Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

І. Кіріспе ІІ

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық туризм және сервис кафедрасы

КЕЙС

Тақырыбы : Кіру және шығу туризмінің экономикалық тиімділігі

 

.

Орындаған: Алтынбеков Н.

Тобы : ЭФ-10-8К

Қабылдаған : Қонысова Ш.

Шымкент 2013 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде.

2.1 Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері

2.2.  Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары

2.3. Халықаралық туризм нарығының мотивациясы және нары    құрылымы

2.4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі

Ситуациялық жағдай

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның күрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса (өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс жөне үсыныс заңы, бәсекелік баға шығару және т. б.), екінші жағынан, туризм — бүл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі жөне халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы зандылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.

Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-қүлқын зерттейді, өйткені олар туристік онімдерді өндіреді, беледі, айырбастайды және түтынады.

Туризм экономикасының түйінді мәселелері мыналар :

  1.  адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын объективті факторлар;
  2.  адамдардың туристік қажеттерінің мазмүны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы классификациясы;
  3.  туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
  4.  туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері, туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау;
  5.   қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы ту-
    ристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;

6)  мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жүмысының
қаражат және экономикалық ерекшеліктері;

7)  микро- және макродеңгейдегі туризмнің экономикалық және әлеуметтік әсері.

Туризм жүмысының экономикалық механизмін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бүл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы толық мағлүмат болу керек; екіншіден, бүл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп-білу қажет.

2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде.

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның күрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса (өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс жөне үсыныс заңы, бәсекелік баға шығару және т. б.), екінші жағынан, туризм — бүл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі жөне халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы зандылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.

Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-қүлқын зерттейді, өйткені олар туристік онімдерді өндіреді, беледі, айырбастайды және түтынады.

Туризм экономикасының түйінді мәселелері мыналар :

  1.  адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын объективті факторлар;
  2.  адамдардың туристік қажеттерінің мазмүны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы классификациясы;
  3.  туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
  4.  туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері, туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау;
  5.   қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы ту-
    ристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;

6)  мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жүмысының
қаражат және экономикалық ерекшеліктері;

7)  микро- және макродеңгейдегі туризмнің экономикалық және әлеуметтік әсері.

Туризм жүмысының экономикалық механизмін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бүл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы толық мағлүмат болу керек; екіншіден, бүл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп-білу қажет.

Қазіргі шақтағы туризмнің жалпы экономикалык механизмі келесідей ережелермен ашылуы мүмкін .

  1.  Қазіргі туризм нарықтық ортада мемлекеттің бақылауымен және реттеуімен, сонымен қатар басқа да
    қаражат, экономика институтымен және үйымдармен жүмыс
    істейді. Мүны былай түсінуге
    болады, барлық туристік
    фирмалар мен үйымдар үш негізгі экономикалық таралу
    кағидаларымен жүмыс істейді:

біріншіден, олар басқарудың ерікті болуын жөне соған сәйкес бастамамен жауапкершіліктің бос болуын қалайды;

екіншіден, олардың шаруашылық іс-өрекеттері объек-тивті түрде туристік нарыктың зандарына бағынады (қүн заңына, сүраныс пен үсыныс, бәсекелестік, акша айналымы, баға күру заңына);

үшіншіден, турист және табиғат үшін туризмге әлеуметтік және адамгершілік бастаманы енгізуге, мемле-кеттік және қоғамдық институттар туризмдегі нарық процестерін реттеуге тырысады.

2.  Туристік фирмалардың нарық ортасында жүмыс істеуі
туристік нарықтың ерекшеліктері мен зандылыктарын
объективті турде оқып-білуді қажет етеді. Туристік нарықты
окудағы негізгі аспектілері келесілер:

туристік нарықгың жүмыс істеу механизмі, оның сегменттері, маусымдық сипаты;

туристік нарық пен оның сегменттерщщ жұмысы;

бағаның қалыптасуы және туризмдегі бағаның кұрылуы:

туризм сферасындағы сұранысқа әсерін тигізетін  факторларды оқып-білу және баға мен табыстың сұраныстың төлем қабілетіне әсері;

туристік қызметке ұсыныс жасауға әсерін тигізетін факторларды оқып-білу, сондай-ақ құнды және қүнсыз факторлардың әсерін де қарастыру.

3. Ұзақ мерзімдік болашаққа, туристік нарықтагы эконо-
микалык теңдестік, туристік индустрияға объективті қаражат экономикалық   талдау   жасауды   қажет   етеді   (оның құрылымы,
даму тенденциясы мен жағдайы, функциялык ролі мен бағыты). Туризмнің материалдық-техникалық базасына және ресурстарына талдау жасау, нақты іске асатын туристік ұсыныстарды шешуге сондай-ақ туристік өнімдердің сапасы туралы көмек береді.

  1.  Туризм экономикасының маңызды мәселесі - бүл салада жұмыс күшін пайдалану. Сондықтан да туристік іс әрекеттің экономикалық әсері оның барлық көріністерінде терең талдау жасауды керек етеді. Еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығына талдау ерекше көңіл қоюды қажет етеді.
  2.  Туризм экономикасы негізгі мәселе ретінде іскерлік іс-әрекет пен туристік фирмалардың нарықгағы тәртібі туралы такырыптарды зерттейді. Бұл туризмдегі іскерлік іс-әрекеттің айрықшылығына есеп жүргізу, коммерциялық есепті терең білу, бұл жүмысты жоспарлау, әсіресе, бәрінен бұрын биснес-жоспар жасау, сондай-ақ бухгалтерлік және басқару есепгерін білу.

Туризмдегі іскерліктің маңызды мәселесі ол туристік фирманың шығынына, кірісіне, жалпы пайдасы мен табысының шегіне талдаулар жасау. Шығынның шегі мен табыстың шегін білу фирманың туристік нарықтағы тортібі мен орнын шешуге мүмкіндік береді.

  1.   Туризм экономикасының маңызды бөлімітабыс
    факторларына
    талдау жасау: жүмыс ақысы мен еңбектің
    бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристік
    рента
    іпайыз түрінде түсетін табыс). Туристік рента мәселесі мен
    өнімдер шегіне
    ерекше көңіл аудару керек. Бүл туризмді
    өзіндік қаржылаудың ішкі  көздерін  анықтауға  мүмііндік

береді және туризм сферасындағы өндіру факторларыныя өнімділік шекарасын белгілейді.

7. Туризм экономикасы өзіне қаржы мәселесін ле енгізеді: турфирмалардың өзінің қаржы ресурстары, кредит алу мүмкіндіктері, банкімен және банк жүйелерімен өзара қатынасы, барлық деңгейдегі бюджетпен қатынас және салык салу.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онысыз бүгінгі күні экономика ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес.

Казіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп түрады. Бұрын туризмде алдыңғы рольде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде, Олардың орнына жаңа озатгар келуде.

Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:

өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;

белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде.

туристік өнімді өндіретін, оны к: жөне айырбастауды зерттейтін коғамдық ғылым

туристік  экономика  жүйесінің  барлық деңгейіндегі адамның   мінез-күлқын   зерттейтін   қазіргі   экономикалық  теория ретінде;

Фундаменталды  экономика  жағынан  қарасақ,  туризм дегеніміз ол экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гөрі, кобінесе әлемдік шаруашьшық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен катар  туризм көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің катализаторы. Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда  басқа өндірісте өндірілген өнімнің бір бөлігін ғана апарып қоймайды,  сонымен  қатар  онда  жаңа  жұмыс  орнын да құрады.

Казіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:

индустриялдық түрде болады:

туристік  өнім  мен  қызмет  түрінде  көрінеді,   оны науға және көлікпен тасуға болмайды;

жаңа    жүмыс    орындарын    құрайды    жене    жаңа аандарды игерудегі  алғашкы  қарлығаш,  сонымен  катар ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болады;

туризмге мамандандырылған елдің пайдасына үлттық табысты қайта бөлу механизмі ретінде кіріседі;

үлттық табыстың өсуіне, жергілікті инфрақүрылымның имуы мен жергілікті халықтың өмір деңгейінің осуінде мультипликатор рөлін атқарады;

жоғарғы деңгейдегі әсерлілікпен және инвестицияның жылдам қайтарылуымен сипатталады;

табиғат пен мәдени мүраны қорғаудың тиімді құралы ретінде жүмыс істейді, өйткені оның негізгі ресурстарының базасын осы элементтер күрайды;

 барлық шаруашылық салаларымен және адамның іс-рекет түрлерімен сәйкес келе береді.

Сонымен, туризм аймақтың немесе елдің экономика сына белсенді түрде эсер ете алады, онда ол оның шаруашылық, әлеуметтік және гуманитарлық негізінде дамиды. Нарық экономикасында өндірістік қорлардың заттық факторлар қозғалысы қүндық қажеттілігін туғызады. Күнды және материалдық қажеттіліктер біртұтас болады. Бүл бірлік өндірістік қорлардың мәнімен анықталатын қажеттіліктің сипаттамасы болып табылады.

Заттық және күндылық формаларының бірлігін ескере отырып, өндірістік қорларға деген қажеттіліктерді анықгау дегеніміз ынтымақгыстығын техникалық жене технолога ялық шешімдерді таңдауда құндық параметрлер де қатысуы керек деген сөз. Олар күрастырушылардың техникалық таисыр-маларында болуы қажет. Өндірістік жабдықтардың элементтерінің құнын жоғарылату жаңа өнімдер түрін (қызмет) игерудегі турфирмалардың қаражаттарына қатты әсерін тигізеді, ол игеруге кететін жоғарғы шығынмен байланысты, себебі олардың орны түсксн табыспен әр уақытта тола бермейді. 

Қазіргі туризм- әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебіне қарағанда бір шетел туристінен түсетін пайданы түсіру үшін әлемдік рынокқа 9 тонна тас көмір, немесе15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай шығару керек. Бұл елдің энерготасушыларын кемітеді, ал турситік индустрия қайта жанданған қорлардың арқасында арқасында істейді. Шетел экономистерінің  есебі бойынша100 мың турист, орташа есеппен қалада өткізген 2 сағатта 350 мың доллардан кем жұмсалмайды, немесе әр- бір адамға бір сағатта 17,5 доллардан жұмсайды. Сонда өңделмеген өнімді сату шығар жолға жоқ бекініс, ал туризмді дамыту- ұзақ, экономикалық жағынан тиімді даңғыл жол.

Туризм мемлекеттік экономикаға  үш пайдалы әсер береді

1. Шетел валютасының құйылуына әсер етіп, ақы төлеу балансы және экспорттық жиынтық саудаға жағымды пайда келтіреді.

2. Халықты еңбекпен қамтамасыз етуге көмектеседі.. БТҰ  және туризмнің Бүкіләлемдік кеңесінің бағасы бойынша туризм индустриясының әрбір жұмыс орнына 5 тен 9 ға дейін жұмыс орнеы келеді. Туризм тікелей және жанама экономикалық 32 саласының дамуына көмектеседі.

3. Елдің инфраструтуралық құрылымын дамытуға көмектеседі.

Туризм елдің көптеген аудандарының экономикасына әсер етеді.

Туризм саласында шаруашылық нысандарын ашып, оларды жұмыс істету жас транспортының, коммунальды- тұрмыстық қызметтің, мәдениет, медициналық қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Сонымен, туризм индустриясы басқа экономикалық секторларға қарағанда күшті мультипликотор болып табылады.

2.1 Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері

Нарық – тауарларды  сатып  алу-сату формасындағы  өнім  өндірушілер  мен  тұтынушылар   арасындағы  жанама,  тікелей  екі  жақты  байланыс:  тауар-ақша  қатынастарын  іске  асыру саласы, сонымен  бірге  құралдардың,  әдістердің,  жабдықтардың,  ұйымдық-құқықтардың  нормалардың,  құрылымдардың  және  т.б. сондай  қатынастардың  орнығуын   қамтамасыз  ететін  барша  жиынтық.  

 Экономикалық  әдебиеттерде  нарықтың  табиғатын  анықтауда  әртүрлі  әдістер  бар.   Тар  мағынада  нарық – ол  қызмет пен  тауарға  ұсыныс пен сұраныстың  кезігуі  және  олардың  бағасының  қалыптасу орны  немесе – нақты  территория мен  экономиканың  нақты  ортасында  орындалатын  келісім (сделка)  жиынтығы .

 Туристік  нарық  (туристік  қызмет  нарығы) – ол  нақты  орын  мен  нақты  уақыттағы  ерекше  туристікистік   тауар  мен  қызметті   сатып алу-сату  процесімен    қамтамасыз  ету  үшін  сұраныс  пен  ұсынысты  біріктіруші  қоғамдық экономикалық  құбылыс.  

Туристікистік нарық - ол туристікистік қызмет көрсетулерді сатып алушылар мен сатушылармен бірге жүретін институт немесе механизм б.т. Туристік нарық жай тауар нарығына карағанда  тауарды  тұтынушы  алдына  жеткізуі  карастырылады. Керісінше, сатып алушының өздері   резервтелген қызмет көрсетулерді алу үшін белгіленген орынға орналастырылады.

Нарық – бұл алмасу саласы. Туристік нарықтағы алмасу заты саяхатшыларға әр түрлі қызмет көрсетулермен  қажеттілігін  қанағаттандыру бойынша туристікистік индустрияның (қонақ үй, ресторан, тасымалдаушы, бос уақыт кәсіпорыны, саяхыатты ұйымдастырушылар және т.б.) әртүрлі кәсіпорынның қызметін ұсынатын туристікистік қызмет көрсетулер болып табылады.

Туристік нарықты мынандай белгілері бойынша жіктеуге болады:

География бойынша - әлемдік, аймақтық, жекелеген елдің, ішкі ел, қала аудандарының нарықтар және т.б.;

Ұлттық аймаққа қарым қатынасының белгілері бойынша халықаралық туристікизм нарығы (кіру және шығу), ішкі туристікизм нарығы;

Туристтердің толассыз келуін реттейтін және туристтерді қабылдайтын нарықтар;

өндіріс пен өтімнің шоғырлану деңгейі бойынша – монополиялық, олигополитикалық нарықтар және еркін бәсекелестік нарығы;

сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс деңгейі бойынша сатушы нарығы (жоғары сұраныс және ұсыныстың шектеулілігімен және сатып алушы нарығы ұсыныстың сұраныстан асып түсуімен сипатталады).

Туристік терминологияда “аймақ” деген түсінік бар,   және ол аймақтың үш типі бар:

1) географиялық аймақтар, мысалы, Батыс Еуропа немесе Солтүстік Африка;

2) әкімшілік аймақтар, мысалы, Ярославль облысы;

3) табиғи – климаттық аймақтар, мысалы, теңіз курорттары, Тынық мұхит бассейн.

Туристердің аймақтар ішінде үздіксіз ағылып келу қозғалысын – интрааймақтық және аймақтар арасындағы -  интераймақтық деп бөледі. Соған сәйкес туристік сапарларға шығатын адамдардың саны үнемі өседі, және туризм әлемдік экономикаға сияқты, жекелеген елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына көбірек әсер етеді. Халықаралық туризмнің әлемдік экономикаға әсер етуін зерттеудің маңызды бағытының бірі – туристік нарық көлемін анықтау. Нарық сиымдылығын (көлемін) анықтау үшін табиғи және ақша түріндегі шындыққа негізделген нәтиже маңызды. Бір жыл ішінде саяхат жасаған және жекелеген бір елге туристік  мақсатында келушілер есебінде тіркелгендердің санын анықтау “келушілер саны” деп аталатын халықаралық туризм нарығы көлемінің маңызды көрсеткішін анықтауға қызмет етеді. Шетелден келетін келушілер санымен қатар туристікистік нарық сиымдылығының көрсеткіші халықаралық туристікизмнен түскен ақша болып табылады.

Шетел қонақтарының келу санын белгілеу әр елде ДТҰ жасаған әдістеме бойынша жүзеге асырылады, ол есептеу тәсіліндегі біркелкілікті және мемлекеттік деңгейге сәйкес елдер бойынша статистикалық есеп жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді .

 Туристік нарық пен жекелеген елдердің әлемдік туризмінің дамуына қосқан үлесін бағалау мүддесімен туристік нарықты шығу туристікизм нарығы мен келу туристікизмі нарығына бөлу қабылданған. Шығу нарығының көлемі елден шығу санымен, келу туризмі – келу санымен анықталады. Келу және шығудың жалпы саны реципиент елдер мен халықаралық туризмнің генератор елдері бойынша бөлінеді. Туристтердің үздіксіз келуін генерациялау туристік қызмет көрсетудің импортын білдіреді, ал шетел туристін өз елінде қабылдау мен қызмет көрсету – халықаралық туристік қызмет көрсетудің экспортын білдіреді .

Келушілер санының көрсеткішінен басқа, халықаралық келу туристікизмі нарығының көлемі халықаралық туризмнен түскен түсім көлемімен анықталады, оның қайнар көзі шетел қонақтарының туристік қызмет көрсетулерге кеткен шығындары болып табылады. Халықаралық шығу туризмі нарығының көлемі резиденттердің елден шетелдерге саяхат жасауға шығу санымен және олардың шетелдерде болған кезіндегі кеткен ақша сомасының шығындарымен анықталады.

   Туристік қызмет көрсетулерді нақты өндірушілер үшін мақсатты туристік нарықтың сыйымдылығы (қызмет көрсетуді) сату санымен анықталады. Стратегиялық маркетингтік шешімді өндіру, мақсатты сегментті, өтім каналдарын таңдау, баға саясатын талдау және көптеген басқа міндеттерді талдау үшін нарықты үнемі зерттеу жүргізу қажет.

Туристік нарықты зертеу мақсаттары мынандай:

жалпы сипаттама беру және нарықтағы өзгеріс тенденцияларын анықтау;

нарықтаға бәсекелестік жағдайды бағалау;

негізгі тұтынушыларға сипаттама беру;

өнім мен осы нарықта қызмет көрсетудің қозғалыс жүйесін анықтау;

туристік ұйымның қызметіне әсер ететін ішкі орта дамуының тенденцияларын айқындау және т.б.

Мұндай зертеулер нәтижесінде нарық конъюнктурасын, яғни оның белгілі бір уақыт кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік – экономикалық, табиғи және басқа факторлардың әсерімен байланысты жағдайын анықтайды. Нарық конъюнктурасын туристік қызмет көрсетудің сұранысы мен ұсынысының ара қатысы, баға мен кірістің деңгейі, мемлекеттік реттеу деңгейі, сұраныстың маусымдық тербелісте болуы сияқты параметрлер сипаттайды .

Сыртқы факторларға нарықты макроқоршауды сипаттайтын STEP – факторлар жатады (STEP – “sociology”, “technology”, “economics”, “and politics” деген ағылшын сөзінің қысқармасы). STEP – факторларды талдау кезінде халықаралық туристікизмде макроқоршау, экономика, ғылыми – техникалық прогресс, саяси орта, демография, мәдени және табиғи орта сияқты элементтер қарастырылады .

Экономика. Туристік нарықтың конъюнктурасын талдау кезінде экономика жағдайы мен қалыптасушы тенденцияларына көңіл аудару қажет (ВВП динамикасы, төлем баланысының жағдайы, инфляциялық процесстер, аймақ динамикасы және кіріс деңгейі бойынша жұмыссыздар деңгейі). Экономикалық факторлар сатып алу мүмкіндігіне де әсер етеді, демек сұранысқа да әсер етеді. Жалпы сатып алу мүмкіндігі ағымдағы кірістермен, жинағының болуымен, баға деңгейімен және несиеленудің деңгейімен анықталады.

Ғылыми – техникалық прогресс. Бұл саладағы өзгеріс болжауға қиын беріледі; қандай саланың дамуына мемлекет және ірі корпарациялар бірінші кезекте қаражат салатынын солармен бақылауға болады. Өнімдеріне технологиялық өзгерістер әсер етуі мүмкін кәсіпкерге, өз мүдделерін сақтау үшін техникалық жаңалықтардың пайда болуын бақылау қажет.

Саяси орта. Әңгіме туризм индустриясы мекемелерінің жұмысын, мемлекетаралық қарым – қатынастарды, қоғамдық институттың әсер етуін (мысалы, адам құқығы) реттейтін саяси тұрақтылық, заң актілері, үкімет органдарының қызметі туристік болыпа табылады.

Демография. Бұл жағдайда бәсекелестікті құрушы факторлар демографиялық тренділер, еңбекке қабілетті жастағы халық санының динамикасы, халықтың жасына сай құрлымы, жасы, жынысы, ұлты және т.б. статистикалық белгілері бойынша топтарға бөлінуі болып табылады.

Мәдени орта. Жүйеге құндылықтардың, білім деңгейінің өсуі, мінез – құлық ережесінің өзгеруі, мысалы, барлығына отандық сән үлгісі немесе керісінше импортқа, салауатты өмір салтына, ұтымды тамақтануға, әсер етуі ескеріледі.

Табиғи орта. Бұл туристік ресурстар мен экология жағдайы. ХХІ ғасырдың басында адамдар табиғи ресурстар толықтырылмайды деп мазасызданған болатын. Туризм үлкен деңгейде осы факторға тәуелді болады.

2.2.  Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары

Әлемдік халықаралық туризмде ДТҰ 6 туристік  аймақты бөледі: Еуропа, Азия – Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік Азия, Америка, Қиыр Шығыс, Африка.

Әлемдік туризм ауданы бойынша салыстырмалы түрде шығын шоғырланудың жоғарғы деңгейімен сипатталады. ХХІ ғасырдың басында әлемдік туризмнің үздіктері Франция, Испания, АҚШ, Италия, Қытай, Ұлыбритания, Канада, Мексика, Австрия, ГФР болды. Бұл елдердің алтауы Орталық және Батыс Еуропада орналасқан: Франция, Испания, Италия, Ұлыбритания,  Австрия, ГФР.

Еуропа. Еуропалық туризмнің белсенділігі ең алдымен аймақтық жақындығымен және туристік ресурстардың жеткіліктілігімен түсіндіріледі. Еуропаның ішкі аймақтық туризм көлемі бойынша да озық екендігі таңқаларлық емес. Еуропалық континентте қымбат емес жер үсті транспорттарын (автомобиль, автобус, поезд) қолданумен көрші немесе жақын жатқан елдерге саяхат жасауға, ауданы бойынша салыстырмалы шағын өте көп мемлекеттер орналасқан. Мысалы, Испанияға баратын барлық қонақтардың 90%-ы Еуропадан өтеді. Қонақжайлық индустриясы кәсіпорынын жаңартуды күшейту, қызмет көрсету саласын, жарнама компаниясын кеңейту, сол сияқты мемлекетаралық шекараларды оңай кесіп, туристерді тарту және Еуропалық рекрациялық ресурстарды белсенді пайдалануды қалыптастырады.

ХХ ғ. 90 жылдардың ортасында Еуропалық аймақтың дәстүрлі лидерлеріне (Франция, Испания, Италия) Израиль және Турция жақын келді бұл елдердегі кіру туризмі неғұрлым жылдам қарқынмен дамыды.

ХХІ ғ. басында Еуропалық туризм динамикасы бәсеңдеді және 2001 ж. 11 қыркүйегіндегі оқиға – бұның жалғыз себебі емес. Еуропалық кіру туризмінің көлемі 2001 ж. қыркүйек – желтоқсан айларында 6%-ға қысқарды. Сиыр құтыруы мен аусыл індетінің (эпидемия) өршуі Ұлыбританияға, Ирландия мен Нидерландыға сұраныстың 5-6%-ға түсуіне алып келді. Израилдың – палестиналық кикілжіңі аймақ кикілжіңі әсер еткен туристік индустрияда теріс жағынан көрінді.

Бірақ, әуе транспортымен саяхаттаушының санының қысқаруы қандай да бір шамада темір жол және  автомобиль транспортымен саяхаттаудың санының өсуінен алып  келді. Еуропа елдері 2010 ж. туристік ағымның бар болғаны 0,7%-ға ғана түскенін көрсетеді. Шығыс Еуропаның бірқатар елдері өзінің бағыттарын тұрақтандырды. 2010 ж. Болгарияға барған туристікистер саны 14%-ға, Эстонияда 9%-ға, Словакияда 13%-ға өсті. Қазіргі уақытта позитивтік тенденциясы сақталған.

Оңтүстік – Шығыс Азия және Тынық мұхиттық аймақ. Бұл 2009 ж 7,5% құраған, өсу қарқыны бойынша Еуропаны басып озған неғұрлым динамикасы дамушы туристік аймақ. 2009ж бұл аймақтың елдері 93,7 млн. туристерді қабылдады.

Бұл жерде сол сияқты, үлесіне келудің 70%-ы сәйкес келетін интрааймақтық туризм үлкен рөл атқарады. Тынық мұхит аймағының лидері 1995 ж Қытай болды, оған жақын Сингапур тұрды. Қазіргі уақытта Индонезия мен Малайзияда туризм тез өсуде. Камбоджа мен Ветнамға қатысты жаңа бағыттар танымал болды.

Қытай кіру туризміне 1978 ж қақпасын ашты. Содан бері оған осы елдің ежелгі тарихы, оның мәдени мұрасының әртүрлілігі, табиғатының әсемдігі қызықтыратын миллиондаған туристер келді. Қытай үкіметі шетел туристерін тарту үшін мемлекеттің демеулік жасауымен жарнамалық  акциялар жүргізіп, белсенді саясат өткізді және елдің дамуын шектеуді болдырмайды. Туристік қызмет көрсетудің сапасы Қытайда үнемі жақсарады.

Тіпті әлемдік туристік индустрия үшін дағдарысты 2010 жыл Қытай үшін сәтті болды - өсім 6%-ды құрады. Қазір бұл көрсеткіштің өсуі жалғасуда. Қытайға келу туризмінде Сянган мен Тайвань басым, олардың артынан Жапония және бұрынғы Кеңес Одағы елдері еріп келеді, лидер топтардың ең артында АҚШ-тан келген туристікистер тұр.

Оңтүстік Шығыс Азияның туристік ресурстарын белсенді түрде пайдаланудың неғұрлым айқын факторы, өсуінің орташа жылдық қарқыны 4-5% болатын осы аймақтың тез өсуші экономикасы. Бұл аймақтағы туристікизмнің болашағы жақсы. Оны авиакомпаниялар мұқият бақылайды, себебі бұл аймақ елдердің қашықтығы әуе транспортын ең қолайлы етеді.

Оңтүстік Азия. Бұл аймақта туристік қатынаста неғұрлым дамыған елдер Үндістан, Мальдива және Шри – Ланка болып табылады. Бұл аймақта болатын бес адамның төртеуі Үндістанға бағыт алады. Сол сияқты жаға жайда демалу мен су астында жүзудің тамаша мүмкіндіктері бар жерде орналасқан Мальдиваға келуші туристер саныда артуда. Бұл аймақтағы туризм дамуының маңызды факторы – белсенді халықаралық сауда.

Америка. Америка құрлығында туристер келуінің 75%-ы аймақ ішінде қалыптасады. Лидер, 2009 ж мысалы, 47 млн. турист қабылдаған АҚШ болып табылады. Соңғы жылдары Куба мен Мексикаға туризм қарқынмен дамыды. Оңтүстік Америкаға туризмнің өсу қарқыны орташа әлемдік көрсеткіштерді 2 есеге өсірді. Бұл ағым негізінен америкалық және канадалық туристермен қалыптасады.

11 қыркүйектегі оқиға ең алдымен Америка құрлығының туристік индустриясына әсер етті, онда туристердің келуі 2010 ж. алдыңғы жылдармен салыстырғанда 24%-ға қысқарды. Дегенмен, БТҰ эксперттерінің пікірінше, дағдарысты тенденциялар бұл жерде 11 қыркүйектен көп бұрын байқалды. Өз кезегінде, мұнда көбінесе оңтүстік америкалық мемлекеттердегі тиімсіз экономикалық жағдай рөл атқарады, соның нәтижесінде Бразилиядағы қонақтар жыл қортындысы бойынша 8%-ға, Аргентинадағы 9%-ға, Уругвайдағы қонақтар 4%-ға төмендеді.

Таяу Шығыс. 2008ж. бұл аймақтың туризмі, негізінен Египеттегі туризмнің өсуінің арқасында едәуір өсті, одан түскен пайда бір жылда 95%-ға және келушілер 27%-ға өсті. 1999 ж. Египетте келу бойынша тағы да үлкен өсу байқалды: 2009 ж. салыстырғанда 39,7%.

Басқа танымал бағыттар Иордания, Бахрейн және Ливан болды. БТҰ мәліметтері бойынша, бұл елдердегі өсу факторлары қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты жақсарту шаралары, сол сияқты осы елдің мәдени – тарихы ескерткіштеріне жоғары қызығушылық болды. Иордания осы аймақтың 2001 жылды 4%-дық өсіммен аяқтаған жалғыз ел болды.

ТаяуШығыс елдеріне туристердің келу динамикасының толық өсуі 2009 ж. 17,5%-ды құрады, бірақ 2010 ж. ІV кварталында, 11 қыркүйектегі террорлық актіден кейін осы аймақ елдеріндегі туристікизм көлемінің қатты төмендегені (-30%-ға) белгілі болды. Қазір жағдай түзелді.

Африка. Бұл құрлық үлкен туристік потенциалға ие, бірақ қонақ жайлық индустриясына әлсіз инвестициялармен сипатталады. Саяси тұрақсыздық пен жұқпалы аурулар мәселесі осы аймақтың беделіне теріс әсерін тигізеді. Рекреациялық және іскерлік туризмге арналған жақсы көрсеткіштерді ОАР көрсетеді. Солтүстік Африкада 2001 ж. қаңтарынан тамызға дейін келушілер саны 10 және 8%-ға сәйкес өскен, Тунис пен Мароккода туризм қарқынды өсті. Тұтастай алғанда Африка елдеріне келушілер саны 2001 ж. алдыңғы жылмен салыстырғанда 3%-ды құрады. Қазіргі уақытта бұл құрлыққа туристер тарапынан қызығушылық өсе бастады .

2.3. Халықаралық туризм нарығының мотивациясы және нары    құрылымы Саяхатшылардың мотивациясын зерттеу саяхаттың жеке мотиві  мен мақсаты туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Мұнда әртүрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін, оның ішінде мынандай сұрақтарға жауап ретінде бірнеше моделдерді құру: адамдар не үшін саяхатқа шығады немесе адамдарды саяхаттың белгілі бір түрін неғұрлым дәл шешім қабылдауға алып келеді.Мотивацияны зертеудің  көздері:

Туризм даму тарихы және әлеуметтанушының мотивацияны салыстырмалы зерттеуі;

Мінез – құлық пен іс - әрекеттер мотивациясын зерттейтін психология саласы Маркетингтік зерттеулер.

Саяхаттың мотивациясын анықтауда қателеспес үшін, индивидуумды өзінің тілегі, дағдысы, сипатының күшіне итермелейтін факторлар және белгілі бір демалыс орнына әуестену факторларын  ажырату қажет.

Америка және Канада туристікистік әкімшілігінің тапсырысы бойынша “Pleasure Travel Market Survey” мекемесі үй шаруашылығындағыдан сұрақ алу негізінде өткізілген зерттеу шығу туризмінің мотивациясын бағалау үшін қызықты мәліметтерді ұсынады. Бағалауды респонденттер төрт балдық жүйе бойынша өткізеді. Ең жоғары баллды мынандай мотивтер алды:

әртүрлі адамдармен танысу – 3,11;

өзінің ой өрісін кеңейту мүмкіндігі – 3,10;

өзінің жеке қауіпсіздігін ойлау – 3,01;

басқа өмір сипатын сынап көру мүмкіндігі – 2,97;

ұйымдастырылған немесе формальды емес көңіл көтерулерге

қатысу – 2,92;

барлық жанұямен бірге болу мүмкіндігі – 2,84;

қайтып оралу бойынша саяхат туристікалы сөйлесу мүмкіндігі – 2,55;

бірдей мүдделері бар адамдармен кездесу – 2,55;

күнделікті күндізгі жұмыстан көңілін басқаға бұру мүмкіндігі – 2,47;

үйдегілердің қамқорлығынан көңілін басқаға бұру мүмкіндігі – 2,36;

ләззат алу және жаңа күш жинау мүмкіндігі – 2,33:

сән – салтанатта тұру мүмкіндігі – 2,20;

неғұрлым арнайы өмір сүру сипатын бастан кешу мүмкіндігі – 1,91;

ештеңе істемеу мүмкіндігі – 1,83.

Қонақжайлық индустриясы саласындағы белгілі зерттеушілер Филип Котлер, Джон Боуен және Джеймс Мейкенз сұраныстың мынандай психологиялық детерминаттарын белгілейді .

Сұраныстың психологиялық детерминаттары. Мәртебе (престиж). Жасалған саяхаттар туристікистке беделдің белгілі бір деңгейін құрайды, тіпті өзінің көз алдында болсада.

Қашу. Күнделікті өмір ырғағынан қашқысы келу – адам қажеттілігінің негізгілерінің бірі.

 Туризм  саласының  қызмет  ету  жағдайы. Туристік іс-әрекет – ол  саяхатқа  шығатын  адамдарға  қызмет  көрсетуге  тікелей  бағытталған  экономикалық  іс-әрекет ортасы.   Туристер  әртүрлі  тауар  мен  қызметті  тұтынушылар  болып табылады.  Мемлекет,  ұйым  және  әр бір  адамның  мінез-құлқын  айқындайтын  ұлттық  өнімнің барлығын  жүзеге  асырумен   қамтамасыз  ететін  қоғамдық  өндірістің  өндірушілер  мен бөлімдері,  тұтынушы  мен  өндіріс  арасындағы  байланысты  - нарық  қалыптастырады.

Төмендегідей  үш  негізгі  жағдай  ескерілсе,  нарық  тиімді  жұмыс  істейді  деп  саналады:

Өндірушілердегі ашық  бәсекелестік;

Көрсетілетін қызмет  пен  шығарылатын  өнімнің  қауіпсіздігі мен  сапа  шеңберіндегі  ереженің  бірдей  болуы;

Тұтынушылардың  ерікті  талғам  мүмкіншілігі.   

Нарық  баға  мен  ұсыныс, сұранысты  баланс  жасауға  мүмкіндік  беретін  механизм  ретінде  көрінеді. Дамыған  елдердің  экономикасы  нарық  қозғалысына  алып  келеді, яғни  ол  экономикалық  ортаның  маңызды, үй  шаруашылығы,компания,  мемлекеттік  мекемелер   мемлекетпен  қабылданады.   Сатып  алушылар  мен  сатушылардың   іс-әрекеті  сұраныс  пен  ұсыныс, тұтынушылық  пен  өндіріс  арасында   тепе-теңдікті  ұстайтын  баға  механизмі   арқылы  реттеледі.  

Айырбас – ол  қажеттілікті  қанағаттандыру  әдісінің  бірі.  Еңбектің  қоғамдық  бөлінуі  мен  оны  мамандандыру   нәтижесінде   адамдарда  өнімді  көптеп  шығару  мүмкіншілігі  пайда  болды,  сондықтан  бір  тауарды  басқа  тауарға  айырбас  кезінде  қажеттілік  толығымен  қанағаттандырылады.  Ойдағыдай  тауарға  қол  жеткізу  үшін   айырбасқа  өзіңнің  жаңа  бір  заттыңды – басқа  тауар  немесе  ақша  ұсыну  қажет.  Демек,   осы  жоғарыда  айтылғандар  нарықта  өтілетін  процес  б.т.  Әдеттегідей  айырбас  үшін  келісетін    екі  жақ   және  оларман  өтілетін  сауда  операциясының  болуы  қарастырылады.  Ақша  делдал  ретінде  (тауар-ақша-тауар)  кез-келген  қызмет  пен  тауарды  иеленуге мүмкіндік  береді  (жалпы төлем  құралы  болып  табылғандықтан).

Нарық функциясы. Нарық – ол  қоғамдық  өндірісті  реттеуші.  Ол  тұтынушылық пен өндіріс арасында диспрпорцияның (үйлеспеу,  сәйкестенбеу)  орын  алмауына  мүмкіндік  туғызады  және  өндірісті  қоғамдық  қажеттілікке  сәйкестендірілуіне  алып  келеді.  Нарық  адами  факторды  белсенді  етуімен  бірге    адамның  жеке  қабілетін  арттыру  мен  дамыту,  өзіндік  шешім  қабылдауы  үшін  мүмкіншілігін  кеңейту, ынталандыру  арқылы  қоғамдық  өндірістің  тиімділігін  жоғарылатудағы  стимулятор  ретінде  көрінеді.  Барлық  өндірушілер  нарықтық  қатынасқа  түсуі  үшін  бірдей  мүмкіншілікті  иемденеді,  бірақ,   өндірістің  өндірушілік  факторының  жоғарылығы  мен  аз  шығынды  құрайтын  қоғамның  дамуын  нақты  айқындаушы  ғана  табысты  болуы  сөзсіз.

 Нарықтың  маңызды  функциясының  бірі – ақпараттылығы  болып табылады.  Әр кез  бағаның  өзгеріп  тұруынан  нарық  экономиканың   жағдай  туристікалы  өндірушілер  мен  тұтынушыларды   ақпараттандырып  тұрады. Өндірушілер  нарықта  тұруы  үшін шығын  деңгейі  жайлы  әрқашан  ойлануы  тиіс,  егер ол  белгілі  қоғамдық  нормалардан  шектен  тыс  шықса,  онда  ол  тауар  немесе  қызметте  өтім  орын  алмай,  к\о  шығынға  ұшырайды.  Соңында,  жақсару  функциясын  орындайтын  және  нарықтан  шығуына  мәжбүр  болады [14].

    Бәсекелестіктің мазмұны  мен  түрлері. Нарықтық  экономиканың  ең  басты  принципі – тауар  өндірушілердің  еркін  бәсекелестігі.  Бәсекелестік – бұл  өндірушілер  арасындағы  күрес немесе  жабдықтаушылар,  кәсіпорындар,  фирмалар  арасындағы  өнім  өндіру  және  оны  тиімді  өткізу  үшін  күрес.

 ХIX ғасырдың  орта  кезінде  нарықта  еркін  бәсекелестік  кең  өріс  алды.  Мұндай  нарық  сұраныс  пен  ұсыныс  негізінде   бағаның  ауытқуымен  байланысты болды.  Ол  тұтынушылардың  талабымен  есептесіп,  тауардың  сапасын  жақсартуға,  еңбек  өнімділігін  арттыруға, өндірісті  ұлғайтуға,  өнім  бірлігіне  шығынды  азайтуға  ынталандырады.   Бәсекелестіктің  негізгі  екі  түрі  бар: 

Бір  сала  ішіндегі  бәсекелестік – бұл бір  саланың  тауар  өндірушілері  арасында  болады.   Онда  ең  жоғары  еңбек өнімділігі  бар, ғылими-техниканы  қолданатын  кәсіпорын  жоғары  табысқа  жетеді,  ал  артта  қалған  кәсіпорындардың  табыстары  төмен  болады,  тіпті  күйреуі  мүмкін.

Салааралық  бәсекелестік – бұл халық  шаруашылығы  салалары  аралық  күрес.  Мұнда  төмен  деңгейдегі  пайда  табатын  саладан  капитал  пайда  деңгейі  жоғары  салаға  құйылады.  Оның  қорытындысында  жаңа сапалы  тауарлар  көптеп  шығарылып,  негізінде  жаңа  тауарлар  пайда  болады,  сапасы  жоғарылайды, халықтың  табысы  көбейген  сайын  сұраныс  өседі,  осылай жаңа  сатыға  өсе  береді.  

     Егер  нарыққа  талдау   жасаса,  нарықтағы  әрбір  фирма  өнімінің  үлесін  және  сатушылар  мен  сатып  алушылар  саны  сияқты  көрсеткіштерге  сүйене  отырып,  оның   негізгі  төрт  түрін  аламыз.

Жетілген  бәсеке;

Таза  монополия;

Монополистік  бәсеке;

4) Олигополия.                  

Жетілген  бәсеке  нарығы – ол  стандартталған  өнімді  сатып  алушылар мен  сатушылардың   үлкен  санын  құрайтын  нарықтың  құрылымы.   Ол  нарық  тауардың    жоғарғы   ұқсастық   деңгейімен  мңнезделеді  және   ол  барлығына ашық. Жетілген бәсекеге қажетті нәрсе-баға жөнінде  сатушылардың   арасында  келісімнің  болмауы.  

Нарық  белгілері.   Жетілген  бәсекедегі  негізгі  нарық  белгілері  аталады.  

1) Әр  түрлі  өндірушілердің  қасиеті  бойынша  ұқсас  тауарлары.    Нарықта  ұқсастықты  иемденуші    тауарларды  кімнен   сатып  алсада  тұтынушылар  үшін  бәрі – бір,  сондықтан  тұтынушылар  бірдей  тауарлардың   ішінен  бағасы  арзанын  таңдайды

2) Сатушылар  мен  сатып  алушылар    саны  өте  маңызды  және  оның  ешқайсысы   тауардың  нарықтық  бағасына  шешімді  түрде  әсер  етеалмайды.  Әр бір   жеке  сауда  салалық  нарықтығы  сатылым  көлемінің  жиынтығымен  салыстырғанда  аз, яғни  бір  фирманың  шешімі - өзінің  өнімін   азайтып немесе  көбейтіп  өндіру  арқылы  нарықтық  жағдайға  ешқандай да  айтарлықтай  әсер  ете  алмайды,  сондықтан  жетілген  бәсеке  жағдайында  жеке  өндіруші  нарық  процесіне  әсер  ете  алмайды.  Ол  нарық  бағасы  бойынша  қаншалықты  сата  алса,   соншалықты  өнімін  сатады.

3) Нарықтың  әр  түрлі  бөлімінде  бағаны  туристікалау  кедергісіз  жүреді.  Жетілген  бәсеке нарығында  өндірістің   барлық  факторы   толығымен  ерікті  немесе   максималды  түрде  жылжымалы.  Бір – біріне  тәуелсіз  сатушылар  нарыққа  кедергісіз  келеді  және  кетеді.  

4) Сатушылар  мен  сатып  алушылар  сұраныс,  ұсыныс,  тауар,  баға  жөнінде  бірдей  ақпаратты   иемденеді.   Жетілген  бәсеке  нарығы    анықтылықпен  мінезделеді:  өндірушілер  өзінің   табысы мен  шығынын  біледі,  тұтынушылар  барлық  фирманың  бағасы  жөнінде    жақсы  хбардар  болады,  тұтынушылар  тауарды  қаншалықты  бағаға  сатып  алып  жатқаны  жөнінде   өндіріс  факторларының   иегерлері  нақты  ақпаратты  иемденеді.

Салада  лидер  болу – ол  нарық  процесіне  әсер  ету  үшін  басқаларына  қарағанда  мықты  мүмкіншілікті  иеленуі.  Өзін  көшбасшылық  бағытта  біраз  ұстап  тұру  үшін  компания  төмендегілерге   жету  жолына  тырысады:  

    -   тұтастай  сұраныстың  өсүі  үшін  құрал  мен  мүмкіншілікті  іздеу;

нарықта  өз  үлесінмолайту;

әрқашанда  шығынды  төмендету;

жеңіске  жеткен  бағытын  қорғау.

 Авиакомпания,  темір  жол  фирмалары, круиздік  сызық,  жылдам  қызмет  көрсету  ресторан   жүйелері,  автомобильдердіжалға  беру  жөніндегі  компаниялар  алдында  әрқашанда  нарықтың  үлесін  молайту   мен  нарықты  кеңейту  мәселелері  тұрады .

Қызмет  нарығында  ұзақ  уақыт  бойы   үстемдікті   сақтау   мүмкін  емес.  Қонақ  үй  бизнесі  үшін  ерекше қиындық  капиталдың  құбылуы  мен  нарықтан  кету  болып табылады.  Қонақ үйге   салынған  капитал  күнделікті  шығын  үлесі  көп  болса да,  шығынға  ұшырауы   кезінде  де  ол  жабылмайды.  Осы  салада  клиенттер  үшін  өте  өткір  күрес  орын  алады.

Әр бір  клиент  нарықтағы  өзінің  бағытын  мықты  тірек  етуі  үшін    бәсекелестердің  шектелуі  жөнінде  әрқашанда  армандайды.   Салаға  жаңа  бәсекелестердің   енуі  үшін  қиын   жеңуге   болатын  барьерлерді  құрудағы  ең  тиімді  әдіс – бір  немесе  бірнеше  фирмалардың    нарықтағы  үлесінің  өсуіне  алып  келетін  өндіріс  шоғыры    болып табылады.  

 Бәсекелестік – нарықтың  қызмет  етуіндегі   қажетті  жағдай.  Қарапайым  мағынада  бәсекелестікті  нақты  нарықтығы  екі  немесе  оданда  көп   бәсекелестердің  арасындағы  күрес  деп  түсінеміз.

 Біріншіден  бәсекелесте  болатын  фирмалар  жүзеге  асыруға  толығымен  жағдай  жететін  ғана  қызмет  немесе  тауарды  құрайды.,  яғни  бәсекелестікке    түсуі  үшін  өнімі  минималды  талапқа  жауап  беруі  тиіс,  егер  ондай  болмаса,    тауар  мен  төмен  бағада  сатылуы  немесе  жүзеге  аспауы  өтімсіз  қалуы  мүмкін.

 Екіншіден  бәсекелестік  өндірушілердің  ресурсты  орынды  қолдануына  және  өндіріс  факторының   ең  тиімді  тәсілін  таңдап,  еңбек  өнімділігін  әрқашан  көтеруіне   мәжбүр  етеді.

Үшіншіден,  нарықтық  бәсекелестік   өндірушілердің  тұтынұшыларға  әрқашанда   жаңа  өнімді  ұсынуына  немесе    жоғары  пайда  табу  мақсатында  қолда  бар  тауарының  сапасын  арттыруға,   жаңа   қосымшалар  енгізуге  мәжбүр  етеді .  

2.4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі

Халықаралық шығу туризмінің экономикалық тиімділігі туралы көріністер донорлық аумақтың экономикалық жүйесі үшін кері әсер ететін сипаттамаларының салдарына жүктеледі, яғни азаматтардың шетелге капитал мен валюта жинақтарын шығары, елдің төлем балансының нашарлауы және т.б. Алайда, шығу туризмі- кері әсер етені құбылыс және мемлекет өзінің алдымен кіру және ішкі туризмін дамыту керек деген қолдаушылық саясатымен дауласуға болады.

Алдымен, донорлық аумақтағы шығу туризмі инфрақұрылымының болуының өзі оңтайлы жағдай. Шығу туризмін дамыту туристтік белсенділікті жоғалтуға қарағанда тиімдірек (жергілікті тұрғындар мен донорлық аумақтың бюджеті үшін) болып табылады. Шығатын азаматтар донорлық туристтік аумақтың бюджеттік молшылығы мен жұмыспен қамтылуын жоғарылата отырып туристтік индустрия объектілерінің (олардың санына алдымен туроператорлар, турагенттер, тасымалдаушылар, сақтандыру және қаржылық компаниялар кіреді) жұмысын қамтамасыз етеді.

Шығу туризмі аумақтағы еңбек ресурстарының сапасын жақсартудың жанама факторы болып табылады, себебі шетел сапарларының салдарынан жұмысшылар- донорлық аумақтың тұрғындары өзінің эмоционалды жағдайын жақсартады, оңтайлы эмоциялар алады, денсаулығын жақсартады (мысалы, шетелде  санаториялы-курортты емделуді ұйымдастыру кезінде). Шетел сапарларының нәтижесінде өздерінің физикалық және эмоционалды денсаулығын түзеткен тұрғындар өзінің жұмысберушілері үшін пайдалырақ болады.

Шығу туризмінің мұратты моделінің пайда болуы мына жағдайларда ғанан мүмкін:

- донор-ел және реципиент-ел- экспортты-импорттық операцияларды ұйымдастыруда тәжірибесі мол ескі сауда серіктестері;

- донор елдің реципиент-ел үшін қажетті нақты бір тауар немесе қызмет өндірісіндегі артықшылықтары бар, және бәсекелес өндірушінің немесе қызметтің - әлемдік нарықтағы орнын басушының пайда болуы мүмкін емес;

- донор-ел және реципиент-ел- бір біріне географиялық жақын (олардың жалпы шекарасы болғаны тіпті жақсы), бұл олардың сыртқыэкономикалық байланыстарында көлік шығындарының төмен деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, донор-елдің қандай-да бір қызмет немесе тауар өндірісіндегі бәсекелік артықтышықтары неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олармен тұтынушы-елдің арасындағы арақашықтықтар жоғары болалы;

- донор-ел өзінің экспортын кеңейтуге қызығушылық танытады және осы қызығушылықты кедендік және сыртқыэкономикалық рәсімдерді жеңілдетумен растайды.

Шығу туризмінің жоғарыда көрсетілген мұратты үлгісін құрудың мысалы болып индустриалды дамыған елдердің тәжірибесі табылады, олардың тұрғындары шетел саяхаттарын жасауға икемдірек болады. Мысалы, Жапония үкіметі (қымбатшылық пен дәстүрлілігі жоғары болғандықтан шығу туризмін дамытудағы жетістіктері жоғары емес) 15 жыл бойы жапон импорты үшін жоғары қызығушылықты білдіретін елдерге қарай (Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Алыс Шығыс, Ресей) шығу туристтік ағымдарын бағыттайды.

Шығу туризмін дамытудың мұратты үлгісі өзінің мәні бойынша әлемдік сауданың классикалық теорияларының қазіргі көрінісі болып табылады, онда туристтік өнім халықаралық айырбастың бір тауары ретінде көрінеді.

Ауқымдану процесімен сипатталатын әлемдік экономиканың дамуының қазіргі сатысы ел үшін басқа тиімдірек әрекеттің - туристтік донор үлгісінің  алғышарттарын бағалауға мүмкіндік береді, оны шартты түрде эгоисттік деп те атауға болады (реципиент-елдің экономикалық қызығушылықтарының тұтынушылық қатынасы бойынша).

Шығу туризміндегі эгоисттік үлгінің мәні донор-елдің шетелдің туристтік индустриясының қызмет етуіне оған капитал салымдарын салуды іске асыру арқылы қатысуымен сипатталады. Қазіргі жағдайларда шетел өнеркәсібіне немесе қызметтер саласына инвестициялар салу қиын емес, техникалық өте қарапайым және кеңінен таралған коммерциялық әрекет түрі. Донор елдің инвесторлары шетел туристтік орталығының алғышарттарын бағалай отырып (өздерінің азаматтары арасындағы өсіп келе жатқан танымалдылығынан) көлемдерді жоғарылатып және өзінің капитал салымдарын әртараптандыру арқылы туристтік индустрия әрекетіне қатыса отырып6 оны басқару дәрежесін оңай өсіре алады. Қазіргі экономикалық қатынастардың ауқымды сипаты донор-елдің инвесторларына шетелдің туристтік индустриясындағы кадр саясатын іске асыруға мүмкіндік береді, ол үшін алынған бизнесінің негізгі басқарушылық орындарына коммерциялық қарым-қатынастарды жаңарту және қызмет ету сапасын жақсарту мақсатында жергілікті тұрғындарды емес, өзінің азаматтарын қояды. Шығу туризмнінің эгоисттік үлгісінің қызмет етуінің нәтижесі болып реципиент-елде туристтік индустрияны құру табылады, онда донор-елдің капиталының үлесі мен шетелден келген жұмыскерлерінің үлесі ұлғаяды. Осыдан шығу туризмнінің эгоисттік үлгісі соңғысын донор беруші ел үшін абсолютты пайдалы етеді, себебі оның пайдасы туристтерді демалу орнына жеткізетін ұлттық тасымалдаушылардың жұмысымен шетел инвесторларының иелігіндегі қонақүйлер, мейрамханалар, экскурсиялық фирмалардың жұмысымен, сонымен қатар шетел курортындағы тұрғындардың табысымен қамтамасыз етіледі. Шығу туризмінің пайдасы асыра жоғарылайды, егер реципиент-елде туристтік тұтыну тауарлары (азық-түлік, сусындар, фототауарлар, туристтік жабдықтар, кәдесыйлар және т.б.) өндірісі болмаса және осындай тауарлар донор-елде өндірілсе. Бұл жағдайда демалыс кезіндегі туристтердің шығыны (мысалы, шетел курортының дүкендер немесе базарлары) туристтік тұтыну тауарларын экспорттайтын донор-елге пайда әкелуге қабілетті.

- шетел инвестициялардың да, реципиент-елдегі жұмыс күшінің миграциясының да қатал шектеулерінің болмауы. Ұлттық туристтік индустриясында шетел капиталдары мен жұмыскерлерінің келуіне шектеу жасауға бағытталған жергілікті үкіметтің ұстанымдары эгоисттік үлгіні құруға жол бермейді;

- реципиент-елдің экономикалық дамуы донор-елге қарағанда қалып қойған, оның нарықтық механизмдері жетілмеген, туристтік тұтыну тауарлары өндірісінде (мысалы, білікті мамандар немесе қазіргі инфрақұрылым) қандай-да бір артықшылықтар жоқ.

Донор-ел үшін шығу туризмнінің эгоистік үлгісінің тиімділігіне қарамастан, ол рецептивті туристтік елдердегі тұрғындардың ұлттық қызығушылықтарына жауап бермейді, себебі олар бұл үлгідегі туристтік айырбастың нәтижесінде өзінің туристтік ресурстарын ғана ұсынады.

Келтірілген үлгілердің екеуі де жіберуші аумақ үкіметінің жоспарлы саясатының арқасында шығу туризмі өте пайдалы және жергілікті өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуын ынталандырушы екенін көрсетеді және ол саясат келесіге бағытталған: біріншіден, белсенді сауда серіктестегі елге бағытталған шығу туристтік ағымын реттеуге; екіншіден, рецептивті елдер мен аумақтардың туристтік индустриясының инвестициясын дамытуға; үшіншіден, ұлттық туристтік индустрияға (мысалы, әуетасымалдаулар немесе туроперейтинг саласына) рецептивті аумақтардың туристтік бизнес өкілдерінің кіруіне жол бермеуге.

Осыдан, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылатын халықаралық туризмнің (шығу және кіру) кез-келген түрлері аумақтың экономикалық жүйесіне кері де, оңтайлы да әсер етеді. Шығу туризмінің алғышарттарына негізделген біржақты протекционды ықпал басынан қате болып, қазіргі экономикалық дамудың нақты жағдайларына жауап бермейді.Ұлттық туристтік өнім өндірісіндегі артықшылықтары жоқ бірқатар мемлекеттер үшін дәл осы шығу туризмі жергілікті қауымдастықтың өмір деңгейінің жоғарылауын және өнеркәсіптік өндірістің өсуі мен елдің әлемдік сауда процестеріне  қатысу дәрежесін ынталандыратын маңызды құралы болады, бұл кезде елдің ұлттық туристтік өнім өндірісіндегі күштерінің шоғырлануы тиімсіз болып қалады. Кез-келген жағдайда халықаралық туризмнің позитивті экономикалық тиімділігіне жету мақсатында оның мемлекеттік реттелуінің жүйеленген механизмдері қажет.

Ситуациялық жағдай

Бұл жағдай Алматы қаласында орын алған. Алтынбековтар отбасы Дубайға сапарға шықпақшы. Алтынбековтар отбасысының құрамында 4 адам бар. Папасы,мамасы,қызы және баласы.Сөйтіп, қыркүйектің 15 жұлдызында «Алматы-Дубай» рейсіне сағат 12,00ге билет сатып алады. Кенет ауа райы бұзылып, рейстердің барлығы 2-3сағатқа кешіктірілетін  болды.  Аэропорттағы жолаушылардың барлығы мазасызданып кетті. Жолаушылар шу  шығарған күннің өзінде де, аэропорттың бұл жерде ешқандай да кінәсі жоқ,себебі, болып қалған келеңсіз жағдай аэропорттың немесе аэропорт қызметкерлерінің  қателігінен немесе кемшіліктерінен болған жоқ. Бұл тек ешкімге де тәуелсіз ауа-райының бұзылуының арқасы болып отыр. Рейстердің кейінге қалдыруына аэропорт қызметкерлері рейстерді жолаушылардың жеке қауіпсіздігін ойлап және өмірлеріне қауіп-қатер келтірмеу мақсатында кейінге қалдырды. Аэропорттың  ішінде 2625 жолаушының рейстері кейінге қалдырылды. Жолаушыларға күтуден басқа ешқандай  да амал жоқ.  Кейбір жолаушылар тамақтануға кетті,кейбіреулері күтіп отыр,ал кейбіреулері мазасызданып кеткен.Оған дейін Алтынбековтар  отбасысы тамақтанып алады. Арада 3 сағат өтті, бірақ ауа райының жақсаратын түрі жоқ.

Осы сәтте диспетчер үн қатты:

  •  Құрметті,жолаушылар! Біздің рейстердің барлығы ауа-райының келеңсіз жағдайына байланысты 1-2 күнге шегеріледі. Болған ыңғайсыз жағдайымызға кешірім сұраймыз! Бүгінгі билеттеріңізді  тегін ауыстырып алуларыңызға немесе қайта тапсырып,ақшаларыңызды қайтарып алуға мүмкіндіктеріңіз бар!

Аэропорттағы жолаушылардың барлығы орындарынан тұрып,кассаға қарай бет алды. 2625 жолаушының 2000 жолаушы 15 күнгі билетті 17 күнгі билетке ауыстырып жатыр. Соның ішінде Алтынбековтар отбасы 15 күнгі билетті 17 күнге ауыстырып, үйлеріне қайтты. Ал қалған 625 жолаушы билеттерін кассаға тапсырып, өз ақшаларын қайтарып алған болатын. Кейбір ситуацияларда келеңсіз жағдай туындаған сәтте қызмет көрсетушілер тұтынушыларға кешірім ретінде ақшалай төлем төлейді. Бірақ ол тек аэропорт тарапынан жасалған қателіктер болған жағдайда ғана төленеді. Ал менің қарастырып жатқан  ситуациялық жағдайымда ондай төлем төленбеді. Жоғарыда айтып өткенімдей бұл аэропорт тарапынан жасалған кемшілік емес. Сөйтіп жолаушылардың барлығы көңілсіз күйде үйлеріне қайтты.

17 –ші қыркүйек... Ауа-райы тамаша. Билеттерін ауыстырып алған 2000 жолаушылар аэропортқа қайта келді. Кейбіреулердің «Ауа-райы бұзылмай тұрғанда тезірек ұшып кетейікші»,-деген дауыстары естіліп жатыр. Сонымен рейстің уақыты келді. Жолаушылар ұшаққа отырып,жайғасып алды. Осылайша олар Дубайға қарай жол тартты. Алтынбековтар отбасы да Дубайға қарай жол тартты.

Көптен күткен Дубайға да келіп жеттік. Отбасы   2 апта Дубайда демалып,қызықты оқиғаларға кездесіп, керемет әсерлер алып қайтты. 2 аптадан соң отбасы Алматы қаласына қайта оралды.

Саяхат барысында осыған  ұқсас келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Олардың кейбіреулері сәтті, ал басқалары сәтсіз аяқталады.

Сапарларыңыз әрқашан да сәтті, әрі ұмытылмастай өтсін!!!

Қорытынды

Туризм әлемдік экономикада басты роль ойнайды. Бүкіләлемдік туристтік ұйымының(БТҰ) есебіне қарағанда ол ұлттық жалпы табыстың оннан бір бөлігін құрайды, халықаралық инвестицияның 11 пайызын, әлемдік өндірісте әр бір 9 шы орын соның есебінде.

   Қазіргі туризм индустриясы ең бір табысты және жылдамдықпен дамып келе жатқан халықаралық сауда қызметі саласы. 2011 жылы халықаралық туризмнің үлесі әлемдік табыстың 8 пайызын құрады, экспорттан және қызмет көрсету саласының 37 пайызын құрады. Туризмнен түсетін табыс мұнайдан, мұнайдан өндірілетін заттардан және автомобильдерден  кейін үшінші орын алады. Бұндай табыс жаңа мыңжылдық басында да сақталады. Туризмнің дамуы жаңа туристтік аймақтар есебінен  өседі.

     БТҰ талдау сараптамасына сәйкес, ол мамандандырылған халықаралық туризмді ұйымдастырушы; мемелекеттердің туризмді ұйымдастыру саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріне тікелей әсер ететін қызмет түрі.

  Қазіргі туризм- әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебіне қарағанда бір шетел туристінен түсетін пайданы түсіру үшін әлемдік рынокқа 9 тонна тас көмір, немесе15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай шығару керек. Бұл елдің энерготасушыларын кемітеді, ал турситік индустрия қайта жанданған қорлардың арқасында арқасында істейді. Шетел экономистерінің  есебі бойынша 100 мың турист, орташа есеппен қалада өткізген 2 сағатта 350 мың доллардан кем жұмсалмайды, немесе әр- бір адамға бір сағатта 17,5 доллардан жұмсайды. Сонда өңделмеген өнімді сату шығар жолға жоқ бекініс, ал туризмді дамыту- ұзақ, экономикалық жағынан тиімді даңғыл жол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Аленсандрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для вузов. –М.; Аспект-Пресс, 2001. -464с.

2. Аленсандрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.; Пресс-Соло, 2002. 384с.

3.Ердавлетов С.Р. География туризма; история, теория, методы, практика. Алматы, 2000. -336с.

Интернет сайттар:

  1.  http://www.ineu.edu.kz/kz/structure/ai/fooai/tim Интернет сайты

2.http://www.holding.com.kz/kz/transport-/--.html Интернет сайты

3.http://www.kaz.stat.kz/digital/tran_kz/Pages/default.aspx Интернет сайты

4.http://www.kps.kz/id23670 интернет сайты




1. Социальные стандарты в сфере высшего профессионального образования
2. УФИМСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ЭКОНОМИКИ И СЕРВИСА ФГБОУ ВПО УГУЭС Кафедра ИИКТ Ме
3. Физическая организация баз данных на машинных носителях
4. . Выбор хозяйственной ниши.
5. Purpose Symbolic Instructionl Code тобто багатоцільовий код символьних інструкцій для початківців
6. Усадьба Остров которой также принадлежали несколько деревень по берегу озера Селигер а также Усадьба Кр
7. реферат дисертації на здобуття наукового ступеню кандидата медичних наук Харк
8. РЕФЕРАТ по дисциплине МЭ и МЭО на тему- Италия в системе мирохозяйственных отношений.
9. статья S Закона О налоге на прибыль предприятий и организаций
10. Планирование качества продукции.html
11. Тема Психология педагогической деятельности
12. НАУКОВИЙ ІНСТИТУТ ПРАВА Кафедра кримінальноправових дисциплін ЗАТВЕРДЖУЮ Перший проректор Д
13. Лабораторная работа 5 Тема-
14. Взаимосвязь отчета о прибылях и убытках и отчета о движении денежных средств
15. Взаимосвязь бухгалтерского баланса с отчетом о прибылях и убытках
16. Реферат- Международное научно-техническое сотрудничество в области стандартизации
17. Пандемии гриппа обусловлены вирусом типа А
18. ВВЕДЕНИЕ Характерной особенностью налоговой системы России является наличие специальных налоговых режи.
19. Первых Богов создал Страх primos deos fecit timorс Петроний ум
20. совокупность лечебнопрофилактических мероприятий проводимых при заболеваниях травмах отравлениях а та