Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ААА
Ақшаның мәні, атқаратын қызметтері. Ақша - бұл жалпылама эквивалент ролін орындайтын ерекше түрдегі тауар. Ақшаның қызметтері.
Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес түрлі қызметін анықтайды: құн өлшемі, айналым құралы, төлеу құралы, жинақтау құралы (қазына), дүниежүзілік ақшалар.
Ақша - өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға- тауар құнының ақшалай көрінісі. Ақша келесі қызметтер атқарады:
1.құн өлшемі- елдің ақша бірлігіне шағылатын алтын өлшемінің саны;
2.айырбас құралы- тауар айырбасы кезінде делдал ретінде туындауы;3.жинақ құралы- нарық субъектісінде қаржылық актив түрінде сақталынуы;4.төлем құралы- қарыз қайтару кезінде ақша төлем құралы туындайды. Ақшаның мәнін оның атқаратын қызметтері айқындайды.
Ақша- несие саясаты. Ақша-несие саясаты ҚР ұлттық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақша айналымының тиімділігіне жанама әсер ету әдісін пайдалануды көздейді Ақша-несие саясатын қолданып, мемлекет инфляция және жұмыссыздық деңгейі төмен болатын экономиканы жасауға ынталанады. Бұл мәселені шешу үшін мемелекет ақша ұсынылуын бақылап отыруы керек.Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеу құралдары пайдаланылады: 1.Ашық нарықтағы операциялар 2.Міндетті резервтер нормасын өзгерту 3.Есеп мөлшерлемесін өзгерту Арзан ақша саясаты (жұмыссыздық, экономиканың құлдырауы кезінде жүзеге асырылады).
1) ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу,
2) міндетті резервтер нормасын жоғарылату,
3) пайыздық есеп мөлшерлемесін төмендету.
Салдары:Ақша ұсынысы өседі, Инвестициялар өседі, Іскерлік белсенділік көтеріледі, Жұмыссыздық қысқарады
Қымбат ақша саясаты (инфляция жоғары болғанда жүзеге асырылады).1) мемлекеттік құнды қағаздарды сату, 2) міндетті резервтер нормасын төмендету, 3) пайыздық есеп мөлшерлемесін жоғарылату.
Салдары: ақша ұсынысы қысқарады, пайыздық мөлшерлеме өседі, инвестициялар қысқарады, іскерлік белсенділік төмендейді, инфляция қысқарады.
Айналмалы капитал және оның айналымы.Айналмалы капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Айналмалы капитал- өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.