Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Жалпы ережелер 1

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 22.5.2024

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі міндетін атқарушысының

2005 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 30 6 -ө бұйрығымен бекітілген

 

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі – Үлгілік Ереже) қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың шарттарын және оларға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тәртібін айқындайды.

2. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді (үйде қызмет көрсетуді) жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік емес ұйымдар жүзеге асырады.

3. Үйде қызмет көрсету жалғізілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және бөгде адамның күтімі мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – қызмет көрсетілетін адамдар) көрсетіледі.

Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

4. Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Әлеуметтік қызметтерді қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер (бұдан әрі - әлеуметтік қызметкерлер) қызмет көрсету аумағы мен аймағының көлемі ескеріле отырып, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгендерден кем емес көлемде және түрлерде көрсетеді.

6. Әлеуметтік қызметкерлер үйде әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың штат санында болуы мүмкін.

7. Әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетілетін адамдардың жасы мен денсаулық жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) мазмұны, қозғалу белсенділігінің төмендеу дәрежесі мен басқа да объективті факторлар ескеріледі.

 

2. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің міндеттері мен функциялары

 

8. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

9. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету функциялары:

1) жалғызілікті (жалғыз тұратын) қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтау және олардың есебін жүргізу;

2) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету;

4) қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;

5) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;

6) әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін арттыру;

7) Заңды тұлғалардың Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.

 

3. Жергілікті атқарушы органдардың үйде әлеуметтік

қызмет көрсетуді ұйымдастыруы

 

10. Жергілікті атқарушы органдар үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы ұйымдастырады.

11. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері (бұдан әрі – бөлімшелер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшылар құратын жеке тұлға ретінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы оргнадардың, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, аумақтық орталықтардың құрылымдық бөлімшелері ретінде болуы мүмкін.

12. Бөлімшені бөлімше меңгерушісі басқарады. Бөлімше меңгерушісі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен Біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы керек.

13. Қажет болған кезде меңгеруші орнында уақытша болмаған әлеуметтік қызметкерді алмастырады.

14. Жергілікті атқарушы органның немесе бөлімше (бұдан әрі - орындаушы) мен қызмет көрсетілетін адамның арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрі – Шарт) ресімделеді.

Шартта қызмет көрсетілетін адамға көрсетілетін қызметтердің кезеңділігін және түрлерін көздейтін талаптардың, қызмет көрсетілетін адамға бекітілген әлеуметтік қызметкердің аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершіліктері, Шарт мерзімінің болуы міндетті.

15. Орындаушы басшылықты, практикалық көмекті және әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

16. Еңбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында орындаушы әлеуметік қызметкерге қажетті қазіргі заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын береді.

17. Орындаушы сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі үшін жағдай жасайды (әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескі шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету).

18. Орындаушы қызмет көрсетілетін адамдардың бірінші талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады.

19. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын орындаушы апта сайын қарайды.

20. Орындаушы шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

21. Қызмет көрсетілетін адамдардың жеке істері орындаушыда сақталады.

 

4. Үкіметтік емес ұйымдардың үйде әлеуметтік

қызмет көрсетуді ұйымдастыруы

 

22. Үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

23. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (бұдан әрі – тапсырыс беруші) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты шарт бойынша орындаушы ретінде әрекет ететін үкіметтік емес ұйымның (бұдан әрі - қызметтерді жеткізуші) арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресімделеді.

24. Үйде қызметтер көрсетуді қызметтерді жеткізуші ұйымдастырады.

25. Тапсырыс беруші басшылықты, практикалық көмекті және қызметтерді жеткізушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

26. Еңбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында қызметтерді жеткізуші әлеуметтік қызметкерге қажетті қазіргі заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын береді.

27. Қызметтерді жеткізуші сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі үшін жағдай жасайды (әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескі шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету).

28. Қызметтерді жеткізуші мен қызмет көрсетілетін адамның арасындағы қатынастар шартпен ресімделеді.

Шартта қызмет көрсетілетін адамға көрсетілетін қызметтердің кезеңділігін және түрлерін көздейтін талаптардың, қызмет көрсетілетін адамға бекітілген әлеуметтік қызметкердің аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершіліктері, Шарт мерзімінің болуы міндетті.

29. Қызметтерді жеткізуші қызмет көрсетілетін адамдардың бірінші талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады.

30. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын қызметтерді жеткізуші апта сайын қарайды.

31. Тапсырыс беруші мен қызметтерді жеткізуші шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

32. Қызмет көрсетілетін адамдардың жеке істері тапсырыс берушіде сақталады, ал жеке істердің көшірмелері қызметтерді жеткізушіге беріледі.

 

5. Үйде қызмет көрсетуге қабылдаудың және үйде қызмет

көрсетуден шығарудың тәртібі

 

33. Үйде қызмет көрсетуге заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар жалғызілікті адамдар қабылданады.

34. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) үйде қызмет көрсетуге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

35. Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж ерлі-зайыпты адамдар жеке адамдар ретінде есептеледі.

36. Үйде қызмет көрсетуге жіберуді ведомстволық бағыныстылығына қарай жергілікті атқарушы орган немесе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

37. Үйде қызмет көрсетуге қабылдауды уәкілетті орган мынадай құжаттардың:

1) өтініш (осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);

2) жеке куәлігі;

3) тұратын жерінен анықтамасы;

4) медициналық картасы (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);

5) материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп тексеру актісі (осы Үлгілік Ережеге 3-қосымша);

6) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағылар үшін);

7) ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамның мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);

мүгедектер үшін бұларға қоса:

8) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;

9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

38. Шартты бұзу үшін:

1) қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші;

2) әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы айғақтамалар болған кезде;

3) қызмет көрсетілетін адам басқа жерге көшкен кезде;

4) қызмет көрсетілетін адамның әлеуметтік қызметкерді оның адамгершілік қасиетін кемсітетін, негізсіз қорлауы және айыптауы негіз болып табылады.

 

6. Әлеуметтік қызметкерлердің қызметін басқару

 

39. Қызметтерге тапсырыс беруші басшылықты, практикалық көмекті және қызметтерді жеткізушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

40. Әлеуметтік қызметкер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен Біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы керек.

41. Үйде қызмет көрсетудің іс-қағаздарын жүргізу олардың болуы, үйде қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсетілетін адамдардың құқытары мен заңды мүдделерін бұзуына жол бермеу мақсатындағы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құжаттарды қамтуға тиіс.

42. Іс-қағаздарын жүргізудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді және ол қызметтерді жеткізушілер мен әлеуметтік қызметкерлердің назарына жеткізіледі.

43. Іс-қағаздарын жүргізу мынадай міндетті құжаттамалардың болуын көздейді:

1) жылға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары;

2) қызмет көрсетуге келіп түскен адамдарды тіркеу журналы (осы Үлгілік Ережеге 4-қосымша);

3) қызмет көрсетілетін адамдарға жақындарының келіп-кету кестесі;

4) көрсетілген әлеуметтік қызметтер есебінің журналы (осы Үлгілік Ережеге 5-қосымша);

44. Іс-қағаздары мен жұмыс есебінің жай-күйі, олардың дұрыс жүргізілуі үшін әлеуметтік қызметкер, бөлімше меңгерушісі, орындаушы мен қызметтерді жеткізуші жауаптылықта болады.

45. Үйде қызмет көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тапсырыс беруші қызметтерді жеткізушіден құжаттамаларды сұратуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесіне

1-қосымша

 

 

____________________________

(ұйымның атауы)

 

 

Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған жылы _________________________________________________________

Тұратын мекенжайы __________________________________________________

Телефон нөмірі ______________________________________________________

Мүгедектік санаты ___________________________________________________

Тұрғын үй жағдайлары ________________________________________________

Туысқандарының болуы _______________________________________________

(Т.А.Ә., туысқандығын, тұратын жерін көрсету)

 

 

ӨТІНІШ

 

Мені үйде қызмет көрсетуге қабылдауды сұраймын. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстырылдым.

 

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) ______________________________

2) ______________________________

3) ______________________________

4) ______________________________

5) ______________________________

6) ______________________________

7) ______________________________

8) ______________________________

 

Күні _________ Қолы ________________

 

Үйде қызмет көрсету туралы ұсынымдар ___________________________

____________________________________________________________________

(адамды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдаған/қабылдамаған себептерді көрсету)

 

Күні ________ Қолы, лауазымы ______________

 

 

Үйде әлеуметтік қызмет

көрсетудің Үлгілік Ережесіне

2-қосымша

 

м е д и ц и н а л ы Қ к а р т а

_____________________________ _

( медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы «___» _______________ _____ ж.

Мекенжайы _________________________________________________________

 

Медициналық тексеру

(негізгі және ілеспелі диганозды, асқынудың орын алғандығы, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

 

терапе в т ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

хирург _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

невропатолог ________________________________________________________

психиатр ___________________________________________________________

окулист _____________________________________________________________

отоларинголог _______________________________________________________

дерматовенеролог ____________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:

стоматолог _________________________________________________________

эндокринолог ________________________________________________________

кардиолог ___________________________________________________________

ортопед _____________________________________________________________

нарколог ____________________________________________________________

онколог _____________________________________________________________

гинеколог ___________________________________________________________

зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ___________________________

ішек аурулар тобының анализі __________________________________________

Қорытынды: ________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бөгде адамның тұрақты күтіміне және көмегіне мұқтаждығын көрсету қажет)

 

Үйде қызмет көрсету туралы ұсыныс ___________________________________

 

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

«___» ________ 200__ ж.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің

Үлгілік Ережесіне 3-қосымша

 

 

Материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу

Акті № __________

 

 

1. Т.А.Ә. ____________________________________________________________

2. Туған жылы _______________________________________________________

3. Тұратын мекенжайы: ________________________________________________

4. Телефон нөмірі _____________________________________________________

5. Соңғы жұмыс орны _________________________________________________

6. Зейнетақының (жәрдемақының) түрі мен мөлшері _______________________

7. Отбасылық жағдайы: _______________________________________________

8. Балалары мен туғандарының болуы __________________________________

____________________________________________________________________

(Т.А.Ә., олардың тұратын мекенжайы, телефон нөмірі (жұмыс және үй)

9. Тұратын жағдайы: _________________________________________________

(пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме, т.б.)

____________________________________________________________________

(қабатты, бөлмелердің санын, тазалық бөлмелерін, орталық жылытуды, лифтті көрсету)

10. Үй жанындағы учаскелердің болуы __________________________________

11. Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы (әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлерін көрсету қажет) _____________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

 

Күні _________ Қолы, лауазымы ________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесіне

4-қосымша

 

 

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге келіп түсетін адамдарды

тіркеу журналы

 

Т.А.Ә

Туған жылы

Әлеуметтік мәртебесі

Мекен-жайы

Өтінш беру күні

Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылданған күні

Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығарылған күні және негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болу керек. Журнал күнтізбелік жылға толтырылады.

 

 

 

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесіне

5-қосымша

 

Ұсынылған әлеуметтік қызмет көрсетулерге есеп жүргізу журналы

 

_________ 200 __ж.

(ай)

 

Қызмет көрсетілетін адамның Т.А.Ә. ____________________________________

Әлеуметтік қызметкердің Т.А.Ә. ________________________________________

Келу мерзімділігі _____________________________________________________

 

р/с

Ай күні

Қандай

әлеуметтік қызмет көрсетілді

(не істелді)

Қызмет көрсету сапасы

(ескертулер мен ұсыныстар) қызмет көрсетілетін адам толтырады

Әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсетулерді орындауы туралы белгісі

1

2

3




1. Проблема Отцов и детей
2. Обычное закономерное периодически повторяющееся действие которое происходит происходило или будет про
3. реферату- Види документівРозділ- Діловодство Види документів Інструкція Інструкція правовий акт ство
4. Вестник Европыс 1802 г.1
5. Методы расчета налогооблагаемой базы
6. на тему- Програми з циклічною структурою
7.  Понятие КСО 22
8. голубой крови Говоря о кислород.html
9. Реферат- Административно-правовая деятельность правоохранительных органов
10. НОРМЫ ТЕХНИКОЭКСПЛУАТАЦИОННЫХ ХАРАКТЕРИСТИК АВТОМАТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ РАДИОЛОКАЦИОННОЙ ПРОКЛАДКИ АСРП
11. Западной и Центральной Европе Испания Франция Италия Португалия Германия Австрия Австралия Бельгия По
12. баталист прапорщик В
13. БФАС и выдать международную спортивную лицензию FI Вид спорта Мои анкетные и
14. Газпромза период с 01
15. Для временной заделки пробоины снаружи применяют пластыри
16. При исследовании движения системы недостаточно знать ее массу и положение центра масс
17. второй столицы
18. Политика органов местного самоуправления в сфере поддержки малого бизнеса
19. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук ОДЕСА 2000
20. Конкурентоспроможність національної економіки і валютний курс- оцінка впливу, прогнозування динаміки