Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Т~рбие т~лімт~рбие ~ жеке т~л~аны~ адамды~ бейнесін ~намды мінез~~л~ын ~алыптастырып ~мірге бейімдеу

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Назерке

Отбасының қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің  қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан  ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдық тәрбие-арихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.

Ізгілік тәрбиесі.Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі.Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды  қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер  етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында  еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Отбасының эмоциональдық қызметі.Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық,  мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық  қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды   тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз  етеді.

Рухани қарым-қатынас қызметі.Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту  қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі.Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің  орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану  және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен

тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз   етеді.

Инабат

Отбасының негізгі функциялары.Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын  шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:

1.Ерлі–зайыптылар функциясы;

2. Ата–аналар функциясы.

Ерлі–зайыптылар функциясына рухани қарым–қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі–зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар жатады.

Ата–аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету, оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын құрайды .

Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық,  көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.

Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.

Қазіргі таңда аса маңызды және өзектілерінің қатарына күнделікті тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім, алғашқы қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық мүшелерінің денсаулықтары мен физикалық күш-қуатының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда, біздің ғылыми жұмысымыз нарық жағдайында жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау болып таңдалуының өзі осы функцияға негізделіп отыр.

Акерке

Отбасының бала тәрбиесіндегіролі:
- бала тәрбиесіндеотбасыықпалыбасқатәрбиелікықпалдарғақарағандаеңбасымболыпкелуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықтықоғамныњазаматынтәрбиелеудеотбасымемлекеттіңнегізгібуыны;
- отбасы – болашақұрпақтыңбойындаеңқұндыадамгершілікқасиеттердіқалыптастыратынқоғамныңажырамайтынбастытірек – арқауы;
- отбасы – жекетұлғаныәлеуметтендіруміндетінжүзегеасырушы. Олболашақжасазаматтыңденежетілуіне, шынығуына, руханижәнеадамидамуына, еңқұндыжалпыадамзаттыққұндылықтардыжәнеұлттықруханибайлықтыбағалауға, еңбекетудағдысынтәрбиелеугеықпалжасаушы;
- отбасы бала тәрбиесіндеадамзатқоғамыныңтарихындағығасырларсынынанмүдірмейөткенұлттықдәстүрдіжалғастырушы;
- отбасыныңәлеуметтікміндеттерініңөзегітәуелсіздіккеиеболғанҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікзаңдарынқұрметтеп, елжандыазаматтәрбиелеу;
- отбасыбаланыңмамандықтыеркінжєнесаналытаңдауынаықпалжасаушы;
- отбасыөзініңұрпағынболашақотбасылықөміргедайындаушы.
 

Балдырған

Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.

Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.

Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.

Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.

Марат

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру .

Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-балаларды оқыту-тәрбиелеу;

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.

Мақсат

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.

Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;

Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.

Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» (6, 59)

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы... бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.

Гүлнұр

Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.

Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет (жалпы аралас-Ә.Р.) деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай семья эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).

Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.

Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады.

Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Толғанай

Отбасының өмірлік циклы - некеге тұрудан басталып, оны бұзу мен аяқталатын отбасының өміріндегі маңызды, кезеңдік оқиғалар тізбегі.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасы өмірлік циклінің кез-келген кезеңінде кезедсетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырады:

1.Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақатығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

1.Дағдарыс жағдайы;

2. Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;

3.Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;

4.Отбасы мүшелерінің өзгеруі;

5. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі;

Айнұр

Отбасылық психотерапия - отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын психотерапия саласы боп табылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады.

Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғ. 70-80 жж. отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады.

Гүлсая

Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері

28-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы.

 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

29-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі 

1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. 2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті.

3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.

4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы 

1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.

2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.

3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.




1. Гелиос Y; Обеспечение внеоборотных активов собственным капиталом МП Агрофирма
2. Тема 4- СТАНОВЛЕНИЕ И РАЗВИТИЕ ОРГАНОВ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ 1917 ~ 1924 гг
3. тема конкретних видів творчості
4. 70см высота 70см 110 руб
5. Здравствуй столько раз сколько лет введено
6. УТВЕРЖДЕНО УТВЕРЖДЕНО Директор Директор СБ Искра магазинов ТОЧКА С
7. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата біологічних наук Київ2008
8. повторное предъявление инструкции Качественноколичественная оценка речи Диалог
9. 2УКР ~ 923 С 91 С91 Сучасна українська мова
10. Інформаційні системи в економіці
11. ВВЕДЕНИЕ Литье ~это способ изготовления изделий его сущность заключается в том что в литейную форму залив
12. і. Б~~аралы~ коммуникацияларды~ за~дылы~тары мен механизмдері.html
13. Морфологические нормы
14. Концепция философии истории в современной философии
15. Метод бухгалтерского учёта- документация инвентаризация счета и двойная запись Курсовая работ
16. впитал в себя в протяжении процесса обучения в той или иной степени поможет ему в достижении определенных
17. і. Всі вони намагаються знайти і пояснити причини вчинку Іуди що вимусило його людину з духовними та гумані.html
18. Ультразвуковые методы исследований
19. Исследование общей способности к речевой коммуникации беседа с целью выяснения полноты собственной речи
20.  Исторические предпосылки расселения населения России