Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері
Қытай қазақтарының әдебиеті
Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.
- Шәміс аға, сіз қытай қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген жазушының бірісіз, әрі осы салада көп жылдан бері басшылық міндетін арқалап келесіз. Сол қытай қазақ әдебиетінің жалпы жайы, бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы туралы не айтасыз? - Қытай қазақтарының жазба әдебиетінің тарихы тым ұзақ емес. Қытай топырағында туылған жазушылардан тұңғыш шығармасы басылым көрген Ақыт Үлімжіұлы екен. Біз әйгілі ақын Ақыт Ұлімжіұлының 1891 жылы қазан баспасынан жеке кітап болып шыққан тұңғыш кітабы “Жыйһаншаны” Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің тұңғыш кітабы деп есептесек, жазба әдебиетіміздің тарихы әрең 115 жыл болады. Қытай зерттеуші мамандар қытай әдебиетін төмендегідей бірнеше дәуірге бөледі. 1840 жылдан 1919 жылға дейінгі әдебиетті қазіргі заман әдебиеті 1949 жылдан кейінгі әдебиетті осы заман әдебиеті деп айырады. Осы тұрғыдан алғанда Ақыт Ұлімжіұлы ғана қытай жақынғы заман қазақ адебиетінің уәкілі болады. өйткені оның “Жиыһаншадан” басқа трөіт кітабы түгел 1919 жылдан бұрын қазан баспасынан шыққан. Сол арқылы Ақыт бүкіл қоғамға өте кең танылған. Сонау ХІХ ғасырда, оқу-ағартуы төтенше мешеу, баспа сөз орны мұлде жоқ, қараңғы өңірде қолына қалам алып шетел баспаларынан кітап шығару оңай жұмыс емс. Қатынасы қолайсыз өте шеткері Өралтай өңірі жөнінен алғанда тіпті де қиын еді. Ақыт Ұлімжіұлының халықты оқу - ағартуға, ғылым, білім үйренуге үндеген шығармалары өте көп. Әсіресе ахылақ мұралға, адалдыққа үндеген өлеңлдері сонау 30-40 ж.ж. халықты оятып, мәдениетке жетелеу де орасан қызмет атқарған. Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, Дубек Шалғынбаев, Нығымет Мыңжанұлы қатарлы қаламгерлердің алды 1930 жылдардан бастап шығармалар жариялап, қоғамға ақын - жазушы ретінде танылған. Құрманалы Оспанұлы, Қаусылқан Қозыбайұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы қатарлы ақын жазушылардың алғашқы шығармаларының жарық көруі 1949 жылдан бұрын болғанмен саны шағын, дені 1949 жылдың қарсаңында жарияланған екен. Сондықтан бұл жазушыларды да қытай қазіргі заман әдебиетіне өкілдік ететін, қытай қазақ әдебиетінің уакілдері деуімізге болады. Бұл жерде соны анық айтуымызға болады. Соңғы аталған ақын - жазушылардың кесек еңбектері мәдениет зор төңкерісінен кейін жарық көрді. Бұл оларлдың сонау 1949 жылдардағы алғаш әдебиетке атсалысқан дәуірінен айрықша екені анық. Мен олардың алғаш танылған дәуірін негіз еттім. 1949 жылдан 1966 жылға дейін Совет қазақ әдебиеті мен Қытай жаңа дәуір әдебиетінің ықпалында бір буын ақын - жазушылар қосыны қалыптасты. Бұлардың негізгі өкілдері ретінде: Омарғазы Айтанұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан Шәріпқанұлы, Ғани Саржанұлы, Құлмұқамет Ахметұлы, Тәліпбай Қабаев, Шәкен Оңалбаев , Задақан Мыңбаев, Мәди Әбдірахманов, Жақып Мырзақанов, Бердібек Құржықаев, Жұмәділ Маман, Батырқан Құсбегин, Шәйсолтан Қызырұлы, Тұрсынәлі Рысқалиев, Жұмабай Біләлұлы, Ғалым Қанапияұлы, Әуелхан Қалиұлы, Райхан Ібінқызы, Ұлықан Солтанқызы қатарлы елуден артық қаламгерді атауға болады. Бұл дәуірде ақын - жазушылар қонысы молайып, бір бөлім көркем туындылар барлыққа келгенімен жәнеде советтер одағынан келген әсіре солшылдық идеялардың шырмауынан аулақ бола алмады. Бұл дәуірдегі шығармалардан таптық күресті жырлаған солшыл, ұраншылдық бастан - аяқ қамтылып отырды. Шындап айтқанда қытай қазақ әдебиеті, қытай әдебиеті мен ұқсас, «мәдениет зор төңкерісі» делінетін әсіре солшыл он жылдық ойран аяқталып, Қытайда реформа жүргізу, есікті ашу саясаты жолға қойылғаннан кейін ғана өзіндік даму жолына түсті. Ақын жазушыларымыз шығармашылықпен алаңсыз шұғылданды. Соның нәтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға де йінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, неше жүздеген әңгіме, повестер жинағы, дастан, өлеңдер жинағы жарық көрді. Соны ашық айтуға болады. Қытай қазақ әдебиеті тарихындағы едәуір үздік шығармалар сол дәуірде туды. Бұрынғы қарт қаламгерлердің де белді шығармалары осы дәуірде жарыққа шықты. Тарихта өткен Ақыт, Таңжарық ағаларымыздың да томдары осы дәуірде баспадан шықты. Меніңше 80-90 ж.ж. Қытай қазақ әдебиетінің бір шама гүлденген, өлмес шығармалар туған тамаша дәуірі болды. Қытай қазақ әдебиетінің болашағы туралы кесіп бір нәрсе айта алмаймын. Солайда Қытай қазақ әдебиетінің бүгінгі даму ауқымына шама мөлшер жасауға болады. XXI- ғасыр басталғаннан бері қарай яғни 1999 жылдан кейінгі әдеби шығармалардың жалпы даму деңгейіне көз салғанда, яғни жас қаламгердің тебініне қарағанда, қытай қазақ әдебиетінің болашағы нұрлы деп қараймын. Болашақта халқымызға мақтан боларлық яғни қазақ халқының абыройын асыратын әйгілі шығармалар туылуына тамаша негіз бар.- Қытай осы заман қазақ әдебиетінде бүгінгі өмірді тақырып еткен қандай кесек шығармалар бар? Сіз оларға қандай баға бересіз? - Жоғарыда қытай қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы туралы тоқталып, осы заман әдебиетіндегі кесек шығармалар мене халық жүрегін ұялаған әйгілі шығармалардың барлығы 1978 жылдан кейін ғана дүниеге келгендігін айттым. Бүгінгі өмірді жазған кесек шығармалар негізгі жақтан осы қарсаңда дүниеге келді. Ал, мәдениет төңкерісінің соңғы дәуірінен бері қарайғы өмірді жазған шығармаларды қосқанда саны біразға барады. Бұларға Күнгей Мұқажанұлының “Тайталас” поуэсті, Жұмабай Біләлдің “Жондағы жорықтар” романы, Омарғазы Айтанұлының “Таразы” романы менің “Көз жасы сарқылмайды” романым мен “Жусанды дала” “Тірлік тынысы” қатарлы поэсдтерім, “Ертіс кілкіп ағады” романым, Қайса Түсіпұлының: “Үзілген үміт”, “Тағдыр таразы” романдары, Оразхан Ахметтің: “Көкбелес романы “80-аулада”, “Алыстағы оттар” поэсдтері, Шәйсолтан Қызырұлының “Алтын тау азматтары” романы, және “Шаңырақ” повесті, Жұмәділ Маманның: “Көпірдегі көк жалдар” поэсді, Жеңіс Ырсқанұлының “Тортөбелдің толық емес тарихы”, “Томпақтың қоныс аударуы”, “Бір реткі қонағасы” қатарлы повестері, Қырбақ Нұрғалиұлының “Үкі күлкісі”, “Сорға біткен дос”, “Сынық қанат көгершін” қатарлы поэсттері, Серік Қауымбайұлының “Құйынды қабір” повесті, бұдан басқада повестер бар. әңгімелерде аз емес. Романдардың ішінде Омарғазы Айтанның “Таразы” романы Менің “Қөз жасы сарқылмайды” романым оқырмандардың жақсы аңысын қозғағаны көпшілікке белгілі, менің “Ертіс кілкіп ағады” романым 2006 жылы Қытай тіліне аударылып баспадан шықты. Сыншылыр тисті бағаларын жазды. Повестерден:”Жусанды дала”, “Тор төбелдің толық емес тарихы”, “Үкі күлкісі”, “Құйынды қабір” қатарлы повестер реформа дәуірін бір шама жанды бейнелеген шығармалар деуге болады. Әр жазушы өмірдің әр қырынан, әр түрлі жазу тәсілімен жазып келеді. Әр кімнің шығармашылық іздену жолы әр бөлек. Сондықтан шығарма атаулыны бір өлшемге салып баға беруге келмейді. Қайсы үлгіде, өмірдің қай қырынан жазылған шығарма болсада оның өзіндік артықшылығы әрі кемшілігі болады. Бірінің кемін бірі толықтайды. Сондықтан жазу шеберлігі жетпеген яғни көркемдігі төмен шығарманың да жалпы әдебиетімізге аз болсада қосқан үлесі бар деп қараған дұрыс. Оқырмандардың көңілінен жол тапқан, халықтың аңысын қатты қозғаған әйгілі шығармаларды мен ашалап отырмасамда жұрттың көңілінде сайрап тұрғаны анық, соны анық айтуға болады. Әйгілі шығарма дүниеге келген соң ғана сол шығарманың авторы әйгілі жазушыға айналады. Қытайда 45 тен төменгі қаламгердің бәрін жастар қатарына жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда біздің жас ақын - жазушыларымыздың саны аз емес. Әсіресе ұлтымыз жөнінен алғанда, қоғамға шығармашылықпен танылған жас қаламгерлердің саны расында едәуір көп. Мұның бәрін бірден атап отырсақ үлкен бір тізімдік болады. Жалпы сапасы жағынан алғанда, әрине бір келкі емес екені анық, бір келкі деу шындыққа да жанаспайды. Десе де осы жас қаламгерлеріміз ішінде көркемдік деңгейі едәуір биік үздік шығармалармен көзге түсіп жүрген жастарымызды мақтана ауызға алсақ артық болмайды деп ойлаймын. Жақынғы жылдардан бері Тәпей Қайысқанұлы, Қидаш Жұбанышұлы, Білісбек Әбдіразақұлы, Қырбақ Нұрғалиұлы, Балапан Рабатов, Жеңіс Ырысқанұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Мағаз Мәлікұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Тұрсынбек Байжұмаұлы, Қасен Әубәкірұлы, Мәдениет Мұқатайұлы, Ерлен Нұрдықанұлы, Серік Сейтқазыұлы қатарлы жас қаламгерлер бұрынғы көне сүрндекті бұзып , өздерінгше ізденіп, өз алдарына жол тауып, шығармашылықта өз даралықтарымен жұрт көңілінен орын алды. Жазушының жазу стилі деген сөз жазушының қалам даралығы ғой, мұны түсінікті тілмен айтсақ, жазушының шығармада пікір көтеру яғни идея табу тәсілі болады. Біз ауызға алып отырған осы бір топ жас ақын-жазушылар өздеріне тән идеч табу тәсілдері бар қаламгерлер десек артық болмайды. Адам баласы көңілге, рухқа сүйеніп жасайды. Бір ұлттың әдебиеті сол ұлттың асқақ рухы. Сондықтан жер бетінде бір ғана адам қалған күнде де сол бір адамның көңіл - күйіне қажет рухани әлем болуы керек. Менің қарауымша жер бетінде адам баласы болады екен, сөзсіз әдебиет те болады. Айтуларға қарағанда адамдардағы ауырудың жүзде тоқсаны адам көңіл - күйінің қалыпсыздығы себебінен болады екен. Бұл адамдардың көңілге сүйеніп жасайтындығының дәлелі. Әдебиеттің өзі адамдардың көңіл - күйінің дәрісі. Егер бір адам өмірде тығырыққа тіреліп, өліп алуды ғана ойлап отырғанда, қолына бір жазушының шығармасы түсіп, осы шығарманы оқығаннан кейін ол, мыныдай блғанда мен ұлмеуім керек дейтін ойға келсе, ал, бір адам біреуге өлердей өшігіп өлтірмей қоймаймын деп жүргенде бір кітап қолына түсіп оқыған соң райынан қайтса бұл шығарма нақты адам көңіл - күйінің баға жетпес емі деуге болады. әдебиетте болашақ жоқ дейтін аңыс, біріншіден, ұлыт мүддесін емес, ақшаны ғана қуған бір бөлім адамдармен, жазудан белгілі өзіндік жол таба алмаған адамдардың қоғамға көтеріп шыққан идеясы болуы мүмкін. өз басым, қоғам дамыған сайын әдебиетте дамиды деп қараймын. Әдебиетте адамның жан дүниесін жазу деген сөз ертеден айтылып келеді. Бұл сайып келгенде жәнеде адамдардың көңіл-күйін жазу деген сөз.
Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
[өңдеу] Монголия қазақтарының әдебиеті
Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты.
Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940)
Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды.
Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы(1830-1908), Төлебай Бөжекұлы (1858-1924), Мешел Қожекеұлы (1858-1928), Отарбай ақын (1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы(1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) т.с.с. халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты. МХР тәуелсіздігінің нығая түсуіне байланысты 1940 жылы Баян- Өлгий қазақ ұлттық аймағы боп жеке құрылды. Бұл оқиға мұндағы қазақтың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкеп, ұлттық мәдениеттің гүлденуіне негіз болды. 1942 жылы 3-қыркүйекте “Қазақ аумағында жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әрпі орнына Қазақстанда қолданылып отырған қазақ (кириллица) әліпбиін пайдалану ісі жүзеге асып, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шығып, қаламгерлер осы газет төңірегінде топтаса бастады. Тұңғыш мәдени ошақ Ұлттық клуб құрылды.
1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі орнап, 1957 жылы жылына 4 мезгіл жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1948 жылы өткен Моңғолия Жазушылар Одағының съезіне ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы Құрманхан Мұқамадиұлы бастаған қаламгерлер қатысты. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты.
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады. І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба әдебиетінің толысу дәуірі.
Ақтан Бабиұлы (1897-1973)
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.
Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды.
Құрманхан Мұқамадиұлы (1923-1964)
Құрманхан Мұқамадиұлы (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.
Арғынбай Жұмажанұлы
Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам.
Арғынбай Жұмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер Моңгол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!
Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Монғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы монғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Монғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылы Ұланбатырда жарық көрді. Содан кейін “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңдікөл” (1979) жинақтары оқырманға жетті.
Ақын Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” секілді поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер” поэмалары, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” сияқты жинақтары поэзияның аяқ алысын байқатқан айтулы туындылар. Аға буын қаламгерлер Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия, І.Яки, орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, М.Зүлкафил, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан, Р.Зұрғанбайұлы секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына баспалдақ жасады.
Проза саласына келсек, бұл кенже қалған жанр 1955 жылдан кейін дами бастады. Дәлірек айтқанда, Қ.Мұқамадиұлының бірнеше көркем әңгімелерінен бастау алып, керуен тартты. Қ.Мұқамадиұлының “Алғашқы қадам” (1955) “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” көркем эссесі прозаның сәтті жазылған алғашқы үлгілері болды. “Алғашқы қадам” әңгімесінде аймақ өмірінде болған тұңғыш рет адамға хирургиялық операция жасаған тарихи оқиға суреттеледі. Көркем проза Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері, “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Жазушы Шерияздан Нығышұлының “Күдірлі керуен” повесі қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Ақын Алақанұлының “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, “Ананың ақ тілегі” секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді.
1970-1985 жылдары Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің оншақты роман, көптеген повесть, әңгімелері жарық көрді. Алғашқы роман жазушы Елеусіз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” шығармасы еді. Одан кейін Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Ісләм Қабышұлы “Ұрпағың үзілмесін”, Жамлиха Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейітхан Әбілқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәуекейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болды.
1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының “Ермалай” пьесасымен ашылып, бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды. Оның“Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ақайша” секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді.
Жазушы, драматург Құрманхан Мұқамадиұлы буыны енді беки бастаған драма өнерін зор белеске көтерді. Мәскеуден білім алып,л әлем классиктерінің шығармаларымен терең сусындаған ол осы салаға тың серпін берді.Оның “Кезең үстінде” (1955), “Қарға қарғаның көзін шоқымайды” (1957), “Жасыл дөң” (1959), “Тұлбакөл шайқасы” (1962) секілді драмалық шығармалары күрмеуі мол күрделі жанрды игеруге соны соқпақ болды.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 сахнаға жол тартты. Оның “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді пьесалары бар. “Моңғолкино” студия түсірген “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценарииін жазды. Жазушы Ж.Баят, ақын Қ.Шабдарбайлар да осы жанрға үлесін қосып, ақын И.Байбатырұлы “Керім-Торым” либреттосын жазды.
Көркем аударма саласы да қарқынды дамып, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелдей дерлік моңғол тіліне аударылды. Атап айтар болсақ, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, М.Әуезов М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері Ж.Шалұлы, О.Қаһар, И.Қабышұлы, Т.Сұлтан, Ж.Қамайұлы өз үлесін қосты.
Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты.
Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті.
Соңғы буынға келсек, Қазақстан тәуелсіздігінен кейін Рысбек Зұрғанбайұлы, Жүкел Қамайұлы, Сұраған Рахметұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Абай Мауқараұлы, Есенгүл Кәпқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Жандос Бәделұлы, Бақытгүл Баймолдақызы секілді ақын-жазушылардың көбі тарихи отанына оралып, әдебиет саласында еңбек етіп отыр.
Түйіндеп айтқанда, моңғолиядағы қазақ әдебиеті қазақ пен моңғол халықтарының рухани бай қазынасынан тең сусындап, мазмұны байып, жанрларының барлық түрі дамып, ұлт әдебиетінің алып дариясына құятын мөлдір бұлаққа айналып отыр.[1][2]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
|