Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Тіс протезін дайындау технологиясы бойынша 5В130200 Стоматология маманды~ы ~шін О~у са~аттар

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

ҚММУ Ф 4/3-01/01

2007 ж. 14 маусымындағы ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ортопедиялық стоматология курсымен терапиялық стоматология кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» бойынша

5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін

Оқу сағаттарының (кредиттердің*) көлемі - 216

2 курс

3, 4 семестр

Қарағанды 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы 2006 ж. ҚР МЖБМС 3.07-476-2006 негізінде 051302 «Стоматология» мамандығы бойынша 01.12.2006ж бұйрық №582, және «Тіс протезін дайындау технологиясы» типтік бағдарламасы бойынша, ҚР ОӘБ 22.02.2008ж. хаттама №3а бекітілген

Жұмыс бағдарламасы ортопедиялыцқ стоматология курс отырысында қарастырылған

№ ____ хаттама  «____»____________ 2013ж.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты ______________________ Асакаев Н.С.

Жұмыс бағдарламасы жалпы медицина және стоматология факультеттің Әдістемелік кеңесінде талқыланған

№ ____ хаттама  «____»____________ 2013ж.

Төрағасы ______________________ Төлеубеков Қ.Қ.

ҚММУ Әдістемелік Кеңесімен мақұлданған

№ ____ хаттама  «____»____________ 2013ж.

Бекітілген

ҚММУ оқу-әдістемелік және

тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор,

профессор __________________ Құсаинова А.С.

№ ____ хаттама  «____»____________ 2013ж.


Кіріспе:

Тіс протездерін дайындау технологиясы (ТПДТ) стоматологияда нағыз қажетті бөлім болып табылады , функционалды анатомияны және шайнау аппаратының биомеханикасын оқытады,

тіс протездерінің әр түрлі құрылымдарының дайындау технологиясын, сонымен қатар тіс протезін дайындауға қажетті қолданылатын негізгі және қосымша жағидаттардың құрамы мен қасиетін оқытады.

Бұл пәннің мақсатында болашақ мамандардың тіс техникалық зертхананы ұйымдастыру жұмыстарына көп көңіл аудартады, ортопедиялық стоматологияда қолданылатын қазіргі кезеңдегі технологиямен жадиғаттарға көп көңіл бөлуді мақсат етеді.

Ортопедиялық стоматологияда жадиғаттар мен тіс протездерін дайындау технологиясы сұрақтары айрықша маңызы бар. Негізгі түрлі оқу бағдарламасының құрайтын бөлімдер тізімі теориялық және тәжірибелік бағыттарын қамтиды.

Бағдарламаның құрылымдық бөліктерінде әр түрлі құрылымдарды, тіс протездерін дайындау кезеңдерін білімдері мен негізгі түсініктерін реттіліктері жазылады, студенттердің білімдері мен машықтанулары әрдайым жаңарып отырады.

Тіс протездерін жасау технологиясы пәнінің бағдарламасы әр түрлі тіс құрылымдарын дайындауға қажетті технологиямен жадиғаттардың негізін білуге бағытталған, бұл кезде төменгі жақ сүйегінің биомеханикасмен шайнау аппаратының негізгі элементтерінің анатомиялық ерекшеліктері әрдайым есте сақталынады.

Пән мақсаты: Студенттердің ортопедиялық стоматологияда қолданылатын негізгі стоматологиялық жадиғаттарды және әр түрлі тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша тәжірибелік машықтануды және білімдерін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  1.  шайнау аппараты биомехнаикасының негізгі заңдылықтарын білу;
  2.  ортопедиялық стоматологияда қолданылатын негізгі және қосымша жадиғаттардың негізгі қолдану принциптерін білу және олардың технологиялық кезеңдерде өзгерістерін білу;
  3.  тіс техникалық зертхананың негізгі қондырғыларымен құрал жабдықтарына түсініктеме беру;
  4.  әр түрлі тіс протездерін дайындаудың машықтануларын арттыру (фантомда).

Конечные результаты обучения

Дескрипторлар

Оқудың соңғы нәтижелері

біліктілік

А

Бұл аймақтағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса отырып , қарастырылып отырған аймақтағы білім мен түсінікті көрсету.

«Тіс протездерін дайындау технологиясы» пәні бойынша болашақ мамандықтын мақсаты мен міндеттерінінің мағынасына анықтама беру.

Шайнау аппаратының биомеханикасы мен қызметтік анатомиясына ,алдыңғы және шайнау тіс топтарының сауыттарының морфологиялық ерекшелігін қарастырады.

Қауіпсіздік техника ережелерін және санитарлы- гигиеналық талаптарды ескере отырып тіс техникалық зертхананың ұйымдастыру жұмыстарына қысқаша тоқталады.

Тіс протездерін дайындауда қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды , тіс техникалық зертханадағы қазіргі кезеңдегі қондырғылар мен құрал-жабдықтардың  аттарын атап анықтамасын беру.

Жақ сүйектері мен  тістер жарақаты кезінде  қолданылатын күрделі емес шендеуіш протез аппараттарының дайындау технологиясын , әр-түрлі материалдардан дайындалған алынатын және алынбайтын протез құрылымдарын дайындау технологиясын атап өту .

1, 3, 4, 6

В

Осы алынған біліммен түсініктерді  жоғары деңгейде қолдану.

Әр түрлі тіс протездері мен қондырғыларды дайындау кезеңдерінде негізгі түсініктер мен  білімдерді қалыптастыру   

Әр түрлі тіс протездері құрылымдарын дайындағанда негізгі материалдардың қасиеттері мен олардың  қолдану технологиясын түсіндіру.

Технология мен материал таңдау  барысында , төменгі жақ сүйегінің биомеханикасы мен шайнау аппаратының негізгі элементтерінің анатомиялық ерекшеліктерін сәйкестендіру.

1, 3, 4, 6

С

Қарастырылатын аймақтағы аргументтерді қалыптастырып мәселелерді шешу.

Пән аппаратының  түсініктіктемелі –терминологиясын меңгере білу.

Фантомда анатомиялық үлгі алып , жұмысшы, қосымша, аралас және диагностикалық мүсін дайындау.

Мүсіндерді окклюдатор және артикуляторға ғаныштау , тістің анатомиялық пішінін балауыздан пішіндеу , ғаныштан және металлдан штампиктер алу, металл қауыздарын созу ,металл құймаларына термиялық өңдеу жүргізу.

Алғашқы және соңғы штамптауды жүргізу , металл құймаларын дәнекерлеу, ғаныштау , қалыптау, пластмассаны полимеризациядан өткізу.

Металлды сымнан иілген ілмектерді дайындау, тез қататын пластмассадан жеке дара қасық дайындау, тістесу біліктері бар балауыз негіздерін дайындау, жасандарды  тістерді алғашқы рет орналастыру  және протездерге күрделі емес жөндеулерді жүргізу.(фантомда)

Әр түрлі тіс протездерін дайындау.(фантомда)

1, 2,3, 4, 6

D

Ғылыми мағынада, этикалық, әлуметтік жағдайларда ескере отырып, интерпритациялық ақпараттарды қалыптастыру үшін анықтамалар жинау.

Интерпритация бойынша алынған салыстырмалы диагностика жүргізу үшін анықтамалар жиынтығын өткізу.

1,2,3,4,5,6

Маман ретінде ақпараттарды, ойларды, мәселелер мен шешімдерді жеткізу.

Төменгі жақ сүйегінің биомеханикасы мен шайнау аппараттарының негізгі элеметтерін, анатомиялық ерекшеліктерін әр түрлі тіс протез құрылымын дайындағанда негізгі материалдардың қасиеттеріне және оларды қолдану технологияларына ақпарат беру. «Ортопедиялық пропедевтика стоматология» пәні бойынша әрі қарай өздігінен оқуды жалғастыру (теория мен тәжірибе бойынша  білімі мен жұмыс жасау сұрақтары, ортопедиялық стоматология клиникасында тіс жақ  жүйесінің ауруларын ортопедиялық емдегенде  әрі қарай әдістерін таңдай білу. )

1,2,3,4,6

* Компетенция тізімі: 1. Жалпы білімділік. 2. Биомедицина ғылымдарды білу 3. Коммуникативті ептілік 4. Әрқашан білімін жетілдіру ептілік. 5. Ғылыми зерттеу ептілік  6. Топта жұмыс істеу ептілік . 7. Профессионализм 8. Клиникалық ептілік.


Пәннің постреквизиттары және пререквизиттары.

Реквизитке дейінгі: анатомия – 1 курс, тақырыбы: Мойынның ,бастың , аяқ –қолдарынынң топографиялық анатомиясы. Бас пен мойынның жүйкелері мен қан тамырлары. Мұрын қуысы мен ауыз қуысының топографиясы .химия – 1 курс, тақырыбы: Термодинамика, термохимия, химиялық кинетика және катализ, ерітінділердің коллигативті қасиеттері.  

Реквизиттен кейінгі: ортопедиялық стоматология пропедевтикасы – 4 курс, тақырыбы: Ортопедиялық және кешенді емді қажет ететін, тіс жақ жүйелерінің аурулары бар науқастарды клиникалық тексеру,  ; хирургиялық стоматология пропедевтикасы– 4 курс, тақырыбы: Хирургиялық стоматологиялық араласу кезінде қолданылатын жергілікті жансыздандыру жасау әдісі және көрсеткіштері,жергілікті және жалпы жансыздандыру кезінде болатын асқынулар ,алдын алу және емі.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырып атауы

Өткізу формасы

ұзақтығы

біліктілік

  1.  

Тіс протезінің дайындау технологиясының міндеті мен мақсаты, рөлі. Тісжақ жүйесінің функционалды анатомиясы.

Мәселелік дәріс

1

1

  1.  

Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістесу түрлері.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тіс протезінің түрлері. Негізгі және қосымша қондырғылардың жадиғаттарының жіктелулері. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металдар құймалары. Жіктелуі, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Полимерлер. Жалпы мінездемесі, жіктелулері.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Өздігінен қататын және ыстықта қататын пластамасса, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Қосымша жадиғаттар. Үлгілік жадиғаттардың және үлгілердің жіктелулері. Анатомиялық қалып алу үлгісі.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Балауыздар. Жіктелулері. Құрамы, қасиеті, қолданылуы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Түрпілі және қалып алу жадиғаттары. Жіктелулері, құрамы, қасиеті және қолданылуы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тіс протездерін дайындау кезеңдеріндеқолданылатын басқа да көмекші жадиғаттар.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Салмаларды дайындау технологиясы. Дайындауға арналған жадиғаттар. Керамикалық массалар. Құрамы, қасиеті, қолданылулары. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Пластмассадан, фарфордан және биокерамикадан қаптама дайындау технологиясы. Металды керамикалы және металды акрилды қаптама дайындау технологиясы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Штифті тістер дайындау технологиясы. Жіктелулері..

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Штифті тістерде және салмаларда тірек бөліктері бар көпіртектес протездерді дайыедау технологиясы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Метал құймаларынан, пластмассадан, биокерамикадан құйылған және беткейлі қабаты әшекейленген көпіртектес протезді дайындау технологиясы. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металдыкерамикалық және металдыакрилды көпіртектес протезді дайындау технологиясы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Адгезивті протездермен протездеу.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Алынбалы көпіртектес протездермен протездеу.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тіс қатары ақауларының жіктелулері. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тіс қатары ақауларын толықтыратын жартылай алынбалы пластиналы протездер. Дайындаудың зертханалық кезеңдері.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрамдық элементтері. Ілмектік жүйе. Толық құйылған доғалы протездің қаңқасын дайындау тәсілі.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Параллелометр. Параллелометрия әдістері. Металды негізі бар алынбалы протез дайындау технологиясы.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Алынбалы қондырғыларды дайындау технологиясы. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Әр түрлі бекіту жүйесін қолдану (аттачмендер, балкалы жүйе, телескопиялық жүйе)

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Толық тіс болмағанда  тіс жақ жүйесінің анатомо-функционалды жағдайы. Жеке дара қасықты дайындау. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Толық тіссіз жақтардың орталық арақатынасын анықтауы туралы түсінің. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Окклюдаторлар мен артикуляторлар. Түрлері. Артықшылықтары.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Алынбалы протездерде қолданылатын жасанды тістердің түрлері.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Толық тіссіз жақтарға жасанды тістерді орналастыру тәсілдері. Шыны бойынша тістерді орналастыру. Қызыл иек жиегіне тістерді орналасатыру.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жеке дара анықталған тістесу беткейлері бойынша тістерді орналастыру. Тістесудің әр түрлі ауытқуларында тістерді орналастыру.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Толық алынбалы протезді дайындаудың ерекшеліктері мен көрсеткіштері. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жұмсақ эластикалы төсеніші бар толық алынбалы протез.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Күрделі емес аппараттарды дайындау технологиясы. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тістердің және жақтардың жарақаттарында қолданылатын аппараттар мен протездер.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар. 

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Дентальді имплантанттарды дайындауға қажетті жадиғаттар. Құрамы, қасиеттері.

Мәселелік дәріс

1

1,2,3,4,5,6,7

Барлығы

36

Практикалық (және/немесе семинарлық, лабораториялық) сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тақырып атауы

Өткізу формасы

ұзақтығы

біліктілік

  1.  

Тіс техникалық зертханасы, құрылымы. Тіс технигінің жұмыс орыны. Тіс технигінің жадиғаттары мен аспаптары. Қауіпсіздік техникасы. Төменгі және жоғарғы жақ сүйектерінің ит тістері және күрек тістерінің сауытты бөліктерін анатомиялық ерекшеліктерін қалыптастыру негізі.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2

  1.  

Төменгі және жоғарғы жақ сүйектерінің кіші және үлкен азу тістерінің атомиялық ерекшеліктерін қалыптастыру негізі..

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,5,6,7

  1.  

Алынбайтын протездер түрлері. Салма жасауды негіздеу ( микропротез). Салманы жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдерінің ерекшеліктері. Салма салу үшін тіс сауытын егеу. Салмаға арнап тіс қуысын егеп қалыптастыратып түрпілі аспаптар. Қалып алу. Модель құю. Балауыздан салманы мүсіндеу. Алынбайтын протездер үшін мүсіндеуші балауыз түрлері. Микропротез жасау үшін қажетті негізгі материалдар. Балауызды пластмасса мен металлға алмастыру. Тегістеу,жылтырату,цементке отырғызу.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жасанды металл қаптаманы дайындаудың зертханалық кезеңдері. Фантомда металды қаптамаға тісті егелеу. Қалып алу. Мүсін құю.

CBL

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Окклюдатор, артикулятор сияқты төменг жақ сүйектің қимыл-қозғалысын қайталайтын аспаптар.  Тістем күйінде модельдерді ғаныштау. Штампталған саыт үшін тіс тұқылын мүсіндеу. Штамптың ғанышты  пішінің дайындау ( ғанышбағана)

TBL

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Ортопедиялық стоматологияда қолданатын металлдар мен қорытпалар. Гильзаны дайындап созатын аспаптар. Гильзаны штамптауға әзірлеу. Алдын-ала жасалатын штамптау әдісін технологиясы.Күйдіру. Гильзаны соңғы рет штамптауға арналған аспаптар. Паркер, ММСИ әдістері. Ағарту.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Фантомда жекелеген металды штампталған қаптамаларды шақтап келтіру. Стоматологиялық бұйымдарды тегістейтін,жылтырататын материалдар. Тегістеу мен жылтыратудың технологиясы. Сауытты цементке отырғызу ( уақытша және тұрақты отырғызатын заттар)

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Пластмасса сауытты жасаудың зертханалық кезеңдері.Осы сауыт үшін тісті егу, қалып алу, түсін анықтау, модель құю.  Пластмасса сауыт жасау үшін тістің тұқылын мүсіндеу технологиясы. Алынбайтын протез үшін қажет пластмассалар. Тұқылы мүсінделген сауытты кюветаға ғаныштау.Балауызды еріту. Пластмассаны қалыптау. Полимеризация. Кюветадан пластмасса сауытты шығару, өндеу, тегістеу,жылтырату.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металды керамикалық қаптама дайындаудың зертханалық жасалу кезеңдері. Осы сауыт үшін тісті егеу, қосқабатты қалып алу әдісі. Құрама алмалы-салмалы мүсінді жасаудың технологиясы. Артикуляторға ғаныштау. Металды керамикалы сауытты жасауға арналған балауыздар ( қалпақша,гирляндалар, құйғыштар).

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металды керамикалы сауыттың қалпақшасын мүсіндеу технологиясы. Қалыптағыш материалдар. Құю. Металды керамиканы жасау үшін қажет қорытпалар. Қалпақшаны құмшашқыш аппаратпен өңдеу. Қалпақшаны модель мен фантомға кигізіп көру. Керамикалық массаның түсін таңдау.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металл қанқаға фарфор массасын жағудың технологиясы. Стоматологиялық фарфор массаның құрамы мен қасиеті. Күйдіру. Фантомға металды керамикалы сауытты шақтап кигізіп көру. Глазурь жағы. Тегістеу,жалтырату. Тапсыру. Металкерамикалы сауытты цементке бекіту.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Штампталып-дәнекерленген көпіртәрізді протезді жасаудың зертханалық кезеңдері. Осы протез үшін тістерді егеудің ерекшеліктері. Қалып алғыш материалдар. Қалып алу, модель құю. Сауыттарды алдын ала және соңғы рет штамптау. Осы кезеңде қолданылатын материалдар. Тірек тістерге штампталған болат сауытты шақтап кигізіп көру, қалып алу, модель құю. Окклюдаторға модельдерді бекіту. Көпіртәрізді протездің денесін мүсіндеу. Профильді балауыздар. Көпіртәрізді протездің аралық бөлігін құю.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Көпіртәрізді протездің аралық бөлігін өңдеу. Дәнекерлеуге дайындау. Көпіртәрізді протездің бөлшектерін дәнекерлеу. Дәнекердің құрамы, қасиеті. Ағартқыштар. Тірек тістерге штампалған дәнекерленген көпіртәрізді протездің қаңқасын шақтап кигізіп көру. Фасетканың вестибулярлы бетін мүсіндеу. Полимеризациялау. Дайындаудың зертханалық кезеңдері. Металды керамикалық көпіртектес протезді дайындағанда қолданылатын қондырғылар мен құрал-жабдықтар, олардың технологиясы. Тістерді егелеу. Қалып алу. Алмалы-салмалы құрама модель.  

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Металды керамикалы көпіртәрізді протездің қаңқасын мүсіндеу. Тірек тістерге уақытша сауыт жасау. Профильді балауыздар. Металды керамикалы протездің қаңқасын құю. Тірек тістерге қаңқаны шақтап кигізіп көру. Қалыптғыш материалдар. өңдеу. Металды керамикалық протездің қаңқасына фарфор массасын қабаттап жағу. Күйдіру ережесі. Стоматологиялық фарфор, құрамы, қасиеті. Қорытынды сабақ.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез, оның элементтері, жасалу кезеңдері. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден толық анатомиялық қалып алу. Ғаныш модель құю. Модель бетіне жартылай алынбалы протездің шекарасын сызу. Окклюзиялық білікті балауыз базисті жасау. Жақ сүйектердің орталық арақатынасын аңықтау, бекіту. Окклюдаторға модельдеу,ғаныштау. Жартылай пластиналы протездерді бекіту үшін керек тетіктер. Кламмерлер,түрлері,олардың пластиналы протездерге жайғасуы, біриықты сымтемір кламмерді жасау технолгиясы. Жартылай алмалы салмалы протезге жасанды қызылиегі бар кезде және жоқ кезде жасанды тістерді таңдап, орналастыру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Протездің балауыз құрылымын соңғы рет мүсіндеу. Балуыз базисті және жасанды тістері бар модельді кюветаға салып ғаныштау. Балауызды еріту, базисті қалыптастыру (формовка), полимеризация жасау. Протезді кюветадан шығару, өңдеу, тегістеу және жалтырату.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Доғалы протез, оның элементтері, жақ сүйекке орналасуы. Қолдану жолдары, сипаттамасы. Клиникалық-зертхналық жасалу кезеңдері. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден қосқабатты қалып алу.  Медициналық ғаныштан және суперғаныштан құрама нақтамалық модель құю. Ғаныш модельге қойылатын талаптар.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Параллелометрия. Параллелометрдің құрылымы. Аспап тетіктерінің қажеттілігі. Параллелометрия әдістері.Ғаныш модельге доғалы протез қаңқасын сызу. Кламмерлердің Нея жүйесі. Отқа төзімді модель алу.Доғалы протездің қаңқасын стандартты балауыз көмегімен мүсіндеу. Доғалы протез қаңқасының балауыз құрылымын құюға дайындау. Құю.Доғалы протездің қаңқасын өңдеу, тегістеу және жалтырату. Фантом аузына доғалы протез қаңқасын шақттап кигізіп көру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Окклюдаторға модельді ғаныштау. Жасанды тістерді орнықтыру. Фантом аузына салып доғалы протез құрылымын тексеру.

Балауызды пластмассаға алмастыру,өңдеу,тегістеу және жылтырату. Фантом ауызына дайын доғалы протез құрылымын тексеру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Толық алынбалы пластиналы протез дайындаудың зертханалық кезеңдері. Тіссіз жақтардан толық анатомиялық қалып алу. Жоғарғы және төменгі жақ сүйекке жеке-дара қасықты зетханалық жолмен жасау.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден модель құю. Протездің базистік шекарасын сызу. Сүйек темпешіктерін, экзостоздарды оқшаулау.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерге окклюзиялық білікті балауыз базис жасау.  Базиске металл сымын орналастыру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Окклюдатор мен артикуляторға модельдерді ғаныштау. Жасанды тістерді таңдау. Васильев бойынша шыныға тістерді орналастыру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тістерді жекелеген тістесу беткейі бойынша орналастыру. Фантомда жоғарғы және төменгі жақ сүйегі протез құрылымын тексеру. Прогениялық және прогнатиялық жағдайда жасанды тістерді орналастыру.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Протездің балауыз құрылымын соңғы рет мүсіндеу. Балауызды еріту.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Пластмассаны қалыптастыру. Пресстеу, полимеризациялау. Кюветадан протезді шығару, өндеу, тегістеу және жылтырату

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Қос қабатты негізі бар толық алмалы-салмалы протезді дайындау.  Эластикалық төсем жасау әдісі. Қорытынды сабақ.

Тәжірибелік сабақ

4

1,2,3,4,5,6,7

Барлығы

108

СӨЖ тақырыптық жоспары:  

Тақырып атауы

Өткізу формасы

ұзақтығы

біліктілік

  1.  

Тістехникалық зертхананың және фантом бөлмесінің жабдықталуы.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Қазіргі кезеңдегі қалыпты жадиғаттар.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын полимерлер.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Құю технологиясы. Құю.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын керамикалық массалар.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Биокерамикадан протез дайындау.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Әр түрлі құрылымды көпіртектес протез дайындау технологиясы.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Алынбалы протездер мен протездеудің қазіргі кезеңдегі көзқарас.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Алынбалы протездердің тұрақтануы мен беку әдістері.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Параллелометрлер. Параллелометр жүргізу әдісі.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Тіссіз жақтардың анатомо-топографиялық негіздері.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Полимеризация тәртібі мен кезеңдері. Құйып пресстеу әдісі арқылы балауызды пластмассаға ауыстыру.

Рефераттар дайындап және қорғау

5

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Артикуляторлар, окклюдаторлар. Олардың түрлері.

Рефераттар дайындап және қорғау

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Жасанды тістердің қалпы. Түрлері мен құрастырып орнату негіздері.

Рефераттар дайындап және қорғау

4

1,2,3,4,5,6,7

  1.  

Қос негізді толық алынбалы пластиналы протез. Дайындау әдісі.

PBL, жоба дайындау

4

1,2,3,4,5,6,7

Барлығы

72

Оқыту және сабақ беру әдістері::

  1.  Дәрістер: мәселелі дәрістер.
  2.  Тәжірибелік сабақтар: топтық-бағытталған оқыту (TBL), клиникалық жағдайларға негізделген оқыту түрі (CBL); ситуациялық есептер, жұптағы жұмыстар, оқулықтармен жұмыстар, ситуациялы есептерді шешу, пайда болатын сұрақтармен оқытушылармен кеңесу, жазбаша тестілеу, медициналық құжаттарды толтыру; фантомдарды ,мүсіндерді қолдана отырып тәжірибелерін арттыру; оқытушылардың бақылауымен науқаспен жұмыс істеу, науқастарды  өзідігінше курациялау, клиникалық тақылау,айналып өту , клиникалық конференциялар;интернетте электронды мәліметтер негіздермен жұмыс істеу.

  1.  СРО: топтық-бағытталған оқыту (PrBL курация күнделігін дайындау,студентпен жаңартылған клиникалық жағдай бойынша тесттік есептер дайындау,презентация дайындау,альбом дайындау, оқулық ауру тарихын дайындау,оқулықпен жұмыс істеу,медициналық құжаттарды толтыру , интернетте электронды мәліметтер негіздермен жұмыс істеу.

Білім алушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау әдістері::

  1.  пән бойынша ағындық бақылау:тесттілеу,жазбаша/ауызша сұрастыру,программалық бақылау,тапсырмаларды орындау нәтижелерін толтыруын тексеру және т.б.
  2.  Пән бойынша рубеждік бақылау: коллоквиум
  3.  Пән бойынша шешімдік бақылау: жазбаша тесттілеу түрінде экзамен.

Жабдықтары және жабдықталуы

Қондырғылар: фантомдар, жабдықталған  тістехникалық  зертхана.

Жабдықталу: бөлімдер бойынша иллюстрацияланған альбомдар,слайдтар,тесттік тапсырмалар жиынтығығфантомдық кабинеттер;модельдер ;клиникалық-лабораториялық кезеңдері көрсетілген фантомдық материалдар( әр түрлі тіс протездер құрылымдарының үлгілері);негізгі және қосымша материалдар;тістехникалық зертхананың құрал-жабдықтары.

УКЦ: фантом «Foshion»FE 220, үстелге бекітілген басы бар стоматологиялық симулятор фантомы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Орыс тілінде:

негізгі:

  1. Жулев Е.Н. Материаловедение в ортопедической стоматологии, Н- Новгород. НГМА, 2000.-132с.
  2. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г. Ш., Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы, 2001
  3.  Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н., Бычков В.А., Аль-Хаким А. Ортопедическая стоматология М, 2007. – 496 с.  
  4.  Рузуддинов С.Р., Темирбаев М.А., Алтынбеков К.Д. Ортопедическая стоматология., Алматы, 2011. – 621 с.

қосымша:

  1. Алтынбеков К.Д. Усовершенствование методов диагностики и ортопедического лечения различных дефектов зубных рядов с применением современных конструкций и технологий.  Докт. Дисс.. 2000, 184с.
  2. Алтынбеков К.Д. Способ изготовления штифтового зуба из стеклокерамики. Международный научно-практический  журнал. 12, 2002.№16. 47-50.
  3. Кульманбетов И.А., Еслямгалиев Г.Т. Адгезивный мостовидный протез. «Проблемы стоматологии», 2000. № 3, с.34
  4.  И.Ю. Лебеденко, С.Х. Каламкаров Ортопедическая стоматология. Алгоритмы диагностики и лечения.  М.- 2008. – 96 с.
  5.  В.Н. Трезубов, Л.М. Мишнев, Е.Н. Жулев. Ортопедическая стоматология. Прикладное материаловедение.- М, 2008. – 473 с.
  6.  Алтынбеков К.Д. Тіс протездерін дайындауда колданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар. – А, - 2008.  – 380 б.  
  7.  А.П. Воронов, И.Ю. Лебеденко, И.А. Воронов «Ортопедическое лечение больных с полным отсутствием зубов». – М, 2006, 320 с.

Қазақ тілінде:

қосымша:

1. Алтынбеков К.Д. Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар. 2005 ж. 250 бет.

2. Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У. Тіс протездерін жасау технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу-әдістемелік құрал) Қарағанды: ҚММА, 2007ж 73б.


2012-2013 оқу жылына оқу бағдарламасының басқа пәндерімен келісу хаттамасы 

Осы пәнді оқытуға сүйенетін пәндер  

Реттік мазмұны мен материал пропорциясың өзгерту туралы ұсыныс ж.т.б.

Пререквизиттер:

1. Анатомия

Адамның бас қаңқасы: сына тәрізді сүйек, жоғарғы жақ сүйегі, оның өсіндісі, қанатты таңдай шұңқыры, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы, олардың қабырғалары. Төменгі жақ сүйегі, анатомиялық ерекшеліктері. Бас қаңқасының түйісулері: самай төменгі жақ буыны, құрылысы, байлам аппараты. Буынның рентген анатомиясы. Бастың бұлшық еттері: шайнау және ымдау бұлшық еттері, олардың құрлысы, қызметтері. Фасциялар және бұлшық ет фасция аралық клеткалық кеңістік. 

2. Химия

Химияда қышқылды негіздік тепе-теңдік оқытылады. Буферлі жүйе оның ағзадағы қышқыл сілті тепе-теңдігін ұстауындағы рөлі. Стоматологиялық тәжірибеде амальгама, алтын, күміс, мыс құймалары. Полимерлердің медициналық мағынасы.

Аралас пәндер:

1. Қалыпты физиология

Шайнау аппаратына қатысты қалыпты физиологияда физиологиялық қызметтердің қалыптасуы және реттелуі оқытылады: шайнау сілекейдің бөлінуі, терморегуляция, дәм сезу. П.К.Анохиннің функциональды жүйелер туралы түсінігі. Вегетативті жүйке жүйесінің интеграциядағы қызметі. Бұлшық ет тонустарының реттеудегі сопақша ми мен спинальді механизмдердің рөлі. Ортаңғы мидың өзін-өзі реттеудегі процесіндегі рөлі. Шайнауды, жұтынуды реттеу. Шайнау бұлшық еттерінің электромиографиясы, мастикоциограммасы. 

Постреквизиттер:

1. Терапиялық стоматология пропедевтикасы

Периодонтит. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы. Пародонт аурулары. Жіктелулері. Клиникасы. Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары.  

2. Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия

Ортодонттық аппараттардың әсер ету механизмі. Ортодонттық аппаратпен емдеу кезіндегі пародонттың, буындардың, шайнау аппараттарының қызметтерінің марфологиялық қайта құрылу механизмі.

3. Хирургиялық стоматология пропедевтикасы

Жақ сүйектерінің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы. Тіс қатарларын, альвеолярлы өсіндісі, жақ сүйектерін, тіс жақ протездеуге дайындау.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты Н.С.Асакаев

«_»___________2013ж. Хаттама №______

«Стоматология» мамандығы бойынша

әдістемелік кеңестік төрайымы   С.Т.Тулеутаева

«_»___________2013ж. Хаттама №______


Ф КГМУ 4/3-02/02

ИП №6  от 14 июня 2007 г.                                                                                                                                              

          

2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламадағы толықтыру мен өзгертулер

Жұмыс бағдарламасына TPDT 2232  «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні бойынша 2 курстың  051302 «Стоматология» мамандығына  келесі өзгерістер енгізіледі:

1. 051302 «Стоматология» мамандығының шифрі жаңа жіктелулерге байланысты 5В130200 «Стоматология» ауысты.

2. ОҮЖБ 2 курстың студенттеріне TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні бойынша 3 семестрге 48 сағат тәжірибелік сабақ берілді, 4 семестрге 60 сағат тәжірибелік сабақ бөлді. Осыған байланысты жұмыс бағдарламасындағы 3 семестрдің №13 және №14 тәжірибелік сабақ тақырыптары 4 семестрге ауыстырылды.

3. TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға келесі оқудың активті үлгісі кірді: барлық дәрістер мәселелі.

Проблеманы шешуге бағытталған оқыту (PBL): СӨЖ жоба №15 тақырып

Клиникалық жағдайға негізделген оқыту (CBL): №4, 5, 6 тәжірибелік сабақ

Командалық бағытпен оқыту (TBL): №5, 6 тәжірибелік сабақ

Кафедраның шешімі бойынша СӨЖ жүргізілу үлгісі – тақырыпты талқылау; жобаны дайындау.

4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі өзгертілді («Қамтамасыздандыру картасы» қосымшасын қара),  5 жылдық әдебиеттер қосылды.  

5. Тіркеу бөлімі өткізетін ағымдық бақылауда енгізумен байланысты жұмыстық бағдарламада „Ағымдық бақылау“ бөлім бойынша соңғы сабаққа ауысады. 

Жұмыс бағдарламасы ортопедиялық стоматология курсы бар терапиялық стоматология кафедра отырысында қайта қарастырылып, мақұлданды.

«______»__________________2013 ж.  Хаттама №

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты    Асакаев Н.С.     

Жұмыс бағдарламасы «Стоматология» мамандығы бойынша

әдістемелік кеңестің отырысында мақұлданды

«_»___________2013ж. Хаттама №______

Төрайымы  Тулеутаева С.Т.




1. К перевозке на железнодорожной платформе предъявляется см.
2. Феноменология Гуссерля и радикальный конструктивизм Квантовый дуализм и конструктивистский монизм
3. Курсовая работа- Графическая информация и средства ее обработки
4.  Романтизм в творчестве Байрона 2
5.  Отже предметом вивчення курсу є сучасна українська літературна мова професійної сфери
6. Тема- Специфика системы государственного управления Содержание
7. Тема- Формирование эффективной системы управления инвестиционной деятельностью предприятия на материала
8. чистому реализму другие скорее к сюрреализму но во всех безошибочно угадывается неповторимый стиль Милл
9. русски- украсть ящик водки продать деньги пропить
10. Проектирование системы охранной сигнализации
11. часовой рабочий день рабочий контроль над производством устраняли царскую администрацию суды освобождал
12. Мета і завдання педагогічної психології
13. социальная значимость этой патологии объясняется тем скорбным фактом что во всём мире травмы одна из главн
14.  Строение эукариотической клетки
15. Речь Черчилля в Фултоне
16. Тематическое развлечение Рассказ про одежду Музыкальный руководитель- Румянцева Св
17. Математичні методи в психології
18. Электрические свойства полупроводников
19. Здоровый образ жизни молодежи
20. Финансовая математика