Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
1.«Құқық негіздері» оқу пәні ретінде.
Адамзат қоғамы қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың, заңдылықтың кепілі құқық пен мемлекет. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі, қоғамның тірегі. «Құқық негіздері» пәнін оқу студент жастардың құқықтық бәләмән тереңдетеді. Құқықтық білімнің тереңдеуі құқықтық сенімнің нығаюына әкеледі. Құқықтық сенімнің нығаюы құқықтық мәдениеттің өркендеуіне және студенттердің құқықтық әлеуметтену үрдісіне септігін тигізеді. Студенттің құқықтық әлеуметтену үрдісі оның адам және маман ретінде қалыптасуын, есеюін, мемлекетті, құқықты, заңды түсіну, сыйлау, сақтау, заң арқылы өзін қорғай алу сияқты ұғымдары мен сезімдерінің тереңдеуі, қазақстандық патриотизмнің жетілуі.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға жол ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
«Құқық негіздері» пәнінде мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, нысандары, белгілері, жүйесі, тетігі, атқаратын қызметтері қарастырылады. Мемлекеттің басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конституция және оның басты ерекшеліктері мен қасиеттері «Құқық негіздері» оқу пәнінің «Конституциялық құқық негіздері» бөлімінде қарастырылады. Мемлекетті басқарудың ұғымы, қағидаттары, нысандары, органдары, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не, оның белгілері қандай, әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жас, әкімшілік жауаптылықтың түрлері, жайында оқу пәнінің «Әкімшілік құқық негіздері» бөлімінде айтылады. Сонымен қатар «Құқық негіздері» оқу пәні Азаматтық құқық пен Қылмыстық құқықты қарастырады.
Жалпы оқу пәні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандартқа сәйкес.
2.Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекеттің белгілері:
1биліктің үстемдігі
2биліктің тұтастығы
3биліктің тәуелсіздігі
3.Құқықтың түсінігі мен белгілері
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді.
1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
2Құқықтың ерекше белгілері:
4.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер б.з.б. 4 5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді.
Мемлкеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай және кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды.
Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли енгізген. Мемлекеттің қалыптасуының 3жолы анықталған:
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар:
5.Мемлекеттің нысандары.
Мемлекеттің нысаны мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы.
Мемлекет нысаны, бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі:
Мемлекеттің басқару нысаны мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай 2-ге бөлінеді:
1.Монархиялық
2.Республикалық
Монархия елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагарлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бөлінеді.
Абсолюттік монархия мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты 3 тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады және соның тікелей араласуымен іске асырылады.
Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен немесе парламенттің іс әрекетімен шектелген.
Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны.
Республикалық басқару нысаның президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері бар.
Президенттік басқарудың негізгі белгілері:
Парламенттіік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа Президент, Үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары.Парламенттік басқарудың белгілері:
Мемлекеттің құрылым нысаны мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді.
Біртұтас мемлекет өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері:
Федеративті мемлекет орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады.
Конфедерация белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.
Мемлекеттің саяси режимі мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері:
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
Демократиялық саяси режимнің нышандары:
Антидемократиялық саяси режимнің нышандары:
Тоталитаризм белгілері: бір ғана бұқаралық партия, бір идеологияның үстемдігі, экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі.
Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы байқалады.
6.Мемлекеттің қызметтері.
Мемлекеттің қызметтері қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік жағдайы мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары.
Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің әр түрлі көрінісі.
Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіретін және реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық және ұйымдастырушылық деп 2-ге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау жатады.
Құқық шығару қызметі нормативтік құқықтық актілерді санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс әрекеттері.
Құқық қолдану қызметі қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды мемлкеттің қолдануы.
Құқық қорғау қызметі нормативтік құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын және сақталуын қадағалау.
Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не әдісі тұрғындардың іс әрекетінің жағдайына ықпал жасау болып табылады. Басқа да мемлекет атқаратын қызметтер:
7. Құқықтық мемлекет.
Құқықтық мемлекет жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Адамдардың жаратылыстық, табиғи құқықтарының арасындағы ең маңыздыларының бірі адамның меншік құқығы. Адамның табиғи құқықтарының бірі өмір сүру құқығы және бостандық, еркіндік құқығы. Құқықтық мемлекетке тән ерекшеліктер:
Құқықтық мемлекет адамның мемлекетпен және басқа адамдармен қарым қатынасы барысында құқықтық қорғалуына, бостандығына, әділдікке кепілдік берілуі арқылы мемлекеттің биліктік ықпалы шектелетін, мемлекет пен жеке адам арасындағы құқыққа негізделген байланыстың тәсілі.
8.Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі.
Құқықтың дереккөздері (қайнары) жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы. Құқықтың дереккөздері құқықтық нысан түрінде институтталған. Құқықтың 6 дереккөздерін бөліп көрсетуге болады:
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері:
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері:
Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған ҚР ның Конституциясы.
Нормативтік құқықтық актілердің бірі Кодекс. Кодекс біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу.
Нормативтік құқықтық актілердің бірі заңдар. Заңдар белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
9.Құқықтың жүйесі.
Құқық жүйесі қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың нормалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі негізгі 3 бөлшектен тұрады:
Құқық салалары өзінің сипаты жағынан бірдей болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың барынша іріленген жиынтығы.
Конституциялық құқық саласы құқықтық реттеудің әдісі императивтік әдіс басым түрде қолданылады.
Азаматтық құқық саласы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық саласы мемлекет органдарының атқару орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді.
Қылмыстық құқық саласы қылмыстық қол сұғулардан қорғаудан туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
Неке отбасы құқығы саласы отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді.
Еңбек құқығы саласы еңбек аясы мен еңбек ету барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Құқық институттары құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі нормалардың жиынтығы.
Құқық нормасы нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі.
Құқық нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез құлық тыйым салынған, міндеттейтін, құқық беретін болып 3-ке бөлінеді.
10.Құқық нормалары.
Құқықтық норма құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мемлекет таныған және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың 3 элементі болады:
Құқықтық норманың гипотезасы құқықтық норманы қолдану немесе қолданбау үшін қажетті мән жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі.
Құқықтық норманың диспозициясы құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция 3 түрлі болады:
Құқықтың норманың санкциясы құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияның түрлері:
Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады.
Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша деген түрлері болады.
11.Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі ретінде.
Нормативтік құқықтық актілер референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері:
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері:
Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған ҚР ның Конституциясы.
Нормативтік құқықтық актілердің бірі Кодекс. Кодекс біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу.
Нормативтік құқықтық актілердің бірі заңдар. Заңдар белгіленген тәртіппен қабылданған, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Заңдық күші бар заңдар: Конституциялық заңдар, органикалық заңдар және қатардағы заңдар.
12. Құқықтық жүйе.
13.Құқықтық мемлекеттің белгілері.
Құқықтық мемлекет жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекет. Бұл мемлекеттің белгілері:
Құқықтық мемлекеттің мақсаты: адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру, зорлық зомбылықтарға, диктатура мен қанаудың орнауына жол бермеу.
14. Құқықтық жауапкершілік.
Құқықтық жауапкершілік құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Құқықтық жауапкершіліктің түрлері: қылмыстық құқықтық жауапкершілік, әкімшілік құқықтық, тәртіптік, материалды, азаматтық құқықтық, іс жүргізушілік құқықтық.
Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты: субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау.
Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері.
Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары:
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды. Мемлекеттің құқық бұзушыны жауапқа тартуға қақысы бар, ал құқық бұзушы мемлекеттің мәжбүрлеу шарасын мойындауы тиіс.
15. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғары тұрғаны ҚР-ның Конституциясы.
Заң ғылымында Конституция мемлекет пен адамның, азаматтың өзара қарым қатынасын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін, жоғарғы заңдық күші бар нормативті акт, Негізгі заң. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. “Конституция” деген сөздiң латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды бiлдiредi. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
Конституцияның негізгі міндетттері:
Конституцияның заңдық қасиеттері:
ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдері:
І-кезең: Өзінің бастауын ҚКСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан алады.
Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акт 1990 жылы 25 қазанда қабылданған ҚазКСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.
ІІ-кезең: 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «ҚазКСР атын өзгерту туралы» заңын қабылдаудан басталады.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
ІІІ-кезең: 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым қатынасында тежемелік және тепе теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті.
ІV-кезең: Республиканың 1995 жылғы екінші Конституциясының қабылдануымен байланысты. Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды.
V-кезең: 1998 жылы 7 қазанда Парламент Конституцияға 19 және «ҚР-дағы сайлау туралы» Жарлығына түзетулер енгізді.
VІ-кезең: 21 мамыр 2007 жылы Парламент қабылдаған №254-ІІІ Конституциялық заң бойынша еліміздің Конституциясына 54 өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталады.
16.ҚР-ң еңбек құқығының түсінігі.
Еңбек адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек қатынастары тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының пәні еңбек қатынастары. Еңбек құқығы әдісі еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығы жүйесі біртұтас еңбек құқығын бір бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымы. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты 2 бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан тұрады. Ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
Еңбек шарттарының құқықтық реттелуі: Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін реттеу үшін шарттық негіздер қолданылады. Негізгілері: келісімдер мен еңбек шарттары.
Келісімдерге Республикалық Бас келісімді атауға болады немесе әлеуметтік серіктестік-үштік: Үкімет, Кәсіподақтар және Жұмыс берушілер арасындағы келісім жатады.
Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім.
Жалақы төлеу. Жұмыс беруші еңбек мәселелері жөніндегі құқықтық-нормативтік кесімдерге, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті және бұл ақы мерзімдік, келісімді түрде немесе енбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша іске асырылады. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Еңбек даулары: Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Ереуіл - еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру үшін (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау) еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейін жұмысты толық немесе ішінара тоқтатау арқылы білдіретін күрес шарасы.
Әлеуметтік қамсыздандарудың құқықгық негіздері.
Конституцияның 28-бабында "Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау жөне қайырымдылық көтермеленіп отырады", - делінген.
Жасына сай зейнетақы тағайындау мен төлеудің мүлдем жаңа механизмі көзделген:
Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері.
Еңбек құқығының қайнар көздері күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі деректік көздері:
17. ҚР-ң отбасы құқығының түсінігі
Неке ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Неке АХАЖ органдарында рәсімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады.Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Некеге тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады. ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы заңына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленген. Некеге тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйттер жатады:
Неке ерлі зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Неке ерлі зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқталуы мүмкін.
АХАЖ-да некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Сот тәртібімен некені бұзу:
Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ-да некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі зайыптылар некеде тұрған кезде жиниған мүлікі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Неке шарты некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Ол ерлі зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. ҚР-ның 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» Заңының 60 66 баптарында ата аналардың отбасындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Ата аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері тең. Балалары 18 жасқа толғанда құқықтары тоқтатылады.
18. ҚР-ң қаржы құқығы құқық саласы ретінде.
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы.Несие берудің түрлері:
Мемлекеттің қаржылық іс әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын органдары: Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы.
Қаржылық қатынастар:
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылау. Бақылау бөліктері:
19.ҚР-ң қылмыстық құқығының түсінігі.
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Қ.қ.пәні мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүддделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтың жүйесі 2 бөлімнен тұрады:
Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, қылмыстардың алдын алу. Қылмыстық заңнаманың 3 міндеті:
Қылмыстық құқықтың қағидаттары мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамалар:
Қылмыстық заңнама мемлекеттік биліктің құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық құқықтық актілердің жиынтығы. 1997 жылы 16 шілдеде ҚР-ның Қылмыстық кодексі қабылданды.
Қылмыс қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет. Қылмыстың 4 белгісі бар:
Қылмыстың құрамы қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығы. Қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегі:
Қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс:
20.ҚР-ң азаматтық құқығының түсінігі.
Азаматтық құқық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы. Азаматтық құқықтың пәні тауар ақша, қатысушылардың теңдғгғне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар. Мүліктік қатынастар материалды игіліктермен байланысты мүлікті алу, иемдену не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. ҚР-ның азаматтық заңнамалары 2 түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді:
Азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматттық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтың субъектілері аталатын құқықтық қатынасқа қатысушылар: жеке және заңды тұлғалар, әкімшілік аумақтық бөліністер, мемлекет. Азаматтық құқықтық қабілеттілік азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтың әрекет қабілеттілігі азаматттың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің түрлері:
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: заттар, ақша, бағалы қағаздар, адам өмірі, денсаулығы, қадір қасиеті, т.б.
Мәмілелер азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Белгілері:
Мәміленің нысандары:
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот атқарады: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайларды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету және басқа әдістермен жүзеге асыру (Азаматтық Кодекстің 9-бабы).
Шаруашылық қатынастарды тиiмдi реттеуге бағытталған құқықтық құралдардың бiрi дауды сотқа дейiн реттеу. Бұл кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық шарттарды орындау барысында және басқа да негiздер бойынша туындаған шаруашылық шарт жасасу, оны өзгерту мен бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу тәртiбi.
Шаруашылық дауларын сот арқылы шешу. Шаруашылық дауларынан туындайтын істерді қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізуші Кодексі және т. б. құқықтық-нормативтік актілер реттейді.
21.ҚР-ның Конституциялық құқығының түсінігі
Конституциялық құқық-тұлғаның құқық мәртебесі мен ҚР мемлекеттік құрылысын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет арасындағы қатынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға байланысты қоғамдық қатынастар конст құқықтың оқытатын пәні. Конституциялық құқық ғылымы-конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайында ғылыми білімдер жүйесі. Құқықтың басқа салалары сияқты, конст құқықтың өзіндік қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеу әдістері деп аталатын тәсілдердің жиынтығы бар. Конституциялық құқықтық қатынастар төмендегідей әдістердің көмегімен реттеледі:
1міндеттеу әдісі
2тыйым салу әдісі
3рұқсат беру әдісі
4мойындау әдісі. Сонымен, конст құқық дегеніміз ҚР конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының,мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
22.ҚР-ның экологиялық құқығының түсінігі
Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың , тербелістің, магнитті өрістердің, және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері.
Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны ( объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғтты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтық пәні, әдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи -қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтьң экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас.
23.ҚР-ның әкімшілік құқығының түсінігі
Әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтың төмендегідей дерек көздері бар: ҚР Конст, халықаралық мемлекетаралық шарттар, ҚР Конст заңдары, ҚР заңдары, ҚР Президентінің Парламентінің Үкіметінің жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарт, ғылыми құқықтық доктрина.
Әкiмшiлiк құқық - мемлекеттiк басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы қызметiн реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы. Әкімшілік құқығы құқық жүйесі салаларының бір түрі ретінде, қоғамдық қатынастады реттейтін, мемлекетті басқару қызметі үрдісінде пайдаланылатын мемлекеттік аппараттың тәртіптелген жұмысын қамтамасыз ететін құқық. Әкімшілік құқықтық норма атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез - құлық ережелерінің жиынтығы. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етiлген iс-қимылды және атқару билiгiндегi қоғамдық қатынастарды реттейтiн ережелер. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материалдық, процессуалдық, ал субъектiлердiң iс-қимылына әсер ету тәсiлiне қарай: мiндеттеу, тыйым салу және өкiлеттiк беру түрлерiне бөлiнедi. Сонымен әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар деп мемлекеттiк басқару саласындағы әкiмшiлiк-құқықтық нормаларымен реттелген қатынастарды айтады. Бұл қатынастарға қатысушы тараптардың бiрi әдетте мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам болады. Әкімшілік құқығының қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкiмшiлiк құқық бұзушылық” кодексi және басқа да құқықтық-нормативтiк кесiмдер жасайды. Әкiмшiлiк құқықтың пәнiне мына қатынастар жатады:
- мемлекеттiк атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар;
- әкiмшiлiк билiктi жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттiк органдардың азаматтар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен бiрлескен iс-қимылы;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жатқызуға болады.
24.ҚР-ның салық құқығының түсінігі
Салықтық құқық - занды және жеке тұлғалардан біржақгы өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықгар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықгық қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады. Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизия мен радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.
Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:
1. Фискалдық - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы. Салық түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.
2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.
3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы - тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
4. Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын бірінші кезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.
5. Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
25.ҚР-ның жер құқығы түсінігі және жалпы сипаттамасы
Жер тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі. Жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.
Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.
Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады:
4.Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.
Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:
Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері. Жер құқығының әдістері дегеніміз жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: императивті және диспозитивті. Жер құқығының императивті әдістері билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Жер құқығының диспозитивті әдістері жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Жер құқық қатынастарының субьектілері дегеніміз жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекет.
26.Халықаралық құқықтың түсінігі
Халықаралық құқық бұл халықаралық құқықтың субьектілері туындататын және халықаралық құқықтың субьектілері арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық қағидалар мен нормалар жиынтығы. Оны 2-ге бөліп қарастыруға болады:
1.Мемлекет
2.Өз тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген мемлекеттер
Халықаралық құқық жария және жеке болып 2-ге бөлінеді. Жария құқық х.қ.субьектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді. Жеке құқық мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар бойынша туындаған сұрақтарды реттейді. Х.қ.салалары х.қ.-тың белгілі бір тобын реттейді. Х.қ.-тың салалары: х.ұйымдар құқығы, гуманитарлық құқық, теңіз құқығы, әуе құқығы, ғарыш, атом, экологиялық, қылмыспен күрес, келісімшарт, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік құқықтары. Х.қ.институты х.қатынастардың түрін реттейтін х.нормалардың жиынтығы. Х.қ.-тың қызметтері:
1.Үйлестіруші мемлекет өзі үшін әр түрлі сферада белгілі бір мінез құлық стандарттарын реттейді.
2.Реттеуші белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
3.Қорғаушы мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Х.қ.-тың қайнар көздері х.қ.-тың нормаларда көрсетілетін формалары:
1.Х/қ келісімшарт
2.Х/қ құқықтық әдет ғұрыптар
3.Х/қ конференциялар мен мәжілістің қорытынды актілері
4.Х/қ ұйымдардың резолюциялары
Х/қ келісімшарт субьектілер арасындағы құқық пен міндеттерді белгілейтін, заңды міндетті х.қ.нормаларды тудыру туралы анық көрсетілген келісім.
Х/қ әдет-ғұрып ұзақ уақыт қолдану нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялануы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез-құлық ережелері.
27.ҚР-ның азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі
Іс жүргізу құқығы материалдық құқықтың әр түрлі салаларының нормаларын жүзеге асыруға бағытталған, мемлекеттік органдар мен лауаазымды адамдардың, құқық қолдану қызметінің, құқық нысаны мен тәртібін бекітетін құқық нормаларының жиынтығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
А.і.ж.қ.қатынастары ҚР-ның азаматтық іс жүргізу заңдары, соттардың осы азаматтық іс жүргізу кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында, сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Азаматттық іске қатысуша тұлғалардың құрамы:
1.Тараптар
2.Даун санасына дербес талаптарын мәліімдейтін 3-тұлғалар
3.Даун санасына дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-тұлғалар
4.Прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікі өзін өзі басқару органдары, ұйымдар.
5.Сот, ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын іс бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар.
28.ҚР-ның сот жүйесі
Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75 бабына, ҚР ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚР ның Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулерінің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдер талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады. Істі сот орындарында қарау мен шешу Конституцияның 77 бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді:
Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
ҚР ның барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір бірінен тек өкілеттерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады. Жоғары Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғары Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша ҚР Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1қадағалау алқасы
2азаматтық істер жөніндегі алқа
3қылмыстық істер жөніндегі алқа
4соттың жалпы отырысы. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.
29.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура,алдын-ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) мен сот болып табылады.Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да,олардың өкілеттіктері бірдей емес.Мысалы,алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып,оны істеген адамды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанның өзінде айыпталушының кінәлігі жөніндегі мәселелерді шешуге және оған жаза тағайындауға өкілетті емес. Яғни,заңмен орнатылған тәртіп бойынша ,алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі.Ал,прокурор тергеу органдарының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті.Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жинақталған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады.сөйтіп,бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процес, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады.Ол сатылар былайша аталады:1)қылмыстық іс қозғау; 2)қылмыстарды алдын ала тергеу; 3)басты сот талқылауын тағайындау; 4)басты сот талқылауы 5)апелляциялық саты сотында іс жүргізу ;6) үкімді орындау.Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді.Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге боладыжәне олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар.
30.ҚР-ң құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады. Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметі жатады. Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:
1. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
2. Прокуратура заңның дәлме дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
3. Ішкі істер органдары.
4. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.
5. ҚР ның әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың , ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтары мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.
6. ҚР ның қаржы полициясының органдары:
7. Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға және біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.
8.ҚР ғы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға заң жүзінде бекітілген жүйе
31.ҚР-дағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен түрлері
Табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері. Табиғат пайдаланудың түрлері:
1.Жер пайдалану
2.Су пайдалану
3.Орман пайдалану
4.Жер қойнауын пайдалану
5.Жануарлар мен өсімдік дүниесін пайдалану
Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
32.Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектілері мен субьектілері
Жер құқығы жерді пайдалану,қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды бекіту барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Оның жүйесі жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді. Жалпы бөлімге жер құқығының негізгі ережелері, қағидаттары, жерге меншік құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік және басқа мүліктік құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады. Ерекше бөлімге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, елді мекендердің жері, су қорының жері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, орман қорының жері, босалқы жерлер жатады. Жер-ҚР егемендігі белгілінетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. ҚР-де жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге билік ету құқығы-мемлекттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР-ның заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы. Жер учаскесі дегеніміз белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі
Жер учаскесінің мынадай белгілері бар:
Біріншіден, түрақты белгілі бір аумақта орналасқан жердің бір бөлігі;
Екіншіден, тұйықталған шекарасының болуы;
Үшіншіден, заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетіндігі;
Төртіншіден, жер учаскесіне құқықтарды растайтын арнайы құжаттарының болуы. Мысалы, жер учаскесіне жеке меншіктің мемлекеттік актісі т.б. Жер құқық қатынастарының субьектілері дегеніміз жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Мысалы: мемлекеттік органдар, жердің меншік иелері, жер пайдаланушылар, қазақстандық тұлғалар, шетелдік тұлғалар, халықаралық ұйымдар және т.б. Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері. Жер құқығының әдістері дегеніміз жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: императивті және диспозитивті. Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы.
Жер құқығының қағидалары дегеніміз жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы. Жер құқығының қайнар көздері дегенміз жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Жер учаскесін иелену құқығы дегеніміз заңда қарастырылған шекте меншік иесінің іс жүзінде жер учаскесін иемдену құқығы. Жер учаскесін пайдалану құқығы дегеніміз жер меншік иесінің өзінің шаруашылық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскесінің пайдалы қасиеттерін алуды жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жер учаскесіне билік ету құқығы дегеніміз меншік иесінің заңда рұқсат берілген шекте өзіне тиесілі жер учаскесінің заңды тағдырын шешу құқығы. Жерге мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі яғни меншік иелері. Республикалық меншіктегі жерлерге билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жерге жеке меншік құқығы жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
33.Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері
Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жеке еңбек шарты: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша түрде кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады. Қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Сынақ туралы талап шартта көрсетілуі, ал бұл болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептелінеді.
Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері: мерзімнің бітуі бойынша; тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда(әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса жөне т. с. с.).
Шартты бүзу негіздері: тараптардың келісімі бойынша; тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе); заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.
Қызметкер жеке еңбек шарты жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрын жазбаша ескертіп тоқтатуға құқылы, ал екі тарап келісімге келсе, ескерту мерзімі біткенге дейін шарт тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едәуір қиындататын мән-жайлар болған кезде шартты бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі. Еңбек шартын тоқтату негіздері бірнеше:
1тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
2еңбек шарты мерзімінің аяқталуы
3жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
4қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
5тараптардың еркінен тыс мән жайлар
6қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы
7ҚРның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,қызметкердің сыйланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы
8еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
9жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
34.Мәмілелер: ұғымы, түрлері
Мәмілелер-ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәміле тараптардың еркі мен ерік білдіру негізінде жасалынады. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты нысанда болады. Мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты және көп жақты деп бөлінеді. Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты және келісімді болып бөлінеді. Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады. Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді, сондақтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін және тағы мәміленің шартты, биржалық түрлері бар. Консецсуалды мәмілелер бойынша келісімге келген сәттен бастап тараптардың құқықтары мен міндеттері туындайды. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін келісім жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет. Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір жағдайға тәуелді болып келеді. Казуалды мәміле белгілі бір негізге байланысты туындайтындықтан сол негізге тәуелді болып келеді. Абстрактілі мәміле мәміленің негізі есепке алынбайды, мұнда мәміле жасаушының сол мәмілені жасауға түпкілікті еркі басшылыққа алынады. Биржалық мәміле биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар туралы ҚР-ның заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда саттық жүргізуге қатысушылармен жасалатын мәміле.
35.Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе абайсыздықта жасалған) жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет боып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Басқаша айтқанда, бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер әкімшілік құқық бұзушының обьектісі, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтары.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын кез-келген қоғамдық қатынас болып табылады. Объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылық объектісіне бағытталған құқыққа қарсы әрекет, яғни іс әрекет немесе әрекетсіздік, оның сипаты, сондай-ақ оны жасаудың немесе жасамаудың жағдайы. Субъект бқл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке немесе заңды тұлға. Арнайы субъектілер лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Ақыл есі дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Субъективтік жағы бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне және мүмкін болатын оның салдарларына рухани көзқарасы. Кінә қасақана немесе абайсыздық нысанда көрініс табуы мүмкін. Сонымен, егер адамның әрекетінде заң элементтерінің төртеуінің жиынтығы бар деп танылатын болса, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Көрсетілген элементтердің ең болмағанда біреуінің болмауы бұзушыны әкімшілік жаауптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
36.Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
Жаза-өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойган мақсаттары бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38-бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадыр қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Жазаның міндетті түрдегі қасиеті жазалау, жаза беру болып табылады. Жаза міндетті түрде қылмыскерге белгілі бір тән, жан, материалды зияндар шектіреді. Жазаның жазалау бөлшектері оның қорқыту сияқты қасиетін білдіреді. Сондықтан жазалау жазаның ауырлық дәрежесін, сипатын көрсетеді.
Қылмыспен күресу барысында мемлекет әр түрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі жаза. Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен тағайындалады. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынадай жазаның негізгі түрлері қолданылады: 1) айыппұл салу; 2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3) қоғамдық жұмыстарға тарту; 4) түзеу жұмыстары; 5) әскери қызмет бойынша шектеу; 6) бас бостандығын шектеу; 7) қамау; 8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау; 9) бас бостандығынан айыру; 10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар: 1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін. Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін. Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында көп пікірталас тудырып отырған мәселелердің бірі жазаның негізгі және ерекше түріне жататын, адамды өмірінен айыратын өлім жазасы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес өлім жазасы ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қоланылуы мүмкін. Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Қазақстан Республикасы Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
37.Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері. Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:
1. Фискалдық - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады. Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі. Төменде салықтардың әрқайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.
2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады
3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы - тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
4. Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын бірінші кезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.
38.Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілген қаржылық құқықтық акті. Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебімен есептілігін жүргізу мемлекеттің қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі ҚРның бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және ҚР Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. ҚР-ның бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді:
1түзетілген бюджет
2бекітілген бюджет
3нақтыланған бюджет
4мемлекеттік бюджет
5жергілікті бюджет.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
39.Міндеттеме ұғымы және тараптары
Міндеттеме дегеніміз бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгелі бір әрекет жасаудан бас тартуы. Міндеттемелер төмендегідей іс қимылдардың негізінде туындайды:
1заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден
2заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан
3азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен
4заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде
5өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде
6басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан 7азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әректтері салдарынан
8заңдар азаматтық құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Міндеттеме-міндеттеме шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Борышқор белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ. Несие беруші борышқордан мойнындағы міндетін орындауды талап ететін жақ. Міндеттемелік құқықтың жүзеге асырылуының негізгі әдістері: айыппұл, кепіл, борышқордың мүлкін ұстап қалу, банкілік гарантия.
40.Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға және біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.
Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі. Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда , қалаларда адвокаттар аалқасы және жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді. Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:
Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
ҚР ғы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы шілденің 14- де қабылданған «Нотариат туралы» заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс - әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйе.
Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметтері:
1адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі
2адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру
3заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу
4кәсіби мінез құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негізделеді.
Міндеттері:
1.өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы заңда және ҚРның басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс әрекеттер жасауға
2.мәмілелердің,өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға
3.құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге
4.нотариаттық іс әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультация беруге
5.ғылыми,педагогтік және шығармашылық қызметпен айналасуға,соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысады.
41.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
Республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін,елдің конституциялық құрылысын,мемлекеттік егемендігін,аумақтық тұтастығын,экономикалық,ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау,саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік қағидаттарына сәйкес құрылады және атқарылады. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдары. Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы » заң күші бар Жарлық реттейді. Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен ҚР ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерінен құралады.
42.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады.Ол сатылар былайша аталады:1)қылмыстық іс қозғау; 2)қылмыстарды алдын ала тергеу; 3)басты сот талқылауын тағайындау; 4)басты сот талқылауы 5)апелляциялық саты сотында іс жүргізу ;6) үкімді орындау.Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді.Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге боладыжәне олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар.
Қылмыстық іс қозғау сатысы.Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәні - өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары қылмыстық белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім ғана одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген.
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы.Бұл-әр қылмысты тез және толық ашып,айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттеоген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады 1) анықтау; 2)алдын ала тергеу.
Алдын ала тергеу және анықтау қызметі тергеу әрекеттерін (тінту, жауап алу, зат алу және т.б) қолдану арқылы жүргізіледі. Анықтау органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел іздестіру шараларын да қолданып қылмысты ашады. Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен аяқталмайды.Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың мән-жайын толық және жан-жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндеттеріне жатады.
Басты сот талқылауын тағайындау сатысы.қылмыстық іс айыптау қорытындысымен 1-сатының сотына келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу және анықтау жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.Бұдан кейін осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі.
Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған және айыптаушы мен қорғаушы жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігі жүзеге асырылады.Ал басты сот талқылауының өзі бес бөлімнен тұрады:1)дайындық бөлімі; 2)сот тергеуі; 3)соттағы сөзжарыстар; 4)сотталушының соңғы сөзі; 5)үкім шығару.
Апелляциялық тәртіппен істерді қарау.Бұл сатының негізгі мақсаты заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылардың дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдігін) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты сот үкімдеріне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде беруге болады. Егерде үкімге апелляциялық шағым берілген болса, онда іс міндетті түрде апелляциялық сатының сотында қаралуы тиіс.
43.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын қылмыстық-құқықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда,қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкін.Қылмыстық жауаптылықтан,іс-қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған:
1) шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
3) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67-бап);
4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жазадан босату жағдайлары да қарастырылған. Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:
44.Қаржылық бақылау.
Қаржылық бақылау-мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе, ол 4 бөліктен тұрады:
1)бақылау субьектісі;
2)бақылау объектісі;
3)бақылау заты,тақырыбы;
4)бақылаудың мақсаты;
5)бақылауды іске асырудың әдістері. Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар жатады. Объектісі осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар, азаматтар жатады. Заты,тақырыбы қаржылық қатынастар субьектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы, әрекет не әрекетсіздік. Мақсаты қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.
45.Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлга деп танылады.
Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына, оралымды басқару құқығына негізделген /қазыналық/ кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде, кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Заңды түлға құрмайтын жеке адамдар және де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлгалардың, тауарларга (жұмысқа қызметке) сұранымды канагаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуга багытталган, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы. Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқыққабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген.
Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.
Азаматтардың әрекетқабілеттілігі азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекетқабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.
Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттілігі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекетқабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды.
Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.
Құқық субъектілік бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.
Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады. Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты. Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекетқабілеттілігі белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда болады. Мемлекет толығымен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды даярлаудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі-атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқтар жатады.
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
47.Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
Құқық қорғау органдардың жүйесінде ҚР Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөнінлегі қызметті жүзеге асырады.
Ішкі істер органдардың міндеттері:
-қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-қылмыстарды және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жою;
-кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы және құқықбұзушылықтардың жолын ашу;
-өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету,өрт сөндіру;
-жол қозғалысы қауіпсіздігін және оның сақталуын бақылау;
-мемлекеттік және қзге нысандарды,жекетұлғаларды қорғау,тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
-Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымастықты жүзеге асыру.
Ішкі істер органдардың қызметі заңдылық,дара басшылық,Ішкі істер органдарының тұтастығы,жариялылық;құқық қорғау,мемлекеттік органдармен жіне азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады.
Ішкі істер органдарының құрамы:
1.криминалдық полиция: Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау,оның алдын алу,жолын кесу,оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу,тергеуден,анықтамадан және соттан жасырынған,қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған,хабарсыз кеткен және Қ.Р заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру жіне жүзеге асыру болып табылады.
2.әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері: Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау,қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау,оның алдын алу және жолын кесу,қылмыстарды ашу,ҚР заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру,ұсталған және қамауға алынған адамдар,оның ішінде белгілі бір тұратын жері,құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету,ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.
3.Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы: Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған,ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау,олардың алдын алу,жолын кесу,ашу жіне тергеу болып табылады. Ішкі істер министирлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге,әскери қылмыстар бойынша,сондай-ақ ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға,олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға,анықтауғы,жолын кесуге,әскери қылмыстарды ашуға ,ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
48.Қазақстан Республикасының әділет органдары.
Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың,ұйымдардың,лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын,азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.
Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы,Әділет органдары туралы 2002жылғы 18 наурыздағы Заңмен өзге де нормативтік құқықтық актілер,сондай-ақ Қазақстан Республикасның халықаралық шарттары құрайды.
Әділет министрлігінің негізгі міндеттері: Саяси,экономикалық,әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету; заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету; заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету; қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.
Әділет органдарының қызметі:
1.заңдылық;
2.қорғалу құқығын қамтамасыз ету,баршаның заң алдындағы теңдігі,адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
3.жариялық,құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен,өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасау;
4.саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тәуелсіз болу; 5.гуманизм,демократия,қылмыстық жаза атқарудың жіктелуі мен дербестендірілуі,қылмысық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;
6.әділет органдары жүйесінің біртұтастығы қағидаттарына негізделеді.
Әділет органдарының біртұтас жүйесі:
1.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің комитеттерін;аумақтық әділет органдарын;қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан;
2.қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін,Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президенті құратын ,қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
49.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, Қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жалпы тәртіп бойынша Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. Жасалған қылмыстарға жаза қолданылады.
Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделегн құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.Жазаның түрлеріне:айыппұл.белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру,қоғамдық жұмыстарға тарту,түзеу жұмыстары,қамау,бас бостандығынан айыру жатқызылады.
Айыппұл- жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту- бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.
Түзеу жұмыстары- бұл сотталған дамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекеттің пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.
Қамау бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады,олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгілінеді.
Бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс колонияларына жіберу,жалпы,қатаң,ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.ол 6 айдан 15 жылға дейін,ал ерекше қылмыстар үшін 20жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгілінеді.
Өлім жазасы- бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы.
50. Азаматтық-құқықтық жауаптылық
Құқық бұзушының мүлкінен айыру не алу немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың бірнеше түрі бар:
-шартты және шарттан тыс жауаптылық;
-үлестік және ынтымақтастық жауаптылық;
-негізгі және қосымша жауаптылық;
-регрестік жауаптылық.
Шартты және шарттан тыс жауаптылық. Шартты жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар.Шарттан тыс жауаптылық дегеніміз шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылық.
Үлестік және ынтымақтастық жауаптылық. Шарт не заңмен белгіленгендей, белгілі бір үлес бойынша әрбір борышқорға, не зиян келтірушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атайды. Несие берушінің алдында әрқайсысы толық жауап беретін, екі не одан да көп тұлғалардың ( борышқорлар, зиян келтірушілер) жауаптылығы ынтымақтастық жауаптылық деп аталады.
Негізгі және қосымша жауаптылық.Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туындайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауаптылығы негізгі жауаптылық деп аталады. Заңда белгіленген кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың (жәбірленушінің) құқығын,мүддесін толық қорғау және қанағаттандыру мақсатында тағайындалатын жауаптылық қосымша жауаптылық деп аталады.
Регрестік жауаптылық.Заң бойынша бір тұлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады. Мысалы азаматтық заңнамалар бойынша еңбек міндеттерін атқару барысында зиян келтірген жұмысшының, қызметкерлердің әрекеті үшін сол қызметкер еңбек ететін ұйым жауап береді.Егер қызметкердің әрекеті барысында ол істейтін кәсіпорын зиян шегетін болса, онда кері талап сол қызметкерге қолданылады. Сонда, кері жауаптың мәні, ол шынында, кінәлі болған зиян келтірушіге жауаптылықты жүктеу.
51 Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
Азаматтық адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті.
ҚР азаматтығын алу негіздері. ҚР-ның азаматтығы: 1) тууы бойынша;2)ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3)ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;4) ҚР-ның азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы №1017-XII ҚР Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. Ааматтыққа қабылдау ҚР Президентінің атына өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтықтан айырылу. ҚР азаматтығынан: 1) ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға,әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2)егер ҚР-ның азаматығы жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;3) ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;4)егер ҚР-нан тыс жерлерде тұрақты тұратын ада дәлелсіз себептермен 3 жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе;5)егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.
52.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
ҚР сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңарда көрсетілгендей Республика Президентін, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз.
Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты 2 түрі бар:
1. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-теңдік қағидасына негізделеді.
2. Мажоритарлы сайлау жүйесі 2-ге бөлінеді:
А)артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта дауыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 %-дан астамы сайлауға қатынасса,сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 %-дан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Б)салыстырмалы басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тізіміне енген сайлаушылардың 25 %-ның дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жәе сайлау өтті деп есептеледі.
ҚР-нда сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.Қазақстандағы сайлау комиссиялары:
1. Орталық сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
3. Округтік сайлау комиссиялары;
4.Учаскелік сайлау комиссиялары.
53.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген срмалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің еаебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өз де коммерциялық ұйымдарға салінған капиталды үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлізайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Нарықтық эканомиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады. Неке шарты некеге тұруды мемелекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде және оны нотариат куәландыруға тиіс. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлекетелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды. Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша екз келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
54.Қылмысқа қатысу
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдастыруымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысушылардың түрлері:
-Қылмысты ұйымдастырушы - қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам.
-Орындаушы қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам.
-Айдап салушы - басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.
-Қылмысқа көмектесуші кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам.
55.Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
Жеке Еңбек шарты- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын ) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Жеке е.ш. жасалу тәртібі: Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолы қойылады.Еңбек шарты бір бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1)жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігі.);
2)Ыхтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) тиісті білімді, дағдалар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде даярлығының болуы туралы құжат;
4)әскери есеп құжаты;
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат ;
6)еңбек қызметін растайтын құжат.
56 .Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
Әркiмнiң өмiр сүруге құқықтары бар. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқықтары бар.
Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады.
Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әркiм адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқықтары бар.
Әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әркiм азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
19-бап
Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
57.Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
Мемлекеттiк қызмет - мемлекет қызметiнiң бiр саласы жəне мемлекеттiк қнзметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi қызметi болып табылады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары:
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
58.Алименттік қатынастар
Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
59.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері
Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:
- онша ауыр емес;
- ауырлығы орташа;
- ауыр;
- аса ауыр.
Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:
1. қасақана жасаған әрекеті 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті 5 жылдан аспайтын мерзімге онша ауыр емес;
2. қасақана жасаған әрекеті 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті 5 жылдан аспайтын мерзімге ауырлығы орташа;
3. қасақана жасаған әрекеті 12 жылдан астам мерзімге ауыр;
4. қасақана жасаған әрекеті 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе аса ауыр санатына жатады.
Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі ететеін кезеңдерді айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау. Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын анықтау қажеттілігі туындайды. Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді. Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
60.ҚР-да жер қорының түсінігі, түрлері
Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді. Қазақстанда жер мемлекеттік және жеке меншікте болады.
Жерге мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Жерге жеке меншік құқығы жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Осы кездегі пайдаланып жүрген нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына мынадай мөлшерде тегін беріледі:ауылдық жерде өзіндік немесе қосалқы үй шаруашылығын жүргізу үшін - суарылмайтын жердегі 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар; бағбандық, сондай-ақ саяжай қүрылысы үшін - 0,12 гектар.
Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған: