У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Биосферада~ы заттар айналымы-Биосфера к~нелтіп ~мір даму ~шін заттар бір а~залар пайдалан~ан со~ бас~а а

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

13.Биосферадағы заттар айналымы. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі:1) Биосферадағы заттар айналымы:Биосфера күнелтіп, өмір даму үшін заттар бір ағзалар пайдаланған соң  басқа ағзалар сіңіре алатын түрге ауысып отыру керек.

       Айналымның екі түрі бар: үлкен (геологиялық) және кіші (биогендік немесе  биохимиялық).

        Үлкен айналым жүздеген млн. жылға созылып,  жек қыртысының қабаттарында жүреді.

        Кіші айналым  биосфера шегінде биогеоценоз деңгейінде жүреді. Мүндай айналымды биогеохимиялық цикл деп атайды. Ол: 1) газдық (азот, оттегі, көмірқышқыл газы, бу) және 2) шөгу (фосфор, кальций, темір) болып бөлінеді.

       Су айналымы өсімдіктер мен жануарлардың өлі материямен байланысындағы  маңызды көпір. Үлкен айналымда су литосфераны бұзып, теңіздерге алып кетеді.

Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мүхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.

Көмірқышқыл газы айналымы – фотосинтез. Азот  айналымы микроағзалар арқылы өңделіп, өсімдіктер сіңіретін түрге айналып отырады.

      Көміртегі  айналымы. Табиғатта  көміртегі көптеген түрде, орың ішінде органикалық қосылыстардың құрамында  болады. Бұл элементтің  биогендік  айналымының  негізін құрайтын органикалық зат – көмір қышқыл газы (СО). Табиғатта СО2 атмосфераның құамында  және  еріген күйде гидросферада болады.  Органикалық заттардың  құрамында  көміртегі  фотосинтез үрдісі нәтижесінде түзіледі. Фотосинтез барысындағы түзілген қанттар күрделі көмірсуларға (крахмал, гликоген), және де протеидтерге, липидтерге айналып жатады.

      Тыныс алу нәтижесінде  барлық  ағзалар күрделі органикалық  заттарды  тотықтырады;  бұл үрдістің соңғы  сатысында  СО2 сыртқы  ортаға  шығып, қайтадан  фотосинтез  үрдісіне  қатысады.

       Тірі ағзалар өлгеннен кейін олардың құрамында көміртегі бар органикалық қосылыстардан тұратын ұлпаларын редуценттер  биологиялық ыдыратуға  ұшыратады. Осындай ыдырау  нәтижесінде  түзілген  СО2 тағы  айналымға түседі. Бұл үрдісті  топырақтық  тыныс  алу  деп  атайды.

        Кейбір жағдайлардың  әсерінен көміртегі айналымы тоқтап, жер қойнауында  шым  тезек, көмір, мұнай түрінде  қалып қояды.

Азот  айналымы.  Органикалық қосылыстардың азотының басты  көзі – атмосфера құрамындағы  молекулалық  азот.  Тірі ағзаларға  пайдалы  түріне  айналудың  әртүрлі  жолдары  бар. Мысалы, найзағайдың әсерінен азот оксидтері  түзіліп, жаңбырмен шайылып, топыраққа жетеді.

        Азот сіңіруінің маңыздылау түрі болып келетіні – күрделі  протеидтер түзетін  азоттоқтатушы  микроағзалар  қызметі. Өлу нәтижесінде  бұлар топырақты азотпен байытып отырады. Сонымен азот айналымында ең үлкен қызмет атқарушылар – микроағзалар: азоттоқтатушылар, нитрификаторлар, денитрофикаторлар. Атмосфераға  азот  топырақ  құрамындағы шіріктерден бөлінген  газдармен  қайтады.

        Оттегі  айналымында тірі заттың белсенді  геохимиялық  қызметі  айқын  байқалады.  Ғаламшардың жасыл өсімдіктері  жылына  300∙109 т  оттегін өндіріп  отырады екен. Осының 25%  ғана  құрғақтың өсімдіктері  бөледі, қалғанын  фотосинтезге қатысатын Әлемдік мұхиттың ағзалары  бөліп  отырады.

       Оттегі  жану үрдісінде, тірі  ағзалардың  тыныс  алуына, микроағзалардың  тотығу реакцияларын жүргізуіне  пайдаланылады.

       Фосфор айналымы. Табиғатта фосфор көп мөлшерде тау жыныстарының құрамында болады. Олардың ыдырау  нәтижесінде фосфор жерүсті экожүйесінде  немесе жауын-шашынмен шайылып, гидросферада пайда болады. Екі жағдайда да бұл элемент қоректік тізбекке  түседі. Көптеген жағдайда редуценттер құрамында фосфоры бар органикалық  заттарды анорганикалық фосфаттарға айналдырады да , олар өсімдіктер арқылы қайтадан айналымға  қосылады.

       Күкірт айналымы.  Топыраққа күкірт кейбір тау жыныстарының (күкірт колчеданы FeS2, мыс колчеданы CuFeS2)  табиғи ыдырауы  және  органикалық  заттардың ыдырауы нәтижесінде  пайда  болады. Тамырлық жүйе арқылы күкірт өсімдіктерге сіңеді де, олардың құрамында  цистин, цистеин, метионин тәрізді  аминқышқылдары түзіледі. Жануарларға  күкірт қорек  арқылы келеді.

        Биогендік  катиондар айналымы.  Тірі ағзаладың метаболизм  үрдісіне әртүрлі  катиондар  қатысады. Көп мөлшердегілерін макроэлементтер дейді де, оларға натрий, калий, кальций магнийді жатқызады. Ал аз мөлшерде болғанымен, тіршілікке өте керек элементтерді (темір, мыс мырыш, марганец және т.б.) микроэлементтер  деп  атайды. Биогендік  катиондардың құрғақтағы басты көзі топырақ, оған олар тау жыныстарының ыдырауы арқылы келеді. Тамыр арқылы өсімдіктерге еніп, оларды шөпқоректі жануарлар жеп, одан  әрі қарай қорек тізбегіңің жоғарғы сатысына кетеді. Экскременттер (гуано) мен өлі ағзалардың минералдануы нәтижесінде биогенді элементтер топыраққа қайтып келіп, қайта айналымға түседі.

    2)Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі:Энергетикалық қызметі-Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.

Газдық қызметі-Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттеказоткөмірқышқыл газыкүкіртті сутекметан, т.б. газдар тасылмалданады.

Жинақтау қызметі-Тірі азғалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі азғалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутеккөміртеказототтекнатриймагнийкремнийкүкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.

Тотығу-тотықсыздану қызметі-Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутеккүкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәсбоксит, т.б.) түзуге де қатысады.

Биохимиялық қызметі-Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуыкөбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.[4]

14.Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі. Табиғи ресурстар және олардың жіктемесі: Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Табиғатты тиімді пайдалану – бұл әлеуметтік процестерден ажырамайтын

тарихи және диалектикалық процесс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи

ресурстарды үнемді пайдалану мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі.

Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері:Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты  мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.

Еліміздің табиғат байлықтарын  дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.

Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы — ол адамды қолданылуы анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарғажақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы  салыстырмалы   ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарғашексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы  мүмкін.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.

Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың  артуына  байланысты.

15. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі. Қалдықсыз технологияларды өңдеу. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі: 1) Табиғатты тиімді пайдалану – бұл әлеуметтік процестерден ажырамайтын

тарихи және диалектикалық процесс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи

ресурстарды үнемді пайдалану мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі.

Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері:Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты  мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.

Еліміздің табиғат байлықтарын  дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.

Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

2)Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен қалдықтардың уыттылық әдрежесін және олардың санын азайту, уытты шикзат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді. 

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикзат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикзат ресурыстары — өндіріс -тұтыну — қайталама шикзат ресурыстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.

Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикзат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.

Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу — шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрдепайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуінбұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.

Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.

Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс ұнемдеуші технолоғияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:

·  оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);

·  жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен
роботтаыдыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді қарқындандыру (интенсификация);

·  өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;

·  жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінүін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысусатысының  аралық  санын  қысқарту;

- үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын қысқарту;

· энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;

· энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процстерді қолдану;

· қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және  физика-химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;

·  өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.

Осы тұрғыда өндірістік процестердің жүйелі талдауы жаңа кезеңнің технологиясын құру жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңыңдағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді  бұзбайтын процестерді экологиялық деп атаймыз.

Өндірісті толықтай  қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс процессінде пайда болған барлық шығарынды  мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты  үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді  қолдану  идеясын алғаш рет  кеңес академик ғалымдары  Н.Н. Семенов , Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте  арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар мен қалдықтарды  пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау  болғандығы , табиғат ресурстарын  ұтымды пайдаланудың қажеттілігі  атап өтелген.

Қалдықсыз өндіріс кезінде  бастапқыда  барлық шикізат  соңғы қорытындыда  осы немесе өзге өнімге айналады.

Қалдықсыз технолгия  бұл өнім өндіру кезеңінде энергия мен шикізатты  кешенді және  орынды түрде пайдалану. Шикізат ресурстары -өндіріс -  тұтыну- қайталама шикізат  ресурстары схемасы бойынша жүргізіледі.

Қалдықсыз өндіріс  табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша  ұйымдастырылған іс жүзінде тұйықталған жүйе.

Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың барлық  компоненттерін  ұтымды  және кешенді пайдалану. Қалдықсыз өндірісті  құру  ұзақ мерзімге созылған  процесс.  Ол өзара байланысты  технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа күрделі  мінднеттерді шешуді талап етеді.

Қалдығы аз  ресурс үнемдеуші технологияны енгізудің талаптары:

Оның барлық компонентерін пайдалана отырып, шикізатты  кешенді түрде өңдеу.

Жоғары технолгиялық автоматандырылған  жүйеге  ғылыми  сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен робаттандыру; автоматтандыру  негізінде  өндірістік процесстерді  қарқындандыру.

Өндірістік өалдыөтарды барынша азайту кезеңінде материалдар  ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы.

Жеке операциялардың технологиялық процесстерге  бөлінуін азайту, шикізаттан  соңғы өнімге дейін  ауысу сатысының аралық санын қысқарту, үздіксіз  процестерді қолдану  мен технологиялық  кезеңдер уақытын  қысқарту.

Энергия мен табиғи ресурстарды  тұтыну үлесін и қысқарту, бастапқы ресурстарды  қайта өңделген  ресурстармен  арынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру.

Энергия ресурстарының барлық әлеуметін  барынша пайдалануды  қаттамассыз ететін  құрастырылған  электрротехнолгиялық процестерді қолдануы

Қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану  мүмкіндігін  қамтамассыз ететін  биологиялық процестерді  және физико -химиялық  базасының негізінде  экологиялық биотехнологияны  енгізуі.

Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану  саласын  қамтитын  интегралды технологияны құруы.

Қоршаған ортаға қалдығы аз  өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің  негізінде ШРК,  және оның негізінде ШРШ атмосфераға және ШРТ  суға есептеледі

Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдың негізгі принципі  шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген  шикізат ресурстары  көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда  бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты  одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде   рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану   Өскемен қорғасын мырыш  комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск  кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.

Қалдығы аз  өндіріс құрудың  келесі принципі – айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында  канализация , тазалау бір мезгілде және  таза компонентерді  алып пайдаға асырады . Өнеркәсіпте  сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң  алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрасмдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік  кешендер шеңберінде  бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда  пайдаланып  біршама экономикалыө тиімділікке қол жеткізуге болады

Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің  экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының  нәтижесінде өндіріске, халыққа  зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті  бұзбауы керек.

экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;

с) қауiптi және басқа қалдықтардың өндiрiсiн мүмкiндiгiнше жою мақсатымен өзiнiң ұлттық заңдарына, ережелерiне және саясатына сәйкес қолданыстағы жаңа, экологиялық жағынан негiзделген, аз қалдықты технологияны әзiрлеу қолдануда, қолдағы технологияны жетiлдiруде және осы қалдықтарды пайдаланудың экологиялық жағынан негiзделген неғұрлым тиiмдi және пәрмендi әдiстерiн жасауда, оның iшiнде осындай жаңа немесе жетілдiрiлген технологияны енгiзудiң экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарын зерттеуде ынтымақтасады;

4. Дамушы елдердiң сұранымын ескере отырып жұртшылық проблемаларына inter alia көмек көрсету, қауiптi және басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануды кеңейту және аз қалдықты жаңа технологияны енгiзу мақсатымен Тараптардың және халықаралық құзыреттi ұйымдардың арасындағы ынтымақтасты көтермелейдi.

3) Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі қарай дамуы тәелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз сипаттағы тенденциялар байқалды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел  соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса. [10]

Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.

Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты индикатыры болып табылады.

Соңғы кездері сырттан келетін көптеген азық-түлік тауарларына қатаң тыйым салынды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде «Қазақстан – 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген.  Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен бұрын дұрыс тамақтану сапалы азық-түліктерден тұратын отанымыздың азық-түлік өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие. Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде. Дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы, бұл өзіміздің мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның басты мәселесі (өзімізден шыққан табиғи) ешқандай синтетикалық азық-түлік тауарлар бұның бәрі шетел компаниялары мен еліміздің инвесторларында компанияларының табиғи азық-түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп шығару.

Азық-түліктердің экономикалық жоспарлы көлемі еліміздің ережеге сай болуы керек.

Нарықтық экономикады азық-түлік тауарлардың қауіпсіздігі олардың бағасы және тұрғындардың көңілдерінен шығуы.

Реформалау кезеңіне дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету тамақ өнімдерін дайындаушылардың көрсететін басты талаптары болғандығын айта кету керек. Бұл дәстүрдің дамуы мен нығаюы отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторына айналуы керек.

Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі мәселелері импортталатын тауарлардың сапасын бақылауды күшейту қажеттігімен байланысты ерекше өткірлене түсті. Бұл мәселенің маңызды бөлігі шетел компаниялары мен жекешелендірілген бірқатар кәсіпорындарда табиғи шикізаттарды ауыстырғыштарды және синтетикалық қоспаларды пайдалануымен байланысты көрініс тапты.

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің төмендеуі жоспарлы экономиканың салдарымен де, нарықтық экономиканы реформалау қателіктерімен де байланысты болып отыр.

Нарықтық эконмика жағдайында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қатарында төмен табысты халық категориялары үшін олардың бағаларының да қол жетімді болуы маңызды болып табылады. Ел тұрғындарының тұрмыс деңгейі тамақ рационына тікелей әсер етеді, өйткені олар азық-түлік тұтынудың ерекшеліктерін қалыптастырады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы тамақ сапасы мен нақты тұтынуына, отандық өндірістердің жеткіліктілігіне, халықтың жоғары табысына, импорттық тауарлар көлемінің аз болуына және жеткізудің сенімділігіне және т.б. тікелей байланысты.

Ауылшаруашылығының негізгі мақсаты – адам денсаулығына қауіпсіз тамақ өнімдерін қажетті көлемде, жеткілікті ассортиментте өндіру болып табылады. Қазақстан нарығында шетел өндірісінің тамақ өнімдерінің көптеген түрлері сатылады. Ол тамақ өнімдері өндірісте қолдануға және дамыған Еуропалық елдерде өткізілуге тыйым салынған компаненттерден тұрады. Азық-түліктің отандық нарығында шетелдіктер позициясының нығаюымен байланысты Қазақстан сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді өткізу аймағына айналды. Сапасыз өнім әртүрлі аллергиялық, анкологиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғуда.

Сапасы төмен өнімдерден аллергиялық әртүрлі химиялық заттарды табуға болады. Тек, Павлодар облысындағы тексерісте нандардың арасынан Қытайдың Э центнерден асатын жоғары дәрежелі улы ашытқы табылған, құрамындағы қосылатын дәрежесіне 10-50 ел артық қосып жіберген. Оңтүстік астанда 4,4 т азық-түлік қайтарылды. Піспеген тамақтардың әсерінен көптеген қала тұрғындары медициналық көмекке жүктелетін болатын. Санитарлық қызметкерлердің берген мағлұматына сүйенсек Оңтүстік астаның тұрғындары дүкендердің, бутиктарда сатылған пирожкилардың, манты, қуырылған ет т.б азық-түліктерден 2 мың адам уланған, санитарлық қызметкерлердің айтуынша 90 пайыз азық-түліктің гигиеналық тарлығы сақталамайды деген болжам айтты, мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді. /20/

Төлемисова өзінің: «26 пайыз балалардың азықтары халықтардың нормаға сай емес, әрбір екінші болған жағдай аллергиялық ауруға әкеледі, 42 пайызы қатерлі ісік т.б дұшар етеді. Қазақстан мемлекеті азық-түлікке деген бақылауы төмен мөлшерде сапасыз тауарлар келуде».

Ішкі нарықтың импорт тауарларымен тез толығуы азық-түлікке қол жетімділікті тездетті және сонымен қатар отандық агроөнеркәсіптік өндірістің тоқтап қалуының негізгі факторына айналды.

Азық-түлік ассортименті кең дамыған елдерден бізге арзан немесе  сапасы төмен тауарлар келіп түседі. Олар біздің нарққа еніп арзан бағада сатылады. Импорттық өнімдердің көптеп келіп түсуі, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына бақылаудың жоқтығы қатты байқалуда. Республиканың көптеген аймақтарының тұрғындары бақыланбаған тамақ өнімдері нарығына кезігуде. Сауда саттыққа сапасыз, арзан өнімдердің көптеп түсуі жаппай инфекциялық, аллергиялық аурулардың өршуіне әкеліп соғуда.

Бұл мәселеге Ресей халқының ғалымдары да қатты қобалжулы. Соңғы 10 жылда елде негізгі ауылшаруашылық өнім түрлерін өндіру қысқарып кетті. В. Плотниковтың дәлелдеуінше шет елдің ет және ет өнімдерін әкелу 3,5 есе артып кетті,  ал сүт өнімдері, күнбағыс майы, бидай өнімдері, қант т.б. көптеп әкелінуде. Әр жыл сайын импорт бойынша нарықта сапасы төмен азық-түліктер көбеюде.

Сонымен қатар, сапасыз өнімдерді пайдаланудан халық ауруларының деңгейінің көтеріліп бара жатқандығы туралы белгілер көптеп түсуде. Бұл, әсіресе Англия мен Еуропада және басқа мемлекеттерде «сиыр құтырмасы» атты ауруларының жаппай таралуымен байланысты түсінікті болды.

Сапасы төмен азық-түліктерден пайда болған бұл ауруларға байланысты Еурокомиссия шешіміне сәйкес Еуропа елдерінде 2 млн. басқа жуық ірі қара мал жойылды, оның 400 мыңы Германияда қырылып жатыр.

Соңғы уақытта «құс тұмауы» аурулары таралуда, бірақ оның адамның ішкі құрылысына зияны  беймәлім. Тамақ өнімдерін тұтыну тақырыбын зерттей отырып А. Гордеев елдің өнім импортына тәуелді екендігіне көңіл аударды. «Жан басына шаққандағы витаминдік өнімдерді пайдалануда жеміс, бақша дақылдары сияқты өнімдерді пайдалануда жағымсыз тенденциялар байқалады». А.Гордеевтің айтуынша «Дәрумендер көкөністер елінде өткен жылы75 кгқұрса, одан кейін98 кг(80 пайыз) 1985 жылы». [11]

Қазақстандық ғалымдар шетелдерден әкелінетін тауарлардың сапасының төмендігінің бірнеше себебін ажыратып көрсетеді. Біріншіден, бұл республиканың ауылшаруашылығының дағдарысымен байланысты. Екіншіден, сапасы бақыланбаған тамақ өнімдерінің жаппай импортталуымен байланысты. Үшіншіден, шенеуніктердің сапасыз өнімдердің импортталуына қолайлы жағдай жасауына байланысты. Төртіншіден, Қазақстанға өнім әкелетін импортер- елдердің өндіруші фирмаларының дотацияларының қысқару процесі үлкен әсер етіп отыр. Бұл өз кезегінде олардың сапасыз шикізатты пайдалануына, соның нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына қауіп төндіретін өнімдердің әкелінуіне әкеліп соғады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізін ең бірінші агроөнекәсіптік кешеннің тұрақты әрекет етуі қалыптастырады. Сондықтан да оның негізін қалаушы рөлін сонымен қатар оны тұрақтандыруда және әрі қарай дамытуда мемлекеттік қолдаудың қажеттігін ескеру керек. Азық-түлікпен қамтамасыз ету қоғам дамуының ең маңызды жағы, сондықтан оны жеке қолға толығымен бере салуға болмайды, ал мемлекеттік қолдау көпаспектілі сипатты иемденуі мүмкін. Сонымен қатар өндірісті инвестициялау сферасын да дамыту керек. Реформалау жылдары ауылшаруашылығына инвестиция құю мүлдем тоқтап қалды.

Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы нарықтарға интеграция-лануы жағдайында отандық өндірістердің бәсекеге қабілетіліктерін көтеру аса маңызды мәселе балып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды фактор ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлігінің мемлекеттің резервтік қорын қалыптастыру болып табылады. Қордың тізімі мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі және негізгі тауар өндірісі орындарында келісімге отыру негізінде қалыптасады. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігінің негізін белсенді мемлекетік саясат жүргізу негізінде ғана қалыптастыру мүмкін болады.

Қазақстанның ғалымдары әртүрлі себептермен азық-түлік сапасы төмен екеннін дәлелдейді. Біріншіден бұл республикадағы ауыл шаруашылығының кризисі, еліміздегі шығарылатын тауарлар күдіктілікпен төмен бағада сатылуда. Екіншіден мемлекетіміздегі азық-түлік  өнімдерін қатаң бақылауға алған. Үшіншіден шет елден келген тауарларға қатаң тәртіп қойылған.

ҚР экономикасындағы ішкі нарықты ерекше қажет жоғарғы сортты елімізге шығарылған тағамдармен тауарларды халыққа көптеп ұсынбақ. ҚР фонд тізімі бойынша келісім шартқа тауарлы өндірістермен жұмыс жасау. Біздің пікірімізше мына себептер қажет:

Біріншіден – егер мемлекет өзінің азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаса, ол басқа елдермен саяси экономикалық мәдени тұрғыдан әлсірейді. Бұл жұмыстардың бәрі тауарды шектеуге, елге алып келуге гуманитарлық қызмет көрсетуде бас тартуға итереді.

Екіншіден – бұл мемлекет сыртқы сауда мен жұмыс істеп, отандық кәсіп орындары шектесе, онда өз мемлекеттерінде жұмыссыздық басым болады. Егер мемлекет ауыл-шаруашылығына тауар алатын болса, ол өз елімізге пайдасын тигізеді. Сатып алушы өзінің тауарын сапасын арзан бәсекеге қабілетті болуын қамтиды. Айырбас кезінде адамдар көп ұтылуы мүмкін. Орта және ішкі ұйымдарды әмбебап сауалдарының болмауынан оларды бастау немесе қамтамасыз ету дұрыс болмағандықтан аграрлық секторлардың жұмысқа деген қабілеті нашарлайды.

Үшіншіден – ең басты себеп Қазақстанда – бұл ең үлкен табиғи пайдалы қазбалар (барлық түсінік Менделеев кестесінде) өмірдің шамалы сараптамасы өндірістермен тікелей байланыста. Көптеген практикалық дәлелдер өзін-өзі қамтамасыз ету тауарлардың ұлттық қауіпсіздігі Қазақстанда қаралған.

Төртіншіден – Қазақстан үлкен зор энергетикалық тартылыс күшіне ие. Аграрлық сектор мемлекеттік экономикасының ең басты бөлігі. Соңғы жылдары аграрлық комплекспен ауыл-шаруашылық динамикасын энергиясын көздерін нығайту.

Бесіншіден – табиғат жер шарында үлкен зор антропогендік күш. Қазақстан – көп елдердің бірі емес, физикалық жағынан экологиясы таза дүркін – дүркін мемлекеттің бірі. [12]

Шынайы ресурстық шектеулер жағыдайында адамзат энергия көздері мен шикізат материалдарының дәстүрлі де, дәстүрлі емес те түрлерін қолдануға, сондай-ақ табиғи ғана емес техногенді ресурстарды — өнеркәсіптік, құрлыс және ауылшаруашылық өндірістерінің қалдықтарын да қолдануға тырысады.

Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде сөз қозғамақпыз.

Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай болуы мүмкін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жоғарылауда. Мұндай қауіптілік физикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында – шикізатты өндіруден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.

Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.

Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады. [13]

НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.

Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нәтижелі енгізу үшін технологиялық процестерді жетілдіру, құрал-жабдықтарды техникалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.

Казіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекелділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технологиялық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.

Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 “Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару” стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген. Бұл стандарт Еуропа қауымдастық кеңесінің директиваларында берілген НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Бірақ санаулы ғана кәсіпорын өздеріне НАССР жүйесін енгізе бастады. Оларда негізінен НАССР жүйесін енгізуге міндетті болып саналатын елдермен ынтымақтастық орнатқан фирмалар ғана.

Бүгінгі күні тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әлемдік стандартқа сай қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің әлемдік рыногы өнім қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуді өте-мөте қажет етуде. Алайда санитарлық-гигиеналық нормалардағы ұлттық айырмашылықтар халықаралық сауда базасын құруға айтарлықтай кедергі жасап келді. Осындай жағдайда қажетті сәйкестікке қол жеткізу үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесінің жаппай мақұлданған моделін енгізу көзделген еді. Осы мақсат бойынша 2005 жылдың тамыз айында ИСО 22000:2005 “Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар” халықаралық стандарты бекітілді.

16. Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелері, олардың пайда болу себептері және зардаптары: Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғитабиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  1.  Ресурстар проблемасы;
  2.  Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  3.  Энергетикалық проблема;
  4.  Демографиялық проблема;
  5.  Климаттың өзгеруі;
  6.  Экологиялық проблемалар;
  7.  «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  8.  Қауіпті ауруларды жою;
  9.  Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  10.  Қылмыспен және терроризммен күрес;
  11.  Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы-Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.

Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

Парникті эффект (жылу эффекті)-Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Қышқыл жаңбырлар-Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.

Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.

Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі.

Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.

Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына - тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

Әлемдік мұхит проблемалары-Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.

Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.

Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.

Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.

17.Қоршаған ортаның ластануы, олардың түрлері және олардың қоршаған ортаға тигізер әсері: Қоршаған ортаның ластануы[1] – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи жәнеантропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. 
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. 
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін. 
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы мен жынысына байланысты болып келеді. 
Аталған улы заттарға балалар,қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі.
Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады. 
Дәрігерлер адамдардың әртурлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары —канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нөрестелерінің организміңде улы газ бірінші жылы олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолка, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін.
Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты -проблемаларына тоқталамыз. 

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді: 
Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
Химиялык ластану – көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
Эстетикалық зиян —_табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүліңуі, ормаң-тоғайлардың жойылуы, т.б.
-Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
1)ластаушы заттардың таралуы;
Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
1. Көміртегі оксиді (СО2) және монокосид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртектің екі -газы түзіледі. Еқеуі де ластағыш газдар. Оның: бірі көміртегі диоксиді ~- улы емес ал монооксид улы болып келеді, Ол адамның қаныдағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады. 
Сонғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ға өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезе-гінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқыл газдарының қызып жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. 
Қоршаған ортаның химиялық ластануыньң кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызьш отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жұқаруы", "Кышқыл жауындар", "Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.

Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластаңуына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ токталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера аркылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организміне түссді.

Атмосферадағы тіршілікке кажетті барлық процестер оның тропосфера кабатында жүреді. Оның жер бетінен калыңдығы 10-18 км. қашықтыкты (қалыңдықгы) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаган ортаға тигізетін әсеріне токталамыз.

Көміртегі оксиді (СОІ) жөне монооксид (СО). Жалпы отын жақкан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның Щк хөміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді Ол адамньң қандағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.

Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нөтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатыньң орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен катар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар кун сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеністігіне кететін ұзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір кышкылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029% болса, ал 90-жылдары -0,035%-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5 - 4,5°С-қа жетуі әбден ықгимал.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежузілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" қаупін туғызары сөзсіз.
Мүхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.
"Озонның жұкаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүкаруы байқалған. Мөселен, 1987 жылы Антарктида тұсында озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн кмаумақгы камтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50%-ке жеткен.
Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес күры-льш "озонньщ жүкару" себебін зерттеу басталды. Нөтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықгалды. Осы химиялық қосьшыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезещндегі озон молекуласын ыдыратып жойьш отырады. Нәти-жесінде озонның жүкару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, букіл тіршілік атаулыға кауіп төндіреді.
Бүкіл дуниежүзілік денсаулық сақтау (БДС) үйымьшың мөлі-меті бойынша атмосферадағы озонньщ 1%-ке азаюы кдуіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқгы УК сәу-ленің көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс кдбілетін азайтып, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатьшы дә-ледденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халыкдралық Конвенция кабылданды. Оньщ максаты — озон кдбатынан бүлдіргіш заттар шытаруды тежеу немесе тоқгату. Осы багатта Ресей мен ТМД елдершің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек ётуде. .
"Қышгқыл жауындар" — атмосфераға байланысты казіргі кезең-дегі үлкен проблема. Оньщ негізгі көздері күкіртт* ангидрид (SO2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NO2
2. Фотохимиялык түмша. Атмосфера кдбатында азот оксид-тері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялык, ре-акцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түгін. Оның Лондондық түмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жагдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түмша алғаш per 1930 жылдары Лос-Анджелес каласы үстінде есепке алынған. Одан соң бүл күбылыс Нью-
3.2. Қоршаган ортаның радиациялық ластануы
Радиациялық ластанудьщ басқа ластанудан коп айырмашы-лыгы бар. Қысқа толқынды элекгромагаиттік сәуле шыгару мен зарядталган боліктерді боліп шыгаратын түрақсыз химия-лык элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы болшектер мен шығарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бүзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. / ү
Радиациялык ластанудың негізгі квздері - альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам,жануар организмдерінде акуыз, фермент және баскд да заттардьщ өзгеруіне, яғни сәуле ауруыньщ дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы сырткы мүшелерінің зақымдануынан және ра-диациялык ластаушылардын ішкі органдарға түсуі нэтижесінде болады.;
Сэуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің молшеріне байланысты балалар, карт адамдар мен ауру адамдар сэуле ауруын кетере алмайды. Адамдарда 50 рентген мэлшеріндегі сэуледен сэуле ауруы байкалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сэуле ауруы дами бастайды.
Сэуле ауруы өзінен альпнган сәуленің мөлшеріне кдрай ауыр жэне созылмалы болып бэлінеді. Адамдар екі-үш рет сэуле ал-ганда ауыр сэуле аур>ъіна үшырайды, ал аз молшерден үзақ уақыт сэуле ауруына шалдыгады.
Сәуленің эсер ету мэлШеріне карай терт дәрежедегі сэуле зуруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген молше-рінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген молшерінде; 4-Ші дәрежесі эте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сэуле алган кезде болады.
Сэуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең — сәуленің ор ганизмге әсері Ьньщ мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүреК айну, күсу, іш эту, терінің бозаруы, кан кысымыньщ секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең — бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бүл қезенді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып коріну кезеңі деп атайды. Алган радиация мэлшері көп болса, бүл кезең.кыска: болады да екі күннен - үш жетіге дейін созылады. Әдсіздік, терлегіштік, тәбетінщ төмендеуі, ұйқы-сыньщ бүзылуы байкалады және канда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сэуле ауруыньщ асқыну кезеңі бастаЛады. Аурудьщ температурасы кэтеріліп, ішіне кан күйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары тү-седі, қан үюы бү^ьілады да жүклалы аурулар дами бастайды (өк-пенщ кабынуы, дизентерия, іш өту, канның бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең — сэуле ауруыньщ жеңіл түрі, бүл осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезенде өліп кетеді. Орташа жэне ауырлау түрінде адамньщ жазылуы бірнеше айға созылып кан азаяды, кан қысымы көтеріледі жэне организмнің әлсіздігі байқалады.
Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына туесе, онда адамга 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суьш ішкізеді. Адсорбент радиактивті затгарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп қүстырып, аска-занын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдай-тын дәрімен ішек-карнын тазалатады. Адам баласы сэулемен катар эр түрлі жаракат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға эр тұрлі микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көр-сетіледі. Құсқысы келіп, басы аурьш, басы айналғанда этапир зин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле алғаньш біле са-лып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен катар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береди Егер ішіне кан хүйылған жагдайда тез қймыл жасатпай 5% хлорлы кальций ертіңдісін 4 сагат сайын бір ас касықган беру керек. Сәуле аурумен ауырған адамдарға сорт, әр түрлі жеміс шырыньш немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздан жиі тамакхандыру керек.
Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиацияльгқ ластануы өте үлкен кауіп тудырып отыр. Казіргі кезде радио-активті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымал-дауда болатын немкүрайдылықгың нәтижесінде өте күшті радиа-циялық ластану болады. Мысалы, атом каруын сынақган өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырма-сыншы ғасырдың екшші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықгарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын меке-мелерде авария болтан кезенде жатдай өзгеше болады. Радиация-лык ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мындатан километрге дейін таралады. Казіргі кезде әске-ри өнеркәсіптің радиоакитивгік каддьгқгарын сақтау мен жою мәселесі түр. Ол калдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса кауіпті бола түсуде.
Радиоактивтік ластану өткец ғасырдың 40-шы жыддары уран-ның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болтан. Атом энергиясын американдықтар сотые мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оньі бейбіт мақсаткд пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сакман дыру шаралары коса шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қоңдыртылары жүмыс істеу кезінде, адам өміріне кдуіпті радиоактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздаңцыру оңай шаруа емес. Радиоактивтік калдық-тарды теңізге, мүхиткд, өзенге тастауга рүқсат етілмейді. Әрине, бүл жагдай кейбір капиталистік еддерде сақгалмайды. Мәселен, Ирландия жаталауы казір ядролық үйіндіге айналтан. Жыл сайын мүхит түбіне радиоактивтік калдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыган елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорыңдарда белгіленген са-нитарлық нормата дейін радиоактивті заттардьщ концентрация-сын азайтатын тазарту қондыргылары салынтан. Каддықтар бал-лондарта салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаган адамдарды ой-ландыруда. Атом электростанциядаты аппараттарга немкүрайды кдрауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатка үшырауы — объективтік шындық. Солардьщ бірі - Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтьщ денсаулытына кдтты эсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаган апат. Чернобыль апаты кезінде атмосферага 50 МК радиоактивті заттар шытарылган және ауданы 3000 км болатын жерге таралган.
Біздің республикамызда Семей ядролық сынақ аймағы жа-йында тоқгальш кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты жэне жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардьщ куаты Чернобыль апаты кезіндегі жа-рылгыш заттардьщ куатынан бірнеше мьщ есе асып кеткен. Осы жарылыстьщ 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал калганы жер астында жүргізілген. Олардың радиоактивті калдықтары жарты миллион адамга зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Казақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақгар өткізілетін әскери полигондар болтанын жасыруға болмайды. Олар негізінен Батыс Казакртандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондары.
Күнделікті түрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген агшаратгарынан да сэуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сэуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сэуле алады.
Атмосфераның озон кдбатының жүкаруы күн радиациясы сэу-лесінің жер бетше эту каупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

18.Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелер олардың пайда болу себептері және зардаптары-ответ =16 билет

19.Ауыл шаруашылығы мен өндірістің қарқындылығына байланысты экологиялық мәселелер. Пестицидтер және олардың түрлері  және оларды қолданудағы зардаптар:1) Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде  Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіру үстінде екені мәлім. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

Аталмыш көрсеткіштер Республиканың қайсыбір өңірінің экологиялық жағдайы нашар екендігін көрсетеді. Жоғарыдағы жағдайларды Қазақстанның басқа да аймақтарынан көруге болады. Ғалымдар бұл мәселенің адамзатқа қауіпті екенін және одан шығатын мүмкіндіктерді іздестіру қажет екендігі туралы мәселені көтеріп келеді. Яғни, ауыл шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлуді, мемлекеттің аграрлық саясатына қолдау көрсетуді, ғылыми-теориялық тұжырымдар мен жоспарлар жасауды тездетуді талап етеді. Бұл проблема көптеген өркениетті елдерде дұрыс шешімін тапқан. Ауыл шаруашылығында химияны қолдануды шектеу немесе химиялық препараттарды табиғи ортада тез ыдырайтын түрлерін шығару дамып келеді. Шет елдерде ауыл шаруашылығында химияны қолдану экологиясына өте қатты көңіл бөлінеді. Мәселен, экологиялық таза өнім алудың жолдарын дамыту, яғни, биологиялық күрес әдісін өмірге ендіру және т.б. Әсіресе, қазіргі заманғы жетілдірілген агротехниканы қолдану міндеті тұр.

Өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының дамуы табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды талап етеді. Өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаның ластануын, адамның денсаулығының бұзылуын, су мен ауа сапасының нашарлауын туғызады.

Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде адамзат баласына пайдасы да, табиғатқа зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің өзендер мен көлдерге барып түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды яғни қалдықсыз, немесе сауатты пайдалану болып отыр.

Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс».

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамсыздандыру. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар.

Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.

2) Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:

  1.  акарецидтер - кенелермен күресу үшін;
  2.  альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін

құрту үшін;

  1.  антисептиктер - бейметалл материалдарды

микроорганизмдерден қорғау үшін;

  1.  бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен

және бактериялармен күресу үшін;

  1.  зооцидтер - кемірушілермен күрес үшін;
  2.  инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресу үшін;
  3.  лимацидтер - әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
  4.  нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресу үшін;
  5.  фунгицидтер - топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу

үшін.
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - 
дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады.

Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.

Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек.
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады.
Нормалау - Бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады.
Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер болдырмау үшін медик-гигиенистер жағымсыз факторлардың организм тіршілігі үшін шекті мөлшерлі деңгейін белгілейді. Қоршаған ортаның нормалайтын факторына байланысты: 
Шекті мөлшерлі деңгей (ШМД) - организмге әсері (жеке фактор өзі немесе басқа факторлармен бірге), организмге немесе онын ұрпағында биологиялық өзгерістерге, әртүрлі аурулар мен психологиялық өзгерістерге (интеллектуалдық және эмоционалдық қабілетінің төмендеуі, ақыл-ой жұмысының қабілеті) алып келмейтін жағымсыз фактордың жоғарғы мәні. Жағымсыз факторлар химиялық топтарға жататын болса, Мұндай жағдайда шекті мөлшерлі деңгей - шекті мөлшерлі концентрация (ШМК) деп аталады.

20. Ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресудің биологиялық әдіс-тәсілдері: Зиянкестерге қарсы биологиялық күресу әдістері-нің артықшылығы олардың тек белгілі бір, агро-ценоз үшін зиянды түрлерге таңдамалы әсер етуі болыи табылады. Нәтижеде улы химикаттарды аай-даланудың қажеттілігі болмайды, қоршаган ортаның ластануына жол берілмейді және иайдалы фауна — тозаңдандырушылар, жыртқыштар мен паразиттер сақталады. Биологиялық әдісті қолданғанда жаңажыртқыштар    мен    зиянкестердің    иаразитерінің    сырттан альш   келуі   мен    акклиматизациясы   іске   асырылады. Бұл   жергілікті   түрлердің   көбеюіне   зиянкес   бунаңде-нелілердің   ең   тиімді   жауларьш   қолдан   өсіруге   жаг-дай    жасайды,    Мысалы,    үсақ    жаргаққанаттылар    — трихограммаларды   әдейі   қолдан   өсіреді,   олардың   дер-нәсілдері     басқа     бунақценелілердің     жүмыртқасында наразитті   тіршілік   етеді.   Трихограмма   мәдени   даңыл-дардың    қауіиті    зиянкесі    ңыстық    ңоңыр    көбелекке ңарсы   қолданылады.

Аз   мөлшердегі   жапыраң   кеміруші   бунақденелілер мәдени    өсмдіктер    үшін    пайдалы.    Олардың    ңызметі нәтижесінде  жапырақтардың  көлеңкесін  кемітіи,  фото-синтез     үшін     жарың     режимін     жақсартады.     Егер заңымдану   көи   болмаса,   өсімдіктер   желінген   жамы-раңты,    жалиы    өнімділікті    төмендетией-аң    ңалпына келтіреді.   Мәдени    өсімдіктермен    қоректенетін    бунаң-денелілердің  түрлері,  олардың  саны  белгілі  бір  шама-дан   артыа   кетсе   және   өнімді   төмендетсе   гана   зиян-кестер  ңатарына  жатқызылады.

Мәдени өсімдіктер арамшөптер мен ластануга түраңтылығына байланыоты ерекіпеленеді. Бір түр үшін зиянды арамшөатердің саны, басңасы үшін ешқандай әсер етиеуі мумкін. Арамшөитерге ең төзімді даңыл — бидай болын табылады.




1. Визит ~ Тур г
2. установка; 2 ~ набір тягарців; 3 ~ масштабна лінійка; 4 ~ індикатор
3. .Оценка тормозной динамичности транспортных средств Серьезной проблемой является обеспечение безопасн
4. персони- члени міської ради учнівського самоврядування а також шкільні активісти- волонтери-добровольці
5. тема способов воздействия субъекта управления на объект для достижения определенного результата
6. Про охорону праці[1] державний нагляд за дотриманням законодавчих та інших актів про охорону праці здійснюю.html
7. ВАРИАНТ 1 1число стран Зарубежной Европы
8. Кодер - декодер речевого сигнала
9. тема внутренних ресурсов необходимых для построения эффективной коммуникации в определённом круге ситуаци
10. БАШКИРСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО МЕДИЦИНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВ
11. ТЕМА-ПОСТРОЕНИЕ ДВУМЕРНЫХ ГРАФИКОВ
12.  та націогенезу. Серед сучасних вчених є чимало прихильників традиційної в радянській науці схеми поділу
13. Стаття 3 Конституції України проголошує що людина її життя та здоров~я честь і гідність недоторканність і б
14. Языкознание как наука
15. Курсовая работа- Ирано-Иракская война 19801988 годов
16. Алиментарная дистрофия
17. тема государственного распределения ~ ушла в прошлое
18. Московский политехнический колледж имени Моссовета ГБОУ СПО МПК им
19. Основы менеджмента Учебное пособие
20. . Complete the sentences with the correct form of used to nd the verbs in brckets.