Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
№1 зертханалық жұмыс .
Терезелік графика негіздері
Графикалық объектілер және графикалық контекст жөнінде негізгі түсініктерді игеру. Түстермен жұмы жасап үйрену. Қаріптер жайлы негізгі мағлұматтар. Кесінді, тіктөртбұрыш, дөңгелек, көпбұрыш және т.б. объектілерді сызудың графикалық әдістерін игеру. Graphics2D классының кесінді, тіктөртбұрыш, дөңгелек, көпбұрыш және т.б. объектілерді сызуға аврналған әдістерін игеру. Paint және Stroke класстарының фигураларды экранға Graphics2D классының көмегімен шығаруды игеру.
3. Негізгі әдістердің қысқаша сипаттамасы
Java тілінің графикалық құралдары екі пакет көмегімен іске асырылады:
Java тілінде графикамен және тереземен жұмыс апплеттер немесе графикалық қосымшалар арқылы орындалады. Графикалық қосымшалар Window классынан туындаған Frame классының туындысын қолданады.
1.1 сурет. Негізгі графикалық компоненттер классының иерархиясы.
Component суперклассы визуалды компоненттердің барлық атрибуттарын инкапсуляциялайтын абстракты класс болып саналады. Бұл класстан туындаған Container ішкі классы барлық компоненттердің орналасуына және оларды енгізуге жауап береді. Container классынан Panel және Window класстары туындайды.
Графикалық қосымшалар Window класс қолданады, бірақ объектілерді шағару үшін бұл класс тікелей қолданылмайды. Бұл үшін оның ішкі классы Frame қолданылады. Frame объектісінің көмегімен тақырып, меню жолдары бар стандартты терезе құрастырылады.
Қосымшаларда қолданылатын графикалық әдістер бұл java.awt пакетіндегі базалық Graphics классының әдістері. Осы класстың кейбір әдістері:
drawLine(int x1, int y1, int x2, int y2) кесінді сызады;
drawRect(int x, int y, int width, int height) және fillRect(int x, int y, int width, int height) - тіктөртбұрыш және іші боялған тіктөртбұрыш сызады;
draw3DRect(int x, int y, int width, int height, boolean raised) - үш өлшемді тіктөртбұрыш сызады;
drawRoundRect(int x, int y, int width, int height, int arcWidth, int arcHeight) - төбелері дөңгелектелген тіктөртбұрыш сызады;
drawOval(int x, int y, int width, int height) - дөңгелек (овал) сызады;
drawPolygon(int[] xPoints, int[] yPoints, int nPoints) - x және y координаталары массив арқылы берілген полигон (көпбұрыш) сызады;
drawPolygon(Polygon p) - Polygon объекті арқылы берілген полигон (көпбұрыш) сызады;
drawPolyline(int[] xPoints, int[] yPoints, int nPoints) - x және y координаталары массив арқылы берілген кесінділер тізбегін сызады;
drawArc(int x, int y, int width, int height, int startAngle, int arcAngle) - шеңбер доғасын сызады;
drawImage(Image img, int x, int y, Color bgcolor, ImageObserver observer) - сурет енгізеді;
drawString(String str, int x, int y) - мәтін жолын салады;
setColor(Color c), getColor() - ағымдағы түсты анықтайды және қайтарады;
getFont() - ағымдағы қаріпті қайтарады;
setFont(Font font) - көрсетілген қаріпті орнатады.
Қосымшаның графикалық интерфейсін құрастыру үшін оған Frame немесе JFrame объектісін беру керек. Мұндай қосымша main() әдісінің көмегімен іске қосылады.
// # 1 мысал: мәтін, кесінді және дөңгелек салу: WindowApp.java
import java.awt.*;
import java.awt.event.*;
public class WindowApp extends Frame{
String msg = "Window-Application";
int x1 = 30, y1 = 50, x2 = 200, y2 = 50;
public void paint(Graphics g){
g.drawString(msg, 30, 40); /*вывод строки с позиции х=30 y=40*/
g.drawLine(x1, y1, x2, y2);//вывод линии
int x = 30, y = 200, width = 150, height = 100;
Color c = new Color(255, 100, 100);/* установка красного цвета */
g.setColor(c);
g.drawOval( x, y, width, height);//овал
g.drawArc (x + 100, y + 50, width - 50, height, 0, 360);//сектор
}
public static void main(String args[]){
WindowApp fr = new WindowApp();
fr.setSize(new Dimension(500, 400));/*устанавливается размер окна*/
fr.setTitle("awt-Application");//заголовок
fr.setVisible(true); //видимость
fr.repaint(); //перерисовка - вызов paint()
}
}
Метод main() тәсілі терезе параметрлерін анықтайтын тәсілді және терезені қайталап салу тәсілі repaint() шақырады. Frame классының көптеген тәсілдері Component, Container және Window класстарынан мұрағатталады. Swing кітапханасындағы JFrame классы Frame классының ішкі классы болып саналады.
4. Жеке тапсырма нұсқалары
5. Жұмысты тапсыруға қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыста: