У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Жетім ~ыз поэмасын о~ыту жолдары

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.2.2025

+1.Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасын оқыту жолдары.

 Алмажан Азаматқызы Батыс Қазақстандағы Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында 1823 ж туған. Қай жылы өлгені жжайында мәлімет жоқ. Алмажанның шығарған өлең-жырлары көп болса да, біздің дәуірімізге жеткен бірден-бір шығармасы – «Жетім қыз» атты поэма. Поэма Алмажанның өз атынан сөйленеді.Шешесі бұрын өліп, бір қыз, бір бала әкесінің тәрбиесінде қалады. Әкесі көтеріліске қатысып айтыс болғаннан кейін, мал- мүліктің иесі иесі қыз бен жас бала болады. Нарын құмында елді билеген тоғыз би Алмажанның ма-мүлкіне көз тігеді. Өзі ақын, өзі қажырлы Алмажан билердің жауыздығына наразылық білдіреді де, бүтін дүниесі тастап, інісін жетектеп, ханға барып арыз айтпақшы болады. Жүрейін деп жатқанда қарт атасына ақын қыз:

Құдіретті  күштің  Алланың,

Әмірі  боп  біздерге,

Әкемді  мен  бейбақ.

Диуана  болып  іздерге.

Бар  сенгенім- тоғыз би

Өзіме қарай тап берді,

Қорғалауға  қара  таппадым,

Шағайын  енді кімдерге?

Алмажан қарт атасына осы сөзді айтып,  інісін жетектеп, хан ордасына жаяу жүріп кетеді.  Түнде адасып, қалың қамысқа тап болады. Інісі әрі шаршап, әрі қорқып, жылап отырғанда, Алмажан мына сөзді айтады:

Қызыл тілім сауында

Ханға жетіп барайын,

Дүниенің шарығы жоқ екен,

Екі айналып келмеге.

Алмажан інісімен жол таба алмай көп жүреді.  Мұнан кейін олар орда маңында тұратын Сағитжан деген ноғайға жолығады.  Осы сияқты оқиғалар желісімен өз басындағы жайларды хабарлайды.Алмажан поэмасы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліспен тікелей байланысты. Поэма көлемі шағын болса да, өз кезіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлармен байланысты туып және соны шебер суреттейтін, шын мәніндегі көркем поэманың санына қосылады. Поэма автордың өз атынан баяндалады. Нақтылы өмір шындығынан туған.Тарихи жағдай, әр алуан өмір құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып, қорытуды Алмажан өзіне мақсат етіп қоймайды. Ол өзінің көргенін, сезгенін ғана суреттеген.

2. Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиетін дамыту.

    Ыбырай Алтынсарин 1841жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы)туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы қазақ жұртына аты мәлім Балғожа бидің отбасында өтті. Балғожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген, сөзге орамды,тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған. Ыбырай ең алдымен мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3жылдай ел молдасының алдын көреді. Ұқыптылықпен байқағыштық бойына біткен,шешендердің сөздерін зер қоя тыңдаған. Зерек те зерделі,сергекте сезімтал баланың алғырлығын Балғожа би байкаған еді, оған көп үміт артып, өзінен кейінгі орнын басар деп көпті көрген бидің зердесі Ыбырай болатын.

1850жылы  9жастағы Ы-ды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген Балғржаның ойы мен сыры осы тұрғыдан байқалған еді. Ы-дың өзіқатарлас 30балалардың алды болып көзге ерек түседі.Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан, ғылымға құштар жас болып шығады. Орыс тілін жақсы меңгеріп, сол тілде жазылғаноқулықтарды жақсы түсіне алатын.Мектеп жылдарында Ы.орыс халықтары мен батыс,Орта Азия мен Шығыстың аты-шулы ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға қолы жетеді.Орыстың: Пушкин, Лермонтов,Гоголь сияқты аты шулы жазушыларының еңбектерін оқыса, мұсылман қауымына көптеп тараған Фердауси,Низами,Науаи еңбектері мен арабтың «Мың бір түн» еңбектерін, иранның ертегі- қиссалары мен «Мұхтасар» кітаптарын оқымады деуге болмайды.

     Арманының алғашқы қадамдарын 1861жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып аттанған сапарынан басталады. Ы.тек мектепті 1864 жылы ғана аша алады.Оған дейін өз үйінде 4-5баланы жинап оқытып, өзінің тәжірибиесін арттырып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. 1864жылы салынып біткен мектепке үлкен даярлықпен құлшына жұмысқа кірісті. Ол өзінің Ильминскийге жазған хатында: «Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім»-дейді.

Балаларды оқытуға керек ең басты құрал ол –оқу құралы болды.Ол оқу құралдарымен қамтамассыз ету жолындабіраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқулық жазады. Ол кезде тынымсыз болған іс қылады.

Ол Ильминскийден сол кездегі бұқарашыл педогогтар жазған кітаптарды жіберуін өтінеді. Ыбырай «басқа халықтар сияқты қазақтарға да өздеріне түсінікті тілдежазылған,оқығанда ақыл беретін кітаптар керек деп» жазды.

    Оның мақсат етіп тұңғыш қазақ тілінде жазған христоматиясы  1879 жылы жарыққа шыққан болатын. Бұл христоматиямен қазақтың көп балалары тәрбиеленді. Ол кітапта көптеген орыстың еңбектерінен аударылған мысалдар мен әңгімелер берілді. Оның басты идеясы қазақ балаларын сауаттандырып, тәлім-тәрбиеге жетелеу болды. Жәнеде үлкенді сыйлау, құрметтеу, еңбек қорлыққа балау меншешендікке, әділдікке, шыншылдыққа баулиды Ыбырай – нағыз халықшыл жазушы,ағартушы,ақын,өмір  шындығын таныта білген озық кемеңгер ақын. Өз бойындағы қуатын халыққа жұмсаған адал жанды ақын.

3.Махамбет шығармаларының текстологиялық мәселелері.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған.М шыққан ортасы шағын-шаруа. Бірақ бір ағасы Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Басқа ағалары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан.Халқы үшін қызмет ету, ел өмірін ойлау М-тің үлкен мұраты рктінде жастайынан қалыптасты.

1925жылы Х.Досмағанбетұлы жариялаған «Исатай-Махамбет» атты кітаптағы пікір бойынша, «махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен.Исатай ханға қарсы болғандықтан Исатайға еріп кете берген екен. М-тің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өтеқызулы адам болған деседі»- делінген

Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан дабұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары,жазба әдебиетіне бір табан жақын тұр.

Махамбет заман шындығын бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын. Оның реалистігін әрбір өлеңнен көреміз.Халық бақыты,ел мүддесі үшін күрескен М-тей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан алшақ болуыда мүмкін емес.Ескі өмірді хан билеген кесапатты заманды өзінің шындық бейнесінде көрсетіп,М феодалдық құрылыстың сырын бытыл да анық ашып берді. Ол  қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге тікелей араласып, өз творчествасын осындай маңызды оқиғаларды жырлауға арнады. Елдегі ойын-сауық, серуен-салтанатқа мойын бұрар мұршасы болмаған ақын өз өлеңдерін ереуіл жыры ретінде шығарды. Сондықтан М өлеңдеріндегі кекелі мәселе-өз кезеңінің кескілескен күрес дүбірі.оның өлеңдеріндегішынайлылық та сол мәселе тұрғысынан танылмақшы. Ақын өзі бастаған қозғалыстыбастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді.

-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан. Оларды халыққа жармасқан албасты,аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.Ол Исатайдың ерлік тұлғасынбейнелеп, сол арқылы реке аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді. «Мінкен ер», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселі екі елі», «Арғымақтың баласы», т.б өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасынтолық таныта алады.Бұл өлеңдердің барлығы өзінің адамгершілігімен, қаһармандығымен белгілі.Махамбет поэзиясы- нағыз халықтық-реалистік поэзия.

4.Қашаған ақынның арнау өлеңдерін оқыту.

Қашаған 1840жылы Хорезм облысына қарасты Ташауыз деген жерде дүниеге келген. Ақынның әкесі ол бесіктен шықпай жатып-ақ  қайтыс болады.Қашағанның жас шағында анасы ырысты Жемөзені бойын жайлаған ағайындарына көшіп келіп, ақынның қалған өмірі Атырау облысының осы Жем өзені маңында өтеді. Қашаған елінің мекені-қазіргі Қосшағыл,Қараөзек.ақын он жастан асқанда шешесі өліп, немере ағасы Сәрсенбайдың қолында қалады. Қашаған тұрмыс қиындығын ткөп көрді.Көкжарда (ұқазіргі Ойыл поселкісі)болып, көкжар базарына жер-жерден келген саудагер мен көкпес байларға жалданады. Көкпес байлардың арасында жүріп өлең айтып, әнмен әуетеніп барлығының көзіне түседі. Ол байлардың ақыл-кеңесін тыңдап өлең айтуды тоқтатпайды.

     Негізінен Қашағанның өлеңін әуелі профессор ахмет Жұбанов жариялаған болатын.Қашаған халық жырларын, Махамбет өлеңдерін жадында  сақтап айтып келген,айтыстарға түскен, жеке тақырыптарға арнап  өлеңдер де шығарған жан-жақты ақын.

    Қашағанның арнау өлеңдерінің бірі Аралбай деген ақынға келіп, оның өлген баласына көңіл айтқаны. Ол дәстүрлі көңіл айту, ниет білдіру түрінде келеді. Өлең Ойыл ауданында тұратын Төкешев Қазтайдың аузынан жазылып алынды.

    Қашағанның - «Ізбас ақынға», «Кетеден шыққан келінге», «»Қыз сыйына», «Берекет ақынға», «Күнзина қызға», «Байұлы туралы», «Той бастар» тағы басқа өлеңдері ақын шығармашылығының кең арналы екенін таныта алады. Ақын мысқыл сөзге ұста. «Кетеден шыққан келінге», «Шалбарбайға» деген өлеңдері орынды мысқыл мен кекесінге толы. Халық басына түскен апат ауырпалығы жағадағы елдің барлығына бірдей, кедей-бай, жақсы-жаман демей түгел жұтатқанын айтады. Ел апшысын қуырған, жұрттың берекесін алған пысықтардың болымсыз,жарамсыз қылықтарын ұнатпаған  ақын көпшілікке қолайлы, тиімді болатын елдікті қуаттайды. Тіршілік құты-еңбекті дәріптейді. Жұрт кәдесіне  жарамаған байдың үй ішінің сыйқын, кескінін дәл дәріптейді.

5. Қазақ әдеби тарихындағы зар-заман ағымын зерттеу мәселелері.

Ресей империясының отарласу саясаты салдарынан қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған кезеңі. Алғаш Шортанбай қанайұлы осы кезеңнің  ауыртпалықтары туралы «Зар заман» атты зарлы толғау шығарып, ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды.Зар заман ақындары-зар заман кезеңде ғұмыр келіп, отарлықезгегі түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Бұл терминді алғаш рет(1927) М.әуезов енгізген. З.з.а шоғырының белгілі өкілдері: Д.Бабатайұлы , Ш.Қанайұлы,М.Мөңкеұлы,Ә.Кердері,Албан Асан т.б. Әуезов з.з.а дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып,Нарманбетпен аяқтайды.З.з.а халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімінен ажырамауға үндейді.З.з.ағымы ақындардың  өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып,дінінен аулақтау сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы. З.з.а-ның қайраткерлік поэзиясын иөмірге әкелді.З.з.а шығармашылығындағы ұлттық болмысты,қазақы қадір-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен,соңғы төзімді сорқа айтылғанымен ерекшеленеді.Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін З.з.а-ң бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан  дінді таяныш қылады.З.з.а-ның отаршылдыққа қарсы жазған біқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.Заманның бұзылған белгісі жалғыз адамда ғана емес, табиғат та өзгерді.

6.Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.    

Қазақ әдебиеті барлық жұрттың әдебиеті сияқты,екіге бөлінеді: 1шісі-ауызша(биәдеби) әдебиет,2шісі-жазба(әдеби тіл) әдебиеті. Зерттеушілер жазба әдебиеті арқылы белгілі нормаға түскен, стильдік тармақтары бар,қоғамдық қызметі әр алуан тілді әдеби тіл дейді. Қазақтың жазба әдеби тілі үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең-18ғасырдың соңы,19ғасырдың басында өмір сүрген кітаби тілі. Бұл әдеби тілдің өкілдері: Бұхар,Ақтамберді, Жанкісі, Тәттіқара, Махамбет, Шернияз, Дулат, Шортанбай т.б. Екінші кезең – 19 ғасырдың жартысында Абай мен Ыбырай негізін қалаған жаңа әдеби тіл. Үшінші кезең – советтік дәуірде басталған ұлттық әдеби тіл. Қазақтың жазба әдеби тілі көктен түскен жоқ. Бұл тілдің жасалуына қазақ халқының ауызекі сөулеу тілі, ауыз әдебиет мұралары, әр дәуірде өмір сүрген атақты ақындар мен жыраулар белгілі шешендер бірден-бір  ықпал еткен. Сонымен бірге Орта Азия халықтарына ортақ әдеби(жазба) тілден де нәр алып дамыған. Қазіргі қазақ әдеби тілі-белгілі шеберлердің қолынан өтіп,әбден өңделген, шыңдалып қалыптасқан біртұтас тіл. Мұның ауызекі сөйлеу және жазба деп екі түрлі формасы бар. Қазақ әдеби тілі ауызекі тілде лекциямен баяндама түрінде, мінбеде немесе сахнада сөз сөйлеу арқылы,біреу мен біреу өзара пікірлесіп, әңгімелесе сөз сөйлеу арқылы көрінеді. Мұнда таза әдеби тілдің лексикаларымен қатар кейде кәсіби сөздер мен экспрессивті сөздер де оқта-текте ұшырасып қалады. Сонымен қатар адамның түрлі қимыл бейнелері, сезімдері қатысады. Демек, әдеби тілдің сөулеу және жазба формалары бірін-бірі әрдайым дәл басып отыруы да, кейде сөйлеу түрінде аз-аздап ауытқуы да мүмкін деген сөз.Әдеби тіл кейде кітаби-жазба тіл деген ұғымды білдіреді.

7.19 ғасырдағы дәстүрлі-айтыс ақындары: Жанақ,Орынбай, Шөже, Кемпірбай,Сүйінбай мұрасының зерттелуі.  

     Жанақ, Орынбай, Шөже, Кемпірбай, Сүйінбай бұл ақындардың барлығыда 19ғасырдың ел аузында көп аталып жүрген, қазақтың кең өлкесіне есімі әйгілі саңлақ ақындар.

    Жанақ шамамен 1770жылы бұрынғы Абыралы ауданы, Қарқаралы болысы,(қазіргі Семей облысы, Абай ауданына қарасты) Егіндібұлақ деген жерде дүниеге келген импровизаторлық поэзиямыздың көрнекті өкілі. Жанақтың әкесі Сағындық қазақ шаруаларының бірі, бұрынғы туып өскен жері Ұлытау, кейін қарқаралы, Абыралыны мекен еткен өз елінің еті тірі азаматы.Жанақ Айдабол шоң бидің тұсында атақты ақын танылып, сол биге арнау өлеңін шығарған. Кейін Шыңғыс Уәлиевтің үйінде думандатып қобызға қоса ән шырқаған. Тәттімбет пен шоқан да Жанақ жырларын тыңдап, онымен талай кешті бірге өткізген.

 Шоқан Уәлиханов қобыз өнерін жоғары бағалап, осы өнерді дамыту жолында Жанақтың дәстүрі жойылып барады деген.Шоқан Жанақ ақынның өлеңдерін ерекше назар аударып импровизатор ақын екендігін атап көрсеткен.Жанақ ақын айтыстары Ыбырай Алтынсаринді қызықтырып, өзінің хрестоматиясында (1879) оның Жанақ пен Бала ақын айтысын енгізуінен байқай аламыз. Ә.Марғұланның ескертуінше жанақ 19 ғасырдың ортасына дейін жасаған ақын деген.

    Сүйінбай Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822жылы шілде айында туған. Өз әкесі Арон Күсепұлы, арғы атасы-Жиенқұл деген кісілер. Сүйінбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі мекені-Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қарасты Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасынан шыққан. Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен.Сөзге жүйрік, албырт ақын жалайыр Солтан төренің еліне жалғыз барып, жалынды сөзін айтады. Төре ел-жұртының алдында масқара болмас үшін Сүйінбайды ризалап еліне қайтарады. Осы даудан кейін Сүінбай елге әбден танылып, алдына мал салады.Жетімдік азабын шегіп өскен ақын, анасынан жастайынан айрылған.С-дың Тезек төремен кездесуі, оның еліне әбден танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені адайдың төресі Солтан секілді әшкерелеп, бас көтертпей бөгеп отырған. Тіпті ақын көрші қырғыз ханы Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды.Әр түлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады. Ойылдың халық ақына Төкешев Қазтай С-ң өлеңдерін жазып алып,сақтап келген.Ол С-ді Шернияздан естіген болған. С-ң ақындарын жоғары бағалағанның бірі Жамбыл болған.

Е.Ысмайылов: « С-ң бүкіл Жетісу ақындарына әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт  күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар екендігін айтқан болатын.Бірінші-тек шындықты жеткізген, шешен де, тақырлығымен құмарландыру. Екіншісі-тарихта болған батырларды желілі жырға қосып айтуы.»

 Орынбай қазақтың мәшһүр ақындарының бірі. 1813 жылы Орт. Қаз жерін мекен еткен Қарауыл елінен шыққан. Туған жері қазіргі Көкшетау облысына қарасты Айыртау өңірі, Ақбас көл мен Сары өзен бойы. Ер жете келе төселгенақын дәрежесіне жетіп, өз кезінің ірі ақындарымен айтысқан. Олардың ішінде: Шортанбай, Шөже, Дана, Арыстан,Серәлі, Ақан сері сияқты ірі тұлғаларда бар. О шығарған көлемді сюжетті толғаулар да бар. Олар: «Жүз жұлдыз», «Адам атаның жайы»т.б. О.өлеңдері  Ы.Алтынсарин хрестоматиясына енген. Орынбай 30 жастағы талатты ақын екендігінА. Якушкевич өз кітабына енгізген. Ол 1966ж «Қазақстан» баспасына басылып шыққан.Естірту соңынан жоқтауды Орынбай ақын айтады. Сырымбет тұрғыны Молдахмет Ержанұлы-ң айтуынан Ә.Марғұлан жазып алып «қ.әдебиеті» газетіне 1981 ж 16қарашада жариялайды. Осы секілді ақын шығармашылығын зерттеп жариялағандар жетерлік.

 Шөже Қаржаубайұлы 1808 жылы қазіргі Көкшетау обл-ң Қызылту ауданында туған. 1895 жылы қайтыс болып,сүйегі Айыртаудағы Абылай жотасына жерлеген.

Шөженің айтысқа түсіп айтқан арнау өлеңдері, бірнеше толғаулары бар: «Арқадан шығып едім Ноғай еріп», «Домбыра шыққан тыңқылдан», «Бәйтікке», «Ерден батырға» т.б Ш-ң бұл аталған толғауларын алғаш рет Сәкен Сейфуллин жинағында 1931жылы басылған.

Шөженің ақындығын, сөзге жүйрік, шешен болғандығын Ш.Уәлихановта атап көрсеткен.Е.Ысмайылов: «19 ғасырдағы аянышты халге түскен ақындардың бірі Шөже болғандығын айтады.»

 Кемпірбай Бөгембайұлы 1834жы туып-өскен, аты арыс Арғын еліне түгел мәлім суырып салма ақын. К.әдебиет тарихында тек бірер айтысы ж/е өлерде айтқан бақылдасу ретіндегі сөздермен ғана мәлім.К-бай Шөжемен 20 ж-да Семейден Қарқаралыға барып, жаныстың Сәтібайының асы үстінде айтысады.Кемпірбайдың Әсет ақынға айтқан толғауыда бар.

 8.19ғасырдағы қ.әдебиеті зерттелу тарихы

19ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет.Бұл кез әдебиет діуір көрінісі айқын бейнеленеді. Заман сыры жан-жақты ашылып,қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны,әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Патшалық,аға сұлтандық, өктемдіктерге жергілікті үстемдер озбырлығы қосылып,қалың ел, еңбекші бұқараның қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінің реалистік сипатын табады.Шыдамы таусылып, басұқа амалы қалмаған шаруалардың қолына қару алып,патшаға, аға сұлтандарға қарсы аттанғаны үлкен оптимистпен жырланады. Қазақ поэзиясы бұрынғы сарыннан арыла бастайды, батыл істерді жақтайды.Қазақ поэзиясы бұрынғы бірыңғай сарыннан арыла бастайды,батыл істерді жақтайды. Бұрынғы кейбір жыраулар алланың рахымын тілеп «жақсы патша», мейірімді хан-сұлтандарды ақылға шақырып, кем-кетік, жоқ-жітікке аяушылық жасап,мейірімді іс қылуға үндеп, әділет жолын меңзеп, адамгершілік ақылдар айтыпағайыншылыққа баулу немесе алыстан тоят тілеп, басқа бір қиялы өмірді, жайлы өңірді, жағасы жаз, суы бал «жер ұйық», күні нұрлы жанға рақат, малға жайлы «Жиделібайсын» сияқты мекенді армандау мен қанағаттанып келді.Бұл сарыннан жаңа дәуір поэзиясы түгел арылып кетпеседе, оның алдыңғы қатарлы өкілдері заманы, ұсынған жаңа талаптарға сай, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы, батыл күрес идеяларын қолдап атой салып «Ереуіл атқа ер салуға» үндеді.

9. 19ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен оқытуының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерін саралау.

Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолында жеке авторлы поэзия ерекше орын алады. Әсіресе, шешен-билер, жыраулар мен ақпа-төкпе ақындар бұған көп үлес қосты.

 Әдебиет қоғамдық санамен байланыста дамып отырады дедік. Ол әрбір тарихи кезеңнің философиялық, саяси-әлеуметтік, праволық, діни және басқа да наным-сенімдеріне, адамдар мен топтардың дүниетаным қабілеттеріне сай, соларға тығыз байланыста болады. Бұл сияқты жағдайлар біріншіден, әдебиетті өзінше бөлек дамитын тұйық құбылыс деп қарауға болмайтынын көрсетсе,екіншіден көркем әдебиеттің басқа мәдениет салаларымен байланыста болатынын таныды. Өнердің басқа салаларынан көркем өнердің өзіндік орны бар. Әдебиет қоғам өмірініңбейнелі ой елігінен өткізіп, көркем сөз арқылы суреттеп береді. Сөйтіп әдебиетте өнердің басқа салалары сияқты өзінің жетілу кезеңдерін басынан кешеді.өткен дәуірлерде жасалған сөз өнері жетістіктерін игеріп, оны ілгері дамыта отырып, көркем әдебиеттіңбүкіл адамзатқа ортақ классикалық туындылары өмірге келеді.Басқа әдебиетіндегі сияқты қазақ поэзиясының пайда болуы мен дамуында да өзіне тән өзгешеліктерін, даму жолын, оның заңдылықтарын танытатын ғылымды әдебиет тарихы дейді.әдебиет тарихы-ең алдымен, тарихи ғылым. Әр дәуірдің әдебиет қайраткерлеріне сол дәуір талабы тұрғысында баға беріледі, оның өзі өмір сүріп отырған заманның басты мәселелерін қаншалықты айқын танып, қоғамдықой мен өнердің дамуына қаншалықты үлес қосқанын айқындап алуға қажет етеді.

Әдебиет тарихы өткен дәуірлер суреткерлері жасаған көркем туындыларды талдап, поэзиямыздың қалыптасуына өз еңбектерімен ықпал еткен ақын, жазушылар творчествосын зерттейді.Олардың өнер тарихынан алатын орнын белгілейді. Бірақ әдебиет тарихын көркем шығармалар мен өткен дәуір жазушыларының ғана сабырына айналдыруға әсте болмайды. Өйткені әдебиет тарихы – күрделі де жанды процесс.Ол әрбір идеялық, көркемдік ағымдар мен бағыттардың, жеке топтар мен қайшы идеялық күресін, әдебиет жанры, стилі, әдістерінің есею,кемелдену, қалыптасу сатыларын, көркем сөз өнерінің даму кезеңдерін, тілдік  құралдарының жетілу жолдарын т.б тарихи заңдылықтарын танытады. Белгілі тарихы дәуірлер көркемдік туындыларының тұтас бет алысын, негізгі нысанасын анықтау белгілі дәрежеде, сол бір халық әдебиетіннің тұтас даму процесін, бүкіл ішкі сырын ашу  қажет болады.

10. Нұрым ақынның әдеби мұрасын оқыту.

Нұрым ақын қазіргі Маңғыстауға қарасты Қарақия деген жерде, Жайық жайлап, Тайсойған, Бүйрек қыстаған адай елінде туып-өскен. Әкесі Жаршағұл шаруа болған. Нұрым жасында аауыл молдасынан оқып, ислам діні бағытында тәрбие алған. Қазақ ж/е көрші түркмен елдерін жас шағында аралап, білім алу жолында біраз ізденген. Халық ақындарының дәстүрлі мектебінен өткен. Хиуада мұсылманша оқыған.

  Оқушы шағында, жас шағында, Нұрым да ескі ақындар дәстүрі бойынша өзі жаттаған араб әріптерін жыр еткен. Ескі әліппеге тән әрбірт әріпке қойылатын атауларды ұйқастырған.

  Нұрым дін жолында болғанымен оған беріліп кетпей жастайынан ел аралап, өлең-жыр айтумен ерте шұғылданған. Нұрымның Жаскелең, әбубәкір молда, Қашаған, Балмырза, Беріш қызы, Тананың төрт ақыны, тағы басқа кейбір ақындармен айтыстары мәлім.

  Ақынның жеке тақырыптарға жазған өлеңдерінде де әлеуметтік мәні жоғары, ойлы, парасатты. Кейбір өлеңдерінде діни ұғымдар кездессе де, ол өмірінде түңілмейді, адамның болашағына сенім білдіріп, оның ынта-жігерін ардақтайды. Адамның қоғамдағы мәні, өмірден алар орны туралы пікірлері де көңіл аударарлық.

Ақын адамды дүниенің сәні, маржаны, өмірдің қожасы, зор алып күш иесі деп ерекше бағалайды.

    Жақұт маржан секілді,

   Адамзаттың баласы.

   Дүниеге келді сән болып,

   Алыптай күшті нән болып...

Нұрым-халық ерлігін ардақтап  ұзақ толғаулар шығарып айтқан жырау. Оның «Жауміт шапқанда» атты ел басына екі талай күн туғанда ерлік іс көрсеткен батырларды жырлаған толғауы мәлім. Бұл жырдың ұзын ырғасы 200 жолдын астам. Жырда ақын ел тарихын, адайдың көші-қону мекендерін, жау айбынар ерлерін, әділғазы билерін жырлайды.

 Ақынның жырлауында кезінде елге басшы боп қол ертіп, сөз ұстаған Төлеп би мен Мыңбай батырлар- нағыз халық ұлдары, «миллион байтақ ел үшін»еңбек еткен адал азаматтар. Олар жауға қарсы халықты жұмылдыра, біріктіре білген басшылар.міне ақынның осындай ерлікке, қайсарлыққа, адмгершілік ақылдарға баулыйтын олең толғаулары жетерлік,ақын мұның түб негізі ретінде жастарды қазақ елін, жерін қорғауға, құрметпен қарауға, әр кез қайсарлықты танытуға үйретеді.

Н.Жаршағұлұлы-дәстүрлі жыраулық сарынды жалғастырушы,бұқара халықтың мұңын жырлап,ел бірлігі мен ел тірлігін көксеген он екі ата байұлының әйгілі ақыны.Ақынның өз сөзімен айтсақ,ол өзі туралы былай депті:

Он екі ата байұлы,

Сахараның мен Нұрымы

Су тағының құлыны,  

Тайпалмас жүйрік жорғасы.

Бұл сөздерінде ол өзін көркем сөзге алдына жан салмас өрен жүйрік,сауырынан су төгілмес,төрт аяғы тең жорға.саңлақ бейнесінде танытады.

Нұрым ақынның жеке тақырыптарға жазған   өлеңдерінің әлеуметтік мәні жоғары,ойлы,парасатты.Оның  шығармаларында адамгершілік сарын басым.Кейбір өлеңдерінде діни ұғымдар кездессе де,ол өмірден түңілмейді,адамның болашағына сенім білдіріп,оның ынта жігерін ардақтайды. Ақын адамды дүниенің сәні,маржаны,өмірдің қожасы,зор алып күш иесі деп ерекше бағалайды.

Жақұт,маржан секілді,

Адамзаттың баласы.

Дүниеге келді сән болып,

Алыптай күшті нән болып...

Нұрым-халық ерлігін ардақтап ұзақ толғаулар шығарып айтқан жырау.Оның «Жәуміт шапқанда»атты ел басына екіталай күн туғанда ерлік іс көрсеткен батырлардыжырлаған толғауы мәлім.Бұл жырдың ұзын ырғасы  200 жолдан астам.Ақынның бұл толғауы былай басталады:

Ойыл,Қиыл,Жем,Қайнар,

Көлденең жатқан ел жайлар.

Бетегесі белден шық,

Жегендерді желдетіп,

Қонушы еді қарыштап,

Маңғыстаудың ойынан

Көшіп шыққан көп байлар,

Желпіндіріп ат сайлар,

Желбіретіп ту байлар...

Жырда ақын ел тарихын,адайдың көші қону мекендерін,жау айбынар ерлерін,әділғазы билерін жырлайды.

  Нұрымның бір өлеңі 1908 жылы баспа бетін көрген.Ол-ақынның ел іші,ру арасы тартыстарын сипаттайтын 84 жолды толғауы.Елдегі жікшілдікті сынап,ақын ел арасындағы рулар наразылығын қоздырушыларға қарсы шығады. Жеке адамдар арасында болатын кейбір қырқылжын келіспестіктің екі елді жауластыруға дейін қозатынын көрсетіп, ондай даурықпалыққа ақылы бар адамдар бармасқа тиіс,- деп, адамгершіл ақылдар айтады.

11.Сегіз сері, Мұхит, Жаяу Мұсаның ән –өлеңдерін зерттеу.

Сегіз сері өз заманының бетке ұстарлары. Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Шернияз, Сүйінбайлармен төс соғысқан дос болған. Ол «Гауһартас», «Мақпал», «Қарлығаш», «Әйкен-ай» әндерін  «Қосқыран» /Исатай, Махамбет туралы/, «Қызыл нар», «Ақ қайың», «Алмас қылыш», «Семсер», «Есіл» күйлерін шығарған. «Атақтының атақтысы»  Сегіз сері қазақтың ақындық, әншілік, музыкалық өнерінің ұлы мектебін құрған әйгілі Біржан салдың ұстазы. Сегіз сері жазған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының бір нұсқасы Ахмет Жантуриннің алдында сақталып, ол кейінірек Н.И.Ильминскийдің қолына түседі. Бүгінде сол жыр Татар Республикасының архивінде сақтаулы тұр. Жыр былай деп басталады:

Жасым бар жиырмада жылым мешін,

 Өлімнің кім біледі ерте –кешім.     Айтайын бес алты ауыз құлағың сал             Қозы Көрпеш – Баянның әңгімесін.

Ақынның өлеңдерінен дәуір дауылпаздарының өршіл даусын естіп, өрен тұлғасын елестеткендей боламыз.   Мұхит тек композитор әнші ғана болған кісі емес. Әнмен қатар домбыраны да ұстаған.музыкаға артық қабілетті адам. Домбыраны да жете меңгерген. Мұхиттың жасы жиырма беске келгеннен ақ атағы шыға бастайды. Оның әні,өлеңі халықтың аузынан түспейді. Ол романтикалық кейіпте, лирикалық тілдіә әндер шығарды. Көбіне әннің негізгі тематикасы: арнау, бір кісіге бағыштаулар болды.

Жаяу Мұсаның өмір жолы дала художнигінің қайсысы болса, сонысының басына кездесе бермейтін уақиғамен толы болса, оның творчестволық жолы да өте қызықты. Мұсаның әндерінің көп тарағанының бірі:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса сиса,                                                                                              Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.                                                 Шорманның Мұстафасы атымды алып,                                                       Атандым сол себептен Жаяу Мұса,- деп келетін өлеңмен айтатын әні.

Мұса ерлік, өктемдік, оптимистік рухта, ашық тілмен өзінің әлсіз де болса, күштілігін айта білсе, көңіліне ұнамаған адамын музыка тілімен сықақ қылы да білген. Оның тілінің өткірлігі мен үнінің өткірлігі бірдей келген. Бұл «Құлбакй әнінде айқын көрінеді». Мұсаның жоғарыда аты аталған қайың атасы Құлбай, барған сайын Мұсаның малын сыпырып алып қала береді. Жаяу Мұса оның тоймайтын құзғындығына арнап ән шығарады:

«Құлбай байдың өгізі

Ит –екеңнің семізі,

Келген сайын тонады,Тоймаған екен негізі»- деп, жыр форымдас болып келеді бұл әні.              Сөзі осындай күшті болса, әні де өткір сықаққа лайықты мелодияға құралған. Осындай қазқтың асыл қазынасы, ерекше байлықтарының бірі- Мұсаның еңбектері.

12.Шернияз шығармаларының зерттелуі, басылым жайы.

    Шернияз ақынның руы Кіші жүздегі Кете, оның ішінде Байқошқар, оның ішінде –Айдар, оз әкесі Жарылғас. Шернияздың қай жылы туғаны белгісіз, қайтыс болуы XIX ғасырдың 70 жылдарының шамасы.   

    Шернияз -Исатай-Махамбет көтерілісіне белсенді қатынасқан ақын. Сондықтан да оны Исатай- Махмбет бастаған көтеріліс басталғаннан кейін, қашып жүрген жерінен Баймағамбет сұлтан оны ұстатып алады.  

    XIX ғасырда жасаған ақындардың шығармаларында, қазақтың кең даласына түгел тараған бір өлең, Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны. Біздің қолымызда бұл өлеңнің үш варианты бар.

Дәурені Шернияздың солай өткен,            Қос батыр қайран жақсы талай кеткен.                   Ғибрат көп бұл өлеңнен шығатұғын,  

Көз салып, ой жүгіртіп тұрсаң шеттен, деп басталады. Мұны айтушы Көкшетаудағы Алыш ақын.  Алыштың бұл өлеңі 1925 жылы Москвада кітап болып басылды. Қазіргі Алматы облысындағы Найман Матай руынан шыққан Омарбек айтқан варианты, 1925жылы Ташкентте шыққан «Терме» атты жинақта басылды. 1940 жылы Балқаш қаласында тұратын қарт ақын Шашубай Қошқарбайұлынан жазылып алынған вариант, бұл әлі баспа жүзінде шыққан жоқ «Зар заман » кезінде Шернияздың басындағы трагедия талай ақынның басынан өтті. Ақын өз жырларында ел өмірін толық баяндап береді.

13.XIX ғ. көркем аударма шығармаларды саралау.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгеріленген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Заман сыры жан жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Осы кезеңнен бастап әдебиетімізде жаңа бетбұрыс басталды. А.Құнанбаев негіздеген жаңа реалистік әдебиет бой көрсетіп, ол қазақтың төл көркем де бейнелі жазба әдебиетін кәсіптік дәрежеге көтерді. Ақын А.С.Пушкин мен М.Ю.Лерментовтың реалистік әдістерін жете меңгерген еді. Осының негізінде Абай орыс ақындарының өлеңдерін, мысалдарын өз тілімізге аударып, сол арқылы халыққа тәлім-тәрбие берерлік мол мұра қалдырды. И.А.Крылов мысалдарындағы басқа тілдерге аударуға қиындық келтіретін идиомалардың көптігіне, аударудың қиындығына қарамастан, Абай алға қойған міндетін абыроймен орындап шықты. Бұл мысалдарды аударғанда Абай, ең алдымен, оның идеялық мәнін сақтауға тырысты. Мұнда ақын қазақтың дүниетану жайын, психолгиялық ерекшеліктерін ескере отырып аударды.  Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы – орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Бұл XIX ғасырдағы көркем аудармалардың бір тармағы болып табылады.

14.Шернияз ақынның әдеби мұрасын оқыту.

Махамбет рухында жыр толғап, шаруалар көтерілісіне үн қосқан халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі – Шернияз.  Шернияздың табан асты сөз айтуға, адамға мін таққыш өткір тілді, жүйрік ақын болғандығына оның барлық өлеңі де мысал бола алады. Әсіресе , ақынның мысқылға толы айтыстары болған айғақ. Шернияз аты үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алышт, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шерниз өлеңдерін жырлап келгенді. Бұлардың әрқайсысы оның жырын өз естулерінше айтып жүрген. Бірақ олар Шернияз өлеңдеріні ңнегізгі аранасын бұзбай сақтап отырған. ҚҒА қолжазбалары қорында Шернияз шығармалары папкалары бар. Онда 1940 жылдры жазып алынған ақын шығармаларының белгілі, белгісіз нұсқалары жинақталған. Ақынның Алыш ақын айтуы арқылы жеткен өлеңдері, Баймағамбет сұлтанмен кездескендегі жыры бізге баспадан мәлім. Шернияз- халық мұңшысы, осыған орай оның дүниеге көзқарасы да айқын. Әсіресе ,жарияланбай жатқан Ғылым академиясы қолжазбасындағы Шернияз өлеңдері маңызды. Ол тек Баймағамбетке ғана наразы адам емес, сонымен қатар басқыншылар мен болыс, билерге, олардың әділетсіз істеріне қарсылық білдірген ақын. Шекті елінен Байбақты ішіне көшіп келген ақын Байбақты билері Әлен мен қазылардан жақсылық көре алмайды. Сондықтан Шернияз оларға шағынып, өлең шығарады. Онда Әлен мен қазы билердің өз еліне жасаған қысымдарына Шернияз қатты наразылық білдіреді.

Біз зиянсыз қарғамыз,

Қимағаннан қонысты

Әй Қазы би, Қазы би  

Әлі де болса ойлаң

Қайтіп саған келгенбіз,

Келген кісім сен болсаң,

 Көзге түрте бермеңіз.

Мұнда елді қуғындап қонысынан аудармақ болып әрекет жасаған қиянатшыл патша әкімдерін, билерді аямай сынайды. Ақынның осы секілді өлеңдерінің мәні өте зор.

15.XIX ғасырдағы айтыс өдеңдерінің жанрлық ерекшеліктері, көркемдік жүйесі.

Айтыстың бастауы сөз жоқ, фольклорлық әдістерде, айтыстарда жатыр. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» атты оқулығында айтысты үлкен арна, сала ретінде қарастырады. Мұнда Әуезов салт айтысы, ру айтысы, әлеуметтік айтыс, сүре және түре айтыс дегендерді қолданады. Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің жанрлық, көркемдік классификациясын жасайды. А.Байтұрсынұлы «Әдебиет таңытқыш» еңбегінде айтыстың толып жатқан жанрлық ерекшеліктеріне сөз өнері тұрғысынан аса мән беріп, теориялық тұрғыдан сипаттайды. «Қазіргі айтысымыз бұрынғы айтыстардай емес. Екі адам айтты делініп, бір адам шығарған шығарма айтыс» дейді А. Байтұрсынов. Бұл өте қисынды пікір. Осыған қарап, XIX ғ. барлық айтыс түрі болмаса да, бірнеше айтыстың, әсіресе қыз бен жігіт айтысы аталып жүрген көпшілігінің бастапқыда жеңіл сөз қағысу түрінде өткен әңгіменің бір ақынның қайта жырлап беруі айтыс өнеріне ұласқанын байқауға болады.

16.Нысанбай жыраудың «Кенесары- Наурызбай » жырының жанрлық, көркемдік ерекшелігі.

Кенесары бастаған тарихи қозғалысқа бастан аяқ қатысып, осы бір ұлы оқиғаның бар шындығын жырлап, «Кенесары- Наурызбай» атты тарихи дастан қалдырған Нысанбай ақын. Ол қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш жерінде 1821 жылы туып, 1883 жылы қайтыс болған. Ақын өзінің аталмыш дастанының сюжетіне өзек етіп Кене хан мен Наурызбай батыр басшылығымен болған көтерілістің бастауларынан, өрістеуі, аяқталуына дейін тарихи шындыққа сай жыр кестесін төккен. Негізгі қаһармандары дастанның атына сай – Кенесары мен Наурызбай. «Кенесары -Наурызбай» дастанын ел аузынан алғаш жазып алған Жүсіпбек Басығарин болса дағы (1896) Дибаев арқылы Жүсіпбек Шайхисламовтың қолына түседі де, бұл дастанды ол 1912 жылы Қазанда бастырып шығарады. Кейін 1923 жылы Х.Досмұхамедов Ташкентт, 1926 жылы Нәзір Төреқұлов Мәскеуде қайта бастырды. Кенесары мен Наурызбай бастаған ұлы қозғалысты тарихи маңызы бұрмаланып, оның айналасындағы мәселелер бір жақты тәркіленіп келгендіктен Нысанбай сияқты тарихи оқиғаны жыр етіп, тарихи дастан қалдырған талантты ақын шығармашылығы көп жылдар бойы ескерусіз қалды. Оны зерттеп, шығармаларын жинап баспаға шығару жұмыстары соңғы жылдары ғана қолға алына бастады.  Бұл жырлар қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар халқымыздың рухани қазынасы.

17.XIX ғасырдағы шығыстық қисса дастандардың көркемдік негізін саралау жолдары.

Қазақ халқының XXғасырдың басына дейін басқа Европа тілдеріне, өнеріне қол созуына мүмкіндігі болмады. Оның есесіне халқымыз ертеден Шығыс мәдениетімен, әдебиетімен, тарихымен тығыз байланыста. Мұсылмандық дүниеге еріксіз ұмтылды. Діни кітаптарды, аңыз, ертегі, әңгіме, қисса, дастандарды арабша, парсыша,шағатайшаоқып танысты, аударды.

Бұндай жағдайдың халықтың ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ауыз әдебиетіне екі түрлі әсері бар еді. Біріншіден, қазақ халқының ауыз әдебиеті басқа көршілес Орта Азия халықтарының фольклорындай Шығыс тарапынан келген аңыз, дастан хикаялармен толысып, тарамдала түсті. Шығыстық әсерлер, суреттер ауыз әдебиетінің арнасын кеңейтіп, кемелдендірді. Фирдауси, Низами, Науаи хамсаларынан, араб, парсы, үнді ертегі, аңыздарынан Орта Азия халықтарының әдебиеті арқылы келген «Ләйлі-Мәжнүн»,  «Шахнама»,  «Тотынама»,  «Фархад- Шырын»,  «Таһир-Зухра», «Ескендір»,  «Рүстем-Дастан»,  «Атымдай Жомарт», «Мұңлық-Зарлық» сынды лирикалық, батырлық, ғашықтық дастандар қазақ топырағында жаңадан түлеп жарқырап, төл туындыларға айналды. Бұл шығармаларда халықтыі арман тілегі, мақсат мүддесі, адамгершілік қасиеті паш етіледі. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» және т.б. халықтың асыл қазыналарына қосылған лиро эпостарымыздың қалыптасуына, сөз жоқ, осы Шығыстың классикалық ідебиетінің зор әсері болғандығы даусыз.

Мәселен, «Ләйлә -Мәжнүн», «Фархад-Шырын» дастандары мен қазақ лиро эпосы қазыналарының бірі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» арасында да заңды байланыс, әуендес сарындар бар. Қай заман, қай ғасырда болмасын, махаббат біреу және сол махаббат жолындағы құрбандық та біреу-ақ. Шығыс әдебиетінің Рүстем, Ләйлә-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Ескендір, Тахир-Зухра сынды қаһармандары қазақ арасына ерте замандардан белгілі бола бастаған.

«Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха» есімдері қазақ ауыз әдебиетіне туа сіңіскен, сүйенішке айналған озық лгілерден саналады. Халық батырларын, сұлуларын соларға қойып жырлайды.

Қыз Жібектің құрметі,

Жаһаннан асқан сәулеті,

Ләйлі- Мәжнүн болмаса,

Өзгеден артық келбеті.

Үш қызы бар қасында ай,

Кебісінің өкшесі

Бұхардың гауһар тасындай.

Қиссашы, дастаншылар халық аузында жатқа айтылып, сақталып келе жатқан осындай Шығыстан келген асыл қазыналарды кітап бетіне түсірді, немесе жаңғыртып өздері жырлады, жандарынан қосты.

18.Қашаған Күржіманұлының өлеңдеріндегі замана күйі.

Қ.К Хорезм облысына қарасты Ташауыз деген жерде дүниеге келген. 15 жасынан бастап жұмысқа араласып, өз бетімен еңбек етуге мәжбүр болады. Бірақ сергек, көңілді, ұғымтал жас елдегі ойын сауыққа араласып, ақындардың өлең жырларын зер сала тыңдайды.

  Қашаған өзіне дейінгі ақындарды жақсы білген. Нұрым мен Абылды ол өзіне ұстаз тұтқан. Ел аузында Қашаған айтыпты дейтін мына бір ауыз өлең осы пікірді растайды:

Абыл мен Нұрым, Ақтаным,

Осылар еді тапқаным.

Осылар маған үйреткен,

Тарихтың ескі ақпарын.

Өзі туралы ақын былай дейді:

Аруақты атам ер Қосай,

Өзімнің атым Қашаған.

Ғұмырым сексен жасаған....

Қашаған айтысқан ақындар: Нұрым, Аралбай, Жаскелең, Ізім шайыр, Берекет, Күлзипа қыз т.б. Қашағанның айтыстан басқа біраз арнау, дидарласу түріндегі өлеңдері де бар. Бұл өлеңдерінде ақын өзімен тұстас кездің шындығын ашады. Кіші жүз қазақтарының өткені мен келешегі толғанады.

Қашаған айтысқан ақындар: Нұрым, Аралбай, Жаскелең, Ізім шайыр, Берекет, Күлзипа қыз тағы басқалар.Қ-ның айтыстан басқа біраз арнау, дидаоласу түріндегі өлеңдері де бар. Бұл қлеңдерінде аұын өзімен тұстас кездің шындығын ашады. Кіші жүз қазақтарының өткені мен келешегі толғанады. Оның өлеңінде ел басына түскен ауыр кезең жырланып, содан туған ел қайғысы бейнеленеді. Мысалы, Каспий теңізі 1895 жылы тасып, жағадағы жеті болыс елді су басып, халық күйзелген кезді ақын «Топан селі басқанда» атты толғауымен танытады. Ол өз елінің өткен кеткенін еске алып, қоныс жайын, елі бастан кешірген қиын кезеңдерді термелейді.

Еділ мен Жайық жер еді,

Жетімдерге дем еді.

Біреулерді жау алып,

Біреулерді тасқын су алып,

Біреулерді үлкен жел алып

Бүгін емес қашаннан

Ашуы асқан араңдай,

Қауіп төнген жер еді.

Қ-ның арнау өлеңдерінің бірі Аралбай деген ақынға келіп, оның өлген баласына көңіл айтқаны. Ол дәстүрлі көңіл айту, ниет білдіру түрінде келеді.өлең Ойыл ауданында тұратын Төкешев Қазтайдың аузынан жазылып алынды.

Қ. «Шзбас ақынға»,  «Кетеден шыққан келінге»,  «Қыз сыйына»,  «Берекет ақынға»,  «Күнзина қызға»,  «Байұлы туралы»тағы басқа қлеңдері ақын шығармашылығының кең арналы екенін таныта алады.

Ақын мысқыл сөзге ұста. Осы кезге дейін Қашағанның өлеңдері қазақ әдебиетінде өркендеді.

19.Д. Бабатайұлының әдеби мұрасын оқыту әдістемесі.

Д.Бабатайұлы туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін , одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша назарылық білдірген ел басы адамдардың бірі.

Д.Бабатайұлы Семей облысының Аягөз ауданында дүниеге келген, сүйегі де сол маңда. Дулат өзі ғұмыр кешкен ел жағдайын , жер жағдайын жан жақты терең жырлағаны мәлім. Ақынның қазақ ұлдарының отансүйгіш, жауынгер болуын, қазақ қыздарының тәрбиелі, әдепті болуын тебірене сөз етеді. Оның өлеңдері жаңа түр, биік мазмұнымен басқалардан ерекшеленеді.Ақынның табиғатты шымырлата жырлауы қазақ поэзиясына жаңалық әкелді. Дулат өз өлеңдерінде заман шындығын бейнелеген. Басты тақырыбы- Ресейдің қазақ жеріндегі отаршылдық саясатын сынап, қоғамның ішкі қайшылықтарын ашып көрсету мен барлық әлемдердің жаратушысы Аллаһқа ғибадат етіп, иманмен өмір сүру. Ел басқару ісіндегі әділетсіздіктер мен ата қонысынан айырылған бұқара елдің ауыр халін, ашына жырлаған ақын Ресей патшаның қанаушылық саясатының мәнін  ашып, қазақты талан таражға түсірген басқарушы топтың сатқындық әрекетін ашық сынайды. Сонымен қатар «Еспембет» дастанында ер тұлға, қаһармандықты көрсете білген, елі үшін ғұмыр кешкен ерлікті аңсайды. «Зар заман» (М. Әуезов) ағымының ең ірі өкілі Дулат бар ақындық қуатын ел жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға. Дулат өлеңдерінің  қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Дулат «Бірінші сөз» деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді.

Жоның жайлау кең алаң,

Атам қонған кең далам.

Мендей сені қызғанар,

Бауырында өскен қай балаң?

Дулат өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың біркездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.

Ел үшін кешіп өз жанын,

Ереуілге шыққан ер.

Өлексесін құшақтап,

Қала берді туған жер.

Бұл шумақтардан елі, туған жері үшін жанын пида еткен ерлердің аянышты қазасы мен шерлі болған қазақ топырағының бүкіл шындығын аңғартты. Дулат шығармаларынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты қзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасындада жетім бала тағдырын сөз қылады. Бұл толғау:

Ер Еспембет кешегі,

Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,

Топта бермес есені,

Үлгі айтса көшелі

Жауға шапша көсемі, деп бастайды.

«Тауды екіге жарасың» деп басталатын ақынның Аягөз өзені туралы толғауы туған жер табиғатын ерекше талғаммен жырлайтын сұлу суретті шығарма. Аягөз өзенінің тауды іліп, тасты бұзып, асау арнасы тулап, Тарбағатай тауынан бас алып, талай жерді шарлап, көп алқапты көк майсаға айналдырып, асып тасып жататынын айта отырып, ақын сол өзеннің мөлдірінен сусындаған жанурдың табар рахатын үлкен сүйіспеншілікпен шалқыта жырлайды. «Тастың қашап арасын, Аягөз қайда барасың?» деп, тілсіз табиғатқа арнап сөз тастайды.Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты.

20.XIX ғасырдағы жазба әдебиет жанрлары.

Х.Досмұхамедұлы жазба авторлық мәселесіне байланысты былай дейді:

«Кейбір мәліметтерге қарағанда бұндай авторлық XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады деп жобалауға болады. Бұл қазақтың жазба әдебиетінің бастауы ».

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны сөзсіз.Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеуі қажет.

Қазақ халқы көркем әдебиетінің ежелгі жазба мәдениеті XIX ғасырдың бірнеше ғасырлық тоқырауды бастан кешіп келіп, қайта жаңарып, жалғасын тапты.

Ежелгі жазба әдебиет дегенде Ө. Күмісбаев әл-Фарабидің әдебиет теориясына қатсты еңбектерінен бір үзік ой ұсынып, көп мәнді, құнарлы ғылым бастауына тартады. Әл- Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарайды. Біріншіге суырып салма ағып тұрған табиғи дарындарды жатқызады, бұлардың көңілі түскен тақырыпты теңеу, метафоралармен әсем мүсіндеп бере алатын қабілетіне тоқталады. Ғұламаның бірінші топқа берген бағасы қазіргі айтыс ақындарына келетін сияқты. Екінші топқа өлең түрлеріне қағидаларына жетік, поэтикалық құралдардың қисынын кәміл келтіретін ойшыл ақындарды айтады. Бұл топта енді жазбаша ақындардың мінезі бар екндігі хақ. Фольлортанушы ғалым Шәкір Ыбыраев нақтылы мәселенің мәнін айқын ашып, XIX ғасырдағы әдебиет нұсқаларын бірде фольклор ауыз әдебиеті деп, бірде ауызша, жазбаша, жазба дегендей қисындармен айғақтап келе жатқан түрлі тоқтам танымымызға түйін боларлық ұстаным жөнін көрсетеді.

21.Ақмолла ақынның әдеби мұрасын оқыту.

Қазақтың XX ғасырдағы көрнекті ақын жазушыларының бірі Ақмолла қазіргі Башқұртстанның  Бәләбай ауылында 1839жылы,  27 желтоқсан күні туады. Ақмолла өлеңдерін үш тілде қазақ, башқұрт, татарша да жазған сирек талант иесі. Ақмолла қазақ ақыны. Себебі, Ақмолла өлеңдерін қазақ тұрғысынан алып, қазақ тілінде қазақша сөз образдарын, мысал мақал мәтелдерді қолданып, қазақ ойына қонымды етіп жазған. Мысалы, Ақмолланың түрмеде жатып жазған өлеңінің әр жері былай болып келеді:

Бұл жерде биіктерден аласамыз,

Сарғайып, түн ұйықтамай таңасамыз.

Ақылдан құсаменен адасамыз,

Ау құрып, шыбын тұтқан өрмекшідей,

Қандала, бүргеменен таласамыз.

Мекенім менің жатқан аты зындан...

 Сонан соң, Ақмолланың өзі: ана тілім қазақ тілі, өлеңдерімді қазақ тұрмысынан алып, қазақ тілінде, қазаққа арнап жаздым деп үнемі айтып, жазып жүрген.

Қазаққа өлең жаздым ашық қылып,

Хасистердің жүрегін ашықтырып...

Айтамын үгіт қылып қазақ халқын,     Көңіліңіз дін жағына сонша салқын.

Қаншама ғұламалар айтса дағы

Бұрынғы қия алмайсың ата салтын, дейді ол.

Ақмолланың өлеңдері қазақ арасына көп тарады. Алғаш 1935 жылы Алматыда Қазақстан көркем әдебиет баспасында оның өлеңдері жинағы басылып шықты.

Ақмолла бір өлеңінде өзінің жетімдік, кедейлік салдарынан көп оқи алмағынын, алайда заманына лайық білімі бар екенін, жағдайды аңғаратынын айтады:

Фақырлықтан артық фән көре алмадық,

Шәһәр шығып, алыс жерге жүре алиадық.

Мергендерді таңырлық халіміз бар,

Сол себептен сабыр қып тұра алмадық, дейді.

Ақмолла өлеңдерінің басым көпшілігі заман туралы, қазақтың тұрмысы, хал жайы туралы, оқу, өнер, ғылым туралы, дін, мінез құлық туралы болып келеді. Бұлардың бәрінің идеялық мазмұны, ақынның негізгі идеясы оянушылық жәдитшілдік. Ақмолланың бірқатар өлеңдері дін туралы, адамның ниеті, мінезі, қылығы туралы болып келеді.  

22. XIX ғасырдағы кітаби жазба тіл.

XIX ғасырда қазақ арасына кең жайылған қисса дастандар зерттеушілер деректеріне қарағанда сол ортағасырлық нұсқадан қайта басылып, нәзирагөйлікпен қайта жырланып та тарап отырған.

Қисса дастандар туралы В.В. Радлов тұжырымдарында XIX ғасырдағы отаршылдық саясат мүддесінің сұлбасы байқалғанымен, әділін айтқанда,ғалымның ғылым мүддесімен зерделуі айқын, басым.

Кітаби өлең діннің ұрығы, ислам ілімін таратуды мақсат тұтады. Кейбір өңірлерде ислам дінінің қаһармандары жөніндегі өлеңдер халық батырлары туралы жырларды ығыстырып отырдеген түйіндері негізді.

В.В.Радлов кітаби өлеңдердің ерекшелігін, басқа өлең сөзден айырым белгілерін ажыратар сипаттарына ғылыми негіздеме салды.

Кітаби өлеңдерге келсек, көлемді әңгіме «Сейфулмәлік» Мир- Али-Шира жырының үлгісімен жазылған немесе кітаби тілден қазақ тіліне көшіріліп жырланған деуге болады, өйткені, түпнұсқаға өте жақын келеді.

XIX ғасыр әдебиетіндегі дін жайына, діни сарынға соңғы кезеңге шейін бірде қисынды, бірде бұра тарта тоқталған тұстар болды.нәзира дәстүрін жандану себептеріне орай туындаған салалары: миссионерлікке қарсылық; экзегетикалық дәстүрдің тууы, қазақ балаларының шоқындыру саясатымен болса да орыс оқуына тартылып, дүниеге кең қарауға, шола қарауға мүмкіндік туу; орыс алфавитінің енуі, усули жадитизмнің тууы т.б.

23. Қохан хандығы  билеген өңірлер  әдебиетін оқыту. Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) – қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін меңгеріп үлгерген Ресей империясы кеуделеп келе жатты. Шығысында өзін аспан әміршісіне балайтын Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған кез. Оңтүстігіндегі елдерді ислам фанатизмі тұтастындырып, тәңірлік наным сенімді өмір салты еткен қазақ даласына олар да ит көрген ешкідей ажырайып қарайтын. Әсіресе, көшпелі өмір салты ұқсас, мекен тұрағы жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттардың саяси бірлестігі (1635 – 1758) аш бүйірден шаншудай қадалады. Осынау тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз ақыны бір ауыз өлеңмен былай бедерлейді:

«Былай барсаң Қоқан бар,

Қоқаңдаған әкең бар.

Былай барсаң Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар.

Былай барсаң Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Бір шумақ өлең аясына сол кездің әскери саяси ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге қазақ даласына сұғын қадаған елдердің дипломатиялық талғам тәсілі мен басқыншылық тактикалары да айқын аңғарылады.

Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1771-1860) – қазақтың азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. Оның бүкіл мағыналы өмірін Хиуа мен Қоқан бақыншыларына, орыс отаршыларына қарсы күреске арнауы да сол зорлық – зомбылыққа, қиянатқа төзе алмайтын қасиетіне негізделген елін, жерін сүйген алып жүректілігі де себеп болса керек. Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа келген қазақтың соңғы ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған шабуылдары жөнінде біраз әңгіме сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің жігіттерімен Созақ қамалына көмекке келе жатқан Қоқан әскерінің алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып жібереді. Содан кейін Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып, қамалды алысады. Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа батырдың сарбаздары болыпты. Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт жаумен арыстандай айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы төбенің басында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз қандастарының қолынан қапылыста қаза табады.

24. Махамбет ақынның  жекелеген өлеңдерінің  туу тарихын оқыту. 

Махамбет Өтемісұлы 1803ж. қазіргі Батыс Қазақстан облыстарына қарасты  Нарын құмында туған.  Шыққан ортасы – шағын шаруа. М.халық көпшілік  басындағы  бақытсыздықты  тек қана  бір құдайдың ісі  деп,  сол тәңірдің ғана  рақымын тілеп,  тағдырға бас ұруға  жүгіндірген  қараңғылық  торына қарсы болды.  Ол езілген  елдің өз күшіне  сенімін молайтып, жарқын болашаққа  көзін жеткізуге күш салды.  Еңбекші  басындағы барлық  ауыртпалықтың түп тамыры патша мен  хан,  сұлтандардың тонағыш езгісінде екенін  танытуды  көздеді.  Осындай ізгі  ниет ақындық  зор шабытқа  ұштасып,  халық жүрегіндегі  қайғыны серпілтер,  ел еңсесін  көтерер  жігерлі  жыр туғызды.     М.- суырып салма төкпе ақын.  Өлеңдері  ауызша тарап келген.  Ақынның кейбір  өлеңдері  өзінің мазмұны  жағынан да,  түр өзгешелігі жағынан да  бұрынғы ауыз әдебиеті  шеңберінен жоғары, жазба  әдебиетке біршама жақын. Кейбір өлеңдері  ХХ ғ.басында шыққан  қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908ж. Қазанда  басылып шыққан «Мұрат ақынның  Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинаққа  М-ң жүз  жолдан астам  екі толғауы  енген. М.толғауларының  кейбір үзінділері  1910ж. Орынборда  шыққан «Шайыр» жинағында да басылған. Осы жинақта  «Исатайдың  әндесі Махамбет жыраудың  сөзі»  деген атпен ақынның  «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен,мен едім,  мен едім» толғаулары берілген. М.өлеңдерінің тиянақты  жиналып  бастырылуы,  оның өмірі мен шығармашылығын зерттеу 1920ж.кейін ғана құнттап қолға алынды. Заман шындығынан бірден-бір  дұрыс қорытынды жасай білген  релаист ақын болды. Оның релаистігін  әрбір өлеңінен байқауға болады.  Ескі өмірді,  хан билеген кесапатты  заманды  өзінің шындық бейнесінде көрсетіп,  М.тәуелді отар елдің шын сырын  батыл да  анық  ашып берді.  Ол қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге  тікелей араласып,  өз шығармашылығын осындай  маңызды оқиғаларды жазуға арнаған. Ақын өзі бастаған  қозғалысты бастан аяқ  жырлау арқылы  сол тарихы оқиғаның шындық көрінісін түгел көз алдынан  өткізеді. Мысалы, «Соғыс» деген өлеңінде  ақын Бекетай құмына  ту тіккен  көтерілісшілердің  дүбірін,  алғаг бас қосып,  жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.

Әскер жиып аттандық,

Бекетай  еді тұрағым.

Айқайлап  жауға тигенде,   «Ағатай Беріш» ұраным...  

Жау қарасы көрінді,  

Жиылған  әскер бүлінді.

Исатай – басшы, мен-қосшы ... Ақынның  «Баймағамбет  сқлтанға» деген толғауы  ешбір бүкпесіз  өзінің  нағыз шын  сыры ретінде  реалистік тебіреніспен  суреттеледі.  Хан сұлтанның  торына түсіп,  алданып,  қапы қалғанын, сөйтсе де өзінің бас имейтінін, алған  бетінен  қайтпайтынын именбей айтады

Халықтық  кегін ала алмай, Арқаның  алпыс  екі саласынаБармақ боп жолға барғанда,  

Айдаһарша арбадың. М.қазақ әдебиетінде  ең бірінші  болып хан-сұлтандарға қарсы  халық қарғысын батыл да ашық  айтқан. Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп,  сол арқылы  күреске аттанған  барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.  «Мінкен ер», «Тарланым»,  «Тайманның ұлы Исатай»,  Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген  ағам бар», «Еңселігі екі елі», «Арғымақтың баласы» т.б.өлеңдерінде  ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта  алады.

«Мұнар күн» атты өлеңінде  жаумен арпалыста  халық қолы  жеңіліп шегінген кезін,  батыр Исатай қаза тауып,  ел басшысынан айырылып, ардақты ұлдары  қуғын көріп,  көтерілісшілер басына ең қиын  күн туып  тұрған дәуір шындығын  шебер бейнелеп береді.  

Бұландай ерді кескен күн,

Буулы  теңді шешкен күн...

Біздің ер Исатай  өлген күн

Он сан  байтақ бүлген күн.  

«Қайда бар» деген өлеңінде  ел азаматына  лайық ер бейнесін қаршыға құс  образымен  салыстырады.  

Қаршыға құсты  көп көрдім, Қайырылып қазға  қараған ... Түлкі дейін түн қатып,

Бөрідейін жол жортып,  

Жауырнына мұз қатып,  

Жау тоқтатар күн қайда ?!-деген жолдардағы  түлкі мен  бөрі сияқты аңдардың  мінездері орынды қолданылғандықтан жағымды ұғымда қолданылып тұр.  

25. Шәңгерей Бөкеевтің  әдеби мұрасын оқыту. 

Шәңгерей Сейіткерейұлы ақтаңдақтар  қатарына  ілініп, көп жылдар  бойы халқымыз көз жазып қалуға  айналған  көрнекті ақындарымыздың бірі, ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің  ірі өкілі, өз дәуіріндегі  ақындық өнерде  өзіндік үлесі,  өшпес орны айқын  қайталанбас қаламгер. Ол қазақтың жазба әдебиетін  өркендету, оның  образдылығы мен  көркемдігін жетілте түсу жолында елеулі  еңбек еткен шын мәніндегі кәсіпқой жазушы. Шәңгерей Сейіткерейұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орал ауданында, Жасқұс деген жерде  1847ж. дүниеге келген. Тарихқа аты мәлім Жәңгір ханның немересі. Бала  шағынан  басталған тәлім – сарай маңындағы мектептер  мен мешіт-медреселерге  қатысып,  оқуға жалғасады. Ордадағы  «Ай белгілі ақ мешіт» - жас Шәңгерейдің  тәлім алған,  алғашқы сауат ашқан жері.  Ана  тілінде оқып,  мұсылманша білім алуды бастаған  Шәңгерей тез жетіліп,  өзінң үлкендердің көңілін аудартады.  Ол өзінің дүиеге  көзін ашқан  ауылды былай бейнелейді:  

... Ай белгілі  ақ мешіт,

Алпыс бөлме, жүз есік.

Салынған екен көк орда

Сол көк орданың ішінде,

Ләззат алып бір-бірімен,

Зауықтасқан ата-ана...

Жолаушыдай шөл қаққан,

Сөйлес еттім жиһанға ...

Алғашында, Астарахань реальное училищесінде,одан кейін Орынбор  кадет корпусында оқыыған. Сартау, Самар, Орал, Қазан, Уфа шаһарларында жергілікті ұлықтар  қатарында қызмет атқарған.   Ш-ң ақындық талғамы,  өоғам өміріне қояр талабы, дүниетанымы өзі  тұстас қазақ ақындарынан өзгеше.Бұл өзгешеліктердің түп-төркінін орыс, Еуропа мәдениетінен, әдеби көріністерінен, өнер өрнектерінен көрінеді. Шығармаларына арқау боларлық  ортақ бейне – оның ақындық «мені».  Ол барлық шығармаларында  өзінің жайын,  өмір жолын,  дүниеге келгеннен кейінгі  бастан кешкендерін  айтар ойына ұштастырып,  образдар арқылы  терең толғайды.  Кейде өз атынан сөйлей отырып,  оны басқа бір жанама хайуанат өміріне немесе соның  тағдырына, әдет-мінезіне,  іс-әрекетіне  ауыстыра бейнелейді. Ақын «Мен» деген  сөзге  философиялық  мән беріп,  оны дүниенің  өзгерісімен, дәулеттің тұрақсыздығымен, өмірдің өткігшілігімен байланыстырады.

«Кімсің?» - деп біреу сұраса,

Өзім болып «Мен!» деген.   «Мен» - деген  кетсе дүниеден, Өзім болып  «Менмін» деп, Жауап берер қай адам ?!  «Менмін» деген – сол менмін, Жалпылама, алаш, әр заман. «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние»,  «Бұл дүние пәнилығын етеді екен» т.б.өлеңдерінде  әр нәрсенің  пайда болуы, өсуі, дәурендеуі,  гүлдеуі бар; оған қоса, солуы, кебуі,  қартаюы, қажуы болатынын айтады.  «Құйрық атып құлия» қлеңінде де Ш.дүниенің, дәулеттің тұрақсыздығын айтып налиды. Ата-бабадан келе жатқан тағдыр талқысын түсіндіреді:    

Құйрық атып құлия,

Түлкідей қашқан жымия.

Қараңды үзіп барасың,

Бізден де қайран дүние.

Шын берілген  дос,  замандас, құрбы-құрдас, ғашық жар – жігіттің  ең қымбаты, өмірдегі бақыты, жаратқанның оған берген сыйы. Сондықтан оған мұқият болу әрбір жасөспірім түгіл, адам баласының бәріне де парыз.

Көлдерге ат ойнатып, құс шүйгенде,  

Адамның болса әзілдес құрбылары.  

Болғанда жарың сондай, құрбың мұндай

Бозбала деп біліңізғ бағың бары.

Ақын  өлеңдері өзінің құрылысы жағынан қазақтың үйреншікті қара өлеңі мен толғау термелері  үлгісінде келгенменен, өзіндік сөз қолданысы, ұйқас, ырғақ, шумақ формалары бар шығармалар.

26. Ыбырай Алтынсариннің аударма  шығармаларын  оқыту әдістемесі.

Ыбырай Алтынсарин  1841ж.Қостанай обл., Затобол ауд. (Аманқарағай болысы)  туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы  қазақ жұртына  аты мәлім болған  Балғожа бидің  отбасында өсті. Балғожа – қазақтың белді биінің бірі. Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3жылдай  ел молдасының  алдын көреді. Мектеп сабағы орыс,  татар тілдерінде  жүрсе де Ыбырай оқуда  аса ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас 30 баланың алды болып  көзге түседі.  Мектеп  оқуындағы  діншілдік пен  патшашылдық тәрбиенің  басымдылығына қарамастан, Ыбырай ғылымға  құштар жас болып шығады.  Орыс тілін жақсы меңгеріп,  сол тілде  жазылған оқулықтарды  түсініп оқиды.  Орыс халқы мен  Батыс, Орта Азия мен Шығыстың  ақын-жазушыларының  шығармаларын  оқуға қолы жетеді.   Мұсылман қауымына  көп тараған  Фирдоуси,  Низами,  Науаи шығармалары мен арабтың «Мың бір түн»  сияқты ертегілері мен  қиссаларынан сауат ашады.    Ы-ң Орынбор сияқты  қалада  оқуы,  өз бетімен   ізденуі, орыс зиялыларымен араласуы оның  ой-өрісінің өсуіне,   өмірге  көзқарасының  қалыптасуына  көп жағдай  жасайды. Тілмаш болып,  кеңсе қызметінде қалып  қоймай,  халқына қызмет  етуді  арман етті.Мектептер арқылы  қазақ балаларын  оқуға тартып,  олардың білімді,  мәдениетті болып шығуына  және солар арқылы  қараңғы қазақ еліне  әсер етуді  негізгі мақсаты санады. Ы.мектеп  тәрбиесін  жоғары бағалап, оның оқытушыларының  сапасына да  ерекше көңіл аударады.  Жақсы  мұғалімді дүниедегі ең қымбат  көретін адамы санайды. Ол: «Өзімнің  оқытушыларымды  мен туысқанымдай  көрем, біздің барлық ісіміз де, ақыл-ойымыз да, тілегіміз де, материалдық  күшіміз де бір, басқаша  болуы  мүмкін де емес» дейді. Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері  арқылы  оқудың, өнер-білімнің  маңызын түсіндіріп,  надандыққа  қарсы шықты. Ол қазақ балаларын  білімге баулып,  олардан болашақтың иелерін  даярлауды  бірінші мақсатым деп санады.   

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған ...

Кел, балалар, оқылық! -деп жар салды. Адамдарды қор етіп,  әбден аздыратын надандық деп білген.  

Надандықтың белгісі -

Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны  танымас. Ы.өлеңдері тек оқу, өнер, білім  тақырыбы шеңберінде  қалып қоцмайды. Оның көп өлеңдері  әлеуметтік, гуманистік идеяны  нақтылы мәселелер  төңірегінде  көтеріп,  өз кезінің  шындығын аша  түседі. Жазғы жақсы шақты  халықтың  көңілді күй-жайымен, жастардың  махаббатымен  ұштастыра жырлайды.Ақынның «Өзені» де табиғат  суретін  тамаша бейнелейді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, жан-жануар біткенге  өмір нәрін ұсынады. Ы.қазақ прозасының еуропалық  шағын түрін қалыптастырды. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Ы.әңгімелерін 3 топқа бөлуге болады: 1.Новелла; 2.ауыз әдебиетінде қалыптасқан  ертегі-аңыз үлгісіндегі  әңгіме; 3. Шағын көлемді  мысал үлгісіндегі өнееге сөздер. Мазмұны  жағынан  Ы.әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерді қаммтиды. Әділдікке,ізгілікке, адамгершілікке,  талаптылыққа,  еңбекке,  ақылды іске,  білімділікке, қайырымдылыққа, зеректікке, шынайы достыққа шақырады. Еңбек тақырыбындағы  «Өрмекші, құмырсқа,  қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүине қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» т.б. әңгімелері – өзінің  өнегелігімен , образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер  күші мол  көркем  шығармалар.   Ы.әңгімелерінде  өмір құбылысы, адам әрекеті  ешқашан  дағдыдан  тыс асыра  әсіреленіп,  шындықтан  алшақтамайды. Өмір шындығына  сай оқиға алынып,  релистік әдіспен суреттеледі. Өмір мәселелерін  жазушы  айқын мінезді образдар, кейіпкерлер  әрекеттері  арқылы  бейнелеуге  бет бұрған тамаша  суреткердің  бірі болды.    Ә.Дербісәлин Алтынсаринның отыз бес аудармасының барлығын айқындап және әңгімелерінің көпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алынғандығын анықтап отыр. Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар да, бірқатары - ерікті аудармалар. Кейбіреулерінде орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың өмірі мен тұрмыс-салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.

            Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек.

            «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала» деген шығармасында мынадай әңгіме айтылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайрылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді».

Жазушы «Атымтай жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», - дейді.

            «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.

            Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктер де бар. Ол әңгімелерді аударғанда Алтынсарин барлық жерде түпнұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды принцип етіп қоймаған.

27. Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы. 

Қазіргі  Қызылорда обл. Қазалы ауд. 6-ауылында туып-өскен. Базардың өлеңін  жинаушыларрдың  бірі Әлқуат Қайнарбаевтың деректеріне қарағанда, ақын  1839ж. туып, 1911ж.дүниеден өткен.16 жасынан  бастап өнер жолына түскен. Өз бетімен  оқып,  сауатын ашқан.  Ер жеткен шағында  діни кітаптарды, қолына түскен  шығыс әдебиетін үлгілерін  оқиды. Базар өлеңдері 20-жылдардан  бастап жинала бастады.  1925ж. Ташкент қаласында  басылған «Терме» атты жинақта  жыраудың бір топ өлеңдері  тұңғыш рет басылып шықты.  Кейін 1931ж. С.Сейфуллин  оның заман туралы  толғауларын  «Қазақ әдебиетінің  ескі нұсқалары» жинағына енгізді.   Базар өлеңдерінің  бір қатары  «XVIII-XIX ғасырлар  ақындары шығармалары» (1962) мен «Үш ғасыр жырлайды» (1965) жинақтарында  да енді.  «Мақпал-Сегіз», «Айна,тарақ», «Әмина қыз», «Ахметжүсіп» атты лирикалық  толғау дастандары – нәзік жанды  ғашықтар  әрекет ттерін, олардың  жүрек сезім жырларын  шертетін  кейбір шығыстық  сюжеттерді  еске салар сатиралық сипаты  да бар. Дабылы  көп жерге  жайылып кеткен  талант иесі  екенін  жыраудың   мына жолдарынан  да аңғаруға болад

Дабылымды  есітіп,

Құмар дейді  көрмекке.

Сонау төмендегі,  

Астраханның  бойында

Он екі ата Байұлы,

Мұндағы  әлім мен  шөменнің,   

Мен  едім  даңқты шайыры.   

Екі  енені  төл емге

Күшпек  санды күрең

    Базардың  өлеңдері  алуан  салалы. Ақын өзінің жеке басына  байланысты  мәселелерден бастап,  ел жайын,  батырларын,  өткен кеткенін,  жақсы-жаманын, жастар  жайын кең толғайды.  Солардың  ішінде  «Халық үшін қайратты  ер», «Жігіттік», «Жиырма бес»,  «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б.  өлеңдерінің мәні ерекше.    Ерлік дәстүрді  жоғары ұстап,  халық қамы үшін  жауға қарсы  тайсалмай шабатын батырды  ол ерекше  ардақтайды. Жігіт жауға шаппай ма,  

Толғаулы найза, бір атпен.  

Күдері баулы  көк шыбық,  

Сыпырма қылыш  қынаппен. Халық үшін  туған  қайратты ер, Айырмайды жақынын,  

Бірдей көріп  жырақпен.     «Жиырма бес» туралы:  

Екі ауылдың арасын,

Қиқулатқан жиырма бес.

Бұғалықсыз асауды

Құр-құрлатқан  жиырма бес ...

Жалтарғанды  жаздырмай,

Қыран  шалған қояндай,

Бұлтылдатқан жиырма бес.

Ақысы кеткен  кісідей ...

Күн-түн қатқан жиырма бес...   «Өзімдей-ақ ұл туар» деген өлеңінде ақын осы пікірлерін былай түйеді:

Халқына  басы қадірлі -

Кейбір жерде  жігіттің

Көрінсе көзге зайыры,

Қолы  сақи пендеге

Өлгенде тиер  қайыры ... Ақындық өнердің  негізгі мақсаты  халық үшін қызмет  ету екенін  түсінген.. Ол өзін халқынан  бөліп қарамайды.

Көптен бері  көрмеген,

Мен халықтың шынары

Сөйлеуші жорғам десеңдер,   

Белгіліі  сөзбен  сына әрі...   

Кейбір  тұстас ақындарын  сынға алып,  олардың шығармаларындағы  мәнсіздікті  атап көрсетеді. Қажыған халық бойына  қуат құяр нұрлы  сөздер толғауды  ұнатады.

28. Шоқан Уәлихановтың  «Қазақтың халық поэзиясы үлгілері жөнінен» зерттеуі. 

Шоқан 1835ж.  қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған. Жастық шағы Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында өткен. Шыққан ортасы – қазақтың хан-сұлтан, төре тобыү Әкесі Шыңғыс – Омск әскери училищесін бітірген. Шыңғыстың әкесі Уәли мен  шешесі Айғаным да  хандық құрған адамдаар. Арғы атасы – Абылай.   Шыңғысты  өз заманының  алдыңіы  қатарлы  прогрессивті  көзқарастағы азаматы ретінде тануға болады. Ол – этнограф, фолькоршы әрі халықтың мәдени, әдеби және археологиялық ескерткіштерін  жинаушы. Еліміздің  мәдениетін Еуропаға паш етуге  ат салысқан Шоқан 1868ж. Мәскеу қаласындағы  өнеркәсіп көрмесіне  аса құнды  экспонаттар тапсырады. Жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің  алдыңғы қатарлы  орыс зиялы  қауымы өкілдерімен тығыз байланысты болуы  ықпал етті. А.И.Шренк, С.М.Семенов, А.И.Штейингель, Н.В.Басаргин, С.Сотников, Н.Ф.Костылецкий  т.б.білімдар адамдар  Шыңғыстың ауылында  болып жүрген.   Ғылыми ізденістерінің алғашқы қадамы ауыз әдебиеті  ескерткіштерін жинап, жазып алудан басталады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» бір нұсқасы  өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Оның көлемді жырлардан  «Ер Көкшені» , «Едіге» жырының да нұсқасын жазып алған.   Ш.ауыз әдебиеті  үлгілерін жинай бастаған  кезеңі оның бұл саладағы  зерттеушілік ісінің ілкі шағы деуге болады. «Қазақ поэзиясының түрлері туралы» деген еңбектің  аса маңызды тұсы, онда өлең жырлардың  ерекшелігін ашып,  сипаттама беріп, жіктеуге талпынуы. Поэзия түрлері бойынша  бұлайша жүйеленуі  елеулі  ғылыми  ізденіс нәтижесі қазақ фолькортану саласының зор талабы екені анық.Фолькор саласындағы  аса мәнді әстерінің  өатарына қырғыз  ауыз әдебиеті,  оның жүйелері тур.байқаулары, талдаулары жатады. Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан  халықтарының тарихы мен  тағдырына зор жауакершіліпен қараған  шоқан ол елдердің  мәдениетіне де көп көңіл бөлген. Оның  жазбаларында, зерттеулерінде, хаттарында Ресей империясын  жайлаған ұсақ халықтардың  халіне ерекше назар аударылды.Қырғыздың  елдік тарихын сөз ететін  зерттеулер «Қырғыздар туралы» жазбалар  д.а. Ол қырғыздың  «Манас» жырына  классикалық сипаттама береді: «Манас» тұтас  бір халықтың шығармасы,  тереңнен нәр алып,  ұзақ замандарда  дамыған  халықтың эпосы,  сахараның «Иллиадасы секілді» - дейді. Бқл жырдың бас кейіпкерлерін талғап,  идеялық, көркемдік қасиетіне терең  баға беруі, оны орыс, Еуропа қауымына  таныстыруы, жырдың қызықты  бір бөлігін  жазып алуы,  оны орыс тіліне  аударуы – Шоқанның  мәңгі өшпейтін тарихи еңбектерінің бірі.

29. Абайдың қара сөздеріндегі  дін, дүниетаным жайы.  

Абайдың қара сөздері  абайтануда  жанр, стиль мәселесі, қазақтың жазба әдеби тілін  қалыптастырудағы орны, Абай шығармашылығындағы дін жайы,  дүниетаным мәселелері т.б.жөндерінен белгілі бір деңгейде қарастырып зерттелді.

М.Әуезов  Абайдың  қара сөздері 1890ж.мен 1898ж. аралығында  жазылған деп көрсетеді. М.Әуезов  жіктеуі қара сөздерде  жалпы саны  46 бөлек шығарма. Оның алты-жетісі қысқа үлгіде 16,18,19,20,24,31,45 сөздері. 46 сөз, жалпы қара сөздерден  мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек. Тарихтық мақала, очерк тәрізді Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен жүретін дін,  мораль  мәселелеріндегі ой-толғау 38-сөзінде айтылады. Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қара сөз дейтін  мұралары  көркем прозаның  өзіне бөлек, бір алуаны болып саналады. Б.Кенжебаевтың Абай  қара сөздерінің жанры жайлы  түйіні: «Біздіңше Абайдың  қара сөздерінің басым көпшілігі сын, сықақ жөнінен сюжетсіз  жазылған көркем әңгіме, басқаша айтқанда,  көркем проза, көркемпублицистика эссе-жазба».

Х.Сүйіншәлиев  Абайдың қара сөздерін прозаның  шағын түрі деп  атау керек деп, қара сөздерді мынадай түрлерге топтады:   

1. Өсиет ғақлия: 13,20,28,38.

2. Тастих: 7,17,43,45.

3. Нақыл, тұспал сөз

4. Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монолог, сұрақ-жауап: 4,5,8,9,10,12,16,19, 25,27,31,32,40.  17-сөз. Құдайшылықтың жөні. Адамдықтың қалпын сақтаудың жолы. Қайрат, ақыл, жүректің  ортақ күшін қисындаған ғылымның  сөзіне жүгінудің жөні.

                        20-сөз. Өмір философиясы. Діни жаратылыстың  сырына тарту. Адам жанының арпалысы. Тіршіліктің тиянақ-тұғырын шарқ ұрып іздеуі.    21-сөз. Мораль философиясы. Арзанға алдану мен  адамшылықтың арасы.  22-сөз. Ел бағудың жайы. Қазақ ғоғамы. Ел мінезі.

30. Ыбырай Алтынсариннің  көркем шығармаларын оқыту әдістемесі. 

Ыбырай Алтынсарин  1841ж.Қостанай обл., Затобол ауд. (Аманқарағай болысы)  туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы  қазақ жұртына  аты мәлім болған  Балғожа бидің  отбасында өсті. Балғожа – қазақтың белді биінің бірі. Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3жылдай  ел молдасының  алдын көреді. Мектеп сабағы орыс,  татар тілдерінде  жүрсе де Ыбырай оқуда  аса ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас 30 баланың алды болып  көзге түседі.  Мектеп  оқуындағы  діншілдік пен  патшашылдық тәрбиенің  басымдылығына қарамастан, Ыбырай нғылымға  құштар жас болып шығады.  Орыс тілін жақсы меңгеріп,  сол тілде  жазылған оқулықтарды  түсініп оқиды.  Орыс халқы мен  Батыс, Орта Азия мен Шығыстың  ақын-жазушыларының  шығармаларын  оқуға қолы жетеді.   Мұсылман қауымына  көп тараған  Фирдоуси,  Низами,  Науаи шығармалары мен арабтың «Мың бір түн»  сияқты ертегілері мен  қиссаларынан сауат ашады.   Ы-ң Орынбор сияқты  қалада  оқуы,  өз бетімен   ізденуі, орыс зиялыларымен араласуы оның  ой-өрісінің өсуіне,   өмірге  көзқарасының  қалыптасуына  көп жағдай  жасайды. Тілмаш болып,  кеңсе қызметінде қалып  қоймай,  халқына қызмет  етуді  арман етті.Мектептер арқылы  қазақ балаларын  оқуға тартып,  олардың білімді,  мәдениетті болып шығуына  және солар арқылы  қараңғы қазақ еліне  әсер етуді  негізгі мақсаты санады.  Ы.мектеп  тәрбиесін  жоғары бағалап, оның оқытушыларының  сапасына да  ерекше көңіл аударады.  Жақсы  мұғалімді дүниедегі ең қымбат  көретін адамы санайды. Ол: «Өзімнің  оқытушыларымды  мен туысқанымдай  көрем, біздің барлық ісіміз де, ақыл-ойымыз да, тілегіміз де, материалдық  күшіміз де бір, басқаша  болуы  мүмкін де емес» дейді.   Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері  арқылы  оқудың, өнер-білімнің  маңызын түсіндіріп,  надандыққа  қарсы шықты. Ол қазақ балаларын  білімге баулып,  олардан болашақтың иелерін  даярлауды  бірінші мақсатым деп санады.   

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған ...

Кел, балалар, оқылық!-          деп жар салды. Адамдарды қор етіп,  әбден аздыратын надандық деп білген.

Надандықтың белгісі –

Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны  танымас. Ы.өлеңдері тек оқу, өнер, білім  тақырыбы шеңберінде  қалып қоцмайды. Оның көп өлеңдері  әлеуметтік, гуманистік идеяны  нақтылы мәселелер  төңірегінде  көтеріп,  өз кезінің  шындығын аша  түседі. Жазғы жақсы шақты  халықтың  көңілді күй-жайымен, жастардың  махаббатымен  ұштастыра жырлайды.Ақынның «Өзені» де табиғат  суретін  тамаша бейнелейді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, жан-жануар біткенге  өмір нәрін ұсынады. Ы.қазақ прозасының еуропалық  шағын түрін қалыптастырды. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Ы.әңгімелерін 3 топқа бөлуге болады: 1.Новелла; 2.ауыз әдебиетінде қалыптасқан  ертегі-аңыз үлгісіндегі  әңгіме; 3. Шағын көлемді  мысал үлгісіндегі өнееге сөздер. Мазмұны  жағынан  Ы.әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерді қаммтиды. Әділдікке,ізгілікке, адамгершілікке,  талаптылыққа,  еңбекке,  ақылды іске,  білімділікке, қайырымдылыққа, зеректікке, шынайы достыққа шақырады. Еңбек тақырыбындағы  «Өрмекші, құмырсқа,  қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүине қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» т.б. әңгімелері – өзінің  өнегелігімен , образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер  күші мол  көркем  шығармалар.   Ы.әңгімелерінде  өмір құбылысы, адам әрекеті  ешқашан  дағдыдан  тыс асыра  әсіреленіп,  шындықтан  алшақтамайды. Өмір шындығына  сай оқиға алынып,  релистік әдіспен суреттеледі. Өмір мәселелерін  жазушы  айқын мінезді образдар, кейіпкерлер  әрекеттері  арқылы  бейнелеуге  бет бұрған тамаша  суреткердің  бірі болды.    «Қазақ хрестоматиясы» Ы.А.-ң  қазақ мектебінде оқитын балаларға арнаған, қазақ  тарихындағы  таза ана тілінде  жазылған тұңғыш   оқулық. Оқулық 1879ж.Қазан  қаласында  орыс қарпімен  басылып шықты.   Балаларды  оқытуға  «қойға шапқан  аш қасқырдай» құштарлықпен  кіріскен ұлы  ұстаз  қазақ  баласының  өркениетке  ендігі  қадам  басқан  заманындағы  тұңғыш білім  әліппесі, тұңғыш оқулығы «Қазақ хрестоматиясының» сөз басында  қазақ баласының  оол кездегі  пайдаланып отырған  кітаптары  татар тіліндегі  кітаптардың  барлығы дін туралы деп, дүнияуи білмге үйрететін  мектепке берері жоғын айтып келіп шешім жасады.    «Қазақ хрестоматиясы» - Ы-ң  ағартушылық  еңбегінің  халық  санасынан  өшпейтін нұры. Бұл еңбегінде  қазақ тілінің  тазалығын сақтады,  қазақтың жазба  әдбиетінің  жаңа жанр, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ы. «Қазақ хрестоматиясы» арқылы  білімге ұмтылған  қазақ баласының  бар арманын орындаудың  басында болды.     Оқу құралын жасаудың Азия халықтарында үлгісі, өнегесі жоқ екенін, орыстың пайдалы кітаптарын  үлгі ететіндігін айтады.  Хрестоматияны екі кітап етіп шығармақ болады. 1941ж. Ы.Алтынсариннің 100 жылдығы қарсаңында жариялаған мақаласында ғалым Б.Кенжебаев «Қазақ хрестоматиясының» 3 кітабы басылып шықты дейді. 1.1879ж, 2.1880ж., 3. 1889ж.   Ы.Алтынсарин  өзінің жаңа үлгідегі  қазақ әдебиеті тарихындағы  жаңа  жанрлардың  бастапқы  үлгі, нұсқаларын шығарды.

«ҚХ» 4 тараудан тұрады: 1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның  хрестоматиясынан  алынды.

2. Әртүрлі жастардағы адамдардың  өлең, жырларынан үзінді.

3. Ең жақсы  қазақ ақындарының  өмірінен алынған  әңгімелер.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері. Ы.бұл бөлімдерге енген ел әдебиеті үлгілерінің  көпшілігін  сол кезде  шыққан жинақтардан алған болуы мүмкін.     Ә.Дербісәлин Алтынсаринның отыз бес аудармасының барлығын айқындап және әңгімелерінің көпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алынғандығын анықтап отыр. Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар да, бірқатары - ерікті аудармалар. Кейбіреулерінде орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың өмірі мен тұрмыс-салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.

            Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек.

           «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала» деген шығармасында мынадай әңгіме айтылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайрылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді».

Жазушы «Атымтай жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», - дейді.

           «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.

          Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктер де бар. Ол әңгімелерді аударғанда Алтынсарин барлық жерде түпнұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды принцип етіп қоймаған.

31. Ыбырай Алтынасариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралы. 

Ыбырай Алтынсарин  1841ж.Қостанай обл., Затобол ауд. (Аманқарағай болысы)  туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы  қазақ жұртына  аты мәлім болған  Балғожа бидің  отбасында өсті. Балғожа – қазақтың белді биінің бірі. Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3жылдай  ел молдасының  алдын көреді. Мектеп сабағы орыс,  татар тілдерінде  жүрсе де Ыбырай оқуда  аса ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас 30 баланың алды болып  көзге түседі.  Мектеп  оқуындағы  діншілдік пен  патшашылдық тәрбиенің  басымдылығына қарамастан, Ыбырай нғылымға  құштар жас болып шығады.  Орыс тілін жақсы меңгеріп,  сол тілде  жазылған оқулықтарды  түсініп оқиды.  Орыс халқы мен  Батыс, Орта Азия мен Шығыстың  ақын-жазушыларының  шығармаларын  оқуға қолы жетеді.   Мұсылман қауымына  көп тараған  Фирдоуси,  Низами,  Науаи шығармалары мен арабтың «Мың бір түн»  сияқты ертегілері мен  қиссаларынан сауат ашады.   Ы-ң Орынбор сияқты  қалада  оқуы,  өз бетімен   ізденуі, орыс зиялыларымен араласуы оның  ой-өрісінің өсуіне,   өмірге  көзқарасының  қалыптасуына  көп жағдай  жасайды. Тілмаш болып,  кеңсе қызметінде қалып  қоймай,  халқына қызмет  етуді  арман етті.Мектептер арқылы  қазақ балаларын  оқуға тартып,  олардың білімді,  мәдениетті болып шығуына  және солар арқылы  қараңғы қазақ еліне  әсер етуді  негізгі мақсаты санады. Ы.мектеп  тәрбиесін  жоғары бағалап, оның оқытушыларының  сапасына да  ерекше көңіл аударады.  Жақсы  мұғалімді дүниедегі ең қымбат  көретін адамы санайды. Ол: «Өзімнің  оқытушыларымды  мен туысқанымдай  көрем, біздің барлық ісіміз де, ақыл-ойымыз да, тілегіміз де, материалдық  күшіміз де бір, басқаша  болуы  мүмкін де емес» дейді.  «Қазақ хрестоматиясы» Ы.А.-ң  қазақ мектебінде оқитын балаларға арнаған, қазақ  тарихындағы  таза ана тілінде  жазылған тұңғыш   оқулық. Оқулық 1879ж.Қазан  қаласында  орыс қарпімен  басылып шықты.   Балаларды  оқытуға  «қойға шапқан  аш қасқырдай» құштарлықпен  кіріскен ұлы  ұстаз  қазақ  баласының  өркениетке  ендігі  қадам  басқан  заманындағы  тұңғыш білім  әліппесі, тұңғыш оқулығы «Қазақ хрестоматиясының» сөз басында  қазақ баласының  оол кездегі  пайдаланып отырған  кітаптары  татар тіліндегі  кітаптардың  барлығы дін туралы деп, дүнияуи білмге үйрететін  мектепке берері жоғын айтып келіп шешім жасады.    «Қазақ хрестоматиясы» - Ы-ң  ағартушылық  еңбегінің  халық  санасынан  өшпейтін нұры. Бұл еңбегінде  қазақ тілінің  тазалығын сақтады,  қазақтың жазба  әдбиетінің  жаңа жанр, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ы. «Қазақ хрестоматиясы» арқылы  білімге ұмтылған  қазақ баласының  бар арманын орындаудың  басында болды.   Оқу құралын жасаудың Азия халықтарында үлгісі, өнегесі жоқ екенін, орыстың пайдалы кітаптарын  үлгі ететіндігін айтады.  Хрестоматияны екі кітап етіп шығармақ болады. 1941ж. Ы.Алтынсариннің 100 жылдығы қарсаңында жариялаған мақаласында ғалым Б.Кенжебаев «Қазақ хрестоматиясының» 3 кітабы басылып шықты дейді. 1.1879ж, 2.1880ж., 3. 1889ж Ы.Алтынсарин  өзінің жаңа үлгідегі  қазақ әдебиеті тарихындағы  жаңа  жанрлардың  бастапқы  үлгі, нұсқаларын шығарды.  

«ҚХ» 4 тараудан тұрады:1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның  хрестоматиясынан  алынды. 2. Әртүрлі жастардағы адамдардың  өлең, жырларынан үзінді.  3. Ең жақсы  қазақ ақындарының  өмірінен алынған  әңгімелер. 4. Қазақтың мақал-мәтелдері.  Ы.бұл бөлімдерге енген ел әдебиеті үлгілерінің  көпшілігін  сол кезде  шыққан жинақтардан алған болуы мүмкін.   

Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек.

32. Ыбырай Алтынсариннің  өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Ыбырай Алтынсарин  1841ж.Қостанай обл., Затобол ауд. (Аманқарағай болысы)  туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы  қазақ жұртына  аты мәлім болған  Балғожа бидің  отбасында өсті. Балғожа – қазақтың белді биінің бірі. Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3жылдай  ел молдасының  алдын көреді. Мектеп сабағы орыс,  татар тілдерінде  жүрсе де Ыбырай оқуда  аса ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас 30 баланың алды болып  көзге түседі.  Мектеп  оқуындағы  діншілдік пен  патшашылдық тәрбиенің  басымдылығына қарамастан, Ыбырай нғылымға  құштар жас болып шығады.  Орыс тілін жақсы меңгеріп,  сол тілде  жазылған оқулықтарды  түсініп оқиды.  Орыс халқы мен  Батыс, Орта Азия мен Шығыстың  ақын-жазушыларының  шығармаларын  оқуға қолы жетеді.   Мұсылман қауымына  көп тараған  Фирдоуси,  Низами,  Науаи шығармалары мен арабтың «Мың бір түн»  сияқты ертегілері мен  қиссаларынан сауат ашады.   Ы-ң Орынбор сияқты  қалада  оқуы,  өз бетімен   ізденуі, орыс зиялыларымен араласуы оның  ой-өрісінің өсуіне,   өмірге  көзқарасының  қалыптасуына  көп жағдай  жасайды. Тілмаш болып,  кеңсе қызметінде қалып  қоймай,  халқына қызмет  етуді  арман етті.Мектептер арқылы  қазақ балаларын  оқуға тартып,  олардың білімді,  мәдениетті болып шығуына  және солар арқылы  қараңғы қазақ еліне  әсер етуді  негізгі мақсаты санады. Ы.мектеп  тәрбиесін  жоғары бағалап, оның оқытушыларының  сапасына да  ерекше көңіл аударады.  Жақсы  мұғалімді дүниедегі ең қымбат  көретін адамы санайды. Ол: «Өзімнің  оқытушыларымды  мен туысқанымдай  көрем, біздің барлық ісіміз де, ақыл-ойымыз да, тілегіміз де, материалдық  күшіміз де бір, басқаша  болуы  мүмкін де емес» дейді.  Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері  арқылы  оқудың, өнер-білімнің  маңызын түсіндіріп,  надандыққа  қарсы шықты. Ол қазақ балаларын  білімге баулып,  олардан болашақтың иелерін  даярлауды  бірінші мақсатым деп санады.

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған ...

Кел, балалар, оқылық!-деп жар салды. Адамдарды қор етіп,  әбден аздыратын надандық деп білген.

Надандықтың белгісі –

Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны  танымас.  Ы.өлеңдері тек оқу, өнер, білім  тақырыбы шеңберінде  қалып қоцмайды. Оның көп өлеңдері  әлеуметтік, гуманистік идеяны  нақтылы мәселелер  төңірегінде  көтеріп,  өз кезінің  шындығын аша  түседі.  Жазғы жақсы шақты  халықтың  көңілді күй-жайымен, жастардың  махаббатымен  ұштастыра жырлайды.Ақынның «Өзені» де табиғат  суретін  тамаша бейнелейді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, жан-жануар біткенге  өмір нәрін ұсынады.  Ы.қазақ прозасының еуропалық  шағын түрін қалыптастырды. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Ы.әңгімелерін 3 топқа бөлуге болады: 1.Новелла; 2.ауыз әдебиетінде қалыптасқан  ертегі-аңыз үлгісіндегі  әңгіме; 3. Шағын көлемді  мысал үлгісіндегі өнееге сөздер. Мазмұны  жағынан  Ы.әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерді қаммтиды. Әділдікке,ізгілікке, адамгершілікке,  талаптылыққа,  еңбекке,  ақылды іске,  білімділікке, қайырымдылыққа, зеректікке, шынайы достыққа шақырады. Еңбек тақырыбындағы  «Өрмекші, құмырсқа,  қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүине қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» т.б. әңгімелері – өзінің  өнегелігімен , образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер  күші мол  көркем  шығармалар.   Ы.әңгімелерінде  өмір құбылысы, адам әрекеті  ешқашан  дағдыдан  тыс асыра  әсіреленіп,  шындықтан  алшақтамайды. Өмір шындығына  сай оқиға алынып,  релистік әдіспен суреттеледі. Өмір мәселелерін  жазушы  айқын мінезді образдар, кейіпкерлер  әрекеттері  арқылы  бейнелеуге  бет бұрған тамаша  суреткердің  бірі болды.    «Қазақ хрестоматиясы» Ы.А.-ң  қазақ мектебінде оқитын балаларға арнаған, қазақ  тарихындағы  таза ана тілінде  жазылған тұңғыш   оқулық. Оқулық 1879ж.Қазан  қаласында  орыс қарпімен  басылып шықты.   Балаларды  оқытуға  «қойға шапқан  аш қасқырдай» құштарлықпен  кіріскен ұлы  ұстаз  қазақ  баласының  өркениетке  ендігі  қадам  басқан  заманындағы  тұңғыш білім  әліппесі, тұңғыш оқулығы «Қазақ хрестоматиясының» сөз басында  қазақ баласының  оол кездегі  пайдаланып отырған  кітаптары  татар тіліндегі  кітаптардың  барлығы дін туралы деп, дүнияуи білмге үйрететін  мектепке берері жоғын айтып келіп шешім жасады.    «Қазақ хрестоматиясы» - Ы-ң  ағартушылық  еңбегінің  халық  санасынан  өшпейтін нұры. Бұл еңбегінде  қазақ тілінің  тазалығын сақтады,  қазақтың жазба  әдбиетінің  жаңа жанр, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ы. «Қазақ хрестоматиясы» арқылы  білімге ұмтылған  қазақ баласының  бар арманын орындаудың  басында болды.

Оқу құралын жасаудың Азия халықтарында үлгісі, өнегесі жоқ екенін, орыстың пайдалы кітаптарын  үлгі ететіндігін айтады.  Хрестоматияны екі кітап етіп шығармақ болады. 1941ж. Ы.Алтынсариннің 100 жылдығы қарсаңында жариялаған мақаласында ғалым Б.Кенжебаев «Қазақ хрестоматиясының» 3 кітабы басылып шықты дейді. 1.1879ж, 2.1880ж., 3. 1889ж.     Ы.Алтынсарин  өзінің жаңа үлгідегі  қазақ әдебиеті тарихындағы  жаңа  жанрлардың  бастапқы  үлгі, нұсқаларын шығарды.  

«ҚХ» 4 тараудан тұрады: 1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның  хрестоматиясынан  алынды.

2. Әртүрлі жастардағы адамдардың  өлең, жырларынан үзінді.   

3. Ең жақсы  қазақ ақындарының  өмірінен алынған  әңгімелер.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері.      Ы.бұл бөлімдерге енген ел әдебиеті үлгілерінің  көпшілігін  сол кезде  шыққан жинақтардан алған болуы мүмкін.   

33.Махамбеттің Исатай батырға арнауларын оқыту тәсілдері.

Махамбет- қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан екен.Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді. Махамбет Исатай батырмен бірге көтеріліске шығып, ел мүддесін қорғамақ болады. Махамбет шығармаларын Исатай бастаған шаруалар қозғалысының деректі күнделігі, ұлы оқиғаның ерлік шежіресі десе де болады. Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді. “Мінкен ер”, “Тарланым”, “Tайманның ұлы Исатай”, “Біз неткен ер”, “Ұл туса”, “Туған ұлдан не пайда”, “Исатай деген ағам бар”, “Еңселігі екі елі”, “Арғымақтың баласы” т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады. Бұл аталған өлеңдер өзінің адамгершілік, ерлік идеяларымен де құнды. Еңбекші халықты хан-сұлтандарға қарсы өшпенділікке тәрбиелейтін өткір тілді шығармалар. Халқы үшін, оның аяулы мекен-жері үшін аттанған ерлердің айбындары айға шабар арыыстаннан бір кем емес. Олар – Жайықтың қаңтарда қатқан мұзын тізелерімен бұзып өтер қаһарман ерлер; халық мақсаты үшін қан төккен адал азамат, жауға кеткен ел кегін алудан басқа жеке бас арманы болмаған нағыз қоғамшыл асыл ардагерлер. Махамбет өзінің “Мұнар күн” атты өлеңінде жаумен арпалыста халық қолы жеңіліп шегінген кезін, батыр Исатай қаза тауып, ел басшысынан айрылып, ардақты ұлдары қуғын көріп, көтерісшілер басына ең қиын күн туып тұрған дәуір шындығын шебер бейнелеп береді. Ақын Исатайды суреттегенде толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздерімен суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалы ақынның Тарланым деген өлеңінде Исатай өз бойының барлық көрінісімен көз алдыңа елестейді.  Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішкі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген айбары, ашуы, ел ішіндегі беделі- барлыұ жағынан өте сүйкімді сипатта бейнеленеді.

Кермиығым, кербезім,

Келіскендей шаңдозым.

Құландай ащы даыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім,

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым,

Тебіренбес ауыр мінездім...

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен...

34.Махамбеттің көтерілістен жеңілгеннен кейінгі тағдыры.

Гекке басқарған орыс армиясымен соғыста 1838 ж шілденің 12-сі күні Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып құтылады. Махамбет бұл жолы патша әскерімен табан тіреп соғыса алмайды. Өйткені Геккенің соғыс техникасын жақсы білетін, күшті қаруланған 500-ден аса әскерімен белдесіп соғсуға тірі қалған аз адаммен шамасы келмейді. Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғызыққа сәл бой алдырады. Жырларында мұңаю сарыны пайда болады. Қарулы жасақтың көпшілігі тарап, қасында тек аз ғана топ қалады. Бытырап кеткен қолдың енді басын қосу қиын.Ел де үрейленген. Жау  бейбіт халыққа қысым-қиянатын бұрынғыдан да үдетіп, Махамбеттің ізіне шам ала түседі. Қуғын-сүргінге түсіп, жалғыз қалғанын білген сабаз ақынның:

Жалғыз қалдым...

Адасып қалған үйректей.

Немесе:

Бұл фәнидің жүзінде

Махамбеттей зарығып

Мұңды болған қайда бар,-

деуі де содан. Ол тіпті: “Қауалаған қасымда қарындастың кемі үшін”,- деп жанында қалған елдің аз екенін айтып мұңаяды. Бірақ қайсар батыр, от ауызды ақын еңсесін  тез көтеріп алады. Қайғы дертінен тез айығады. Күрес туын қайта көтермекке бел байлайды. Жасқұстағы жәңгір хан ісіне... құса дерт болған Махамбет тағы да қол жинау мақсатымен Хиуаға кетеді. Хиуа ханынан іскери көмек алып келмекші. Махамбет тағы да қуғын-сүргінге ұшырайды. Орынбор генерал-губернаторы да оның соңынан қуғыншылар жібереді. Ақынды қолға түсіріп, Орынбор түрмесіне айдайды. Махамбетті түрмеге қамайды, тергеуге алады. Ақын ағайын-туғандарын, үй ішін сағынады.Соларды бір көруге зар болады. Тұтқын азабын ауыртпалығын тартқан қапастағы ақын:

Кеше біз зынданда жатып құбылдық,

Қамалаған көп дұшпанға қор болдық.

Терезеден телміріп,

Ағйын мен туғанды

Бір көруге зар болдық,-

деп іштегі сағынышын, қайғы-қасіретін өлеңмен сыртқа шығарады. Махамбеттің ісі әскери сотқа беріледі.Бірақ батыр мұнан ақталып шығады. Шекара комиссиясының бұйрығымен Махамбетті Кіші жүздің сұлтаны Арыстан Жантөриннің қаруына, бақылауына жібереді. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап бермек боп, талай топ құрады, алдап та, арбап та көреді. Шақыртып кісі де жібереді. Бірақ Баймағамбет сияқты ата жауларының сырына қанық Махамбет оның алдауына түсе қоймайды. Сұлтан Махамбетті ұстап берген жанға 1000 сом беремін деп жар салады. Ақынның алыс туысы әрі “досы” боп жүрген Ықылас деген опасыз, қанішер асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ашық шайқаста емес, Махамбеттің адал дастарқаны үстінде дәм- тұзын татып отырған шақта, жалған досы Ықылас сырт жағынан келіп басын шауып алады.Жендеттер шауып алған басын Баймағамбетке тартуға әкетеді.Сөйтіп, ардагер ақын 1846 ж 42 жасында дүние салды.   

35.Махамбет Өтемісұлының өмірі мен әдеби мұрасын оқыту.

Махамбет Өтемісұлы 1803 ж, қазігі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қатысты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ ағасы- Бекмұхамбет хан срайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Махамбет жас кезінде хан ордасында болған. Арабша да, орысша да хат білген. Жасынан-ақ шешендігімен, ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне тартып, өзінің сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып, беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлаған. Бірақ Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпаған. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастайды.   Халық намысының аяққа басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын бас кетер демей, ханмен ат құйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады. Исатай басшысының соңынан ереді. Бұл күрестен жеңіліске ұшырайды. Исатай осы көтерілісте қаза табады. Махамбет одан кейін көптеген қиындықтарды басынан кешіреді. Махамбетті үйінде отырған жерінен алыс туысы, досы деп жүрген Ықылас зұлымдықпен артынан келіп басын шауып алады. Сөйтіп ол 1946 жылы 42 жасында дүние салады.

Махамбеттің шығармасына келетін болсақ, Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Махамбет – лирик ақын. Оның лирикаларның өзекті арқауы- елдік ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы Ереуіл атқа ер салмай Беркініп садақ асынбай Толарсақтан саз кешіп сияқты өлеңдері шынайы саяси лирика. Ақын ерлерді қимылға, жаумен кескілескен ұрысқа, белдесе айқасуға шақырады. Махамбет өлеңдерін ереуіл жырлары дейтіеіміз сондықтан. 36.Мұраттың туған жер, атақоныс жайлы толғаулары.

    Мұрат-жезтаңдай шешен –жырау, төгілген ақпа ақын.Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Халықтың басына түскен заман ауырпалықтарын көре де, көрсете білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын өмір бойы жырлап, әруағы асқан ержүрек батырлардың бораздар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.

    Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

    Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Ақынның «Үш қиян» өлеңіне келетін болсақ, мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да “Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.

"Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны"-делінеді.

Мұрат ақын «Сарыарқа» туындысында  Сарыарқаны ұлтының азаттығы үшін арпалысып, алысқан көп батырдың жан беріп шипат болған жері   ретінде ерекше суреттей түседі. Мұнда халық қасіретінің қилы кезеңдері бар. Жер тағдыры жатыр. Өзгені былай қойғанда, тарихи жер, су, мекен атауларының өзі қазақ елі дейтін халықтың ата қонысы, құт мекені біз едік деп, ақиқатты алға тартып жатыр. Жалпы, бұл шығарма саяси мәні, тарихы тұрғысынан, көркемдік сапасы жағынан құнды туынды болып табылады. Толғау 27түйдектен, 231 жол өлеңнен тұрады. Шығармадағы басты сарын ата мекеннен ажырау, ауа көшу мұңы, жер тарихы, ел тарихы мәселесі. Мұраттың қимай отырған, өксігін ойлап отырған мекені толып жатқан қымбатына, қырына қоса мынадай жолдарда суреттеледі:

Тұлпар мініп ту алған,

Дұшпанын көріп қуанған,

Алмасын қанға суарған,

Аруақты ерлердің

Абыройын төккен  жер,

Керегесін кескен жер,

Кесіп бұршақ еткен жер,

Ердің соңы-Исатай  

Бармағын тістеп өткен жер.

37.Мұрат ақынның әдеби мұрасын оқыту әдістемесі. 

    1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы 6 кітаптан тұратын әдебиет тарихынан да орын таба алмады. Оның шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1962 жылы шығарған “XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағына” да енбеді. Тек жинақтың “Кіріспесіндегі” шолуға Ы.Дүйсенбаев ақынның атын атап, оған бірнеше жол арнайды, және оған берген мінездемесі 1959 жылғы конференцияда айтылған бағамен үндес. Осы бір “әттеген-айын” түзейін деген болу керек, Ысқақ Тәкімұлы Мұрат ақынның төрт шығармасын өзі құрастырып, алғы сөзін жазған “Үш ғасыр жырлайды” деген жинаққа енгізген. Алайда, алғы сөзінде Мұратқа берген ескі бағасын қайталайды, бірақ шығармаларының алдында берген қысқаша мәліметінде былай деп жазады: «Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: “шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі». Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезде жөнді бағаланбай келді”
Міне, өзі көрсеткен осы олқылықты Ы.Дүйсенбаев өзінің докторлық диссертациясында, кейінірек шыққан “Ғасырлар сыры” кітабында біршама толтырды десек болады. Еңбегінің 20 бетін түгелімен Мұрат ақынға арнап, Ысқақ Тәкімұлы оның шығармашылығын тұңғыш рет мол қамтып, кең түрде, жан-жақты талдаған. Ең әуелі ғалым ақынның ғұмыры жөнінде бірсыпыра жаңа деректер келтіреді, оның ақын ретінде қалыптасқан ортасын көрсетеді, жекелеген адамдар туралы баян етеді. Сөйтіп, Ысқақ Тәкімұлы ақынның жастай өлеңге үйір, тапқырлығы мен өскен ортасын, көзқарас-танымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерін сөз етеді. Артына елеулі әлеуметтік мәні зор мұра қалдырған ірі тұлғаның екі түрлі мәселеге орай кейінгі кезге дейін орынсыз ауызға алынбай, зерттелмей келгенін айтады. Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази” поэмалары мен “Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі - ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі - дастандары (“Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази”), үшіншісі - ақынның айтыстары. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге салып жөндеуді көздейді.
Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары халық аузынан, Ғылым академиясының қолжазба қорынан жинақталып, халыққа танылуына, оның шығармашылығының ғылыми айналымға түскеніне көп уақыт өткен жоқ. Қазір ол республика халқына танылды болады.
Совет үкіметі кезінде кертартпа ақын деп, шығармалары баспа орындарында жарияланбай, халық санасынан аластатылса, қазір оқу орындарының бағдарламаларына енгізіліп, толғаулары мен дастандары әртүрлі жинақтарда жариялануда.
Мұратты қаншама халыққа танылды дегенмен, Абай мен Махамбеттей, Ақтамберді мен Бұқардай мол орнығып, санаға сіңе қойған жоқ.
Махамбет жырлары халыққа Мұрат арқылы мәңгілік ғұмырға ие болды. "Қырымның қырық батырын", Ноғайлы жырауларының толғауларын, көптеген батырлар жырларын Мұрын жыраудың Мұрат ақыннан үйренгендігі шындық.

38.Махамбет поэзиясындағы сөз құбылту тәсілдері.

Махамбет өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні шежіресі болды. Шаруалар көтерілісінің тынысы  Махамбет жырларының бүкіл поэтикалық интонациясынан, от-жалынды, ызалы лебінен, еркін- серпінінен, асқан әуенінен айқын аңғарылады. Махамбет өлеңдері көбінде шешендік өрнекке құрылған – нақыл, терме, толғау түрінде келеді.  Ол өлеңдер көбіне жыр ағынымен келетін 7-8 буынды не біріңғай 7 буынды болып келеді. Өлеңдерң негізінен шұбыртпалы, айнымалы ұйқаспен жазылған. Махамбет тіліндегі реализм де, романтикалық пафос та көтеріліс мақсаттарына байланысты. Оның қлеңіндегі көркем сөз бедерлерін, сөз образдарын өзінің негізгі ойына орай алады. Ол көтеріліс басшысы Исатайды биіктету үшін тарланға, арыстанға, ал өздерінің ата жауы Баймағамбетті нарқоспаққа балайды. Сол арқылы оның жексұрындық бейнесін береді. Немесе хан-сұлтандарды қарны жуан билер деу арқылы да олардың жиренішті кескінін бере білген.Махамбет өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді талғампаздақпен қолдана білген ақын. Онің өлеңдерінде көркем сөздердің талайы кездеседі. Бірақ ақын оларды тек әсемдік үшін емес, өмір шындығын терең бейнелеу үшін қолданған. Мысалы, Исатай қазасына орай халық басына түскен қаралы күнді бейнелеу үшін «мүнар», «шұбар» сияқты эпитеттерді орынды пайдалану арқылы ол орны толмас қаза екенін көрсеткен. Ал мақсатына жете алмай, опық жеп, тауы шағылып,  қайғылы халге ұшыраған сәттерін:

Телегей теңіз шашқыған

Қоғалы көлдер су алып,

Тізеге жетер-жетпес күн болған,

Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айрылып

Қу түбір болған кү болған,- деп кішірейту, құлдырату арқылы бейнелеген.Ақын метафораның ұлғайған түрін де шебер қолдана білген:

Мен тауда- ойнаған қарт марал

Табаным тасқа тиер деп

Сақсынып шыққан қиядан,- деген сөз қолданыстар ерекше көркем. Ақын өз ойын еркін жеткізе алған. Сол сияқты риторикалық сұрау арқылы ақын жан сезімді оятар терең ойды білдіре алған. Сондай-ақ өзінің еліне, туған Нарынына деген сүйіспеншілік сезімін:

Балдырғаны білектей,

Баттауығы жүректей...-деп, әсірелеу әдісін ұтымды қолдана білген.Махамбет дыбыс қайталауды да өлең саздылығын күшейту, ойды үстеу ету мақсатына орынды пайдаланған. Ақын ой тереңдігін халыққа түсінікті ету үшін көркем сөз бедерін тауып, зергерлік танытқан.

39.Шортанбай толғауларындағы  ел  мінезі, замана күйі.

Шортанбай XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарижынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз орнегі бар өнерпаз. Туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айырыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны; замана құбылысының шындығына өз түсінігі тұрғысынан үкім шығарып іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан қоғамдық құрылыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтапғ зар шеккен ниетті адам. Ол тереңнен тебіренген, әйгілі, сырлы толғауларымен түгел қазақ жұртына танылған. Сонымен бірге сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың бет пердесін ашып, оған қарсы саяси күрес жүргізе де білген қайраткер.Шортанбай халқының басына түскен қасіретке қапа боп, зарыға, тарыға жыр шертті, шын мәніндегі қамқор ақын боп, әдебиетке өзінің өшпес ізін салды. Шортанбай өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен  замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік шығармашылығы XIX ғ қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кешік, момын шаруалардың тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан- жақты талан таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен туған ел Ресей патшалығына отар, тәуелді, бұратана қлке боп, қзінің иелігінен мүлде айырылған-ды. Отаршылдар өктемдігі күн санап өршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен айырылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал- жан есепке алынып, оған да қауіп қатер көбейді. Қазақ елін билеп-төстеуді өз қолына алған патша үкіметі еш нәрседен тайсалмай, заң үстіне заң шығарып, әскери күш қолданды, қол үстіне қол шығарып, әкімшілікке, қарулы күшке салды. Елдің елдігі, бірлік-тірлігі күн санап кеми берді. Бұл сияқты қорлықпен зорлыққа шыдай алмай атқа мінген талай боздақтар оққа ұшты, ұсталды, тұтылды, Сібір айдалды. Исатай мен Махамбет, Кеңесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, жанқожа мен Құлбарақ, т.б. батырлардың бастарын отаршылардың қанжығалары қандады. Отарлау саясаты екі ғасырдан астам мезгілге созылды. Отарланған қазақ жерлеріне  өндіріс орындары да орналаса бастады. Өндіріс күші мен тасымал-көліктері тегін өазақ өлкесі бұл саладағы кәсіпкерлерді тез байытты. Сондықтан отаршылдар үшін ақын туған сахара қазыналы қойма болды да кетті. Тап осындай әлеуметтік жағдайда өмір сүрген жазушының халқына берер кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты ма, еліне-жұртына қамқор бола алды ма? Иә, біздіңше, Шортанбай – өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығамаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдер озбырлығығ жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.Шортанбайдың қатты сынына ұшырағандардың ішінде құдай жолына қызмет етіп жүрген қожа, молдалар да бар. Олардың сырты бүтін, іші түтін.

40.Махамбет және дәстүрлі жыраулар поэзиясын зерттеу әдіттемесі.

XIX ғасырдағы шаруалар көтерілісінің жыршысы болған Махамбет өлеңдерінің мазмұны бізге өте жақын мәні зор. Махамбет поэзиясы Исатай бастаған халық көтерілісінің айнасы болды. Оның бұл ерлік өміріне біз ризалықпен қарап, ерлікке үндейтін поэзиясын сүйсініп оқимыз. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілен шаруалар көтерілісінің айқын үні. Халел Досмұхамбетұлы Махамбет өмірбаянын тұңғыш рет берді. М.Әуезов Махамбет шығармашылығын 1927 жылғы «Әдебиет тарихында» зар заман әдебиеті аясында қарастырды. “Әдебиет тарихы” оқу құралының “Тарихи жырлар” , “Зар заман” ақындары бөлімінде Махамбеттің әдебиет тарихындағы, қазақ тарихындағы орны айрықша айтылып отырады. Әдебиет тарихындағы зар заман дәуірі туралы әріден қозғап, тереңнен толғап тұжырым жасауында Махамбетке айналып соғып отырғанын көреміз. Ақынды зар заман әдебиетінің ісшілік дәуірі туғызды- дейді М.Әуезов.  “Бұхар жыраудан соң XIX ғасырдаіы зар заман ақындарының басы Махамбет. яОдан кейінгілері Шотанбай, Мұрат, Алтансарыұлы, бұлардын соңғы бір буыныАбаймен тұстас ақындар”. М.Әуезов Махамбет шығармаларын саяси мәнжағынан талдайды. Кейінде Махамбеттануда жалғасын тапқан, бүгін де қарастыра түсуге зәру бір мәнді мәселенің Махамбет поэзиясының дәстүрі жыраулық өнермен туыстығы дейтін жайдың Х.Досмұхаммедұлы жасаған жалпы тұжырымнан соң алғаш М.Әуезов зерттеуінде ғылыми негізі бекітілді.  М.Әуезов МАхамбет өзінен-өзі шыққан жоқ, әдебиетте де тарихта да алды бар. Бұхар салт- сан ж үзіндегі төркіні дейді. Оның қлең түрінде Бұхармен жпқындық бар дейді. Ауызша жырдың ерекшелігі табыстырып жатқан туыстық — тұтастықты көлденең тартады.                                                                                                                                                                                                                                            Мұның өзі тек Бұхар емес, жалпы жыраулар поэзиясының үздік үлгісімен Махамбет жырының тұтастығы, туыстығын, өзіндік құнын айқындау еді.  Махамбет қазақ поэзиясының ғасырлар өткеліндегі үззілмеген алтын арқауы. Махамбет поэзиясының, ақынның асыл сөзінің жарқ - жұрқ еткен бір қыры -            жыраулар поэзисымен үндес тұстары. Махамбет толғауларында жыраулар поэзиясының дәтүрлі шартының ерекшеліктерінің бірі дәстүрлі қолданыстар мол. Жыраулар поэзиясының негізгі бір қыры – афоризм, нақыл сөз. Бұл жөнінен де Махамбет поэзиясы – жырау үні.

41.Шортанбайдың әдеби мұрасын оқыту. 

Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасын оқытқанда алдымен оның өмірінен азырақ мәлімет беріп, шығармаларын талдап, ол туралы пікірлерді көрсетуге болады. Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа қанайдың отбасында  дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, қнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көкірегі ояу, көркемділікке әуес сезімтал жас естіген сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, дщінм жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды, тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубесінен жаңылдырады.  Бірақ діни рәсім керек жерде тақуалықпен көрініп, оның иман-шартын бұзбайды. Маңына шәкірттер жиып, медреседе тәлім береді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнегеге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін қзі де сезбей қалады. Енді ел Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Еліне ақын болып танылған Шортанбайдың творчестволық жлын шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ  емес. Шортанбай –өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп-төстеушілер, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Қазақ арасында етек алған жаңа топ- тілмаш, адвокат сияқты патшалық үкіметтің чиновниктері.Оларды пара үшін туған- туысын сатуға да даяр, нағыз залымдар деп дұрыс сынайды:                        

Құныққан соң жалаға                                                                                                                         Көшеде жүрген көп тілмаш                                                                                                         Мініп шабар шанға...                                                                                                                                             Өңкей арам залымдар                                                                                                    Зәремізді алады.                                                                                                               Арам берсең жымиып,                                                                                                        Қалтасына салады.  

Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Шортанбай шығармалары оқуға жеңіл, түсінуге оңай, әркімнің көкейіне қонарлық. Ол бұрыннан әдебиет тарихына мәлім жыраулар стилін жалғастырып, кейде 7-8 буынды өлеңмен термелеп толғаса, кейде 11 буынды қара өлең формасында тебірене өлең өрнектейді. Бұрын-соңды зерттеулерден Шортанбай туралы біркелкі пікір айтып, орта мектепке оқулық жазған немесе очерк ретінде танытпақ болғандар- С.Мұқанов пен Қ. Жұмалиев. Олардың алғашқы зерттеулері 1940-1942 жылдары баспа бетін көрді. 1957 ж 1959 ж ғылыми- теориялық конференциядан соң Шортанбай мұрасы жоғары мектепте ғана оқылатын болды. Соңғы жиырма шақты жыл көлемінде Шортанбай мұрасын игерудің сол елуінші жылдардың деңгейі мен шеңгелінен әлдеқашан үзіліп шығып, халқымыздың әдебиет үздіктерінің сапасында саралнып, бағалануда.

42.Абай поэзиясындағы өлең ұйқасын оқыту.

Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің көркемдік шартты түрі  мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін терең ұқты. Ол қазақ өлеңдерінің бұрынғы тар тақырып шеңберін әдеқайда кеңейтіп, оған жаңа мазмұнды соны түр енгізді. Өлеңнің сыртқы формасы бұрын төрт жолды не көп жлды шумақтар ғана болса, екі, үш, тқт, алты, сегіз жолды бір шумақтар Абай поэззиясы негіздген  жаңалық болатын. Абай өлеңіндерінде ұйұас пен ырғақ жағынан да көптеген жаңалықтар ұшырасады. Абай ерікті ұйқасты көп қолданады, оның өлеңдерінде ой екпіні мен ырғақ толқыны қабысып, ерекше түр жасайды.

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Осы өлеңдегі ырғақ толқыны отй екпінімен әбден ұштасып жатыр.Түр жағынан да, мазмұн жағынан да Абайдың “Сегіз аяқ”,  “Бойы бұлғаң”,  “Сен мені не етесің”,  “Татьяна хаты”,  “Біреудің кісісі өлсе қаралы ол’’ т.б. өлеңдері, аудармалары, жыл мезгілдеріне арнаған лирикалары- мүлде өзге, бұрын – соңды қазақ әдебиетінде қалыптаспаған түрлер.Абай 3, 4, 5, 6, 9 буынды, шалыс ұйқасты өлеңдер түрін мейлінше көп қолданды. Абай шығармаларында халық поэзиясының көркес тілі, қанатты сөздері көп кездеседі. Мысалы,  халық аузында жиі кездесетін теңеу, эпитет, метафораларды Абай мол қолданды.

43.Абай өлеңдерінің тектологиясы

    Абай өлеңнің көркемдік шарты түрі мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін терең ұғынды.Бір кезде Н.Г.Чернышевский: «көркемдік-түр мен идеяның ұштасуынан шығады. Шындықты ғана суреттеген шығарма,өзінің түріне идеясы толық сәйкес келген  жағдайда ғана көркем болмақ».,-деп көрсетсе,Абай шығырмасында осы қағиданы естен бір минут шығарған емес. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы», «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол»,«Базарға,қарап тұрсам,әркім барар»,«Сәулең болса кеудеңде»,«Адамның кейбір кездері»,«Өзіңе сенбе жас ойшыл»,«Сап-сап көңілім сап көңілім» деген шығармаларында Абай өлең теориясын терең танып,ұстаздық етті. Ойлы,сырлы,тілге жеңіл,көңілге қонымды аса көркем шығарма жасауға шақырады. Ол қазақ өлеңдерінің бұрынғы тар тақырып шеңберін әлдеқайда кеңейтіп,оған жаңа мазмұн енгізді.

    Өлеңнің сыртқы формасы бұрын тар жолды,не көп жолды шұмақтан ғана болса,екі,үш,төрт,алты,сегіз жолды бір шұмақтар Абай поэзиясы негіздеген жаңалық болатын.

      Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш,әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды.»Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасы тәрізді . Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.

     Абай қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көбейтуге күш салады. Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы,тыңдаушы тәрбиелеумен болады. Бұл- Абайдың қазақ әдебиетіне кіргізген үлкен жаңалығы.

44.Абай поэзиясының тілдік ерекшелігін оқыту әдістемесі.

Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе,әдеби тілді дамытып,қалыптастыруға да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы болды.

  Абайға дейін және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб,парсы сөздерін көп қолдану оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналып еді. Кейін орыс сөздері араласты.  Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп қолданбай,қазақтың ұлттық тілінде жазды. Тіл,сөз мағынасын байытты.

  Абай тілінде ауыстырудың түрлері өте мол. Онда метафораның жай түрі де,ұлғайған түрі де,кейіптеу де жиі кездеседі. Табиғатты құбылтады, қимылға келтіріп, жанды бейнеге келтіру үшін ол кейіптеуді қолданады.

  Абай өлеңдері терең идеялығымен,көркемдігімен ерекшеленеді.Нағыз реалистік әдебиет немесе озық жаңа тұғырлы реализм туындылары-шын мәніндегі көркемөнер. Ол өмір шындығын бұлжытпай орындаумен ғана құнды емес,өмірді бейнелеп асқан шеберлікпен айқындалады. Абай қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ,шебер сурет,жаңа көрініс жасаған білімді жазушылардың тұңғышы. Оның шығармаларында реалистігіне қоса романтизмге тән сипаттармен де ерекшеленеді. Абай өлеңдері- мазмұны мен түрі бәр-біріне сай, ең асыл сөзді поэзия. Онда артық сөз,орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі бір өлшемге сай,терең ойға құрылып,етек-жеңі жинақы болып келеді.

45.Абай және қазақтың жазба әдеби тілі.

   Абай ХІХ ғ. Гуманитарлық ой-сананың жемісі,ол-көркем әдебиет тілін жалпыхалықтық қазақ тіліне жақындастырып,оның бұқаралық сипатын зорайтқан,қазақ әдеби тілін қалыптастырып,жетілдіруші. Абай өз шығармаларын жалпыхалықтық қазақ тілінде жазды. Халық тілі байлығын өте шеберлікпен ұштастырып,ұқыптылықпен қолданады. Қазақ жазба әдебиетінде Абайға дейін ойшыл,сыншы ғалым жазған ғылыми философиялық еңбектер жоқ-ты. Оның алғашқы үлгісі тек Абайда ғана көрінеді. Абай халық әдебиетіндегі мақал-мәтел сияқты нақыл сөздерді өзінше пайдаланып,оны да жаңа тұрғыда дамытты. Қазақ әдеби тілін орыс тілімен жақындастырып,одан аударып,не тікелей сөз алу жолымен қазақ тілінің сөздік құрамының өсуіне үлгі көтсетті. Сөйтіп ол  қазақтың әдеби тілін бұрынғы қалпына әдеғайда жетілдіріп, мәдениетті елдердің әдеби тілі дәрежесіне жеткізу қамын жасады. Абай өзінің шығармасының тілі жағынан да ескі мұсылманша әдебиеттен бөлініп, жаңа әдеби тіл жасау жолын басталды. Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек етті. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушы болып саналады.  Сөйтіп абайдың ақындық тілі өзінің байлығы мен алуан түрлі үлгілерімен молдығымен қазақтың жазба әдеби тіліне негіз болады. Абай оған халықтық тілдің қорын мол пайдаланып, оны ұстарту арқылы, әдеби тілдің қалпына келтіру арқылы жетті.

46. Абадың ән өлеңдері.

Абайдың бізге жеткен көптеген әсем әндері бар. Ақынның музыка саласындағы өнері А. Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдарында» кең талдап, танытқан болатын. Қазір Абайдың екі күйі де табылып отыр. Олар: «Май» және «Тор жорға» жүйелері.

           Абай – идеясн тоғызыншы ғасырда ағартушылардың осы идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып таратушы. Абайдың қазақ мәдениеті тарихынан алатын орны да оның шығармашылығының жан жақтылығымен, тереңділігімен, ағартушылық, гуманистік, ақындық еңбегінің зор маңыздылығымен белгіленеді. 1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толды. Бұл мерей той жер жүзілік көлемде, бұрын соңды еш болмаған ұлы мереке дәрежесінде өтті.                                        Ақынның шығармашылық қыр сырлары ашыла түсті. 30 шақты елдерде ақын шығармалары басылды. Түгел өркениетті елдердің әдебиет қатарына қосылды. Абай - өзі ән шыңғарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «сегіз аяқ», «көзімнің қарасы», «қор болды жаным», «бойы бұлғаң», «айттым сәулем қалам қас» сияқты төл шығармалары мен қатар, «қараңғы түнде тау қалғып», «Татьяның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып жайылған. Қазақтың халық әндерін сүйсіне бағалаған ақын өз әндерін де құр айғайға емес, ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған. Оларда сезім күйі, нақысты мағына мол  келеді.

47. Абайдың ел  мінезін кейіптеу тәсілдерін оқыту.

             Абай өлеңдерңнен анық еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтық үн естіледі. өзі ел билеуші тап ортасынан шықса да, тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп дос тұта сөйлейді. Осы бет бұрыста Абай сол халықты жүдетіп, шаршатып отырғын ұнамсыз әрекеттерді олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен айтатын психолог ақын ретінде танылады.  Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп, сынайды. Бұл сарын әсіресе Абайдың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп айтатын өлеңінде анық байқалады. Мұнда халқының басындағы қайғы – мұңды көріп деріттенпі, «қалың елі – қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар. Ел ұйқысын бұзған, берекесін кетірген әкімсымақтарға деген  оның ызасы да мол. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде ақын елдің сорына біткен неше түрлі қу мен сұм адамдардың жиренішті кейпін жасады, оған қоса ел ішіндегі күншілдік, өтірік, өсек, жалқаулық сияқты ұнамсыз жайларды да сынайды. Оның «көңілім қалды достан да дұшпаннан да» , «Адасқанның алды жөн арты соқпақ» тәрізді өлеңдерінде де, алдыңғысында ақын ел ішінде өріс алған алдамшылықты аяр мінезді шенейді. Сөз ,өнегелі іс қумай пайда қуған байлар мен саудагерлер мен бектердің бейнелерін жасайды, ал соңғы өлең жалқауларға арналған. Ұнамсыздықты сынай отырып, Абай өз халқымен жақындаса түседі, оның шын қамқоршысы дәрежесіне көтеріледі.  

48.Абай өлеңдеріндегі ел билеу мәселесі. 

Абай-өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі-сыртқы сырларын жете ашқан реалист жазушы. Ол өз кезегіндегі қоғам өміріне сын көзбен қарап, барлық қайшылықтарын көре білді. Елінің әлеуметтік жайына, тұрмысына, ой-армандарына, мұң-мұқтаждарына үңілді. Қалың бұқараның өз еңбегңн игілік, бақыт көрмей, азап тауып, қорлық көріп келе жатқананына қынжылды. Ел берекесін алып, дау-жанжалды қоздырып, бүліктен пайда тауып жүрген қулардың зұлымдық бетін ашты. Ақын қазақ даукестерін өлтіре мысқылдап, ел қуларының шындық бейнесін суреттейді.

Бұдан кейін Абай қазақ билерін, болыстарын сынап, тек жай шыншыл ақын ғана емес,сонымен бірге өзінің үлкен сыншыл ақын екенін де танытты. Қазақ болыстарының сайланған күннен бастап шұғылданатын іс-әрекеттерін, мақсат-мүдделерін,мінез-құлықтарын айқын сипаттап, типтік образдарын жасап береді. Олардың болыс болғандағы мақсаттары ел қамы үшін қызмет ету емес, өз қамы, өз құлқыны екенін әшкереледі.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,                             Мінездерін көргенде,-деп, Абай бұларға қарсы ашына наразылық білдіреді.

«Болыс пен биді құрметтейін десең,-дейді Абай өзінің сөздерінің бірінде, -сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ...дей келе, ұры, қуларға жеміт болып жүрген шын момындарды аямасақ, соның тілеуін тілемесек болмайды, сонан басқаны таба алмадым»,-дейді. Осылайша, Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін білдіреді. Абай өзінің «Болыс болды, мінекей», «Бойы бұлғаң», «Мәз болады болысың», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Сабырсыз, арсыз еріншек» т.б. секілді өлеңдерінде өкір сыншы-сатирик жазушы есебінде көрінеді. Абайдың бұл сындары өткірлігімен  орыс әдебиетіндегі сатирик жазушылар сынына үндесіп жатты. Қазақтың жағымпаз, қу, бұзақы тобын өлтіре сынады. Абайдың өлеңдері өткір де, отты нысанасына дәл тиді. Би-болыстардың екі жүзді келбетін асқан шеберлікпен бейнелеп берді:

Жуанды қойып, жуасты

Біраз ғана шеттеймін...

Оңашада оязға

Мақтамаймын елімді.

Өз еліме айтамын:

«Бергенім жоқ», -деп белімді.        

49. Абайдың әлумметтік лирикасы

Абайдың поэмалары.Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы-оның поэмалары.Олар «Ескендір», »Масғұт»,және »Әзім әңгімесі».Бұл-ақынның лирикадан-оқиғалы,көлемді шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын маңызды еңбектер.Абай өзінің поэмаларында да жоғарыда көрсетілгендей әлуметтік,адамгершілік идеяларын көтереді.Мысалы; өзінің «Ескендір»,поэмасында Александр Македонскийдің озбырлығын,соғысқұмарлығын,дүниеқұмарлығын әшкрлейді.Ескендір патша туралы кезеңдегі алып ұшпа мадқтау сөз,аңыздарға қарсы,Абай озбыр Ескендірдің жағымсыз бейнесін жасады.Ескенірге қарсы ақыл иесі философ Аристотельдің алып,өзі сол дана филосф жағында екенін көрсетті.

Осы жұрыт Ескендірдің біле ме екен?

Македония шаhары оған мекен.

Филипп патша баласы,ер көңілді,

Мақтан сүйгіш,қызғаншақ адам екен,- деп бастаған жерден Абай Ескендірдің мансапқор,нысапсыз бенесін көз алдыңа әкеледі. Ескендірдің жорығынан баяндап былай дейді;

    Ескендір әлде алмаған хан қоймады,

   Алған сайын көңілі бір тоймады.

    Араны барған сайын қатты ашып

   Жердің жүзін алуға ой ойлады.  

  Бұдан кейін ақын Ескендірдің бір сапарын түгел сыйпаттап береді. Сол жолда елді күшпен өзіне қаратқанын да айтады:

    Алдынан шыға алмады ешкім мұның

    Бәрін де алды,қорқытты жолдағының.

 Осы сапарында Ескендір қолы шөл далаға кездесіп,қыйындыққыұшырайды.Сонда патша тым қатал әмір беріп,жауыздық тоқтамға келеді.Өзіне жәрдем беріп,жанына еріп келе жатқан қызыметкерлерді қыруға бұйырады.

    Сандалды сары далада су таба алмай,

    Шөлдеген жұрт қайтеді,бос қамалмай?

    Қызыметкерлердің бәрінде өлтірмекші,

     Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай,-                                                          деп, Абай Ескендір патшаның қара ниетін көрсетіп,патшалар үшін адам өлімі еш нәрсе емес,олар өзін қорғап жүрген адамдарға осындай мейірімсіз болғанда,басқаға не көрсетпек деген ой туғызады.

Ақыры су табылады.Бәріде қанып ішіп,төніп келген өлімнен аман қалады.Шөлі қанып,демін алып,жайғасып алған патша,енді еліне қайта оралуына,сол судың басын іздеп,қожасын тауып өзіне бағындырмақ болады.Бұл әрекет Ескендір патшаның даңғой,құлқынқұмар,зұлым екенін одан әрі айқындай түседі.Абай мұндай өзімшіл қанағатсыз,көзітоймайтын жаугершіл жанға қарсы өз ақылын айтады.

Мықтымын деп мақтанба,ақыл білсең,

Мықты болсаң,өзіңнің нәпсіңді жең!...-дейді.                                                                                  

Мұндай адамның көзі,нәпсісі тек топырққа ғана тояды деп,Абай соғысқұмар патшаға көз сүйеген тартып,Аристотель ұстамды сөзімен поэмасын аяқтайды.Осылайша ағартуш ақын қара күшті ақылға жүгіндіріп,ақылмен адамшылық іс қылуға уағыздайды.

50.Абай шығармаларының өлең құрылысын оқыту.

Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып,поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөледі.Өлеңнің көркемдік шарты түрімен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін тереңнен ұғынды.Бір кезде Н.Г.Чернышевский « Көркемдік түр мен идеяның ұштасуынан шығады.Шындықты ғана суреттеген шығарма өзінің түріне  идеясы толық сәйкес келген жағдайда ғана коркем болмақ», деп көрсетеді,Абай шығармаларында осы қағиданы есінен бір минутта шығарған емес.»Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,»Өлең сөздің патшасы»,»Біреудің кісісі өлсе қаралы-ол»,»Талай сөз бұған дейін көп айтқанмын»,»Сәуле болса кеудеңде» т.б

Өлеңнің сыртқы формасы бұрын төрт жолды не коп жолды шумақтар ғана болса,екі,үш, төрт,алты,сегіз жолы бір шумақтар Абай поэзиясы негізідеген жаңалық болатын.Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды өңдеп,желдетіре түсті.»Сегіз аяқ»,»Сен мені не етесің»,»Бай сейілді»,»Көзімнің қарасы»,»Я құдай бере көр» т.б

Тайға міндік, Үкі тақтық,

Тойға шаптық, Күлкі бақтық,

Жақсы киім киініп. Жоқ немеге сүйініп.

Осы келтірген шумақтар буын саны жағынан да соны   (3 4 5 6 7 буын аралас ),шумағы 3 жолдан келген жаңа түр.мысалы

Бойы бұлаң                                 Бетті бастым.

Созі жылмаң, Қатты састым,

Кімді көрсем,мен сонан.

51.Абайдың арнау өлеңдері. 

    Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланыст Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындыларҰлы Абай өзінің арыстан жүрек бауыры Оспан дүниеден өткенде: «Жайнаған туың жығылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай,.. Жан біткеннен түңілмей жақсы өліпсің япырмай!» дейтіні бар едАбай поэзиясында мазмұны, тақырыбы, жанрлық және стильдік ерекшелігі жағынан оқшау тұрған бір топ өлеңдер - інісі Оспан мен баласы Әбдірахманға арналған жырлар. Оларды Мұхтар Әуезов «Бас қайғысымен байланысты жоқтау жыры» деп атаған. Қайғы-мұңға берілуден гөрі, жақсы қасиетін сүйсіне айтуы әлдеқайда күштірек. Мұны «Кешегі Оспан» деп басталатын өлеңінен байқаймыз. Мазмұны сәйкес, орайлас өлеңнің сөз ырғағы, екпінділік ағымы да жеңіл келеді

«Кешегі Оспан - Бір бөлек жан,

Үйі - базар, түзі - той.

Ақша, нәрсе Ала берсе,

Ат та мінсе көнді ғой

Әбдірахманға арналған өлеңдерді тұтас алып қарастырсақ, бұларда ақынның нақтылы жағдайдағы көңіл күйі, жан күйзелісі, қайғысы поэзияда үнемі кездесетін көріктеп, өңдеп айту жағы аз болып, жүректі жарып шыққан қалпында тікелей көрінетінін байқар едік. Дегенмен, бұл жағынан алғанда, өлеңдер түгелдей біркелкі емес. Сондықтан Әбдірахманға арналған өлеңдерді екі топқа бөліп қараған орынды. Алғашқы топқа жататындары - ол науқастанып емханада, нақтылы өмірлік жағдайда жазылып, ез атынан немесе Кәкітай атынан жолданған «Я, кұдай, бере көр...», «Алланың рахматын...», «Тілім саған айтайын...», «Көзімнің нұрысыз...» деп басталатын өлеңдер. Екінші топ өлеңдер Әбдірахман қайтыс болғанда оның мезгілсіз қазасына қайғыру үстінде шығарылған «Арғы атасы қажы еді...», «Кешегі өткен ер Әбіш...», «Тұл бойың ұят-ар едің...», «Жиырма жеті жасында...», «Талаптың мініп тұлпарын...», «Орынсызды айтпаған...», «Бермеген кұлға, қайтесің...» секілді өлеңдер. Бұлар - жоқтау өлең үлгісіне жақын. дәл осы өлеңдердің өзінде де Абайдың ақындығы өзгеше үлгі тудырып, тағы бір бұрын шықпаған шеберлік --танытады». «Бұралып тұрып...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Көлемі 8 жол. 25 жыл бойы жұбын жазбай жанында жүріп, Абай шығармаларының кәусар бұлағынан еркін сусындаған . «Сорлы көкбай жылайды...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 9 тармақтан тұратын бір шумақАзаматы азып, өңкей ұры-қары жайлаған қу заманның қулық-сұмдығын көре-көре көңілі қалып, бұзылған елді қалыпқа салар қайрат таппай, «мыңмен жалғыз алысқан» ақынның жылап отырып жырлаған сәттері аз болмаса керек. Өлең 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқаспен жазылған. Сондай ақ Абайдың тағы да арнау өлеңіне «Кешегі Оспан ағасы» деп жырлаған өленінен бір шумақ үзінді келтірсек.

Кешегі Оспан ағасы

Кісінің малын жемепті.

Мал сұраған кісіге

Жоқ, қайтемін демепті

52. Абайтану ілімінің туып қалыптасуы.                                                                         Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайдың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуға болады. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікелының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орындыАл кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: «Абай – қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз.Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған.Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М.О.Әуезов бастырған жинақ .20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б.Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар.  Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптастыКейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Бұл ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқалды. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты.Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:

1) Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған;

2) Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты;

3) Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткіз у және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады.

53.ХХ ғасыр басындағы Абайтанудағы айтыстар

Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес деген пікірді басшылыққа алсақ, Абайдың әдеби ортасы тақырыбы – абайтану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Абай тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып абайтануға тың міндеттер артқанына да аз уақыт болған жоқ. Десек те, Абайды ұлттық таным тұрғысынан бағалап, оның кемеңгерлігіне толымды баға беру ондаған жылдардың еншісіне сыя қоймайды. Әсіресе, кеңестік кезеңде өз заманынан, ортасынан, тіпті ұлтынан бөлініп, жеке-дара қарастырылған Абай есімі қайта, қайыра қарастырар жаңа пайымдауларға зәру. Академик З.Ахметов айтқандай: «Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз» Абайдың алдындағы әдебиет өкілдерімен қатар ақынның маңайына үйірілген әдеби қауымға да кеңестік жылы қарамады. Әлем әдебиетінде жалпы ағым-бағыттың аясында қолданылатын «мектеп» ұғымының бір ғана адамға қатысты айтылуы кеңестік қазақ әдебиеттануында үлкен дау туғызды. Нәтижесінде, маңайына ақын, әнші, музыкант, ертегіші сияқты алуан өнерді үйренуге құлшыныс білдірген жастарды жиып, баулыған ұстаз Абайдың  тағлымдық, тәрбиелік қарекеті тұмшаланып, ақын шәкірттері шетінен «кертартпа», «ескішіл» деп танылып әдебиеттен аластатылды, көзі тірілері «халық жауы» болып қуғындалды. Көп уақыт қапаста жатқан шәкірттер тәуелсіздіктің алдында ғана ақталып, шаңырағы шайқалған Абай мектебі енді ғана еңсесін түзей бастады. Абай ортасы туралы ой түйіндерін ақын жайында айтылған алғашқы пікірлердің астарынан іздеген жөн. Абай айналасы туралы ой-пікір ұшқындарын Ә.Бөкейхано, М.Дулатұл, А.Байтұрсынұлы, С.Ғаббасовтың  тағы басқа әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің мақалаларында көрініс тауып, бұл тақырып төңкерістен кейін кеңірек сөз бола бастады. 1918 жылы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында сөз болса, «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар» деген екінші мақаласы – шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі тақырыбына арналған тырнақалды ғылыми дүние болуымен құнды. Сыншы ғалым Д.Ысқақұлының сөзімен айтсақ: ««Абайда» жарияланған материалдардың ішінде «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала ұстанған бағытының дұрыстығымен, көтерген мәселенің маңыздылығымен, айтқан пікірлерінің өміршеңдігімен ерекшеленеді»Жанақ пен Абайды байланыстырып тұрған заманы болса, сол заманға деген көзқарастан туған ортақ сарындар бір арнаға тоғысып жатыр. Мысалға, Жанақтағы: «Ханнан қайыр, қарадан шайыр кетті»,- деп үзілген үміттің сәулелері Абай өлеңдерінде бояуы қалың қайғыға ұласқан. «Алдыңда күткен күннің түсі суық»,- деп басталатын Жанақ өлеңдеріндегі қайғы Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тағы басқа өлеңдерінде ақындық шеберліктің биігіне жеткен. Десек те, Жанақ поэзиясындағы осы тұрғылас ойлар Абайда мүлде жаңа пішінге көшіп, сол кездегі қазақтың келбет-кеспірі мейілінше шынайы, бүге-шүге нақтылығымен өз тыңдаушысын тапқан. Жанақ тыңдаушысын таппаған сөздің жетімдігіне, есіл өнердің қор болуына ашынса, Абайда бұл тақырып неше тарам. Біріншіден, жалпы сөз қадірін түсінер жанның жоқтығына налу болса (...осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық, ...тыңдаушымды ұғымсыз, қылып тәңірім бергенді, ...қайран тіл, қайран сөз, наданға қадірсіз т.б), екінші мәселе – Абай сол өлеңші қауымға сын артады. Бұл арада бұрынғы ескі биден бастап, алдындағы ақындары, соңындағы шәкірттері қатаң сын тезіне ұшырайды. Осы тұста бір мәселеге назар аударған жөн. Өзінен ілгерідегі ақындарды сынаудағы Абай сынын тек Бұхар, Шортанбай, Дулат есімдерімен шектеп қою дұрыс емес. Олардың атын атағанда сол заманның бүкіл поэзиясы сынға алынды десек, бұл сыннан біз сөз етіп отырған Жанақ та аман қалмағаны белгілі. Оның:

   Ауылым алыс, мен келем өзім азып,

   Қой мен шай бер ақынға жерден қазып.

   Он қадақ шай, қос қоржын сүр асып бер

    Өрге барған Жәкеңе болсын азық  ,-

дегені сыншыл Абайға жақпағаны анық. Дәл осы сарынды Абайға айтарлықтай әсер еткен Шөже ақынның өлеңдерінен де кездестіруге болады. Қазығұрт елінің ауқаттысы Дәукейге:

  Бергенің сегіз жылқы, жалғыз түйе,

  Өлеңді естімессің енді менен ,-

деген өкпелі сөздер сол уақыттың тезіне салса еш сөкеттігі жоқ орынды айтылған да. Өйткені, Жанақ пен Шөжелер заманында ақын атаулы ел үстінен күн көрді. Оған сол заманның ақынын сөгуге де келмес. Әйтсе де, нағыз өлеңнің шын бағасын білген Абайға қасиетті сөздің қадірін кетіріп, дүние-малмен саудалауы жақпағаны анық. Жалғыз Жанақ, Шөжелер ғана емес, замандастарының деніне біткен дертке Абайдың айтар жауабы да біреу ғана:

     Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

     Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

     Әр елден өлеңменен қайыр тілеп 

     Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап .

Қалай десек те қабырғаны қайыстырып жанға батыра айтылған сөз - Жанақ пен Шөже ақындардың әлгі өлеңдеріне дөп тиген жауап. Шындық қашанда – ащы. Ал, Абайдың сыны иесіз емес. Ұстараның жүзіндей ащы ойлар бірін болмаса екіншісін тіліп түсері хақ. Жанақ жырларының жақсысына тамсанып, тек одан үйренуші ғана болып қалса ол Абайға, оның ақындық, сыншылық сұранысына аздық етер еді. Тұра қаштым,жалма жан.

54.Абайдың қара сөздерін оқыту әдістемесі.

Абайдың қара сөздері мен нақылдары – ақын шығамашылығының елеулі саласы,өлеңдерімен мазмұндас,идеялас,бірін бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары.Сонымен бірге,әдеби жаңа түр,алғаш көрінген проза,публистика.Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.Өлеңдерін туғызған тарихи әлуметтік жағдайлар қарасөзінің тууына да себепкер.Ол-өлеңдерінде  де,қарасөзлеріннде де өмір шындығын,халықтың арманын,болашақ қамын көздеген жазушы.Өзі айтқандай « Қыранша қарап Қырымға,мұң мен зарды қолға алды,кектеніп надан зұлымға,шиыршық атты толғанды».

Абайдың қарасөзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездей соқ емес,керекті бетбұрыс еді.Көңіліндегі көрікті ойдың өңін қашырмай халыққа жеткізу,өнеге қалдыру,ақыл айту,оны терең толғантты,қиялын қанаттанып,шабытын биігіне көтерді.Бірақ Абай алдында әзір тұрған проза үлгісі қазақ әдебиетінде болған жоқ.Сондықтан да өз шығармаларының түрі мен мазмұнын қабыстырып,терең мазмұнына сай өзінше түр тауып қолданды.Ол үшін,Абай өзіне әбден таныс қазақ ауыз әдебиеті,Батыс әдебиеті,Орта Азия әдебиеті жасаған әзір үлгілерін білседе оның барлық түрлерін қабылдай алған жоқ.Ертегі,аңыз шежіре,хикая тағы басқа жазған жоқ.Ол өзінше жазды.Келкешектің кәдесіне жарарлық өсиет,керекті насихат,жас буынга ой саларлық ғақыл,өмір ережесі етіп тұрарлық шешен нақыл сөздер тізді.

«Ақыры ойладым ,-дейді Абай,-осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін,ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын,кім ішінен керекті сөз тапса,жазып алсын,я оқысын,»керегі жоқ» десе,сөзім өзімдікі ».Бұл қара сөздерді негізінде ( біз бұрынғы зерттеуімізде А.С. Пушкинен дегенбіз),шығыстан парсы ғұламаларының еңбектерінен тапқаны анық.» Қабус намаға » ұқсатқан,бірақ мазмұны жағынан мүлдем озгеше.Сонымен Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсаты елге айтар нақыл сөздерін,осылайша ақ қағаз бетіне жазып қалдырған.

Кешегі Оспан

Бір бөлек жан,

Үйі базар,түзі той,

Ата анаға көз қуаныш

Еркелік кетті,

Алдына алған еркесі,

Ер жетті,

Көкірегіне көп жұбаныш,

Не бітті?

Гүлденіп ой өлкесі.

Жоғарыда біз келтірген  үш шумақ өлеңнің құрылысына көз жіберске, бұл өлең түрлерінің жаңалығы ешбір дәлелдеуді керек етпейді.Ол өз жаңалығын өзі ақ көрсетіп,Абай қосқан соны форманы танытады.

55.Мағауия Абайұлының әдеби мұрасы.

Мағауия Абайұлы (Ибрагимұлы)  Құнанбаев  Абайдың Ділдадан туған кіші ұлы. 1870 жылы 11-ші шілдеде  дүниеге келген.
Бала кезінен өзінің парасаттылығымен, ұстамдылығымен ерекшеленетін.  Үлкен адамгершілік қадір-қасиет иесі, әділділігімен, мейірімділігімен, байқағыштығымен, ерекшеленетін болған.

Жалпы,Абайдың шәкірттері Мағауия мен Ақылбайлардың дастандарына дейін бізде сюжетті уақиғаға құрылған романтикалық бір де бір шығарма болған емес. Сюжетке құрылған романтикалық бірінші шығарма - «Медғат, Қасым» мен «Қысса Жүсіп». Бұл дастандардан басқа елдердің әдебиеттеріндегі романтикалық дастандарға тән ерекшеліктерін түгел дерлік табуға болды. Бұларда уақиға құруда болсын, образ жасауда болсын, қаһармандардың іс-әрекетін суреттеуде болсын романтизмнің сарыны анық байқалады. Бұл жөнінде, қазақ әдебиетін стиль жағынан зерттеу, білу үшін Абайдың шәкірттеріне, әсіресе, Мағауияның «Медғат, Қасымына» айрықша тоқталуға тура келеді.

            Дастанның идеялық мазмұнындағы бір құндылық - Мұрат, Медғат сықылды құл иеленушілердің құлдарға көрсеткен ауыр азабын суреттеу. Дастанда Медғат пен Қасымның арасындағы қарым-қатынастан қожаның құлға деген мейірімсіздігі өте айқын көрінеді.

            Мұрат та, Медғат та өте қатал, өте мейірімсіз адам болып суреттеледі. Олар құлды адам деп санамайды. Олардың құлдарды қалай жазалаймын, қалай жазғырам десе де еріктері өзінде. Бар байлық, бар игілігі құлдардың қолымен жасалып отырса да, ешбір кінәсіз Қасымды қатты жазаға бұйырады. Туысында бірбеткей, өжет Қасымды Медғат қылмысқа айдайды. Ақырында жас жігіт өмірден түңіледі. Мұрат та, Медғат та байлықты, сол байлықтан туған менмендікті ең жоғарғы нәрсе деп ұғады да, соны берік ұстайды. Сөйтіп, ақын құл иеленуші жауыз байдың типін жасайды.

Ақын өзінің дастанында Мұратты да, Медғатты да жамандықтың өкілі ретінде көрсетуді мақсат етіп қойған да, ол тілегін дұрыс орындап шыға алған. Дастанды оқығанда оқушылар Мұратты да, Медғатты да мейлінше жек көреді. Өйткені олардың екеуінің де ойлайтыны - байлық пен менмендік. Сол жолға кімді құрбан етуге болса да тайынбайды. Олардың осы тәрізді іс-әрекеттері оқушыларды өздеріне қарсы қояды.

Дастанда ерекше орын алатын қаһарман - Қасым. Автор Қасымды ұнамды кейіпкер етіп көрсетуді мақсат еткен. Оның кісі өлтіріп, қарақшы болып кетуін де, басқа қылмысты іс-әрекеттерін де автор өзінше дәлелдеп, соның бәріне жауапты Медғат екенін аңғартады. Автор өзінің дастанында бір жағынан өткен кездегі құл мен қожаның арасындағы күресті көрсетпек болса, екінші жағынан, кекке-кек, қанға-қан деген ескі пікірді қолдайды. Әрине соңғы пікірдің дұрыс та, теріс те жағы бар. Кекке-кек, қанға-қан таптық тұрғыдан, отан тілегінен туса, ол күрес ел жауы, отан жауы үшін жұмсалған күрес болмақ. Бірақ мұндағы кекке-кек мәселесі олай емес, сондықтан қазіргі тұрғыдан қарағанда, ондай күресті дәріптеуге болмайды.

Жалпы, Мағауия Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары:«Еңлік-Кебек»,«Абылай»,«Медғат-Қасым».

Ол өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған.Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді.

Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды.

56.Ақылбай Абайұлының дастандарын оқыту.

Ақылбай - Абайдың Ділдә атты бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.

Ақын өмірінің соңғы жылдары ауыр қайғымен өтті. Әйелі қайтыс болады. 1895 жылы інісі Әбдірахман (Әбіш) қайтыс болса, 1904 жылы екінші інісі Мағауия қайтыс болады. Мағауияның соңынан көп кешікпей 40 күннен соң әкесі Абай қайтыс болады. Халық Абайдың қырқын Семей қаласында берген. Ақылбай Абай өлімінен 40 күннен соң, әкесінің қырқын берген күні, 1904 жылы 43 жасында Семей қаласында кенеттен қайтыс болған. Ақылбай бейіті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы өз қыстауы –Тышқан бұлағының қасында.

 Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан ескіше оқып хат танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақылбай Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ақындары болады. Осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай қазақ әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын.

Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары үшеу: Ол: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіптің»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».
   «Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абай өзі ұсынады. Бұл поэманы жазуға Ақылбай, Мағауия, тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы бәрінен бұрын жазып шығып, оқыған Ақылбай болады. Ақылбай жазған «Дағыстан» Абайға және барлық ақын шәкірттерге ұнайды да бұл тақырыпты меңгерген Ақылбай деп ұйғарады. Ақылбайдың бұл поэмасы романтикалы жанрға ене отырып, онда Кавказ елінің тамаша табиғаты және сондағы халықтың ішкі сырлары барынша таныла түседі.
Ақылбай, ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан» (Кәрі Жүсіп»), Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмаларды жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты мәдениетті ақын.

Ақылбай ағылшын жазушысы Хаггардтың даңқын асырған «Сүлеймен патшаның қазынасы» («Копи царя Соломона») атты романы желісінде «Зұлыс» поэмасын жазып шығады. Бұдан біз Ақылбайдың тек орыс емес, әлем әдебиетіне де қызығушылығы болғандығын аңғарамыз. Поэма жазу біреулер үшін жеңіл көрінгенімен, өлеңмен роман жазу оңай шаруа емес. Сюжеттер желісіндегі әсерлілік пен кейіпкерлер образын суреттеудегі көркемдік Ақылбайды шын мәніндегі поэма жанрының қас шебері еткені анық. Әдебиетші Қ.Мұхамедханов Ақылбай бұл поэманы толық аяқтағандығын айтқан. Дегенмен бізге түгелдей жетпегендіктен, дастанның толық нұсқасымен таныс емеспіз.

Жалпы, «Зұлыс» поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана сақталған. Бұл поэманың үзіндісі 1924 жылы «Сана» журналының 2-3 сандарында басылады. «Дағыстанның» («Кәрі Жүсіптің») үзіндісі алғаш рет 1918 жылы «Абай» журналының 5-санында жарияланған болатын. Ал, Ақылбайдың ендігі дастаны «Жаррах батыр» туралы мәліметтер жоқтың қасы, бұл поэма бізге жетпеген.

57.Абайдың ақын шәкірттері мұрасын оқыту мәселелері.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырда және ХХ ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісіне әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен» – дейді Мұхтар Әуезов. Және 1909 жылы ұлы ақынның өлеңдер жинағы басылып шыққан соң, «Абайға еліктеп өлең жазушы ақындар Қазақстанның қай жерінде болса да кездесетін болады». «Бұл жағынан қарасақ, - дейді Мұхтар Әуезов, «ХХ ғасырда Абайдың әсері көпке жайылып, кең өріс таба береді. Ақын мұрасының өзінен соңғы қазақ әдебиетіне былайша қатынасуы, оның жалпы қазақ әдебиет тарихына көрсеткен үлгісі, әсері деп түсінеміз». Бұл мәселені зерттеу тексерулер ХХ ғасыр әдебиет тарихының міндетіне қарай ауысатынын айта келіп, Абайдың өз айналасында үнемі бірге болып, ұлы ақынның анық жақын шәкірті болған ақындардың шығармаларын зерттеу мәселесіне көңіл аударды.       
Абайдың ақын шәкірттері: Ақылбай Абайұлы Құнанбаев,Әсет Найманбайұлы,
Көкбай Жанатайұлы,Мағауия Абайұлы Құнанбаев,Мұқа Әділханұлы,Тайыр Жомартбаев,Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев.

Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет.
 Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкерім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен. Әсет - Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.  

 Көкбай — Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам. 1880 жылы Көкбай жиырмаға жаңа аяқ басқан жас жігіт еді. Оның табиғи талантын сол кезде-ақ таныған Абай, ел ішінің лаулап тұрған дау-шарының ортасынан алып шығып, Көкбайға қамқор аға болған.Абай қалаға келген сайын Көкбай сияқты оқып жүрген жастарды жинап, қалай оқып жүргендерін сұрап, біліп, ақыл-кеңес берумен қатар, өздеріне де ән салғызып, өлең айтқызып, олардың өнер, талаптарын мадақтап, көңілді, мағыналы мәжіліс жасап отыратын болған. Ол жастардың кейбіреулерін оқуға түсірген де Абайдың өзі еді. Көкбайдың «Семейге Абай келсе, бізде думан» дейтіні де осы болатын. Көкбайдың суырып салып айтқан өлеңдері көп болған. Ондай өлеңдерін қағаз бетіне түсірмеген. Тек шәкірттерінің жазып алғандары, ел аузында ұмытылмай сақталғандары ғана бізге жеткен. Көкбай, суырыпсалма-импровизатор ақындық өнерімен қатар әрі қалам қайраткері. Ол ұзақ өлеңдерін жазып шығаратын болған. Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған, кең құлашты — эпик ақын. Басқа ақын шәкірттеріне тақырып бергендей, Абай, 1886 жылдар шамасында, Көкбайға да тарихтық үлкен бір тақырып берген. Бұл жөнінде М. Әуезов: «Онысы — Абылай мен содан бергі замандар турасындағы тарихтық тартыстар жөніндегі тақырып болады. Көкбай сол Абай берген деректер бойынша, ұзақ шығарма жазады. Бұнда Абылай заманын айтып кеп, содан Қасымға, Есенкелді, Саржанға ауысады», — дейді.

Мұқа — Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі. Ол - асқан домбырашы, шебер скрипкашы әрі әнші, әрі ақын. Мұқаның өнерін Абай калай бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов былайша сипаттайды: ''Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстаған көрінеді.

Тұрағұл – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан.

Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған. 1917-20 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тұрағұл жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абай өлеңі қай кезде жазылып, кімге арналғанын жақсы білген. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте басып шығарған. Тұрағұл Абай мұрасын жинастыруда, аса құнды мағлұматтар жазып, қалпына келтіруде көп еңбек сіңірді. Ол М.Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді еңбек жазып берген.

58.Махамбет поэзиясының тілдік ерекшеліктерін оқыту әдістемесі.

Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығын қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.
Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет өлеңдерінен өшпес орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.
Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтика тілдердің элементтерін (эпитет, теңеу, тропа, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланысты түрде де өте ұсталықпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде.
Қандай ақынға болсын, ең алдымен қойылатын шарт, өлеңдеріндегі қолданылатын сөз образдарының тек сыртқы сұлулығы емес, логикалық мәні, образының өмір шындығына дәл келу, келмеуі, міне осы болуы керек. Көркем сөз образдарын әр ақын-ақ таба алады. Бірақ сол қолданып отырған сөз образдары өмір шындығына дәл келмей, айтайын деген ойдың бір керегіне жарамайтын болса, ол оқушының эстетикалық сезімін оята алмайды. Бұл жайт тілдегі реализм болады. Ұлы ақындардың қайсысын алсақ та, сөз образдары, өмірдің бір бөлшегі болып, сол сөздің төркінін қуаласақ, тұрмыстың өзінде дәл сол айтқанындай болып шығады.
Осы айтылғандар тәрізді, сөз образдарының өмірдегі нақтылы шындықтан алынып, мағына дәлдігіне бейнелеу, теңеулері де дәл келіп отырушылық-Махамбет өлеңдеріне де тән.

Махамбет өлеңдерін сөз еткенде, екінші бір көңіл аударатын мәселе, оның өлең жолдарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігі дедік. Қандай ақынға болсын бұл ең керекті шарттың бірі. Не көркем сөз, не әдеби, тіпті үздік образдарды қолданса да, өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны өзара жымдасып, шебер түрде қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген ойдың бір керегіне аспаса, ол образдардың оқушыға ешбір әсері болмайды. Көркемдіктің негізгі тірегі - мазмұн. Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара логикалық тығыз байланысынан туады.
Махамбет өлеңдерін сан рет оқысаң да, оқығың келе беретіндігінің, оқыған сайын оқушысының эстетикалық сезімін оятып, өзіне қызықтыра түсетіндігінің бір тамыры - сол логикалық байланыстарының күштілігінде. Оның өлең жолдарында ой нендей жайылма сөйлеммен айтылса да, кейде көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып келсе де, өлең жолдарындағы логиканың күштілігі, оқушысын ертіп әкетеді. Сөйлемдеріндегі логикалық байланыстардың күштілігі, бағызы бір өлең жолдарында кездесетін артық буындарды да аңғартпай кетеді.
Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында.

Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге күш салдық.
Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек,  Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор  дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады. 

Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым",  "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.
Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды.

59.Абайдың ақындық мектебі. 

Абай өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі, сіртқы сырларын жете ашқан реалист жазушы ретінде танылады. Абай өз елінің өнер қазынасын меңгеріп, оны жаңа табыстарына қосып, біріне-бірін ұштастырып өсті. Абай ақынды  өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керек деп білді. Өзі «көкірегі сезімді, тілі орамды жастарға» үлгі болды, оларға ақыл айтып, өлең айтудың тамаша үлгілерін көрсетіп берді. Абайдың ойынша, қиыстырып айтылған сөздің бәрі өлең емес, құр айқай, санасыз сарын емес ән емес, «өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», оны тілі жеңіл, жүрекке жылы тиерлік, құрылысы шебер, айналасы теп-тегіс, аз сөзді, терең мағыналы келуі керек.  Абай шебер өлеңді мәдениеті жоғары,білімді ақын ғана бере алады деді.        

Абай өлеңдеріндегі негізгі елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі- қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының еркіндік, махаббат мәселелері. Бұл тақырыптар адамгершілік идеясымен қабысып келді. Абай өзінің шығармаларында әйелді біреуге ана, біреуге қарындас, қыз; біреудің қорғаны, ақылшысы, сүйген жары деп түсіндірді. Ол «Масғұт» поэмасында Масғұттың алдында таңдау ұсынғанда дүниедегі ен байлық пен ақылды алғызбай, ақын оған әйел жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады.

Абай творчествосындағы ендігі бір үлкен тақырып-оның ағартушылық идеясы. Оның ойынша, адам қоғамның қажетті мүшесі, ол дүниенің кетігіне қалауға жарарлық кірпіш сияқты. Өзнің орнын тауып, өмірдің керегіне асып, ел үшін еңбек еткендей азамат болуға тиіс. Даулеттің ең маңыздысы,асылы-білім деп білген Абай жастарды салғыртсымай, ғылымды менгеруге шақырады. Абай өз кезегінде дін оқуын, молдалар сабағын сынап, балаларды орыс мектебіне беруді талап етеді.

Бай шығармаларында халық поэзиясының көркем тілі, қанатты сөздері көп кездеседі. Мысалы, халық аузында көп кездесетін теңеу, эпитет,метафораларды Абай көп қолданады.  

Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің көркемдік шарты түрі мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін тереңінен ұғынды.

XIXғасырда қазақ әдебиетінде жаңа реалистік әдіс қалыптасып, бұқарашыл идея өріс алды. Қазақ әдебиетінде Абай дәстүрі-реалистік дәстүр өркендеді. ХХ ғасыр басында өрісін кең жайған сыншыл реализм осы Абай реализмі дәстүрінің заңды жалғасы, соның ізгі әсерінің нәрлі жемісі еді. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, Ақылбай мен Мағауия және С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Сералин творчествосындағы жаңа леп осы Абай дәстүрінің жемістері болатын. Абай поэзиясының реалистік озық дәстүрі ХХғасыр қазақ әдебиетінің қалыптасуына да негіз болды. Абай өз айналасына тілектес ақындар топтады. Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әсет Найманбайұлы сияқты ақындарды тәрбиелеп шығарды. Бұл жас ақындар Абай бастаған романтикалық поэма жанрын ілгері дамытты. Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа поэмалар туғызды.  Жалпы, Абай дәстүрі – біз сөз етіп отырған ақындық мектепті де ішіне сыйғызып жіберетін кең ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәстүр жалғастырушылар десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің алдыңғы толқыны ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылады. Алайда, Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді. Яғни, Абай поэзиясының кейінгіге әсер-ықпалы деген мәселеден бөлек, Абайдың тікелей тәрбиесі, ұстаздық ұлағаты, тіпті оның маңайындағы ізбасар ақындарды өлең жазуға баулу, үйрету қарекеттері айқындалады.

60.М.Әуезовтың Абайтанудағы зерттеулерін оқыту. 

Қазақ әдебиетінің аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін үш салаға бөле қараудың қажеттілігі туды.
    - Бірінші кезеңі, яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
    - Екінші кезең 1934-1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдарының заманымен аяқталады.
    - Үшінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады.

 М.Әуезов Абай мұрасын зерттеуді 1918 жылдардан бастайды. Сол жылдары «Абай» журналы бетінде «Абайдың өнері мен қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» т.б. мақалаларын жариялайды. Абай жөнінде жазған мақалаларының ішіндегі ең көлемді мақалаларының бірі «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласы.

Жалпы,Абайдың әдеби мұрасын зерттеуде, оны халықтық мұра ретінде жұртшылыққа танытуда С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдардың еңбегі Абай мұрасын танып-білудің жаңа қырларын байқатып, ол мұраны бағалау жолындағы түбірлі өзгерістерді аңғартты.

Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұңғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М.Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М.Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.
    М. Әуезовтің 30 шы жылдардағы ізденістері Абайды танудың ғылыми дәрежесін көтеруде абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде де ерекшеленетін орны бар туындылар деп бағаланды.
    Жалпы М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы Абайдың әдеби мұрасы туралы үздіксіз ізденудегі әрекетін бір-бірімен іштей байланысты 4 салаға бөле қарауға келеді:
    а) Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері.
    ә) Абай өмірбаянын қайта жазып, қандық қызметі мен дәуірі заманы жайында деректер жинап, естеліктер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпына келтірумен айналысуы.
    б) Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуі.
    в) Жоғарғы үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы.
М. Әуезов Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолына саналы түрде алдына ұлы мақсат қоя отырып кірісуі, негізінен Абай туралы роман жазуды қолға алған жылдарынан басталады. Осы жылдарда-ақ алдына ғылыми-творчестволық зор мақсаттар қойған тұста-ақ сегіз түрлі проблеманың аумағында жүргізілер іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын нақтылы түрде айқындап алған болатынды.

   Абай басылымдарының 1933, 1940, 1945, 1957 жылдардағы толық жинақтарын баспаға даярлауға тікелей ат салысқан М.Әуезов Абай өлеңдерінің өрнек үлгісін толығымен табиғи қалпына келтіре алды. Әрине, бұл үшін өлең табиғатын терең танып білумен бірге, өлең құрылысы туралы теориялық білім де қажет болды. Осы ерекшелік М.Әуезовте толығымен табылды. Абай өлең құрылысындағы өлең өрнектерін қалпына келтіруде алғашқы толық жинақта М.Әуезовтің өзі де кемшіліктерге жол беріп алды. Бірақ толассыз ізденіп Абай өлең құрылысының ерекшеліктеріне қаныққан сайын ол кемшіліктерін жетілдіріп отырды. Мысалы, алғашқы толық жинақта өлең өрнегі жағынан өте күрделі Абайдың «Қатыны мен Масақбай», «Сен мені не етесің?» өлеңдерінің бастапқы табиғи қалпын сақтай алмаса, соңғы баслымдарда оны толық табиғи қалпына түсіріп, қалыптастырғанын көреміз. Отызыншы жылдар басында-ақ М.Әуезов Абайдың әдеби ортасы деген күрделі мәселеге ерекше назар аудара бастады әрі осы тақырып абайтану тарихында мейлінше айтыс тартыс тудырған ең күрделі мәселеге айналып кетті. Өйткені бұл проблема тек Абайдың әдеби ортасын ғана қамтып қоймай, Абайдың әдеби мектебі, Абайдың ақын шәкірттері, Абайдың ақындық дәстүрі немесе Абай тұсындағы ақындар деп аталатын түйіні бір, бірақ тармақтары сан тарау мәселелерді қамтыды.

Абайтанудың бастапқы кезеңі яғни 1889 жылдан 1933 жылдың аралығы мен М.Әуезов дәуірі яғни 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы даму жолының тарихы осы жолдар авторының «Абайтану тарихы» (1994) мен «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982) деп аталатын ғылыми монографиялық зерттеу еңбектерінде өз көрінісін тапқан болатын.

61.Абай жайлы Тұрағұлдың, Көкбайдың естеліктері.

Абайдың ақындық тағдырында, асқар ала таудан асқандай биікке өрлеген қиында қатерлі тіршілік сапарында Тұрағұлдың орны ерекше. Тұрағұл Абайұлы 1875 жылы туып, 1939 жылы Шымкент қаласында туған.Тұрағұл орысша жаза да, сөйлей де білген сауатты кісі.Өз бетінше бірнеше прозалық шығармалар жазған.Тұрағұлдың ағайындары бақ күндестікпен анау-мынау деген, әйтпесе Абайдың басқа балаларынан Тұрағұлдың деңгейі артық болмаса кем болған жоқ. Көкбай – Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам. Көкбай өзінің естелігінде, Абаймен ең алғаш рет жақындасып кетуін былай баяндайды: «Ел ішінде ақы алысып, ақы берісіп жатқан сьезі еді. Мұны өткізуге Семейден Лосовский деген ояз келіп еді.Сол бір ісімді жақтырмай, мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда, стражниктерін жіберіп жазаламақшы болды.Әлгілер ерікке қоймай, әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігіттерім бар еді, солардың бірін Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғым, қасымдағы жолдастарымда сондайды  әдет қылатын. Оязға әкелген соң, Абай да келді де: «Жазығы не?» деп істің жөнін сұрады. Содан кейін Лосовский: «Бұған біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса, мына елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып, бұзылғалы жүрген адам.Сен тәрбиеге алып, түзетемін десең, берем. Әйтпесе жазаға ұшырайтын ісі бар», - деді. Сонымен Абай маған кепіл болып алып шықты. Осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым. Жолдастығымыз 25 жылға созылды». (Көкбай Жанатайұлы, «Абай» журналы, 1993 жыл, №5, 21бет) деп Абайдың ақындық мектебінің ең үздік құйма құлақ шәкірті, қлең сөздің тайпалаған жорғасы Көкбай ақын мәнді деректерді көлденең тартады. Абайдың «Жаз» өлеңінң жазылу тарихын және өлеңдерін өз атына аударып алу жайын Көкбай өзінің естелігінде баядап жазған: «1880 жылдан бастап, 1886 жылға шейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді.Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын Көкбай сөздері деп жүргізді.Кейі Омбыда шығатын «Дала уалаяты» мен «Серке» газеті шыққанда, бірер олеңін тағы менің атымнан жіберді. «Сорлы Көкбай жылайды, жылайды да жырлайды» дегенді мен қылып қойып, оөін айттып еді. Осы хал 86-жылға дейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ең өрбітіп барып, орнықпақ болған жайлауы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай аулында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді.Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жииалған соң, Абайға келіп едім.Өлең көкшенің бойынан асайын деді ғой», - деді. Мен: «Асса, басында мен қолқаланып алған нәрсе емес еді. Енді өзіңіз ретін тауып қайта аларсыз», - деп қалжыңдадым. Сөйтсем сол күні «Жазды күн шілде болғанданы» жазған екн оқып берді.Өзі жазған өлеңіне ең алғашқы рет аз да болса, қанағат қылғанын көргенім сол.Менің қалжыңыма орай қылып: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алаайын», деді деп аяқтайды Көкбай өз естелігінің жұлынды, дәмді тұсын. Осы сияты Көкбай аузынан жазып алынған  бірнеше естеліктері бар.

62.Абай әдеби мұрасын оқыту әдістемесі. 

Абай – өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі-сыртқы сырларын жете ашқан реалист жазушы. Ол өз кезіндегі қоғам өміріне сын көзімен қарап, барлық қайшылықтарын көре білді.Елінің әлеуметтік жайына, тұрмысына ой армандарына, мұң мұқтаждарына үңілді.Абай қазақ билерін, болыстарын сынап, тек жай, шыншыл ақын ғана емес, сонымен бірге өзінің үлкен сыншыл ақын екенін де танытты.Ол өз ұлтынының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды.Абай шығармалары — өз дәуірінің  келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, ағартушылық гуманистік мазмұнға бағытталған ізгі ниеттер мен терең ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын шығармалары топтап көрсетсек, оның төрт мыңға жуық өлеңдері, қырық бес қара сөзі, үш поэмасы, бінеше әндері, екі күйі, аудармалары бар.  Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құоманов дегеннің реаксиясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шықты.Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды.Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін жазды. Болыс, билердің халыққа жасаған озбырлықтарын, қу мен сұмды, сұрқиялықты сынап бірнеше өлеңдер жазады. Мысалы, «Қараша,  желтоқсан мен сол бір, екі ай», «Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман!», «Болыс болдым, мінеки», «Сабырсыз арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңдерін жатқызуға болады. Абай жылдың төрт мезгілін арнайы жыр етіп өлең шығарған. Абайдың қара сөздері мен нақылдары – ақын творчествасының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін- бірі толыұтыра түсетін маңызды шығармалары.Сонымен бірге, жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Абайдың прозасы – қиял прозасы емес, өмір прозасы, Ол- обьективтікшындықтың шешендік қорытындысы, ғылымға негізделген терең ой тебіреністер, адам мінезін бейнелейтін  әсерлі әңгіме, деректі эссе, көркем публицистика, насихатшыл дидактика. Абай – музыкалық шығарма жазған композитор.Оның бізге жеткен көптеген әсем әндері бар. Қазір Абайдың екі күйі де табылып отыр.Олар: «Май» және «Тор жорға» күйлері. Поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Мың бір түн» оқиғасының желісімен жазылған «Әзім әңгімесі».

63.Абайдың туысы мен өмірі.

Абайдың шыққан ортасы – ауқатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған.  Әкесі Құнанбай – өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі, зерек ел ағасы, ірі тұлға. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай – өз заманының атақты билері. Құнанбайдан – Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абайдың жас кезіндегі көңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші пейіл анасы - Ұлжанның мейірімді көңілі, көпті көрген әжесі Зеренің жылы қойыны. Абайдың ақкөңіл, адамгершілік сезімі күшті, зәбір-жапа шеккен адамды, жоқ-жітік аяғыш, сергек бала болып өсуіне де осы жайлар себеп болған. Абайдың мінезіне қанықтырған: қасындағы жары Әйгерім, ұлы Тұрағұл, інісі Шәкәрім, шәкірттері - Көкбай, Қатпа, Баймағамбеттер. Абай үш әйел алған кісі: Ділда, Әйгерім, Еркежан. М. Әуезовтың «Абай жолы»  романында Абайдың өмірі, туыстарымен қарым-қатынасын баяндап көрсетеді. Бірақ кейбір оқиғаларды, кейіпкерлерді өзі ойдан ойлап тапқан. Солар арқылы Абайдың жеке дара, ұлы адам болғандығын оқырман қауымға көрсете білген. Кейіпкерлерін бір жақсылық, бір жаманшылыққа сынау Әуезов поэтикасындағы ерекше шебер қолданылытын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі екенін әсіресе Абай характерін сомдау принципінен көреміз. Мысалы: жылы сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір – шафқат төгіп, елжіреп, еміркеніп отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып, балаларына ана болып отырған құшағы суық әйел. Бұл шаңырақ астындағы кереғар жәйттер. Әкесі Құнанбай Абайды жастайынан билік тәрбиесіне баулып, өзінің қасына алып жүреді. Бірақ ешқандай әкелік мейірімін таныта қоймайды. Құнанбай «Абай жолында» қатыгез, зұлым адам бейнесінде суреттеледі. Зорлықпен оқудан қол үзген Абай темір ноқта кигендей болып, сүйгенінен айрылып, атастыру жөнімен үйленіп, опық жейді. Бірте - бірте өз әкесінің жуандығынан басталған әділетсіздік толқыны оны басқа жағаға, қорлағанддар, қорғансыздар тобына қарай ығыстырады.дұшпан жаттан да, жақыннан да шығады. Бір әкенің екі баласы: Абай бір қиырға Тәкежан екінші қиырға тартады. Күнддестік отын бықсытып жүрген Күңке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар болды. Олардың жалғасы болып жауыздықтың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатты.Бір жағынан жамандық қауласа, екінші жағынан жақсылық көктей бастады.Иісі Ырғызбай  дұшпаны есепті Дәркембай, Базаралы бірте-бірте жақындай түсіп, ақыры Абай қасынан табылды. Өз бауырында жаралған қанаттары қандай: Әбіш, Мағауия, Дәрмен, Көкбай, өле-өлгенше ақ, адал пейілімен таза достығынан айнымаған Ерболды айтуға болады.  

64.Шоқанның ғылыми – публицистикалық мақалалары.

Өз еңбектерінде Шоқан өзінің талапты публицист жазушы екенін көрсете алды. Өмірден көргендері мен түйгендерін Шоқан өзіне тән шебер тілмен бейнелей суреттейді. Оның очерктері мен күнделіктеріжай ғылыми еңбек болып қана қоймай, көркем шығарма – көркем публицистика дәрежесіне көтеріледі. Өзінің бейнелі де шешен сөздерінің арқасында Шоқан еңбектері әңгіме, әңгіме повестер сияқты оқушысын өзіне бірден тартып баурап алады. Шоқаннның еңбектерінде табиғат суреті, адам портреті мен олардың харақтері, үй – жай сипаттары көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотноға салынған суреттер галериясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. Мыалы, 1858 жылы Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы Алтынемел маңын, Алатау  аңғарын, бұл жерлердің сұлу табиғатын сүйсіне суреттейді. Шоқанның Еуропаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары болатын. Ғалымның  «Жоңғария очерктері» мен «Алты  шаһардың жай-жапсары» деген еңбектері 1861 жылы, өзінің тірі кезінде, орыстың императорлық география қоғамы жазбаларының үш кітабында басылған. Шоқан - жан-жақты ғалым. Ол- этнограф, геграф, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызы орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол – әдебиет ғылымы мен публиоцистиканың дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам. Орыс тілінде жазылса да, Шоқанның күнделіктері мен очерктері қазақ публицистикасы тарихынан елеулі орын алуға тиіс. Оның әдебиет тарихындағы орны да осындай еңбектерімен маңызды. Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің еңбектері өзінің ғылымдық жоғары маңызымен және бұқарашылдығымен    құнды. Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. «Ұлы жүз қазақтарының ескі сөздері, ертегісі», «Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері», «Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Құлжа күнделіктері», «Қырғыз халқы туралы жырлар», т.б. мақала, очерк хаттары әдебиетке байлынысы мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші- зерттеуші ғалым екенін толық танытады.   

65.Шоқан және «Манас» эпосы.

Туысқан, көршілес елдердің әдебиетін зерттеуге Шоқан аянбай күш жұмсады.Оның Қырғыз халқының мәдениеті мен әдебиетін зерттеу ісіне орасан зор үлес қосқаны көпшілік таныған, әбден мойындаған шынды. Қызғыздың атақты «Манас» жырын ғылым әлеміне әйгілеген Шоқан, оны «Илиада» мен  қатар қойып, ауыз әдебиетіндегі дүние жүзілік мәні бар, аса маңызды ірі эпикалық туынды деп бағалады.Жырдың мазмұнын баяндап, оның қоғамдық, тарихи мәнін, мәдени өмірдегі орнын айқындайды. «Манас» - бір кезеңге және бір адамның  - Манас батырдың төңірегіне топтастырған қырғыздың барлық ертегі, хикая, әңгімелерінің, аңыздарының энциклопедиялық жинағы.Бұл керемет үлкен жырда қырғыздардың тұрмыс қалпы, әдет-ғұрпы, салт-санасы,географиясы, діни және медициналық түсініктері әрі халықаралық қатынастары суреттелген», - дейді Шоқан. Мұнымен бірге зерттеуші «Манас» жеке аңыз- ертегілер, өлең – жырлар негізінде топтасып,ұлғая келе, зор эпостық жыр болып қалыптасқан деп, өте қисынды дәлелдеп және қосылған әртүрлі қоспалары, тіпті кейде жанама сөздері де бар екенін көрсетті. Сол кезде «Манастың» сол уақытта қырғыз жыршысының аузынан жазылып алынған, Шоқан зерттеу еңбектерінде пайдаланылған нұсқасы да табылды. Оны іздеп тапқан академик Ә.Марғұлан былай деп жазады: «шоқан бұл жырды қасына ертіп жүрген не қырғыз не қазақ жігіттерінің біріне жаздырған сияқты.Жыршының айтуына үлгере алмай қалдырып қойған сөздерді Шоқан өз қолымен қосып отырған.Жалпы түріне қарағанда,жазылып біткен беттерді Шоқан өз көзімен қайыра өткізіп, күдікті жерін жыршыға қайтадан айтқызып, толықтырып отырған». «Манасты» осылай қызыға, құлшына тексерген ғалым, онымен тұтас, жалғастыра айтылатын «Семетей» жырына да әдейі тоқталып, оны қырғыздардың «Одессеясы» деп атайды. Зерттеуші жырда Манастың бейнесі қалай суреттелетін нақтылы талдап баяндайды. Манастың хан тұқымынан шықпағанын, оның әкесі хан емес екенін атап өтеді. «Манаста» қырғыздар өздерін Енисейден ауып келдік деп санайды дейтіндей тұжырымға негіз боларлыұ ешбір сөз жоқ», - дейді Шоқан. Осы қорытындыны ол жырды тұтас алып, түгел шолмай, жайдан - жай айта салмаған деп қарағанымыз мақұл. Шоқан «Манастың» тілі, көркемдік сипатына тән бірталай ерекшеліктерді де жақсы байқаған. Жырдың белгілі ырғағы, өлшемі және үйқасы бар дейді. Әр жолдың соңындағы ұйқаспен бірге бірнеше қатарлас тармақтың бастапқы буындары да үнемі үйлесіп, үндесіп келетінін, осыны қырғызша жырдың нұсқасынан бірнеше мысал кетіріп нұсқасынан мысал келтіріп анықтап көрсетеді. Қырғыз халқына үлкен бауырмалдықсезіммен қараған Шоқан «Манаста» қазақ жайлы да баяндалатынын, қырғыз бен қазақтың жақындығы, достық қарым – қатынасы суреттелетінін сүйсіне айтып өтеді.

66.Шоқанның XIX ғасырдағы қазақ поэзиясын түрге бөлуі.

Шоқанның әдебиет саласындағы зерттеулері, сан –салалы еңбектері баға жетпес мол қазына. Шоқанның қолжазба архиві түгел табылып, зерттеліп біткен жоқ.Айтушылар Шоқан қолжазбасы бай, көп еңбегі қолжазба күйінде қалған еді деседі. Қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс Европа жұртшылығына таныстыруды Шоқан өз еңбектерінің өзекті бір мақсаты деп санаған.Қазақ әдебиеті мен мәдениетін ерте танылған басқа елдердің әдебиетімен салыстырып, тамаша зерттеулер жүргізеді. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеулерін үш топқа бөлуге болады. Олар: а) Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет; б) Қырғыз бен қазақ халықтарының  ауыз әдебиеті туралы зерттеулер; в) Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы зерттеулер. Шоқан – халық жырларын, аңыз- әңгімелері мен ертегілерін жиып, пікір айтқан талантты фольклорист. Қазақ ауыз әдебиетінің мазмұнына тоқтағанда, Шоқан ауыз әдебиеті халық тарихына байланысты өмір шындығының бір көрінісі екенін дұрыс көрсетеді. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін үш түрге бөліп қарауға болады. Олар: а) Қазақ дебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет; б) Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер; в) Қазақ мен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер. Шоқан халық әдебиетін көп жинап, орыс тілінде ең алғаш рет қазақтың халық әдебиеті туралы пікір қалдырған ғалым. Ол қазақтың ертегілері, мақалдары, тұрмыс - салт өлеңдері, әлеуметтік поэмалары туралы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», т.б. жырлардың мәні туралы ғылыми түйіндеулер жасады. Ғалымның өлең туралы зерттеулері де маңызды. Ол қазақ өлеңдерінің түрлерін жіктеп берді. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау- толғау, қайым өлең, қара өлең, өлең деп бес түрге бөледі.Ол жіктеулерге жататын қазақ өлеңдерінің түрлерін атап көрсетіп, өзгеше болжаулар жасайды. Бұл қазақ өлеңінің түрі туралы алғаш айтылған пікір еді. Сондықтан да ол ғылым үшін құнды.Осы сияқты болжауларды Шоқан қырғыз ауыз әдебиетінің жанр түрлері туралы да айтады.Өзінің  «Ру жіктері» деген мақаласында ол қырғыз ауыз әдебиетінің үш  түрін атап көрсетеді. Олар: ертегілер, эпостық жырлар, өлеңдер. Осы жанр түрлеріне жататын әдебиет мысалдарын келтіріп, бұл туралы өз тұжырымдарын баяндайды.

67.Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиетін зерттеу еңбектерін оқыту. 

Шоқан Шығыс қолжазбаларын тауып аударды, бірінші болып қазақ халқының бай рухани мұрасын, ауыз әдебиеті мен жыршылық, ақындық өнерін ғылыми тұрғыдан зерттеді, басқа туыстас халықтардың өлең-жырларына, эпосына да қатысты құнды пікірлер айтты.Шоқан ең көрнекті белгілі зерттеу еңбегінің бірде – бірінде әдебиетке қатысты мәселелерге соқпай кетпейді. Фольклорлық нұсқаларды жыршылардың, ақындардың, өлең-жырларын, олада бар дерек – мағлұматтарды қалайда пайдаланып отырады. Шоқан туған халқының  бай ауыз әдебиетіне ерте сусындап, «Едіге» жырын Күрлеуік Қыпшақ  Жұмағұл ақыннан 6 жасында есіткенін айтады. Ауыз әдебиетіне ерте назар аударған ол әкесі Шыңғыспен бірге обаған бойынан М.В. Ладыженскийге арнап «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» дастанының бір нұсқасын жазып алған.А. С. Пушкин, М. Ю. Лерментов, т.б. орыс ақын- жазушыларының еңбектерімен қатар, еуропа әдебиетіне Ж.Ж.Руссо, Ч.Диккенс, В.Диккерей, В.Шекспир, Гете шығармаларын сүйіп оқыған. Сөйтіп Батыс, Шығыс, орыс әдебиетін зерттеуге де  Уәлиханов ерте кіріскен.Кадет корпусында Костылецкий  екеуі қазақ эпосын зерттеуді қолға алып, «Қозы Көрпеш- Баян Сұлуды» орыс тіліне аударды. Костылецкий арқылы Уәлиханов бұл дастанның обаған нұсқасын Березиннің хрестоматиясына енгізген.Қазақ ауыз әдебиетінің теориялық мәселелері сөз болатын Қазақтың халық дастандарының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз-әңгімелері», «18 ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», т.б.еңбектерінен оның терең білімдарлығы көрінеді.Уәлиханов қазақтың батырлар жыры үнді герман эпостарына ұсқайтындығын ашты . Тарихи жырлардың шығу тегін қуалай келіп, Ноғайлы заманының бұл туындылары 14- 46 ғасырларға жататынын анықтады. «Ер Көкше» жырын зерттегенде шығарманың бас кейіпкері Ер Көкше тарихта болған адам екенін, оның 1423 ж. ұрыста қаза тапқаны туралы дерек келтіреді.Қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш зерттеуші де, оның әдебиеттану ғылымы әлеміне алғашқы таныстырушы Уәлиханов болды. «Манас» жырын тарихи,этнографиялық мағлұматтарның молдығы, көркемдік дәрежесінің биіктігі жағынан «Илиада», «Одессея» сияқты эпостармен қатар қоюға болатын құнды, кесек туынды деп бағалады.Қазақтың халық поэзиясын жасаушы, орындаушы ақын, жырауларды Уәлиханов Батыстың рапеод, бардтарымен салыстырды. Ол халық поэзиясының көркемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи, этнографиялық мағлұматтар іздеді. Өзінің зерттеу еңбектерінде Шоқан қазақтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін, өлең-жыр үлгілерін жиі және өте мол пайдаланды.Сонда бір көңіл аударарлық нәрсе – қазақша өлең, жыр не әдеби нұсқадан үзінді клтірсе, айшықты, айшықты кестелі көркем сөздің қалпын бұзбай тіл ерекшеліктерін толық сақтайды және орысшалағанда қазақша нұсқасының мағынасын ешбір бұлжытпай, дәл түсіреді.

68.Құлыншақ ақын айтыстарын оқыту.

 Құлыншақ ақын айтыстарының ішінде, әсіресе, оның Майлықожамен айтысы көңіл аударарлық. Оның бұл айтысы - Майлы елінің сараң байларын сынаудан басталады.

 Құлыншақтың «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға» атты толғауларынан ақынның шабыты ғана емес, сонымен бірге өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосқан ақын болғаны да танылады.

 Сондай-ақ әлеуметтік қоғамдық мәселелерді көтеріп, адамгершіл ақылдар айтқан. Мәселен ақын «Дүниеде не ғаріп» толғауында ақын табиғи құбылыстарды адам өмірімен ұштастыра термелеген.

 Құлыншақтың Майлымен айтысы және басқа шығармалары әлі толық жиналып, баспа бетін көрмей жүр. Ақын – халық поэзиясының үлгісін берік ұстаған суырып салманың өзі. Майлымен айтысынан үзінді:

     Жиылдық үлкен-кіші үйден,түзден,

     Жүйрік ат топтан озып бәйге сүзген.

     Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп,

     Екеуміз шығып едік орта жүзден.

69.Мәделі ақын дастандары.

 Мәделі ақын дастандарының өзіндік ерекшеліктері бар. Өзінің бастан кешкен өмірінен, көрген-білген, түйгендерінен қорытып, батыл сөз қозғайды. «Батырбек пен Байзаққа», «Ахмет төреге», «Төре түйесінің сөзі», «Әбділда қожаға», «Майлыны мұқату» сияқты өлеңдері бар.

 Ақын өлеңдері бейнелі, суретті. Сондықтан да нысанасына дәл тиіп, мәтелді сөз ретінде халық аузында сақталып келеді.

 Мәделі -  мысал өлеңдер де жазған, поэзияда өзіне тән түр іздерін салған ақын. Мұны ақынның «Шәріпке айтқаны» деген ұзақ өлеңінен байқауға болады.

 Қысқарта айтқанда, ақын жазғандарының негізгі идеясы адамгершілікке жат емес. Оның жырларында моральдық үгіт, ақыл, сын басым. Мәделі шығармалары негізінен құдай жолына берік болып, ешкімге қиянат жасамауға, иманға, адамгершілікке, ар-ұятты біліп, адал өмір сүруге үндейді.

70.Майлықожа ақынның арнаулары.     Майлықожа ақынның арнауларында негізінен әйел теңдігін сөз етеді. Әйел теңдігін аяққа басқан ескі салтты қостаушы малдыларды қатты сынайды. Осы бір ерсі істерді «Алдаберген байға» арнауынан көруімізге болады.

 Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.

Ақын өмірді кең қамтып, қоғамдық қайшылықтар сырын түсініп, жыр шерткен өз заманының парасатты адамы. Мысалға оның «Дүние» деген өлеңін алып қарайтын болсақ, ақынның жарық дүние сырын жан-жақты да, терең түсіндіре толғайтынын аңғарамыз.

Майлы толғаулары бейнелі үлгілі, өнегелі халықтық тұспал сөздерге де толы.

71. Қоқан хандығы билеген өңірлер әдебиетін оқыту.

Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) – қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін меңгеріп үлгерген Ресей империясы кеуделеп келе жатты. Шығысында өзін аспан әміршісіне балайтын Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған кез. Оңтүстігіндегі елдерді ислам фанатизмі тұтастындырып, тәңірлік наным сенімді өмір салты еткен қазақ даласына олар да ит көрген ешкідей ажырайып қарайтын. Әсіресе, көшпелі өмір салты ұқсас, мекен тұрағы жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттардың саяси бірлестігі (1635 – 1758) аш бүйірден шаншудай қадалады. Осынау тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз ақыны бір ауыз өлеңмен былай бедерлейді:

«Былай барсаң Қоқан бар,

Қоқаңдаған әкең бар.

Былай барсаң Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар.

Былай барсаң Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Бір шумақ өлең аясына сол кездің әскери саяси ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге қазақ даласына сұғын қадаған елдердің дипломатиялық талғам тәсілі мен басқыншылық тактикалары да айқын аңғарылады.

Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1771-1860) – қазақтың азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. Оның бүкіл мағыналы өмірін Хиуа мен Қоқан бақыншыларына, орыс отаршыларына қарсы күреске арнауы да сол зорлық – зомбылыққа, қиянатқа төзе алмайтын қасиетіне негізделген елін, жерін сүйген алып жүректілігі де себеп болса керек. Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа келген қазақтың соңғы ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған шабуылдары жөнінде біраз әңгіме сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің жігіттерімен Созақ қамалына көмекке келе жатқан Қоқан әскерінің алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып жібереді. Содан кейін Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып, қамалды алысады. Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа батырдың сарбаздары болыпты. Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт жаумен арыстандай айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы төбенің басында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз қандастарының қолынан қапылыста қаза табады.

72. Зар заман ақындары шығармаларындағы замана күйі.

 Зар заман деген – XIXғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болатын, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық. Зар заман ақынының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі.

 Зар заман ақындарының көпшілігі XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарыларылар қозғалысының артынан шығады. Қалың қазақтың ұйытқысын шайқап шыққандай болып, орта жүзді, кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары қайғылы жолмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түскен. Бұрын болымсыз үміт болса, белгісіз келешектен түскен аз ғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жорығынан кейін суалып біткендей болды. Сондықтан XIX ғасырдың орта кезінен кейін зар заман қалың елге түгел жайылады. Өкінішті қазақтың артынан қара жамылған елдің жүрегінен қайғыдан басқа ештеңе шықпайтыны сияқтанады. Сол қазалы күй, зар заманшыл, уайымшылдардың санын көбейтті.

73. Зар заман дәуірі, оның М.Әуезов айқындаған кезеңдері.

 М.Әуезов зар заман әдебиетінің басында тұрған ақындарға тоқтала келіп, зар заман әдеби ағымына айқындама береді. Зар заман осы аттас бір өлеңнен шықты дейді. Зар заманның отаршылдық саясат әкелген, ел басына түскен наразылық, қарсылық сарыны туралы айтады. Қазақ әдебиеті тарихында зар заман ағымының зеттелу, тану жолы өте күрделі саяси қысымдармен өтті. 1933жылы 7 классқа арналған қазақ әдебиеті оқулығында М.Әуезов зар заман туралы ұстанымын түбегейлі өзгертуге мәжбүр болды.

Зар заман ағымы 3 кезеңге бөлінеді (М.Әуезов):

1) Асан, Бұқар жырау тұсындағы;

2) Орысқа бағынбаймын деп қолына қару алып шыққан Исатай, Махамбет, Кенесарылардың тұсы;

3) Дін мен мәдениет иісі шыға бастаған  Алтынсариндердің тұсы.

74. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымын оқыту.

 1927жылғы әдебиет тарихы еңбегінде қазақ әдебиетінің тарихын алғаш рет арнайы кең көлемде ғылыми негіздеп, кезеңге бөліп көркемдік теориялық тұрғыдан жанрлық айқындамасын жасаған М.Әуезов «зар заман дәуірі» сарындары, ағымы, бағыты дейтін, қазірде терминдік мәні сақталып отырған ұғымдарды ғылыми аударымға қосты. Зар заман орыс отарлауына байланысты туған. Зар заман дәуірінде қазақ әдебиеті ауызшадан жазбашаға ауысты. «Жазба әдебиет ел әдебиетінде белгілі бір бағыт туғанда пайда болды». (М.Әуезов).

 Зар заман ақындарының басы Асан, Бұқарлардан басталады. Соңы 20 ғасырдың басы Нарманбет ақынмен аяқталады.

 Зар заман ағымы 3 кезеңге бөлінеді (М.Әуезов):

1) Асан, Бұқар жырау тұсындағы;

2) Орысқа бағынбаймын деп қолына қару алып шыққан Исатай, Махамбет, Кенесарылардың тұсы;

3) Дін мен мәдениет иісі шыға бастаған  Алтынсариндердің тұсы.

75. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымын оқыту әдістемесі.

 1927жылғы әдебиет тарихы еңбегінде қазақ әдебиетінің тарихын алғаш рет арнайы кең көлемде ғылыми негіздеп, кезеңге бөліп көркемдік теориялық тұрғыдан жанрлық айқындамасын жасаған М.Әуезов «зар заман дәуірі» сарындары, ағымы, бағыты дейтін, қазірде терминдік мәні сақталып отырған ұғымдарды ғылыми аударымға қосты. Зар заман орыс отарлауына байланысты туған. Зар заман дәуірінде қазақ әдебиеті ауызшадан жазбашаға ауысты. «Жазба әдебиет ел әдебиетінде белгілі бір бағыт туғанда пайда болды». (М.Әуезов).

 Зар заман ақындарының басы Асан, Бұқарлардан басталады. Соңы 20 ғасырдың басы Нарманбет ақынмен аяқталады.

 Зар заман ағымы 3 кезеңге бөлінеді (М.Әуезов):

1) Асан, Бұқар жырау тұсындағы;

2) Орысқа бағынбаймын деп қолына қару алып шыққан Исатай, Махамбет, Кенесарылардың тұсы;

3) Дін мен мәдениет иісі шыға бастаған  Алтынсариндердің тұсы.

76. Үкілі Ыбырайдың  ән өлердері. Қазақ  әдебиет  мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығарамшылық өнерімен айқын із қалдырған әнші-ақындардың бірі-Ыбырай Сандыбайұлы. Ол халық арасында және  кейінгі ұрпаққа Үкілі Ыбырай деген атпен  мәлім болды. Ыбырай  Сандыбайұлы 1856 жылы  Ақмола облысының  Көөкшетау уезінде қарасты аймақта дүниеге келген. Әкесі Сандыбай ұсталықпен  күн көрген шағын шаруа адамы, әйтседе баласының оқу мен өнер қууына кедергі жасамаған. Ыбырай жастайынан молдадан оқып, хат таниды. Кейбір деректер бойынша оған сегіз жасынан бастап өнер дарып, әншілікке, ақындыққа ден қояды.Қолына түскен әралуан кітаптарды оқып, қисса-хикаяларға қатты құмартты. Бозбала шағына дейін Ыбырай ата-анасының шаруашылығына қарайласып өз ауылында болады. Он жеті жасқа келгенде табиғат берген ерекше қасиет, өнерге деген құштарлық оны атқа мінгізіп,сал-серілік жолға түседі. “ Көмірге өзімді-өзім қия  алмадым” деп, әкесінің жанында ұсталық құрғаннан гөрі ән мен өлеңді жанына жақын сезінген  бозбала ендігі жерде ақындық пен сазгерліктің, әншілік өнердің тізгінін қолға алады. Өзінің бір өлеңінде өзі туралы ақын былай дейді:

Жігіт болдым он жетімде,

Тыңда айтқан кебімді.

Шаруадан бас тартып,

Садыққа бұрдым  бетімді,-  деп  ақын  жырлайды. Ақынның артынан мол мұра қалды.Оның көптеген ән-өлеңідері әр кездері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Ақынның көпке әйгілі “ Гәкку” әні “Қыз Жібек”  операсындағы  Жібектің ариясы ретінде,“Арарай” әні “Ер Тарғын” операсындағы  Ақжүністің ариясы ретінде орындалды. Сыршыл да сазды әндері өнер  сүйер  халықтың  аузында айтылып келеді. Қазақ халқының рухани  мұрасын сөз  өнері мен саз өнері, яғни поэзия мен музыка, өлең мен әуен  тығыз астасып  жатыр. Ертерек  кезеңдерде ақындардың  әрбір өлеңі  домбыраның  немесе басқа  да бір  саз  аспабының  сүйемелдеуімен  белгілі  бір  әуенге  салынып  орындалатын  болған. Сол себепті де өлеңнің  авторы  ақындықпен  қатар  сазгерліктен де, әншіліктен де құралған болмаған. Ыбырай да, міне, осы дәстүрде қалыптасып, өз өнерін шыңдап  өсті.  

  77. Сегіз  Сері, Біржан Сал, Ақан Сері, Мұрат, Жаяу Мұса мұрасын  оқыту әдістемесі. XIX  ғасырдағы қазақтың  әйгілі  серісі, әнші, ақын композитор  Сегіз сері-Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов туралы  соңғы  жиырма жылдай уақыт көлемінде аз айтылған  жоқ.Ән мұрасы, щығармашылық  ғұмырбаяны  халқымыздың  өнерпаздық  тарихынан ұзақ жылдар бойы түрлі  себептермен қағаберіс  қалып  келген Сегіз жайлы ғалым Төлеш Сүлейменов, жазушы Нәбиден Әбутәлиевтер жеке  жинақтар  шығарды.Белгілі өнер зерттеушілері, әдебиет  мамандары, тарихшы, ақын-жазушылар І. Жақанов, Б. Тоғысбаев, Е. Жақыпов, Қ. Биғожин, Р. Отарбаев, И. Кенжалин т.б. Сегіз сері өміріне байланысты түрлі байламдар айтты. Сегіз сері 1818 жылы  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Жамбыл ауданына  қарасты Гүлтөбе-Маманайда  Баһрам  батырдың  отбасында дүниеге  келген. Атасы  Шапшақ  Көжекұлы  немересінің  болашағын  болжап, 1828 жылы Омбы  қаласындағы  Сібір  қазақ  орыс  әскери  училищесіне  беріп, онда алты  жыл оқытады. Мұндада ол мұсылман  оқытушыларынан  қазақ, шығыс әдебиетінің  үлгілерімен  және  қисса-дастармен тереңірек танысуға  мүмкіндік  алады. Сегіз серінің  халық  арасындағы беделін  патша  шанеуніктері  өз  мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Бірақ олардың  арам  ойын, теріс пиғылын  сезген Сегіз сері мұндай қызметтен  үзілді-кесілді бас тартып, өз халқының  алдындағы  абыройын шен-шекпенге айырбастамайды.  Ел аузындағы  ескі  әңгімелерді, аңыздарды, тарихи оқиғаларды  негізге ала отырып, Сегіз сері: “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан ”,  “Ер Тарғын ”,  “Шора батыр ”, “ Ер Сайын ” секілді ұзақ  қисса-дастандардың  өзіндік  нұсқасын жасағаны, жырлағаны  бұл күнде  тарихи деректерден  белгілі болып отыр.

78 . Әнші ақындар шығармашылығының зерттелу жайы. 

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ мәдениетінің қай саласы да әрдайым өзіндік даму, өркендеу үстінде болды. Әсіресе кең далада еркін жүрген халықтың жанына ең жақыны сөз өнері мен саз өнері еді.Яғни, қазақ үшін ән мен өлеңнің орны қай кезеңде де аса қадірлі еді, төрт жол өлең құрастырмайтын, екі ауыз ән әуелетпейтін қазақ кемде-кем болуы осының айғағы болса керек. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында  қазақ ақындарының ішінде осы екі өнерді бойында тоғыстырған айрықша бір талант иелері пайда жүрміз. Бұл атаудың шартты екендігі өзінен-өзі көрініп тұр. Олай дейтініміз, әнші-ақындар тобына жататындар тек әншілік пен ақындықты ғана меңгерген жандар емес, бойында сазгерлік те, актерлік те, тағы басқа өнер түрлері де молынан табылатын “сегіз қырлы,бір сырлы” жандар.Әнші-ақындар шығармашылығы осы тәрізді сан түрлі  өнер салаларын өзара тығыз сабақтастырған ерекше мұра болып табылады. Өнерпаздардың мұндай шоғыры XIX ғасырдың басында ұлттық мәдениеттің дамуындағы ерекше құбылысқа айналды. Әріге бармай-ақ, XIX мен XX ғасырдың тоғысқан тұсына назар аударсақ, дәл осы кезеңде Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы,Сары Бақатұлы, Мұхит Мералыұлы тәрізді сал-серілер мен әнші-ақындар атағының кең жайылғанын көреміз. Одан берірекке әйгілі Үкілі Ыбврай Сандыбайұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Берікбол Көпенұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Мәди Бәпиұлы, Уәйіс Шондыбайұлы, Естай Беркімбайұлы, Сегіз сері Баһрамұлы сынды өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер мен әнші-ақындар дәстүрін жалғастыра түсті.  

79. Сал-серілік  өнер табиғаты.

Әдебиет зерттеушілерінің  әдеби мұрасы тарихын  барлаған  тұстарда  байқап, атап  өтіп отырған  қазақ  халқының  ақындық  өнерінің айтылуы  бір саласы сал серілік-поэзия. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқановтың  әдебиет  тарихын  зерделеген  еңбектерінде  сал-серілік  өнердің  әйгілі  өкілдерінің  аты  аталып, шығармашылық  жөндері  айтылды. Кейінде де сал-серілер шығармашылығы  назарда  болып,   оқулық-хрестоматияларға  қамтылды. Академик Ахмет  Жұбановтың  Замана бұлбұлдардарында  XIX ғасырдағы  әйгілі  әнші, сал-серілер  өмірі  де  қарастырылды.  Есмағам  Ысмайылов  сал-серілерді  көзі  көрген  адамдардың  естілігін  жиып, әр тұлғаның  өзіндік өнерпаздың қыр-сырын  жеткізудің  жөнін  көрсетеді. Ғалымның  қыпшақ  жақтағы  сал-серілік  туралы  Иманжан  ақынның естелігі  беруі,  Кемпірбай туралы Бегалин әңгімесін  келтіруі  осы  бір өнердің  сипатын аша түседі. Тегінде сал-серілер жаратылысынан табиғатына  орай  өнердің бар арнасында  ашылып  отырған.Мәселен  Біржан сал,   Ақан  серілердің  ерекшелігі  көз  көргендердің  айтуынша,  жүріс-тұрсытағы  сәнділік,  сыпайылық,  өнерпаздық. Оларда салдардың  кейбірінде болатын  оғаш,  қасақана күлкілі киім  кию, ерсі мінез көрсету  жоқ. Мұхтар Мағауин  XIX ғасырдағы  қазақ  әдебиеті мен  мәдениетінің  үлкен бір арнасы, рухани  ошағы сал-серілік  өнер  туралы  ғылыми  негізде  анықтама, түсініктеме жасап, біршама  кең,  келелі  түйінді  талдау-таныммен  келеді. Сал-серілік  өнер әлі де негізделіп,  зерттеле  беруі  керек. Мәселен, бұл өнер  фольклор нысаны ретінде көрінуімен қатар  жаңа  лирика  көңіл-күй, сезім  жырларының  ғажап  үлгісі деп санауға әбден мүмкін. Бұл өнердің  тегі  мен  түрі  тек  орындаушылық,  сыртқы  түр  сипат, киім  киіс  ерекшеліктермен  ғана  шектеліп  жатпағандығы  даусыз.

 80. XIX ғасырдағы сал-серілік өнер.  

Есмағамбет  Ысмайылов  өзінің ақындар  монографиясында  сал сері ұғымдарын  тарата айтады. Әрине, ғалымның әдебиеттегі тапшылық  мәселесі маздап  тұрған кезде басылған  бұл еңбегінде де сал  сері  ұғымына, олардың  шығармашылық  мұрасына  таптық  тұрғыдан  келмеуге  мұмкіндігі жоқ. Соған қарамастан, ғалым халық тарихында  жасаған, қазақ  ұлтының  мәдени, рухани ғұмырында  өлшеусіз  орын алған  сал-сері, әнші, ақындар  жайлы біршама мәліметтер беріп, әділ баға, тұжырым жасайды. Есмағамбет Ысмайылов сал-серілердің, әншілік, ақындық, жыршылық, аңшылық, мергендік, спорт-палуандық, сырттай  әшекейлік, түрлі күлдіргі, ғажап, құбылмалы  өнер  иесі  болғанын атап, халық  композиторы  болудың  үстіне неше  түрлі  спорт  ойындарын  көрсетіп  отырғандығын  айтты. Мұхтар Мағауин  XIX ғасырдағы  қазақ  әдебиеті мен  мәдениетінің  үлкен бір арнасы, рухани  ошағы сал-серілік  өнер  туралы  ғылыми  негізде  анықтама, түсініктеме жасап, біршама  кең,  келелі  түйінді  талдау-таныммен  келеді. Сал-серілік  өнер әлі де негізделіп,  зерттеле  беруі  керек. Мәселен, бұл өнер  фольклор нысаны ретінде көрінуімен қатар  жаңа  лирика  көңіл-күй, сезім  жырларының  ғажап  үлгісі деп санауға әбден мүмкін. Бұл өнердің  тегі  мен  түрі  тек  орындаушылық,  сыртқы  түр  сипат, киім  киіс  ерекшеліктермен  ғана  шектеліп  жатпағандығы  даусыз. Бүгінде  сал-серілік  жеке  өнерпаздың  өмірбаян   шығармашылық  жөндерін  әрі  қарай   зерттелер  негізінде  толыға  түсіп  отыр десек те,  бұл  өнердің  сыр-сипат, түп-төркінін  қарастыра  түсу  тоқталмайды.

81.«Бекет батыр» жырының көркемдік ерекшелігі.

Тарихи өлеңнің бірі «Бекет батыр» өлеңі. Бекеттің оқиғасы Кенесары мен Исатай оқиғалары кезінен 20-25 жылдан кейін болған. Мұны туғызған тарихи хал де Кенесары, Исатай оқиғалары туғызған халмен желілес.  Сондағы сияқты қалың елдің наразылығы. Қазақтан сайланған ханның арамдық, зұлымдығы. Елге келтірген ауыртпалығы, сондай күйлердің салдарынан Бекет Арыстан деген ханға қарсы шығып, ел кегін алып, өлтіреді. Бірақ жырда Бекет оқиғасының қалай туып, қлғайып өскені айтылмайды. Жыр Бекет оқиғасының арты немен біткенін ғана айтады. Сондықтан тарихта Бекетпен бірге үлкен іс істеген Есет, Көтібар батырлардың істері жырдың ішінде айтылмайды. Жырдың ішінде Бекетті тарихи өлеңнің нағыз батыры қылып көрсететін жалғыз-ақ жер бар. Ол Арыстан ханның өлімі туралы.

Арыстан жатқан орданы,

Дулап жанған қорданы,

Тайсалмай барып енгенмін.

Арыстан мінген көк қасқа,

Астынан алып мінгенмін.

Жібек баулы қолшы тон,

Үстінен алып кигенмін,-деген сөздері. Бекеттің тарихи ісі осы.

Батыр атын әперген қлы дүбір жорығы да осы. Заманында Исатай істеген ерлікті істеп, қалың елдің қамын ойлап, көптің тілеуіне сүйеніп, өз басын құрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ұлықты өлтіріп, патша өкіметіне қазақ елінің жүрегінде жатқан қарсылықты ақырғы рет осындай үлкен іспен көрсеткен. Сондықтан Бекеттің даңқы қазақ даласына көп жайылып, ертегіге ұқсас әңгіме болған. Бекетті тарихи өлеңнің қаһарманына қосатын себеп осы.

82.«Исатай-Махамбет», «Кенесары -Наурызбай».

«Исатай-Махамбет». Баспаға шыққан тарихи өліңнің бірі- «Исатай-Махамбет». Исатайдың жорығын жыр қылған Ығылман ақын. Ақынның жыры тарихта ізі қалған жыр, анық оқиғаның дәл өзінен туған шындық, тазалықпен айтылады. Мұнда көмескіленген жасырын жоқ. Болған оқиғаны өлең өлшеуіне түсіру жыршының алдыңғы мақсаты болған сияқты. Жырдағы әңгіме тарихи оқиғаның жылы ізі суымай тұрған уақытта, сол оқиғаның өкшесін басып шыққандықтан үлкен шыншылдықпен жазылған. Өмірде анық болған оқиға көмескісіз, күігәртсіз, айнаға түскендей ашық түскен. Исатай-Махамбеттің жыры – жаңа заманның жаңа түрлі жыры болып табылады. «Кенесары -Наурызбай». Кенесары бастаған тарихи қозғалысқа бастан аяқ қатысып, осы бір ұлы оқиғаның бар шындығын жырлап, «Кенесары- Наурызбай» атты тарихи дастан қалдырған Нысанбай ақын. Ол қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш жерінде 1821 жылы туып, 1883 жылы қайтыс болған. Ақын өзінің аталмыш дастанының сюжетіне өзек етіп Кене хан мен Наурызбай батыр басшылығымен болған көтерілістің бастауларынан, өрістеуі, аяқталуына дейін тарихи шындыққа сай жыр кестесін төккен. Негізгі қаһармандары дастанның атына сай – Кенесары мен Наурызбай. «Кенесары -Наурызбай» дастанын ел аузынан алғаш жазып алған Жүсіпбек Басығарин болса дағы (1896) Дибаев арқылы Жүсіпбек Шайхисламовтың қолына түседі де, бұл дастанды ол 1912 жылы Қазанда бастырып шығарады. Кейін 1923 жылы Х.Досмұхамедов Ташкентт, 1926 жылы Нәзір Төреқұлов Мәскеуде қайта бастырды.   Бұл жырлар қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар халқымыздың рухани қазынасы.

83. Тарихи жырлардың зеттелу, басылым жайы.

 Қазақ халқының тарихи жырларының хатқа түсіп, кітапқа жариялануында Радловтың еңбегі ерекше. Өз кезінде қазақтың ауызша айтылып ұрпақтан-ұрпаққа тарап келген ерлік, батырлық жырлар, тарихи жырлар деп немесе лиро-эпостарын ғашықтық жырлар деп классификация жасамағанымен, жанрлық топ, 1870 ж шыққан 3 томдағы халқымыздың елдік мұрасының ұрпаққа жеткізуінде, сондай-ақ қазақтың сөз өнерін зерттеуде бұл автордың есімі алғыспен еске алуға лайықты.

 Оған қарағанда, яғни Радловқа қарағанда сол кісінің алғашқы томдары жарық көру кезеңінде «Едіге жырымен», «Манастың», «Көкетайдың» жырларын хатқа түсірудегі, сондай ақ қазіргі өлеңдерді жанрлық тұрғыдан, қазақ ақындары мен жырауларының жекелеген шығармаларын хатқа түсірудегі Ш.Уәлихановтың бұл тараптағы қызметі бүгінгі таңдағы әдебиет тарихына дейін де қарастырғаны мәлім.

 Тарихи жырларды хатқа түсіру, зерттеу шаруасы бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл ретте С.Сейфулиннің, М.Әуезовтің, Х.Досмахамбетовтің, С.Мұқановтың, Қ.Жұмалиевтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайловтың т.б зерттеу жұмыстарының жанр табиғатын танытып қана қоймай жекелеген тарихи тұлғалардың кім екендіктерін айқындау жолындағы рөлдері қанағаттанған сезімін атап өтуге болады.

  Тарихи жырлардың қатарында мына туындыларды ескеруіміз қажет. Олар «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Жәнібек батыр», «Өтеген батыр», «Арқалық батыр», «Досан батыр», «Бекет батыр», «Сұраншы батыр» және «Исатай, Махамбет туындылары»

84. Тарихи жырлардың туу себептері.

 Тарихи жырлар ең алдымен ел тірлігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың арасында  болған тарихи дәуірдің жыры.

 Тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға, өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады.

 Бұл күнгі қазақ ескілігінен бізге қалып отырған тарихи өлеңдердің барлығы да осы жолмен туып өскен.

 Қазақ әдебиетінің тағдыры тарихи өлеңдерге шейін қазақтың қалың өлеңінің тағдыры сияқты болып келген. Онда әлеуметтік бағыты, әлеуметтік мақсаты жоқ. Не туса да қиял мен сезімнен, таза ақындық қуатынан туған. Барлық әдебиет бір арнаулы жолға түсіп, барар жерін белгілеп, «көпті түзеп, көпті бастаймын» деген талапты ойламаған кезі.

85. XIX ғасырдағы тарихи жырлар.

  Тарихи жырлар ең алдымен ел тірлігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың арасында  болған тарихи дәуірдің жыры.

 Тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға, өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады.

 Қазақ халқының тарихи жырларының хатқа түсіп, кітапқа жариялануында Радловтың еңбегі ерекше. Өз кезінде қазақтың ауызша айтылып ұрпақтан-ұрпаққа тарап келген ерлік, батырлық жырлар, тарихи жырлар деп немесе лиро-эпостарын ғашықтық жырлар деп классификация жасамағанымен, жанрлық топ, 1870 ж шыққан 3 томдағы халқымыздың елдік мұрасының ұрпаққа жеткізуінде, сондай-ақ қазақтың сөз өнерін зерттеуде бұл автордың есімі алғыспен еске алуға лайықты.

 Оған қарағанда, яғни Радловқа қарағанда сол кісінің алғашқы томдары жарық көру кезеңінде «Едіге жырымен», «Манастың», «Көкетайдың» жырларын хатқа түсірудегі, сондай ақ қазіргі өлеңдерді жанрлық тұрғыдан, қазақ ақындары мен жырауларының жекелеген шығармаларын хатқа түсірудегі Ш.Уәлихановтың бұл тараптағы қызметі бүгінгі таңдағы әдебиет тарихына дейін де қарастырғаны мәлім.

 Тарихи жырларды хатқа түсіру, зерттеу шаруасы бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл ретте С.Сейфулиннің, М.Әуезовтің, Х.Досмахамбетовтің, С.Мұқановтың, Қ.Жұмалиевтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайловтың т.б зерттеу жұмыстарының жанр табиғатын танытып қана қоймай жекелеген тарихиұқ тұлғалардың кім екендіктерін айқындау жолындағы рөлдері қанағаттанған сезімін атап өтуге болады

86. Кітаби ақындар.

  Жас қазақ публицистикасы тілінде де дәстүрлі жазба тіл элементтері орын алды. Төл әдеби үлгілерге қарағанда түркілік жазба дәстүр белгілерін молырақ пайдаланған, әрі 19 ғасырдың соңғы ширегінен бастап баспа жүзінде («кітап етіп») ұсыныла бастаған «қисса» аталған көркем әдебиет жанрының авторлары «кітаби ақындар» деп, бұлардың тілі «кітаби тіл» деп аталып кетті. Қазақ топырағында қызмет еткен кітаби тіл таза шағатай («түркі») тілі емес, сол тілдің, ішінара татар жазба әдеби тілінің (оның өзі шағатайға барып тіреледі) және қазақ тілінің белгілерін араластырып пайдаланған аймақтық (локальдық) құбылыс болды. Сондықтан оны «қоспа тіл», «шұбар тіл» деп танушылар бар (С. Е. Малов, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, С. Аманжолов т. б ). Бірақ орта ғасырлардан келе жатқан түркілік жазба дәстүр қалай аталса да, қазақтың ауызша әдеби тіліне де, ұлттық төл жазба әдеби тіліне де әсерін тигізіп, сөздік құрамын толықтырғанын жоққа шығаруға болмайды.

87. Шығыс қиссаларының зерттелу, басылым жайы.

Шығыстық қисса дастандардың қазақ арасында таралуының тарихи алғышарттары. Отаршыл патша үкіметі әу баста қазақ тілін ислам діні арқылы ұйытып уысында ұстауды көздеп, XVIIIғасырдың аяғында Санкт-Петербургте Құран Кәрімді араб әрпімен басып шығарды. Әкімшілік орталықтарға мешіт-медреселер салына бастады. Орыс миссионерлері қазақтарды Сібірдегі азғана халықтар сияқты шоқындырып, Провесловия дініне енгізуге болады деген бағытта жаңа бір саясат ұстанды. Мысалы, Ш.Уәлиханов «Сахарадағы мұсылманшылық» туралы, «қазақтардағы шамандықтың қалдықтары» туралы, «Тәңірі» атты еңбегінде Сахарадағы дін жайын біршама нақты баяндайды. Мысалы, түркі халықтарының мәдениеті, әдебиеті тұрғысынан өлшеусіз еңбек қалдырған Радлов «Образцы Народной лит. Тюркских племен» еңбегінің 3 томы қазақ әдебиетіне арналды. 3-томның алғы сөзінде: Қазақ даласында сақталған әдебиет үлгілері туралы айтып отырып, шығыстық қисса дастандарға да тоқталады; Зар заман толғауларына қатысты «Бұны шығарған Ертістің сол жағалауындағы мұсылманша тәрбие алатын молдалар» дейді.

89. XIX ғасырдағы қиса-дастандар.

 Негізгі оқиға желілері ежелгі діни кітаптардан алатын қисса дастандардың XIX ғ.қазақ арасындағы жайылу фактілерін зерттеп елеулі еңбек жасаған ғалымдар: Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Жолдасбеков, А.Қыраубайқызы, Н.Келімбетов, Х.Сүйіншіәлиев т.б.

 1957 жылы әдеби мұраға қатысты әдебиет тарихын қай кезеңнен бастау керек деген секілді музыкалық мұраға қарсы қаулы қабылданды.

 Кейінгі кезеңде араб, парсы тілдерін білетін мамандардың әдеби мұралар мен танудағы шығармашылық дастандарын зерттеуде жазыла бастады.

 Қисса – дастандардың зерттелу тарихында олардағы оқиға, образдар жүйесі, шығу төркіні, басылым, таралу жайы және назирагөйлік дәстүр (белгілі бір шығарманы қайта жаңғыртып жинау) зерттейді. Ескерілмеген мәселе XIX ғасырда қазақ арасында кітап болып аударма түрінде таралдыма, ондай болса қай еңбекте қай мәселе қаралды бұл белгісіз. Тағы бір мәселе түрлі саяси ұстанымдар шығ.қиссалардың мазмұн мағынасын тұтастай ашып, мәдени қажеттіліктерін өтеп отыруға ұзақ уақыт бойы тыйым салынды. Осы қисса дастандардың мән маңызы, көркемдік сипаты.

 Қазақ әдебиетіндегі жаңа үлгілердің назирагөйлік дәстүрдің қалыптасып дамуына үлгі болды.  

90. Айтыстың жанрлық ерекшелігі, көркемдік жүйесі.

 Айтыстың бастауы сөз жоқ фольклорлық айтыстарда жатыр. Есте жоқ ерте замандағы қыс пен жаз, өлі мен тірінің айтысы түрінде туып, кейінгіге сақталып жеткен фольклорлық айтысты XIX ғасырдағы ақындар айтысымен біртұтас шығармашылық түрі деп қарауға болмайды.

 Дәстүрлі айтыс XIX ғасырдағы шығыстанушы ғалымдардың назарында болды. Жекелеген жинақтарда баспа жүзін көрді. 1927ж. Қызылордада басылып шыққан, «әдебиет тарихы» оқулығында М.Әуезов айтысты әдебиеттегі үлкен бір сала ретінде қарастырды: әлеуметтік, ру, түре, сүре айтыс ақындарын жасайды.

 А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс жанрының толып жатқан мәселелерін теориялық тұрғыдан саралайды, және XIXғасырдың айтысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Қазіргі айтыс бұрынғыдай емес, қазір бір адамның шығармасына ойысқан және бұл өте қисынды пікір және XIX ғасырда барлық айтыс түрі болмасада бірнеше айтыстың, әсіресе қыз бен жігіт айтысының көптеген бастапқыда жеңіл сөз қағысу түрінде айтылатын сөздің бір ақынның айту желісіне ұласқанын айтуға болады.




1. тема 2х сил равных по величине противоположно направленных и лежащих на одной прямой эквивалентна 0
2. Заповнити ріжуче кільце ґрунтом
3. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Київ ~
4. Философии свободы Заключение
5. Использование ветроэлектростанций в электроэнергетических системах.html
6. Курсовая работа- Митна політика України на сучасному етапі
7. Реферат- Химия (Шпаргалка)
8. Мечты Энни Маурин ЛиМечты Энни Scn OCR SpellCheck- LrisF Мечты Энни - Маурин Ли; пер
9. Овеянные славой гимн и герб
10. Цель- Научиться создавать и редактировать текстовый документ изучить методы автоматизации редактиров