У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Медицина саласында~ы психология.Психотерапия

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 3.2.2025

                      Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі  

 Еуразия Гуманитарлық Институты                   

     Баяндама

Тақырыбы: Медицина саласындағы психология.Психотерапия.

 

                                             Орындаған:Наматулла А.Г

                                          Тексерген: Муликова А.С

         

                                                  Астана,2013

Медициналық психология

Жоспар

1)Медицина психологиясының міндеті,мақсаты мен мазмұны.

2)Психотерапия,оның мақсаты мен міндеті.

3)Психотерапияның түрлері.

4)Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

     Медицина(лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медициналық психология - дәрігердің іс-әрек етінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.

Пәннің қысқаша мазмұны: Медициналық психологияның орталық мәселесі болып «медициналық қызметкер мен науқас» ара қатынасы және оларды қалыптастыру жолдарын зерттеу, қарым – қатынастың түрлері мен модельдері саналады,яғни медициналық психология бір жағынан «Психология негіздері» пәнінде қарастырылған жалпы психология сұрақтарымен, екіншіден клиникалық пәндермен тығыз байланысты.  

  Өйткені ол клиникалық білім берудің пропедевтикалық курсы ретінде аурулар,бұзылыстар және олардың алдын алу туралы түсінікті психологиялық тұрғыдан түсіну арқылы негізгі клиникалық пәндер аймағындағы біліктілікті тереңдете түседі.

Медициналық психология – бұл дертке шалдыққан адамдардың емделу барысындағы қарым – қатынасында туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейтін медициналық білімнің өзіндік бөлімі.  Медициналық психология пәні науқас психикасының сан алуан ерекшеліктерімен, олардың денсаулыққа және ауру ағымына әсер етуімен қатар, психологиялық қарым – қатынас жасаудағы тиімді шаралардың қолайлы жүйесін қамтамасыз етуді қарастырады. Медициналық психология тарабындағы білім науқаспен қажетті қарым – қатынасты орнатуды жақсартып, оның жылдам және толық айығуын қамтамасыз етумен қатар, денсаулықты нығайту, жан – жақты үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен аурулардың алдын – алуға мүмкіндік береді.

 Пән мақсаты: дертке шалдыққан тұлға психологиясының негізгі заңдылықтары туралы білім қалыптастыру мен емдеу,алдын алу шараларын жүргізу барысында студенттерге психологиялық, психогигиеналық қатынас дағдыларын үйрету.

Пән міндеттері:

- әртүрлі аурулар көрінісінде тұлғаның әдетті тәртібімен таныстыру (ауруға көзқарас, ауруын түсіну);

- психосоматикалық және соматопсихикалық өзара ықпалдар, психогендік, соматогендік, ятрогендік бұзылулармен таныстыру;

- психологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру;

- психогигиена және психопрофилактика туралы ұғым қалыптастыру;

- психотерапияның негізгі принциптері мен әдістерін қарастыру;

Психотерапия - іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ сәйкес мәселелерді зерттейтін дәрігерлік және тәжірибелік психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке-психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөледі.

Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.

Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипнөз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.

    Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.

Психотерапия - іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ сәйкес мәселелерді зерттейтін дәрігерлік және тәжірибелік психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке-психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөледі.

Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.

Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипнөз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.

Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.

  Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу). Бастин психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады.

П.Ледер (Leder S., 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия туралы келесідей ұғымдарды атайды:

1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;

2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде;

3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;

4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде.

Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк енгізді. Психотерапия термині гипноз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.

Штротц  пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»

Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.

Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.

Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович болды:

1) техникалар сипатындағы әдістер;

2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;

3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;

4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.

Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар,себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.

1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:

1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;

2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;

3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.

Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.

Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.

        Гештальт терапиясы.Гештальт-терапиясы - әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды. 

Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады. 

Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады.

ГИПНОТЕРАПИЯ (иландырып емдеу). Гипноздық күйді емдеу мақсатында пайдаланатын психотерапияның әдісі. ГИПНОТЕРАПИЯ кең таралуы әр түрлі ауруларды емдеу кезіндегі тиімділігіне дәлел. Гипноздың табиғаты туралы және оның медицинадағы қолдану әдістерінің ғылыми түсініктерінің даму тарихы К. И. Платонов, П. И. Буля, В. Е. Рожнов,Катценштейн, Шерток және т.б. авторлар еңбектерінде кеңінен ұсынылған. Иландыру мен гипнөз құбылыстары тығыз байланысты болғандықтан, П. И. Буль «гипносуггестивтік психотерапия» терминін пайдаланған жөн деп санайды. Тәжірибелі мамандар ГИПНОТЕРАПИЯ нерв жүйкесінің түрлі ауруларын емдеуге, психикалық бұзулар емханасында, ішкі мүшелер ауруларында, акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде, хирургиялық араласуда (Гипноздағы хирургиялық операцияны қараңыз) және тері ауруларында қолданады.

ГИПНОТЕРАПИЯ деген даусыз қарама-қарсы көрсеткіштер психөздардың сандырақ формалары (әсіресе науқас өзін «гипноздалған» деп есептеліп, оны «гипноздан шығаруды» өтінгенде) және есірік тұлғалардың гипномандық қалпы болып табылады. ГИПНОТЕРАПИЯ қолданғанда, науқастың гипнобельділік дәрежесін есепке алу керек, оның жоқтығында немесе төмен дәрежеде айқындалуы проблема болып табылады (кейбір авторлар гипнобельділіктің дамуын мүмкін деп санайды). ГИПНОТЕРАПИЯ алдында науқастың бұл әдіске деген қатынасы мен оынң тарапынан қауіпті болдырмау мақсатында әңгімелесу. Науқасты гипнооз қалпына кез келген әдіс арқылы кіргізгеннен кейін тиісті емдеу иландыру формулалары айтылады. Фразалар қысқа, түсінікті, мағынаға толы және емқателік әсер бермейтін болу керек, бір сеансының ұзақтығы әдетте 15-20 минут. Сеанстар саны 1-ден 15-ке дейін ауытқып отырады, бұл ГИПНОТЕРАПИЯ ауру жағдайы мен терапиялық әсердің сипатымен анықталады.

Сеанстар жиілігі – күн сайынғыдан аптасына 1 ретке дейін. Кейде бірнеше апта немес ай өткен соң, қайта курсын өткізу мүмкіндігі туады. ГИПНОТЕРАПИЯ жеке немесе науқастар тобымен өткізілуі мүмкін. Гипнотерапияның көптеген нұсқалары бар. Оны бөлшекті тәсілмен өткізуге болады (Кречмер бойынша сатылы белсенді гипноз, Фракциялық гипнозды қараңыз). Төмен гипнобельді науқастарға гипноздық ұйқыны тереңдету мақсатында алдын ала ұйықтатқы құралдары берілу мүмкін (Наркогипноз қараңыз). Гипнозбен айналысатын психоаналитиктер, аналитикалық үдерісті жылдамдату есебімен есірткі заттарын қолданады (Наркоталдау (наркосинтез) қараңыз). Науқастың санасыз күйзелістері туралы әліметтер алуға гипнопсихокатарсис әдісі ықпал жасайды. Сондай-ақ гипноэлектрұйқы әдістері де бар, ол өзін-өзі иландыру мен гипноздың үйлесуі және т.б. ГИПНОТЕРАПИЯ әдістерінің ішінде эриксондық гипноз ерекше орын алады.

ГИПНОТЕРАПИЯ негізгі шиеленісу кезінде — раппорттың жоғалуы, ұстамалы аурулар, спонтандық сомнамбулизм, терең сомнамбуликалық гипноздан гипноздық литаргияға ауысу және т.б. (Гипнотерапияның теріс салдары (шиеленіс)). Бұл шиеленістер дәрігердің сабырлы күйінде, аурудың сипатын түсінген жағдайда, гипноз техникасына жетік білген кезде ауыр салдарға әкелмейді. ГИПНОТЕРАПИЯ сәтсіздіктерінің себептері дәрігердің жалпы психотерапиялық көзқарастарды, рационалды психотерапияны, жаттығу тәсілдері мен нақты көрсетілген жағдайда психотерапияның басқа әдістерін елемеумен бір ғана гипносуггестивтік әдісін табанды қолданумен байланысты болуы мүмкін.

 ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ.Өзара қарым-қатынастардың түзетуіне бағытталған және мақсаты науқастың отбасы мүшелерінде анағұрлым айқындалған эмоциональдық күйзелістерді жою болып табылатын психотерапияның ерекше түрі .

Отбасылық психотерапия тарихи бірінші, Батыста айтатындай, Фрейд талдауынан «кішкентай Ганс» жағдайына өскен психодинамикалық бағыт болды. Ганстың әкесі күнделік жазып, Фрейдке хаттар жазған, ол хаттарда атты көргенде үрейлі қорқыныштан азаптанатын баласының күйзелісін түсіндіру үдерісі туралы жазған, ал жауап ретінде осы жұмысты жүргізу боынша кеңестер алған. Психодинамикалық көзқарастың негізгі белгілері құрылды: отбасы мүшелері, олардың түсініксіз тілектері, психологиялық проблемалары мен онтогенездің ерте кезінде сезінілген және актуальды тәжірибеде жүзеге асатын өзара проекциялардың өткендегі тарихын талдау. Психотерапияның міндеті инсайтқа жету болып табылады – бұрынғы шешілмеген проблемалардың қазіргі кезде отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа әсер ететінін және сол бұзылған қатынас контекстінен кейбір мүшелерде өмірге деген бейімделудің неврөздық белгілер мен бейімделудің құрылымдық емес тәсілдері пайда болатынын сезіну. Бүгінгі күні психотерапевттің және отбасы мүшелері тарапынан көп күш жұмсауды, көп уақытты талап ететін осындай көзқарас үнемділік жағынан маңызы аз, бірақ тиімділігі зор болып саналады.

2-ші халықаралық конференция және 3-ші және 6-шы халықаралық конгрестер мүшелерінің құрамы көрсеткендей, психодинамикалық бағыттың өкілдері 25% болды, ал жүйелі отбасылық психотерапия қолдаушылары – қатысушылрдың жалпы санынан 60% жуық. Эклектикалық бағыттың өкілдері психотерапиялық жұмыста емдеу механизмдері бойынша әртүрлі әдістерді отбасыларына біріктіреді: гипноз, аутогендік жаттығу, медитация, мінез-құлық модификациясы бойынша үй тапсырмалары, қарым-қатынастың талдауы мен түсініктемесі, топтық дискуссиялар және т.б.

Отбасылық психотерапия жиі 4 кезеңді бөледі:

1) диагностикалық (отбасылық диагноз);

2) отбасылық кикілжіңді жою;

3) қайта құратын;

4) қолдайтын.

Отбасылық диагноз отбасы мүшелеріні жеке-тұлғалық қасиеттері мен олардың біреуінің сырқатының сипаттамасы есебімен бұзылған отбасылық қатынастардың түрленуі деп ұғынылады. Отбасылық қатынастар диагностикасы отбасы тобына проблемалық диагностикалық болжамлдарды тексеріп шығаратын психотерапевттің қосылу үдерісінде жүзеге асады. Отбасылық диагностика процедурасының ерешеліктері оның толассыз сипатты, яғни Отбасылық психотерапия барлық кезеңде еріп жүреді және психотерапиялық техникалар таңдауын алдын алады.

Отбасылық қатынастар диагностикасының басқа өзгешелігі оның стереоскопиялық сипатында болып табылады. Бұл егер болған туралы ақпарат біржақты кездесулерде отбасының бір мүшесінен алынған болса, онда ол басқа отбасы мүшелерінен алынған ақпаратпен және психотерапевттегі психотерапия үдерісіндегі қатысушылар мінез-құлқын бақылау және сұрастыру негізінде қалыптасқан әсермен салыстырылу керек дегенді білдіреді («отбасы бала көзімен», «отбасы ата-ана көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «біздің шын мәніндегі көрінісіміз»).

Екінші кезеңде психотерапевттің науқастармен және олардың отбасы мүшелерімен біржақты кездесу барысында отбасы кикілжіңі бастауы анықталады мен кларификациясы болады және психотерапевтпен теңбе-тең қатынасты орнату нәтижесінде кикілжіңге тартылған отбасының әр мүшесінің эмоциональдық әсер ету арқылы оны жою жүзеге асады. Психотерапевт кикілжің қатысушыларына барлығына түсінікті тілмен сөйлеуге көмектеседі. Одан басқа, ол делдал рөлін алып, бір отбасы мүшесінен екіншісіне кикілжің туралы ақпараттың келісілген көлемінде беріп отырады.

Бұл ақпараттың ауызша емес компоненті «робот - манипулятор» тәсілі қолданылатын психотерапевтпен бірлескен кездесу сеансында таратыла алады. Сеансқа қатысушының қарама-қайшы хабарламасын тыңдап алып, психотерапевт оны қимыл тіліне ауыстырады, ал қимыл бейнелілігін қатысушылардың сенситивтілік пен толеранттілігімен қатыстырылады.

Осылай, осы кезеңде келесі психотерапиялық әдістер жетекші болады: көбінесе тұлғаның танылмайтын қатынастарының вербалдануына көзделген директиві емес психотерапия, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бір-біріне әсер етудің арнайы әзірленген әдістері (қатысушылар тұлғасының әр жатарына иерархиялық тәртіпте әсер етіп, қарым-қатынасты орнатуға тырысу және әсер алу). Отбасылық қатынастардың қайта құру кезеңінде актуальды отбасылық проблемаларды топтық талқылау жеке алынған отбасында, немесе ұқсас проблемалары бар науқастар және олардың туыстарының параллельді топтарында жүзеге асады. Осы топтарда рөльдік мінез-құлық тренингі және құрылымдық таластың ережелерін оқыту жүргізіледі. Қолдайтын кезеңде немесе белгілеу кезеңінде шынайы отбасылық жағдайларда алдыңғы кезеңдерде пайда қалыптасқан эмпатиялық қатынастың дағдылары мен  рөльдік мінез-құлықтың артқан диапазоны бекітіледі, кеңес беріледі шынай өмірге қатысты қалыптасқан қарым-қатынас дағдылары түзетіледі.

АРТ-ТЕРАПИЯ. Арттерапия оқыту біздің жүзжылдықтың 20-жж Принцхорн еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П.И.Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды. АҚШ-та психотерапиялық үдерісте суреттеу құралдарды алғаш рет 1925 ж. өз науқастарының түстерін талдау кезінде Левис қолданды. Терапияның теориялық негіздері суреттеу құралдары арт-терапия сондай психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытпаса да, арқылы Фрейд (Freud S.) психоаналитикалық көзқарастарынан, өз суреттеулерін дербес және әмбебап символдар туралы идеялардың дәлелі ретінде қолданған Юнгтың аналитикалық психологиясынан, Наумбургтың терапиялық көмектен динамикалық теорияға кестелік өзіндік көзқарастан шығады. Әрі қарай А. дамуына адамгершілік бағыттаманың психотерапевттері көп әсерін тигізді.

«Арттерапия» термині (art — өнер, artterapy (сөзбе-сө) — өнер терапиясы) көбінесе ағлшын тілдес халықтар бар елдерде кеңінен таралған және жиі науқастыңпсихикалық-эмоциональдық жағдайына әсер ету мақсатымен пластикалық суреттеу шығармашылықпен емдеуді білдіреді. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде сонымен қатар «изотерапия» немес «көркем терапия» терминдері қолданылады, бірақ олар ағылшын тілдегіге тең емес және оның мағынасын сәл тарылтады.

   Топтық психотерапия.Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.

  Принципиальды түрде Топтық психология сихотерапияда жеке дербес бағыт емес, оны қолдануда психотерпиялық әсер етудің құралы ретінде жеке психотерапиямен салыстырғанда психотерапевт қана болатын, емделушілер тобы шығатын ерекше әдіс болып саналады.

    Басқа психотерапиялық әдістермен қатар топтық психология (дәл жеке формасы сияқты) түрлі оның ерекшелігін анықтайтын теориялық бағдарлар шегінде де қолданылады: нақты мақсаттар мен міндеттер, үдерістің мазмұнды жағы мен белсенділігі, психотерапевт тактикасы, психотерапиялық нысаналар, әдістемелік тәсілдерді таңдау және т.б. Осы барлық ауыспалылар көбінесе психотерпиялық топта қатысатын сырқаттар континентінің нөзологиялық тәуелділігімен түсіндіріледі. Психотерпиядағы жеке дербес бағыт ретінде топтық психология емделушіні әлеуметтік-психологиялық жоспарда, психотерапиялық үдерістің шегін кеңейтіп, жеке тұлға мен оның ішкі жеке мәселеріне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның қоршаған әлемдегі шынайы өзара қатынастары мен өзара әрекеттерімен жиынтығында назарды шоғырландырып қарастырады. Емделуші топ ішінде өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттесулері маңызды түрде оның шынайы өзара қарым-қатынастарын айқындайды, себебі топ шынайы өмірдің үлгісі ретінде болады, онда емделуші сол қатынастар, мақсаттар, құндылықтар мен сол эмоциональдық әсер ету тәсілдері мен мінез-құлық реакцияларын айқындайды. Топтық динамиканы қолдану әр қатысуышы өзін таныта білуге, сондай-ақ топта емделушінің өзін-өзі теңбе-тең және терең түсінуге, өз теңбе-тең емес қатынастары мен мақсаттарын, өзара жеке әрекеттесуде пайда болатын эмоциональдық және мінез-құлық стереотиптерді көре білуге және оларды тілектестік атмосферасы мен өзара қабылдауда өзгертуге мүмкіндік беретін кері байланыстың тиімді жүйесін құруға бағытталған.

Топтық психология топтық терапия, топтағы психотерапия, ұжымдық психотерапиядан ажыратады. Соңғылары өз мәнінде кез келген психотерпиялық әдісті емделушілер тобында (гипноз, аутогендік жаттығу, пікір, қайта ой салу және т.б.). қолдану деп тұжырымдайды. Бұл жағдайда психотерапевт емделушілердің көпшілігіне психологиялық құралдармен бір мезгілде әсер етеді, бірақ емдеу мақсатымен емделушілер арасында пайда болатын өзара қатынастар мен әрекеттерді, жағдайларды жүйелі түрде қолданбайды. Топтық психология шығу тарихы топтық терпиядан топтық психология қөзғалысы, яғни топтық эффектілердің психотерапиялық мақсатта түсінуі мен қолдануы. Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті.

Терминдер глоссарийі:

Психотерапия – (грек, psyche жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (клиентті, пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті кажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.

Психологиялық талдаугрек сөзі, analysis ыдырау, болшектеу) 1) адам психикасындағы жасырын ұғынылмаған үдерістерді айқындауға негізделген, австриялық психолог 3. Фрейд (1856-1939) пен оның ізбасарлары ұсынған психотерапия әдісі; 2) 3. Фрейд тұжырымдамасына негізделген және адам психикасы функциясының механизмі мен құрылысы туралы болжам мен идеялардың жиынтығы.  

Кеңес беруді өткізу – психологиялық кеңес беруді өткізуге жұмсалатын бір күн ішіндегі уақыт немесе уақыт аралығы; психолог-кеңесшінің клиентпен жұмыс істсуге жұмсаған уақыт мөлшері. Кеңес берудің диагностикалық кезеңі клиенттің психолог-кеңесшіге өз мәселесін айтуы, ал психолог-кеңесші оны зейін қойып тындап, талқылап, мәселені клиентпен бірге нақтылап, оған психологиялык, диагнөз қойып, керек болған жагдайда клиенттің өзіне психодиагностикалық зерттеу жүргізіп қарайтын психологиялық кеңес берудің кезеңі.

Кеңестің құпиялығы – Мұндай жайдың ерекшелігі кеңес уақытында болатын мәселелер және клиенттің психологиялық кеңеске өтініш беру фактісі бөгделерден құпия түрінде сақталады. Кеңестің бақылаушы кезеңі — психологиялық кеңестің аяқталу кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші және клиент мәселені шешуде алынған практикалық ұсыныстардың орындалу нәтижесі бағаланады.

Психодинамика – (rpetLdynamis күш) қарама-қарсы бағыттағы мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы. Негізінде, П. әртүрлі қөздырғыштардың өзара ықпалын зерттеуге, психикалық үдерістің мәнісін айқыңдауға, психикалық қызметтің үдерісті, жағымды және регресті, жағымсыз өзгерістерін айқындайды.

Психодрама – (грек сөзі, drama — іс-әрекет) топтық психотерапияның бір түрі; мұнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзін-де олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін түлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады: бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Д.Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір кұралы деп түсіндірді.

Клиент қандай да бір мәселені шешу үшін кәсіби пси-хологтан кеңес алуға келген адам. К.-ті вербалды қолдау психологиялык кеңес жүргізіп жаткан уақытта, клиентті психолог-кеңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі; клиенттегі психологиялық күйзелістерді, әсіресе оны ашық әңгімеге тартқанда психолог-кеңесшінің түрлі сөздер мен сөйлемдерді қоіщануы.

Клиенттің кері байланысыпсихологиялық кеңестен ксйіші, кеңес барысьшда алынған ұсыныстарды клиентгің орындау үдерісінде, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынасы. Сонымен бірге клиент өз мәселесін шешуіне байланысты кылыктарын түзетуге де мүмкіндік туғызады. Клиентті бағаламау — психолог-кеңесшінің клиенттің түлға-лығына немесе қылығына «жақсы» немесе «нашар» деген баға беруден бас тартуы; психолог-кеңесшінің клиешті сол күйінде тұлға ретіңде қабылдауға ыңғйы.

Гештальтерапия – гештальтпсихологияның теориясына негізделген, адамға психотерапевтік ықпал ететін әдістер және процедуралар жүйесі — психологиялык зерттеулердің аумағы, тұтастық құрылымының қызметтері мен зандарын алғышарт ретінде қарастырып, соның нәтижесінде олардың арасындағы байланыстары түсіндіріледі.

 

                          Пайдаланған әдебиеттер

  1.  Осипова А. А. Общая психотерапия: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с.
  2.  Илешева Р.Г «Медициналық психология»,Алматы,2009ж -384б.
  3.  «Психология энциклопедиялық сөздік».
  4.  Карандашев В.Н «Введение в профессию»,89-94б,99-101б.




1. Реферат- Использование пенициллиназы в биотехнологии
2. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата історичних наук Луг
3. Лабораторная работа 3 По заданному уравнению функции заполнить таблицу её значениями на отрезке [b] с ша
4. Лабораторная работа 1 Электронные таблицы MS Excel
5.  ~ С 111~131 ПОНЯТИЕ И ОПРЕДЕЛЕНИЕ ИНТЕЛЛЕКТА Интеллект больше чем какоелибо другое понятие в психологии
6. Ни один из субъектов рыночных сделок при этом не является заинтересованным в изменении своих объемов покуп
7. 2004. Содержание [1] Введение [2] Глава I
8. Беспорядки на Кавказе 30 погибших; у берегов Калифорнии потерпел кораблекрушение нефтеналивной танкер суще
9. Доклад ГРИНПИС 1996 г
10. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 8 СКЛЕИВАНИЕ ЛИНЗ Цель работы изучение одного из способов соединения деталей межд