Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Мемлекеттік жоспарлау ж'ніндегі орталы' у'кілетті орган 'леуметтікэкономикалы' даму болжамын ескере оты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

45.Бюджет жобасын әзірлеу тәртібі

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті әзірлейді.

      1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

      3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

     1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

      3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

      кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

      жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

      жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

      республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

      Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің мөлшері;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

      мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

      үкіметтік борыш лимиті;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

      шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

      басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

      4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

      1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

      Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

      3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

      4) басқа да деректер қоса беріледі.

      5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

      72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар

               қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің

               жобасын әзірлеу

     1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

      2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

      3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

      1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

      2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

      3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

      5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

      4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

      1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.

      Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

      2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

      3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

      4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

      5) басқа да деректер қоса беріледі.

      5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

    73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

               бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

     1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

      3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

      1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

      2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

      5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

      1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.

      Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

      2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

      3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

      4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

      5) басқа да деректер қоса беріледі.

      5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

46.Республикалық бюджет жобасын қарастыру мен бекіту тәртібі

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

      2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

      4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

      2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

      3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы

1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

      Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

      Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

      5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

47.Бюджеттің атқарылуы және бюджетті нақтылау

48.Салық түсінігі мен элементтері

Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салық салу элементтері[өңдеу]

Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

Салық көзі – салық салынатын табыс.

Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;

мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;

белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;

атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;

салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

49.ҚР және шетелдердегі салық салу принциптері

Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

 1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      4-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық міндеттілігін, салық агенті - салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

      5-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      6-бап. Салық салудың әділдігі принципі

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

      2. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

      7-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты біртұтас болып табылады.

      8-бап. Салық заңнамасының жариялылығы принципі

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

50.Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

Салық төлеушінің құқықтары

      1. Салық төлеуші:

      1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат, салық нысандарын толтыру тәртібі бойынша түсіндірулер алуға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

      3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық бақылауы нәтижелерін алуға;

      4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштерінің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға;

      5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің телнұсқасын алуға;

      6) салық қызметі органдарына салық бақылауы нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірулерді беруге;

      7) салық органы өтініш алған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді алуға;

      8) салық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы), Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама алуға;

      9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына бұл ақпарат үшін өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;

      10) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      11) салық құпиясының сақталуын талап етуге;

      12) осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары көрсететін өзге де мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;

      13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларында туындайтын мәселелерді жазбаша тіркеуге және осы мәселелерді көрсететін құжатты онымен келісуге;

      14) берілуі салық заңнамасында, трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамада тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салуға жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.

      2. Салық салушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

      3. Салық салушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

 11-бап. Салық төлеушінің міндеттері

      1. Салық төлеуші:

      1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;

      2) салық қызметі органдарының анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;

      3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;

      4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;

      5) осы Кодекске сәйкес бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолдану тәртібін сақтауға;

      6) жеке кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда), резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің кәсіпкерлік қызметті тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

      2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

51.Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы

  1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны беру жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және тапсыру жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.

      2. Заңды тұлға, жеке кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табыс бойынша салық міндеттемесін дербес орындайды.

      3. Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табыс бойынша салық міндеттемесін банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

185бап 2 тармақ. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру жөніндегі міндеттеме жүктелген жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерде орналасқан салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

52.Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

1. Жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:

      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салық өтінішін;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме;

      4) қосылған құнға салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме (қосылған құнға салық төлеуші болып табылған жағдайда);

      5) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты береді.

      2. Таратудың салық есептілігі салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, олар бойынша қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер осындай өтінішті ұсынған күнге дейін құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңде төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.

      3. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      4. Құжаттық тексеруді салық органдары қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауы тиіс.

      5. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.

      6. Егер қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық берешегін өтеу есебіне есептеуге жатқызылады.

      7. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомалары осы Кодекстің 603-607-баптарында белгіленген тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуға тиіс.

      8. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп саналады.

      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні салық органындағы тіркеу есебінен жеке кәсіпкерді шығару күні болып табылады.

      10. Қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:

      1) банктің және (немесе) жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарды жабу туралы анықтамасын;

      2) жеке кәсіпкердің мөрін жою туралы құжатты (ол болған кезде) тапсыруға міндетті.

      11. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде оларға қатысты салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.

53.Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеуі

1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнгі, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау сәтіндегі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүлік құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.

      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке адамның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

      2. Мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайда жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнгі немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау сәтіндегі жиналып қалған салық берешегі өтелмеген болып саналады.

      Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші сот тәртібімен қайта басталады.

      3. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокаттарға қолданылады.

54.ҚР және шетелдердегі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

55.Салықтық есепке алу ережесі

57-бап. Салықтық есепке алу ережесі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.

      2. Есепке жазу әдісі – есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.

      4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепіл нысанасын кепіл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретінде қарастырылады.

56.Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мынадай әрбір санаттары үшін жеке осы декларацияға қосымшалармен корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын бекітеді:

      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

      2) коммерциялық емес ұйымдар;

      3) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

      4) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

      5) декларацияны жасау және ұсыну бойынша міндет белгіленген осы тармақта көрсетілмеген корпорациялық табыс салығын өзге төлеушілер.

      2. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жиынтық жылдық кіріске енгізілген табыстардың, шегеруге жатқызылған шығыстардың, салық салынатын кірістің (шығынның), салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстардың, тартатын шығындардың, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасының және салық кезеңінде есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасының корпорациялық табыс салығын декларациялауға арналған.

      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты қамти алады:

      1) құнның өсуінен түсетін табыстар (шығындар) жөнінде;

      2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша кірістер мен шығыстар, міндеттемелер және талаптар, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлардың бөлінісінде есептен шығару жөнінде;

      3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі қосымша сыйақы алушылар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

      4) сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар жөнінде. Осы қосымша қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

      5) өнімді қаржы құралдары бар табыстар (шығындар) жөнінде;

      6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөнінде;

      7) инвестициялық салық артықшылықтары жөнінде;

      8) салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымша қайтарусыз берілген мүлікті, қайырымдылық көмекті алушылар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

      9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөнінде;

      10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөнінде, оның ішінде жеңілдікті салық салуы бар елдерде алынған табыстар жөнінде, сондай-ақ шетелдік салықты есептеу сомасы жөнінде. Осы қосымша осындай табыстар алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

      11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөнінде;

      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатуға жататын табыстар жөнінде;

      13) корпорациялық табыс салығы бойынша декларациясы бар табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыру.

      3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты қамти алады:

      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан алынатын кірістер және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөнінде;

      2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:

      қайтарусыз алынған (берілген) мүлік бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде, кіру жарналары жөнінде, мүшелік жарналар жөнінде. Осы қосымша қайтарусыз мүлікті берген және алған тұлғалардың бөлінісінде, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды салған және алған тұлғалардың бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

      коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөнінде;

      іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалатын шығыстар жөнінде;

      3) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

      Кен орындарын өңдеу салдарын жою қорына аударымдар жөнінде;

      таза кірісті бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын арттыруға бағытталған таза кіріс жөнінде;

      салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер жөнінде, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша жеке корпорациялық табыс салығын есептеу жөнінде;

      салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөнінде;

      4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мұндай операцияларды лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:

      тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бөлінісінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін табыстар жөнінде;

      құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөнінде (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегеруге құқығы бар тұлғалар үшін);

      жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) бойынша жарналар жөнінде.

      4. Уәкілетті орган корпорациялық табыс салығының сомасын есептеудің мынадай нысандарын бекітеді:

      1) декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін;

      2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңде төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін;

      3) резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемені;

      4) резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемені.

      5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есептемелер ағымдағы салық кезеңінде корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және осы Кодексте корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу жөніндегі міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.

      6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есептемелерді салық агенттері салық бақылау мақсаттары үшін пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін ұсынады.

      Резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемеге қосымша кіріс алушылар бөлінісінде мынадай:

      1) төленетін кіріс сомасы туралы;

      2) төленген кіріс сомасы туралы;

      3) корпорациялық табыс салығының ставкасы туралы;

      4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы туралы;

      5) нақты төленген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

      Резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемеге қосымша кіріс алушылар бөлінісінде мынадай:

      1) салық салу объектілері туралы;

      2) салық ставкасы туралы;

      3) халықаралық шарттарды қолдану туралы;

      4) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы; есептелген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

57.Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мынадай:

      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;

      2) салық салынатын импорт сомасы;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету сомасы;

      4) есепке алуға жататын салық сомасы;

      5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;

      6) есепке алуға жатқызылған салық сомасының есептелген салық сомасынан, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып түсуі;

      7) салық сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.

      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке алуға жатқызылған салық сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін қайтару жөніндегі талаптар туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

      2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты онда егжей-тегжейлі қамтуына арналған.

      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату жөнінде айналымдар жөніндегі;

      2) қосылған құн салығынан босатылатын сату жөнінде айналымдар жөніндегі;

      3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы жөніндегі;

      4) салық салынатын айналымды және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

58.Мемлекеттің салық салу әдістері

Салық салу әдістері — салық тетігінің элементі; салық базасының өсуіне қарай салық мөлшерлемесінің өзгеруі сипатын көрсетеді. Тең, үйлесімді, үдемелі және кемімелі Салық салу әдістеріне бөлінеді. Тең әдісте әрбір төлемші үшін тең салық сомасы белгіленеді. Үйлесімді әдісте әрбір төлемші үшін тең салық мөлшерлемесі белгіленеді. Үдемелі салық салуда салық базасының өсуіне қарай салық мөлшерлемесі артады, кемімелі салық сaлуда салық мөлшерлемесі кемиді.

59.Мемлекеттің салық саясаты, міндеттері

Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.

60.Салықтың түрлері мен функциялары

Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.

Салықтардың созылымдыльқ принципі— бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.

Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.

Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады.

Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

61.Салық жеңілдіктері

 Салық жеңілдіктері –бұл салық төлеушінің салық ауыртпалықтарынан босатылуы немесе салық салу режіміне қарағанда оның экономикалық реттеу әдістерінде салықтарды қолдау арқылы салық  жеңілдіктері әлеуметтік мақсатта ұсынылуы.

Салық жеңілдіктері әдетте салық заңымен белгіленеді. Салықтық жеңілдіктер арқылы мемлекет кәсіпорындардың өнімінің артуын, керек тауарларды шығаруға, техникалық прогресстің өсуін, капиталды жұмсау мөлшеріне ықпал етеді. Салық жеңілдіктері кәсіпорын қызметтеріне  төмендегі жолдар арқылы әсерін тигізеді, олар:

-   өтімділікті жоғарылату;

-   өндірілетін өнім түрін көбейту;

-   кәсіпорындардағы керексіз және нәтижесіз өнімдерді қысқарту;

-   ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру;

-   табыстарды жинақтау мен пайдалану мақсатын толықтыру;

-   экологиялық режимді сақтау және кәсіпорындардан басқа салаларды дамыту.

Одан басқа салық жеңілдіктерін қолдана отырып, мемлекет аймақ аралық өндірістік күштерді бөлу және ондағы инфраструктура объектілерін ұйымдастыруды іске асыра алады.

Экономикалық тоқырау кезеңінде кейбір мемлекеттер салық жеңілдіктері арқылы өндіріске ақша қаражатын тартуды ынталандырады, өздеріне керекті тұтыну және инновациялық тауарларды шығаруға көмектеседі. Бұған мысал ретінде АҚШ мемлекетінің Президенті Р. Рейганның 1980 жылдардағы салықтар саласындағы шешімін алуға болады. Оған салықты қысқарту арқылы өндірісті тоқыраудан шығаруға болатынын американың экономисі А.Лаффердің теориялық бағдарламасы негіз болған еді.

Салық жеңілдіктері салық салудың әртүрлі жақтарына қатысты болуы мүмкін және әртүрлі негіздері бойынша белгілене алады. Осыдан жеңілдіктер көп түрлі және формасы бойынша әртүрлі.

Оның үстіне салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикасы дамыған елдердің тәжірибелерін енгізу барысында, салық жүйесі  де өзгеріп, дамып  отыратыны белгілі.

Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алады. Жалпы ҚР салық түрлері ішінде жеті салық бойынша  жеңілдіктер қарастырылған. Одан басқа елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын бизнес субъектілеріне салық  салудың арнаулы салықтық режимдері қолданыста, олар: шағын бизнес субъектілеріне; шаруа қожалықтарына; ауылшаруашылғы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар және кәсіпкерліктің кейбір түрлеріне арналған   салық режимдері.

Экономиканы дамытудағы салық жеңілдіктерінің тек ынталандыру үшін емес, тұрақтандыру үшін де қажет. Салық жеңілдіктері бойынша механизмді қолдану тиімділігі мемлекеттің ішкі салықтарының орнын, олардың өзгерту заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын ескеруге байланысты шараларындағы базистік қатынасты құрудың әмбебап құралы болып табылады.

62.Бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен алымдардың ұғымы және түрлері

63.Салық міндеттемесі түсінігі мен орындау тәртібі

26-бап. Салық міндеттемесі

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

      2. Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

31-бап. Салық міндеттемесін орындау

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.

      2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

      1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;

      2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

      3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;

      4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;

      5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

      3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.

      4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

      5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

      6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.

      7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

      8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

      9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

64.ҚР және шетелдердегі банк жүйесі және оның құқықтық негіздері

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

     Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң

              құқықтық негiзi

     Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

65.ҚР және шетелдердегі банк қызметін мемлекеттік реттеу

66.Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру

67.Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру және лицензия беруден бас тарту негiздерi

 26-бап. Банк операцияларын лицензиялау

     1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.

      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

      Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

      5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

      6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

      7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;

      8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;

      9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);

      10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;

      11) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.

      2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:

      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.

      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен беруге мiндеттi.

      4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

      5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

      6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.

      7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

      8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.

      9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.

     27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден

             бас тарту негiздерi

     Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:

      1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;

      1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;

      2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;

      3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.

68.Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру тәртібі

 29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

     1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:

      1) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;

      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

      4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

      5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

      6. Банктің филиалдар ашуының, бірнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін:

      1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектірмеген қызметі;

      2) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банктің пруденциалдық нормативтерді сақтауы;

      3) уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 168-2-бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және 356-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы міндетті шарттар болып табылады;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.

      8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:

      1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.

      Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалдың үй-жайының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын қорытынды мен актінің нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға қосымша табыс етеді.

      8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.

      9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.

      10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:

      1) Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдiгiн есептік тіркеу туралы анықтаманы;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;

      4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;

      5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

      12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

      13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.

      Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органының Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.

      15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етеді.

69.Банк ашуға рұқсат беру және берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртiбi

23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi

             өтiнiштi қарау тәртiбi

     1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.

      2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.

      3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.

19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш

     1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

      2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.

      3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:

      а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

      б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

      б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

      в) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);

      г) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);

      д) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;

      ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      з) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;

      к) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 Заңымен.

      л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.

      4. Аудиторлық ұйымның есебi:

      ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;

      ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.

      5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.

      6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.

49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың

               негiздерi мен тәртiбi

     1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:

      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;

      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;

      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.

      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:

      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;

      а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;

      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;

      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;

      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.

      3. Алып тасталды.

      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.

70.Банктерті  тарату және еріксіз қайта құру

68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi

     1. Банк:

      а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;

      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;

      в) (алып тасталды)

      2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

 68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер

               кредиторларының комитеті

     1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.

      2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

     Ескерту. 68-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .

     69-бап. Ерiктi тарату

     1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың, оларды басқа банкке аударудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

      Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.

      Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.

      2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі:

      1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісті түрде ресімделмеуі;

      2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;

      3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді.

      3. (алып тасталды)

      4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.

      Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.

      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

      7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.

      7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

           70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi

     Банктердi ерiксiз таратуды сот:

      а) банк банкроттығына;

      б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға;

      в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.

     72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату

     1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.

      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.

      Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады.

74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi

     1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.

      Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.

      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.

      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.

      2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.

      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.

      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.

      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.

      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.

      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.

      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.

      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.

      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.

      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

      9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

71.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

мемлекеттік;

акционерлік;

жеке;

пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының турлеріне қарай:

әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

халықаралық;

мемлекетаралық

ұлттық;

аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

өнеркәсіптік банктер;

сауда банктері;

ауыл шаруашылық банктері;

құрылыс банктері;

басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

филиалсыз;

кеп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк, 50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес банктер— 11.

72.ҚР –да ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері

       52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі

                  кеңестің қызметі

     1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.

      2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.

      3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.

      4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.

       52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін

                  ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға

                  сәйкес келмейді деп танудың салдары

     1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.

      2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.

      3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.

       52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша

                  талаптар

     Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:

      1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;

      2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.

       52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де

                  операциялары

     1. Мына операциялар:

      1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау; V095687

      3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

      4) кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:

      коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;

      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;

      5) лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;

      6) ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет ислам банкінің банк операцияларына жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі меншікті ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын алады, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлікпен басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелуін, көлік құралдарының және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.

      3. Ислам банкі, егер жарғыда осындай көзделсе, мына операцияларды:

      1) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алуды;

      2) форфейтингтік операцияларды (форфейтингтеуді): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен төлеуді қоспағанда, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.

      Ескерту. 52-5-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару

                  ерекшеліктері

     Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан процент түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды, облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акциялар немесе өзге де бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

52-11-бап. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу

                   кезінде агенттік қызметті жүзеге асыру

     1. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде ислам банкі агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, оған сәйкес ислам банкі өз клиентінің агенті болады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындайды.

      2. Агенттік келісімге сәйкес агент клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсырмасы бойынша және соның есебінен өзінің жеке тәжірибесі мен білімі негізінде сыйақы үшін табыс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдар жасауға міндеттенеді.

      3. Ислам банкінің агенттік келісімдеріне оның талаптарына байланысты осы бапта көзделген ерекшеліктері бар тапсырма немесе  комиссияшарты туралы ережелер қолданылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары ислам банкімен жасалған агенттік келісім бойынша тараптар (клиент не агент) ретінде бола алады.

      5. Агенттік келісімнің талаптарында агенттің сыйақысын анықтау және төлеу тәртібі белгіленуге тиіс. Клиент табысының кепілдік берілген мөлшері агенттік келісімнің талаптарында көзделе алмайды.

      6. Агенттің сыйақы алу құқығы агенттік келісімнің орындалу нәтижелеріне қарамастан сақталады.

      7. Агенттің кінәсінен залалдар туындаған жағдайларды қоспағанда, агент қызметі нәтижесінде келтірілетін залалдар тәуекелін агенттік келісімнің клиенті көтереді.

73.ҚР Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң

              құқықтық негiзi

     Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық

              актiлерi

     Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға

      Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, ұйымдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкiнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

74.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      5) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

      6) қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

75.Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкі:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;

      2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;

      4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;

      5) қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;

      8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

      9) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;

      10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

      11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

      12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;

      12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

      13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;

      14) соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады, Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға қарыздар беруге құқылы, оларды қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;

      15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;

      16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;

      17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;

      18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;

      19) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын бекітеді;

      22) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

      24) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;

      26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

      27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

      28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

      29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

      30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

      32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

      32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;

      33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;

      34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

      35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

      39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

76.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары

12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары

     Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.

77.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша қорлары

78.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы ұйымдарының және қаржылық нарықты реттеу жөніндегі агенттігінің құзыреті

79.Қазақстан  Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері

 1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.

      2. Даму Банкінің міндеттері:

      1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, бар өндірістерді кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру);

      2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру;

      3) қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;

      4) басқа да кредит институттары беретін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және резидент емес банктеріне (бұдан әрі - банкаралық кредит беру), лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.

80.Сақтандыру ұйымдарының құқықтық жағдайы

 4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

     1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi

есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында

белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде

жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүлiктiк мүдделерiн қорғауға

байланысты қатынастар кешенi.

     2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты,

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес  уәкiлеттi

мемлекеттiк органныңлицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының

өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге

асырылатын қызметi.

81.Сақтандыру қызметінің түсінігі және оның түрлері

Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты,

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес  уәкiлеттi

мемлекеттiк органныңлицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының

өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.

82.Сақтандыру ұйымын құру және тарату тәртібі

 65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату

             негiздерi

     1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде

банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң

актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның

нормативтiк құқықтық актiлерiндебелгiленген ерекшелiктер ескерiле

отырып жүзеге асырылады.

     2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:

      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.

83.Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен

лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен

түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi

сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге

асырылады.

     2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

     1) өмiрдi сақтандыру;

     2) аннуитеттiк сақтандыру;

     3) өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру;

     4) сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының қатысуымен өмiрдi сақтандыру.

     3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

     1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

     2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

     3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

     4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

     5) әуе көлiгiн сақтандыру;

     6) су көлiгiн сақтандыру;

     7) жүктердi сақтандыру;

     8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;

     9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

     10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

     11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

     12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды

қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру; V074783

     13) заемдарды сақтандыру;

     14) ипотеканы сақтандыру;

     15) кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi сақтандыру;

     16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

     17) сот шығыстарынан сақтандыру.

  7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

     1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол

сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген

жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды

көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

     2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа

жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне

байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс

болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке

табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де

жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгiленген мерзiм

iшiнде немесе өмiр бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге

асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып

табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен

сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнiң

мөлшерiн айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.

     3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының

2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерiн қоспағанда,

сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсiби аурудың салдарынан қайтыс

болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық

немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де

зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тiркелген сомада және

(немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн

жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

      Жазатайым жағдай дегенiмiз - адамның ерiк-жiгерiне қарамастан

басталған, сақтандырылушының организмiне сырттан оның денсаулығына зиян

келуiне, мертiгуiне не өлiмiне әкелiп соққан механикалық, электрлiк,

химиялық немесе термикалық әсер етуi салдарынан кенеттен болған, қысқа

мерзiмдi оқиға (жағдай).

     4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1)

тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда,

сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына

байланысты оның шығыстарын тiркелген сомада және (немесе) iшiнара

немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру

көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

     5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында

тiзбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге,

пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк

мүдделерiне айдап әкетудi немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның

зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе

толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн

сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

    6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның iшiнде багажды, тауарларды

және өнiмнiң басқа да барлық түрлерiн қоса алғанда, иеленуге,

пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне

тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi

салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде

сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң

жиынтығы болып табылады.

     7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк

етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы

3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тiзбеленген мүлiктi қоспағанда, оның

зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды

iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге

асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

     8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында

көзделген көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн

сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн қоса

алғанда, үшiншi тұлғаларға өзi көлiк құралын пайдалануға байланысты

келтiрген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк

мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде

сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң

жиынтығы болып табылады.

     9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру осы Заңның

6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда,

барлық тәуекелдердi сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген

залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне

келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру

төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып

табылады.

     10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор

алдындағы мiндеттемелерiн орындамауы салдарынан кредиторға шығын

келтiрiлуi кезiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн

сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

     11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша

кепiлдiк мүлiк болып табылатын тұрғын үйдiң нарықтық құны төмендеген

жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша

мiндеттемелердi орындамауы салдарынан кредитордың мүлiктiк мүдделерiне

келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру

төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрi болып табылады.

     12. Кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру берiлген

кепiлдiктер мен кепiлдемелердi орындау мiндетi салдарынан кепiлдiк

немесе кепiлдеме берген тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген

залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн

жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

84.Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары өкілеттіктері

10-1 бап СОТКА

85.Өмірді сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол

сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген

жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды

көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

     2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа

жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне

байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс

болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке

табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де

жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгiленген мерзiм

iшiнде немесе өмiр бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге

асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып

табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен

сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнiң

мөлшерiн айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.

     2-1. Өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру

сақтандырылушының өмiрiнде алдын ала ескерiлген оқиға (неке қию немесе

бала туу) басталған жағдайларда тiркелген сомада сақтандыру төлемдерiн

жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып

табылады.

     2-2. Сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының

қатысуымен өмiрдi сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесiнде

сақтандыру ұйымы қосымша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру не

сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа сақтанушының

(сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етiле отырып,

сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi аяқталғанға

дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген

жағдайда тiркелген сомада сақтандыру төлемiн немесе зейнетақы немесе

рента түрiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы

сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Инвестициялық қызмет

нәтижесiнде сақтандыру ұйымы алатын кiрiстерге сақтандырылушының (пайда

алушының) қатысу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық

актiлерiмен айқындалады.

86.Банк ұйымдарын құру және тарату тәртібі

68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi

1. Банк:

а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;

б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;

в) алынып тасталды

2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер кредиторларының комитеті

1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.

2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi

Банктердi ерiксiз таратуды сот:

а) банк банкроттығына;

б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға;

в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.

87.Бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі

Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту

туралы жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы

1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту

               туралы жалпы ережелер

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

      Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

      1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) алынып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

      2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

      Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

      3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

      Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

      6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының

               негізгі принциптері

     1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

      1) негізділік принципі;

      2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

      2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

      3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан

               Республикасының Парламентінде қарау

     Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен коса баяндамалары кіреді.

78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты

            комиссияларында қарау

1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

      2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.

      4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

      5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамының (адамдарының) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдарының жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кіреді.

88.Банкiнi консервациялау ұғымы мен негіздері

62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы

1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.

2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:

а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы);

б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.

3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.

4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.

48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру

1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы қайтарылып алынған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген шығыстарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.

2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.

Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.

5. (алып тасталды)

6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.

7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi. <*>

8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.

9. Банктiң уақытша әкiмдiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегi ақпаратты мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды мұрағатқа өткiзу бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердiң қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

89.Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнің арақатынасы

90.ҚР ҰБ ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу мақсаты

29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

     Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

      Ақша-кредит саясаты:

      қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

      ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;

      ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн ;

      ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

     30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

     Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

      1) қарыздар беру;

      2) депозиттер қабылдау;

      3) валюталық интервенциялар;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

      5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

      6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.




1. 14 на 03 декабря 2013 г
2. Отношения Российской Федерации и Европейского Союза в контексте вступления России в ВТО
3. Уважение различий и сотрудничество Ученые выяснили что когда люди встречаются с непонятными методами об
4. тематика Региональная экономика Философия 14.
5. вінчестерами є основним засобом довгострокового збереження інформації тому базові принципи роботи дисков
6. Тесты по гинекологии
7. Mondy; t1textColor0xFF0000; t1
8. Школа БИ Рамеева универсальные ЭВМ
9. Реферат на тему- СТРОЙОВА ПІДГОТОВКА Стройова підготовка є одним з найважливіших розділів навчання і
10. земля с сей данью горьких слезПрими почившую поблеклый цвет весеннийПрими и успокой в гостеприимной сени.
11. тема. Аналізатор нервовий апарат який здійснює функцію аналізу і синтезу подразників котрі прийшли з зовні
12. Business English Учебное пособие для студентов 1 курса экономических специальностей
13. Тема. Забезпечення системи захисту і території в системі ЦЗ
14. . Производственная программа предприятия
15. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня доктора медичних наук Тернопіль ~ Дисер
16. Иллюминатус Часть 1
17. Тема 6. Политические изменения и политические режимы
18. Документы возникли вместе с письменностью вначале как средство закрепления имущественных отношений а зат
19. Вейделевская средняя общеобразовательная школа Вейделевского района Белгородской области П
20. Финансовая политика Новой Зеландии