Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Орындаған: Болатов Р.Б.
Тексерген: Қылмыстық құқық және
Қылмыстық іс жүргізу кафедрасының
аға оқытушысы Садыканова Ж.Е.
Өскемен, 2013 жыл
ЖОСПАР
1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар
2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар
3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері
4. Келесі тергеу әрекеттері
5. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары
Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар
Тонау пен карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.
Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам жәнет.б. заттарды) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар кұрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ-тарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.
Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны, ақша айырбастау пункті, кассир, инкассаторлар), мүлкін тартып алуға, сонымен қатар такси, жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың тұрғын үйіне қарсы бағытталған тонау мен қарақшылық шабуылдар сирек кездеседі, бірақ
дәл солар қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстарды негізінен ұйымдасқан топтар жасайды. Әдетте бұған алдын ала мұқият дайындалады: қылмыскерлер объектіні күзету жүйесімен толық танысып шығады, қылмыс құралдарын, жасырыну тәсілдерін мұқият даярлайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді.
Тонау мен қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:
1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш көрсетусіз жасалынатын шабуылдар (сумканы, берікті, азаматтардың ақшасын, дүкендерден және т.б. орындардан бұйымдарды қағып алып кету).
2.Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.
З.Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау.
4.Мемлекеттік және коммерциялык банктердің қызметкерлеріне, кассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.
5.Темір жол, су көліктері немесе басқа көліктердің жылжымалы құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.
б.Такси жүргізушілеріне тапқан акшасын не болмаса көлігін және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.
Тонау мен қарақшылық шабуыл барысында із қалыптастыру тетігінің бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады. Көзімен көрген адамдар тонау немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай алмайды; яғни олар жауап алған кезде болған оқиғанын кейбір жерлерін ғана айтып береді және көп жағдайда көз көрген куәгерлер тіптен болмайды. Жәбірленушілерді айтатын болсақ, олардың кейбіреулері қылмысқа байланысты жүйкесінің күйзелуіне себепті болған оқиғаны бұрмалап қабылдайды. Жәбірленушілерге кейде қылмыскерлер саны көп болып, олар «биік бойлы», «түрлері хайуан тәріздес» және т.б. болып көрінеді. Сондықтан, тергеуші көз кергендер мен жәбірленушілерден алған мәліметтерге сын көзбен қарап оларды басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, мұкият кайта тексеруі тиіс.
Тонау мен қарақшылык жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке салынады, есірткі пайдаланады. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды.
Қарақшылық жасарда қылмыскерлер жәбірленушіні оның лауазымын, кәсібінің түрін және материалдық жағдайын ескере отырып, тандайды. Тонау кезінде көп жағдайда жасына немесе басқа да себептерге байланысты белсенді қарсылық көрсете алмайтын кісілердің құрбанына айналады. Қарақшылық шабуыл мен тонауға жиі спирттік ішімдік ішетін адамдар мен жеңілтек әйелдермен қатынас жасауға бейім тұлғалар ұшырайды.
Тонау мен қаракшылык, шабуыл жайлы іс бойынша анык-тауға келесі мән-жайлар жатады:
тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;
тонау немесе қарақшылық жасау тәсілі; егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;
қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;
тонау немесе қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге (мемлекетке, кооперативтік немесе қоғамдық ұйымдарға, жеке тұлғаға, нақты кімге) тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;
қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының рөлі қандай;
жәбірленуші кім, қарақшылык шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затгы жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер;
қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.
2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар
Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердін немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардын қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы, хабарлауы; көзі керген түлғалардың тонау немесе қарақшылык шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе аныктау органдарының қылмыс белгілерін табуы.
Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғанын, мән-жайын анықтау қажет. Сұрау салушы тұлға көп жағдайда жәбірленушінің денесінен, киімінен және заттарынан табылған іздер (дене жарақаты, жыртылған не бүлінген киім) расында да оған қатысты күш қолданылғанын куәландыратынына көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде сезіктіні іздестіруді ұйымдастыру үшін, арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізу керек.
Әдетте тонау мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі:
1. Тонау немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.
2. Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар.
3. Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.
Аталған жағдайлардың біріншісінде тергеуші іс-әрекеттерінің келесі бағдарламасы мақсатқа сай болмақ: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, жауап алу, қажетті жағдайда - оны куәландыру; жәбірленушіден сұрақ-жауап алу; қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғылықты жерін тінту; көз көрген куәлерден жауап алу; сот-медициналық, криминалистік және басқа сараптамалар тағайындау.
Екінші тергеу жағдайында алғашқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және киімін карау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау; жедел іздестіру шаралары.
Үшінші жағдай үшін де жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінен басқа, сезікті тұлғаларды анықтау мен ұрланған заттарды іздестіруге бағытталған жедел іздестіру шаралары тән.
Қылмыс жасалғанан кейін өткен уақытқа байланысты «ізін суытпай» іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін тиісті ішкі істер органдары хабардар етілуі тиіс. Күрделі жағдайларда патрульдік-бекеттік қызмет, сондай-ақ кылмыскерлер автокөлікке жасырынуы мүмкін деген негіз болса, көлікті бакылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған мүліктердің өткізілуі мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі.
Тонау мен қаракшылыкты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, кылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не баска да тосқауылдарды (әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай мән-жайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқият және әдісін тауып қарағанда, кылмыстың материалдық іздерін әркашан табуға болады.
Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру қажет. Қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.
Қарау барысында тергеуші қол, аяккиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған немесе түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін аныктауға болады (мысалы, оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).
Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі кылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердін, кұрбанға жакындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.
Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Окиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек.
Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі, ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін.
Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында оны жүбатып, онын қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіруі кажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы кажет:
тонау немесе қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;
жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды;
тонау немесе қарақшылық шабуыл кезінде оқиға калай дамыды (қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді, не айтты, жәбірленушіге катысты қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден байкалады және т.б.);
егер қылмыскерлер каруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері;
тонау немесе қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады (қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе кылмыскерді ұстауға әрекет жасаған-жасамағаны, қарсылық көрсеткен-көрсетпегені, көмекке шақырған-шақырмағаны жәнет.б.);
тонау немесе қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген зардабы қандай (қылмыскер одан не алып кетті, материалдық зиянның мөлшері қандай, жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді);
қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды;
ұрланған бұйымдардың белгілері кандай;
тонау немесе қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;
болған окиғаны кім керді немесе кім көруі мүмкін және т.б.
Сұрак-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға тырысу кажет. Әсіресе қылмыскердін белгілері және ұрланған мүліктердің белгілері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді суреттеу барысында «ауызша суреттеу» ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, та-туировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін айқындап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ, оларды хаттамаға егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы түйме, мата қиын-дысы, фотоаппарат қорабы) сакталып қалған-калмағанын анықтау кажет. Егер қылмыскерлер киімдерді алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады.
Қарақшылык жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге күш қолданылған болса, тез арада жәбірленушіні куәландыру және онын, киімін қарау жүргізілуі тиіс. Сот-медициналык сараптамасын жүргізу кезінде жоғалып кетуі мүмкін, жәбірленушінің денесіндегі күш көрсету іздерін (көгерген жер, қанды сүйел-дер) сондай-ақ оның киіміндегі закымдалған ластанған іздерін де айқындап, бекітудің дәлелдемелік маңызы зор.
Егер жәбірленушіні куәландыру нәтижесінде күш керсету іздері табылса, лезде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның барысында денсаулығына келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы мәселелер жиі шешіледі.
Қылмыскерді ұстау кезінде батыл, сонымен қатар сақтанып әрекет ету қажет, себебі сезіктілер көбінесе қарулы болады. Ұстағаннан соң, лезде сезіктіні тінту жүргізіледі. Тінтудің максаты қаруды, жәбірленушіден ұрлап алынған заттарды, сонымен қатар ұсталынған тұлғаға тиесілі емес және басқа тонау және қарақшылык кезінде ұрлануы мүмкін бұйымдарды тауып алу болып табылады. Айта кететін жайт, тонау мен карақшылық шабуыл жасаушы қылмыскерлер жәбірленушіден тартып алған құнды емес және бірден кезге түспейтін жеке белгілері жоқ (тарақ, автоқалам т.с.с.) ұсақ бұйымдарды өзінің жеке басына пайдалану үшін қалдырады. Бірақ жәбірленушілер оларды онша байқала қоймайтын белгілері бойынша таниды. Сондықтан тергеу барысында ұсталған тұлғадан табылған әрбір заттың кімге тиесілігін мұқият тексеру қажет.
Осы категориядағы іс бойынша түрғын үйде тінту жүргізудін мақсаты ұрланған және қару, киім ретінде пайдаланылуы мүмкін және сезікті мен оның отбасына тиесілі емес заттарды табу. Сондай-ақ, тінту барысында қару (мылтық, пышак, кастет) дайындау үшін қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдер, сонымен катар қылмыскерлердің жасырыну кұралдары (маска ретінде пайдаланылатын кезге лайықталған тесігі бар шұлықтар, париктер), қылмыс жасау кезінде сезіктінің үстінде болған киім мен аяқкиімдер жиі табылады.
Қаракшылық шабуыл туралы іс бойынша ұсталған тұлғаны куәландыру мен киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлел-демелік маңызы зор, атап айтқанда, куәландыру мен киімді қарау арқылы күресу іздерін және куәлер немесе жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа да ерекше белгілерді табуға болады.
Окиғаны көзімен көрген тұлғалардан, куәлардан (егер олар бар болса) жауап алу ізін суытпай жүргізілуі қажет, өйткені оларға қылмыскер, оның достары немесе туыстары жағынан жағымсыз әсер етілуі мүмкін. Егер мұндай әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды. Жауап алу кезінде, әдетте, жәбірленушіден де жауап алу кезіндегі мән-жайлар аныкталады.
Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, окиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуі тиіс.
4. Келесі тергеу әрекеттері
Тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша тергеудің келесі кезеңінде куә ретінде жауап алуға болатындар: мекеме, кәсіпорын және ұйым жетекшілері, ведомстволык, емес қорғау күзетшілері және жеке күзетшілер; сезіктінің туыстары мен таныстары; жасалған қылмыска байланысты қандай болса да бір жайды білетін басқа да адамдар. Анықталатын сұрақтар шеңбері жалпы сезіктіге қойылатын сұрақтармен сәйкес келеді. Сезікті мен жәбірленушінің туыстарынан, таныстарынан қосымша түрде олардың өмірбаянының деректері және тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан қалай сипатгалатыны анықталады.
Қарастырылып жаткан категориядағы іс бойынша тергеудің келесі кезенінде әр түрлі сараптамалар тағайындалады: сот-медициналык (тірі тұлғалар мен заттай дәлелдемелер), криминалистік (трасологиялық және қарутанушылык), сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар.
Затгай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасы оқиға болған жерде, сезікті немесе жәбірленушінің киімінде, не болмаса басқа заттарда: темекі тұқымы, қан іздері, шаш және т.б. табылғанда тағайындалады. Сараптамашыларға тергеу әрекеттері барысында табылып алынған қаннын, басқа да денеден бөлінген заттардың, сонымен бірге шаштардың сезіктіден немесе жәбірленушіден алынған тиісті үлгілермен сәйкестігін немесе айырмашылыған анықтау міндеті қойылады. Кейде мұндай жағдайларда оқиғаның анық-қанығын (мысалы, жәбірленуші өзін жәбірлеген кезде кандай қалыпта болғанын) анықтау үшін диагностикалық сараптама тағайындалады.
Трасологиялық сараптама барысында қолдың, аяккиімнің және т.б. іздерін нақты тұлға, сонымен бірге доңғалақ іздерін нақты көлік қалдыруы мүмкіндігі анықталады; қарутану сараптамасы заттың атыс каруына немесе суық қаруға тиістілігін, қарудың жасалу тәсілін (зауытта немесе колдан жасалуын), оқ немесе гильза накты қарудан атылған-атылмағанын аныктайды.
Сот-топырақтану сараптамасы сезікті аяккиімінен немесе көлік табанынан табылған топырақ бөлшектері окиға болған жердегі топырақпен бірдей немесе бірдей еместігін айкындайды.
Жауап алу барысында айыпкерге қойылатын сұрактар тергеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған сұрақтарға үқсас болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, сонымен қатар айыпкердін еркіне қарамастан оның кінәлігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.
Тонау және қарақшылық шабуылдарды тергеудің келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.
5.Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары
Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудін белгілі бір күрделілігін туғызып, тергеушіден біркатар шарттарды есепке алуды талап етеді.
Қайта құру барысында құқық қорғау органдары алдына қойылған қылмыстылықпен, әсіресе онын, ұйымдаскан түрлерімен күресті күшейту міндеттері талдау, сонымен қатар ішкі істер органдарында жинақталған озык тәжірибені зерделеу қарақшылық шабуылдарды ойдағыдай ашып, тергеудің накты мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін келесі негізгі шарттарды атауға мүмкіндік береді:
- азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылық туралы әрбір хабарды аса жауаптылықпен және жедел ілтипат алу;
алғашқы тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын кешіктірмей және біліктілікпен жүргізу;
тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің қызметтерімен, ҮҚК-мен өзара тығыз әрекеттесуі, жұртшылық көмегі мен бұқаралық ақпарат кұралдарын белсене пайдалану;
- қазіргі таңдағы жедел, криминалистік техника мен тергеудің ғылыми әдістерін жан-жақты қолдану.
Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құкық қорғау органдарының күшін анағұрлым артгырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар еңбекші бұқаранын, мемлекеттік аппарат қызметімен байланысының маңызды түрі болып табылады, оларға құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін туғызады, занды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бүл саладағы жүмыста бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, бас-па) маңызды рәл атқарады, өйткені олардан көмек сұрау тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылык шабуыл жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою мақсатында алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді.