Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирингуниверситеті
Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
«Бекітемін»
ОІ жөніндегі проректоры
______ Имандосова М.Б.
« ___ » ____ 20__ ж.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ пәні бойынша
мемлекеттік емтиханның тест тапсырмалары
№___4__
1. Қай кезеңде адамдар жануарларды қолға үйрете бастады:
А) Палеолит;
В) Мезолит;
С) Неолит;
D) Қола;
Е) Ерте темір дәуірі.
2. Қай кезеңде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты:
А) Палеолит;
В) Неолит;
С) Мезолит;
D) Қола дәуірі;
Е) Ерте темір дәуірі.
3. Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының қай кезеңінде аналық ру қалыптасты?
А) Темір дәуірі;
В) Қола дәуірі;
С) Неолит;
D) Төменгі палеолит;
Е) Жоғарғы палеолит.
4. Қазақстанда игеруші шаруашылықтан өндіруші мал шаруашылығына көшу қай кезеңде басталды?
А) Палеолит;
В) Мезолит;
С) Неолит;
D) Қола дәуірі;
Е) Темір дәуірі.
5 Социогенез бұл:
A) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;
B) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;
C) Өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы;
D) Өнер түрі;
E) Халық ауыз шығармасындағы бағыт.
6. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
А) 1457 ж.;
В) 1465 ж.;
С) 1468 ж.;
D) 1511 ж.;
E) 1420 ж.
7. Батыс Қазақстан жерлері қай жүздің құрамына кірді:
A) Ұлы жүз;
B) Орта жүз;
C) Кіші жүз;
D) Ешбір жүзге;
E) Барлық жүздерге.
8 Қандай ханның тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды:
A) Тахир хан;
B) Қасым хан;
C) Шығай хан;
D) Бұрындық хан;
E) Есім хан.
9 Қазақ хандығы XVI ғ. Басында қай ханның тұсында күшейді:
A) Бұрындық хан;
B) Қасым хан;
C) Керей хан;
D) Жәнібек хан;
E) Тогум хан.
10 «Жетіжарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылды:
A) Абылай;
B) Әбілхайыр;
C) Қасым;
D) Тәуке;
E) Есім.
11 ХХ ғ. басында «Қазақ» газеті қандай саяси-идеялық бағытты ұстанды?
А) Либерал-демократиялық;
В) Аграрлық-демократиялық;
C) Социал-демократиялық;
D) Ұлттық;
E) Социалистік.
12 ХХ ғ. басында «Айқап» журналы қандай саяси-идеялық бағытты ұстанды?
A) Мұсылмандық;
B) Ұлттық;
C) Аграрлы-демократиялық;
D) Либерал-демократиялық;
E) Пантүркілік;
13 1905 ж. Успен кен орында құрылған алғашқы жұмысшы ұйымын көрсетіңіз:
A) большевиктік ұйым;
B) коммунистік партия;
C) «бірлік»;
D) капиталға қарсы күрестегі орыс-қырғыз одағы;
E) социал-демократиялық ұйым.
14 Егер де 1853 жылдан 1905 жылға дейін қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса,1906-1907 жылдары бұл цифр қаншаға жеткен?
A) 14 млн.десят;
B) 15 млн.десят;
C) 16 млн.десят;
D) 17 млн.десят;
E) 40 млн.десят.
15 Қазақтарда демократиялық қозғалыстың жаңа кезеңі қай уақытта басталды?
A) 1910 жылы;
B) 1911 жылы;
C) 1912 жылы;
D) 1914 жылы;
E) 1915 жылы.
16 «Кіші Қазан» бағытына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері:
А) С.Сәдуақасов пен Ж.Мыңбаев;
В) Ы.Құрамысов;
С) Т.Рысқұлов;
D) М.Нұрмақов пен Д.Омаров;
Е) М.Курнаков.
17 Оппозицияның «Кіші Қазан» бағытына қарсы ұстанған идеясы:
А) Кіші және орта мекемелер құрылысы;
В) Өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату;
С) Ауылшаруашылық өндірісінің нәтижелерін пайдалану;
D) Далаға зауыттар мен фабрикалар салу қажет болды;
Е) «Түйеденсоциализмге» өтумүмкінемес.
18 1930 ж. сәуірінде ОГПУ шешімі бойынша ату жазасы 10 жыл түрмеге отырумен алмастырылып, 1935 жылы Соловец лагерінде қайтыс болған қоғам қайраткерін атаңыз:
А) М.Дулатов;
В) Ж.Аймауытов;
С) А.Байтұрсынов;
D) А.Бөкейханов;
Е) И.Жансүгіров.
19 «Кіші Қазан» идеясының авторы кім?
А) И.Сталин;
В) С.Садуақасов;
С) Ф.Голощекин;
Д) Н.Бухарин;
Е) О.Жандосов.
20 Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдиноа Ұлы Отан соғысына кім ретінде қатысты?
А) Танкист;
В) Ұшқыш;
C) Артиллерист;
D) Тыңшы;
E) Партизан.
21 Неолит төңкерісі бұл:
A) Тастан жасалған еңбек құралдарынан темірден жасалғандарға көшу;
B) Өндірмейтін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу;
C) Садақ пен жебені ойлап табу;
D) Тасты өңдеу жаңа технологиясының сығылмалы ретуштің пайда болуы;
E) Қоланы ойлап табу.
22 Адамдардың қазіргі типінің пайда болуы ежелгі адамдардың өмірінің қандай кезеңімен байланысты:
A) Төменгі палеолит;
B) Мезолит;
C) Орта палеолит;
D) Жоғары палеолит;
E) Неолит.
23 Антропогенез бұл:
A) Материалдық мәдениеттің прогресіне әкелетін өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы;
B) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;
C) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;
D) Алғашқы қауымдық мәдениеттің түрі;
E) Өнердің түрі.
24 Қола дәуіріне қай орнамент жатады;
A) өсімдікті;
B) геометриялық;
C) зооморфтік;
D) рунилік;
E) орнаментке ешқайсысы жатпайды.
25 Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінуіне негіз болған...
А) Тайпалардың мал шаруашылығына және егін шаруашылығына бөлінуі;
В) Көшпелі шаруашылықтың пайда болуы;
С) Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі;
D) Еңбектің ер адамдық және әйел адамдық деп бөлінуі;
Е) Еңбектің физикалық және интеллектуалдық деп бөлінуі.
26 Қазақтың қай ханы тұсында XVII ғ. алғашқы төртінші бөлігінде Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аудандар, орта Сырдария ағысындағы қалалар үшін күрес аяқталып, Ташкент 200 жылға Қазақ хандығының құрамына кіреді?
A) Хақназар хан;
B) Есім хан (Шығай хан баласы);
C) Шығай хан (Жәнібек ұрпағы);
D) Тәуекел хан (Шығай хан баласы);
E) Тәуке хан.
27 Тәуке хан (1680-1718 жж.) кезінде Қазақ хандығының қай қаласы жоңғарлар тонауынан аман қалды?
A) Сайрам;
B) Манкент;
C) Түркістан;
D) Шымкент;
E) Ташкент.
28 Қазіргі мәліметтер айтуынша қай қазақ ханы кезінде қазақтардың саны 1 млн. адамға жеткен?
A) Жәнібек хан;
B) Бұрындық хан;
C) Қасым хан;
D) Мамаш хан;
E) Тәуке хан.
29 Сібір ханы Көшімге қарсы тұру үшін Хақназар кіммен одақтасты:
A) Моғол ханы Саид сұлтанмен;
B) Өзбек ханы Абдоллахпен;
C) Хонтайжы Бошақтумен;
D) Ірі феодал Баба-сұлтанмен;
E) Орыспатшасы Иван Грозныймен.
30 1680-1718 жж. қазақ ханы?
А) Жәңгір хан;
B) Қасым хан;
C) Әбілқайыр хан;
D) Тауке хан;
E) Хақназар хан.
Құрастырушылар:
Мемлекеттік емтиханның тест тапсырмалары Қазақстан тарихы пәнінің сұрақтары бойынша құрастырылған және ол кафедра мәжілісінде бекітілген. Хаттама № ___ «_____»______________20__ж.