Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
45.Пресвитериандық «Грейс-Рақым» орталығының қызметі. Пресвитериандық қауым арасында Қазақстандағы ірісі Грейс-Рақым.Ол 1204 жылы құрылған орталығы АҚШ,Калифорнияда.Сонымен қоса жер шарының түкпір түкпірінде филиалы бар.ТМД елдері бойынша ең үлкен филиалдар Ресей,Қазақстан,Белорусияда.1991 жылы «Грейс» Қарағанды облысында тіркелді.Ол 2003 жылдың маусымында Грейс миссионерлік шіркеуі болып қайта тіркеуден өтті. Христиан Грейс орталығының басшысы Қазақстанның азаматы Ким болып табылады. Қарағанды облысында бірнеше шіркеулер болды.2004 жылы шілде де осы шіркеу негізінде Республикалық миссионерлік «Грейс-Рақым» орталығы дін бірлестігі болып тіркелді.Елулікшілер сияқты мұнда да Құдай кештері, нан үзу айына бір рет тұрақты түрде өткізіледі ол кезде жүзім шарабы пайдаланылады.Қауымды басқаруды жақсарту және тығыз қатынас орнатуы үшін 300 діни отбасыға бөлінген.Әр отбасында 6-10 діндар болады,әр отбасының көшбасшысы бар.Отбасы тұрақты түрде діндарлардың пәтерлеріне жиналып Құдайға құлшылық жүргізеді ән салып,библия мәтіндерін талдап әр түрлі тақырыптарда ресми емес,әңгіме-дүкен құрады.Жексенбілік және бастауыш ұйымдық қызметтерінен басқа балалардың жексенбілік бас қосулары жұмыс істейді. Ал ересек пен жасөспірімдердікі бөлек болады.
46. « Ахмадия» ағымы. Бұл діни әрекет басшылыққа таңдалған Мырза Қулам Ахмад Қадиянийдің (1839-1908 ж.) атымен аталады. Ол Үндістанның Пәнжап өлкесіндегі Қадиян деген елді мекенде дүниеге келген.Сол себептен ахмадиялықтарды қадиянилықтар деп те атайды. Қадиянилардың сенімі бойынша олардың құдайы ағылшын. Оған уаһи ағылшын тілінде жеткізіледі. Мұхаммед соңғы пайғамбар емес, Алла әрқашан пайғамбар жіберіп тұрады. Пайғамбарлардың ең абзалы Ахмад Қадияний. Жәбірейіл (ғ.с.) періште Ғұлам Ахмадқа Құран сияқты уаһи алып түсуші. Ғұлам Ахмадқа түскен кітаптан басқа Құран жоқ. Оның тәлімдерінен, өсиеттерінен басқа хадис жоқ. Ғұлам Ахмадтан басқа пайғамбар жоқ. Оларға түскен кітаптардың аты «Китабул-мубин». Қадиянилар өздерін жеке бір дін және шариғат иелері деп біледі. Ғұлам Ахмадты шәкірттері Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сахабалары сияқты дейді. Олар үшін Қадиян елді мекені Меккеден және Мадинадан да артық.Қадиянилықтардың құбыласы және қажылық орны да сол. Олардың сенімі бойынша жиһад парыз емес. Отанды қорғау деген түсініктен мақұрым. Дүние жүзі ағылшындарға бағынуға тиіс. Ахмадилықтың қабылдамаған әрбір мұсылманды кәпір санайды. Сондай-ақ ахмадияларғақызын әйелдікке бермеген кәпір. Арақ ішу, героин сияқты мас ететін нәрселерді қолдануға, сатуға, сатып алуға рұқсат етеді. Қазіргі таңда ағым өз қозғалысы туралы ағылшын тілінде шығарылатын журналдары арқылы жариялап тұрады. Олардың орталығы Лондонда. Өкілдері Батыс мемлекеттерімен қатар Африка елдерінде, АҚШ-та, Үндістан, Пәкістанда да кездеседі. ТМД-ның кейбір елдері сияқты қадиянилар тобы бізде де ресми түрде тіркеуден өтіп алған. Олар өздерін Ахмадия тобы, мұсылманбыз деп таныстырады. Көбінесе өздерін кәсіпкер, саудагер, қайырымдылық қорының өкілдері ретінде санайды.
47. « Таблиғи жамағат» діни бірлестігі және олардың уағыздары
1926 жылы Үндістанда құрылды. Құрушысы- Мәулана ИлияТәблиғ жамағаты Ислам тарихында саясаттың маңызын жоққа балап, оны қажетсіз деп тапқан, сондай-ақ саясаттың діннен бөлек болуын қалаған ең алғашқы жамағат. Ол үшін иманды тазалап отыруды, тәблиғ рухын өшірмеуді, Исламды үйренумен қоса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюды, өзара сүйіспеншілікті дәріптейді, алайда саясатқа араласуға қатаң тыйым салады. Екінші ұстанымдары-діни мәселелерде дауласпау. Саясатқа араласпағандықтан әлемнің мұсылман яки мұсылман емес көптеген мемлекеттерінде үкімет тарапынан олардың үгіт-насихат жұмыстарын еркін жүргізулеріне рұқсат етілген. Осы тәсілді қолданғандықтан әр келкі мұсылмандарды бір кісідей жұмылдырып, аймаққа кең тараған. Барған жерлеріндегі кездескен саясатқа араласатын басқа жамағаттарды аса жақтыра бермейді.с. Жамағат үгіт-насихаттарын негізінен мешіттерде жүргізеді. Қандай да бір бюросы я да орталықтары жоқ. Тәблиғ жасауға шын пейілділік танытып, уақытын бөле алатындарды жамағат қатарына қосып, оларды тәрбиелейді. Он кісілік топтарға бірігіп, араларындағы білімі көптеуін имам тағайындап, қалаларды, әр түрлі мемлекеттерді аралауға шығады. Барған жерлерінде мешіттерге соғып, уағыздарын жүргізеді. Құлшылық пен іске берік әрі адалдықтары себепті аз уақытта-ақ жүз мыңдаған кісіге сандары артты. Мәулана Идристың 1920 жылы қойған ұстанымдарын өзгерткен емес. Журнал, газеттерімен қатар бірнеше кітаптан басқа еңбектері жоқ. Әйелдер мен мұсылман еместерге үгіттерін жүргізбейді, ақпарат құралдарынан да көрінгенді қаламайды. Әлемдегі ауқымды жамағаттардың бірі ретінде үгіт-насихат жұмыстарын әлі күнге жүргізіп келеді. Жамағаттың негізгі ұстанымдары алтау, олар мыналар: 1. Тәухид сөзі. Ылғи да Аллаһты зікір етіп еске алу, шәхадат кәлимасын айту. 2. Намаз. Намазды толық оқу арқылы өздерін жаңалап отыру, оның өмірдегі әсерін байқау. 3. Ғылым және зікіруллаһ. Пайғамбарымыз жеткізген ғылымды мұсылмандарға үйрену-парыз. Ол үшін ертелі-кеш арнайы уақытты ғылымға, зікірге бөліп отыру. Ғылым мен зікір бір-бірін тамамдап отырады. 4. Мұсылмандарға жомарттық көрсетіп, оларды сыйлау. Сый-құрмет пен жомарттық болмаған жерде тәблиғ жасалуы қиын. Әсіресе, қарттарға, көрші-қолаңға, кедей-кепшіктерге қол ұшын беру керек. Ол үшін не нәрседе болсын мырзалық таныта білу керек. 5. Ықыласты болу. Жасалған барлық істердегі негізгі мақсат-пайда түсіру емес, Аллаһтың разылығына кенелу болуы керек. 6. Уақыт бөлу. Тәблиғ жасай алу үшін дүниелік істерінен бір мезгіл уақыт бөлу.
48. Жастарды теріс ағымдардың әсерінен сақтандырудың кейбір жолдары мен әдістері. 1. Қазіргі кездегі Қ.Р-ның дін жөніндегі заңы діни бірлестіктердің барлығына ортақ болуы керек. Және оның құрылымдарын анықтауға,заңды бұзғаны үшін қатаң жауап беруі тиіс. 2. Діни қызметкерлердің мәртебелерін көтеру.Имандық пен адамгершілікке тәрбиелейтін діни қызметкерлердің білімі мен жағдайын көтеру. 3.Жергілікті жерлерде өз дінімізді толық насихаттау. 4.Бақсы-балгерлер,көріпкел,емшілер басымдығын қадағалау.Олар әртүрлі діни бірлестіктердің идеологтар қызметін атқарады. 5.Бугінгі таңға дейін ауылдық жерлерде жеке адамдардың атымен мешіт салдыртуды бақылау. 6. Жастарымыздың кетіп қалмауында ана тіліміздің алатын орны жөнінде түсіндіріп ана тілін қолға алу. 7.Мектеп,оқу орындарында дін мәдениеті мен әдет-ғұрыптары жөнінде пән енгізу. 8.Дәстүрлі емес дін жөнінде адамдарға қарапайым тілмен жазылған түсініп оқитын кітаптар жемісін беруде. 9.Ұлттық зиялылардың ұлттық дінге қатынасы. 10.Сыртқы діни күштердің ұлттығымызға әсер етуін алдын алу.Яғни шет елдегі студенттеріміздің көзқарасы,дүниетанымдарының өзгерістерге ұшырамауына арнайы жоспар кою. 11. Мемлекеттік мекемелердің бағытын дұрыс жолға қою.
49.Діни экстремизм дегеніміз не? Қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану аркылы дін және үлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бүзумен катар жүреді. Шектен шыққан экстремизм әр-түрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нүқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
50.Діни терроризм дегеніміз не? «әлсіздің» тарапынан болатын радикалды оппозиция.Экстремистік пиғылдағы діни фанатиктер ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.
51.Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пәні. Жалпы енді не дейін әркім ойдан құрастыра салындар типа секталар мен ұйымдарды ажыратып тарихын үйретеді және т.б Ол енді әр қайсыларының сөздік қорларына байланысты)))лекцияда,инеттеде дымда жок бул туралы.
52.Неохристиандық ағымдар. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады, ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД - да таралған келесі ұйымдарды жатқызуға болады: «Бірлестіктің халықаралық шіркеуі», «Құдай балалары», «Соңғы Өсиеттің шіркеуі» (Виссарион шіркеуі), «Богородтық туыстық», «Ақ туыстық» және т.б Кейбір ілімдерде өзінің жеке «Жаңа ашулары», яғни қасиетті деп саналатын мәтіндері (мысалы, Виссарионның «Соңғы Өсиеті») болады. Басқалары канондық мәтіндерден қатты ерекшелінетін Інжілдің өз аудармаларын және интерпретацияларын береді (мысалы, Иегова куәгерлері және мормондар).Қазіргі таңда Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» 59 діни бірлестіктері тіркелген.«Иегова куәгерлері» - ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж. Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі негізінде «Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы» ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталынады. Қазақстан территориясында «Иегова куәгерлері» ілімнің таралуы мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі Иегова болды. Ұйымның мүшелері Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді. Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді, соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды.Иегова куәгерлері кез-келген мемлекетті шайтанның қаруы ретінде санайды, оларға әскерде болуға, мемлекеттік әнұранды айтуға, сайлауларға қатысуға, ресми құрылымдарда қызметте болуға қатаң тыйым салынған, бірақ салықтарды төлеуге болады. Иегова куәгерлері әртүрлі зайырлы ұйымдарға енбейді. Олар қан құюға қарсы болады. Көптеген христиандық бағыттар Иегова куәгерлерін христиандар деп санамайды. ҚР-да Әулиелердің Иисус Христос Шіркеуінің (мормондар) алғашқы ұйымы 2000 жылы тіркелген болатын.Бұл ұйымды 1830 ж. АҚШ-да Джоеф Смит құрды. Оның өлімінен кейін шіркеуді 12 апостолдардың шіркеу кеңесі басқарды, бұл кеңес ары-қарай басқару кеңесіне ауыстырылды. Інжілден басқа, мормондар өзінің діни практикасында өзінің жеке жазуларына да негіздейді, олардың ішінде «Мормон кітабы», «Ілім және өсиет», «Асыл інжу». Дж.Смит авторының бұл үш кітабы інжіл сияқты өте маңызды болып табылады.Шіркеудің рәсімдік тәжірибесінде дәстүрлі христиандық конфессиялардың өкілдері соқыр сенімді және неопұтқа табынушылық деп аталатын діндер кездеседі. Шіркеудің ұйымдасуы қатаң иерархияға сәйкес құрылады: басында пайғамбар тұрады, оның қол астында коллегия болады 12 апостол және 70 оқушы. Қауымның мүшелері арасында ақсақалдар, діндар басшылары, ұстаздар, епископтар және т.б. ерекшелінеді. Шіркеу мүшелері міндетті түрде десятина сияқты салықты төлеу керек. Мормондар белсенді миссионерлік жұмысты жүргізеді, олардың қауымдары әлемнің көптеген елдерде бар.
53.Неориенталисттік бірлестіктер
(бағыттаушы сөзінен - шығыс). Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Әдетте, шығыс діни ағымдар көп қайта жасалынады және батыс елдері үшін өте ыңғайлы түрінде болады. Неоориенталисттік ағымдарға «Кришна санасы қоғамы», «Брахма Кумарис», «Трансцендеталды медитация», «Аум Синрике» сияқты ұйымдар жатады. Олардың қызметінде медитацияны қоса, әртүрлі психологиялық техникалардың көмегімен адамның ішкі мүмкіндіктерін ашуға негізгі акцент жасалынады. Олардың ілімдерінің мазмұны медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.Қазақстанда қайта тіркеуден «Кришна санасы қоғамның» 8 діни бірлестіктері өтті: Кришна санасының халықаралық қоғамы «Кришна санасының қозғалысы» немесе «Харе Кришна қозғалысы» болып белгілі.Кришналықтар өзін жиі вайшнавалықтар (вайшнавалықтар - Вишну құдайының сыйлаушылары) деп атайды. Қозғалыстың негіздеушісі Шрила Прабхупада (1896-1977 жж.) Индияда туды, 1965 ж. АҚШ-қа қоныс аударған, сонда 1966 ж. Кришна санасының халықаралық қауымдастық қоғамын құрды.Кришнаиттың діни өмірінде маңызды орынды аскеттік тәжірибеге негізделген Адам өз материалдық дененің қажеттіліктерін минимумға дейін шектеу керек, тек солай ғана ол өзінің санасының деңгейін және рухани байлығын жетілдіре алады. Өз-өзін шектеу әрекеті өз ішінде пендешілік өмірден және барлық игіліктерден бас тартуынан тұрады. Кришнаизм қатал түрде өзінің ізбасарларының тәртібін реттейді, қатал азықтық шектеулер бекітілген. Уақыттың көп бөлігі медитацияларға бөлінеді. Қазіргі таңда бұл ағым бүкіл дүниежүзінде кең таралған. Ізбасарлардың көп бөлігі АҚШ-да және европа елдерінде кездеседі. Индияның өзінде Прабхупада ізбасарлары онша белгілі емес.
54.Синкретикалық қозғалыс. Әр түрлі культтер,діндер,сенімдердің бірігуінен пайда болған. Мысалға: Манихейлік,афрохристиандық,бахаизм,сикхизм,теософия.антропософия және т.б. Синкреттік қозғалыстың доктринасына әр түрлі діндер мен культтердің ерекшеліктері тән. Синкреттік қозғалыстар антикалық өмірдің эллинизм дәуірінен бастау алған. Синкреттік қозғалыстың жандануы 19 ғасырдағы Батыс қоғамындағы мистикалық көзқарастардың өсуі салдарынан. Синкреттік сенім әр қашанда догмаларына сенімдерін растайды.Бірақ соған қарамастан діни сенімдері мен культтерін өзгертіп тұрады.Сонымен қоса,жаңадан өсиет кітаптарын аударып тұрады. 55. Универсалдық қозғалыс