Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
13
Сотта қылмыстық істерді қарау нәтижесі бойынша қабылданған сот актілеріне қадағалауды жүзеге асыру Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзу, азаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртiбiмен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкiмiмен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.Прокурор қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатыса отырыпбір жағынан қылмыстық қудалау функциясын атқарса,екінші жағынан соттың іс бойынша шындықты анықтап,қылмытсық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын дұрыс қоолданып,заңды да әділ үкім шығаруына ықпал ету.Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.Сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін арттыру мақсатында,Бас прокуратураның Департаменті,облыс прокурорлары тоқсан сайын қадағалаудың жай күйін төмендегі бағыттар б\ша талдап отырады:сот төрелігін жүргізуде ж\е мемлекеттік айыптауды қолдау б\ша атқарылған жқмыстар туралы;сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы;қылмыстың қйымдасқан түрлері б\ша;есірткінің заңсыз айналымына байл қылмыстар;тб. Прокурор өзiнiң iстiң сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың (судьяның) заңды күшiне енбеген заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы. Прокурор соттың заңды күшiне енген шешiмдерi, үкiмдерi және өзге қаулылары бойынша iстердi өз құзыретiнiң шегiнде соттан талап етiп алдыруға хақылы. Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкiмi мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртiбiмен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды. Прокурордың соттың заңды күшiне енген шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiгi заңмен айқындалады. Республиканың Бас Прокуроры Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысының Конституцияға және заңдарға сәйкес келмеу негiздерi бойынша Республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысына наразылық енгiзедi.
Қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламалардың қабылдауына, есепке алуына, тіркеудің және тексеру жүргізу әрекеттерінің заңдылығына қадағалау жүргізу Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерiсалдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттiшаралар қолдануға мiндеттi.Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердiорындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.