У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Б'гінгі та'да 'алымны' есімі тарих 'ойнауында

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Нығмет Сауранбаев

Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.

Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері - құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.

Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.

Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық: жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден) құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды білдіре алады».[18;251-бет] Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:

  1.  Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;
  2.  Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;

3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;

Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін. Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем деп танудың басты критерийі деп таниды. Бірақ бұл жерде бастауыш пен баяндауыш құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі болғанымен, ғалым бұл екі мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, ғалым «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген сөйлемінің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.

Көптеген түркітанушылар (Н.Дмитриев, Ш.Ширалиев,т.б.) құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары жақтасуын басты шарт деп есептесе, ал Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін-де баяндауышпен жақтасып, тиянақты қалыпта тұруы, қазақ тілі үшін де, жалпы түркі тілдері үшін де шартты емес. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды.

Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің ара жігі бірнеше тәсілдерімен ажыратылады деген қорытындыға келеді. Олар: интонация, баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулықтар, септеуліктер немесе солардың қызметін атқаратын жалғаулық сөздер. Сондықтан «сабақтастарда компоненттердің жігін көрсетуші көбінесе интонация болады да, ал салаластарда үш тәсіл (баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулық, демеулік, интонация) бірдей қолданылады» деп, әрқайсысына талдау жасаған.[18;510-бет] Бұл – түркологияда бұрын-соңды айтылмаған пікір.

Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы еңбекте берілген. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөліп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге бөлінгенде, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты, үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал сабақтас құрмалас сөйлемдер: себеп-салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі сабақтастар деп бөлінген. Қазіргі грамматикада «үдетпелі салалас» пен «тіркесті салалас» - ыңғайлас салалас, «бейтарап салалас» - талғаулы салалас деген атаулармен бірлесе, «іргелес салалас» сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан «үлектес сабақтас» деп танылған. Ал сабақтастардың ішінде «нұсқаулы сабақтас», «аяулы сабақтас», «сілтеулі сабақтас» дегендерден басқасының барлығы қолданылып жүр.

Жай сөйлемдердің құрамына енген сөздер бір-бірімен қандай граммати– калық тығыз байланыста болса, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де сондай тығыз байланыста тұрады. Құрмалас сөйлемдер арасындағы теңдік қатынасқа негізделген салаласа байланысу не біріне-бірі меңгеріле бағыну негізіндегі сабақтаса байланысу болады. Құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің байланысының әр түрлі болуы – оларды байланыстыру дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандығы.

Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырудың амалдары ретінде интонация, компоненттердің орын тәртібі, шылаулар, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, изафеттік тіркестер қатыса алады дейді.Бұнда ғалымның жаңалығы – құрмалас сөйлемнің компоненттерінің изафеттік тіркестер арқылы құрмаласуы.

Қай тілде болмасын, адамның айтайын деген ойының аяқталғанын немесе аяқталмағанын білдіруде интонацияның атқарар қызметі өте зор. Тіл-тілде интонация тиянақты және тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді де, айтылған ойдың аяқталғанын білдіреді. Бұл қағида – тек жай сөйлемге ғана тән емес, сонымен қатар құрмалас сөйлемдерге де ортақ қасиет. Н.Сауранбаевтың айтуынша, интонация – құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғатының негізгі крите- рийлерінің бірі. Құрмалас сөйлем тиянақты ойды білдіретін екі я одан да көп жай сөйлемдерден емес, біршама аяқталған ойды білдіріп, өзара предикативтік қатынаста тұратын жеке компоненттерден жасалады. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті тиянақсыз немесе біршама тиянақсыз үнмен айтылады да, тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді. Сондықтан ол - тек құрмалас сөйлемге ғана емес, жай сөйлемге де тән құбылыс. Құрмалас сөйлемдердегі интонацияның бұл түрінің қызметі сол, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің басын біріктіріп, оларды синтаксистік бір бүтін етіп тұрады. Н.Сауранбаев: «интонация имеет различные ритмика- мелодические разновидности, которые используется в почеркивании эмоциональной окраски стилистических и смысловых оттенков предложений» [16;362-бет] Бұл үстеме мағына жалғаулықтарды қолдану арқылы жүзеге асатынын ғалым дұрыс көрсеткен.

Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің тіліміздегі қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемдердің құрмаластық қасиеті жойылады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орын тәртібі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілінің бірі болып есептелінеді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орындалуында мынадай заңдылықтар болады:

1) салалас құрмалас сөйлемде, сабақтас құрмаласта да мағына және тұлғалары жағынан тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің алдынан келеді;

2) поэзияда құрмаластардың тиянақты компоненттерімен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібін өзгертіп, өлең үйлесіне қарай түрленіп айтылады. Бұлай болып келу - тілімізде қалыптасқан заңдылық;

3) сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің ішінде келеді. Бірақ бұл тілімізде кең жайылған құбылыс емес, өте сирек кездеседі. Бұнда сөйлемнің интонациялық жағынан ғана өзгермесе, оның компоненттерінің байланысы мен мағынасына ешқандай нұқсан келмейді.

Н.Сауранбаевтың көрсетуінше, анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы және мезгіл, себеп , шартты бағыныңқылы сөйлемдер басыңқы сөйлемнің алдында тұрады.

Сондай-ақ құрмалас сөйлемдерде байланыстырушы элементтердің де белгілі орын тәртібі бар. Мысалы, септеуліктер бағыныңқы сөйлем, ал жалғаулықтар басыңқы сөйлем құрамында келеді де: «в сложном иредложе- нии твердый порядок расположения простые предложений используется как один из способов связи» деп қорытады.[16;365-бет]

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырып, құрмалас сөйлем жасауда жалғаулықтардың атқарар ролі зор. Әрбір грамматикалық категориялар мен морфологиялық тұлғаларға, синтаксистік қатынастар мен қалыптасқан сөздердің формасына тарихи өлшем тұрғысынан қарайтын ғалым, әрбір жалғаулықты бір кезде толық мағыналы жеке сөздер болған, олардың «жалғаулыққа (демеулікке) айналуының негізгі себебі - сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы синтаксистік қатынас» деген пікір айтады (бірақ – бір + ақ, дегенмен – де + ген + мен, алайда – алай + да, сөйтіп – солай + етіп, сондықтан – солай + болғандықтан, біресе – бір + есе, сөйтсе – солай + етсе).

Н.Сауранбаевтың пікірінше, кейбір жалғаулық мәнде қолданылатын сөздер толығымен жалғаулыққа айналмаған. Мәселен, болмаса сөзі екі мағынада қолданылады: негізгі және жалғаулық мағынасында. Мысал ретінде Бұл үйді салып бітіру керек, болмаса тіпті қою керек. Олай болмаса қайтесің деген сөйлемдерді келтіріп, болмаса жалғаулығы бірінші сөйлемде жалғаулық мәнде, екінші сөйлемде өзінің негізгі мағынасында қолданылған деп түсіндіреді. Осыған орай қазақ тіліндегі жалғаулықтарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таза жалғаулықтар, яғни үстеме мағына беретін жалғаулықтарды жатқызса, екінші топқа лексико-семантикалық және грамматикалық мағынада жұмсалатын жалғаулық мәнді сөздер: болмаса, себептен, болғандықтан, дегенмен жатқызылған.

Жалғаулықтардың тілімізде пайда болу дәуірі де, жазба ескерткіштер тілінде кездесу дәрежесі де, қызметтері де біркелкі емес. Ғалым 8–17- ғасыр- лар арасында жазба ескерткіш тілінде осы күні қолданылып жүрген жалғаулықтардың болмағандығын айтып, тек «үшін» шылауының қолданылғандығын айтады. Зерттеушілердің жалғаулықтардың бір кезде пайда болмағандығын, олардың бірте-бірте жеке сөздерден, тіпті сөйлемдерден пайда болып, олардың жаңа синтаксистік мәнге ие болғандығын жоққа шығармайды. Профессор Р.Әміровтың пікірінше, болмаса, әйтпесе, немесе ерте кезде шартты бағыныңқы сабақтас қызметін атқарып, осының нәтижесінде талғаулықты және қарсылықты жалғаулықтар пайда болған.

Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерде жалғаулықтардың қолдану дәрежесі біркелкі емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің көбінде жалғаулықтар сөйлемдерді құрмаластырушы негізгі тұлға емес, бұнда байланысты күшейте түсетін, көмекші тұлға ретінде жұмсалады. Н.Сауранбаев бұл жөнінде: «По сравнению с послелогами союзные слова имеют особую сферу употребления. Союзы выражают не влияние синтаксические отношения и следовательно, связывают составные части сложного предложения не всех типов. Сфера действия союзов распространяется преимущественно в пределах одного отношения именно в тех случаях, когда отношение одного слова к другому и одного предложения у другому предложению является равным или независимым. В том случае, когда отношение между сочетающимся синтаксическими еденицами или компонентами бывают неравное или зависимое, союзы вообще по своим функциям преимущественно являются соченительными. Они определяют специфические особенности сложносочиненного предложения в отличии от сложноподчиненного». [16;366-бет]

Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда қазақ тілі білімінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бірінші көзқарас бойынша, оларды ажыратудың критерийі компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы, егер компоненттер мағыналық жағынан бірі екіншісіне тәуелді болса, сабақтас құрмалас сөйлем болады. Ал өзара теңдік қатынаста жұмсалса, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тиянақсыз тұлғаларда тұрғанымен салалас құрмалас сөйлем деп танылады. Екінші көзқарас бойынша, салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық белгілеріне қарай емес, тұлғаларына қарай ажыратуды критерийі етіп алу. Егер алдыңғы компоненттің баяндауышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып, екінші компонентке бағына байланысса, сабақтас құрмалас деп, ал баяндауыштары тиянақты тұлғада тұрса салалас құрмалас деп танылады.

Қазақ тіл білімінде салаластың қатарында көсемшенің – п тұлғасымен келген сөйлемдердің де танылғаны белгілі.(Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев) Бұл ғалымдар сөйлем табиғатын түсінуде мағыналық тиянақтылықты басшылыққа алып, тиянақсыз байланысу жолын екінші қатарға қойған. Мұндай сөйлемдерді Н.Сауранбаев «іргелес сабақтас» сөйлем деп, С.Аманжолов «үлектес сабақтас» сөйлем деп атауды ұсынған.

Қазақ тіл білімінде жалпы түркологияда құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғатын психолингвистика тұрғысынан алғаш рет Н.Сауранбаев түсіндірген. Ғалымның түсіндіруінше, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасында қатынастың мәнін, түрін психолингвистикасыз түсіндіруге болмады. Ғалым өз тұжырымын дәлелдеу мақсатында: Жазды күні томпайған бір төбелер бар еді, енді олар қарға батып кетіпті де, жалтыр төбелері (қар тұрмайтын) сырғанақ болып қалыпты сөйлемінде талдау жасайды: бірінші сөйлем - жазды күні томпайған бір төбелер бар еді, екіншісі - енді олар қарға батып кетіпті де, үшіншісі - жалтыр төбелері (қар тұрмайтын) сырғанақ болып қалыпты. Мұнда төбе туралы бірнеше ой ұласқан. Бірінші төбенің бір мезгілде барлығы, екіншіде олардың қарға батуы, үшіншісі тақыр төбелердің сырғанақ болып қалуы туралы. Жоғарыда келтірілген үш сөйлем форма жағынан да тығыз байланысты. Үш сөйлемдегі ойдың да түпқазығы – төбе. Бірінші сөйлеммен (жазды күні томпайған бір төбелер бар еді), екінші сөйлем (енді олар қарға батып кетіпті де) мезгіл жағынан байланысты, яғни біріншіде төбенің өткен уақыттағы қалпы (көрінбей қарға батып кеткені) туралы салыстырылып айтылған. Ғалымның айтуынша, бұрыннан белгілі бір ой (томпайған төбенің барлығы) арқылы жаңа ой (олардың қарға батуы, төбелердің жылтыр болуы) айтылған. Психологияда мұндай процесс апперцепция деп аталады. Апперцепция дегеніміз білуге тиісті нәрсені бұрын білінген нәрсе арқылы білу болады. Сондықтан апперцепцияның нәтижесінде жаңадан ой құрастырылады. Апперцепция екі түрлі ұғымнан құралады: бірінші апперцепциялаушы (яғни бұрыннан белгілі) ұғым, екіншісі апперцепцияланушы (яғни білінуге тиісті) ұғым. Сондықтан ғалым мынадай қорытындыға келеді: «жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бір – біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы.(восприятие) Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес, ассоциация аналогия, апперцепция принциптерімен жинақталып ұласуға негізделген».[15;35-бет] Автордың түсіндіруінше, сөйлемдердің сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал сөйлемдердің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі керісінше болады. Сөйлемдердің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау (синтез).

Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер өздерінің сөйлемдік қасиеттерінен аз да болса айырылып, бір бүтіннің органикалық бөлшектеріне айналады. Салалас құрмаласта басқа компоненттеріне қарағанда бірінші компоненттің интонациясы тиянақсыздау болады. Осыдан болу керек Н.Сауранбаев интонациясы құрмалас сөйлем – дерді танудың басты критерийі деп таниды. Салалас сөйлемдегі жай сөйлемдер әркашан белгілі жалғаулық арқылы, я жалғаулық мағынада қолданылатын көмекші сөздер арқылы құрмаласады. Сондықтан әр сөйлемнің баяндауыштары тиянақты қалыпта тұра алады. Осыған орай, Н.Сауранбаев салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің тиянақты қалыпта тұруының үлкен бір себебі – олардың арасындағы синтаксистік қатынастар (сабақтастағы сияқты; құрмаласқа енген жай сөйлемдердің баяндауыштары арқылы емес) арнаулы жеке формалар, жалғаулықтар арқылы білінеді деп есептейді. Бұл – бұрын – соңды айтылмаған пікір. Ғалым салалас құрмалас сөйлемдердің өзара байланысу тәсілдерін баяндай отырып, бүгінде айтылып жүрген құрмаласу жолдарын (аналитикалық) тәсіл, жалғаулықтар немесе жалғаулықтар орнына жүретін көмекші сөздер арқылы айтып кеткен.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу жолдары мен топтастыру мәселелерінде шартты болса да бірізділік болса, салаластарды топтастыру –да, олардың байланысу тұлғаларын айқындауда мұндай бірізділік болмады. Салалас құрмаластар тобына құрмаластағы жай сөйлемдердің байланыс формалары да, белгілі бір ойды білдірудегі дербестілік дәрежесі де әр түрлі құрмалас сөйлемдер жатқызылып жүрді. Ал «Қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесінде» салалас сөйлемдерді жіктеуде Н.Сауранбаев өзіне дейін жіктеліп келгендей мезгілдес, себептес, қарсылықты деп үш түрге ғана бөліп, олардың өзіндік белгілерін, мәнін түсіндірген. Бұл саладағы автордың табысы – салалас сөйлемдердің аталған түрлерін кеңірек баяндауында. Бірақ қазақ тіліндегі талғаулы, кезектес салаластар құрмалас сөйлем дәрежесіне көтеріле қойған жоқ деп есептеген. Ғалымның пікірінше, сөйлемдерді құрмаластардың басқа түрлерінен (іргелес, сабақтас) ажырататын шек – жалғаулық, яғни, салаластардың жалғаулықтар арқылы құрмаласатындығы.

Іргелес құрмаластарды құрмалас сөйлемдердің ерекше құрылымдық- семантикалық түрі ретінде қарастыру көптеген түрколог ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Қазақ тіл білімінде іргелес құрмалас сөйлемдерді алғаш рет құрмалас сөйлемнің жеке түрі ретінде Н.Сауранбаев қарастырған. Н.Сауранбаев еңбегінде «іргелес» деген термин бұған дейінгі лингвистикалық әдебиеттерде «жалғаулықсыз» деп аталатын терминнің орнына қолданылған. Бірақ онымен тепе-тең мағынада емес, бірақ басқаша мағынада жұмсалған. Бұған дейінгі әдебиеттерде жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер салалас құрмаластың бір түрі ретінде қарастырылса, Н.Сауранбаев оны салаласқа да, сабақтасқа да қоспай, құрмалас сөйлемнің бір жеке түрі ретінде қарастырады. Өйткені, «Іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір – бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпта болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан біріне – бірі сыйпаттап, бір – біріне тәуелді болып байланысады».[15;27-бет]

Кейінгі еңбектерінде ғалым бұл пікірінен қайтып, іргелес құрмалас сөйлемдерді салалас құрмаластың бір түрі деп қарастырғанымен, «жалғаулықсыз» деген термин ыңғайсыз, іргелес деп аталатын болсын деген пікірінен қайтқан жоқ. Ғалымның пікірінше, жалғаулықсыз атаудың мынадай ыңғайсыздықтары бар: «жалғаулықсыз деген атау жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласу тәсілін көрсетпейді. «Іргелесу» термині лайықты сияқты. Біріншіден бұл құрмаласқа енген жай сөйлемдердің қалай құрмаласатынын білдіреді. Екіншіден, іргелес ғылыми әдебиетте орныққан «примыкание, замыкание» ұғымдарға адекватты түрде сай келмесе де, жақын келеді».[15; 32-33-бет] Бұндай ғылыми тұжырым профессор Р.Әмірдің зерттеулерінде өз жалғасын тапты. Ғалымның тұжырымдауынша, қазақ тіл білімінде жалғаусыз байланысқан салалас сөйлемдерді өз алдына бөлек конструктивтік тип ретінде қарау орнықты. Өйткені, іргелес құрмаластардың өзіне тән ұйымдасу заңдылықтары мен сол заңдылықты іске асыратын амалдары бар. Біз ғалымның пікірін құптаймыз. Өйткені, «жалғаулықсыз» термині «жалғаулықты» сөзіне антоним ретінде қолданылғанымен құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы құрмаласу тәсілін, қарым-қатынасын білдіре алмайды.

Іргелес құрмалас сөйлемдердің негізгі белгісі – компоненттер құрамында жалғаулықтардың жоқтығы. Яғни, іргелес құрмаластардың басты ерекшелігі – олардың құрылысында. Бұндай құрмалас сөйлемдердің синтаксистік тұтастығы компоненттердің мағына жағынан байланыстылығы мен олардың ерекше құрылымдық ұйымдасуына негізделген, ритмико-интонациялық құралдар арқылы көрінеді. Ғалымның айтуынша, интонация – іргелес құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырушы негізгі амалдың бірі. Бұнда бірінші компоненттен кейінгі интонация сәл төмендеп бәсеңдейді, бірақ аяқталмайды, екінші компонент көтеріңкі дауыстан басталады.

Іргелес құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдер тізбесі арасындағы айырмашылық: «ол жалғаулықсыз құрмаласқан жай сөйлемдердің бір–бірімен ішкі мағына жағынан байланысты болатындығы, яғни, мезгілдес, амалдас, себептес, шарттас болатындығы, сондықтан да олар бір фонациямен ұштасып, ұласып айтылады.[15;27-бет]

Н.Сауранбаев белгілі жалғаулықтар арқылы жалғаулықты салаласқа айналдыруға болатындығын (Осымен сөз бітті, Алшынбай біраз отырып үйіне қайтты. Осымен сөз бітті де, Алшынбай біраз отырып үйіне қайтты), ал алдыңғы сөйлемнің баяндауышы «е», «еді», «емес» көмекшілеріне бітсе, ондай жалғаулықсыз сөйлем жалғаулықты салаласқа айнала бермейтіндігін кезінде айтып кеткен. Бұның алдыңғысын профессор Р.Әмір ауыспалы іргелес, ал кейінгісін тұрақты іргелес деп қарастырып, салалас сөйлемдердің жалғаулықсызын қамтамасыз ететін мынадай екі жағдай бар дейді. Олар:

1) Салалас құрмаласқа қатысатын бірінші компоненттің құрамына арнаулы формада («жедел өткен шақ етістік + бар ғой», «жедел өткен шақ + ма», «бастауыш тұйық рай етістік – баяндауышы сол (осы) еді», «бастауышы тұйық етістік – баяндауышы мұң еді», «бастауышы өткен шақ есімше – баяндауышы осы еді», «бастауышы өткен шақ есімше – баяндауышы мұң еді») баяндауышының қатысуы.

2) Бұлардан бөлек жалғаулықты қатыстырып та, қатыстырмай да құрала беретін сөйлемдер.

Іргелес құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бірлігі жай сөйлемдердің мағыналық жағынан өзара байланыстылығынан, шарттастылығынан, интонация тұтастығынан және компоненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан білінеді. Мағыналық жағынан алғанда, іргелес құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір – біріне жақын, өзара іліктес, шарттас, мезгілдес, себептес болып келеді. Қазақ тілі оқулықтарында жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай әр түрлі топтастырылды. Мәселен, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер туралы алғаш 1939 жылы шыққан еңбекте қатыстырылған. Бұнда жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің өзара жіктері ашылмай, тек іргелес деп қарастырылған. Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің педучилищелерге арналған «Қазақ тілі грамматикасында» жалғаулықсыз салалас сөйлемдер іргелес деп танылып: «іргелесіп құрмаласқан жай сөйлемдер де ыңғайлас, мезгілдес, қарсылықты, шарттас, амалдас болып құрылады.

Академик Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас жөніндегі баяндауларын сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жолдарынан ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдермен байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни, олардың түрлері туралы мәселелерді талдаудан аяқтайды. Ғалым өз еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырады. Бірақ бұл екеуі – семантикасы жағынан да, құрылыстары жағынан да екі түрлі категория. Мағынасы жағынан тұрлаусыз мүшелер жеке бір ғана ұғымды білдірсе, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз болғанымен бүтін ойды білдіреді. Ал құрылысы жағынан бағыныңқы сөйлемдер предикативтік қатынасқа ие, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай сөйлемдік қасиет жоқ.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі грамматикалық сипатын айқындаған-да бағыныңқы сөйлем басшылыққа алынады. Өйткені, бағыныңқы сөйлем – сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастырушы. Н.Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, бағыныңқы сөйлем – басыңқы сөйлемде берілген тұтас ойды, не ондағы бір мүшені сипаттау, толықтыру үшін сол басыңқы мен өзінің дербес бастауышы бар баяндауыш арқылы құрмаласқан жай сөйлем.

Дәстүрлі грамматикада бағыныңқы сөйлемнің басты белгілері ретінде:

  1.  Өзіне тән ой дербестігі болу.
  2.  Предикативтік қатынас негізінде құралу.
  3.  Ұластырушы интонациямен айтылуы беріледі.

Бұнда бағыныңқы сөйлемнің ой дербестігі мен ұластырушы интонациямен айтылуы еш дау тудырмайды. Себебі жеке дербес ойға ие болмаған сөйлем сөйлем болмайды. Бағыныңқы сөйлемде берілетін ой жеке алдында дараланған ой емес, басыңқы сыңарға байланысты айтылған, соны толықтырып, мазмұнын айқындайтын қасиетке ие. Бағыныңқы сөйлемдер ұластырушы интонациямен айтылады. Кез-келген сөйлемде, синтагмалық топтарда интонациялық жік болатыны белгілі. Бірақ бұларда интонация ритмикалық кідіріс ретінде көрінсе, бағыныңқыларда бұл интонация айтылу жағынан басыңқы сөйлеммен ұласқан болып келеді. Интонациялық толқынның басыңқы компоненттің соңында жоғарылауы сөйлемнің аяқталмағандығын, жалғасы бар екендігін, ұласа айтылуындағы паузалық байланыстың барлығын көрсетеді.

Бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық безендірілуі – барлық тілдерде сөйлемнің екі ажырамас құрылымдық әлементтері ретінде бастауыш пен баяндауыштың болуы. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарында бастауышы, баяндауышы болуының жалпы сөйлемдік шарты. Бірақ грамматикалық бастауыш барлық сөйлемде бола бермейді, сабақтас үшін оның орнына мағыналық бастауыштың барлығы да жеткілікті.

Құрмалас сөйлемнің тарихында ең алдымен көп жылдар бойы үйірлі мүшенің табиғатын айқындау өзіндік орын алды. Кейбір ғалымдар «үйірлі мүшені» жай сөйлем құрамында қарастырса, кейбірі оларды бағыныңқы сөйлемге жатқызады. Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді құрмаластардың қатарында қарау Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев – тардың еңбектерінен орын алған. Академик Н. Сауранбаев пікірінше, үйірлі мүше құрамында өзіндік бастауыш болмайды. Ал егер бола қалса, ол үйірлі мүше емес, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының ішіндегі жай сөйлем есебінде қарастырады.

Ендігі кезекте сабақтас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің құрмаласу жолдарына келер болсақ, Н.Сауранбаевтың пікірінше, сабақтас құрмалас сөйлемдер 1) көсемшелер; 2) есімшелер; 3) шартты рай; 4) изафет арқылы құрмаласады. Көсемшенің ішінде (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) бағыныңқыны басыңқымен байланыстыруда көп қолданылатыны және қызмет жағынан әр түрлі – п көсемше түрі. Н.Сауранбаев бұл түрін үнемді түр, ал –а және –қалы көсемше түрін көсемшенің үнемсіз, мақсатты түрі деп берген. Ғалымның айтуынша, –а және –қалы формалары көсемшенің үнемді түрі сияқты әмбебап емес, біркелкі бағыныңқылықты беріледі.

Септік жалғауларындағы есімшенің синтаксистік қызметтерінің сараланбауы соңғы кезеңдерге дейін қазақ тіл білімінен де орын алып келді. Бұл жайды да қазақ ғалымдары тарапынан (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) қолдау тапқандығымен түсіндіруге болады.Соның салдарынан 1950 жылдар – ға дейін сөйлем ішіндегі есімшенің септік жалғауларда қолданылған түрлерінің барлығы да дерлік бірдей дәрежеде мектеп оқушыларына бағыныңқының баяндауышы ретінде түсіндіріліп келді. Н.Сауранбаев есімшелі сөйлемдерге байланысты осындай пікірінен (арнайы бастауышы болуына байланысты барлық септіктегі есімшелі сөйлемдер бағыныңқы болады) соңғы зерттеулерінде де арыла алмады. Ғалымның пікірінше, қазақ тілінде сабақтас сөйлемдердің құрмаластыратын арнаулы жалғаулықтары- ның болмауы есімшелерінің әр түрлі септіктерде келуімен орны толтырады. Осы жөнінде Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы есімшенің атау түрінде немесе басқа септікте тұруы бағыныңқы сөйлемнің атқарар қызметінен көрінетіндігін атап көрсеткен. Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойды қысқартып, оның мезгілін, мекенін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін болса, бағыныңқыдағы есімше баяндауыштың атау түрін, я тиісті септеу түрін белгілі демеуліктер, я сол мағынадағы көмекші сөздер меңгеріп тұрады.

Есімше, көсемше тұлғасында келген бағыныңқының баяндауыштары көптеген ғалымдар арасында күдік тудырса, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқының баяндауышы еш күмән тудырмайды. Өйткені, баяндауыш пен бастауыш бір-бірімен жақ жағынан қиысады. Бағыныңқы сөйлемдер көбінесе шартты рай және оның басқа көмекші формалары арқылы байланысатыны анық. Кейбір ғалымдар шартты бағыныңқы сөйлемді есімше, көсемше арқылы байланысқан бағыныңқыларға қарсы қояды. Есімшелі, көсемшелі бағыныңқыларда баяндауыш өз бастауышымен жақтаспайды дейді. Н.Т.Сауранбаевтың пікірінше, бұндай формашылдық жүйе түркі тілдеріндегі сабақтас сөйлемдердің сырын ашуға кілт бола алмайды. Олай болмаса, есімше, көсемше баяндауышы бағыныңқыда екі тұрлаулы мүшенің жақтасу, жақтаспауы сабақтас құрмалас сөйлемге негіз бола алмайды.

Шартты рай тұлғасы арқылы байланысқан сабақтас құрмаласта жеке сөйлемдердің бір-бірімен өзара жалғастырыла, үйлестіріле айтылуында қатыстық сөздердің де атқаратын қызметі елеулі. Мұндай қатыстық сөздер сілтеу, сұрау есімдіктерінен тұрады да, бір сөйлемнің құрылысына қарай екінші сөйлемді де іліктес айтылуына мүмкіндік жасап тұрады. Профессор М.З.Закиев құрамында осындай қатыстық сөздер бар сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысуын айқындауыштық қатынас деп қарайды. Академик Н.Сауранбаев осы тәріздес сөйлемдерді ұялас сөйлемдер (Кім де кім мұның мүйізін кесіп алса, ол күшсіз болып дұшпандарын жеңе алмайды) деп берсе, С.Аманжолов егіспелі сөйлемдер дейді.

Қазақ тіл білімінде, жалпы түркологияда «деп» - тің синтаксистік қызметін, оның құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырушы амал ретінде қолданылуын алғаш айтқан Н.Сауранбаев. Бұл ғалымның пікірінше, әсіресе, аударма ісінің дамуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар ғалымның тұжырымдауынша, қазіргі заманғы тілдік практикада «деп» өзінің лексикалық мағынасымен қатар грамматикалық мағына да береді. Бірақ кезінде ғалымның бұл тұжырымымен келіспейді. Бұған автордың сөзімен айтқанда: «Этому, видимо, способствовала некоторая самостоятельность семантике этого слова. Именно основа «деп» (говорит так) имеет конкретно – абстрактное значение, которое делает возможным образование от него еще других форм. Например: деп, деген, дейтін и т.п.» [16;244-бет] Бұнда «деп» - тің жалғаулық шылаулар ретіндегі грамматикалық мағына -п көсемшесі арқылы беріліп отыр: «деепричастный аффикс -п блогодаря своей связующей функции, превратил глагол «де» в союз. Аффикс -п выражает связь глагола «де» с последущим предложением... В форме «деп» можно обнаружить две стороны. Первая – эта связь целого предложения с глаголом «де». Эту связь можно назвать семантической связью – эта связь глагола «де» вместе со своей семантической группой с последующим предложением. Эта связь выражает-ся аффиксом -п. Последнюю можно назвать синтаксической связью. Поэтому форма «деп» в современном языке функциально стала союзом».[16,245-бет]

Жоғарыда көрсетілген байланысу түрімен қатар, Н.Сауранбаевтың зерттеуінше, қазақ тілінде байланыстың ерекше бір түрі бар. Бұл байланыстың түрінде құрмалас сөйлемнің компоненттері тәуелдік жалғауы- ның 3- жағында изафеттік құрылымда тұрып құрмаласады, яғни, 3-жақта тұрған изафетті құрылымдар жеке сөйлемнің бір мүшесі болып қатысады. Мысалы: Мал дегендегі жалғыз шолақ торы аттың жұмысы ауыр болып, арқасы жауыр болып,мойнына жал бітпеді. Бірақ ғалымның бұл ғылыми тұжырымы ғалымдар арасынан қолдау таппай, тіл білімінде орныға алмаған. Автор кейінгі еңбектерінде бұл тәсілді алып тастаған.

Бағыныңқы сөйлемдерді өзара саралауда тіл білімінде әр түрлі принцип басшылыққа алынып келді, соның салдарынан әр еңбекте бағыныңқылар әр түрліше жіктелді. Бағыныңқыларды жіктеуде ең алғашында олардың сөйлем ішінде атқаратын қызметі (функциональды принцип) басшылыққа алынды. Бұл тәсілді қолдаушылар Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев және Н.Сауранбаев (анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағын –ыңқылы, мезгіл, себеп, амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылы, шарт бағыныңқылы, қарсы бағыныңқылы, салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас) болады.

Берілген сабақтастардың грамматикалық табиғатына тоқталсақ, ғалымның пікірінше:

  1.  анықтауыш бағыныңқы мен үйірлі анықтауыш мүшенің арасындағы шек тек бастауыштың бар, жоғында ғана емес, есімшенің қандай сөзді анықтауында: «есімше сөз субъектісін анықтаса, онда ол өзіне қарасты сөздерімен есімше анықтауыш үйірлі мүше болады. Ал егер есімше өз субъектісінен басқа сөзді анықтаса, онда ол етістіктің бастауышы айтылмаса да, анықтауыш бағыныңқы болады».[15,79-бет] Анықтауыш бағыныңқы сөйлемнің өзгешелігі - өзі анықтайтын сөзден ешбір ажырамай бір интонациямен қабылдап айтылуында.
  2.   Ғалым толықтауыш бағыныңқылы мен пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдердің бағыныңқы компоненттің жай сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің қызметімен тең қарастырады. Бұнда сөйлем мүшелері мен бағыныңқы сөйлемдердің арасындағы айырмашылық – бағыныңқы сөйлемнің дербес бастауышының болуында деп есептейді ғалым.
  3.   «Егер баяндауышы шартты райда тұрған бағыныңқы сөйлемде «егер» (егер де) сөзін қосып айтуға болса, ол шартты мәнді бағыныңқы, ал бұл үстеуді оған қосып айтуға болмаса, ол бағыныңқы (баяндауыш шартты райда тұрғанымен) шарт мәнді болмайды, не мезгіл мәнді, не басқа мәнді болады. Шартты райлы баяндауыштан кейін «да», «де» қосалқысы тұрса, ол бағыныңқы шарт мәнде де, мезгіл мәнде болмайды, қарсы мәнде болады.
  4.   Қарсылықты сабақтас ерекшелігі – олар тұрақты интонациямен айтыла –ды. Олардың өзара құрмаласу тәсілдері әр түрлі болғанымен, интонациясы бірдей. Қарсылықты сабақтастың алдыңғы сөйлемі соңғы сөйлемінен бөлек айтылып, баяндауышына «-мен» қосымшасы мен «да» қосымшасы тіркескен жағдайда олар ерекше екпінмен айтылады.

Академик Н.Сауранбаев соңғы зерттеулерінде сабақтас құрмалас сөйлем– дердің жеті түрі берілген: мезгіл пысықтауыш бағыныңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, амал пысықтауыш бағыныңқы, мақсат пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқы сабақтас, қарсылықты сабақтас, салыстырмалы бағыныңқы сабақтас. Бұрынғы «анықтауыш бағыныңқы сабақтас» пен «толықтауыш бағыныңқы» сөйлемдер біріктіріліп, «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп берілген

Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты, ұйымдастыру заңдылықтары, даму жолдары мен құрмалас сөйлемдерді топтастыру, т.б. мәселелерде танымының кеңдігі, теориялық тұжырымдары-ның тереңдігі салыстыру, талдау барысында анықталып, ғалымның құрмалас сөйлемнің жүйесін зерттеудегі еңбектері қазақ тілі біліміндегі ғана емес, жалпы түркологияда орны ерекше. Н.Сауранбаевты қазақ тіл білімінде алғашқы рет психолигвистиканың ғылыми негізін салдырушылардың бірі деуге негіз бар. Ғалымның пікірінше, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса құрмаласуы – адамның айналадағы қоршаған ортаны, ондағы құбылыстарды аңдауының нәтижесі. Қазақ тіл білімінде алғаш рет жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің ерекше түрінің бірі ретінде қарастырған. Ғалымның тұжырымынша, іргелес құрмалас сөйлемдер өзіндік құрылымдық-семантикалық табиғаты бар құрмалас сөйлемнің бір түрі. Ғалымның бұл пікірі уақыт елегінен өтіп, араға біраз уақыт салып қайта ғылымда жаңғырып, өз жалғасын тапты.

Қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер табиғатын танудағы, оның негізгі белгілерін, құрмаласу тәсілдерін көрсетудегі пікірлері өз құндылығымен ерекшеленеді. Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттерінің сипаты мен олардың құрмаласу жүйесі туралы ұсынған критерийлері мен шарттарын кей ғалымдар қабылдамады, кей ғалымдардан қолдау тапты. Бұл – ғылымның дамуында болатын заңды құбылыс. Ғылымда пікір үйлесімділігімен қатар ой алалығы әрдайым қатар жүретіндігі сөзсіз. Кезінде ғалымға өз айтқанынан тез «айнитын» ғалым деген баға берілген. Меніңше, бұл – ғалымның ғылымдағы тұрақсыздығы емес, ғалымның ізденімпаздығының белгісі. Н.Сауранбаевтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін ғылыми мәнін жоймаған, керісінше, ғылыми еңбектерге бағыт-бағдар беретін, методологиялық қайнар көзі болатын құнды еңбектер деп танимыз.




1. Контрольная работа по дисциплине ldquo; Основы бухгалтерского учета rdquo; вариан
2. тема социального страхования населения
3. под самого сердца так бы кипело и животрепетало как метко сказанное русское слово
4. Острый панкреатит
5. Subject C Money you py for service D Teching stff E Socil ctivity Choose the correct ntonym of ~delicious~ busy B fresh C compulsory D specil E tsty
6. Обоснование перспективных путей повышения финансовых результатов в животноводстве (ООО ПРОГРЕСС-АГРО)
7. Этот принцип основывается на современном гуманистическом мировоззрении признающим право каждого человека.html
8. Gme crze begn Computers were scled down to smll boxes
9. Криминальное поведение подростков причины и следствия
10. Разработка предложений по повышению эффективности управления персоналом отделения ПФР по Чукотскому АО
11. Вариант 8. Задача 59г Даны действительные числа x y
12. Демографическая ситуация на Дальнем Востоке
13. Реферат- Проектирование устройства сбора данных
14. Реферат- Лаксман Эрик (Кирилл)
15. Реферат- Язычество древнерусской общины
16. Модуль 2 Криміналістичні засоби та методи розкриття і розслідування кримінальних правопорушень Тес
17. либо соответствий-несоответствий а также причина их возникновений
18. Источники права Византии
19. Преемственность в формировании понятия массы в курсе физики основной и средней школы
20. наиболее распространённая ситуация но иногда случается что соперничающие командиры Наёмников на время з