Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~.ж.б. жырау. ~азту~ан С~йініш~лыны~ ту~ан ~айтыс бол~ан жылдары белгісіз

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.[1]

Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.

Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.[2][3]

Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап , асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін асыра ардақтайды.

Көрінген мынау көк Нарын

Ойран салып өткен жер.

Маңдайы күнге күймеген,

Жорғадан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген...

Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.

Жауды көрсең жайнаған,

Жай тасындай қайнаған.

Еділде тұрып оқ атса

Жайыққа түсіп жоғалған...

Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар

Арқамнан қосым қалар деп,

Ақ дария толқын күшейтер.

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп

Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:

Жабағалы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы)  жырау, қолбасшы, батыр.[1]Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған,Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапқан. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң,Тоғай, тоғай, тоғай су,Азау, азау дегенің,Арғымаққа оқ тиді,Қоғалы көлдер, қом сулар,Айналайын, Ақ Жайық, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе М.Османовтың Ноғай уа құмық шығырлары (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың Халық әдебиетінің үлгілері (1896) деген жинақта басылды.Ертедегі әдебиет нұсқалары (1967),Алдаспан (1971),XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы (1982),Бес ғасыр жырлайды (1985), т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.[2][3]

Үмбетей Тілеуұлы (1697-1786)  жырау, қобызшы, ақын. Қазақтың эпостары мен музыкалық шығармаларын жетік білген. Эпикалық толғау-өлеңдердің авторы. Қазақ халқының жоңғарлармен күрестегі ерліктерін, халықтың бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Оның туындыларының ішіндегі белгілісі Бөгенбай батырға арнаған жырында Отан қорғаушысының жарқын да үлгі тұтарлық келбетін сипаттайды. Үмбетейдің туындыларының жартысы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971) жинақтарына енген.[1]




1. Доклад- Теодор Эрсар де Вильмарке.html
2. 20 року слідчий посада найменування органу ініціали п1
3. Зимние забавы СОБЫТИЯ ДНЯ- открытие фабрики Деда Мороза Мастерские счастья ЛОС зима 2013 Праздн
4. Лабораторные по системному анализу
5. Тема 2 Планування особистої роботи менеджера
6. Работа в Интернете выпускной квалификационной работы по профессии Оператор ЭВМ Раздел Работа в Инте
7. I.ru
8. 14 Лабораторная работа 32
9. Особенности использования NoSQL
10. Вожатское Сердце Сибири Очень рад что однажды познакомился и потом трижды приезжал и прилетал к эт
11. Космогонічні українські народні погляди та вірування Українські легенди про створення світу
12. техническая сфера важнейшим фактором геополитики
13. Школа управлінської майстерності для лідерів учнівського самоврядування
14. Развитие кредитных отношений в различные периоды
15. Экономика (2 задания)
16.  Общее понятие и регион распространения семьи мусульманского права
17.  Индуктивтілікті~ ~лшем бірлігі ~андай Генри 2
18. Государственный контроль за использованием земельных ресурсов
19. Дидактические игры как средство развития экологических знаний о живой природе у детей старшего дошкольного возраста с умственной отсталость
20. ІІІ модулі Полтава ~ 2009 Автори- д