Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

'аза'стан ' 2050 стратегиясыны' ж'зеге асуы 'р жолдауында 'лт К'шбасшысы халы'ты' жа'дайын бір с'тке де 'м

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

«Қазақстан – 2050» стратегиясының жүзеге асуы

Әр жолдауында ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бір жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген атам қазақ. Бұл - тарих заңы. Сондықтан да қазақтың бірлігі - еліміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі - ең асыл қасиет», - деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық - ең алдымен, өзімізге - қазақ халқына қажет.

        «Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, қазақ әлсіресе - алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластық пен татулықпен келеді. Мемлекет те солай», - деп тоқталды  өз сөзінде  Елбасы.

«Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берген Елбасы ертең оның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретіндігін баса айтты. Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық,-деп ашып айтқан Елбасы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – «Қазақстан-2030» Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін!-деген Елбасымыздың тоқтамдары елең еткізбей қоймады.

Елбасымыз мүдделі деп, үлкен сенім артып отырған кезде, біздер -  жастар  өз бағытымызды бағдарлап, болашаққа нық сеніммен қарауымыз  керек деп ойлаймын. Әрине, Елбасымыздың стратегиялық жолдауын терең, жете ұғындым деп айта алмаймын, дегенмен де ел экономикасының дамуы туралы тоқтамдары қызықтырғанын жасыра алмаймын.

Елбасымыздың баса тоқталған тағы бір жайы, басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік. Бұл бағытта Қазақстан өзінің саясатын нығайтып қана қоймай, әлемдік қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде  мәдени және конференциялық үнқатысудың халықаралық орталығына айналғаны белгілі. Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының  көпірі болуға тиіс» деп атап өтті. Қазақстан дамуын сатылап қарар болсақ, «Қазақстан-2030» Стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылған болатын. Стратегиядағы тағы бір басымдық - ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі.

Елбасымыздың ұстанған саясатында жастарға, жалпы халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру мақсатында бастаған бастамалары өз нәтижесін беріп келгенін айқын көруге болады және де осы орайда өз жүзеге асырылып келген мемлекеттік бағдарламалар да өз жетістіктерін көрсетуде. Әрине, бағдарламалар өз ісін бастаған сәтте халық арасында сенбеушілік басым болатыны рас, дегенмен де атқарушы мекемелер тарапынан жүргізіліп отыратын түсіндіру, жетілдіру мақсатындағы іс-шаралардың нәтижесі өз жемісін ұзақ күттірмейді. Қашан да ел басшысына асқан сеніммен қарайтын қазақ халқы осы сатыда да үлкен сеніммен өз назарын үкімет басына бұрғаны анық байқалды. Қаншама қиыншылықтарды басынан кешіріп келген төл халқымның осы сабырлылығы мен даналығын мақтан етуге тұрарлық. Тарих қойнауына көз жүгіртер болсақ, қайран халқымыздың нелерді басынан кешіргенін көреміз! Сол қиыншылықтарды басынан өткере жүріп болашаққа нық сеніммен қарап, жарқын болашақтың келер кезін үлкен үмітпен күткен қандай батыр халық дерсің?! Тарих таразысында тілі мен дінін қатар ұстанып, қазақ деген атудың терең мағынасын мақтан еткен дана халық дерсің! Бүгінде тәуелсіз жылдары Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналды. Елбасы мен халықтың қол жеткізген жеңісі мен жемісі- әлем назарында. Ал осы жетістікке жетудің кепілі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы десек қателеспеспіз.

Жолдаудағы маңызды бағыт- қазақстандық патриотизм, жалпы барлық құнды еңбектер, жаналық атаулы тек Отан сүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Негізгі, патриотизм мен намыс тамырлас егіз ұғым. Қоғамның қай саласына болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, қазақы намыс жатыр. Жалпы, қазақ патриотизімі туралы көп айтуға болады. Бұл таусылмайтын өзек. Себебі, біз қанша өмір сүрсек те, намысты қолдан бермейміз, сенімімізді серік еткен, жеткен биіктен әрі асуды көздейтін қайсар халықпыз. Менің ойымша, еліміздің талай қиындықты мойымай көтеруі, қанға біткен тектіліктің арқасы. Тереңнен толғанып, түсіне білген адам осының өзінен елге, жерге деген зор сүйіспеншілікті аңғартады.

Бір шаңырақ астында ұлттар достығын жаһанға мойындату керек десеңіз, мемлекеттік тілдің төңірегіне тұтас елді топтастыру идеясын жүзеге асыру шын патриоттың қолынан ғана келетін іс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биіктерді бағындырудың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының формуласын ойлап тапты. Алдағы жылдарда өміршең етілуге тиіс нақты тапсырмалар мен міндеттердің тұтастай бағдарламасы мемлекет үшін әрі қарай дамудың негізгі кілті болып табылады. Келешектегі кешенді іс- қимылдардың барлығы егжей- тегжейлі көрсетілді. Маңызы зор құжатта – адам, мемлекеттің басты құндылығы деп аталады. Ел азаматтарына деген қамқорлық, олардың әл ауқатын арттыру, тұрғындар үшін жаңадан игіліктер жасау, тағы да басқа әлдеқайда тиімді тетіктер құрастыру жолдауда жүктеген негізгі міндеттер. Қоғамдағы әйел азаматтар – аналарымызды қорғау да әлеуметтік құрамдас бөлігі болып саналатыны айтылды. Жаңа әлеуметтік қағидаларына сүйене отырып, кедейшіліктің өсуіне жол бермеу тапсырылды. Елдегі үдерістерді одан әрі жалғастырушы – жастар қоғамына қатысты міндеттер де өзектілігімен танылды. Біздер, жастар – ел келешегіміз. Осы ретте елбасының біздерге үндеуі де орынды болды деп ойлаймын.

Жолдауда елімізді индустрияландыру, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға медициналық көмек көрсету мен білім беру саласын жаңғырту, мемлекеттік тілді дамыту, ауылдарға сапалы ауыз су жеткізу жөніндегі пікірлер халықтың жүрегіне тікелей жол тапты. Өйткені бұл бағдарламалар әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуды көздейді. Жолдауда көбінесе халықтың әл-ауқатын көтеру баса айтылған. Әлеуметтік салада қорғалған халық, біртұтас ел – экономика саласында қарқынды дамитыны сөзсіз дер едім.

Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен дүние елдің көкейінде жүрген мәселер еді. Әсіресе, ұлттық бағыттағы, қазақ тілі, ел бірлігі қақындағы сөздері «Елім» деген әрбір азаматқа ерекше рух бергені сөзсіз. «Елімізді «Қазақ Мемлекеті» деп атайтын күн алыс емес. Ол байтақ жерімізді мекен еткен әрбір азаматқа байланысты. Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық. Тек ынтымағымызға сызат түспеу қажет Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімді өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидасы болуы шарт».

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қаржы дағдарысына қуатты құрал. Сарапшылар тарапынан «Бұл құжат қазаққа ғана емес, әлем елдері үшін де ауадай қажет» деп бағаланды. Онда миллион адамды толғандыратын экологиялық, экономикалық, қаржылық мәселелерден бастап, қарапайым адамның құқығына  дейін ескерілген және мемлекеттік  дамудың нақты дәйектері көрсетілген. Осы орайда, жас та болсам да өз жолымды бағыт-бағдарлай отырып, келешекке терең оймен қарай білу парызым деп білемін.

Елдің әлеуметтік дамуы мен өркендеуіне баса назар аударып отырған президентіміз, елдің экономикалық жетістігін және кемелденуін терең қадағалайды. Мақсат-мүддемді жоспарлау барысында туындаған сан алуан сауалдарыма Елбасы жолдауынан, Елбасы қамтыған мәселелерден жауап тауып жүрмін. Осы орайда, қызығушылығымды арттырып отырған елдің экономика және қаржы саласында көздеген мұратыма жетемін де, әлі талай биік шыңдарды игеремін деп  нық сеніммен айта аламын!




1. тема координат Скалярное произведение и его свойства
2. Элементы обучения рисованию детей дошкольного возраста
3. по теме Онтология Задание 1
4.  The text published here sheds new light on this life of the sint nd contins some very interesting informtion on the internl life of the Studite community in the lte 8th erly 9th century
5. Руководитель центра прибыли несет ответственность за- затраты и доходы своего подразделения 2
6.  2014 Розподіл студентів на бази практики і призначення керівників практики від універ
7. Пожарная безопасность
8. Тема- Звук и буква П Цель - познакомить детей со звуком и буквой П Образовательные задачи-
9. Сопоставительная характеристика творчества поэтовромантиков Н. Тихонова и Н. Асеева
10. Краткий очерк основных этапов развития патофизиологии
11. Минимальная заработная плата- понятие функции критерии определения При помощи бюджета прожиточно
12. Задачи по экономике
13. Тема- Взаимные превращения жидкостей и газов
14.  Покупать продукцию компании в любом центре обслуживания Корпорации
15. Оранта м. Луцьк Концертна діяльність та творчі принципи роботи План Вс.
16. мет.и пр.с.р Сист
17. Тема 1 ПОНЯТТЯ ПЕДАГОГІЧНИЙ МЕНЕДЖМЕНТ
18. Проектирование тягового электродвигателя
19. понимать Каждый в силах привести в пример писателей особенно американских которые говорили с величайшей
20. ТЕМА БАЛЛЬНЫХ ОЦЕНОК по блоку История социологии Усвоение теоретического материала в зависимости от