Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Акушерия және гинекология
Кафедра меңгерушісі:м.ғ.к.,доцент Түсіпқалиев А.Б.
Ассистент: Акимжанов Н.А.
Босану тарихы
Босанушының аты жөні: Наурызбаева Самал Калуова
Жасы: 26
Клиникалық диагнозы: Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың 1 кезеңі.Гепатит «С» тасымалдаушы ВПГ,ЦМВ.
Куратор: 401 «Б» Қозанов Наурызбай
Ақтөбе 2012ж
Паспорттық бөлім.
Аты-жөні: Наурызбаева Самал Калуова
Жасы: 19.09.1985ж (26жас)
Жынысы: әйел
Ұлты: қазақ
Білімі: орташа
Қызметі: үй шаруашылығы
Түскен күні:24.04.12; сағат 00:40
Жолдама берген мекеме: Жедел- жәрдем
Қан тобы: В(І) бірінші
Резус қайшылық: Rh (+) оң
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы.ЕМГ көшесі 125 үй
Отбасылық жағдайы: тұрмыста
Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 40аптасы,босанудың 1 кезеңі.Гепатит «С» тасымалдаушы.
Түскен кездегі шағымдары:
Екінші рет босанушы Наурызбаева Самал Калуова 26 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен 40 аптада толғақпен, облыстық перинатальды орталыққа келіп түсті.
Anamnesis vitae.
Екінші рет жүкті болушы 19.09.1985жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қоғамдық тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Туберкулез, тері венерологиялық аурулармен ауырмаған. 5-жасында боткин ауруымен ауырған. 2008 жылы аналық без фиброаденомасы,2011 жылы аппендоэктомия,ерекшеліксіз. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі ерекшеліксіз. Гемо-трансфузия болмаған.
Некеде. Жолдасы Наурызбаев К,30 жаста жеке кәсіпкер. Дені сау.
Репродуктивті қызметі: Етеккір циклі 15 жастан бастап келеді. Етеккір тұрақты түрде, ай сайын, ауырсынусыз. Етеккірі 7кун келеді. Соңғы етеккірі 11.07.2011жылы келген.
Алғаш жыныстық қатынас 22 жаста болған. 1-жүктілік-2 жыл бұрын мерзімінде босану,тірі,ұл жынысты,салмағы- 3390 гр. 2-жүктілік- 1жыл бұрын,медикаментозды түсік.Қазіргі жүктілігі үшінші, босануы екінші рет. 1 баласы бар.
Есепке 12 аптада тұрған. Жүктіліктің 21-22 аптасы темір жетіспеушілік анемия,суегіздік,созылмалы вирусты гепатит «С» белсенділіктің төменгі дәрежесі.Жүктіліктің 33 аптасы УДЗ бойынша ұрық ішектерінің кеңеюі.Жүктіліктің 25 аптасында копроцнетезден кейінгі жағдай,суегіздік,жүрек ақауы.Түскен кездегі жағдайы ВПГ,ЦСМВ анықталмаған. Қан тобы В (І), резус фактор Rh (+) оң.
Жалпы объективті тексеру.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы ашық. Төсектегі қалпы активті.
Бойы 1,69 см
Салмағы -83,8 кг.
Оң қолда артериалды қан кысымы 130/80 мм.с.б., сол қолда 120/80 мм.с.б.
Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаттары таза. Теріде бөртпелер, тыртықтар жоқ. Тері асты шел май қабаты орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған. Сүйек буын жүйесінде патология жоқ. Сүт безі ұлғайған. Емізік айналасы пигменттелген.
Мүшелеп қарау.
Тыныс алу жүйесі.
Кеуде клеткасы нормостеник. Тыныс алу екі жақта бірдей. Дауыс дірілі өзгермеген. Тыныс алу жиілігі минутына 25. Кеуде клеткасы серпімді. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің 2жағында бірдей ашық өкпе дыбысы.
Аускультация. Екі жақты бірдей везикула тынысы. Сырыл жоқ.
Жүрек қан тамыр жүйесі. Жүрек аймағын қарағанда патологиялық пульсациялар, ісінулер анықталған жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты.
Асқорыту жүйесі. Ауыз қуысын қарағанда тілі ылғалды, таза. Бадамша безі ұлғаймаған. Іші жүктіліктің мерзіміне қарай ұлғайған. Бауыр оң жақ қабырға доғасы астынан пальпацияланады: бауыр шеті жұмсақ, тегіс.
Өт қапшығы пальпацияланбайды. Бауыр, талақ ұлғаймаған.
Зәр шығару жүйесі. Бел аймағын қарағанда патологиялық ісіну байқалмайды. Пастернацский симтомы екі жақтада теріс мәнді. Зәр шығаруы еркін, ырғақты, ауырсынусыз.
Жүйке жүйесі. Сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Сіңір рефлекстері сақталған.
Ішкі секреция бездер жүйесі. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес 1-лік және 2-лік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.
Акушерлік статус.
Жамбасты зерттеу.
Жамбас өлшемдерін өлшеу акушерияда маңызды, себебі жамбастың құрылысы мен оның көлемі босанудың ағымы мен шығуына маңызды рөл атқарады. Қалыпты жамбас босану ағымында өзіндік қиындықтар туғызады. Жамбас өлшемдерін өлшеу барлық зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңызды әдіс. Үлкен жамбас өлшемін өлшеп анықтау үшін арнайы құрал тазометрді қолданады. Зерттелетін жүкті әйел қатты тақтай үстінде арқасымен, екі аяғын созып шалқасынан жатады. Дәрігер зерттелетін жүкті әйелге бетпе-бет тұрып немесе отырып жүргізеді. Үлкен жамбастың 3 көлденең және 1 тік өлшемде өлшейді.
1. Distantia spinarium мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшемдерінің түймелерін осы өсінділердің аралығы сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда 25-26 см тең.
2. Distantia cristarum мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы. Қалыпты жағдайда 28 -29 см ге тең.
3. Distantia trochanterica ұршық аралығы ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31- 32 см ге тең.Қалыпты дамыған жамбаста үлкен жамбастың көлденең өлшемінің аралығы 3 см құрайды. Аз айырмашылық болса қалыпты жамбас құрылысының ауытқығанын көрсетеді.
ортасында, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығында орналастырады. Ол 20-21 см тең. Сыртқы конъюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі ішкі тік өлшемді анықтауға болады. Мысалы, сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 8см алып тастағанда ішкі тең өлшем, нағыз конъюгата 11см-ге тең.
Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер ол Михаэлис ромбасы. Жоғарғы бұрышы 5-бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділерімен сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Жоғарғы жіне сыртқы жағынан бұлшықеттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшықеттерінің қырымен шектеледі.
Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см-ге тең. Бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см-ден кем болса жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.
Мен курациялаған әйелде жамбас өлшемдері төмендегідей:
1. Distantia spinarium 25 см
2. Distantia cristarum 27 см
3. Distantia trochanterica 30 см
5. Conjugata vera 20 9= 11
6. Соловьев индексі- 14 см
7. Михаэлис ромбасы 11 см
Іштің өлшемі және пальпациясы
Ішті өлшеу. Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді. Жүктіліктің соңында іш айналымы 90 100 см тең.Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, ұрықтың көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см ден артық болады.Жатырдың түбінің биіктігін өлшеу, яғни қасаға сүйегінің жоғарғы шегінің жатыр түбіне дейінгі аралық, ал жүктілік мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші акушерлік айдың соңында жатыр өлшемі тауық жұмыртқасындай болады.
2акушерлік айдың соңында (8 апта) жатыр мөлшері қаз жұмыртқасындай болады. 3 - акушерлік айдың соңында жатыр нәресте басымен бірдей болады. 4 - - акушерлік айдың соңында жатыр түбі қасаға мен кіндік ортасында орналасады. 5 - акушерлік айдың соңында жатыр түбі кіндіктен 2 саусақ төмен орналасады. 6 - акушерлік айдың соңында (24 апта) жатыр деңгейін кіндіктің тұсында орналасады. 7 - акушерлік айдың соңында (28 апта) жатыр деңгейін кіндіктен 2 -3 елі орналасады. 8 - акушерлік айдың соңында (32 апта) жатыр деңгейін кіндіктен семсер өскіннің ортасында орналасады. 9 - акушерлік айдың соңында (36 апта) жатыр деңгейі семсер өскіннің деңгейінде орналасады. 10 - акушерлік айдың соңында (40апта) жатыр деңгейі 7 ай кезіндегі деңгейге түсіп, жатыр деңгейі төмен түседі.
Дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын жатырдың биіктігін деңгеиін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Ол үшін сантиметрлік лентамен, жамбас өлшеуіш қолданады. Жатырдың деңгейін өлшеу үшін симфиздің жоғарғы шеті мен жатыр түбінің нүктесі аралығына сантиметрлік лентамен қоямыз. Сантиметрлік лентамен өлшегенде келесі көлемдерді аламыз.
Жатыр түбінің биіктігін анықтағаннан кейін ұрықтың салмағына болжам жасай аламыз. Іш айналымын жатырдың биіктік деңгейіне көбейтеміз.
Жүктілік мерзімі/ Акушерлік ай |
Жатыр деңгейі |
Акушерлік IV ай |
Қасаға мен кіндік ортасында (қасағадан 6см жоғары) |
Акушерлік V ай |
Кіндіктен екі елі төмен (қасағадан 12см жоғары) |
Акушерлік VIай |
Кіндіктің тұсында (қасағадан 20см жоғары) |
Акушерлік VIIай |
Кіндіктен екі үш елі жоғары (қасағадан 24см жоғары) |
Акушерлік VIIIай |
Кіндік пен семсер тәрізді өскіннің ортасында (қасағадан 28-30см жоғары).Жатыр шеңбері 80-85см |
Акушерлік IXай |
Семсер тәрізді өскіннің деңгейінде (қасағадан 34-36см жоғары). Жатыр шеңбері 90см |
Акушерлік X ай |
Сегіз ай кезіндегі деңгейге қайта түсіп,жатыр шеңбері 90-98см-ге тең |
Мен курациялаған әйелде:
Іш айналымы 110 см
Жатыр түбі биіктігі 40 см
Ұрықтың болжам салмағы
Ұрықтың болжам салмағын анықтау әдістері:
А) Якубовтың есебі бойынша:
(Жатыр айналымы (см)+жатыр түбі биіктігі (см)*100
4/ егер ұрық жетілмеген жағдайда 6/
Б) Джонсон есебі бойынша:
Жатыр айналымы(см)*жатыр түбі биіктігі(см)
В) Ланковицаның тәсілі бойынша:
(Жүкті әйел бойы(см)+салмағы(см) +жатыр айналымы(см) +жатыр түбі биіктігі(см))*10
Мен курациялаған әйелде ұрықтың болжам салмағы Джонсон формуласы бойынша 4200 +100
Босанудың болжам мерзімі
Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен , немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы.
Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен үш айды шегеріп он төрт күн қосамыз.
Менің курациялаған әйелімде босанудың болжам мерзімі -24.04.12ж
1.Нәресте бағыты (positio).
Нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы. 1 позицияда - нәресте жатырдың сол жақ қабырғасына; 2 позицияда оң жақ қабырғасына қарап орналасады.
А) Нәрестенің алдыңғы және артқы түрлері бар.
Б) Нәрестенің ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасына нәрестенің жатуы деп атайды.
В) Нәрестенің жамбас қуысына жақын жатқан және босану жолдарынан бірінші болып отетін бөліктерін алғашқы бөлік деп атайды.
Г) Бастың орнығуы төбе жігінің шат пен сегізкөздің мүйісіне қатынасы.2
2.Нәрестенің басымен орнығуы.
Көп жағдайда (95) бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегі алға немесе артқа қарап туылуы мүмкін.
Нәресте басының шалқая орнығуы төбесімен, маңдайымен, бетімен орналасуы мүмкін.
Ұрық түрі (visus). Ұрық арқасының жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасына қатынасы. Егер арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына немесе алдыңғы түрі. Егер артқы қабырғасына келсе артқы түрі болып табылады.
Ұрықтың төмен жақындауы. Кіші жамбас жазықтығына ұрықтың дөңгелек бөліктерінің қатынасы арқылы бағалайды. Егер кіші жамбас қуысына ұрық басымен келсе ұрықтың баспен келуі. Егер ұрық жамбаспен келсе, жамбаспен келуі деп аталады.
Жүкті әйелге пальпация жасағанда белгілі бір жоспар бойынша жүргізіледі. Леопольд бойыншша 4 тәсіл:
Бірінші Леопольд тәсілі екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте, жатыр түбінде ұрықтың жамбасы орналасады. Ол ұрықтың басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау.
Екінші Леопольд тәсілі екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында ұрықтың арқасы , ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Ұрықтың арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай оның позициясы мен түрін анықтайды.
Үшінші Леопольд тәсілі жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын аныөтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса ол ұрықтың басы болғаны.
Төртінші Леопольд тәсілі бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақ ұшын жамбас ұшына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.
Жүрек тондарының аускультациясы.
Ұрықтың жүрек тондарының аускультациясын жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жургізеді. Журук тондарын тыңдау үшін арнайы акушерлік стетоскоппен анықтаймыз. Ұрықтың жүрек тонын жүктіліктің 18 20 аптасында тыңдай аламыз. Тоннның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіәз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда джа жүрек тоны тынық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналапсуына байланысты.
Ұрықтың 1 позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, 2 позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады. Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады. Мен сұрастырған босанушы әйелде ұрығының жүрек соғысы ритмді 140рет минутына.
Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау.
1 алдыңғы, 1 позиция баспен.
2 артқы, 1 позиция баспен.
3 алдыңғы, 2 позиция баспен.
4 артқы, 2 позиция баспен.
5 алдыңғы, 1 позиция жамбаспен.
6 артқы, 2 позиция жамбаспен.
7 алдыңғы, 2 позиция жамбаспен.
8 артқы, 2 позиция жамбаспен.
Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.
Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегейлі қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі.Кусно немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Кусно айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны алып жатыр мойнын ұарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен артқы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейін оған параллель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз.жатыр мойнын және қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз.
Қынаптық зерттеу
Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші және үшінші саусақтарыды қынапқа енгізе отырып , төртінші жіне бесінші саусақтарды бүгеді. Бірінші саусақты жоғары көтереді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері ( созылу, тегістігі,т.б), қынап күмбезі, жатыр мойны (ұзындығы, пішіні, т.б) және жатыр мойнының сыртқы тесігінің ( пішіні, ашық,жабықтығы) анықталады.
Мен курациялаған жүкті әйелде қынап қабырғасының және жатыр мойнын кілегейлі, бөліністері ақшыл.
P.V: жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді, ұзындығы 2 см. Қағанақ қабы жоқ, ұрық басымен кіші жамбас кіре берісіне келіп тұр. Төменгі сегментке өтуі доғал. Мүйіске қол жетпейді, жамбас сүйегі деформациясыз.
Жалпы қан анализі
Жалпы несеп анализі
Диагнозды негіздеу
Түскен кездегі диагноз: жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың 1-кезеңі.Гепатит «С» тасымалдаушы ВПГ,ЦМВ. Диагнозды негіздеу: Босанушы әйел толғақпен шағымданады. Жүктілік келесі белгілермен нақтыланды:
Мен курациялаған босанушы әйелдің мерзімі жүктіліктің 41 аптасы,2күн. Қынап арқылы зерттегенде ұрық басы жамбас кіреберісінде орналасқан.
24.04.12ж қағанақ суы кетті. Амниотомия жасалды.
Клиникалық диагноз: жүктіліктің 40 аптасы. Ұрық ұзыннан орналасқан. Басымен келуі. I позиция. Алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі.
Босанушының кезең бойынша босану жоспарын жүргізу
Босану, partus normalis- бұл ұрықтың шығу актісі және бала жолдасы қағанақ суымен бірге босану жолдарынан шығуы.
Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөледі:
Босануды жүргізу жоспары. Босанудың I кезеңін жүргізу
Босанудың II кезеңін жүргізу
Босану механизмдері:
Шүйдесімен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1 негізгі - ұрық басының кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы,
Қосымшасы басының сәл бүгілуі.
2 негізгі ұрық басының кіші жамбас қуысына енуі,
Қосымшасы басының ішкі бұрылысы.
Ұрық басы сагитталды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы сәл бүгіледі, сол уақытта кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жақындап, өткізгіш нүкте болады.
Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы кіші жамбасқа еніп, бір уақытта ішкі бұрылыс жасайды: беті сегізкөзге, шүйдесі шатқа қарайды. Бұрылыс жамбас түбінде аяқталып, сагитталды жік жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
Толғақ пен күшенудің әсерінен әуелі жыныс жолдарынан кіші еңбегі туылады, ұрықтың шүйде асты ойығы қасаға астына келіп тірелгенде, бірінші айналым нүктесі пайда болады. Ұрық басы сол айналу нүктесінде шалқайып, беті толық туылады. Бұл мезгілде ұрықтың иықтары жамбас түбіне түсіп, ішкі бұрылысын аяқтайды, жамбас шыға берісінің тік өлшеміне сәйкес орналасады.
Иықтарының ішкі бұрылысы әсерінен басы сыртқы бұрылыс жасайды, бетімен позицияға қарама қарсы, анасының санына қарай. Алдыңғы иығы қасаға астына келіп тірелгенде екінші айналым нүктесі пайда болады. Осы нүктеде денесі бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай денесі кедергісіз туылады.
Жарып шығу жазықтығы кіші қиғаш өлшем 9,5 см, айналымы -32 см.
Кіші жамбас қуысынан ұрықтың басы өткенде орналасу физиологиялық ұрық басы жыныс қуысынан көрінгеннен бастап, акушерия көмегіне дайындайды. Біріншіден, анаға түсініктеме береді- акушерия көмегі кезінде дұрыс терең тыныс алуын сұраймыз. Акушерия көмегін ұрық басы жыныс қуысынан «кесіп-жарып» өткенде асқынуларды алдын алу үшін акушерия көмегі көрсетіледі. Ұрық басымен жатқанда көрсетілетін бірнеше қол әрекеттерінен тұрады.
I-тәсіл. Ұрық басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қадағалау. Ол үшін акушер сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан «кесіп-жарып» шығып келе жатқан жамбас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарынан тез жылжымауына кедергі жасайды.
II-тәсіл. Аралық ұлпасына түсетін күшті азайту. Ол үшін оң қолды алақан жағымен аралыққа қойып, төрт саусақпен сол үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын босаңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып оны қорғайды, сойтіп оған түскен күшті азайтады.
III-тәсіл. Әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады. Күшену күшін реттеу үшін , шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде әйел күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алу керек. Акушер әйелдің күшені біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп оң қолдың саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолмен басты жоғары көтеріп шығарып алады.
IV-тәсіл. Нәресте шығып, оны тудырып алады. Ұрық басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенгенде , бас бетімен позицияға қарама қарсы ананың оң және сол санына бұрылады. Иық іштей бұрылыс жасап, жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы, содан кейін артқы иығы шығады. Ол үшін акушер нәрестенің басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша , оны жәймен төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып , сол қолымен басты жоғары көтеріп , артқы иықты босатып алады. Иық белдеуі шыққан соң сол қолдың астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп нәрестені тудырып алып анасының ішіне жатқызамыз.
Босанудың III кезеңі
Нәресте туылғаннан кейін активті түрде босанудың III кезеңі басталады.
Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін арнайы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.
Егер бала жолдасы өздігінен түспесе, онда мына тәсілдерді қолданады:
Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеуі қажет. Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса, онда жатыр қуысын қолмен тексереді, босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап, жарақаттанған жерлерге жіп салады.
Үшінші кезеңде әйелді тасымалдауға болмайды.
Жатыр мойнын тексеруге негізгі көрсеткіштер:
Босану жолдарының жарақаттануы кезінде арнайы құралдар арқылы тігіледі. Кейбір жағдайларда босану жолдары жарақаттану кезінде тігіссіз өзі бітісіп кетеді. Ұрық жолдасы қалыпты , өзгеріссіз.
Босанушының босану ағымы
I-кезең
0235: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б.. Пульс минутына 84 рет. Толғақ 10 минутта 5рет. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты. Нәресте басы кіші жамбас астауында.
0245: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық АҚҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс минутына 84 рет. Ұрық жүрек соғысы анық,144 рет минутына. Толғақ 10 минутта 5рет.
0255: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б.. Пульс минутына 85 рет. Ұрық жүрек соғысы анық,146 рет минутына. Өздігінен ақшыл түсті қағанақ суы кетті. Күшену басталды. Ұрық басы жарып шықты.
II-кезең
0305: Мерзімінде босану болды. Тірі қыз жынысты нәресте басымен келіп туылды. Айқайы қатты, бұлшықет тонусы жақсы сақталған, терісі ақшыл қызғылт. Кіндік шеңбері қасаға мен сесмер тәрізді өскіннің аралығында орналасқан. Туылысымен анасының кеудесіне жатқызылды.
АПГАР шкаласы бойынша 9/10б. 1-минутта утеротоникалық мақсатта б/е-ке 10 бірлік окситоцин енгізілді.
III-кезең
03:10: Активті түрде жатырға контур қысым жасалды . Кіндік баудан тарта отырып бала жолдасы 3 тракциядан кейін туылды. Бала жолдасының бөліктері түгел және қағанақ қабы бүтін. Салмағы-750г,көлемі-21х22х2,0см. Кіндік бау ұзындығы-54см. Босану жолдарын стерильді салфеткамен сүртілді. Жалпы қан шығыны 250 мл.
Мен курациялаған босанушы әйелде босану кезеңдерінің жоспары төмендегідей:
04:05: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б.б. Пульс минутына 84рет, ритмді. Қанды бөліністер байқалмайды.
Нәресте жынысы- қыз
Бойы- 57см
Салмағы-4000,0г
Бас шеңбері-37 см
Кеуде шеңбері-36 см
Жетілген,тірі
АПГАР шкаласы бойынша 9/10
Жалпы жоғалтқан қан көлемі -250мл
Жаңа туған нәретені біріншілік өңдеу
Алғашқы екі сағатта нәресте «теріге тері» әдісімен анасының үстіне жатқызылады. Өңдеу босануды жүргізген акушер немесе балалар медбикесімен бірге жүргізіледі. Босанудан кейінгі нәрестені электронды термометрмен ден температурасын 30 минут ішінде өлшейміз. (t-36.0-37.5ºC). Туылғаннан кейін бір сағат ішінде профилактика ретінде нәресте көзіне 1% тетрациклин немесе эритромициндік мазь жағамыз. Кіндік шеңберінен 0.3 см аралықта Роговин қысқышын кигіземіз, стерильді кіндік шеңберінің қалдығын 0.3-0.5см жоғары бөлігінен кесеміз. Қатты қысып орауға болмайды. Нәресте салмағын және бой ұзындығын өлшеу барлық ережелерді сақтап екі сағаттан кейін жүргізіледі. Нәрестені туылғаннан кейін неонатолог қарайды. 2 сағаттан кейін нәресте жағдайы жақсы болса , нәрестені анасымен бірге босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады.
Мен курациялаған әйелдің нәрестесі екі сағат бойы «теріге тері» әдісі бойынша анасының үстіне жатқызылды. Нәресте дене температурасы 37.2ºС болды, көзіне 1% тетрациклин жағылды, кіндік шеңберіне Роговин қысқышы салынды.
Нәресте анасымен бірге екі сағаттан соң босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды.
Нәресте туралы мәлімет
24/04/2012 сағат 0305- те қыз жынысты нәресте дүниеге келді. Жағдайы қанағаттанарлық, салмағы-4000,0гр, бойы-57 см, бас шеңбері-37 см, кеуде шеңбері-36 см. Терісі кілегейлі, ылғалды, таза. Кеуде торы пішіні қалыпты. Тыныс алу жиілігі -45 рет минутына. Жүрек тоны анық, ырғақты. Пульс -78 рет минутына. Ішкі ағзалар: іші жұмсақ. Барлық жүйелері қалыпты.Жүйке жүйесі ерекшеліксіз. Бұлшықет тонусы қалыпты.
АПГАР шкаласы бойынша:
Уақыты |
Тері |
Тыныс |
Ж.С.С |
Рефлекс |
Тонус |
|
1 мин соң |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
9 |
5 мин соң |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
10 |
Бірінші тәуліктегі жаңа туылған нәресте жағдайы
24/04/2012 Нәресте мерзімінде туылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты, май клеткасы дамыған. Басының шаш ұзындығы 2 см. Кіндік шеңбері қасаға мен семсер тәрізді өкіннің ортасында орналасқан. Айқайы қатты. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс 144 рет. Температурасы 37.2ºC . Іші жұмсақ, ауырсынсыз. Зәр шығаруы еркін. Дене салмағы 4000гр, бой ұзындығы-57 см.
Аудару эпикризі
0405: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б.. Пульс минутына 84 рет. Жатыр тығыз. Әйел өздігінен зәр шығарды,зәр ашық түсті. Қанды бөліністер байқалмайды. Босанушы массасы 4000,0гр, бойы 57см баласымен қанағаттанарлық жағдайда босанудан кейінгі бөлімге аударылды.
Бақылау күнделігі
I тәулік. 25.04.2012
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Тамыр соғысы минутына 84 рет. Тыныс алу жиілігі 16 рет. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 144 рет. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
II тәулік. 26.04.2012
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық . Шағымдары жоқ. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тамыр соғысы 82 рет. Тыныс алу жиілігі 20 рет минутына. Сүт бездері жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз, кіндіктен екі көлденең саусақ төмен. Зәр шығаруы ауырсынусыз. Бөліністері аз, ал қызыл түсті.
III тәулік. 27.04.2012
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. АҚҚ 110/70мм.с.б. Тамыр соғысы 82рет. Тыныс алу жиілігі 18 рет минутына. Сүт безі жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз. Зәр шығаруы ауырсынусыз,еркін.
Шығару эпикризі
Екінші рет босанушы Наурызбаева Самал Калуова 26 жаста. Қалыпты жамбас өлшемдерімен және жүктіліктің 40 аптасында,перзентханаға толғақпен келіп түсті. 27.04.2012 сағат 0305 -те босанды. Жынысы қыз бала . Салмағы 4000,0г, бойы- 57 см. АПГАР шкаласы бойынша 9/10 балл. Жалпы қан жоғалтуы- 250 мл.
Ds:
Ι кезең- 13 сағат 55 мин
II кезең -10 минут
III кезең 5минут
Босануға кеткен уақыт: 14 сағат 10 минут
Босанғаннан кейінгі кезең ағымы:
3 тәуліктен кейін әйел нәрестесімен үйіне шығарылды.
Ақыл-кеңес:
Тағайындау: