Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақ хандығының жылнамасы vk.com/ybt_tarih
1456 Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.
14561470 шамасы Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460 Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465 Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.
1470 Керей хан мен Әз-Жәнібек хан [[Сырдария|Сыр бойына қайтып оралды. Түркстан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды.
14711480 шамасы Әз-Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды.
14801510 Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. Сырдария алқабы, Түркстан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.
1486 Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.
1491 Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.
1510 Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркстан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
15111520 Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
1511 шамасы Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа Жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
1512 Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
15211522 Момыш хан билік құрды.
15231533 Тайыр хан билік құрды.
1525 шамасы Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысы басталды.
15331537 Тоғым хан билік құрды.
1537 шілде 27 Сан-Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
15371559 Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыпат алды.
1556 Бұйдаш хан Ноғай Ордасының шығыс бөлегін Қазақ Ордасына қосып алды.
1558 Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.
1559 Бұйдаш хан шәйіт болды.
15601580 Хақ-Назар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қалпына келтірді.
1569 Хақ-Назар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді.
1570 Қазақ Ордасы Ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді.
1579 Хақ-Назар хан Түркстан мен Сауранды, Оңтүстік өңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды.
1580 сәуір 23 Хақ-Назар хан шәйіт болды.
15801582 Шығай хан билік құрды.
1582 маусым Тәуекел сұлтан Түркстан түбінде Ташкент уәлаятының әміршісі Баба сұлтанды талқандады.
15831598 Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы өзінің әскери, саяси қуатының шарықтау шегіне жетті.
1586 Тауекел ханның Мәуреннахрға қарсы алғашқы шапқыны.
15941595 Тәуекел хан Русияға елші аттандырды; жауап елшілік.
1598 ақпан. Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдолла ханның негізгі күштерін талқандады.
1598 жаз Тәуекел ханның Орта Азияға] жеңісті жорығы.
1598 күз Тәуекел хан шәйіт болды.
15981643 Еңсегей бойлы Ер Есім хан билік құрды. Қазақ тарихының қаһармандық кезеңі.
1598 күз Бұқар-Қазақ бітімі нәтижесінде бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент уәлаяты Қазақ Ордасының құрамына қайта қосылды.
1599 шамасы Есім хан «Ескі жол» аталатын жаңа заң жүйесін орнықтырды. Қазақ Ордасының астанасын Түркістанға көшірді.
1603 Екінші қазақ-бұқар соғысы басталды. Айғыр-жар ұрысында қазақтар жеңіске жетті.
1604 Есім хан ойраттарды күйретіп жеңді.
1613 Есім хан Самарқан түбінде бұқар-ауған әскерін талқандады.
16191624 Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді.
1620 Есім хан ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты.
1624 Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, Екінші қазақ-бұқар соғысын аяқтады.
1627 Есім хан бүкіл алаш жұрты түп көтерілген ұлы жорықта Ойрат Одағын қиратып, босқынға ұшыратты.
1627 Ташкент уәлаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ Ордасындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты.
1627 Сайрам түбінде Тұрсын хан бастаған екі сан қатаған қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан алаш қазақтар арасында қантөгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен айрылып, Ташкентке келіп тығылды.
1627 Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, қатаған руы жазаға тартылып, қырылганнан қалғаны басқа рулар ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады.
1635, жаз Жәңгір сұлтан торғауыт Хо-өрлік тайшының ұлысын шапты, Жемнен өткеріп, батысқа қарай тықсырды.
1643 Есім хан дүние салды.
16431652 Салқам Жәңгір хан билік құрды.
1643 желтоқсан Қоңтажы Батұр ойраттар, халхалар, торғауыттар бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскермен Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді.
1644 қаңтармамыр Кең көлемді қазақ-моңғол соғысы.
1644 маусым, шілде Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста біріккен ойрат-халха әскерін қиратып жеңді, соңғы шайқаста қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған алты жүз мерген айрықша көзге түсті.
1644 күз Салқам Жәңгір хан Ұлы Моғол империясы мен Бұқар хандығы араласындыға соғысқа араласты, Ауғанстандағы майданға жүз мың әскер жіберді; қазақ аламандары Балық қаласының түбіндегі елу күн бойғы қырғын шайқастан соң соғысты өзбек-бұқар хандығының пайдасына шешіп берді.
1652 қантарақпан Хошауыттар қырғыз жеріне тұтқиыл шабуыл жасады. Салқам Жәңгір хан шәйт болды.
16761680 Қазақтар Бұқар хандығындағы тақ таласына араласты.
16801715 әз-Тәуке хан билік құрды.
16811684 Сайрам соғысы; Дұрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр жеңіліске ұшыратты.
1690 шамасы әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін еңгізді. Төрелерді іркіп, ел басқару ісін билерге жүктеді.
1698 Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.
17101711 Ойраттардың жаңа жорығы.
1712 Қазақтардың ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті.
1713 Абылай хан туды.
1714 Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр жеңілісі.
1715 әз-Тәуке хан дүние салды.
17151718 Қайып хан билік құрды.
1717 жаз Қайып хан мен Әбілқайыр сұлтан бастаған Қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді.
1718 Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян озендерінің бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оңтүстікті шапқындап кетті.
17181729 Болат хан билік құрды.
17231725 Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркістан, Сауран, Ташкенттен, бүкіл оңтүстіктен айрылу, Ақтабан шұбырынды.
1728 Буланты ұрысы, ойраттар Сары-Арқадан кері қайрылды.
1730 Аңырақай ұрысы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады.
1730 Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді.
1731 Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссөзге жол ашты.
1733 Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан атаққа шықты.
1740 қыркүйекжелтоқсан Ойраттардың Сары-Арқаға жорығы.
1741 қаңтарнаурыз Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті.
1741 көктем, жаз Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзартып, Жоңғардің ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды.
1752 қазан Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең: Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады.
1753 Қабанбай, Жанатай, Мүйізді өтеген, Ер-Жәнібек, Бөгенбай батырлар бастаған қазақ қосындарының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.
1754 күз Абылай хан Дұрбін-Ойратты біржола талқандап, Екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.
1755 көктем Абылай ханның Жоңғарды жуасыту жорығы.
17561757 Шүршіт-қазақ соғысы
1756 Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда, тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті.
1757 Цин патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді.
1757 мамыр 15 Абылай ханның сенімді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мәнжү-цин қолбасшысы Фу Дэ арасындағы ауқытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі.
1757 маусым 7 Цин патшалығы өкілдері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі.
1757 қыркүйекқазан Абылай хан Бейжінге елшілік аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім.
1760 соң Қазақтар бейбіт жолмен ата жүрт Шығыс Түркістанға қайтадан қоныстана бастады.
1765 қазанқараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы.
17661768 Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындырды.
1770 Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады.
1771 Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды.
1771 Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
1781 мамырдың басы Абылай хан дүниеден көшті.
1781 соң Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады.
1801 Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды.
18011822 Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті.
1822 Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды.
1835 Абылай ханның шөбересі, болашақ ұлы ғалым Шоқан тұды.(1865 ж. өлді)
18381847 Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.
1841 Кенесары үш алаштың ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
1845 Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж. дүниеден озды)
1847 Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды.