Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Кедендік одақ қажет пе, жоқ па?» деген сауал осы күні артта қалды. Қазақстан, Ресей мен Беларусь бірлесіп, ынтымақта жұмыс істеп жатқанына 2 жыл болса да, одақ аясындағы дау-дамай басылмайтын сыңайлы. Бұл жұмыстың басы-қасында жүрген шенділер артықшылықтарын айтып тізбектесе, кәсіпкерлер көп жағдайда кемшіліктерге тап болатындарын айтады. Саясаттанушылар мен депутаттар, экономисттер мен кәсіпкерлердің өзге де пікірлерін Айжан Ілиясқызы тыңдады.
Пікірталасқа түскендердің көпшілігі нақты мысалдар келтіріп, сөздерін дәлелдегеннен бұрын қызбалыққа салынып, кедендік одақты жерден алып, жерге салды. Айтуларынша, оның Қазақстанға әкелетін пайдасы аз. Алайда, нақты ұсыныстарын да жасамады. Ал, Ресей және Беларусь әріптестерімен үнемі байланыста болатын кәсіпкерлер бұл сұраққа келгенде нақтылық танытты. Мысалы, кедендік одақ кондитерлердің көңілінен шықса, арақ-шараппен айналысатындар үшін бұл тиімсіз көрінеді.
Әміржан Қалиев, «ҚазАлко» қауымдастығының директоры:
Беларусь үкіметінде бос монополия арақ-шарап өндіруге. Арақ әкелетін компаниялар олар да үкіметтің қадағалауында. Мысалы, Беларусьте бір жәшік арақ әкелу үшін үкіметтен рұқсат керек. Ал енді, Ресейге де арақ-шарап оңайлықпен апаруға жол жоқ. Себебі, кедергілер көп.
Евгений Конрат, «Баян Сұлу» АҚ маркетинг бойынша директоры:
Бізге қажетті жабдықтардың барлығы Ресейден әкелінеді. Сондықтан, біз үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.
Түрлі тауарлар мен шикізаттарды үш елден тасымалдайтын компаниялар осы күндері шығындарын есептеп үлгерген. Біріңғай тариф жүйесін енгізгелі Қазақстан импорттың баж салығын үш есеге ұлғайтуға тура келді. «Бұл әсіресе, отандық автонарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін», - дейді мәжілісмен Мұрат Әбенов.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі:
Енді елімізге Ресейдің ескі автокөліктері төмен баж салығымен жеткізіле бастайды, ал олар өздеріне жаңа техниканы әкеледі. Салдарынан, Қазақстан ескі автокөліктердің қоқысына айналады.
Соған қарамастан, саясаттанушылар да, кәсіпкерлер де бірігіп жұмыс істеу қажет, дейді. Алайда, ол үш елге тең шартта болуы тиіс.
Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі:
Бір деңгейде, бірлесе жұмыс істеу үшін бізде өте мықты команда болуы керек. Тіпті, әріптестерімізден басым болуымыз маңызды.
Кедендік нарықты біріктіру жұмысы жеңіл болмайтыны бастапқыда-ақ белгілі еді. Үш елдің әрқайсысы әріптестерінің қызығушылығын назарға алуы тиіс болатын. Бұл орайда экономикалық тұрғыдан келгенде қиындықтар туындады. Біреулер шығындарын есептесе, енді бірі өз мәселелерін шешіп, мүмкіндіктерін молайтты. Бұл жүйеде қарапайым халық та бар. Олар үшін ең маңыздысы - тауар бағасының қолжетімді, сапалы болуы. Алайда, бүгінде кедендік одақ аясында нақты бір экономикалық сараптамадан бұрын, саяси тартыс басым.