Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бухгалтерлік есеп ж~не ~аржылы~ есептілік туралы за~ына с~йкес есеп саясатын ~алыптастыр~ан кезде есепті

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

     1. Бухгалтерлік есеп қағидалары .

 Бухгалтерлік есеп – кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар арасында тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын.  Бухгалтерлік есеп бірегей қағидалар мен әдістерге негізделеді. Бух есеп қағидалары – кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың ірге тасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, кәсіпорынның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады. ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес есеп саясатын қалыптастырған кезде есептің мынадай қағидаларын сақтау керек:

1.  Есептеу - кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлі кесепте көрсетіледі.

2. Үздіксіздік, яғни объектілер үздіксізәрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

3. Түсініктілік қағидасы - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.

4.  Маңыздылық, пайдаланушылар негізделген басқару шешімін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы тиіс.

5.  Мәнділік, ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

6. Шындық, ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушыларсене алады.

7. Бейтараптық, қаржылық ақпараттәуелсіз болуы тиіс.

8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбауы үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

9. Аяқталғандық, растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.

10. Салыстырмалылық, қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдерңндегі  ақпаратпен салыстырмалы болуы тиіс.

11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңненкелесі есептік кезеңге  дәйекті түрде қолдануы тиіс. Егер біз бір еесп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуы және негізделуі тиіс.

12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдланушылардың қаржы жағдайы мен, қаржылық – шаруашылыққызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсәз және риясыз көзқарастуғызуы тиіс.

  Бұл қағидалар кәсіпорынның есе саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларда сақтамау кәсіпорынның мүліктікжәне қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды.

 

  2. Шоттар туралы түсінік, олардың құрылымы және ашылу тәртібі.

Бухгалтерлік есеп шоттары – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі. Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштері мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалй көрсеткіштерге ауыстырылады.

 Сыртқы түрі бойынша шот 2 бөлітен тұратын кесте бейнелі. Шоттың сол жақ бөлігі – дебет, ал оң жақ  бөлігі – кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән. Шаруашылық операцияларн шоттарда көрсету үшін құжаттық растау керек. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

 Шоттар активтік және пассивтік болады.  Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

  Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған.  Активтік шоттардағы қалдықтар тек дебеттік болады.                                       Активтік шот

               Дебет

Кредит

Операция баснадағы қалдық

Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы кредиті бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (операция басындағы сальдо+дебет бойынша айналым – кредит бойынша айналым)

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні:  шоттың дбет жағы бойынша – операция басындағы және срңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша – қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

 Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.

Пассивтік шот

Дебет

Кредит

Операция баснадағы қалдық

Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шар/қ операциялары

Шар/қ қорларының көздерін арттыратын шар/қ операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы кредиті бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (операция басындағы сальдо + кредит б\ша айналым – дебет б/ша айналым)

Сонымен, пассивтік шот б\ша көрсетілетіні:

  1.  Шоттың кредиттік жағы б/ша операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
  2.  Шоттың дебеттік жағы б/ша қалдықтарды азайтатын шар/қ операциялары.

 3. Басқарушылық шешім қабылдау процесіндегі бухгалтерлік есептің мазмұны.

Бухгалтерлік есеп – басқарушы ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы пйдаланушылардың кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет алуына және кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік тудырады.

Бухгалтерлік есепті оқу, білім алуға және қажетті басқарушы шешім қабылдауға мүмкіндк туғызады. Есептік ақпарат ұйым және одан тыс жағдайда негізгі шешім қабылдаудың негізі. Ол үш функцияны жүзеге асыруда сандық ақпараттармен қамтамасыз еттеді: жоспарлау, бақылау және жоспарлау.

 Жоспарлау – істі жүзеге асыруды қалыптастыру. Олар: мақсат қою, оны жүзеге асыру жолдарын қарасытырып, ішінен дұрысын таңдау. Мұнда бухгалтер қолда бар альтернативтерінің нақты есептілігін білуі қажет. Болашақты жоспарлау үшін болжамды пайда мен ақша қаражаттары қажеттілігі жайлы ақпарат қажет.

 Бақылау – нақтылы орындалған жоспарды айқындау процесі. Басқаша айтқанда, істің қаншалықты жоспарға сай екендігін анытау. Бұл сатыда бухгалтерден нақтылы шығын мен кірісің жоспармен салыстырылған ақпаратын күтеді.

Бағалау – шешім қабылдау жүйесін оны әрі қарай жақсарту мақсатында зерттеу процесі. Бұл сатыда көзделген мақсатқа қол жеткізілді ме әлде жеткізіле алмады ма, осының бәрі зерттелініп, егер мақсатқа қол жетпеген жағдайда оның себептері анықталады: жоспардағы немесе бақылаудағы кемшілік немесе мақсаттың дұрыс  бұрыстығы анықталады. Бағалау ақпараты жылдық қаржылық есептілікте көрсетіледі.

4. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.

Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді. Кәсіпорын балансы, яғни қаржы жағдайы есептіліг негізінде кәсіпорында бар мүліктердің жағдай мен оның құрамындағы өзгерістері мен орналасуы, сонымен қатар, олардың қалыптасу көздері жөнінде ақпараттар алады.  Бұл ақпараттар жалпылама ақшалай өлшем бірлігі негізінде белгілі бір мерзімге көрсетіледі. Сонымен, бухгалтерлік баланс дегеніміз кәсіпорынның  мүлкін ақшалай өлшем бірлігі негізінде  белгілі бір мерзімге екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы б/ша және олардың пайда болу көздері б/ша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады. ҚР Қаржы министрлігінің хатына  сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар  меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан  тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансы жасауы тиіс.

Сыртқы түрі бойынша бух\к баланс кесте болып келеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы б/ша, яғни баланс активі, ал оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қолану көздері б/ша, яғни баланс пассиві көрсетіледі.акти впен пассив жинақтарының арсында теңдік болуы тиіс. Бұл баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын 2 түрлі топтарда көрсетілгендігімен түсіндіріледі.

Активтердегі әрбір мүлік және пассивтердегі оның қорлану көздері баланс баптары деп аталады. Балансты құрған кезде бұл баптар алдымен топтарға топтастырылып,  содан кейін бөлімдерге бөлінеді. Бух/к баланстың  баланс-брутто және баланс-нетто деген үрлері бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттар  талабына сейкес баланс-нетто қолданылады. Баланс-неттоның актив жағы екі бөлімнен тұрады: қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер.  1-бөлімге, яғни қысқа мерзімді активтерге мынадай баптар кіреді:

  1.  тауарлы материалды қорлар, яғни шикізаттар мен материалдар(1310), дайын өнімдер(1320), тауарлар(1330), аяқталмаған өндіріс(1340);
  2.  Ақша қаражаттары: касса(1010), есеп айырысу шотындағы ақша қ/ры(1030), жодағы ақша қар/ры(1020), карт шоттардағы ақша қар/ры(1040);
  3.  Дебиторлық қарыздар: алынуға тиісті шоттар: 1210, 1220, 1230, 1240, 1250, 1260, 1270, 1280, 1290;
  4.  Болашақ мерзім шығындары.

2 – бөлім ұзақ мерзімді активтерге жататындар:

  1.  МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕР: материалды емес активтерге салымдары, патенттер, лицензиялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету, ноу-хау, гудвилл, тауар белгілері, маркалар, ұйыдастыру шығындары;
  2.  Негізгі құралдар: мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер, жер ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көліктер және т.б. алдымен бастапқы құны, содан кейін тозу құны бойынша көрсетіледі;
  3.  Аяқтлмаған күрделі құрылыс;
  4.  Инвестициялар;
  5.  Болашақ мерзім шыындары.

Баланстың пассив жағы, яғни меншік капиталы мен міндеттемелер 3 бөлімнен тұрады: 1- бөлім: Қысқа мерзімді міндеттемелер:

  1.  Мерзімі 1 жылдан аспайтын банк несиелері;
  2.  Кез келген жеке және заңды тұлғаларынан алынған несие;
  3.  Овер-драфт;
  4.  Еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
  5.  Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
  6.  Бюджетпен салық түрлері бойынша есеп айырысу;
  7.  Болашақ мерзім табыстары.

2 – бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

  1.  Мерзімі 1 жылдан асқан банк несиелері;
  2.  Кез келген жеке және заңды тұлғалардан алынған несиелер;
  3.  Мерзімі 1 жылдан асқан кредиторлық берешек;
  4.  Алдағы кезең кірітері.

3 – бөлім. Меншік капиталы.

  1.  Жарғылық капитал;
  2.  Резервтік капитал;
  3.   Төленбеген капитал;
  4.  Эмиссиялық кіріс.

5. Бухгалтерлік есеп концепциялары туралы түсінік.

Бухгалтерлік есеп концепциялары: кәсіпорын қаржы есептілігін жүргізу мақсаты, бух/к есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы, қаржы есептілік элементтері, өлшеу критерийлері мен басқа да принциптер.

Қаржы есептілігінің негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар беру. Қаржы есептілігі инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді.

Тоқсандық, жылдық қаржы есептілігі кәсіпорын жөнінде ақпарат таратудың негізгі көзі. Қаржы есептілігінің элементі дегеніміз – қаржы есептілігінде көрсетілетін баптар тобы. Қаржы есептілігі концепциясы жеті элементті тағайындағы. Олар: активтер, міндеттемелер, меншік немесе акционерлік капитал, кірістер, шығыстар, пайда, зиян. Бірінші үш топ (активтер, міндеттемелер мен меншік немесе акционерлік капитал) баланста көрсетіледі, ал қалған элементтер: кіріс, шығыс, пайда мен зиян кәсіпорын пайда немесе зиян есептілігінде көрсетіледі.

6. Шаруашылық операциялары негізінде баланста болатын типтік өзгерістер.

Кәсіпорында жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді. Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді.

Бірінші типтік операциялар мүлік құрамын өзгертіп, яғни актив аралық өзгеріс болады. Бұл жағдайда  баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады. Мысалы, кәсіпорын кассасына есеп айырысу шотынан чек бойынша 500000 теңге алынды. Бұл шаруашылық операциясы баланстың екі бабына әсерін тигізеді: касса және есеп айырысу шоты. Бұл шаруашылық операциясының жүзеге асырылуы кассадағы ақша қаражаттарының 500000 теңгеге кемігендігін білдіреді. Бірақ баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады.  Дт  1010 +500000

                                                                                              Кт 1030 – 500000

Шаруашылық шығындарына, операция мұқтаждықтарына, іссапарға есеп беруге қолма қол ақша берілді.  Дт  1250       Кт 1040,1050

Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінен түскен ақша    Дт 1010  Кт 1210

Екінші типтік операциялар мүліктің қорлану көздерін өзгертеді, яғни пассив аралық өзгеріс болады. Бұл жағдайда баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады. Мысалы, кәсіпорын жеткізушілермен келіп түскен материалдар үшін 800 мың теңге банктің қысқа мерзімді несисі арқылы есеп айырысты. 3310-Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз; 3010-Қысқа мерзімді банк несиесі. Дт 3310 -800000

                                                                                                               Кт 3010 + 800000

Зейнетақы қорына еңбекақыдан ақша ұсталды          Дт  3350   Кт 3220

Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталды   Дт 3350  Кт 3120

Үшінші типтік операциялар  мүліктерді де олардың қорлану көздерін де өзгертеді. Бұл жағдайда өзгеріс арту жағында болады. Мысалы, бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға спонсорлық көмек ретінде бағасы 250 мың теңге тұратын негізгі құралдар келіп түсті. Бұл шару.опер баланстың екі бабына әсер етеді: негізгі құралдар және өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер. Дт 2411-2419 +

                                                                                                           Кт 6220+

Жеткізушілерден тауар келіп түсті    Дт 1330   Кт3310

Есеп айырысу шотына  қысқа мерзімді банк несиесі келіп түсті Дт 1030 Кт 3010

Төртінші типтік операцияларда бір мезгілде мүлікті де олардың қорлану көздерін де өзгертеді. Бұл жағдайда өзгеріс кему жағында болады. Мысалы, кәсіпорын есеп айырысу шотынан 800 мың геңге банктің қысқа мерзімді несиесі өтелді. Бұл жағдайда: есеп айырысу және қысқа мерзімді банк несиесі. Дт 3010  Кт 1030

Ақша қаражаттары зейнетақы қорына аударылды  Дт 3220  Кт 1030

Жеткізушілге есеп айырысу шотынан қарыз қайтарылды  Дт 3310   Кт 1030

7. Есеп ақпараттары – өндірісті басқарудың негізі. Бухгалтерлік есептің пәні және оның атқаратын қызметі.

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оныңкөмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қолар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

Сонымен, бухгалтерлік есептің пәні болып мүліктер мен олардың қорлану көздерінің байланысы және кәсіпорын шаруашылық процесіндегі оның айналысқа түсуі табылады. Бухгалтерлік есептің объектілерінің құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы  б/ша есеп айырысу, өнім өндіру және сату поцестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

 Бухгалтерлік есептің негізгі ерекшеліктері:

  1.  Қатаң құжаттылығы;
  2.  Уақыт б/ша біртұтас және үзіліссіз жүргізілуі;
  3.  Өзіндік пәні және әдістерінің болуы;
  4.  Кәсіпорынның соңғы қаржы нәтижесін анықтауы;
  5.  Мүліктер мен олардың қорлану көздерін ақшалай өлшем бірлігінде көрсету.

Бухгалтерлік есептің міндеттері:

  1.   Толық әрі шынайы ақпараттар қалыптастыру (шаруашылық процесі және  кәсіпорынның қаржы нәтижесі жайында, оның пайдалары, яғни инвесторлар, кредиторлар, салық және банк органдары, серіктес кәсіпорындар мен сатушылар және сатып алушылардың және т.б. пайдаланушылардың негізделген басқарушылық шешім қабылдауы үшін);
  2.  Кәсіпорын мүліктері мен олардың қорлану көздерінің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген нормалар және сметаларға сәйкес пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;
  3.  Кәсіпорын шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайлы дер кезінде хабардар ету;
  4.  Кәсіпорын ішкі резервтерін ашып, оларды жұмылдыру.




1. The Perfect Tenses the ctive nd the Pssive Voice 2
2. Проблемы развития малого бизнеса в аграрной сфер
3. Проблема формирования среднего класса в современной России
4. НА ТЕМУ- МИР УВЛЕКАТЕЛЬНЫХ ПРОФЕССИЙ Подготовила- воспитатель Лойкова Е
5. вбирающая приемы характерные для постмодернистской эстетики интертекстуальность гротеск ирония
6. а. Разложение римского рабовладельческого строя и новый общественный строй Рабство было необходимым этапо
7. деструктивную роль и причины традиционного характера специфичные для каждой страны но исторически ока.html
8. социалистического лагеря Поддержка союзных государств Восточной Европы Азии а затем и Кубы оставалась
9. 1Важнейшей особенностью фразеологизмов является их воспроизводимость- они не создаются в процессе речи как
10. Глубина резкости варьируется в зависимости от типа камеры величины апертуры диафрагмы и дистанции фокусир
11. . Судебная реформа 1864 года и становление института мирового судьи В Российской Империи первые М.
12. варіанту англійської мови Діалекти Австралії Лексикосемантичні особливості австралійської англі
13. тема управления базами данных СУБД
14. Лабораторна робота 8 ВИПРОБУВАННЯ ТА РЕГУЛЮВАННЯ ПАЛИВНИХ НАСОСІВ ВИСОКОГО ТИСКУ ДИЗЕЛІВ11Д45 ТА 14Д40
15. Тема1 Концепция инновационного менеджмента [2
16. Усыновление- порядок и правовые последствия
17. .Освіта в СРСР в 2030рр.
18. Типы и классификации религий.html
19. Статья 11 Конституции предоставляет право осуществления государственной власти Президенту Российской Федер
20. Голден Кафе ул