У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

тематика п~ні бойынша Фармация маманды~ыны~ 1 курс студенттеріне арнал~ан практикалы~ да~дыларды~

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

«Келісілген»

БББК төрағасы

Суатай С.Қ. _______

«___»_______2013ж.

«Бекітемін»

ЖББПОД директорының м.а.

Сарыбаев М.С. _______

«___»_______2013ж.

«Математика» пәні бойынша

«Фармация» мамандығының 1 курс

студенттеріне арналған практикалық дағдылардың тізімі

  1.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін тұрақтыңы варияциялау әдісімен табыңыз .
  2.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін тұрақтыңы варияциялау әдісімен табыңыз .
  3.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін тұрақтыңы варияциялау әдісімен табыңыз .
  4.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін Бернулли әдісімен табыңыз  .
  5.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін Бернулли әдісімен табыңыз .
  6.  Сызықтық дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін Бернулли әдісімен табыңыз .
  7.  Коши есебің шешіңіз: .
  8.  Коши есебің шешіңіз:
  9.  Коши есебің шешіңіз: .
  10.  Тұмау эпидемиясы кезінде ауруханаға жеткізілген 15 адамның ішіндегі 5-ң аяғы сынған. Палатаға 4 адамнан жатқызды. Жатқызылған адамдардың ішінде кем дегенде біреуінің аяғы сынған болып шығу ықтималдығы неге тең?
  11.  Екі перфораторшы әртүрлі  перфораторларда бірдей перфокарта комплекттерін  жасады. Бірінші перфораторшы қатені жіберетінін ықтималдығы 0,05-ке тең; ал екінші перфораторшы үшін ықтималдығы – 0,1. Перфокарталарды салыстырып тексергенде қате анықталуының ықтималдығын табыңыз.
  12.  Аурухананың стационар бөлімінде барлық ер науқастардың 15% және әйел науқастардың  5% ревматизмнен емделіп жатыр. Кездейсоқ алынған науқас ревматизмнен емделіп жатқанының ықтималдағын анықтаңыз. Ер және әйел науқастардың саны бірдей.
  13.  Барлық ерлердің 5% және барлық әйелдердің 0,25%  – дальтониктер. Кездейсоқ таңдалған адам дальтоник болып шықты. Осы адамның әйел болуының ықтималдығы неге тең? (Ерлер мен әйелдер саны бірдей).
  14.  Емхана қоймасында 15 электрокардиограф бар. Оның ішіндегі 5-і жарамсыз. Кездейсоқ алынған 3 прибордың кемінде біреуі жарамсыз болып шығу ықтималдығы қандай?
  15.  Қандай да бір аймақтың тұрғыны үшін белгілі бір жыл мезгілінде гепатитпен ауыру ықтималдығы 0,0005. Тексеруден өткен 10000 тұрғынның ішінде 4-уінің ауру болып шығу ықтималдығы қандай?
  16.  10000 дана оқулық шығарылды. Оқулықтың түптелмеген болу ықтималдығы 0, 0001.  5 кітаптың ақауының болу ықтималдығы неге тең?
  17.  400 ағаш егілді. Бір ағаштың өсуінің ықтимылдығы 0,8-ге тең. 250-ден көп ағаштың өсуінің ықтималдығы нешеге тең?
  18.  Ампуланың тасымалдау кезінде зақымдалыуның ықтималдығы р=0,2. Кездейсоқ таңдалған 400-дің 70-тен 100-ге дейін ампулалардың зақымдалыуның ықтималдығын есептеңіз.
  19.  Келесi таралу заңымен берiлген Х дискреттi кездейсоқ шаманың математикалық күтiмiн және дисперсиясын табыңыз:

Х

2

4

8

Р

0,1

0,5

0,4

  1.  Партиядағы 6 детальдің 4-уі стандартты. Кездейсоқ 3 деталь алынды. Стандартты детальдардың санының дискретті кездейсоқ шамасының  таралу заңдылығын құрыңыз.
  2.  Екі жастағы 20 ұл балалардың бойының ұзындығы: 96, 96, 95, 86, 88, 90, 91, 90, 91, 90, 90, 92, 92, 89, 88, 88, 87, 93, 93, 97 ( см ) тең. Осы қатардың мәндерін өсу ретінде жазыңыз, жиілік және салыстырмалы жиілігін аңықтаңыз. Алынған  қатардың модасын, медианасын  көрсетіңіз. Жиіліктер полигонын тұрғызыңыз. Таңдама ортасын табыңыз.
  3.  Микроскоптың көмегімен адам эритроциттерінің диаметрі өлшенген. Нәтижеде келесі мәндер алынған: 5, 8, 11, 8, 5, 5, 11, 8, 11, 8. Осы мәліметтерді дискретті вариациялық қатар ретінде беріп, статистикалық қатардың модасы мен медианасын, таңдама ортасын табыңыз.
  4.  Поляриметр арқылы қанттың бір ерітіндісінің концентрациясын көп рет өлшегенде келесі мәндер алынған: 15,14,14,15,14,14,15,13,14%. Осы мәліметтерді дискретті вариациялық қатар ретінде беріп, статистикалық қатардың модасы мен медианасын, таңдама дисперсиясың табыңыз.
  5.  Өлшеулер кезінде кейбір шамалардың келесі мәндер алынған: 26, 24, 21, 21, 15, 17, 17,19, 19,20, 22, 22, 15, 16, 17, 18, 20, 19, 19, 21, 21, 22, 24, 25, 25.  Интервалдық статистикалық таралуын жазыңыз. Жиілік гистограммасын тұрғызыңыз. Таңдама ортасын табыңыз.
  6.  Ауылдық жердің 25 жастағы еркектер бойы (см) зерттелген: 175, 167, 168, 169, 168, 170, 174, 173, 177, 172, 175, 167, 173, 172, 171, 171, 170, 169, 175, 177, 171, 172, 173, 169, 171. Интервалдық статистикалық таралуын жазыңыз. Жиілік гистограммасын тұрғызыңыз. Таңдама ортасын табыңыз.
  7.  Өлшеулер кезінде кейбір шамалардың келесі мәндер алынған: 20,17,17,12,12,10,14,14,18,19,15,16,15,15,16,16,11,12,13,13,14,14,18,18,21.  Интервалдық статистикалық таралуын жазыңыз. Жиілік гистограммасын тұрғызыңыз. Таңдама ортасын табыңыз.
  8.  Ер кісілердің кеудесінің көлемі (см) мен бойларының ұзындықтарының Х (см)  арасындағы тәуелділік зерттелген. Бақылау нәтижелері көлемі 7 болатын екі өлшемді таңдама түрінде кестеде келтірілген:

Х

162

164

179

172

182

188

168

Y

88

94

98

100

102

108

112

-ң Х-қа түзу регрессиясының таңдама теңдеуін табыңыз.

  1.  Судың 100 бөлігінде NaNO3 азотты қышқыл натридің төменде көрсетілген бөліктер саны () температураларға (Х) сәйкес ериді:

Х

0

4

10

15

21

29

Y

66,7

71

76,3

80,6

85,7

92,9

Еріген  NaNO3 кездейсоқ факторлар әсер етеді. Температурамен еріген NaNO3 мөлшері арасында  статистикалық сызықтық тәуелділік бар деп ұйғарылады. Сызықтық моделдің коэффициенттерін ең кіші квадраттар әдісімен табу керек.

  1.  Балалар арасындағы дифтерия ауруының санын талдау кезінде келесі таралу алынды:

Жасы (жыл)

2

4

6

8

10

12

14

16

Ауру саны

110

212

180

100

83

60

30

25

Корреляцияның  таңдама коэффициентін, корреляциялық тәуелділіктің сипаты мен күшін анықтау керек.

  1.  Жүректің бір минут көлемінде соғуы  (Y) мен    жүректің сол жақ құлақшасындағы орта қысымның (Х) арасындағы  тәуелділік зерттелген. Бақылау нәтижелері көлемі 5 болатын екі өлшемді таңдама түрінде кестеде берілген:

Х

4,8

6,4

9,3

11,2

17,7

Y

0,4

0,69

1,29

1,64

2,4

Корреляцияның  таңдама коэффициентін, корреляциялық тәуелділіктің сипаты мен күшін анықтау керек.

Практикалық дағдыларды бағалау критерийлері

Негізгі дағдылар

Практикалық дағдыларды орындаудың адымдық кезеңдері, бағалау баллдары

1.

Айнымалылары ажыратылатын 1-ретті қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу дағдысы.

1.1. Теңдеудің түрін анықтау. (10 б.)

1.2. Айнымалыларды ажырату. (30б.)

1.3. Теңдеудің екі жағын да интегралдау. (40 б.)

1.4. Алынған өрнекті  у –ке қатысты шешу немесе шешімді жалпы интеграл түрінде жазу. (20 б.)

2.

1-ретті  сызықтық  біртекті емес дифференциалдық теңдеуді Бернулли әдісімен шешу дағдысы. 

2.1. Теңдеудің түрін анықтау. (10 б.)

2.2.  Бернулли ауыстырылымын қолданып, айнымалылары ажыратылатын теңдеудің қандай да бір нөлдік емес  дербес шешімін анықтау. (40б.)

2.3. теңдеуінен  функциясының түрін табу. (40 б.)

2.4. СДТ жалпы шешімін табу. (10б.)

3.

1-ретті  сызықтық  біртекті емес дифференциалдық теңдеуді Лагранж әдісімен шешу дағдысы.

3.1. Теңдеудің түрін анықтау. (10 б.)

3.2. Сәйкес біртекті теңдеуді шешу. (30б.)

3.3. Тұрақтыны вариациалау арқылы С(х) функциясын табу. (40 б.)

3.4. СДТ жалпы шешімін табу. (10б.)

4.

п тәуелсіз сынауда А оқиғасының пайда болу ықтималдығын есептеу, практикалық есептерді шешу үшін толық ықтималдық, Бейес формулаларын, Лапластың интегралдық және локальдық теоремаларын қолдана алу дағдылары.

4.1. Есептің түрін анықтау. (20 б.)

4.2. Толық ықтималдық, Бейес формулаларын, Лапластың интегралдық және локальдық теоремаларын жазу. (40б.)

4.3. Толық ықтималдық, Бейес формулалары, Лапластың интегралдық және локальдық теоремалары бойынша оқиғаның ықтималдығын есептеу. (40б.)

5.

Дискретті қатардың сандық сипаттамаларын табу дағдылары.

5.1. Таралудың дискретті статистикалық қатарын жазу. (25б.)

5.2. Мода, медиананы табу. (25 б.)

5.3. Таңдама ортаны, дисперсияны, орта квадраттық ауытқуды есептеу. (30 б.)

5.4. Дискретті таралудың жиілік (салыстырмалы жиілік) полигонын тұрғызу. (20 б.)

6.

Интервалды қатардың сандық сипаттамаларын табу дағдылары.

6.1. Таралудың интервалдық статистикалық қатарын жазу. (30б.)

6.2. Таңдама ортаны есептеу. (30 б.)

6.3. Интервалдық таралудың жиілік (салыстырмалы жиілік) гистограммасын тұрғызу.  (40 б.)

7.

Сызықтық регрессия параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау дағдысы.

7.1. Сызықтық регрессия теңдеуін ең кіші квадраттар әдісі бойынша анықтау. (40 б.)

7.2. Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды және сызықтық модельдің барабарлығын тексеру. (40 б.)

7.3. Сызықтық регрессия таңдама теңдеуінің графигін тұрғызу. (20 б.)

8.

Пирсонның корреляция коэффициентін анықтау және бағалау дағдысы.

8.1. Пирсонның корреляция коэффициентін есептеу. (40 б.)

8.2. Корреляциялық байланыстың сипаты мен күшін анықтау. (20 б.)

8.3. Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. (40б.)

Модуль отырысында қарастырылды, хаттама №___, «___»_________2013 жыл.

Медициналық биофизика және биостатистика

модулінің жетекшісінің м.а., доцент ___________________ Байдуллаева Г.Е.

4 беттің 4 беті 




1. Передплідна ~ органогенез плоду закостеніння скелету формування мускулатури та породних ознак
2. глобализация- ns- 1989 ns- 1992 ns- 1987 ns- 1990 ns- 1993 Corr- 4 Pnt- 1 Que- Структура ВЭП- ns- торговая инвестиционн
3. Бог создал человека бородатым- только коты и псы не имеют ее1
4. Лист докум.1
5. Загадка библиотеки Севастопольской биологической станции
6. .1 Риторика как искусство слова [2
7. давайте без парней
8. 24w X 1566h cm 8 Count 22
9. Животные Красной книги Адыгеи
10. Справедливость
11. матьплацентаплод или фетоплацентарном комплексе
12. На тему- организация как объект исследования
13. Экологические факторы
14. Распределение Максвелла распределение по скоростям или импульсам молекул системы находящейся в состоя
15. Сократ был самый мудрый добродетельный и праведный из греков пишет Н
16. ІІ Інструкція з охорони праці 34 під час роботи з електричною праскою І
17. исследовательской работы в вузе ~ учебная исследовательская работа студентов УИРС включающая в себя контр
18. 20 ноября 2012г ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ 1 по модулю Предоставление турагентских
19. История развития российского фарфора В начале 18 века фарфор считался в Европе редким и желанным предмето
20. Основы психологии