У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

[лат. eligere та~дау фр

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-12-26

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.2.2025

Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.
Қазіргі элита теориясының ізашарлары 
ПлатонН.МакиавеллиФ.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. МоскаВ. ПаретоР. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат.

Элита теориясы

Элита теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.УильямсЭ.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.ДжильбертБ.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (ФрейдизмЭ.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (ФроммГ.Лассуэлл) әрбір адамның психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық теорияларда (Дж.БернхэмДж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.

Элитология

Элитология - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң және logos - ілім] - саясаттану ғылымы саласында элитаның пайда болуын, шығу тегін, қалыптасуын, өсуін, дамуын, билікке келуін, қоғамға ықпалын, жойылуын зерттейтін ғылым саласы.

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған.,бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.

Ойын  түрінде оқытудың мақсаты:

Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Мағынасы: Оқу материалын ізденуге ,өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.

Іскерлік ойыны

  Жаңа материалды меңгеру ,қорытындылау кешенді мәселелерін шешу ,шығармашылық қабілеттерін дамыту ,жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны  пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.

Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады::еліктеу,әрекеттік жылдамдық,рөлдік ойындар ;іскер театр,психологиялық және әлеуметтік драма.

  Іскерлік ойынның әдіс- тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.

  Дайындық кезеңі.Дайындықкезеңі ойынды жоспарлаудан басталады:

сценарий дайындау;іскерлік ойынның жоспары;ойынды жүйелеп баяндау;нұсқау мазмұны ;мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.

Ойынға кіру:мақсат ,міндеттерін қою;жағдайы ,нұсқауы,уақыт тәртібі,ережесі;рөлдерді бөлу;топтарды қалыптастыру;кеңес беру.

Өткізу кезеңі:топтардың тапсырмамен жұмысы :дерекнамамен жұмыс ,ренинг,миға шабуыл;ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

Топтар арасындағы пікірталас:топтардың көрсетулері,нәтижелерді қорғау;пікірталас ережесі,сарапшылар жұмысы.

Талдау және қорыту кезеңі:ойыннан шығу;талдау;баға беру және  талдап қорыту;нұсқаулар.

  Жан тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің басты міндеттері базалық мәдениетті қалыптастыру ,оқушылардың жеке бас әлеуметін барынша дамыту болып саналады.ООның құрамдарының бірі –шығармашылық әлеуетті дамытқан кезде ,пәнге танымдық қызығушылық ,зияткерлік даму деңгейі ,дербес ойлау дәрежесі артады,ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға қызығушылық пайда болады,әуесқойлық,өзіне деген сенімділік ,нанымдылық қалыптасады




1. тематика Автореферат дисертації на здобуття наукового ступенякандидата фізикоматематичних наук
2. Венская конвенция о правопреемстве государств в отношении договоров
3. Аса ма~ызды эпидемиялы~ емес аурулар ~айда зерделенеді
4. Франківськ 2013 Методичні вказівки для проходження магістерської переддипломної виробничої практики ст
5. Основы психологии следственной деятельности.html
6. тема оценки работы представителей Молодежного совета
7. ОТЧЕТ ПО МЕТОДИЧЕСКОЙ ПРАКТИКЕ Методическая практика проходила в период с 14
8. Управление рисками в инвестиционной деятельности
9. Реферат- Приватизация и разгосударствление в России
10.  Область применения 1