- Фармацевтикалық практикада колларгол препаратын қорғаныш коллоидтар қатысында алады. Ол лизальбин және протальбин қышқылдарының тұздарымен қорғалған күмістің коллоидты ерітіндісі ретінде қатысады. Стабилизатор ролін калий аргентаты AgOK атқаратын болса, күміс золінің мицелласының формуласын құрастырыңыз. Мицелланың құрылысын сипаттаңыз. Осы дәрілік препараттың тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді?
- Бүйректе аммиакты буферлік ерітінді функция атқарады. Оның құрамын көрсетіңіз және3,6 мл 0,2н аммоний хлоридінің ерітіндісі және 2,3 мл 0,1н аммоний гидроксидінің ерітіндісі бар буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Kb=1,74∙10-5). Сілтінің аз мөлшерін қосқанда аммиакты буферлік ерітіндінің рН мәнінің өзгермейтінін қандай реакция дәлелдей алады?
- Альбуминді бромкрезол жасылымен реакциясы бойынша анықтау кезінде ортаның қышқылдығын тудыру үшін ацетатты буферлік ерітіндіні қолданады. Күшті қышқылдың немесе күшті негіздің аз мөлшерін қосқанда ортаның рН-ң өзгермейтінін түсіндіріңіз (реакциялар теңдеуінің көмегімен). 50 мл 0,050н сірке қышқылының ерітіндісі мен 30 мл 0,1н натрий ацетатының ерітіндісін араластыру арқылы дайындалынған ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Ka=1,74∙10-5).
- Лиофобты коллоидты бөлшекке мысал болып табылатын сілекей мицелласының агрегатының ролін нашар еритін кальций фосфатының майда кристалдары атқарады. Стабилизатор ретінде натрий фосфаты деп ескеріп, мицелла құрылысын схема түрінде келтіріңіз. Коллоидты бөлшектің тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? Коагуляция деген не? Бірдей концентрациядағы натрий хлориді және кальций хлориді ерітінділерінің аталған зольге коагуляциялаушы әсерін салыстырыңыз.
- Массалық үлесі 0,01% ÷ 5% болатын калий перманганатының медицинада антисептикалық құрал ретінде қолданылады. 2,5 кг 5%-дық KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет болатын еріген заттың массасын және судың массасын анықтаңыз. Биогенді элементтер деген не? Макро- және микроэлементтер, «өмір металдары». Тірі ағзадағы комплексті қосылыстарда қандай биогенді элементтер комплекс түзуші болып табылады?
- Ацидоз кезінде шұғыл көмек ретінде натрий гидрокарбонатының ерітіндісін тамырға енгізу арқылы пайдаланады. Асқынған жағдайда 8,4%-дық ерітіндісін 100 мл-ге дейін құяды (ρ=0,90 г/мл). 250 мл осындай ерітіндінің құрамында қанша натрий гидрокарбонаты мен су бар? Натрий гидрокарбонатының әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз. Ацидоз және алкалоз деген не?
- Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін «дәрілік форманың жеделдетілген қартаюы» әдісімен анықтау Вант-Гофф ережесіне негізделген. Препарат жоғары температурада қандай-да бір уақыт ішінде кинетикалық константаларға сынаудан өтеді. Пенициллиннің ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз, егер 36оС және 41оС температурадағы пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық контанталары сәйкесінше 6∙10-6 с-1 және 1,2∙10-5 с-1тең болса. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар және қалайша әсер етеді?
- Құрамында марганец (II) сульфаты бар препараттар, гемотоздың стимуляторы ретінде пайдаланылады, эритроциттердің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Құрамында 1,51 г MnSO4 бар, эквивалентті молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болатын ерітіндінің көлемін есептеңіз. Эквивалентті молярлы концентрация (анықтамасы, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шаманың өлшем бірліктері).
- Динитрофенилгидразинді әдіспен трансферазаның активтілігін зерттеу кезінде фосфатты буфер қолданылады. Оны дайындау үшін концентрациясы 0,1 моль/л 840 мл натрий гидрофосфатының ерітіндісі мен осындай концентрациядағы 160 мл калий дигидрофосфатының ерітіндісін араластырады. Буферлік ерітіндінің рН-н табыңыз (Ka=6,16∙10-8). Протолиттік буферлік жүйе деген не? Осындай жүйелер адам ағзасында қандай роль атқарады?
- Угар газы СО гемоглобинмен берік комплексті қосылыс түзеді де, тірі ағза үшін улылығының себебі болып табылады. Угар газымен уланудың алдын алу үшін, оны толығынан көмір қышқыл газына дейін тотығуын жүргізеді. 2СО(г) + О2(г) ↔ 2CO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) угар газының концентрациясын 3 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 5 есе азайтса? Кинетикалық қисық деген не? СО және СО2 үшін графикалық тәуелділікте кинетикалық қисықты бейнелеңіз.
- Калий хлориді құсудан, іш өтуден, зәр айдайтын құралдарды ұзақ қолданудан пайда болатын гипокалиемия кезінде қолданылады. 0,4 л ерітінді құрамында 0,3 М калий хлоридінің массасын есептеңіз. Калий макроэлементтер қатарына жатады. Оның биологиялық ролін сипаттаңыз. Биогенді деп қандай элементтерді атайды? Басқа макроэлементтерге мысал келтіріңіздер.
- Гидрокарбонатты буферлік жүйе қан плазмасының негізгі буферлік жүйесі болып табылады. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері).
- Лор-практикада ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына жағу үшін қолданылатын Люголь ерітіндісінің құрамында: 17 мл су, 1 г йод пен 2 г калий иодиді бар. Люголь ерітіндісіндегі йод пен калий иодидінің массалық үлесін есептеңіз. Ерітінді, еріткіш, еріген зат деген не? Иодтың биологиялық ролін сипаттаңыз.
- Осмостық баланстың бұзылуының алдын алу үшін тамыр ішіне инъекция ретінде тек қана изотонды ерітінділер қолданылады. 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Осы ерітінді қан плазмасына изотонды болады ма? 37оС температурада қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды.Осмостық қысым деген не? Медициналық практикада пайдаланылатын осмостық құбылыстарға мысал келтіріңіздер.
- Қанның рН қалыпты 7,38 мәнінен бірліктің бірнеше жүздеген үлесіне ауытқуы жалпы селқостықтықты және әртүрлі физиологиялық процестердің өтуінде біраз ығысуын тудырады. Қанның рН-ң 0,2-0,3 бірлікке төмендеуі немесе артуы коматоз жағдайына әкеледі, ал 0,3-0,4 бірлікке ығысса өлімге әкеледі. Қан плазмасының рН-н есептеңіз, егер сутек иондарыныңконцентрациясы 4,5·10-8моль/л тең болса. Алынған мәнді қан плазмасы үшін физиологиялық норма шамасымен салыстырыңыз. Протолиттік гомеостаздың (норма, ацидоз, алкалоз) күйін сипаттаңыз.
- Клиникалық биохимияда ақуыз анализін диагноз қою мақсатында электрофорездің көмегімен жүргізеді.Оны қандай әдістермен анықтайды? Ерітіндіде изоэлектрлік нүктелері 4,7 және 8,8 болатын екі ақуыз бар. рН=7,9 тең буферлік ерітіндідегі электрофорез кезінде осы ақуыздардың молекулалары қайсы электродқа қарай бағытталады? Осындай ортада, басқа тепе-теңдік шарттар сақталған жағдайда көрсетілген ақуыздардың қайсысы сәйкес электродқа жоғары жылдамдықпен ығысады және неліктен? ЖМҚ ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесі деген не? Оны қандай әдістермен анықтайды?
- 310 К температурада 0,01 М калий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз, егер изотондық коэффициенті 1,96 тең болса. Осы ерітінді қан плазмасына қандай (гипо-, гипер-, изотонды) болады ма? Қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Эритроциттерді осындай ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? Осмос, гемолиз, плазмолиз деген не?
- Фосфатты буферлік жүйе жасуша ішіндегі қышқылдық-сілтілік балансты бір деңгейде ұстап тұруда маңызды роль атқарады, ондағы фосфаттардың мөлшері 50-70 ммоль/л. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). Қышқылдық буферлік ерітіндінің құрамына қандай компоненттер кіреді? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз.
- Изоэлектрлік нүктелері 5 және 8 болатын А және Б екі ферментті электрофорез арқылы рН-ң қандай мәнінде бөлуге болады? Осы ферменттердің 4, 8 және 9 тең болатын рН мәндерінде бөлшектердің заряд таңбасы қандай болады? Изоэлектрлік нүктемен салыстырғанда қышқылдық және сілтілік ортада ақуыз молекулаларының қалай зарядталатынын түсіндіріңіз. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Медицинада және биологияда қолданылатын дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіздер.
- Физиологиялық құралдардың осмостық қысымының тұрақтылығы (изоосмия) гомеостазға қойылатын фундаментальды физикалық-химиялық талаптарының біріне жатады. 17оС температурада құрамында 62 г гемоглобин 500 мл ерітіндінің осмостық қысымы тең болады:3,5 кПа. Гемоглобиннің молярлық массасын есептеңіз. Жартылай өткізгіш мембрана, диффузия, осмос, осмостық қысым деген түсініктерге анықтама беріңіз.
- Медициналық практикада танып қалған адамның есін жиғызу үшін 10%-дық аммиак ерітіндісін (аммоний гидроксиді) қолданады. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің иондану константасын Kb есептеңіз.аммоний гидроксиді қандай буферлік ерітіндінің құрамына кіреді? Оның құрамын келтіріңіз және адам ағзасының қандай жерінде кездесетінін көрсетіңіз.
- АТФ және АДФ көп мөлшерде энергияны бөле отырып, фосфатты топтардың бөлінуіне себепші болатын макроэргиялық қосылыстар. 37оС температурада АТФ гидролиз реакциясы үшін энтальпия және Гиббс энергиясының шамалары сәйкесінше ∆Н0р-ция = -20 кДж, ∆G0р-ция = -30,5 кДж. Берілген жағдайда энтропияның стандартты өзгерісін есептеңіз. Экзер- және эндергоникалық процестер. Энергетикалық қосарлану принципі. Изобаралық-изотермиялық потенциал биохимиялық реакциялардың өздігінен жүру критерийлері. Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.
|