нуреев P.M. Деньги, банки и денежно-кредитная политика. М., 1995.

Основные направления денежно-кредитной политики Национального банка на 2003-2005 годы // Банки Казахстана.-2003.-№1.-с. 8-12.

Сейтбеков А. Виды и типы кредитов в банковском секторе Казахстана // Саясат.-2003.-№3.-с. 50-53.

Серикбаева Ж.Д. Теоретические обоснование денежно-кредитного регулирования экономики // Банки Казахстана.-2003.-№6.-с. 28-31.

Экономическая энциклопедия. В 4 т. М., 1972—1980. Статьялар: «Банки», «Банковский капитал», «Кредит» «Ссудный капитал».

ТАҚЫРЫП :  ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚУҒА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Ұлттық экономиканың қызмет етуі ақшалай (эквивалентты), несиелік (төлем ақылы, қайтарылым, жылдамдық шарттарына негізделген ақшалай қатынастар) және қаржылық (қайтарылымсыз) қатынастарды талап етеді, олардың ішінде мемлекеттік қаржылар аса маңызды рөл атқарады. Ақша – несиелік, бюджеттік – салықтық қатынастарды ұйымдастыру арқылы мемлекет өзінің қызметтерін жүзеге асырады және қоғаммен қойылған мақсаттар мен есептерді шешеді.

Қаржы – экономикалық қатынастардың ерекше жүйесі болады. Оны құрастыру қағидаларында, қызмет етуінде, құрылымы мен қызметтерінде мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің маңызды бұынын болып есептеледі. Бюджеттік жүйе бірнеше деңгейлі болады, ал оның құрамы мемлекеттік механизммен анықталады, және мемлекеттік жүйесінің құқықтық, әкімшілік жақтарын сипаттайды,  сонымен бірге  қалыптасқан елдің экономика  - әлеуметтік құрамын суреттейді.  Мемлекеттік бюджеттің қажеттілігінің, құрамын, оның табыс және шығын шоттарының негізгі статьяларының маңыздылығын түсіну керек, бюджеттік емес қорларды, әр деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысын анықтап, жалпыланған бюджетті қалыптастыру қағидаларын білу керек.  

Салықтар мемлекеттік бюджеттің табыстарының негізгісі болып есептеледі, олар бюджеттің табыстық бөлігін қалыптастырады. Салықтардың мәнін, қызметтерін, салық салудың қағидалары мен нысандарын ашу керек, салықтардың құрамын қарастырып, салықтарды класстаудың принциптерін  және ерекшеліктерін ашу. Тікелй және жанама салықтарға аса маңызды назар аударыныздар. ҚР  салық жүесінің құрамымен және салықтардың негізгі түрлерімен танысу керек. Салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін бағалау да назарсыз қалмау керек, салық салу ставкалары салық жүйесінің маңызды элементы болып табылады, өйткені ол салықтардың жалпы жиналуын анықтайды (Лаффер қисығы).

Студенттер бюджет тапшылығы не екендігін біліп, оның түрлері мен типтері ажыратуы тиісті, бюджет тапшылығын реттеу қағидаларын анықтап, мемлекеттік қарыз ұғымын белгілеп оны қаржыландыру тәсілдерімен жолдарының салыстырмалы тиімділігін талдауы тиісті.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

Қаржының мәні мен қызметтерін атаңдар.

Қарды жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі қандай?

Біздің мемлекетіміздің жалпыланған бюджеттің құрамдас бөліктерн атаңдар.

Келесі ұғымдарған анықтама беріңіздер «бюджет балансыа», «бюджеттың тапшылығы», «бюджеттың профициты». Бюджет тапшылығының табиғаты немен анықталады?

Бюджет тапшылығын өтеу тәсілдерін атаңдар. Оны реттеу әдістері қандай?

Салық – бюджеттік саясат деген не?

Лаффер қисығы қандай экономикалық өзара байланысты суреттейді?

Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары неде және қарызды басқару жолдарын сипаттаңыз.

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

ҚОСЫМША

Курс экономической теории. Руководитель авторского коллектива А.В. Сидорович. М., 1997. Гл. 36.

Саркисянц А. Три направления укрепления национальных финансовых систем// Финансы и кредит. 2001. № 12.

Городецкий Д. Концепция бюджетной сбалансированности // Экономист. 2000. № 4.

Калантай В.М. Эволюция современных финансов // Философия хозяйства. 2000. № 1.

Абсалямова Н. Снижая налоги поднимать государство// Казахстанская правда 2.04.2003

Елубаева Ж. Казахстан и стандарты прозрачности бюджетной системы //Финансы Казахстана №2, 2004 г.

Елубаева Ж. Планирование доходов как управление бюджетной системой //Саясат №1, 2004 г.

Жуйриков К.К. Проблема формирования бюджета: дефицит бюджета и государственный долг // Банки Казахстана.-2003.-№3.-с.15-21.

ТАҚЫРЫП: ҚАРЖЫ САЯСАТЫ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 Қаржы саясаты- мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құраушы бөліктерінің ішіндегі ең маңыздысы.Оның мәні мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру және өзінің алдындағы міндеттерді шешу үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану. Қаржы ресурстарын жұмылдыру әдістері мен формаларын таңдау, оларды бөлу және пайдалану, сондай-ақ қаржы жүйесін реттеу тәсілдерін білу маңызды болып саналады. Соларға сәйкес, қаржы саясатының түрлі типтерін атауға болады.Оларды зерделеу үшін «Фискалдық саясат» түсінігін түсінуден бастап, оның 2 типінің айырмашылықтарын білген жөн: дискрециондық,яғни автоматты саясат, басқаша айтқанда ұлттық экономиканы тұрақтандырудағы алатын рөлі мен фискалдық саясат мақсатына автоматты түрде қоса салынған стабилизаторлар.

 Мемлекеттің мемлекеттік шығыстары мен кірістері саласындағы,ұлттық экономиканың жай-күйіне және оның даму жағдайына байланысты өзгеріп отыратын,салықтар мен мемлекеттік шығыстарды сан түрлі етіп өзгертіп отыратын икемді саясаты дискрециондық болып аталады.  Дискрециондық саясат белсенді  типке жатады. Оның құралдары қандай, және экономиканың даму динамикасына қандай әсері бар, міне соны білу керек.

Автоматтық саясат эконоимкалық саясаттың пассивтік типіне жатады. Ол қоса салынған стабилизаторлардың рөлін атқарушы жүйенің экономикалық параметрлеріне сүйенеді.

Дискрециондық және автоматтық саясаттың өзара байланысын түсініп алған жөн. Фискалдық саясаттың кейнсиан немесе классикалық типін таңдау мәселесін шешу үшін түрлі жолдарды зерттей отырып, олардың әрқайсысы салық салу мәселесін (салық салудың ставкалары, салықтардың құрылымдары) және бюджеттің жыл сайынғы балансталуына, немесе саналы түрде бюджеттің тапшылығына орын берілуіне, немесе бюджеттің профицитіне қол жеткізуге бағытталған бюджеттік саясаттың мәселелерін шешетінін ескерген жөн.

Мұнда фискалдық саясаттың сипатын таңдау мотвтерін және оны іске асырудан туындайтын әлеуметтік және экономикалық салдарларын ескеру керек. Бұл бюджеттің жалпы экономикалық конъюнктурамен өзара байланысын көрсетеді.

Ақыр соңында, қаржы саясаты, мемлекет ұлттық экономиканы реттеп отыру үшін пайдаланатын фискалдық саясаттан басқа да бірталай құралдардың (мемлекеттік инвестициялар, тапсырыстар, субсидиялар) бар екенін түсінген жөн. Мұның сыртында, қаржы саясатының ақша-кредиттік саясатпен тығыз байланыста болатынын, орталы банк пен үкіметтік органдардың келісе отырып қимылдауы керек екендігін ұмытпаған жөн.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз не? Оның мақсаты мен міндеттері қандай?

Дискрециондық және автоматтық саясаттардың мәні неде? Дискрециондық саясат неліктен белсенді типке жатады, ал автоматтық саясат пассивті типке жатады?

Дискрециондық және автоматтық саясаттың құралдары қандай?

Дискрециондық және автоматтық саясатты іске асыру тетіктері қандай?

Салықтардың өзгеруі (олардың құрылымдарының, салық ставкаларының) экономикалық субъектілерінің мінез-әрекетіне қалай ықпал етеді? Бұл олардың тұтынуына және жинақтарына қалай ықпал етеді?

Салық салу ставкаларының өзгеруінің қандай салдарлары болуы мүмкін?

Салықтың мультипликативтік тиімділігі деп нені білеміз?  Экономикалық саясатта оны қалай ескерген жөн?

Мемлекеттік шығыстардың мультипликаторының экономикалық мазмұны қандай? Ол қандай жағдайда мемлекеттің қаржы саясатында пайдаланыла алады?

Экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекет қандай фискалдық саясатты таңдап алуы қажет?

Ұлттық экономиканы реттеудегі бюджеттік-салықтық саясаттың рөлі қандай?

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Критика немарксистских концепций в преподавании политической экономии. Под ред. А.Д. Смирнова. М., 1990. Гл. 8.

Политическая экономия. Под ред. В.В. Радаева. М., 1992. Гл. 32.

Политическая экономия. Руководитель авторского коллектива В.А. Медведев. М., 1989. Гл. 10.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 1994. Гл. 2.

Гвоздев Н.И. Для чего нужны, как образуются и измеряются показатели развития национальной экономики: Учебное пособие. М., 1997.

ТАҚЫРЫП: МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 Бұл тақырыпты оқып үйрену барысында мынадай категорияларға көңіл аудару керек: «байлық», «кедейшілік», « игілік», «әлеуметтік теңдік».Олардың мазмұнын білу бұл терминдердің шындықтың тек бір бетін көрсететінін түсінуге негізделеді. Адамдар өздерінің қоғамдағы орнын тек ақшамен ғана бағаламайды, сонымен бірге  тұрмыстың материалдық емес тұрығысынан да, әлеуметтік игіліктерге қол жетімділік жағынан да  қарайды. Осыған байланысты «әділдік» және «экономикалық тиімділік» категорияларының өзара байланысы ерекше маңызға ие болады.

Кірістердің қалыптасу принциптері неге байланысты болады және оның халықтың игілігі мен әлеуметтік әділдіктің деңгейіне тигізер ықпалы қандай, қандай көрсеткіштердің көмегімен кірістерді бөлудегі теңсіздік дәрежесі бағаланады, міне осылардың бәрін білу керек.

Кірістерді қайта бөліп беру тетіктерін қарай отырып, қоғамның мүшелерінің материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтынуын реттеу процесіне мемлекеттік биліктің араласуы объективтік қажеттілік екенін, қоғамдық өнімнің, ұлттық байлықтың қайта бөлініп берілуі қандай рөл атқаратынын, қоғам мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі сипатына қандай әсері бар екенін түсінген жөн. Содан кейін барып, мемлекеттің кірістерді бөліп беру жүйесін ұйымдастыру ісімен, ұстанып отырған әлеуметтік саясаттың мазмұнымен, кірістерді бөлуге мемлекеттің қатысу артықшылықтары мен кері тұстарымен танысқан жөн.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1. Әллеуметтік әділеттілік деген  не, оның негізінде не жатады

Азаматтардың өмір деңгейін анықтауында қандай факторлар?

нарықтық экономикада табыстардың қандай негізгі түрлерін білесіз?

Энгель заңының негізінде қандай мағана жатыр?

Лоренц ұисығы нені білдіреді?

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Критика немарксистских концепций в преподавании политической экономии. Под ред. А.Д. Смирнова. М., 1990. Гл. 8.

Политическая экономия. Под ред. В.В. Радаева. М., 1992. Гл. 32.

Политическая экономия. Руководитель авторского коллектива В.А. Медведев. М., 1989. Гл. 10.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 1994. Гл. 2.

Гвоздев Н.И. Для чего нужны, как образуются и измеряются показатели развития национальной экономики: Учебное пособие. М., 1997.

ТАҚЫРЫП : ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ

1 ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 Экономикалық өрлеудің негізгі сипаттамасы жылдық нақты өнімнің (ЖІӨ, ЖҰӨ, ??? ) жан басына шаққандағы өсімімен байланысты болады.Іс жүзінде экономикалық өрлеу ресурстардың шектеулілігіне барып тіреледі.Экономикалық өрлеудің екі типі бар: интенсивтік және экстенсивтік. Олардың айырмашылықтарын білген жөн.

Ресурстардың оңтайлылығы мен өзара алмасуы экономикалық өрлеу модельдерінде қарастырылады. Өндірістік функция негізіндегі экономикалық өрлеудің классикалық моделін қараған жөн. Бұл модельдегі өндірістік функция шектеулі екеніне көңіл аудару қажет, Солоудың экономикалық моделінің мазмұнын ашып, экономикалық өрлеудің техникалық прогреске тәуелділігін, халықтың санының және тұтыну деңгейінің өсу динамикасын және осы модель шеңберіндегі экономикалық тепе-теңдік шарттарын түсініп алған жөн.

Мультипликаторлар мен акселераторлар тиімдеріне негізделген экономикалық өрлеудің кейнсиан модельдерінің ерекшеліктері неде екенін, сондай-ақ Домар – Харрод теңдеуін біліп алған жөн. Экономикалық өрлеу капиталдың белгілі бір дәрежеде жинақталуына негізделеді. Осыған байланысты Маркстің экономикалық өрлеу анықтамасы ретіндегі кеңейтілген қайта өндіру моделін еске түсірген абзал.

Экономикалық өрлеуді қандай факторлар тежейтінін студент білуі тиіс. Олардың қатарына ең алдымен мыналар жатады: қайта жаңғырмайтын энергия көздерін, шикізат пен ресурстарды үнемдеу, оларды қазып алу және өңдеуге байланысты шығатын шығындардың артуы. Басқа факторлардың ішінде экономиканың даму деңгейінің  төмендігін, кредит алу мүмкіндігінің болмауын, капиталдың сыртқа кетуін айтуға болады.

Экономикалық өрлеудің экономикадағы құрылымдық алға жылжушылықпен өзара байланысын да ұққан жөн. Және де бұл өзара байланысты сапалы экономикалық өрлеу тұрғысынан қарау керек. Мұның сыртында, Қазақстан Республикасының экономикасында 20 ғасырдың 90-жылдарында орын алған құрылымдық алға жылжушылық бағалануы тиіс.

Жаңа принциптер мен құндылықтардың жаңа жүйесіне негізделетін әлеуметтік-экономикалық дамудың баламалы моделі ретіндегі тұрақты даму концепциясы ерекше назар аударуға тұрады.

2 ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

«Экономикалық өрлеу» категориясының мазмұнын ашыңдар. Қандай көрсеткіштер оны сипаттайды?

Экономикалық өрлеудің типтері мен факторлары қалай классификацияланады? Кеңейтілген қайта өндіру мен экономикалық өрлеудің арасында қандай өзара байланыс бар?

Экономикалық өрлеудің классикалық моделінің мәнін ашыңдар. Кобб-Дугласстың өндірістік функциясының экономикалық мазмұны неде?

Экономикалық өрлеудің тұтыну деңгейінен, халық санының және техникалық прогрестің динамикасынан тәуелділігі қандай модельде ашып көрсетіледі?

Экономикалық өрлеудің кейнсиан моделінің мәні қандай? Оның спецификасы неде?

Мультипликациялау және акселераттау процесі қандай инвестициялармен байланысты?

Харрод-Домардың моделінің экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету шарттары қандай?

Экономикалық өрлеу ұлттық экономикадағы құрылымдық алға басушылықтан қаншалықты тәуелді болады?

Экономикалық өрлеу  мен тұрақты даму концепцияларының ара қатынасы қандай?

3  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ

Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. А: Экономика, 2003

Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.  Под ред. А.В. Сидоровича. М., 1997.

Гальперин В.М., Гребенников П.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1994.

Курс экономической теории. Под ред. М.Н. Чепурина. М., 1998.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 2002.

Общая экономическая теория. Под ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М., 2000.

Осипов Ю.М. Теория хозяйства: В 3 т. М., 1998.

Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 2003.

Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М., 2001.

ҚОСЫМША

Критика немарксистских концепций в преподавании политической экономии. Под ред. А.Д. Смирнова. М., 1990. Гл. 8.

Политическая экономия. Под ред. В.В. Радаева. М., 1992. Гл. 32.

Политическая экономия. Руководитель авторского коллектива В.А. Медведев. М., 1989. Гл. 10.

Мэнкью Н. Макроэкономика. М., 1994. Гл. 2.

Гвоздев Н.И. Для чего нужны, как образуются и измеряются показатели развития национальной экономики: Учебное пособие. М., 1997.




1. Реферат- Федерико Гарсия Лорка
2. В этом городе есть детский дом
3. Габриэль Гарсия Маркес Сто лет одиночества
4. ТЕМА 4 СПРАВОЧНОПОИСКОВЫЕ СРЕДСТВА К АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ НАУЧНОСПРАВОЧНЫЙ АППАРАТ Практическая работа
5. Количество информации Наименьшая единица измерения информации ~ это А 1 бит;
6. Методические рекомендации к содержанию курсовой работы
7. Износ по признакам его возникновения разделяют на физический функциональный и экономический внешний
8. Роль и задачи МИС в маркетинге организации.html
9. ТЕМА Диагностирование и техническое обслуживание тормозных систем с гидроприводом Цель работы Приобре
10.  Понятие убийства
11. Криминалистическая характеристика рассматриваемых преступлений Все деяния относящиеся к группе эколог
12. Медичний коледж - Медична хімія - Quizzes - Біонеорганічна хімія - Review of ttempt 2 Біонеорган
13. тема методов воздействия руководителя на подчиненных
14. URU В
15. November 22 2013 Money for Food or for Boost In 2008 the United Sttes of meric got in to economic difficulties s lots of other countries
16. Личные продажи компании
17. тема деятельности по обработке накоплению развитию знаний о какойлибо сфере объективной действительности
18. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата геологічних наук
19. это исполнительнораспорядительная деятельность государственных органов направленная на организацию
20. . Резюме 2. Исследование и анализ рынка 3