У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

на таман ~~ндарды~ Еділ ~а~аны ~ткізген ірі ~рыс

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

Каталаун шайқасы —451 ж.маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзбж.) КаннНаполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады.

451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскерТрирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды.Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франция) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар менЕділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды.Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет».Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi.Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын.Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды.Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi.

Тюрингия  арқылы Еділ әскерiменПаннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды».

Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.

Шайқастың нәтижесін қай жағынан қарасақ та, бұл «халықтар шайқасы» Батыс Еуропадағы 5 ғасырдың ең ірі және шығыны ең көп болған қантөгісті ұрыстардың бірі болып табылады.

Йорданның анықтамасы бойынша шайқаста 165 мыңнан астам екі жақ әскерден де адам шығыны шықты. Ал Идацидің айтуы бойынша тіпті 300 мың адам шығыны болды деп жазады. Атилла толығымен жеңілген доқ, бірақ Галлияға қайтуға мәжбүр болды. Келесі 452 жылы ол Солтүстік Италияға шабуыл жасап, Аквилея қаласын басып алып, Миланды құлатады. Бірақ сол жылдары болған індет ауруы мен Византия әскерінің келуі Атилланы Италияны қалдырып кетуіне мәжбүр болады. Бүкіл Еуропа Атилла әскеріне қорқынышпен қарап, оны «құдай қахары» деп санады. Ал Каталаун шайқасы  ортағасырлық шығармаларда өркениетті әлемнің варварлық әлемді ығыстырып шыққан ерекше оқиға деп сипатталды.




1. Статистические модели макроэкономики
2. Тема Путешествие в сказочное королевство Математики
3. Атта Тролль
4. Тема 27 Культура как система ценностей образов действий индивидов План-
5. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА Программа по окружающему миру для 4 класса составлена в соответствии с требованиями.html
6. тарілки. За допомогою тарілок здійснюється спрямований рух фаз і багаторазове взаємодію рідини і газу
7. Менеджмент организации СанктПетербург 2012 г
8. правовых формах юридических лиц
9. е объединить в однородные группы по определенным признакам которые выбираются в зависимости от целей иссле
10. Канцэпт шчасце у мове сучаснай беларускай паэзіі
11. Введение2 2Анализ проблемы4 3
12. Руїна започаткував Самійло Величко.
13. Lexicology Word structure in Modern English
14. варіанту додаток 1
15. екологічний моніторинг
16. стр 2 Microsoft Windows 95 ~ 98
17. ВСТУП У методичних рекомендаціях висвітлені важливіші проблеми дитячої психології
18. Тематичний план курсу Професійна етика
19. .Непосредственное закрытие дефекта эпителиального покрова это простейшее заживление заключающееся в нап
20. Клиническая фармакология ГКС для перорального применения