Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
1.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының пәнi.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген
территориясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының кезеңдерi.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдерге бөлуге болады.
1.Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi.
2.Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң өркендеу кезеңi.
3.Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң жойылуы мен дағдарысқа ұшырау кезеңi.
4.Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында конституциялық даму кезеңi.
5.Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңi.
Әрбiр дәуiр бiрнеше кезеңге бөлiнiп, олар өзара iшкi логикалар арқылы үндесе жалғасып жатады.
I-ші дәуiр өндiретiн шаруашылық түрi пайда болып, қоғам ә/тiк жiкке бөлiнедi. Бұл процесс Қаз/да б.э.д.III мыңжылдықта басталған.Ол уақытта билiктiң жариялылық түрi қалыптасып, мемлекеттiк құқықтық жүйенiң тағы басқа элементтерi құқықтық нысанда пайда бола бастаған едi.Б.э.д.IХ-VIII ғ. аралығында Қаз/н территориясында көшпелi мал шару/ағы мен өндiргiш күштердiң дамуына бай/ы,ондағы мем/т пен құқ/ң даму процесi де жаңа кезеңге көшедi.Ол алғашқы мем/тiң негiзi болып саналады.Бұл процесс б.э.д.III ғ.дейiн созылды.Содан кейiн Қазақстанды жайлаған көшпендiлер тыныс-тiршiлiгiнде мемлекеттiлiк қалыптасып, оның мемлекеттiк-құқықтық жүйесi жаңа өркендеу кезеңiн бастайды.Ол төрт кезеңге бөлiнедi. Алғашқы үшеуi еуразиялық ғұн, түрiк, Моңғол-қыпшақ империясы тарихының дамып құлдырауы мен күйреуi кезеңiн анықтайды.Бiрiншi көшпелi ғұн империясы кезеңi б.э.д.III ғ-дан бастап Vғ. аралығындағы уақытты қамтиды. Екiншi кезең VIғ. бастап көшпелi түрiк империясының Түрiк-ашин iрi мемлекетiн құрайды да,оның құлдырауына дейiнгi аралықты айқындайды.Содан кейiн қарлұқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерi құрылып, олар өздерiнiң тыныс-тiршiлiгiнде түркi дәстүрiн сақтайды. Үшiншi кезең болса ХIIIғ. бастап Моңғол-қыпшақ көшпелi империясы деп аталады. Оның негiзi моңғол империясының Шыңғыс хан жасаған “Ұлы ясасы”. Аталған мемлекеттiк-құқықтық жүйе Еуразия даласында ХVI ғасырдың аяғына дейiн билiк құрды. Моңғол империясы тарихы әдеттегiдей өркендеу, құлдырау және күйреу кезеңiнен тұрады. Ол кейiн Сiбiр, Маңғыт және Қазақ мемлекеттiлiгiн өмiрге келтiрдi. Ал соңғы төртiншi кезең ХV ғасырдан бастап ХVIII ғасыр басы аралығындағы тұтас қазақ хандығын өмiрге әкелдi.
3.Әскери демократияның түсiнiгi.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірін әскери демократия кезеңі деп атайды. Бұл ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлкеттің пайда болуы арасынағы көпір іспеттес кезең. Әскери демократияға мынадай ерекшеліктер тән. Рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстар үнемі болып тұрды. Осындай жағдайда қоғам өмірі әскери соғыстық сипат алады. Рулық қоғамдағы жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш қуаты мол жас әскери көсемдердің рөлі артады. Әскери көсемдер әлі де рулардың жалпы жиналысында тәуелді болды. Жалпы жиналыс әскери көсемдерді сайлап қойды, қаласа алап тастады. Әскери көсемдердің жеке билік құруға бейім екендігін сезген рулық демократия оларды тежей отырып, соғыс жағдайында оларға төзуге мәжбүр болды. Әскери көсемдер бірітіндеп рулық демократияны талқандап жеке билігін орната бастады.
4.Үйсiн, қаңлы және ғұндардың әскери-демократиялық одағы
Ғұн қоғамы әскерленген қоғам болды. Ғұннеің әрбір ер азаматы бала кезінен өлгенше әскери міндетті болып,белгілі бір әскери бөлімде есепте тұрды. Ғұндардың орасан мол әскері болды. Өздері жаулап алған жерлердің бәрінде 24 тайпадан тұратын ғұндар артықшылықпен пайдаланды. Бұл таза ғұндар әскердің негізін құрды. Осы 24 ғүн тайпасының әрқайсында ең кемі он мың адамнан тұратын әскері болды. Он мың іскердің басшысын түменбасы деп атады. Түменбасылар өз кезегінде өзіне бағынышты әскер ішінен мыңбасы, жүзбасы.онбасы сияқты әскербасыларын тағайындады және оларға басқаруға белгілң бңр территориямен халықты берді. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әскери әкімшілік бөлікке бөлінді. Сол қанат қолбасшысы және оң қанат қолбасшысы деп аталатын екі қолбасшы болды. Күнбидің өзі басқолбасшысы болған соң, әскердегі онан кейінгі билік сол қанат қолбасшыда болды. Ол Күнби жоқта бүкіл әскерге басшылық етті.Б.з.д. II-I ғасыр аралықтарында Қаңлылар алып мемлекетке айналып, ол туралы “Сұй патшалығының тарихы. Батыс өңiр шежiресi. Қаңлы тарауында”; Қаңлы елiнiң 120 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскерi барын жазады.
5.Батыс-түрiк қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы.
Батыс түрiк мемлекетiнiң бiрiншi басшысы-қаған, жоғарғы билеушi, билеп-төстеушi, әскер басы болды. Ол бүкiл қағанатты биледi. Сонымен бiрге оның билiгiне Шығыс қағанат та кiретiн. Ал оның Батыс бөлiгi жалпы қағанға бағынатын Ябгу-қаған дәрежесiндегi басшының билiгiнде болды. Батыс қағанатында удельдердi басқаратын еркiндер мен шоралар басшылығы болды. Кейiн әрбiр әскери әкiмшiлiк бiрлестiгiне ябғу қағанның өкiлдерi болып келетiн шадтар сайланды. Жергiлiктi жерлердегi ақсүйектер сословиесiнiң басты тiрегi болған тайпа бастықтары бектер деп аталды. Түрiктерге бағынышты Орта Азия княздiктерiнде бұрынғы билеушiлер өз орнын сақтап, олардың басым көпшiлiгi қағанға бағынатын қаңлы династиясынан болды. VIII ғасырда әрбiр князьдiкке қаған наместнигi тұдындар сайланды. 603 жылы Батыс қағанаты өзiнше жеке мемлекет болып, кейiн Батыс-Түрiк қағанаты атымен белгiлi болды. Оны ашин руынан шыққан қаған биледi. Қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық деп аталды. Қалған шенеунiктер санаттық қағанатының басқару құрылымын қайталады. Ол 704756 жылдар аралығында Түргеш қағанаты аталса да, сол басқару жүйесi сақталып қалды. Ал, түргеш қағанаты ашин династиясын алмастырған болатын.
6.Түрiк қағанатының құқығы .
Көшпелi түркi қағанатының ел басқару құрылымы үштiк жүйеге негiзделген. Олар қағанатты тардуш (оң қанат), төлес (сол қанат) және iчрекi (орталық) деп үшке бөлген. Түрiк қағанатының негiзгi құқықтық көзi-әдет-ғұрып болған.Қылмыстық әдет-ғұрып құқығының кодификацияланғаны туралы дерекер бар. Көптеген тайпаларда «Храмдарда түрік ережелері бар. Жаза қолданғанда сол ережелерді алады және істі шешеді» . Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әртүрі қолданылды. Сатқындық, әскери тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны және т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлаған үшін онын құны он есе артығымен төленді. Біреудің көзін шығарып қойған адам оған қызын беруі қахет болды немесе жылқы төледі. Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық жүргізілді. Түрік қағанатары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өиір сүрді. Оның мемлекеттік апаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті.
7.Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық саяси құрылысы
Қарахан мемлекетiнiң басқару жүйесiнде мемлекет басшысы қаған болып есептелді. Одан кейiнгi мемлекеттiк аппараттағы билiк басқышы жеке удельдiктердi билеушiлері болды. Келесi басқыштардағы билiк билiк жүргiзушi династиялардың өкiлдерiнiң қолында болды. Олар хақанның басты кеңесшiсi және удельдiк хандар мен жоғарғы билiктегiлердiң арасын байланыстырушы ұлұг-хаджиб, әскери басшы - сипахсалар, мұсылмандардың рухани басшысы халиф, бас төрешi қазы жоғарғы шенеунiктер жабғу, капуг басшы, торғұл, чигир, инанчбек, сагун, йиркан, йига болды Келесi мемлекеттiк аппарат басшылықтарында югуруштер, туркисиндер, хаджибдер, ялввочтер, қазы-әскерлер болса, бесiншi категориядағы шенеунiктер қатарына сюбашы, пардачи-башы, битукчи, қазынашы, казибек және мухтасибтер болды. Жалпы, барлық шенеунiктердiң тұтастай атын тапұқшы дейтiн. Қарахан мемлекетiнiң аппаратында кеңселiк (канцелярия) жүйе диван болып, ол әртүрлi мемлекеттiк жүйелер салаларымен байланысты едi. Барлығы 10 диван болған. Жергiлiктi билiк далалық аудандардағы елшi басшы, яғни ел басы, тағы сондай ел басшылары көшпелi қауымдастықтардың әскери-потестардағы билеушiлер болды. Мемлекет бiрнеше iрi және шағын удельдерге бөлiнiп, оны билеушi династия өкiлдерi басқарды. Қазақстандағы құқықтың даму барысында Х ғасыр ерекше бiр кезең болып саналады. Исламды қабылдаған Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерiнде жаңа құқықтық жүйе мұсылмандық немесе шариғат қалыптасады. Шариғат заңдық нормалардың жиынтығы, әрi iс-әрекет ережесi мен қағидалары болып саналады. Құқықтың негiзгi көзi Құран мен Сунна. Шариғат бойынша құқықтың төрт түрi болды.
8.Қарахан мемлекетiндегi "Ихта" институты мен "Комендация" институтының түсiнiгi.
Қарахан мемлекетiнiң салық жүйесiндегi ерекшелiгi ол Ихта институты болды. Жеке тұлғаларға мемлекет беретiн салық жинау құқы солай аталды. Оларды кейде ихтадерлер немесе мүхта дейтiн. Бұл жерде ихтадарлықтарға салық мөлшерiн көтеруге рұқсат берiлмейтiн немесе Ихтал тұрғындарына қысым жасамайтын. Мұндай жағдайлар билеушi династиялар, шенеунiктерге, әскер басшыларына жасалды. Ихтаның кең тараған формасы ихтат-и-хашам - әскери ихта, яғни ихтадерлерге әскери қызмет кезiнде жасалатын жағдай едi. Қарақытайлықтар Ихта институтын қысқартып, салық жүйесiн күшейттi. Сөйтiп, Жетiсу өңiрiнiң тұрғындары жаңа салық үй басына бiр динардан төлейтiн болды. Салық жинаумен мен Гурханның наместниктерi айналысты. ХII ғасырдың ортасында салық саясаты күрделенiп, қарақытайлар өздерiне қарайтын тұрғындарды қатты қыспаққа алып, көшпелi қауымдар отырықшылыққа күштеп көшiрiлдi. Ол жер салығы “харадж” салығын арттырды. Бұл саясат жергiлiктi тұрғындардың ашу-ызасын келтiрiп, қарақытайлар мемлекетiнiң әлсiреп, ақыры оның күйреуiне әкеп соқты.
9.Шыңғысханның ұлы жаса заңы.
Шыңғыс ханның кезiнде Яса немесе Жасақ заңы қабылданып, ол қоғамдағы жаңа саяси- әлеуметтiк қатынастарға сәйкес келдi. Ұлы Қағаннан кейiн Жасақты мұрагер ретiнде қабылдап және сақтаған оның ұлы Шағатай едi. Сонымен бiрге, империяда жоғарғы сот-төрешi қызметi Яргу, джаргулугсан және судьялар джаргучилар болды. Соттар яргу мен қадилер үстем тап, ауқатты адамдардың мүдделерiн қорғап, солардың жыртысын жыртты. Сот iсi жөнiнде арнайы диуан-яргу де болған.Шыңғыс ханның Ясасы екi бөлiмнен тұрды. Бiрiншi бөлiмi, билiк Шыңғыс хан айтқандарының басын бiрiктiрген жинақ болуымен бiрге моральдық-нормативтiк түрдегi мемлекеттiк құқықтың негiзгi нормалары болып есептелiндi. Екiншi бөлiмi, Жасақ атанып, ол қылмыстық құқық нормаларын жинақтап, дiни тыиымдарды бiрiктiрдi. Жасақтың басты нормалары қатарында әскери ұйымдар мен тәртiптердi және соғыстан түскен түсiмдердi бөлетiн заңдылықтар болды.
10.Шыңғысхан жасасы бойынша қылмыс пен жаза жүйесi .
«Жасақ» ұрлыққа, өтірікке, көзге шөп салуға тыйым салып, өзгені өзіңдей жақсы көр деп талап қойды. Өз еркімен берілген елдер мен қалаларды қиратуға рұқсат етілмейді. Ола алым салықтан босатылады. Өтірік куә болғаны, сатқыедығы, ұрлық жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылады. Шыңғыс хан заңдарында арақ шарап ішудің зияндығы ерекше атап көрсетіліп, ол үшін жазаның түрлері де қарастырылған. Зайыбының көзіне шөп салушы ешнәрсеге қарамай, ол үйленген болсын не үйленбесін өлімге кесіледі.
11.Ноғай Ордасының саяси құрылысы .
Ақ Орда ыдырағаннан кейiн ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстанның батысында Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасында, яғни маңғыт ұлысында ұзақ уақыт моңғолдардың әдеттегi құқық нормалары сақталды. Маңғыт ұлысында өзiнiң iшкi сот жүйесi болды. Яғни, билер соты немесе ру соты. Олардың үстiнен ұлыс билерi мырзалар соты қарайтын. Би-мемлекет басшысы болып есептелдi, ол Едiге әулетiнен шықты. Бидi Үлкен Кеңес Құрылтай сайлады. Үлкен Кеңеске әскер басылар, рудың таңдаулы адамдары, бастысы Едiге әулетiнiң мырзалары кiрдi. Би болса өзiне көмекшi орган Кiшi кеңестi сайлады. Бидiң жанында қара дуан деп аталатын басқару органы болып, ол шенеунiктiк аппарат ретiнде саналды. Сонымен бiрге аталған орган соттың рөлiн атқарды. Ноғай Ордасы Қазан және Астрахан хандықтарын Ресей басып алғаннан соң, ХҮI ғасырдың ортасында бiрнеше бөлiктерге бөлiнiп, оның Қазақстан территориясында тұратын iрiлi-ұсақты тайпалары Кiшi жүздiң құрамына кiрдi.
12.Қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуы.
ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттiк құрылым - Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының пайда болуына бiрден-бiр себеп болған жағдайларды тұтас саяси-экономикалық және этникалық iс-әрекеттерден деп бағалау керек. Оның саяси себептерiнiң бiрi Ұлы ұлыстың империялық дәстүрi негiзiнде қалыптасқан саяси-құқықтық жүйенiң қоғам өмiрiнде жүйелi түрде дами алмауы болды. Сонымен бiрге Сырдария өзенiнiң бойындағы қалалардың маңызы артып, Жiбек жолы бойындағы халықаралық сауда-саттық дамуы сауда егiншiлiкпен айналысатын Повольжьеден мал-жер шаруашылығымен айналысатын Қазақстанға көшедi. Сөйтiп, жаңа мемлекеттiң қалыптасу кезеңi басталды. Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпал еткен жағдай, ол этникалық процестiң жан-жақты жүруi болды. қазақ хандығының құрылуына байланысты төмендегiнi айтуға болады:1.Керей, Жәнiбек сұлтандардың Шу өзенi аймағына көшiп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын жариялауы болса, немесе сол Керей, Жәнiбек сұлтандардың 1469-1470 жылдары Сарыарқа және Сырдария аймақтарындағы территорияларда өздерiн екiншi рет хан сайлаулары. Тарихи жазбаларға қарағанда мұның екiншiсi Қазақ хандығының құрылғанына бiрден-бiр себепкер болған секiлдi. 2.Қазақ хандығы ХҮ-ХҮI ғасырларда Ұлы ұлыстың бiр ұлысының негiзiнде пайда болып, оның көшпендi ұрпақтарынан өрген және оның мұрагерi ретiнде дамығандығы едi. Ұлыстың территориясы ХҮI-ХҮII ғасырдың басында Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасында бөлiнiп алынды.3.ХҮ-ХҮI ғасырлардағы Қазақ хандығы ХIII-ХIҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс қыпшақтарының тiкелей мұрагерлерi ретiнде өздерiнiң этникалық, мәдени, антропологиялық жағынан еш өзгермеген едi. 4.ХҮ-ХҮIII ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ұйымдасуы Моңғол империясы мен Ұлы ұлыстың мемлекеттiлiктерiнiң моделi ретiнде дамуына негiзгi база болып саналды
13.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Негiзгi таптары мен әлеуметтiк топтары.
14.Қазақ хандығының саяси құрылысы.
Қазақ хандығының жоғарғы заң шығарушы билiгi мәслихат немесе құрылтай сұлтандар мен қауымдастық өкiлдерiнiң съезi болды. Мәслихатқа қатысуға ересек және еркiн ер азаматтардың құқы бар едi. Олар мәслихаттың толық мүшесi болу үшiн өздерiнiң қару-жарақтары болуы керек болатын. Съезд жұмысына халықтың көп бөлiгi жиналатын, сондықтан да кейбiр жазбаларда мәслихатты халық жиналысы деп атайды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Хан мәслихат кезiнде Шыңғыс хан ұрпақтарынан сайланып, ол хандық қызметiн өле-өлгенше атқарды.Сайланған ханды жоғарғы билеушi деп атап, оны ақ киiзбен үш рет көкке көтеретiн. Ханның құзырына төмендегiлер кiретiн: 1.Мемлекеттi сыртқы жаулардан қорғайтын қарулы күзеттi ұйымдастыру.2.Мемлекеттiң сыртқы саяси бағыт-бағдарын анықтау.3.Жоғарғы сот билiгi қызметiн атқару. 4.Қоғамдық құрылысты және түзелген тәртiптi қорғау. Ханның қолында әскери және азаматтық билiк шоғырланды. Хан әскерлердiң бас қолбасшысы болып есептелдi. Мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бiтiм мәселелерiн шештi. Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билердi белгiледi. Хан жоғарғы билiктiң сот-төрешiсi болып саналды. Оның құзырына өзiне дейiнгi билер шешiмiне апелляция жасау, әр түрлi ұлыстардың арасындағы дау-дамайларға төрелiк айту кiрдi. Сот iстерiн шешкен кезде хан әдеттегi заң нормаларын басшылыққа алды. Ханнан кейiнгi жоғарғы мемлекеттiк билiк сұлтандардың қолында болды. Сұлтан деген атақ тек Шыңғыс ханның ұрпақтарына берiлдi. Сұлтандар болашақта хан сайлануға құқылы болды.Сұлтандар ханның тапсырмасымен жергiлiктi әкiмшiлiк билiктi жүзеге асырды. Ол ханға тiкелей бағынып, өз иелiгiнде соттық, азаматтық және әскери билiк жүргiзе алды.Билер кеңесi хан бұйрығыменен жиналып, ең күрделi саяси және заңды мәселелердi кеңестiк құзырда шештi. ХҮ-ХҮI ғасырларда бұл органның рөлi оншалықты болған жоқ. Оның құрамына беделдi билер мен қауымдастықтардың өкiлдерi кiрдi. Ол билердiң бiрi хан кеңесшiсi болды. Жалпы, сот құрметтi де жасы келген бiр биден тұрып, ол өзiнiң айналасына алтыға дейiн тұратын билер тобын құрайтын. Хан жанындағы iс-қағаздарды жүргiзетiн кеңсе қызметкерлерi дуан деп аталды.
15.Хандар мен сұлтандардың қолындағы мемлекеттiк билiк.
Хан билiгiнiң күшi ондағы удельдiк басқару жүйесiнiң қаншалықты мықты да қалыпты болуына байланысты болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Хан мәслихат кезiнде Шыңғыс хан ұрпақтарынан сайланып, ол хандық қызметiн өле-өлгенше атқарды. Тiптi кейде хандар алмастырылып, олар қуғынға түсiп тұратын да кезеңдер болды. Хан сайлауы өткiр саяси талас-тартыспен өтетiн. Кей кезде қарулы қақтығыстар да болып тұратын. Кей кездерi мәслихат екiге жарылып екi не одан да көп хандар пайда болатын. Сондықтан да сайланған ханды жоғарғы билеушi деп атап, оны ақ киiзбен үш рет көкке көтеретiн. Ханның құзырына төмендегiлер кiретiн:1.Мемлекеттi сыртқы жаулардан қорғайтын қарулы күзеттi ұйымдастыру.2.Мемлекеттiң сыртқы саяси бағыт-бағдарын анықтау.3.Жоғарғы сот билiгi қызметiн атқару. 4.Қоғамдық құрылысты және түзелген тәртiптi қорғау.Ханның қолында әскери және азаматтық билiк шоғырланды. Хан әскерлердiң бас қолбасшысы болып есептелдi. Мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бiтiм мәселелерiн шештi. Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билердi белгiледi. Хан жоғарғы билiктiң сот-төрешiсi болып саналды. Оның құзырына өзiне дейiнгi билер шешiмiне апелляция жасау, әр түрлi ұлыстардың арасындағы дау-дамайларға төрелiк айту кiрдi. Сот iстерiн шешкен кезде хан әдеттегi заң нормаларын басшылыққа алды. Пайдаланудағы тәртiптер мен қоғамдық жағдайларды қалыптастыру және оны нығайту үшiн хан өзi бұйрықтар шығарып, тапсырмалар бере алатын. Ол сонымен бiрге салықтардың түрi мен көлемiн белгiлеп, хандықтың әкiмшiлiк құрылымдарын қалыптастырды және олардың басшыларын тағайындады. Ханнан кейiнгi жоғарғы мемлекеттiк билiк сұлтандардың қолында болды. Сұлтан деген атақ тек Шыңғыс ханның ұрпақтарына берiлдi. Сұлтандар болашақта хан сайлануға құқылы болды.Сұлтандар ханның тапсырмасымен жергiлiктi әкiмшiлiк билiктi жүзеге асырды. Ол ханға тiкелей бағынып, өз иелiгiнде соттық, азаматтық және әскери билiк жүргiзе алды.
16.Билердiң,батырлардың ж/е ақсақалдар/ң қолындағы билiк ж/е олардың құқықтық мәртебелерi
Билер кеңесі хан бұйрығымен жиналып, ең күрделі саяси және заңды мәселелерді кеңестік құзырда шешті. Оның құрамына беделді билер мен қауымдастықтардың өкілдері кірді. Жалпы, сот құрметті де жасы келген бір биден тұрып, ол өзінің айналасына алтыға дейін тұратын билер тобын құрайтын. Онда биге төраға ретінде ерекше билік берілетін. Би мен сот төрешісі дау мәселесін шешу барысында ешқандай да қаржы не төлем алмайды, ондай болған жағдайда олардың қай-қайсысы болмасын биліктен босатылған. Істің ақ-қарасын анықтау үшін биге жан-жақты құқық беріледі. Бидің мұндай қызметі қазақ хандығының құрылуы кезеңінен бастап, оның Ресей отарлауына түскен кезеңге дейінгі аралықта өз күшін жоғалтқан жоқ.
17.Билер кеңесi .
Билер кеңесi хан бұйрығыменен жиналып, ең күрделi саяси және заңды мәселелердi кеңестiк құзырда шештi.Оның құрамына беделдi билер мен қауымдастықтардың өкiлдерi кiрдi.Ол билердiң бiрi хан кеңесшiсi болды. Жалпы, сот құрметтi де жасы келген бiр биден тұрып, ол өзiнiң айналасына алтыға дейiн тұратын билер тобын құрайтын.Онда биге төраға ретiнде ерекше билiк берiлетiн.Егер соттардың бiрiне арызданушы немесе жауап берушiлердiң бiреуiнiң күдiгi болатын болса, ол билiктен босатылады.Биге түсетiн күдiктiң ең бастыларының бiрi оның екi жақтың бiрiнен пара алып қою немесе сол екi жақтың бiреуiнiң туысқаны болып шығуы себеп болады.Би мен сот төрешiсi дау мәселесiн шешу барысында ешқандай да қаржы не төлем
алмайды, ондай болған жағдайда олардың қай-қайсысы болмасын билiктен босатылады. Ал егер бидiң алдында айыпталушы не айыптаушы айқайлап жаман сөздер айтатын болса, онда олардың қай-қайсысын болмасын қамшымен дүре соқтырып, ол жат-жұрттық болса, қуып жiбередi. Iстiң ақ-қарасын анықтау үшiн биге жан-жақты құқық берiледi. Оның барлық айырмашылығы биге халық тарапынан берiлетiн бағамен анықталып отырған.
Соғыс жағдайында халықты Отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты. Батыр атағы жауға қарсы ерен ерлік көрсетіп, елге еңбегі сіңген үлкен жүректі адамдарға берілетін. Олардың ерлігін халық мойындап БАТЫР деп құрмет тұтатын.
18.ХУI-ХУIII ғ.ғ. қазақ әдет-ғұрып құқығы түсiнiгi. Қайнар көздерi. Жалпы сипаттамасы .
19.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы демократиялық пен iзгiлiк.
Қазақстан территориясындағы жүздеген жылдар аралығында пайдаланған өзiндiк заңы, әдеттегi құқық-рәсiмдер мен салт-дәстүр заңдылықтары болды. Олар мемлекеттiк билiк арқылы бұзылмайтын негiзде қаланып, қоғамдық қатынастарды қалыптастырды. Қазақтың әдеттегi құқы әдет немесе заң терминiмен белгiлендi. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әдет немесе заң көшпелi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және саяси-қоғамдық өмiрлерiнде негiзгi тыныс-тiршiлiгiмен байланысты дамыды
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығы төмендегiдей негiзден тұрады. Бiрiншi, әдет, заң; екiншi, би билiгi; үшiншi, билер cъезiнiң ережесi. Қазақтар өздерiн мұсылманмын деп санағанмен де олардың құқықтық жүйесiнде шариат үлкен рөл атқармады. Ал, әдет-ғұрып, рәсiм құқығы адамдар арасындағы қарым-қатынас ретiнде ежелден тұтас қалыптастырылған iс-әрекетке жатты. Бұл қалыптасқан дәстүр ретiнде көшпендiлердiң экономикалық тыныс-тiршiлiгiнiң негiзiн қалайтын жағдайлармен тығыз байланысты болды. Мемлекеттiк билiк бекiткен рәсiмдер мен салт-дәстүрлер құқықтық әдетке айналды. Сонымен бiрге жоғарыдағы әдет немесе заң сөздерiмен бiрге жора, жарғы, жол терминдерi де қалыптасты. Мiне, әдеттегi құқық заңдылықтарын қазақ хандары өз кездерiнде бекiтiп дамытқысы келдi. Ол ХVI ғасырда Қасым хан билiгi кезiнде бастау алды. “Қасым ханның қасқа жолы” салт-дәстүр негiзiне айналған алғашқы Кодекс болып қалыптасты. Бiрақ ол бiзге жазба түрде жетпесе де, оның кейбiр заңды актi ретiнде қабылданатын бес бөлiмi болған.
20.Тәуке ханның "Жетi жарғысы" және оның реформаторлық қызметi.
Тәуке ханның (1680-1718 ж.)тұсында мемлекеттiк аппараттың құрамында үлкен өзгерiстер болып, ол белгiлi заң-құқық жүйелерi арқылы қазақ мемлекеттiлiгiн қалыптастыра бастады.Тәуке хан алғаш рет қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастырды.Ол билiк құрған кезеңде мемлекеттi нығайтып,белгiлi тәртiп орнату үшiн тиiмдi, халық мүддесiне сай,ал орындалуы, арнаулы тетiктермен қамтамасыз етiлетiн заң жүйесi керек едi.Соның негiзiнде қазақ қоғамының “ұлттық Хартиясы” дүниеге келдi. Ол “Жетi Жарғы” деп аталды.Жарғы 7 бөлiмнен тұратын. 1- Жер дауы; онда меншiк құқығы мен нормалары реттелiп жайлаулар мен су қорларын пайдалану бiр жүйеге салынып отырды.2- жесiр дауы; онда жесiрлер мен жетiм қалғандардың жеке бастарының құқы және олардың мүлiктерiне иелiк реттелiп отыруымен бiрге ағайындармен қарым-қатынастары қалыпты жүйеге түсiрiлдi.3- отбасы-неке құқығының нормалары. 4- сот процесiн жүйеге түсiрушi нормалар.5- мемлекеттi басқару және әскери iстерге байланысты құқық нормалары. 6-айып төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. 7-құн төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. “Жетi жарғы” бойынша кiм сұлтанды немесе қожаны өлтiрсе, оның ағайындары өлген адамның туысқандарына жетi адам үшiн құн төлеген. Егер әйелi күйеуiн өлтiрсе, онда оған өлiм жазасы кесiлiп, оны ешбiр құнмен құтқара алмайтын болған. Ал, өзiне-өзi қол салғандар болса, олар басқа өлгендермен бiрге жерленбеген.
21.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы неке және отбасы құқығының негiзгi институттары.
Қазақтың сан ғасырлар, ежелгi дәуiрден күнi бүгiнге дейiнгi аралықта дамып, заманына қарай дәстүрлi түрде жалғасып келе жатқан бiрден - бiр әдет-ғұрыпының негiзi отбасылық заңы.Отбасының басшысы еркегi болса, әйелi үйдегi меншiктерге ерiмен бiрдей иелiк жүргiздi. Егер әйел жесiр қалса, күйеуiнiң ағайындарымен бiрге тұрып, балалары ер жеткенше отбасы иелiгiнiң құқығын алды. Қазақтың әдеттегi құқығы балаларға келгенде төмендегiдей болды. Олар отбасын құрып, әкесiнен өз еншiсiн алуға құқылы едi. Мүлiк бөлiсу оның әкесiнiң жағдайына байланысты болды. Ал, кенже баласы болса әкесiнiң отбасына қарау құқығына ие болатын.
Қыздарының құқығы ұлдардың құқығымен салыстырғанда аясы тар едi.. Күйеуге шықпаған қыздары ұлдарына тиесiлiнiң жартысына ие бола алатын.Қазақтар жағдайына қарай екi әйел алуға құқылы болды. Олардың 1 бәйбiше, 2 тоқал дедi. Жетi атаға дейiн ағайын адамдардың бiр-бiрiнен қыз алуына тыйым салды. Қазақтың неке және отбасы құқығының бiр-бiрiмен байланыстылығы бiрiншiден, қалың мал; екiншiден, бел құда; үшiншiден, бесiк құда; төртiншiден, қарсы құда арқылы байқалып, одан кейiн қыз алып қашу, әмеңгерлiк, мұрагерлiк жолдарымен анықталып отырды. Оның тағы бiр жолы тамырлық болды. Ол екi адамның келiсуi арқылы жүргiзiлдi.Ал әмеңгерлiкке келсек, егер әйелдiң күйеуi қайтыс болса, оны күйеуiнiң ағасына, не iнiсiне қосатын.Ал, қалың мал беру құда түсушiлермен арадағы келiсiмдер арқылы жүргiзiлдi.Құда түсу салт-дәстүрi әйелдердiң жасына байланысты белгiлi бiр нормамен көрсетiлмейтiн.Құда түсу ата-аналар арқылы жүргiзiлiп, ол бұзылған жағайда “өлтiруге” дейiнгi аралықтағы жаза қолданылды. Некеге тұру немесе құда түсу салты қыздың басына қалың төлегеннен кейiн жүргiзiлдi. Ал құда түскен жағындағы еркек қайтыс болған жағдайда,
ол заңды түрде құда түсушiнiң ағасына немесе басқа бiр туысқанына алмастырыла алынатын. Егер қалың мал қайтарылған жағдайда келiсiм-шарт бұзылатын.
22.Әдет-ғұрып құқығындағы мiндеттемелiк құқтың ерекшелiктерi .
Қазақ қоғамында келісім шарттар ауызша жүргізілді. Келісім шарт жасау уәде беру, ант беру, куәлардың алдында келісім жасау және т.б жолдар арқылы жасалды. Малды қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ала алады. Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылады. Адат бойынша қарыз егесі міндетін өтей алмаған жағдайда оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруға тиіс болды. Келісім шарттың ерекше түрі- айырбас. Айырбас заттарды қолма қол ауыстырғанда жасалады. Ендiгi бiр меншiк қатынасының түрi сауын. Ол уақытша берiледi. Несиеге берушi өзi берген малды кез келген уақытта алып, қайтара алатын болды. Сонымен бiрге аманат мал, жылу, асар секiлдi әдет-ғұрып құқығына негiзделген қарым-қатынастар болды. Олардың ең кең тараған түрлерi айырбас едi. Айырбас арнаулы келiсiмдер арқылы жүргiзiлдi. Ол әрбiр азаматтың өз еркi болғандықтан да азаматтық құқық сипатына жатты. Мұның арасындағы қарыз алып-қарыз беру шарттары да негiзгi куәлар арқылы жүргiзiлiп, оның мерзiмi тиянақты түрде көрсетiлдi. Қарыз алушы адам қайтыс бола қалған жағдайда, оны қарыз алушының баласы немесе оның бала-шағасы немесе ең жақын туған-туыстары қайтаратын. Бұл жерде ерекше рөл атқаратын жағдай рулық өзара көмек және ешқандайда құжат емес сөзге тоқтау, сөзге сену яғни, сенiм институтының қазақ әдет-ғұрпында жан-жақты жақсы дамуы болды. Мысалы, бiреу үй сала қалған жағдайда немесе басқа да қиын-қыстау кезеңдерде руластары не көршi - қолаңдары “асарға” жиналатын.
23.Әмеңгерлiк.
Адатта ерекше әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға інілеріне берілді. Әмеңгерлік жолымен ерге шыққан әйелдер көбіне жаңа күйеуінің некінші не үшінші әйелі болатын.Кей жағдайларда жесір әйелдің өзінен жасы кіші әмеңгерге шығуы да кездесті.Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім берді. Әйел құқығының ең бiр ерекше тұсы әмеңгерлiк институтынан байқалды. Егер әйелдiң күйеуi қайтыс болса, ол жесiр ретiнде қайтыс болған күйеуiнiң ағасына, не iнiсiне тиедi. Қайтыс болған адамның дүние мүлкi әмеңгерге көшедi. Әмеңгерлiк сондай-ақ қайтыс болғанның туған ағасы болмаса ағайындарына да ауыса беретiн. Егер жесiр әмеңгерлiкке көнбей, күйеуге тигiсi келмесе, ол өз отбасындағы мүлiкке бала-шағалары ер жеткенше иелiк еттi.
24-25.Әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерлiк құқығы. Мұрагерлiк тәртiбi.
Қазақтың әдет-ғұрып салтындағы мұрагерлiк құқы қолданылды. Қазақ отбасындағы мүлiк пен малдарды оның балалары, ағайындары немесе ең жақын туыстары, сондай-ақ әйелiнiң туысқандары мұрагер ретiнде алып қала алатын. Жесiр мұрагер ретiнде мұраның 1/8 бөлiгiн, күйеуге шықпаған қызы ұлға бөлiнген үлестiң жартысын алатын. Сондай-ақ мұраның бiр түрi ата мұрасы деп аталды. Бұл қазақ үшiн ең тиiмдi жол едi. Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет түрінде жасалады. Мұра ретінде мал, қыстау, үй жай, ақша, жесір қалдырып отырған. Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да ма мүлкіне заңды түрде иелік етеді. Өлген адамның артында бала болмаса, жесірі мен мал мүлкі әменгерлікке өтеді. Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген.
26-27.Әдет-ғұрып құқығындағы меншiк құқығы. Меншiк түрлерi.
Қазақ құқығындағы меншiк қатынастары ХIХ ғасырға дейiн ру және қоғам, қазақ хандары мен билерi меншiгiндегi әдет-ғұрып құқығы арқылы анықталды. Мысалы, жайлаулар формальды-заңды түрде жерге ие адамдардың меншiгi ретiнде саналды. Ал, XVIII ғасырдан бастап кейбiр қыстаулар феодалдардың жеке меншiгiне көштi. Кең байтақ кеңiстiкте көшiп жүретiн малшылардың жерге қатынасы екi түрде дамыды. Бiрiншi жайлауларды иелену құқы және екiншiсi бос немесе иесi жоқ жайлауларды басып алу. Хандар, ханның руластары ең құнарлы жерлердi иелендi (сұлтандар, билер, ру басшылары, ауыл ақсақалдары). Қазақтың әдет-ғұрып құқығында кейбiр дау-дамайлар төмендегiдей шешiлдi. Егер жерге екi адам таласса, оның бiрi сұлтан, екiншiсi жай қазақ болса, онда жер оның алдыңғысына берiлдi. Ендiгi бiр жағдайда жерге таласушылардың бiрi би, екiншiсi бiр рудағы ақсақал болса, онда ол жер соңғысына бұйырды. Ал, жерге таласушылардың екеуi де қарапайым адамдар болса, онда ол жер әлгi екеудiң үлкенiне бұйырды. Меншiктiң екi түрi болды. Оның бiрiншiсi мал, екiншiсi мүлiк деп аталды. Малға таңба салынды. Жеке меншiк мал жеке меншiктiң негiзгi объектiсi болып саналады. Оған жасалатын қылмыстың ең басты қатерлiсi барымта. Ал жермен айналысатын Жетiсу және Сырдария өңiрiнде феодалдар меншiгiнде құдықтар және сирек кездесетiн су көздерi болды. Қазақ әдет-ғұрып заңы (адат) бойынша меншiк шарттары көп жағдайда рулық немесе ауылдағы қоғамдық қарым-қатынастар арқылы жүргiзiлдi. Оның тағы бiр ең жақсы, бүгiнгi тiлмен айтқанда демократиялық бағыт-бағдары ағайындық қарым қатынастан анық байқалды. Оның түрлерi малды қарызға беру. Қарыз алушы мен қарызға берушi арасында кепiлдiк жүрдi.
28.Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық құқығы. Қылмыс пен жазаның түсiнiгi.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының басты нормаларына қылмыстық іс-әрекет үшін жазалау сипатындағы іс-
әрекеттер жатады. Жаза қолдану кезінде билік жүргізушілер ең алдымен қылмыскердің жасаған қылмысына қарай жаза тағайындайтын. Оның ең қатал түрі «қанға-қан,жанға-жан» принципінде жжүргізілді. Бірақ ол келе-келе қазақтың тұрмыс-жағдайына байланысты өзгерді. Жазаның түрлері:Өлім жазасы;құн төлеу; айып; құлдыққа беру;дене жазасы;Жапа шеккендерге қылмыскерді басымен беру;мүлкін тәркілеу; Жұрт алдында масқара ету; Руластарынан аластату. Сондай-ақ жапа шегуші немесе оның туысқандары қылмыс жасаған адамға «қанға-қан,жанға-жан» принципінде жаза қолдануды немесе оны басқа жазамен алмастыруға құқы болды.
29. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс пен жазаның түрлерi және оларды саралау.
Қазақ құқығында қылмыстық ұғым қалыптаспаған едi. Қазақтар оны жаман iс немесе жаман қылық деп белгiлеп күнәлi немесе жазықты деген айыптар тағатын. Өлiм жазасы өте сирек қолданылды. Егер екi жақ келiскен жағдайда өлiм жазасы құнмен алмастырылуға болатын. Өлiм жазасы ерi бар әйелдi немесе бейкүнә қызды зорлаған кезде қолданылатын. Ал екiншi, дене және ел бетiне қарай алмайтын жаза, ол дiнге қарсы iс-әрекеттер жасағанда немесе антты бұзғанда қолданылды. Құн бiреудi өлтiрген кезде немесе денеге ауыр жарақат түсiргенде төлендi. Қарапайым адамды өлтiрсе, оған мың қой, 200 жылқы немесе 100 түйе құн төлендi. Ал егер сұлтанды, бидi не батырды өлтiрсе, онда айыпталушы оған екi есе құн төлейтiн. Беделдi сұлтанды өлтiрушi жетi есе құн төлейтiн. Айып болса жеке адамнан немесе мүлiктiк қылмыс жасағандардан алынатын. Олар тоғыз-тоғызбен төлендi. Бiрiншi, бас тоғыз; екiншi орта тоғыз: үшiншi, аяқ тоғыз, төртiншi тоқал тоғыз; бесiншi, ат-шапан айып төлендi. Бүлардың құрамында түйеден бастап, жылқы, өгiз, қой, жылқы және қымбат шапанға дейiн болды. Айыптыны айыптаушыға беру- егер айыпталушының ағайындары құн немесе айып төлеуден бас тартқан кезде болатын iс-әрекеттер болып саналды. Ал ортадан аластату - ол ешқандай да айып төлеуге мүмкiн болмай қалған жағдайда қолданылды. Бұл жағдайда айыпталушының киiмдерi жыртылып, қауымнан, ортадан қуылып, оның тұрмыс-тiршiлiгi заңсыз деп есептелдi. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының басты нормаларына қылмыстық iс-әрекет үшiн жазалау сипатындағы iс-әрекеттер жатады. Жаза қолдану кезiнде билiк жүргiзушiлер ең алдымен қылмыскердiң жасаған қылмысына қарай жаза тағайындайтын. Оның ең қатал түрi “қанға-қан жанға- жан” приципiнде жүргiзiлдi. Бiрақ ол келе-келе қазақтың тұрмыс-жағдайына байланысты өзгердi. Жазаның төмендегiдей түрлерi болды: 1. Өлiм жазасы, 2. Құн төлеу, 3. Айып, 4. Құлдыққа беру, 5. Дене жазасы, 6. Жапа шеккендерге қылмыскердi басымен беру, 7. Мүлкiн тәркiлеу, 8. Жұрт алдында масқара ету, 9. Руластарынан аластату. Сондай-ақ жапа шегушi немесе оның туысқандары қылмыс жасаған адамға “қанға-қан жанға-жан”принципiнде жаза қолдануды немесе оны басқа жазамен алмастыруға құқы болды.
30.Әдет-ғұрып құқығы б/ша сот iсi ж/е сот iсiн жүргiзу. 31.Сот шешiмi/ң орындалуын қам/сыз етудiң әдiсiтері.
32-33.Қазақ хандығының инстанциялары. Қарсылық бiлдiру институты.
Сот билiгiн Қазақ хандығында хандар, сұлтандар және билер жүргiздi. Хандар мен сұлтандар ең маңызды деген қылмыстық және азаматтық iстердi тексерiп-тергедi. Оларға ру аралық және ауыл аралық талас-тартыс, сондай-ақ төрелер мен атақты ру басшылары арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Ең маңызды деген iстердi хан мен сұлтандар белгiлi билердiң және халықтың араласуымен жүргiздi. Өлiм жазасын тек хан немесе сұлтандар соты шеше алатын. Би билiгi сот билiгiнiң негiзi болып саналатын. Кез келген ру басшысы би төрешi бола алмайтын. Би билiк айту үшiн ол қазақтың әдет-ғұрпын жақсы меңгеруi және өзiн әдiл би ретiнде көрсетуi тиiс. Билердi ешкiм сайламаған және тағайындамаған. Би дәрежесi мұрагерлiкке қалдырылмайды. Билiк айту iс барысында, құқық бұзушының iс-әрекетiн талдау жағдайында жүзеге асырылды. Сондықтан да би ру басшысы, сот жергiлiктi жердегi әкiмшiлiк билiктiң рөлiн атқаратын. Сот процесi арызданушының немесе жапа шегушiнiң өтiнiшi бойынша өздерi таңдаған биге байланысты жүргiзiлдi. Жапа шегушi таңдаған би қылмысты iстi қараудан бас тартуға құқығы жоқ болды. Iстi қарауға биге сенiм бiлдiрген кезде айыпталушы да, жапа шегушi де бидiң алдына отырып, ақ орамал тастайды. Осы арқылы арызданушылар сот шешiмiне келiсiм беретiнiн көрсететiн. Куәгерлердiң сотқа қатынасуын бидiң күштеп жүргiзуiне де құқығы болды. Куә ретiнде әйелдер және арызданушы мен жауап берушiнiң ағайындары жүрмейдi. Азаматтық iстiң күрделiлiгiне байланысты екi-үш куәге дейiн тартылды. Куәгерлер iс барысында әртүрлi себептермен iстiң анық-қанығын ашуға көмектеспей жатса, би ант қабылдау институтын пайдаланған. Би шешiмдерi ауызша шығарылды. Процессуальдық нормалар би шешiмiне қарсы болған жағдайда сұлтандар тарапынан iстi қайта қарауға болатын. Сот шешiмдерiн орындау арызданушының өзiне тапсырылды. Сондықтан да ежелгi уақытта барымта институты сот шешiмiн орындаудың негiзi болып табылды. Барымта қазақ әдет-ғұрып заңдарына ғана тән институт едi. Ол айыпкердiң ағайындарының және туған-туысқандарының малдарын айдап кетуменен орындалды. Негiзсiз жасалынған барымта, ұрлық немесе жазықсыз шабуыл деп саналып, құқықтық негiзде жазаға тартылды. Сондай-ақ , барымта би шешiмiн орындау ғана емес, құқықтық айып жолын орындаудағы бiрден-бiр iс-әрекет болды. Ол заң ғылымында әлi толық зерттелiп бiтпеген құбылыс.
34.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекетiк-құқықтық салдары мен шарттары .
Тәуке ханның орнын иеленген Болат ханның билiк жүргiзудегi әлсiздiгi Қазақ хандығын бiрнеше өз егемендiктерiне ие хандықтарға бөлiп тастады. Сөйтiп, бiртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүзге бөлiнiп, бытыраңқы мемлекет негiзiнде дами бастады. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезеңiнде халық “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атты қасiретке ұрынды. 1726 жылы үш жүздiң өкiлдерiнiң бас қосуымен өткен Ордабасы кездесуiнен кейiн қазақ халқының басы бiрiгiп, Жоңғарларға қарсы көтерiлдi. Нәтижесiнде, қазақтар “Қалмақ қырылған”, “Аңырақай” шайқастарында жоңғарларды жеңдi. Сөйтiп, Жоңғар шапқыншылығына кең байтақ қазақ даласында тосқауыл қойылды. Соған қарамай қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс бiрден тыйылған жоқ едi. Қазақтар өздерiнiң Жоңғар шапқыншылығындағы жеңiсiн тиiмдi пайдалана алмады.Басы бiрiкпеген үш жүз хандарының арасындағы қайшылық олардың әрқайсысы бiр орталыққа бағынған билiкке қол жеткiзуге өзiнше жол iздеуге мәжбүр еттi. 1730 жылы Болат хан қайтыс болған кезде Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайырдың “бүкiлқазақтың ханы боламын” деген мақсаты орындалмағаннан соң, iргелес Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақшы болды. Сөйтiп, ол Уфаға елшiлiк жiберiп, өзiнiң Кiшi жүз хандығын Ресейдiң қол астына алуын өтiнiш етедi.Ал 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кiшi жүздiң Ресейдiң қол астына кiргенi туралы грамотаға қол қояды.1731 жылы 10 қазанда Кiшi жүз қазақтары Ресей құрамына қосылғаны жөнiндегi құжатқа қол қояды. Ресей мен үш жүз хандарының арасындағы келiсiм Қазақ хандығының тұтастығына нұқсан келтiрiп, оның құқықтық халықаралық қатынастағы беделiн жоққа шығарды. Ресей өзiнiң қол астына кiрген хандарды сыртқы жаулардан және ресейлiктердiң оларға жөн-жосықсыз шабуыл жасауларына жол бермеуге мiндеттеме алды. Ресей қазақ даласында өзiнiң әскери-саяси экспансиясын тынымсыз жүргiзiп отырды. Соның себебiнен орыс-қазақ шекараларында қақтығыстар жиi болып тұрды. Сондай-ақ, Ресей тарапынан протектораттық-вассалдық қатынас отаршылдық саясатпен ұштасып, қазақтар өз жерлерiне деген билiктен бiртiндеп ығыстырылып жатты. Вассалдық қарым-қатынас қалыптасқан жағдайда тәуелдi мемлекет халықаралық құқық субъектiсi болудан қалады.
35-36.Қазақ жүздерiне хандық билiктi шектеудiң алғашқы түрлерi. Игельстром реформасы, шекаралық сот және ағамандарды тағайындау.
Патша өкiметiнiң ә деген кезде-ақ Қазақ жерлерiн отарлауға кiрiскен саясаты iске асып, ХVIII ғасырдың 50-шi жылдарында Каспий теңiзiнен бастап Ертiске дейiнгi аралықта бiрнеше қамалдардан тұратын әскери бекiнiстер салынып, қазақ жерi тарыла бастады. Жайық, Тобыл, Елек, Есiл, Ертiс өзендерiнiң бойындағы жақсы мал жайылымдары казак әскерлерiнiң қолына көштi. Сөйтiп, 1756 жылы патша рескриптi, 1755 жылы сыртқы iстер коллегиясының Жарлығымен аталған жерлердегi жайылымдарда қазақтар мал жаймайтындай дәрежеге жеттi. Сондықтан да қазақ халқы Патша өкiметiнiң отарлау саясатының қазақ даласында кең етек жайып бара жатқанын байқап, көптеген көтерiлiстер жасады. Солардың алғашқысы 1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс едi. Патша өкiметi бұл көтерiлiстi аяусыз басып, Кiшi жүзде хандық билiктi жоймақшы болды. “Игельстром реформасы” деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның iс-әрекетi Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстi Патшалық Ресей мүддесiне пайдалану едi. Нұралы хан Кiшi жүзден қашып кеткен соң Игельстром хан сайлауға рұқсат етпей, елдi сайлау құқығынан айырды. Сөйтiп, бұл шара сұлтандар арасындағы қайшылықты қайта күшейте түстi. Аталған реформа Кiшi жүздi тайпалық құрамына қарай үшке бөлiп тастауды ұсынған болатын. Әр бөлiктi басқару үшiн расправолар құру көзделдi. Ол Орынборда 1786 жылы құрылған шекаралық сотқа бағынуы тиiс болатын. Реформа бойынша билiк ру басшылары саналатын старшындарға өткенiне қарамай расправолар мен шекаралық сот қалыпты жұмыс iстей алмады. Соның салдарынан II Екатерина патша хан сайлауын қайта қалпына келтiруге келiсiм берiп, Патша өкiметiнiң Кiшi жүзде хандық билiктi жою туралы алғашқы адымы iске аспай қалды.
37.Бөкей хандығының құрылуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
Патша әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен Орал мен Жайық өзендерiнiң аралығында Бөкей сұлтан бастаған шағын мемлекет құрылып, Бөкейге 1812 жылы хан атақ дәрежесi берiлдi. Ол патшалық Ресейдiң отарлау саясатына толық жауап беретiн. 1824 жылы Бөкей ордасын Бөкей ханның баласы Жәңгiр басқарды. Бөкей ордасындағы билiк жалпы қадағалау, жергiлiктi бас басқарма және жергiлiктi қадағалау жүргiзу арқылы жүргiзiлдi. Жалпы қадағалау Ресей империясының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүргiзiлсе, жергiлiктi қадағалау Орынбор әскери губернаторы мен Орынбор шекара комиссиясы арқылы жүргiзiлдi. Жергiлiктi бас басқармашылық ханға және оның әкiмшiлiгiне тапсырылды. Хан өз билiгiн мұрагерлiкке берудi орыс патшасының бекiтуiмен жүргiздi. Оның өкiлеттiлiгi ХIХ ғасырдың 30 жылдары бұрынғы қазақ хандарының дәстүрлi өкiлдiлiгiнен өзгеше болды. Ол хандықтағы барлық әкiмшiлiк, соттық және заң шығарушы билiктi тұтас ұстады.Ханның жанында басшылықтан бейтарап билiк органы жұмыс iстедi. Оны ханның туысқандары болып саналатын ықпалды сұлтандар жүргiздi. Сұлтандар кеңесiн аға сұлтандар басқарды. Сонымен бiрге ханның жанында 12 биден тұратын билер кеңесi болды. Олар бiр жағынан хан кеңесшiсi де саналатын. Сондай-ақ, ханның жанында кеңсе болып, ол орыс және татар тiлдерi негiзiнде қалыптасты. Кеңсе негiзiнiң басты-басты жұмыстарын басқарма басқарды. Оның құрамына арнаулы тергеушiлер, iс жүргiзушiлер, аудармашылар және хатшылар кiрдi. Хандықта ахуна-қызметi бекiтiлдi. Арнаулы тапсырмаларды хан жасауылдары орындайтын. Оларды iрi бiрлестiктердiң старшындары бекiттi. Жергiлiктi билiктi хан сайлаған сұлтандар жүргiздi. Олар ханның қаржылық және жер саясатын қалыптастырып, салықтар жинайтын. Хандықтың шекаралық учаскелерiнде қазақтардың шекараны бұзып кетпеуiн қадағалайтын айыпталушыны iздестiретiн және сот iстерiн талдап-талқылайтын депутаттар тағайындалды. Бөкей хандығының территориясы Ресей империясының меншiгiнде болып саналды
38.Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы. Жалпы сипаттамасы.
Қазақ хандығының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жойып, онда орыс отарлау саясаты жүргiзiле бастаған тұстан-ақ Қазақ даласында оны iске асыратын реформалар кеңiнен жүргiзiле бастады. Сондай реформалардың бiрi әрi бiрегейi Орта жүзде хандық билiктi жоюға негiз болған 1822 жылғы “Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы” болды. Ол бойынша патша өкiметi Қазақстанды отарлауды барынша тереңдете түстi. Аталған Жарғы негiзiнде Орта жүзде хандық билiк жойылды. 1825 жылы Орынбор қазақтары облысы, Шығыс, Орта және Батыс болып үшке бөлiндi. Жарлық бойынша “Сiбiр қазақтары облысы” округтарға, округтар болыстарға, болыстар ауылдарға бөлiндi. Округке 15-тен 20 болысқа, болысқа 10-нан 12 ауылға, ауылға 50-ден 70-үйге дейiн кiрдi. Соған қарамай округтерде рулық белгi ескерiлмей қалған жоқ. Сондықтан әкiмшiлiк бөлулер рулық-территориялық сипатта болды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынса, коллегиялық органды коллегиялық орган, округтi приказ басқарды. Округтi приказға аға сұлтан төраға және 4 заседатель (оның екеуi ресейлiктерден тағайындалса, екеуi құрметтi қазақтардан сайланды) кiрдi. Округтi аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан 3 жылға сайланып, оны сұлтандар сайлады. Болыстарды басқарушы-сұлтандар қадағалады. Олар халықтың ”келiсiмiмен” шексiз мезгiлге сайланатын. Ол мұраға берiлiп отырды. Соған қарамай сұлтан мұрагерi де сайлаудан өтетiн. Жалпы болыстық сұлтандар атқарушы билiктi жүзеге асырды. Ауылдық старшындар болса, қазақтар арасынан 3 жылға сайланды. Сұлтандар старшындыққа сайлауға түспейтiн. Сайлауды болыстық Жарлық бекiттi.
39-40.1822 ж. жарғы бойынша Орта жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс.Өкiмет және басқару органдары.
Қазақ хандығының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жойып, онда орыс отарлау саясаты жүргiзiле бастаған тұстан-ақ Қазақ даласында оны iске асыратын реформалар кеңiнен жүргiзiле бастады. Сондай реформалардың бiрi әрi бiрегейi Орта жүзде хандық билiктi жоюға негiз болған 1822 жылғы “Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы” болды. Ол бойынша патша өкiметi Қазақстанды отарлауды барынша тереңдете түстi. Аталған Жарғы негiзiнде Орта жүзде хандық билiк жойылды. 1825 жылы Орынбор қазақтары облысы, Шығыс, Орта және Батыс болып үшке бөлiндi. Жарлық бойынша “Сiбiр қазақтары облысы” округтарға, округтар болыстарға, болыстар ауылдарға бөлiндi. Округке 15-тен 20 болысқа, болысқа 10-нан 12 ауылға, ауылға 50-ден 70-үйге дейiн кiрдi. Соған қарамай округтерде рулық белгi ескерiлмей қалған жоқ. Сондықтан әкiмшiлiк бөлулер рулық-территориялық сипатта болды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынса, коллегиялық органды коллегиялық орган, округтi приказ басқарды. Округтi приказға аға сұлтан төраға және 4 заседатель (оның екеуi ресейлiктерден тағайындалса, екеуi құрметтi қазақтардан сайланды) кiрдi. Округтi аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан 3 жылға сайланып, оны сұлтандар сайлады. Болыстарды басқарушы-сұлтандар қадағалады. Олар халықтың ”келiсiмiмен” шексiз мезгiлге сайланатын. Ол мұраға берiлiп отырды. Соған қарамай сұлтан мұрагерi де сайлаудан өтетiн. Жалпы болыстық сұлтандар атқарушы билiктi жүзеге асырды. Ауылдық старшындар болса, қазақтар арасынан 3 жылға сайланды. Сұлтандар старшындыққа сайлауға түспейтiн. Сайлауды болыстық Жарлық бекiттi.
41.1822 жылғы ереже бойынша сот және сот iсiн жүргiзу .
“Жарғы” бойынша қазақтардың сот iсiне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдегi кейбiр адами қатынасындағы құқығына өзгерiстер енiп, билер сотының, адаттың билiгi шектелдi. Сөйтiп, барлық сот iстерi үшке бөлiндi. Бiрiншi, қылмысты iстер. Екiншi, даулы iстер. Үшiншi, басқару үстiнен берiлетiн шағымдар. Қылмысты iстер империя заңдарымен тергелiп, ол сол заңдар бойынша жан-жақты қаралды. Билер сотына да бақылау орнады. 1822 жылғы “Жарғы” Қазақстан жерiндегi билер сотына ғана емес, сонымен бiрге оның қоғамдық-саяси, құқықтық жағдайларына өзгерту енгiзiп қана қоймай, отаршылдықты барынша нықтап, Орта жүздi одан әрi игеруге бағытталды. Хандық билiк жойылды. Далаға сайлау жүйесi ендi. ХIХ ғасырдың ортасына таман, мысалы 1851 жылы мұнда Ресей империясының ең көп қарулы күшi орналасып, онда 1200-ден астам солдаттар мен офицерлер шоғырландырылды. Шекаралық комиссия кең дәрежедегi әкiмшiлiк өкiлеттiкке ие болды. Олар қазақтардың үстiнен полициялық қадағалау жүргiзiлiп, жеке басқарма органдарына қызметкерлер iрiктедi және олардың қызметтерiн қадағалап отырды. Соттық iстердi де атқарды.
42.1824 ж. жарғы бойынша кiшi жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс.Әкiмшiлiк реформалар.
43.Кiшi жүздегi саяси дағдарыс 1803 ж. “Обет”.
44.1824 жылғы жарғы бойынша сот және сот iсiн жүргiзу.
1824 жылы Ресей Үкiметi Орта жүзден соң Кiшi жүзде хандық билiктi жоюға кiрiстi. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннiң жетекшiлiгмен “Орынбор қырғыздары туралы Жарғы” қабылданды. Ол бойынша Кiшi жүзде хандық билiк жойылды. Сөйтiп, Кiшi жүз Шығыс, Орта және Батыс бөлiктерге бөлiндi. Әр бөлiктi билеушi сұлтандар басқарды. Кiшi жүздi басқару шекаралық комиссиялар арқылы жүргiзiлдi. Сұлтан билеушiлердi Орынбор губернаторы тағайындады. Одан кейiн әкiмшiлiк бөлшектер, династия, қамалдар арасындағы учаскелер болып бөлiндi. Династия арасы жергiлiктi немесе ауылдар болып бөлiнiп отырды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен дала тұрғындары қазақтар қатынасын реттеп қадағалап отырды. Кейiн әкiмшiлiк органдар “жалпы” және “жеке” басқармалар деп бөлiнiп, ол 1868 жылға дейiн өмiр сүрдi. Шекаралық комиссия болса, атқарушы-өкiмшi және сот билiгiн жүзеге асырды. Оның полициялық бөлiмi тәртiптi қарап, одан кейiнгi екi бөлiмi азаматтық және қылмыстық iстерiн жүргiздi. Әскери соттар мемлекеттi сату туралы, адам өлiмi, барымта, Ресей азаматтарын тұтқынға алушыларды және үкiметке қарсы iстердi қарады. Ал, билер соты азаматтық iстердi ғана қарап, 50 сомға дейiнгi көлемде айыппұл салатын дәрежеде ғана болды. Сөйтiп, Батыс Қазақстанда жүргiзiлген 20-50 жылдардағы құқықтық және әкiмшiлiк реформалар Ресей империясының қазақ даласындағы билiгiн нық жүргiзiп, отарлау саясатын қалыптастыра түсуге ерекше ықпал еттi.
45.Абылай хан мемлекеттiгiне саяси сипаттама. Абылай ханның реформалары.
Қазақ мемлекетінің жаңа бір кезеңге көшуіне біоден-бір ықпал еткен сұлтан кейін хан болған Абылай (Әбілмансұр) (1711-1781) болды. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан соң, 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің билеушілері өкілдерінің қатысуымен Абылай хан сайланды. Ресей 1778 жылы Абылайды тек Орта жүздің ханы ретінде ғана бекітті. Бұған Абылай қанағаттанбай, 80-ші жыдары Ресеймен байланысты бүтіндей үзді. Абылайдың беделі үш жүздің алдында өте биік еді. Абылай билігі кезінде Қазақ хандығындағы мемлекеттік-құқықтық жүйесі қайта өзгеруге түсіп, орталық билікті күшейту жолына бағышталған. Бір кездегі өлім жазасын кесуге ие билер билігін хан өз қолына алды. Содай-ақ, Абылай жергілікті билеу және әскери-потестарлық бөлшектердің өзіндік биліктерін жойып, оларды қайта құруға тырысты. Сөйтiп, ол Ұлыстық жүйенi қалыптастырмақшы болды. Соған қарамай Абылай билiгi толық қазақ даласында жүрмедi. 1781 жылы Абылай өлгеннен кейiн оның орнына баласы Уәли хан тағына сайланды. Жалпы қорытындысында Уәли хан билеп отырған кезiнде Қазақ хандығы әлсiредi. Басқарудың удельдiк жүйеге көшуi сұлтандардың ықпалын арттырып, ХҮIII ғасырдың аяғы ХIХ ғасырдың басында бiр орталыққа бағынған мемлекеттiң күйреуiне әкеп соқты. Сөйтiп, көптеген сұлтандар мен старшындар өзiмен iргелес Ресей билiгiн жүргiзушiлермен тығыз қарым-қатынаста болып, Уәли ханмен белсендi түрдегi жүргiзетiн байланысты үзе бастады. Мiне, осындай жағдайда ХIХ ғасырдың 20 жылдары Орта жүзде Ресей хан билiгiн жойып, қазақтарды өз тәуелсiздiгi мен егемендiгiнен айыратын әкiмшiлiк реформалар жүргiзе бастайды. Абылай ханның қазақ даласында сіңрген екі үлесін атау керек: бірінші ол жоңғарларды талқаңдап Қазақ елінің тұтастығын қалпына келтірді немесе еліміздің жерлерін түгел азат етуге басшылық етті. Екіншіден, Абылай Қазақ хандығының тәуелсіздігін қайта қалпына келтіріп, бытыраңқылығын уақытша болса да жойды.
46.1844 жылғы ережеге жалпы сипаттама. Сот және сот iсiн жүргiзу.
Кіші жүздегі Жоғары басшылықты сыртқы істер министрлігі жүргізді. Бұл 1844 жылғы Ережеде көрсетілді. Тікелей басшылық Орынбор генерал губернаторының қолында болды. Кіші жүзді және шептік бекіністерді басқару үшін ерекше шекаралық басқарма құрылды. Тағы да шептік және далалық басқармалар құрылды. Шептік басқармаға шептік бекіністердің басшылары кіріп, ол әскери органға және генерал губернаторға бағынды. Шекаралық басқарма шептерге тұратын орыстар мен далада тұратын қазақтардың қатынасын реттеп, қадағалап отырды. Кейінірек әкімшілік органдар «Жалпы» және «жеке» басқармалар деп бөлініп, 1868 жылға дейін өмір сүрді. Жалпы басқарма шекаралық комиссияға беріліп, ол 1859 жылдан Орынбор қазақтарының облыстық басқармасы деп аталды. Бұл үлкен аппарты бар орган болды. Оның құрамына орыс шенеуніктерімен қатар төрт қазақ заседательдері кірді. Шекаралық комиссия төрағасын император тағайындады. Шекаралық комиссия атқарушы өкімші және сот билігін жүзеге асырды. Билеуші сұлтандарды, старшындарды тыңдады. Оларға бақылау жасады. Шекаралық комиссияның полицейлік бөлімі тәртіпті қарады. Тағы да екі бөлімі сот азаматтық және қылмыстық сот істерін жүргізді. Соттың мынадай буындары болды: шекаралық комиссия жанындағы қылмысты істерді қарау бөлімі Ресей заңдарын басшылыққа алды, әскери соттар, шекаралық комиссия жанындағы әдет-ғұрып құқығы негізіндегі ауызша келісім соты және қазақ басшыларының қадағалауындағы билер соты.
47.1867-68 ж.“Уақытша ережеге” жалпы сипаттама.Реформа бойынша әкiмшiлiк билiк органдарының жүйесi.
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы “Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы “Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi.Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Жоғарғы генерал-губернаторлық билiктi генерал-губернатор атқарды. Оған әкiмшiлiк-саяси, әскери, сот және шаруашылық өкiлеттiлiгi берiлдi. Ол жергiлiктi әкiмшiлiктер мен басқа да билiк органдарына тiкелей және жанамалай қадағалаулар жүргiздi. Сондай-ақ, аталған жердегi әскери округтардағы әскерлердi басқарды, облыстық басқармалар бөлiмшелерiнiң бастықтарын тағайындады. Генерал-губернаторлық, облыстық әскери-губернаторлықтың аппаратындағы және уездiк бастықтар, сондай-ақ оның төңiрегiндегi шенеунiктер түгелдей орыстар болды. Реформа бойынша кең байтақ қазақ даласындағы басқарудың төменгi жүйесi болыстық және ауылдық жүйе болды.
48.1867-68 жж. Реформа бойынша құқық және сот жүйесiндегi өзгерiстер.
1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан территориясында жалпы империялық соттар ережесiнiң таралуы болды. Сөйтiп, қазақ құқығына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Үлкен маңызы бар қылмыстық iстер әскери сот комиссиясында қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық және азаматтық өтiнiштерден тұратын 2000 сомнан артық қаржы көлемiндегi iстердi облыстық басқарма қарады. Үш күннен кем емес тұтқынға алатын немесе жүз сомға дейiнгi айып салынатын қылмыстық iстер, сондай-ақ 2000 сомға дейiнгi азаматтық айыптауларды уездiк соттар қарады. Сонымен бiрге жаңадан жолға қойылған билер сотымен бiрге “халық соты” да жұмыс iстедi. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкiметiнiң әкiмшiлiк мекемелерiне сот билiгi құқығы берiлдi. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар құрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкiметке қарсы үгiт, пошта мен көлiкке шабуыл, христиандарды және христиан дiнiне кiргiсi келгендердi, сондай-ақ, лауазым иелерiн өлтiру сияқты қылмыстық iс-әрекеттермен айналысып, олар тонау, талқандау, өртеу, жалған ақша жасауды қараумен шұғылданды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқына елеулi өзгерiстер ендi. Мысалы, отбасы некелi құқығына қарасты жесiр даулары билер сотының қарауында қалды. Бiрақ, билер сотының шешiмiне уезд бастығына немесе әскери-губернаторға шағым жасауға болатын. Осындай сот жүйелерi Қазақстанда 1917 жылға дейiн қолданылды.
49.1867-68 жж. Рефорома бойынша билер сотының атқаратын ролi.
1867-1868 жылдары би қызметi сайланбалы түрде жүргiзiлдi. Би болыстық съезде үш жылға сайланып оны әскери-губернатор бекiттi. Әрбiр болыста 4-8-ге дейiн билер сайланды. Сондай-ақ, сот iстерiнде де елеулi өзгерiстер болды. Сот шешiмдерi жазылып, олардың көшiрмелерi екi жаққа таратылды. Билер съезiнде ережелердi жазу тиянақты түрде жүргiзiлдi. Егер ХIХ ғасырға дейiн қазақтар кез келген беделдi биге жүгiне алатын болса, ендi тек қана болыстық билерге ғана жүгiне алатын едi. Сөйтiп, “халық соты” жүйесi отарлау аппаратының бiрден-бiр құралы болып, ол дәстүрлi әдеттегi құқықты жоятын және қазақ ауылындағы сауда-саттықпен айналысатындардың мүддесiн қорғайтын басты қаруы болды. Тұтастай алғанда ХIХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстанда жүргiзiлген құқықтық реформа, оның дәстүрлi құқығын бұзып, Ресей империясының құқықтық жүйесiмен ұластырылған реформа болды.
50.Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша дәлелдеу жүйесi.
51.1891 ж. “Далалық облыстарды басқару” туралы ереже.
1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы” Ереже қабылдады. Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығы Дала-генерал губернаторлығы деп өзгерiп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыс кiрдi. Ал Сырдария облысы Түркiстан генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына кiрдi. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери губернатор құзырында болды. Нәтижесінде: Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.
52.Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өзгерiстер.
Қазақстанның Ресейдің толық отарына айналуы әдет ғұрып құқығының шеңберін тарылтты, оған елеулі өзгерістер ендірілді. Отаршылдық жүйе арқылы Ресей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Патша өкіметі Қазақстанды басқару үшін бірнеше үлкен актілер қабылдады. Олардың қатарында 1822 ж., 1824 ж. «Уставтар», 1854 ж. Заң, 1867-68 ж. Уақытша ережелер.Ең алдымен жерге қатысты жерге қатысты меншік құқығы өзгерді. «Уақытша Ереже» бойынша қазақ жерлері мемлекет меншігі болып есептелді. Міндеткерлік құқыққа да өзгерістер енгізді Жаңа капиталистік қатынастар, иорыс көпестері мен шаруаларымен қатынастар жағдайында қазақтарға орыс міндеткерлік құқығының нормаларымен есепиесуге тура келді. Отбасы некелік құқығына да өзгерістер енді. Жесір даулары билер сотының қарауында қала берді. Бірақ билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери губернаторға шағым жасауға болатын. 1885 ж. Қарамола ережесіне де әдет ғұрып заңдарына өзгерңстер енгізді. Қылмыстық әдет ғұрып құқығы үлкен өзгеріске ұшырады. Бұл саладағы алғашқы өзгерістер 1822ж. «Устав» бойынша жасалған. Құлдық жойылды. «Қанға қан» принципі жойылды.
53.1905-1907 жж. орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсері.
1905 жылғы 17 қазандағы Манифест Ресейде жеке тұлғаларға, ар-ождан мен сөз еркiндiгi, жиындар мен одақтарға тиiспеуге жол ашты. Мемлекеттiк Думаға сайлау туралы мәлiмдеме жасалуының өзi ерекше оқиға болды. Бұған бiрiншi орыс революциясының ықпалы ерекше едi. Барлығы төрт мемлекеттiк дума қызмет еттi. 1906 жылғы 23 сәуiр күнi “Ресей империясының негiзгi мемлекеттiк заңдары” жарық көрдi. Ол өзiнiң мазмұны бойынша конституцияға жақын едi. Сөйтiп, өмiрге қос палаталы Парламент келдi. 1906 жылғы желтоқсан айының аяғында екiншi думаға байланысты сайлау науқаны жүргiзiлдi. Қазақ депутаттары А.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев дума мiнбесiн қазақ мүддесi үшiн пайдаланып, қазақ жерiне қоныс аударып жатқан орыс және украин шаруаларының қазақтардың жерлерiн тартып алып жатқандарын тiлге тиек еттi. Сөйтiп, олар аграрлық заңдылықты жүйелi өткiзудi ұсынды. Ұлт болашағы үшiн күресетiн азғантай да болса ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. 1905-1907 жылдары қазақ халқы мен қоныстанған шаруалар арасынан саяси белсендiлердiң шығуы нәтижесiнде 1881 жылы 14 тамызда қабылданған “Мемлекеттiк тәртiп және қоғамдық тыныштықты сақтау шаралары туралы ереже” қолданды. Ол пайдаланудағы заңдарды тоқтатып, күзеттi, төтенше күзеттi және әскери жағдайды күшейту жөнiнде ерекше режимдi ендiрдi. 1905 жылы Қазақстанда әскери жағдай енгiзiлдi.
54.XXғ. Қазақстанның қоғамдық-әкiмшiлiк-саяси құрылымы мен құқық жүйесiндегi өзгерiстер.
55.1916 жылғы көтерiлiстiң себептерi. Жалпы сипаттамасы.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Қазақстандағы сан алуан қайшылықтарды Ресей отары ретiнде күшейтпесе азайтқан жоқ. Ресейдiң қоныстандыру саясаты, малдарды тәркiлеуi, қазақтардың мүлiктерiн тартып алуы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерiлiсiне әкеп соқтырды. Аталған уақытта салық көлемi 3-4 есе өссе, тiптi кей жерлерде ол 15 есеге дейiн жеттi. Арнаулы әскери салық жиналды. 1915 жылы Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа қазақтар да әскерге тартылуы керек едi, бiрақ орыс өкiметi “сенiмсiз” қазақтарды әскерге алудан қорықты. Сөйтiп оларды қара жұмысқа пайдаланды. 1916 жылғы қазақтарды қара жұмысқа алу туралы маусым Жарлығы кең байтақ қазақ даласын дүр сiлкiндiрдi. 19 бен 43 жас аралығындағы еркек кiндiктi қолына қару емес, күрек берiп қара жұмысқа аттандыру қазақ халқы үшiн өлiммен пара-пар намыс болды. Сөйтiп, кең байтақ қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Патшалық Россия оны қарулы күшпен басқысы келдi. Шiлде айында бүкiл Қазақстан территориясында әскери жағдай хабарландырылды. 1916 жылы 17 шiлдеде Ташкентте уақытша әскери сот құрылып, 1916 жылдың 21 желтоқсанында Николай II жарлығымен Торғай, Ырғыз және Қостанай уездерi әкiмшiлiк тарапынан Қазан әскери округiнiң қолбасшысы қарамағына берiлдi. Әскери дала соттары бiр ғана Түркiстан өңiрiнде 347 адамды өлiм жазасына кесiп, 178 адамды қара жұмысқа айдаса, 129 адамды түрмеге қамады. Ол ол ма патша өкiметi қазақ халқының жерлерiн мемлекет меншiгiне айналдырып, оларды ең шұрайлы да шабындықты әрi құнарлы егiндiктi елдi мекендерден қоныс аудартып, оларға орыс-казак (êàçà÷åñòâîíû) орналастыруды күшейтумен бiрге отарлаудың сан алуан құйтырқы саясаттарын жүргiзе бастаған едi. Қазақстанды күштеп алу саясатының екi ғасырға созылған жылдарында қазақ Ресей езгiсiнен құтылмады. Езгi әртүрлi саяси-әлеуметтiк құйтырқылықтар арқылы жүргiзiлiп, мемлекет және құқық тәртiбi азаматтық та, қоғамдық та тұрғыдан бұзылып отырды.
56.Сырым Датұлының бастаған көтерiлiсiне құқықтық жалпы сипаттама.
1790 жылы қазақтар Сәмекенің ұлы Есім сұлтанды хан тағына отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды заңсыз деп танып, Нұралының інісі Ералыны хан етіп сайлауды ұсынды. 1791 жылы тамызды Ералыны сайлайтын жерге әскер әкелінді. Міне осы жағдайда Кіші жүздің жаңа ханы сайланды. Сырым Датұлы Ресейдің жаңадан қойған билеушісіне қарсы батыл күрес жүргізді. Бұл кезде ол хан билігін жою идеясынан бас тартып, хандық билікті шектейтін Кеңес құруды жақтады. Есімнің өлімінен кейін хан тағына әкесі Хиуаны билеген Әбілғазы ссұлтан таласты.Сырым Әбілғазыны қолдап,Хиуа және Бұхарамен,сол арқылы Ресеймен соғыс жүргізіп жатқан Түркиямен байланыс орната бастады.1792 жылы жазға қарай үдей түскен көтеріліс Кіші Жүздің бәрін қамтыды.Сол жылы күзде С.Датұлының басшылығымен көтерілісшілер Елек қалашығына шабуыл жасап оны ала алмады.Хан кеңесін Айшуақ сұлтан басқарды.1797 жылы тамызда кеңестің 1-ші мәжілісі болып,оған С.Датұлы қатысты.Патша өкіметі бекіткен хан кеңесі бастапқы сәтінен ақ сылбырлық танытты.Міне сондықтан да хан билігін қайта қалпына келтіруге тура келді.Осыдан кейін Ресей өкілдерінің қазақтардың қойған шартымен келісуіне тура келді.Сырым соғысты тоқтатып өзінің хан кеңесінің құрамына кіретіндігін мәлімдеді.
57.И.Тайманов көтерілісіне құқықтық жалпы сипаттама.
И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің барысы үш кезеңнен тұрады.1-ші кезең:1833-1836 жылдарды қамтиды,бұл қарулы көтеріліске дайындық кезеңі еді.2-ши кезең:көтерілісшілердің ханға қарсы шығуы (1837),бұл 1837 жылдың қарашасына,яғни көтеріліс жеңіліске ұшырағанға дейін созылады.3-ши кезең;Исатай мен Махамбеттің азғана топпен Жайықтың сол жағасына отип,Ақбұлақ өзеніне жақын маңда 1838 жылы болған шайқаста түпкілікті жеңілумен аяқталды.1837 жылы қарашаның 14и куни Исатай мен Махамбет Жамаңқала бекінісі маңында Жайықтан өтіп,арғы жағындағы кең далаға беттеді.1838 ж.көктемде көтерілісшілердің қуаты,әскері жасақталды.Сол көтеріліс жеңіліске ұшырап,қолбасшысы Исатай қаза табады,содан кейін көтерілісшілердің күресі әлсірей бастады.
58.Ш.Ш.Уәлихановтың сот реформасы жайында жазба.
Бұл реформаның кейбірі біздің өлкемізге де байланысты болды.Мәселен сот реформасы.Сот ісін қайта құру біздің облыстағы бұрынғы әкімшілік құрылымды да өзгеріске түсіруі мүмкі. Және орыс үкіметіне де,сол сияқты қазақ халқына да ауыртпалық келтіріп отырған күрделі де бюрократтық шытырман бұл орнына қазір де
орыстың қалалық, селолық қауымдарында жүзеге асырыла басталған.Өзін-өзі басқару және округтерде тиімді,ұтымды басқармалардың болатыны күмәнсіз.1793
жылдан бастап болған революциянын барі де үкіметтің бостандық үшін болған халық қозғалысының басталуынан туындады. Қиынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне негізделіп,зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді.Бүгігнгі тарихыларымыз қоғамдық дертімізді,аномальдық,яғни ауытқушылдық жағдайымызды Петр реформасының халыққа қарсы бағытталған қасіретті рухыныан деп текке айтпаса керек
59.А.Құнанбаевтың “қара сөздерiндегi” құқықтық-саяси көзқарастары.
Абайдың шығармашылығы, өмірі бойынша өткізілген іс-шара (әдеби-әуенді кеш, сахналық көрініс, поэзия сағаты, т.б.) әрбір баланың көңіліне шуақ, өмірге деген көзқарасына анықтық берері сөзсіз. Өйткені, Абай атамыздың әрбір қара сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, олардың соны қыр-сырлары ашыла түседі.Абай бірінші сөзінде қара сөздердің жазылу себебін түсіндіре келіп, одан әрі оқырманға ой салады. Мысалы, 15-сөзінде: Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім, дей келіп, екеуінің айырмашылығын айқын суреттейді. Абайдың өзге шығармашылық мұралары қатарында оның қара сөздеріне де жеке тарауша арнаған. Ұлы ұстаздың прозалық шығармалары жөнінде алғаш рет жүйелі ғылыми пікір айтқан да Мұхтар Омарханұлы болатын.Бұл орайда Абайдың өлеңнен қара сөздерге қарай ойысып, жаңа бір өріске бет түзеуі жөніндегі Мұхтар Әуезовтың байқаулары назар аударарлық.“1890 жылдардан бастап, деп жазды М.Әуезов, ұстаздық, үгітшілік жолына түскен соң, Абай өлеңді аз жазса да, “қара сөзбен” айтатын өсиетті көп жазады. “Ғақлия” деген өсиеттері сол 1890 жыл мен 1898 жылдардың арасында жазылған. 1891 жылдан соң өлеңмен айтпақ болған сөздерінің талайын қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда бірталай өлеңдердің сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып, өлең қылып кеткені де бар”. Қара сөздерді талдауға келгенде М.Әуезовтің алдымен ауызға алатыны олардың жанрлық ерекшелігі. Өйткені Абай мұрасы халыққа кеңінен таныс бола бастаған кезде, осы қара сөздердің жанры жөнінде әр түрлі пікірлер қалыптасты, әркім әр саққа жүгіртіп, өздерінің білген-қадерінше неше түрлі болжаулар айтысты. Абай мұрасын өздеріне тартқысы келген кейбір өзге мамандық өкілдері бұл сөздерді әдеби шығармаға жатқызбай, бөліп әкетіп, өздері иемденбек болған фактілер де байқалған.
60.Қазақстанда патша үкiметiнiң құлауы. Уақытша үкiмет органдарының құрылуы.
Патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады:олар Кеңестер,Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы.Ең алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда,жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай,бұрынғы саясатты жүргізсе,ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге асықты.Уақытша үкімет құрылған сәттен бастап,яғни 1917 ж 3 наурызда Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы мемлекеттік комиссар болып тағайындалды.7 сәуір күні Ә.Бөкейханов сонымен бір мезгілде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді.Қазақстандағы Уақытша үкімет іс жүзінде патша өкіметінің саясатын жалғастырды.Ол ұлт мәселесін шеше алмады және аграрлық мәселені де шешуге асықпады.
61. «Алаш Орда» ұлттық мемлекетінің құрылуы.
Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметі құқықтық мемлекеттік жағдайға ерекше көңіл бөлді.Орынбор қаласында бүкілқазақтық 1-ші және 2-ші съездерінің қаулыларында,Алаш партиясы бағдарламасының жобасында,Алашорда үкіметінің актілерінде 1917 жылғы 21-27 шілдедегі бүкілқазақ съезінің қаулысында Ресейде демократиялық,парламенттік,федеративтік республика болуы керек деп көрсетіледі.Осындай ой Алаш партиясының бағдарламасында айтылды.Алаш партиясы мен Үкіметі сот ісіне ерекше мән беріп,әр халықтың соты әдет ғұрыпқа лайық болуы керек деп көрсетті.Сот ісі қай халық көп болса сол тілде жүреді.Сот алдында барлық халықтар тең.Алашорданың жерге қатысты саясатының құқықтық негіздері партия бағдарламасында съездерінде және Үкіметтің 1918 жылғы 14-24 маусымдағы Алаш автономиясы территориясындағы жерді уақытша пайдалану туралы қаулысында көрініс тапты.Орталық үкімет Алашорда территорияларын жергілікті,облыстық және өздік кеңестер арқылы басқарады.
62. «Алаш» партиясының құқықтық бағдарламасы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
1917ж 21-28 шілдеде 1-Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құр.п, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:1)Мемлекет билеу түрі; 2)Қазақ обл./да автономия; 3) Жер мәселесі; 4) Оқу мәселесі ж/е т.б. 1917ж 21 қарашада «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы ж/е съезд материал/ы жар.ды. «Алаш» партиясы програм.ң жобасындағы 9-тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде - оқу орда/ң есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; - жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектеп/ ана тілінде оқылады; - қазақ өз тілінде орта мектеп, универ.т ашуға; - оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; - үкімет оқу ісіне кіріспеуі; - мұғалім,профессор өзара сайлаумен қойылуы; - ел ішінде кітапхана ашылу туралы айтылады. - газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген. “Алаш” партиясының бағдарламасы 1917ж 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін
мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыс/ын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай
алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс. 1917ж 5-13 желтоқсанда Орынборда 2-жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселе: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.. Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыс бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы М.Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектеп/ң аздығын, қазақ тілінде оқулық/ң жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бой/ша құрамы 5адамнан тұратын бастауыш ж/е орта мектеп/ге арн.н қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құр.ды. Комиссия орт.қ ұлттық кеңеспен бірге болу к.к. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыс жүктелді. Комиссия 1918ж.ң басынан жұмысқа кірісу к.к. 1918ж 1 сәуірде Халел Жаһанша Досмұхамедов Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өк.ң басшысы Ленинмен ж/е Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық өк. құрылғанын, «Алашорда» өк.ң төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемл.ң қойған талап-тілектерін Орт.қ Кеңес өк.і толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады.
63.Қаз.рев.Ком-ның құрылуы, қызметтерi мен мiндеттерi.
Казақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық комитетінің құрылуымен байланысты.1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халком кеңесінің декретімен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.КазРевкомның құрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді:халық ағарту,жұмысшы шаруа инспекциясы,ішкі істер,қаржы,почта,юстиция,әлеуметтік қорғау,жер бөлімі,әскери іс жөніндегі комиссариат,еңбек міндеткерлігі туралы комитет.Бұл бөлімдер КазРевкомның өлкедегі жоғары билік ретіндегі қызметін қамтамасыз етті.Казревкомның міндеттері:өлкедегі кеңес қызметін ұйымдастыру,Кеңестік Ресейдің билік органдарының шешімдерін жүзеге асыру;экономика мен мәдениетті көтеру шаралары Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізу,РКФСР мен Түркістан АКСРі мен байланыс,т.б.Азамат соғыс жағдайында мұндай күрделі де қиын міндеттерді жүзеге асыру оңай болмады.
64.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
ҚР-ның 1996 жылғы 2 шілдедегі саяси партиялар туралы заңында саяси партиялардың құрылуының құқықтық негіздері,олардың құқығы мен міндеттері,іс әрекет етуіне кепілдіктер айқындалған.Саяси партиялардың мемлекеттік органдар және тағы басқа да ұйымдарымен арақатынасы реттелген.Қазақстанда (1996жылғы 1 қарашаға дейін) 9 саяси партиялар құрылған:Қазақстанның социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы,ҚР Коммунистік партиясы,Халық Конгресс партиясы,Республикалық саяси партиясы,Қазақстанның демократиялық партиясы,ҚР Халық бірлігі партиясы,ҚР қайта өрлеу партиясы және де ҚР Халық кооператив партиясы.Бұл айтылған тоғыз саяси партиялар көрсетілген заң тәртібі бойынша тіркелген әрі мәртебелері бойынша республикалық бірлестіктер болып табылады.
65.Қазақ АССР-iнiң құрылуы.
1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiнгi күрделi уақытта 5-12 желтоқсанда Орынборда Екiншi бүкiлқазақ съезi өттi. Оның жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан делегаттар қатысты. Съездегi ең басты көтерiлген мәселе ол қазақ автономиясын құру едi. Автономия туралы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады. Сөйтiп, Қазақ автономиясы туралы мәселе мен баяндама ерекше комиссия қарауына берiлдi. Комиссия атынан Қ.Ғаппасов сөйледi. Съезд бiр ауыздан қазақ облыстарында автономия құрып, оған “Алаш” атын бермекшi болып келiстi. Сондықтан “Алаш-Орда” Уақытша халық кеңесi құрылды. Оның құрамында 25 мүшеболды. Оның 10 орны орыстар мен өлкедегi басқа халықтарға бөлiнген едi. Алаш-Орданың орталығы Семей болып жарияланды. Өкiмет басы төрағалығынабүкiлқазақ халқы кеңесi Ә.Бөкейхановты сайлап, оған Б.Құлмаханов пен А.Тұрлыбаев таласқа түстi. Алаш-Орда жетекшiлерi кеңес өкiметiмен байланыста болды. Бiрақ Алаш автономиясының өмiрi ұзаққа созылмады. Жалпы, сол кезеңдегi тарихи-қоғамдық жағдай азаматтық-құқықты қарым-қатынасты уақыт талабына сай реттеудi қажет еттi. Ел экономикасын, оның iшкi-сыртқы жауларының iс-әрекеттерiне қарай әскери жолмен ұйымдастыруды талап еттi
66.Қазақ АССР-iнiң құрылуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру;2. Қаз. жерлерін 1 республика құрамына біріктіру;Қырғыз әскери революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республыикаң шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орт.Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қаз-н құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 ж қыркүйектің 19ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 ж шілденің 7ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 жж.) болды. 1924 1929 жж. астана Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанн құрамына енгізу оңай болған
жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 ж-ң 2жартысында олар Қазқстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 ж.Ақмола хәне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР не берілді. 1921 ж Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. Қазақ АКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.Ақмола облысы Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уез/рі.Орал облысы Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облыс-ң бір бөлігі. Бөкей ордасы ж.е Каспий теңізі жағасындағы болыстар.Орт.Азияны ұлт-қ мемл-к жағынан межелеуді және Оңт.аймақты рес-ка құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді.Нәтижесінде: 1) Кеңестік Шығ.ұлт республика/ры құрылды. 2) Қазақ жері-ң біртұтас ҚР болып қалыптасуы аяқталды.Соның нәтижесінде Сырдария обл-ң Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уез/рі, Әулиеата уезі-ң көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезін/рі-ң бір бөлігі, Самарқанд обл., Жизақ уезі-ң бірнеше болысы, Жетісу обл.ң Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уез/рі, Пішпек уезі-ң бір бөлігі Қаз-нға қарады. Республика аумағы 1/3-дей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақ/р 61,3 % - ін құрады (1926 ж санақ дерек/рі б-ша).1925 жылы 1519 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңес/р-ң бүкіл Қаз-н-қ V съезінде «қырғыз қазақ» атауы берілді, ал 1936 ж9 ақпанда КазАКСР Орт-қ.Атқару Комитеті қаулысымен «қазақ/р» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін -өзі билеу құқығы қаз.халқы үшін нақты шындыққа айналды.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелеуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.
67.Қазақ АССР-нің «Қалың мал» институтын жою туралы Декреті.
68.Қазақ АССР-iндегi алғашқы қабылданған декреттер.
1920 жылы 26-тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы Н.И.Калинин “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” декретке қол қойды. Сөйтiп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-i құрылды. Халық комиссариаттары жеке дара және бiрiккен болып екiге бөлiндi. Бiрiккен халық комиссариаттарға РКФСР-дiң халық комиссариаттарына тiкелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесiне де бағынды. Бiрақ РКФСР басшылығымен келiсiп отырды. Бiрiккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестiң 1920 жылғы 26 тамыздағы декретi бойынша мыналар жатты: азық-түлiк, қаржы, жұмысшышаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесi, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
69. Қазақ ССР-нiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация.
1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ ССР ның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының» қабылдануы өз алдына дербес және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының алғашқы қадамы,бастау жолы болды.Бұл декларацияның ең басты ерекшелігі тәуелсіз мемлекеттің барлық негізгі элементтерінің одан әрі қалыптасуы үшін заңдылық негіздерін нақты айқындап берді де,Қазақстан тарихындағы жаңа бетті ашты.Декларацияның тексті мынадай сөздермен басталады. «Қазақ ССР нің Жоғарғы советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып,қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып,ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,Қазақ ССР нің мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы декларацияны қабылдайды.Декларацияда Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұлттық мемлекеттілік туралы бүкпесіз де ашық жария етілді.Қазақ ССРы ұлттық мемлекеттілікті сақтау,қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады делінген.
70. Қазақ ССР-нiң еңбекшiлерi құқығының декларациясы.
1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай Кеңесi өттi. Съезд ҚАКСР-нiң орталық мемлекеттiк органдарын Қазақ Орталық атқару комитетiн құрып, оның төрағасы етiп С.Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесiнiң төрағасы етiп Р.Радусь-Зенковичтi бекiттi. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн. шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Құрылтай съезi “Қазақ АКСР-нде Кеңес өкiметiн ұйымдастыру туралы” қаулы қабылдады және “ҚАКСР-дiң еңбекшiлерi құқығының декларациясын” қабылдады. Бұл конституциялық қуаты әрi мәнi бар декларация Қазақ автономиясының мемлекеттiк құрылымын, территориясын, сайлау жүйесiн тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Кейiн аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дiң тұңғыш Конституциясының жобасына кiрдi. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкiмет билiгi кеңестердiң бүкiлқазақтық съезi болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитетi сайланды. Ол 75-ке дейiн мүшеден тұрып, 25 мүшелiкке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитетi бүкiлқазақтық съездi жылына бiр рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билiк органы болып есептелiндi. Төтенше немесе кезектен тыс бүкiлқазақтық съездi ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 бiлдiретiн жергiлiктi кеңестердiң талабымен шақыра алатын едi. Бүкiлқазақтық съезд мемлекеттегi барлық билiкке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетiн сайлады, әрi өкiметтiң есебiн тыңдап заңдар қабылдады.
71. Қазақстандағы коллективтендiру. Оның əлеуметтiк жəне саяси-құқықтық салдары.
72. Барымта ұғымы жəне жалпы сипаттамасы.
Барымта қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шара.Егер қылмыс жасаған жақ үкіміне көнбесе немесе кешіктірсе даугер жақ өз тарапынын барымта ұйымдастырады.Барымта ең алдымен малды айдап алу оның талабы белгіленген көлемнен бидің алдында кесілген шықпау.Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастарды реттегіш деп есептеуге болады.Жарғы бойынша егер қылмыскер би үкімін орындамаса туыстары қорғап өз тарапынан айыбын тартпаса ауыл болып дауды шешуден бас тартса зәбір шегуші жақ барымтаға барады.Зәбір шегуші ең алдымен ақсақал билердің алдынан өтіп,ал малды айдап келгеннен кейін қанша мал әкелгенін баяндайды.Айдап әкелінген мал үкіммен берілген айыпқа немесе құнға сәйкес келуі керек.Барымта ашық түрде жасалады.Барымтаның түрлері-ұрлық жасалып,ұры малды сіңіріп алса,біреудің кісісі өліп өлтіруші жақ тез арада алты жақсысын алып алдарына жығылмаса,біреудің қорық жеріне өзгенің малы жайылып,істен шығарса сонымен қатар неке мен отбасы мәселерінен өрбитін:қалың малын төлемей қыз алып қашу,біреудің заңды некесін бұзу,ортаға түскен олжадан сыбаға бермеу,қонақ асы дәстүрін бұзу.
73.Рулық өзара көмек институттына жалпы сипаттама.
Рулық өзара көмек және ешқандайда құжат емес сөзге тоқтау, сөзге сену яғни, сенiм институтының қазақ әдет-ғұрпында жан-жақты жақсы дамуы болды. Мысалы, бiреу үй сала қалған жағдайда немесе басқа да қиын-қыстау кезеңдерде руластары не көршi - қолаңдары “асарға” жиналатын. Асар жасау әдет-ғұрпы қоғам мүшелерінің бір біріне жәрдем беру мақсатында жасалған.Асар шөп шабу,құдық,арық қазу,жол салу,қыстау,үйлерін тұрғызу сияқты үлкен жұмыстарды ұйымдастырғанда жасалады.Асарға қатысу ерікті болған.Асарды билігі барлар мен байлар көп жасаған.Асарға қатысушыларға еңбекақы төленбеген,тек тамақ беріліп,кішігірім сый сияпат көрсетілді.Жылу жинау жұтқа ұшыраған немесе стихиялық сипатқа ұшыраған қоғам мүшелеріне руластарының,ауылдастарының мал немесе мүліктей беретін жәрдемі жылу мүлкі қарыз болып есептелмеген.Жұртшылық қарызға батқан,қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары және туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жәрдемі.Мұндай жағдай әркімнің басына түсетін болғандықтан оған көпшілік толықтай қатысатын.
74. Қазақстандағы Қазан төңкерiсi жəне оның жағымсыз кереғар салдары.
Уақытша үкімет еңбекшілердің мүддесі мен тілегін қанағаттандыра алмады,оның билеуші органдары аумаққа бақылау жасау мүмкіндігінен айырылды.Ақырында еңбекшілердің бас көтерулерін күшпен басуға тырысты.1917 ж 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды.Қызыл гвардия отрядтары,солдаттар мен матростар Петроградтағы бірқатар вокзалдарды,ал таңертең Мемлекеттік банк пен Орталық телефон станциясын басып алды. «Аврора» крейсері өзінің қуатты артиллериялық қондырғыларынан Невада оқ атып,24 сағат 40 минутта Уақытша үкімет отырған Қысқы сарайға шабуыл жасауға белгі берді. Сағат 10-да Уақытша революциялық комитет В.Лениннің үндеуін,Уақытша үкіметтің құлағаны туралы жариялады.
65. Түркістан АССР-інің таратылуы жəне Қазақ жерлерінің қайта қосылуы.
ҚРның тәуелсіздікке қол жеткізуі еліміздің өткен тарихын оның ішінде мемлекеттік құқықтық даму тарихын қайта объективті түрде бағалауға шынайы бағасын беруге зор мүмкіншілк беріп отыр.Соның ішінде 1924-1925 жж орын алған Кеңестік Түркістан республикасының таратылуы оның саяси құқықтық салдары және қазақ жерлерінің қайта қосылу мәселесін атап өтуге болады.Түркістан АССРі 1918 ж 30 сәуір күні бұрынғы Түркістан өлкесінің аумағында кеңестік республика болып жарияланған болатын.Көп ұзамай 1920 ж бас кезінде,көп ұлтты Түркістан республикасын тарату туралы мәселе көтеріле бастады.Оның себептері көп болатын.Т.Рысқұловтың Түркістан республикасында түрік халықтарының мемлекетін құру идеясын көтеруі кеңес өкіметінің Түркістан республикасын басқаруда көптеген қиындықтар туындауы,Хиуа мен Бұқарадағы хандық билікті жойып,оның аумағын ұлттық сипатына сәйкес болуы және т.б.
83.1978 ж. Қазақ ССР-iндегi Конституция. Саяси жүйедегi партияның монополиясы немесе жеке билiгi.
1977 жылы 7 қазанда КСРО-ның жаңа конституциясы қабылданып, оның артын iле-шала сол конституцияға орай 1978 жылы 23 сәуiрде ҚазКСР-iнiң жаңа конституциясы жарияланды. Жаңа конституцияны қабылдаудың бiрнеше алғы шарттары болды. 1930 жылдан кейiнгi 40 жылдан астам уақытта Қазақстан территориясында және КСРО-да елеулi өзгерiстер болған едi. Сол жылдар аралығында елде кемелденген социалистiк қоғам құрылды деген теориялық тұжырым жасалынған едi. Сондықтан да жаңа Конституция жарқын болашағымыз дүние жүзiндегi ең нұрлы коммунизмге бастаушы бiрден-бiр жол болады деп қабылданды. Мұның бәрi теория мен практика арасындағы қайшылықты тудырып, бүгiнде ол үлкен қателiкке бастаған жол екендiгiн көрсетiп отыр.Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы 10 бөлiм, 19 тарау, 173 баптан тұрды. Жаңа Конституцияда
ҚазКСР-нiң егемендiгiнiң де мөлшерi көрiнiп, бұрынғы еңбекшiлер депутаттары халық депутаттары деп аталды. Мемлекеттiк өкiметтiң жоғарғы органы Республика Жоғарғы Кеңесi болып табылды. Олар 510 депутаттан тұратын. Оның сессиясы жылына екi рет шақырылып, заң шығару тәртiбi Конституцияда анықталды. Мемлекеттiк өкiметтiң жоғарғы атқарушы және өкiлеттi органы немесе өкiмет ҚазКСР Министрлер кеңесi деп аталды. Оның құрамын республика Жоғарғы Кеңесi жасақтап, құрамына өкiмет төрағасы, орынбасарлары, министрлер мен мемлекеттiк комитет төрағалары кiрдi. Мемлекеттiк билiктiң жергiлiктi органдары облыстық, аудандық, қалалық, поселкелiк, ауылдық халық депутаттарының кеңестерi болып саналды. Жергiлiктi кеңестер болса сессияда атқару комитеттерiн сайлап, олар сол кеңестер атынан жергiлiктi мемлекеттiк билiктi жүзеге асырды. Жалпы, Қазақстанның 1978 жылғы Конституциясы белгiлi дәрежеде елiмiздiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына ықпал етiп қана қоймай, оның саяси -экономикалық, мемлекеттiк және құқықтық дамуына игi әсерiн тигiздi.
85-86. Тəуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң құрылуы. Мемлекеттiк құқықтық актiлер.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқығы ежелгi дәуiрден бүгiнгi ХХI ғасыр басына дейiнгi аралықта елеулi кезеңдерден өтiп, өзiнiң әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң эволюциясы арқылы 1991 жылғы тәуелсiз де егемен Қазақстанның жеңiсiне қол жеткiздi. 1989 жылғы 22 қыркүйекте “Тiл туралы” заң қабылданып, қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болып жарияланды. 1990 жылы 24 сәуiрде республикада Қазақ КСР Президентi дәрежесi бекiтiлдi. Жоғарғы Кеңестiң сессиясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Сөйтiп, аталған кезеңде КСРО-ның орталық органдарының билiгi бiрте-бiрте әлсiреп, керiсiнше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түстi. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-i өздерiнiң егемендiктерiн жариялады. Артынша, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған егемендiгi мен тәуелсiздiгi iске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы” Конституциялық заң қабылданып, заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi салтанатты түрде жарияланды. Ол күн тәуелсiздiк күнi болып мәлiмделдi. Сөйтiп, Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекет және құқық тарихында жаңа бiр белеңге көшiп, тарихтың жаңа тәуелсiздiк бетiн ашты. Қазақстан Республикасы тәуелсiз демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Өз территориясында өкiмет билiгiн толық иеленiп, iшкi және сыртқы саясатын дербес деп белгiледi. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады деп жарияланды.
87.1993 ж. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясы.
88. 1995 ж. Казақстан Республикасының Ата Заңы (Конституциясы).
1995 ж 30 тамызда қазақстан өміріндегі елеулі оқиға болып қалатын жаңа бір кезеңді бастайтын Конституция қабылданды.Ол бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып,өмірге енгізілді.Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы кездесетін кейбір кедергілер мен жайсыздықтар,әрі қайшылықтар жойылып,еліміздің мәдениет пен өркениет жолына жаңаша түсуіне кең мүмкіндік ашылды.Қазақстан президенттік республикаға айналып,қос палатадан тұратын тұрақты парламент құрылды.Үкіметтің ролі артып,азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.Жас мемлекеттің он сегіз жылдық тарихын ой сарабынан ҚРның мемлекетінің тәуелсіздігі туралы конституциялық заң ұлттық валютамыздың жеке меншік институтының енгізілуі,ядролық сынақ полигоны жабылып.ҚРның атом қаруынсыз елге айналуы,ҚРның БҰҰна мүше болу.Осы 1995 ж Конституциядан көруге болады.
89.1990ж.25 қазандағы «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы.
90.1991ж.16 желтоқсандағы «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
92.Қ азақстанның 1992 ж. 2 наурызда БҰҰ-на мүше болуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдансоңбітімгершіліксомасы он есегеөседі. Екінші ұсынысы Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекетбасшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамныңт.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін,саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді. Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегібағдарламасымен ынтымақтасты үлкен әлеуеті бар.БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, ҚазақстанҰйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру осыныңбәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оңбағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік (Қазбат) батальонының құрылуы болып табылады.