У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Кейбіреулері адамдарды~ ~зара ~атынасыны~ ше~берінде ~алыптасатын немесе соны~ н~тижесі болатын жа~дайл

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Кіріспе.

   Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

   Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.

   Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы туралы айтқанда,  оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады.2

   Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты шиеленіскен және сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін жетешілікке алады.

   Адам құқығын қадірлеу қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени құқықтарымен және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар мен еркіндіктердің сипаты оның көлемі сияқты сол мемлекеттің және оның заңдарының қоғамдық –саяси және әлеуметтік –экономикалық құрылысымен анықталады.

   Адам құқығын қорғау саласында барынша маңызды өзгерістер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына келесі ереже енгізілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты «экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі бостандықты жүзеге асыру». Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар. Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі көптеген катаклизмалармен шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа көптеген құбылыстар қауіпсіз және жалпы адамдық қажеттілік пен өмір жағдайына жауап беретін тұрғылықты жер іздеуші адамдар –босқындар ағымы пайда болатын жағдайды туғызады.

   Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (БЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекет те босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді.

   Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына әкелетін мемлекеттің потенциалды халықаралық-құқықтық жауапкершілігіне де көңіл аудару қажет.  Мемлекеттің жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар және өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын территорияда адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет; өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал ұлттық демократиялық және өкілдік басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.

     Қудалау пен зәбірлеу қаупінен және басқа осыған ұқсас залалдан жасырынатын жер іздеу адамдар үшін өмірі мен еркіндігін сақтауда өте маңызды болғанымен, ол адам құқығын өзінің отанында барынша толық қорғау туралы талаптарды алмастыра алмайды. Демографиялық құбылыстар ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударумен, әскери және әлеуметтік қақтығыстармен, әлсіз дамығандықпен, жеткіліксіз немесе бірізді емес демократияланумен, адамдардың өзінің өмірдегі келешегіне ықпал ету қабілеттілігінің жойылуымен немесе қабілетсіздікті сезінуімен байланысты. Дегенмен, осыған салыстырмалы дамыған әлем (босқындар ұмтылған елдер) көбінесе шектеулі шаралар қолданумен шектелетіні айдан анық. Осының бәрі нормалар мен қағидалар спектрі үшін босқындарды қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесін құрайтын көңілді орта жасай алмайды.

  Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы босқындар мәселелері бойынша дүниежүзілік интеграцияға белсенді қатысуда. Оған мысал, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы болған оқиға, сол оқиға нәтижесінде Америка Ауғанстанға соғыс жариялаған кезде, Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығы алдында Ауғанстан мен Тәжікстаннан босқындардың белгілі бір санын қабылдауға және орналастыруға міндеттеме алуы.  Мұндай жағдайларда босқындарды қабылдау түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуші елдердің беталыстары ұқсас болуы керек.

  Егер бұрынғы тоталитарлық кезеңде Одақ, оның ішінде Қазақстан да, адамдардың әкімшілік әміршілдік басқару жүйесінен қашуынан елден кету ағымы байқалса, ал қазір демократия мен нарықты құра отырып, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдер босқындарды потенциалды қабылдаушы елдер қатарына өтті. Бұл проблеманы шешуге осы саладағы дүниежүзілік стандарттар мен қағидаларға жауап беретін заңдық база ықпал етуі керек.  Одан өзге, дүниежүзілік интеграцияға тарту үшін әрекеттегі халықаралық құжаттардың  ратификациясы қажет. Осының көрнекі мысалы ретінде Қазақстан Республикасының босқындар проблемасын реттеуші халықаралық құқықтың екі негізгі қайнар көзіне қосылуын айтуымызға болады, – БҰҰ Конвенциясы 1951 ж. және Хаттамаға 1967 ж.

  Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.

  Бұл бітіру жұмысының мақсаты босқындардың халықаралық –құқықтық мәселелерін зерделеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін бұл бітіру жұмысының авторы бірқатар міндеттер қояды, жекелеп айтқанда:

  - халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымына анықтама беру;

  - босқындар режимінің берілу қағидаларын қарастыру;

  - босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттерін зерттеу;

  - босқындардың құқықтық жағдайын бекітетін халықаралық –құқықтық нормаларды қарастыру;

  - босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігі мәселелерін қарастыру;

  - ҚР-ғы босқындар режимінің құқықтық реттелуінің ерекшеліктерін зерттеу;

  - босқындар проблемалары бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығында Қазақстан Республикасының құқықтық аспектілерін қарастыру.

  Осы бітіру жұмысының әдістемелік негізі болып арасында үлкен дәрежеде тарихи, салыстырмалы, логикалық және функционалдық әдістер болатын мемлекеттік-құқықтық нақтылықты танудың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері табылды.  

  Зерттеудің теориялық негізі.

  Зерттудің теориялық негізін Сәрсембаев М.А., Гай С. және Гудвин –Гилл, Потапов В.И. және басқалары сияқты халықаралық құқық саласындағы ресейлік, қазақстандық және шетелдік авторлардың –мамандардың  монографиялық басылымдары құрады. Теориялық материалдарды халықаралық құқықтық актілер, сонымен қатар, босқындардың құқықтық аспектісін бекітетін Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдары толықтырды.

  Жұмыстың құрылымы.

  Бұл бітіру жұмысы үш тараудан; жеті параграфтан; кіріспеден, қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім босқындардың құқықтық режимдерінің жалпы мәселелеріне арналған. Бұл жерде келесі мәселелер қаралады: халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы; халықаралық құқықпен әзірленген босқындар режиміне принципиалдық тәсілдеме;  босқындардың жалпы құқықтары мен міндеттері.

  Екінші бөлімде босқындардың құқықтық жағдайы туралы халықаралық құжаттардың қолданылуын қамтамасыз ететін ережелер туралы және босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігі туралы айтылады.  

  Үшінші бөлімде босқындар режимін реттеуші Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңын талдауға шолу жасалынды;  босқындар мәселелері бойынша негізгі қолданыстағы заңдық материалдар жиналды, сонымен қатар Қазақстан Республикасында босқындардың өзекті құқықтық мәселелері талданды.

  Бітіру жұмысының жалпы көлемі компьютерде терілген 56 бет.


I бөлім. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері.

1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.

  Үлкен монографиялық ғылыми еңбектің авторлары Гай С., Гудвин –Гилл3 айтқандай «босқын» термині қатаң термин болып табылады, яғни оның мазмұны жалпы халықаралық құқық қағидаларына сәйкес анықталады. Күнделікті қолданыста ол мейлінше кең және барынша шектелген, ол өзі шыдауға мүмкін емес деп тапқан табиғи немесе жеке сипаттағы жағдайлардан қорғануға ұмтылып қашатындардың бәрін белгілейтін термин. Адам қайда қашып барады —маңызды емес: әңгіме еріксіздіктен және қауіптен қашу туралы. Қашудың себептері де өте көп болуы мүмкін: бұл құлдық, еркіндік пен өмірге қауіптің төнуі, қуғындалу, кедейшілік, соғыс немесе азаматтық қақтығыстар, табиғи апаттар, жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық, аштық және т.б. «Босқын» сөзінің қорытындыланған мәні мүдделі тұлғаға көмек көрсету мүмкін және керек, қажет болған жағдайда қашуды тудырған себептен және оның салдарынын қорғау. Сондықтан босқындар категориясынан көбінесе әділ соттан қашқан «қашқындар» алып тасталады —жалпы, саяси аспектісіз заңды бұзғаны үшін қылмыстық қудалаудан сақтанушы тұлға.4

  «Босқын» ұғымының салалық (халықаралық-құқықтық) мазмұны одан да көбірек шектелген. Мысалы, оған «экономикалық босқындар» (бұл терминнің өзі әдетте қолданылмайды) енгізілмейді. Олардың проблемаларының шешімі, мүмкін, халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет территориясында шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен байланысты емес.

  «Босқын» ұғымының шекарасын анықтау ауыр жағдайға душар болған адамдардың қажетсінуін тез қамтамасыз етуге кедергі келтіретін казуистика мен семантикадағы лайықсыз жаттығу сияқты көрінеді. Соған қарамастан, мемлекет босқын мәртебесі мен баспананы немесе сол жерде қорғануды кімнің қолдана алатынын айқындау кезінде барынша шектейтін критерийлерге көндіреді. Дүлей апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу фактісі жеткілікті негіз бола алады, бірақ адамнан келген жағдайлар мен апаттар құрбандарына қатысты қосымша факторлардың болуы талап етіледі. Сонымен, босқындар категориясының кез –келген анықтамалары мен сипаттамаларын құрудың мақсаты —көмек пен қорғау көрсетуді жеңілдету мен негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті критерийлерге сәйкес келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге үміткер бола алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес босқындар категориясының сипаттамасын анықтай отырып, дәстүрлі бөлінетін қайнар көздерді –шарттар мен мемлекеттер тәжірибесін –талдау керек, сонымен қатар босқындар проблемаларын шешу үшін халықаралық қауымдастықпен құрылған әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару қажет.

  «Босқын» ұғымының анықтамасы халықаралық құқықта екі негізгі құжаттарда бар: 1951 жылғы БҰҰ «Босқындар мәртебесі туралы»5 конвенциясында және соның босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамасында6.

  Бұл актілердің арасында бірнеше айырмашылықтар бар, жекелеп айтқанда, 1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы уақыт бойынша және географиялық шектеулерді қарастырады, яғни ол Еуропада орналасқан елдерге қатысты қолданылады және 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен уақиғалар нәтижесінде босқынға айналғандарға қатысты болады. Ал 1967 жылдың Хаттамасына келетін болсақ, ол жоғарыда айтылған шектеулерді жояды және онсыз-ақ мемлекеттерге қатысты және нәтижесінде босқындар проблемасы пайда болған немесе пайда болатын кез –келген жағдайға, мейлі ол бұрын болсын немесе келешекте болатын болса да  қолданылады.

  Осыған байланысты мемлекеттердің жоғарыда көрсетілген құжаттарға қатысуын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы екі құжаттың да қатысушысы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 т. сәйкес бұл актілер Республика территориясында тікелей әрекет етеді және ішкі заңдар оған қарама қайшы болса, онда ішкі заңдардың нормалары емес халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

  «Босқындарға» анықтама беру әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылмай тұрғанда да жасалынған, атап айтсақ, Ұлттар Лигасы қамқорлығымен жасалған шарттар мен келісімдер. Онда атаулы «топтық тәсілдеме» қолданылды. Бұл кездегі қажетті шарттар келесідей болды:

  а)    тұлға өзі туылған жерден тыста болуы керек

  б) осы мемелекеттің қорғанысын пайдаланбауы керек

  Мысалы, «орыс босқындары» 1926 жылы «Советтік Социалистік Одақтар Республикалары үкіметінің қорғанын пайдаланбайтын немесе енді пайдаланбайтын және басқадай азаматтық алмаған, орыс ата-текті кез-келген адам» ретінде анықталды. «Армян босқындары» ұғымының да мазмұны тура осыған ұқсас болды. Көрсетілген анықтамалар орыс және армян босқындарының жеке басының куәлігін беруге қатысты 1926 жылдың 12 мамырындағы Келісімде болды. Бұл жағдайда тұлғаның туған жерінен тыс жерде болуы тікелей талап етілген жоқ, бірақ ол ұйғарылған еді, өйткені келісімнің мақсаты жүруді және көшіп-қонуды қамтамасыз ету үшін жеке басының куәлігін беру болды. Егер жеке басының куәлігін алған адам өзінің ата-тегіне оралатын болса, онда Жеке басының куәлігі өзінің күшін жояды. Нәтижесінде мұндай тәсілдеме Германиядан қашқан адамдар туралы 1936 жылғы келісімдерде қолданылды.7

  Екінші дүниежүзілік соғыстан соң «босқын» ұғымының анықтамасының мейлінше айқын критерийлері тұжырымдалды. Бұл туралы Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның (БХҰ) жарғысы және кейінірек қабылданған Босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Жарғысы (БЖКБ БҰҰ)8 және БҰҰ 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенциясы көрнекі куәландырады.

  БХҰ Жарғысы көмек көрсетілуі қажет адамдар категориясын көрсете отырып, алдыңғы құжаттардың ережелерін көрсетті. Мысалы, «босқындар» қатарына ұлтшылдық, фашистік немесе квислингтік9 режимдердің құрбандары; еврейлік ата-текті кейбір тұлғалар; ұлтшыл қуғыншылықтың құрбаны болған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылды; сонымен қатар, нәсілі, діні, ұлты немесе саяси көзқарасы белгілері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі босқындар деп танылған тұлғалар жатқызылды. Одан өзге, БХҰ Жарғысы босқындар қатарына бұрын азаматы болған және тұрған мемлекеттің қорғанысын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін тұлғаларды да кіргізді.

  Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басқармасын босқындармен айналысатын негізгі мекеме рөлінде БХҰ алмастырды. Осы кезеңнен бастап халықаралық-құқықтық тәсілдеме негіздерінде «босқындар» ұғымы БҰҰ, БЖКБ Жарғысы және мемлекетаралық шарттар құжаттарында бекітіле бастады.

  Жарғы алғаш рет ертерек бекітілген әр түрлі шарттар мен келісімдерге сәйкес босқын болып табылатындарды БЖКБ құзыретіне бағындырды. Одан өзге, ол 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде өзінің ата-тегінен сыртта жүрген (босқын азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы болмаған жағдайда –оның бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінің елі) және «қудалау құрбаны болудың толық негізделген қаупіне байланысты» оның қорғауын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін босқын болып қалғандарға көрсетеді. Оларға кезінде босқындар мәртебесін беруге негіз болған жағдайлардың енді жоқ екеніне қарамастан, қуғындалуға бұрын ұшыраған, қайта алмайтын тұлғалар да жатады. Жарғы саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдарға да таралады.  

  Бұл анықтама қолданылу аясы бойынша әмбебап, өйткені қандай да бір уақыт бойынша немесе географиялық шектеулер жоқ. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының қорғауына және көмегіне кімнің құқығы бар екенін анықтау кезінде маңызды тірек нүктесі болып табылады, өйткені өзінің мемлекеті тарапынан қорғау болмаған жағдай босқындарды кәдімгі шетелдіктерден  айрықшалайды.

  Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, Жарғы «босқын» ұғымының анықтамасына екі жақты тәсілдеме болжайды. Бір жағынан, ол босқындардың топтары мен категорияларына таралады (жоғарыда айтылып кеткен, «топтық тәсілдеме»), екінші жағынан – жеке тұлғаларға (жеке тәсілдеме), әрбір нақты жағдайдағы субъективті және объективті кезеңдердің бағалануы керек болған кезде.

  Осы анықтама 1951 жылғы БҰҰ –ның босқындар мәртебесі туралы Конвенциясында және босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамада айтылды.  

  Конвенцияның 1 бабында «босқын» терминіне жалпы анықтама берілген: бұлар «1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде және саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ тұлға».

  Конвенция ережелерін 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған уақиғалар нәтижесінде босқындарға айналған тұлғалар ғана пайдалана алады. Дегенмен одан ары босқындар тек қана екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі емес, оның салдарлары да болып табылды.

  Осыған байланысты көрсетілген шектеулерді болдырмайтын қосымша құжаттарды қабылдау қажеттігі туындады. Осындай құжат болып босқындар мәртебесіне қатысты қабылданған 1967 жылғы Хаттама табылды. Хаттама Конвенция әрекетін «жаңа босқындарға» таратты, яғни Конвенциядағы анықтамаға сәйкес келе отырып, 1951 жылдың 1 қаңтарынан кейін болған уақиғалар нәтижесінде босқынға айналған тұлғаларға да таратты.

  БЖКБ мандатына жататын және халықаралық қауымдастықтың қорғауы мен көмегіне құқығы бар босқындар қатарына тек қана белгілі бір мотивтер бойынша қудалаудан толық негізді қауіптенетін жеке тәртіпте анықтауға болатындар ғана емес («Жарғыға сәйкес босқындар»), сонымен қатар өзінің ата-тегі мемлекетінің қорғауынсыз қалғанын анықтауға немесе болжауға болатын тұлғалардың үлкен топтары да жатады (оларды қазір «жер аударған» тұлғалар немесе БЖКБ «уәкілдігі шеңберіне кіретіндер» деп те атайды). Әрбір жағдайдағы өте маңызды мәселе әңгіме болып отырған тұлғалардың мемлекетаралық шекаралардан өтуі және осы топтың қашуын осы елдегі қақтығыстармен немесе радикалды саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістермен байланыстыруға болатындай болуы керек. Адамның негізгі құқығы қатерде қалған жағдайда онда өзекті фактор болып зорлық немесе тәуекел, немесе зорлық қаупі табылады, бірақ тек қана белгілі бір жағдайларда; таза экономикалық мотивпен орын ауыстырушылар, өзінің пайдасы үшін немесе қылмыстық ниетпен жер ауыстырушылар БЖКБ мандатының қорғауына түспейді.

  Одан өзге, БЖКБ өз елінің ішінде орын ауыстырушы тұлғаларға да көмек көрсете алады және қайтқан босқындар мен «ел сыртына орын ауыстырған тұлғалардың»  ақталуына және қайта бірігуіне ықпал ете алады. Кейбір жағдайларда БЖКБ ел ішінде орын ауыстырғандарды қорғай алатынын, бірақ мұндай қызмет үшін құқықтық база соншалықты айқын анықталмағанын соңғы уақыттардың тәжірибесі көрсетеді. Бұрын ел ішінде орын ауыстырған тұлғаларды қорғау мен көмек көрсету ерекше жағдайларда болатын, бірақ қазір мұндай операциялар бірте –бірте көбірек жүргізілуде. Мұндай әрекеттердің БЖКБ-ның рөлі мен міндетін анықтау үшін және ресурстарды бөлуде үлкен маңызы бар, бірақ олар босқындардың халықаралық –құқықтық мәртебесі туралы сұрақтарға нақты жауап беруде шектеулі мәнге ие болады.

  Осы аядағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі «босқын» ұғымының мағызын жалпы халықаралық құқықта толықтырады және байытады. Дегенмен бұл жерде кемшіліктер де бар. «Өзінің шыққан мемлекетінің қорғауын ала алмаған немесе оны пайдалану қабілеті жоқтар» категориясына жататын тұлғалар жағдайы көп сұрақтар туғызады.

  Одан басқа, «босқын» терминінің анық емес мазмұны тура осыған ұқсас бірдей емес құқықтық салдарға әкелуі мүмкін, осыдан мемлекеттердің келесідей сұрақтарға қатысты міндеттемелері қандай да бір нақты категорияның мәртебесіне тәуелді болады: жер аударудан бас тарту (non-refoulement), шекара арқылы өткізу, уақытша баспана беру және мемлекетке кіргеннен кейінгі арыз берушілерге мемлекеттің қатынасы. Көптеген мемлекеттерде Жарғымен қарастырылған БЖКБ міндеттемесі мемлекеттердің 1951 жылғы Конвенциямен немесе 1967 жылғы Хаттамаға немесе регионалдық келісімдерге сәйкес міндеттемелерімен толықтырылады. Дегенмен бұл механизм тиімділігі жеткіліксіз, өйткені мемлекеттер міндеттемелері мен БЖКБ міндеттемелері арасында келіспеушілік бар.10

  «Босқын» анықтамасы, сонымен қатар, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі    N С-1/14-9611 ТМД-ның Экономикалық Сотының шешімінде де бар, оған сәйкес тұлға босқын деп таныла алады, егер келесі критерийлерді қанағаттандыратын болса:

  1) тұлға, баспана берген елдің азаматы болып табылмайды (қабылдаушы  мемлекеттің);

  2) тұлға басқа мемлекет территориясында орналасқан өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастауға мәжбүрлі (жөнелтуші мемлекет);

  3) тұлғаның мемлекетті тастауға мәжбүрлі болу себебі ─ жасалынған зорлық немесе басқа нысандағы қудалау немесе тұлғаның өзіне ғана емес сонымен қатар оның жанұясының мүшелеріне де қатысты нәсілдік немесе ұлттық жағдайына, діни нанымына, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына байланысты қудалау.  

  4) зорлық пен қудалаушылық жасаудың арасында байланыс бар, өйткені қарулы және ұлтаралық қақтығыстарға ілінудің нақты қаупі бар.

  Бейбітшілікке, адамзатқа қарсы немесе басқа да қасақана қылмыстық әрекеттер жасаған тұлға босқын деп мойындалмайды.

  Сонымен, халықаралық регламенттеуді қорытындылай отырып, өзінің елін төменде көрсетілген себептер бойынша тастап кеткен тұлғаларды босқындар деп атай аламыз:

  а) сыртқы басқыншылық, оккупация, шетелдік үстемдіктің басқа да нысандары;

  б) олардың өмір сүруінің материалдық негізіне зиян келтіретін табиғи апатты құбылыстар;

  в) қандай да бір әлеуметтік топқа жатқаны, саяси және діни көзқарасы болғаны үшін қуғын –сүргінге ұшырауының негізделген қатері.

  Өздерінің құқықтары бойынша босқындар елде тұрақты тұратын шетелдіктермен теңестіріледі. Одан өзге, босқындар өздері тұратын мемлекеттің азаматтарымен теңдей еңбектері үшін сыйақыны алуға құқығы бар. Босқындарға олардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне мүмкіндік беретін құжаттар беріле алады.

  1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы мен 1967 жылғы Хаттаманың қарастырылған халықаралық құжаттарында шетелдіктер иммиграция және натурализация бойынша Қызметке баспана беру туралы өтініш жазады деп айтылған. Бас тарту туралы шешім соңғы шешім болып табылады және шағым беруге жатпайды, бірақ бастапқы берілген өтініш бойынша бас тартуға негіз болған кедергілерді болдырмайтын қажет құжаттарды қоса берумен, тағы да бір өтініш жазуға болады. Бұл құжаттардан өзге Африкалық Бірлік Ұйымының шеңберінде 1969 жылы қабылданған Африкадағы босқындар проблемасының ерекше аспектілеріне қатысты регионалдық Конвенция жұмыс істейді.11

  Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясындағыдай арнайы заңның жоқ екенін айта кету керек. Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңына сәйкес, босқындар ұғымы мен олардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсанындағы «Халықтың көші –қоны туралы» Заңында анықталған.12 Көрсетілген заңға сәйкес (1 бап)  босқындар –шетелдіктер, бұлар саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін тұлға.

  Босқын режимімен баспананың құқықтық институты байланыстырылады. Баспана құқығы өз мемлекетінде саяси көзқарасы, қоғамдық қызметі үшін қудаланудан қорғануға мәжбүрлі болып, басқа елдерден баспана іздеу құқығының әрбір адамға берілетінімен қорытындыланады. Мұндай ереже, әдетте, Конституцияларда, елдің басқа заңдарында жазылады.

  Ізгілікті әрекет бола отырып, адамға баспана беру достық емес әрекет  ретінде қарастырыла алмайды. Баспана құқығы - бұл мемлекеттің саяси қызметі үшін өз елінде қудалауға ұшыраған шетелдік азаматты өз территориясына кіруге және тұруға рұқсат беру және бұл азаматты оны қудалаған мемлекетке бермеу құқығы.  

  Баспана екі нысанда болады: территориалдық – бұл азаматқа басқа территорияда баспана беру; дипломатиялық – жеке тұлғаларға шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктері территориясында баспана беру.

  Территориялық баспана туралы 1967 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен Декларация13 қабылданды, ол бойынша: «Әрбір адам қуғындалудан басқа елдерден баспана іздеуге және сол баспананы пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық, шын мәнінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарама-қайшылықта болатын әрекеттер мен саяси емес қылмыстар жасауға негізделген қуғындалу жағдайында қолданыла алмайды. Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14 бабына сілтеме жасауға негізі бар тұлғаларға мемлекеттердің баспана беруі бейбітшіл және қайырымды әрекет болып табылатынын және басқа ешқандай мемлекетпен достық емес әрекет ретінде қарастырыла алмайтынын тани отырып әрбір адам кез–келген елді тастап кете алады, оның ішінде өзінің елін де.

  Дипломатиялық баспана Латын Америкасы елдерінде таралған. 1976 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының XXII сессиясында қабылданған территориялық баспана туралы Декларацияға сәйкес мемлекеттер кімге баспана беру керек екенін өздері шешеді. Декларацияның 1 бабына сәйкес, отаршылдыққа қарсы күресуші тұлғалар да баспана құқығын пайдалануы керек.

  Қазақстан Республикасында дипломатиялық баспана құқығы институты жұмыс істемейді, яғни баспана құқығы тек қана жалпы тәртіпте жүзеге асырылады. Мысалы, жекелеп айтсақ, «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес   (25 бап), «шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасымен саяси баспана беру туралы өтінішті қанағаттандыру немесе қабылдамай тастау, әрбір нақты жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентімен жүргізіледі»14. Баспана беру ҚР Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі Жарлығына сәйкес және ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің 1997 жылғы 3 ақпандағы Ережесіне сәйкес жүргізіледі.15

  1.   Босқындар режимін беру қағидалары.

  Босқын мәртебесі халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда, біржағынан мемлекеттер егемендігі қағидасымен және сонымен байланысты территориялық үстемдік пен дербес сақталу қағидаларымен, ал екінші жағынан –жалпы халықаралық құқықтан (Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттар мен қағидаларын қоса) және шарттардан шығатын бәсекелесті ізгілікті қағидалармен сипатталатын құқықтық кеңістікті алады.

  Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидалары Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының  Кіріспесінде және 1, 2 бабында келтірілген16

.  Негізгі міндеттері – соғысты болдырмау, негізгі құқықтарға сенімді қайта бекіту, әділдік пен міндеттемеге сыйластық сақтала алатындай жағдайлар жасау және әлеуметтік прогресс пен үлкен еркіндіктегі өмір жағдайының жақсаруына ықпал ету. Бұл міндеттерді шешу үшін 1 және 2 баптарда мақсаттар мен қағидалар көрсетілген, оған қоса бейбітшілікке төнген қатерді және басқыншылық актілерін болдырмау және ескерту бойынша ұжымдық шаралар, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттер арасындағы достық қатынасты дамыту, халықтар теңдігі мен өзін –өзі билеуін сыйлау, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ізгілікті мәселелердегі халықаралық ынтымақтастық және барша үшін айырмашылықсыз адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын дамыту мен көтермелеу де қарастырылған. 2 бап Ұйымның өзіне де, оның мүшелеріне де қатысты, ол олардың арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаларды бекітеді. Олардың арасында – ұлттардың егемендіктерінің теңдігі қағидасын мойындау, халықаралық міндеттемелерді бұлжытпай орындау, айтыс –дауларды бейбіт құралдармен шешу, күшпен қатер төндіруден немесе оны қолданудан бас тарту міндеті, Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеті кез –келген мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін істерге араласпау.

  Мақсаттар мен қағидаларр туралы мәлімдеме мәні бойынша ұйымдастырушы болып табылады: ол БҰҰ шеңберінде әрекет етуші мүше мемлекеттер не істеуі керектігін және олар өзара қатынасты қалай құруы керектігін анықтайды. Бірақ, көптеген құрылтайшылық құжаттар сияқты, БҰҰ Жарғысы да динамикалық аспектілі және кейбір салаларда жарияланған мақсаттар мен қағидалардың нақты мазмұнын барынша жалпы уақиғаларға қатысты анықтау қажет.

  Босқындардың халықаралық-құқықтық режимінің бекітілуі сөзсіз белгілі құқықтық салдарды туғызады, оның ішіндегі ең маңыздысы —мемлекеттердің тұрақты түрде non-refoulement қағидасын сақтау міндеті. Non-refoulement қағидасы бірде-бір босқынның оған қудалау мен азаптау қатері төнуі ықтималды елге қайта қайтарылмауы керектігін қарастырады. 1954 ж. non-refoulement қағидасы 27 мемлекет қатысқан ББҰ-ның конференциясында қабылданған болатын. Қарастырылған қағида босқындарға да, сонымен қатар баспана іздеуші тұлғаларға да таралады. 1977 ж. БЖКБ атқарушы комитеті мүдделі тұлғалар босқын деп ресми түрде танылуы,танылмауына қарамастан қағиданың маңыздылығын мақұлдады. Баспана іздеуші тұлғаның миграциялық мәртебесі де  маңызға ие емес. Мұндай тұлғаның территорияға немесе мемлекеттің юрисдикциясына қалай келгені маңызды емес : ең маңыздысы мемлекет агенттерінің әрекеттерінің нәтижесі. Егер баспана іздеушіні ол толық негізді қудалану қаупі немесе азапталу қатері  бар елге мәжбүрлі түрде қайтарса, онда мұндай мәжбүрлі қайтару халықаралық құқыққа қарама –қайшы болып табылады.

  Non-refoulement қағидасы қуғындалу қаупі төніп тұрған кез келген тұлғаға тарайды немесе белгілі бір елге қайтарылатын тұлғаның сол елде азапталуы мүмкін деуге негіз болған жағдайда әрекет етеді.

  Қарастырылып отырған қағиданың ережелері кейбір құқықтық қайшылықтар енгізді. Мысалы, 1951 ж. бірқатар мемлекеттер 33 бап (non-refoulement) экстрадиция (беріп жіберу) қағидасына зиян келтірмейді деп жорамалдады. Дегенмен, мемлекеттер тәжірибесі және пікірлердің кең шеңбері non-refoulement қағидасы қолайлы түрде босқынды экстрадициядан (беріп жіберуден) қорғайды деп болжайды.

  Мемлекеттер non-refoulement қағидасымен байланысты болғанымен, олардың белгілі бір әрекет еркіндігі сақталады, мысалы, «ұзақ мерзімді баспана» беру немесе оның жүзеге асуы мен тоқтатылуының шарттарына қатысты. Дегенмен мемлекеттер —Конвенция мен Хаттаманың қатысушылары —босқындарды жер аударту ерекше проблемалар туғызатынын мойындады және 32 бапқа сәйкес «олардың территориясында заңды түрде тұрып жатқан босқындарды қайтармауға, бұл мемлекеттік қауіпсіздік пен жалпы тәртіпке қатысты болмаған жағдайда» міндеттенеді. Одан өзге, жер аудару туралы шешім сот тәртібімен  шығарылуы тиіс және босқындарға шағынуға құқық берілуі керек, «тек қана, жер аударуға мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жағдайлар мәжбүрлемесе». Сондай ақ, жер аудару туралы қаулы қабылданған босқындарға басқа елге заңды түрде ену үшін рұқсат алуға қажет жеткілікті мерзім берілуі керек, дегенмен мұндай өздері қажет деп табатын ішкі сипатқа ие шараларды қолдану мемлекет еркінде болады.

  Тәжірибеде бұл қағиданы оның барлық міндеттілігіне және императивтілігіне қарамастан сыйлау оңай болмайды, өйткені қандай шешімді таңдауға еріксіз көндіретін саясат мүмкіндіктерінен ажырату қиын. Соңғысы саяси факторларға сөзсіз тәуелді, оның ішінде адамдарды қашуға мәжбүр ететін жағдайларға да; дегенмен шешім қанағаттанарлықтай болуы үшін қандай да бір мемлекетпен байланысы бар адамның тілегіне толығымен көңіл аудармауға болмайды.

  Мемлекет босқын мәртебесінің берілу салдарының бірімен байланысты  (non-refoulement қағидасымен), бірақ баспана беру туралы шешім олардың қарауына қалдырылады. Мемлекеттің міндеттемесі мен қарау еркіндігі арасындағы аралықта босқындар құқықтық анықсыздық аймағына түсіп қалуы мүмкін, ол жерде олардың құқықтық және әкімшілік қауіпсіздіктері әр түрлі болады. Тәжірибеде көптеген мемлекеттер босқын мәртебесін берумен байланысты  процедуралар бітпейінше баспана іздеуші тұлғалардың болуына рұқсат береді немесе шыдайды. Келесі елдер оларға үшінші елге баруға ұсыныс жасай алатынына қарамастан шешім қабылданғанға дейін тұруға рұқсат береді. Уақытша тұру әр түрлі жағдайлардағы сияқты басқа елдерге орын ауыстыруды күтетін баспана іздеушілерге де рұқсат етіледі.  

  Тәжірибеде көптеген елдерде босқын мәртебесін ресми танығаннан кейін оған заңды түрде тұруға рұқсат нысанында  баспана беріледі. Кейде баспана заңмен немесе әкімшілік тәжірибемен бекітілген құқық негізінде беріледі. Қазақстан Республикасында, мысалға, көші-қон және демография  бойынша Агенттікпен, облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының, аудандардың және қала ішіндегі аудандардың ішкі істер бөлімдері мен басқармаларымен берілген саяси баспана беру туралы куәлік негізінде ықтиярхат  рәсімделеді.17

  Басқа жағдайларда босқын деп танылған тұлғаларға ашық немесе жасырын түрде басқа елге бару ұсынылады.  Тұрғылықты тұруға рұқсат  нысанында баспана берілгеннен соң, адамға қараудың стандарттары ұлттық құқықтағы халықаралық шарттардың әрекет ету сипатына және егер бар болса, олардың инкорпорациясы туралы заңнаманың ережесіне тәуелді болады.

  Енді, шығарып жіберуден қорғау, беру және мәжбүрлі қайтару заңмен жанама (мысалы, депортация туралы шешімге шағымды қарайтын аппелляциялық соттардың істің барлық жағдайын ескеруге өкілетті болған жағдайда) немесе тікелей (жер аудару және баруы керек ел үшін ұйғарымды негіздер шеңбері айқын шектеулі болғанда) қамтамасыз етіле алады.

  Халықаралық құқық босқындар мәртебесін беруде принципиалды тәсілдемені қолданады. Кейбір халықаралық құжаттарда, атап айтсақ 1951 ж. БҰҰ Конвенциясында нақты белгіленген жағдайларда босқын мәртебесі берілмейді. Бұл егер босқын мәртебесіне үміткер келесідей қылмыстар жасаған жағдайда орын алады:

  1.  бейбітшілікке қарсы қылмыс;
  2.  әскери қылмыс;
  3.  саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс;
  4.  БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін қылмыстық әрекеттер.

  1946 жылы Бас Ассамблеямен қабылданған Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның Жарғысы (БХҰ) «әскери қылмыскерлерге, квислингтерге және сатқындарға», тұрғын халықты қудалауда дұшпанға көмек көрсеткендерге, шарт бойынша берілуге жататын қылмыскерлерге және БҰҰ мүшесі болып табылатын қандай да бір мемлекет үкіметін күшпен құлату мақсатын ұстанған кез-келген ұйымның әрекетіне қатысқан немесе кез-келген террористік ұйымның әрекетіне қатысқандарды қорғаудан тікелей бас тартады.18

1951 жылғы Конвенцияда әскери қылмыскерлерді қорғаудан бас тарту туралы мәселе алдымен Бодандықсыз мәселелері бойынша Арнайы комитетпен қаралды және осыған байланысты 1950 жылғы қаңтар –ақпандағы сессияда қаралды; Адам құқығы туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14(2)бабы аталып өтті.

  Әскери қылмыстар оккупацияланған территорияның тұрғылықты халқын өлтіру, зорлау-зомбылау немесе құлдыққа салу не басқа да мақсаттарда айдап әкетуді қоса алғанда, соғыс жүргізу заңы мен дәстүрін бұзу; әскери тұтқындарды немесе теңіздегі адамдарды өлтіру мен қорлап азаптау; тұтқындарды өлтіру; қоғамдық немесе жеке меншікті тонау; қалалар мен ауылдарды мақсатсыз талқандау, қирату, әскери қажеттіліксіз күйзелту».

  1994 жылы Халықаралық құқық комиссиясымен әзірленген Халықаралық қылмыстық сот Жарғысы жобасының 20 бабы Соттың юрисдикциясы таралатын қылмыстар қатарына –«басқыншылық қылмысын» жатқызады.

  ХӘТ (Халықаралық әскери трибунал) Жарғысының VI бабы  бейбітшілікке қарсы қылмыс үшін жеке жауапкершіліктерді қарастырады, оған келесідей анықтама берілді: «басқыншылық соғысын немесе халықаралық шарттарды, келісімдерді немесе сенімдерді бұзуға бағытталған соғысты жоспарлау, дайындау, өртін тұтандыру немесе жүргізу немесе жоғарыда айтылған әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе сөз байласуға қатысу»19.  Одақтастардың әскери трибуналы Германияда өзінің басқа әскери қылмыскерлердің соттық ізіне түсуі бойынша заңдық юрисдикциясын негіздеген Бақылау кеңесінің № 10 заңы, ұқсас түрде, бейбітшілікке қарсы қылмыстар қатарына «халықаралық құқық пен шарттарды бұзып басқа елдерге басып кіру мен басқыншылық соғыстарды ұйымдастыруды...» жатқызды. Мұнда, мемлекет ішіндегі әскери процестерде және  басты әскери қылмыскерлер істері бойынша процестерде    «барлық дерлік Оси мемлекеттерінің үкіметінің жетекші мүшелері мен жоғарғы қолбасшылары айыпталушы болса, ал мұндай айыппен сотталғандар негізінен «саясатты әзірлеуші тұлғалар» болды. Сонымен қатар, осы ережелер  негізінде соғыс даласында соғысқан әскерді де; әскери шараларды қолдайтын азаматтық тұлғаларды да атауға болмайтыны белгіленді.20 

  ХӘТ Жарғысының қағидалары 1949 жылғы Женева Конвенциясымен және 1977 жылғы Қосымша хаттамамен нығайтылды. Осылай, «әскери қылмыстар» қатарына Женева конвенциясын «айтарлықтай бұзушылық» жатады,21 оның 1993 жылғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал Жарғысында келтірілген қысқаша тізімінде келесідей іс –әрекеттер енгізілген: қасақана кісі өлтіру; азаптау және рақымсыз қарау, биологиялық эксперименттер; ауыр зардаптарды қасақана келтіру немесе ауыр жарақаттау немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру; әскери қажеттіліксіз, заңсыз, өз еркінше жүргізілетін үлкен масштабтағы қирату және мүлікті меншіктеніп алу; қарсылас державаның әскери күштерінде әскери тұтқынды немесе азаматтық тұлғаны әскери қызмет атқаруға мәжбүрлеу;  әскери тұтқынды немесе азаматтық тұлғаны әділ және дұрыс сот өндірісіне құқығынан қасақана айыру; азаматтық тұлғаны заңсыз депортациялау,жер аударту немесе қамауға алу; азаматтық тұлғаларды кепілгер (тұтқын) ретінде алу.

  Қосымша хаттамада шабуыл да ескерілген: оның ішінде азаматтық тұрғындарға қатысты таңдаусыз сипаттағы; әскери әрекеттерге қатысуын тоқтатқан тұлғаларға шабуыл жасау; халықтың орын ауыстырулары; нәсілдік кемсітушілікке негізделген адамның намысын қорлаушы адамгершілікке жат әрекеттер, апартеидті тәжірибеде қолдану; және қорғаныссыз жерлерге және қарусызданған аймақтарға шабуыл жасау.

  ХӘТ Жарғысындағы анықтама бойынша адамзатқа қарсы қылмыс әскери қылмыстармен ұқсас, бірақ өте үлкен масштабта болады. Бұл ұғым геноцидке қарсы қылмысты ескерту және сол үшін жазалау туралы Конвенцияны қабылдауға әкелді22 және апартеид қылмысын тоқтату және сол үшін жазалау туралы 1973 жылғы Халықаралық конвенцияның негізі болып табылды.23  Югославия мен Руанда бойынша трибуналдар Жарғысы олардың құзыретіне адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша істерді қарауды енгізді, олардың қатарына жататындар: кісі өлтіру, қырып –жою, құлдыққа салу, депортация, түрмеге қамау, қинап азаптау, зорлау, саяси мотивтермен қудалау және басқа адамгершіліксіз актілер. Мемлекеттердің міндеттемелері туралы баптардың жобаларында да халықаралық қылмыстардың категориялары бар, онда «адамды қорғау үшін өте үлкен маңызы бар халықаралық міндеттемелерді кең масштабта айтарлықтай бұзу, мысалы құлдыққа, геноцидке және апартеидке тыйым салатын» болып табылады.

  Соғыстар аралығындағы және соғыстан кейінгі алғашқы жылдар кезеңіндегі құжаттар мен келісімдерде қылмыскерлер мен басқа жағымсыз босқындарға аз көңіл бөлінген. БХҰ Жарғысы шарт бойынша беруге жататын қылмыскер болып табылатын босқындарды қосқан жоқ», және осы тұжырым БЖКБ Жарғысында қайта жазылды. БХҰның қорғауына жату құқығы туралы Басшылықта беру үшін негіз болып табылатын келесі қылмыстар көрсетілген: кісі өлтіру, уландыру, зорлау, өртеу, арамдық, жалған ақша шығару, жалған куәлік ету, ұрлық, банкроттық, ұрланған затты қабылдау, қазынаны ұрлау, екі әйел алушылық, соққыға жығу, ауыр дене жарақатын түсіру және ауыр жағдайларда мүлікті жою.

  Адам құқығы туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14(2) бабы «шынымен қылмыс жасалынғаны негізінде қылмыстық із кесу» жағдайында баспана беру мүмкіндігін болдырмауды қарастырады.

  Егер әскери қылмыскерлерді сотқа беруде мемлекеттердің тікелей мүдделілігін ескермесе, онда 1951 жылғы Конвенцияның дайындық материалдары қылмыскерлерге босқын мәртебесін және сонымен байланысты жеңілдіктерді беруде жалпы  бас тартуға қатысты көптеген шешілмеген сұрақтарды айқындайды. Конвенцияның түпкі мәтінінде негіз ретінде алдамшы қарапайым сөз тізбегі алынған —«саяси сипатқа ие емес ауыр қылмыс», —мұндай қылмыстардың шеңбері «баспана берген елден сыртта және [кінәлілер] елге босқын ретінде жіберілмес бұрын» жасалған қылмыстармен шектеледі.

  Әрбір мемлекет 1951 жылғы Конвенция мақсатын ұстана отырып, қандай қылмыстың ауыр екенін өзінің жеке критерийлері бойынша өзі анықтауы керек. Сондықтан, мемлекет босқын мәртебесін алуға өтініш берушінің қылмыстық бейімділігі оның адал босқын ретіндегі мінездемесінен асып түсетінін және сондықтан мемлекеттің ішкі тәртібі үшін қауіпті екенін анықтауды өз қарауы бойынша шеше алады.

  Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасын  айтуға болады,24

онда мемлекет пен қоғам үшін аса қауіпті болатын бірқатар қылмыс құрамдары бекітілген. Мұндай құрамдарға жататындар: геноцид, терроризм, адамды ұрлау, мемлекеттік құпияны жариялау, жаппай тәртіп бұзу және т.б.

  Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін қылмыс жасау салдарынан Конвенция әрекеті аясынан тұлғаны шығару қағидасы БХҰ Жарғысында да бар және ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде  өзінің мақсаттарының бірін қандай да бір мемлекет үкіметін (БҰҰ мүшесін) қарулы күшпен құлату етіп қоятын ұйымның немесе қандай да бір террористік ұйымның жұмысына қатысқандарға таратылмайды, сонымен қатар олардың үкіметтеріне қарсы қозғалыстар жетекшілеріне немесе босқындардың өз еліне қайтуын қолдамайтын қозғалыстар жетекшілеріне таралмайды.Мұнда келесідей пікірлер де ұсынылды: «Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін іс-әрекеттер», «әскери қылмысты, геноцидті және демократиялық режимдердің беделін түсіру немесе құлатуды» қамтиды; әр түрлі мемлекеттер басқа да мүмкін түсініктемелерді ұсынды.

  Босқын мәртебесін беруден бас тартудың қарастырылған негізі аясына, мысалы, басқаларға құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген немесе осы құқықтарды шектеген тұлғалар әрекеті де түседі. 1F с) бабы адам құқығын бұзатын немесе БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына басқа түрде қарсы келетін саясатты жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттің жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларын шығарып тастайды. Аталған бап  өте кең қолданыла алады. БҰҰ есірткілер айналымымен күрес бойынша, басқарудың демократиялық және өкілдік нысандарына жәрдемдесуге қатысты және кейбір азаттық қозғалыстардың халықаралық мәртебесін мойындау бойынша шаралар қолданды. Бұл есірткіні сатумен айналысатын тұлғалардың, демократиялық процесті бұзушылар немесе бүлдірушілердің немесе билікте колониалдық немесе соған ұқсаған режимдердің сақталуына жауапты тұлғалардың босқын мәртебесін алуға құқығы болмауы керек екендігін көрсетеді.25

1.3 Халықаралық –құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері

  Босқындардың баспана іздеген елде өмір сүру режиміне қатысты құқықтары мен міндеттері жай және конвенциялық халықаралық құқық нормаларына сәйкес анықталады. Бұл құқықтар мен міндеттер туралы негізгі ережелер 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда тұжырымдалған. Бұл ережелер осы елде тұрып жатқан шетелдіктер пайдаланатын режимге жалпы бағдары сәйкес келетін босқындар режимінің «минималды, стандартты нормасы» ретінде анықталады.26

  1951 жылғы Конвенцияның 7 бабы конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне барынша қолайлы құқықтық жағдай ұсынылатын кездерден басқа босқындарға «шетелдіктер қолданатын» режимді беруді жүктейді.

  Мемлекет өз бетінше немесе өзара қатынас негізінде босқындардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуге құқылы. Мұндай кеңейту, әдетте, босқын тастап кеткен мемлекет пен оның жаңа тұратын мемлекеті арасындағы жасалған арнайы шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылады, яғни шарттық өзаратүсіністік негізінде немесе босқынның жаңадан қоныстанған мемлекетінің ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни заңдық өзаратүсіністік негізінде.

  Конвенцияға сәйкес заңды өзаратүсіністік негізінде, жалпы, шетелдіктер пайдаланатын құқық осы мемлекеттің территориясында үш жыл ішінде тұрған босқындарға беріледі (7 бап, 2 т.). 1951 жылғы Конвенция күшіне енген күні шетелдіктердің құқықтары мен артықшылықтарына ие болған босқындар оларды ары қарай да қолдана береді (7 бап, 3 т.).

  1951 жылғы Конвенция боқындармен қатынастың төрт режимін бекітеді:

  1) ұлттық режим, яғни сәйкес мемлекеттің азаматтарына берілетін режим;

  2) босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтарына берілетін режим;

  3) барынша қолайлы режим, яғни шетел мемлекеттері азаматтарына берілетін барынша қолайлы режим;

  4) барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим.

  Ұлттық режим босқындарға келесі құқықтарға қатысты беріледі: дінді пайдалану құқығы (4 бап); сотқа жүгіну құқығы (16 бап); ел аумағында  үш жылдан аса тұрған,сонымен қатар азаматтығы бар жұбайы,бір немесе бірнеше балалары бар босқындарға қатысты жұмысқа жалдану құқығы (17 бап,  2а т.,17 бап, 2b 'т.); тапшы өнімдерді бөлуді реттеуші сыбағалар жүйесі (20 бап); бастауыш білім (22 бап, 1 т.); мемлекеттік көмекке және қолдауға құқық (23 бап); еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға (24 бап); салық салуға қатысты  (29 бап).

  Босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтары үшін орнықтырылған режим өнеркәсіптік меншікке құқықты қорғауға қатысты беріледі, олар келесідей: өнертабысқа, сызбалар мен модельдерге, тауарлық белгілерге, фирмалық атауларға және әдебиетке, көркем және ғылыми шығармаларға құқықтар (14 бап); сотқа жүгіну құқығы, жекелей айтқанда, заңгерлік кеңестер мен соттық кепілзат төлеуден босатылу мәселелері (cautio judicatum solvi) (16 бап, 3 т.).

  Барынша қолайлы режим саяси сипаттамалары жоқ және пайда түсіру мақсаттарын ұстанбайтын ассоциацияларды құру және оларға қатысу құқығына қатысты беріледі, сонымен қатар кәсіподақтарға қатысты (15 бап); ұлттық режимді алу үшін қойылатын талаптарды босқындар қанағаттандырмаған жағдайларда жұмысқа жалдану бойынша құқық (17 бап,  1т.).

  Барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді және солармен байланысты құқықтарды алуға қатысты беріледі, сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге қатысты жалға беру және басқа шарттарға қатысты беріледі (13 бап); өз бетінше ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіппен, қол өнері және саудамен айналысу, сондай ақ сауда және өнеркәсіптік серіктестіктерді құру құқығы (18 бап); еркін кәсіптермен айналысу құқығы (19 бап); тұрғын үймен қамсыздануға құқық (21 бап); оқу мүмкіндігіне, шетелдік аттестаттарды, дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тануға, оқу төлемінен босатылуға, сонымен қатар степендия беруге қатысты құқық (22 бап, 2 т.).

  Жалпы құқықтардан өзге, көп жағдайларда :  

  а) отандық мемлекетпен іс жүзінде және құқықтық байланысын жоғалтқан;

  б) олардың жеке режимін анықтау үшін қажет құжаттары жоқ;

  в) бассауғалаушы елге заңсыз әдіспен енген тұлғалар ретінде босқындардың арнайы құқықтары да болады

  1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенция босқынның жеке мәртебесі оның домицилдену елінің заңымен немесе, егер онда бар болса, оның тұрған елінің заңдарымен анықталатынын орнықтырады. Және бұл кезде, босқындардың жеке мәртебесімен байланысты, онымен ертерек алынған құқық, некеден шығатын құқық та, конвенция қатысушысы болып табылатын мемлекетпен сақталатыны көрсетіледі (12 бап).

  Мемлекет оның территориясына заңды түрде келген босқындарға тұратын жерді таңдау құқығын және оның территориясы шегінде еркін қозғалу мүмкіндігін беру (26 бап) және олардың территориясында орналасқан,жол жүру құжаты жоқ босқындарға жарамды жеке  куәлік беру (27 бап) міндеттемесін өзіне алады.

  Мемлекет территориясына олардың өміріне немесе еркіндігіне қауіп төнген территориядан босқындардың заңсыз кірген немесе болған жағдайда, конвенция босқындарды осындай заңсыз кіру мен болу жазасынан босататын ережелерді қарастырады. Бұл құқық босқындардың өзінің заңсыз кіргені немесе келгенін қанағаттандырарлықтай негіздейтін түсініктемені билік басындағыларға беру міндетімен шартталады (31 бап, 1 т.).

  Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін болмаса , олардың территориясында заңды тұратын босқындарды жер аудартпау міндеттемесін жүктейді. Мұндай жер аудару тек  сот тәртібімен шығарылған шешімді орындау үшін жүргізілуі тиіс.   Осы жерде босқындарға басқа елге кіру үшін заңды құқық алуға жеткілікті мерзім берілу қажеттілігі ерекше көрсетіледі (32 бап).

  Конвенция босқындардың нәсіліне, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына немесе саяси көзқарастарына қатысты өмірлеріне немесе еркіндігіне қатер төнетін елдің шекарасына оларды жіберуге немесе қайтаруға тыйым  салады (33 бап, 1 т.).

  Босқындардың міндеттері конвенцияның 2 бабында тұжырымдалған. Онда, босқындардың өздері орналасқан елдің қоғамдық тәртібін сақтау үшін қолданылатын шараларға, заңдар мен қаулыларға бағынуы керек екендігі туралы айтылған.

  Босқындар басқа халықаралық келісімдердің кең шеңберінде қарастырылған қорғануды (тікелей немесе жанама) қолдана алады. Кейбір жағдайларда босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларды қорғау үшін аз қолданылды; екінші жағдайларда, мемлекеттер адам құқығы саласындағы  міндеттеме шарттардың мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялануы бойынша нақты шаралар талап ете алатынын қазір ғана мойындайды; үшіншіден – адам құқығын қорғауға арналған ережелер баспана іздеуші тұлғаларды қорғауға сәйкес келмейтін болып табылды.

  Шарттардың орындалуын қадағалайтын және бақылайтын механизмді құратын, әмбебап немесе әлуетті әмбебап сипатты құжаттар ерекше маңызға ие, мысалы 1966 жылғы Пактілер – Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт27 және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт28

.

  1984 ж. Азаптауға қарсы  конвенция ; 1989 ж.  Баланың құқықтары туралы конвенция; 1949 ж.  Соғыс кезіндегі азаматтық халықты  қорғау туралы Женева конвенциясы және оның 1 Хаттамасы; Теңіздегі қауіпсіздік туралы Конвенциялар; Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциялары, оның ішінде  № 118 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы елдің азаматтарының және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың тең құқықтығы туралы конвенция(1962) және  № 97 Еңбек етуші –мигранттар туралы конвенция (1949).

  Босқындар проблемасының нақты аспектілері 1957 ж. Босқын –теңізшілер туралы келісім және оның 1973 ж. хаттамасы сияқты құжаттардың және келісім хаттамаларының, мысалы авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны қайта қарау туралы 1971 ж. хаттаманың объектісі болды; мұндай хаттамалар  1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция үшін және Апатридтер мәртебесі туралы 1954ж.  Конвенцияға ортақ болып табылатын 14 бапқа негізделген; осыған ұқсас хаттама, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы 1883 ж. Париж конвенциясын қайта қарау бойынша Дипломатиялық конференцияның қарауына  ұсынылған еді.

  Босқындардың орын ауыстыруын және халықтың басқалай орын ауыстыруларын мемлекеттер арасындағы барлық қолданыстағы келісімдерді ескере отырып қарастыру қажет екендігі айқын, мысалы еркін сауда мен жұмыс күшінің еркін тасымалдануы туралы. Осылайша, 1992 жылғы Маастрихт шарты босқындар мен баспана беруге қатысты Европалық Одақтың саясатын сәйкестендіруге бағытталған. Өз кезегінде, 1990 жылғы Дублин конвенциясы және  1990 ж. Шенген келісімін қолдану туралы Конвенция баспана беру туралы істерді қараудың жалпы ережелері мен тәжірибесін орнықтыруға арналған, әсіресе, өтініші қаралмаған тұлғалардың мәртебесін анықтау және тұлғаларды елден депортациялауға  қатысты.

  Африкада көптеген елдер 1969 ж. ОАЕ Конвенциясын бекітті; Латын Америкасында баспана беруге қатысты шарттар мен тәжірибелердің күрделі желісі әрекет етеді; келісімдердің көп мөлшері Еуропа Кеңесі қамқорлығымен жасалды.


II бөлім. Босқындар мәртебесін халықаралық –құқықтық реттеу.

2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.

  Босқынның мәртебесінің ресми бекітілуі анықталған тұлғаның немесе топтың жағдайы сәйкес құқықтық критерийлерді қанағаттандыратыны туралы қандай да бір органмен бекітілуіне әкеп соғатын құқықтық салдарларға әкеледі. Тұлға оның жағдайы  анықтамаға сәйкес келсе,  босқын деп танылады, сондықтан  босқын мәртебесінің бекітілуі адамды босқын етпейді, тек қана оны босқын деп жариялайды, дегенмен, егер мемлекет босқын мәртебесін бекітуден бас тартса немесе мемлекет пен БЖКБ оны әртүрлі анықтаса, онда проблемалар пайда болады.

  Жалпы ережелер бойынша, тұлға босқын деп танылады, егер ол 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияда тұжырымдалған критерийлерді қанағаттандыратын болса. «Босқын» ұғымын  және босқын деп есептелуге құқықты тұлғалар категориясын анықтайтын конвенция ережелерін үш бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлімде босқын деп танылуы үшін тұлға қанағаттандыруы қажет критерийлер анықталады. Екінші бөлімінде босқынның босқын ретінде танылуын болдырмайтын жағдайлар   келтірілген. Үшінші бөлімінде ол бірінші бөлімдегі критерийлерді қанағаттандыратын болса да, тұлға конвенция әрекетінен шығарылатын себептер көрсетіледі.

   Дегенмен, 1951 ж. Конвенцияда босқын мәртебесін анықтау тәртібі туралы ешнәрсе айтылмайды. Сондықтан босқындар мәртебесін беру туралы өтінішті бағалауға (осы ұғымның анықталу күшіне қарай) субъективті және объективті факторлар кешені ықпал етеді, ал мұндай бағалаудың міндеті —халықаралық құжатты тереңдетілген ізгілікті мақсатта талдау — кейбір негізін қалаушы  ережелерді сақтаумен түсіндіріледі.

  Босқындардың мәртебесін тану процедурасы олардың өз мүддесінен шыға отырып және осы саладағы халықаралық –құқықтық заң шығарушылық қызмет процесінде әзірленген ережелерді ескере отырып мемлекеттермен анықталады. Мысалы, Германияның босқындар мәртебесін анықтау және тану мәселелерімен айналысатын әкімшілік соттарының  тәжірибесінде тұлғалардың қауіптенуі негізді деп есептелген кездегі жағдайларды классификациялау кең тараған. Келесі қауіптенулер негізделген деп танылады:

  1) олардың азаматтығы бар елде, «саяси сенімсіз» деп қаралатын тұлғалар;

  2) олардың азаматтығы бар елдегі режимге белсенді оппозицияда болатын тұлғалар;

  3) шетелде жүрген уақытында өз елінің үкіметіне ашық түрде қарсы шыққан тұлғалар;

  4) тегі оларды қудалауға әсер ететін тұлғалар;

  5) шетелде жүрген кездегі ой-көңіл күйі  олардың азаматтығы бар ел үкіметінің наразылығын тудыратын тұлғалар;

  6) олардың азаматтығы бар елдегі жағдайларға байланысты қудалауға ұшыраған тұлғалар.29

  «Объективті критерийлерді» басшылыққа ала отырып,  босқындар режимін тану мақсатында немесе оларды қандай да бір түрде сыныптау үшін негізді деп қарастырылатын қауіптенулердің толық тізімін жасау маңызды әрекет деп атау екіталай. Мұндай әрекеттердің сәтсіздігі босқындар проблемаларының пайда болуымен байланысты қандай да бір жағдайларды бағалау процесінде объективтік элементтердің болмауына байланысты.

  «Қудалау» термині «босқындар» ұғымының анықтамасының бір бөлігі ретінде алғаш рет Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның жарғысына енгізілді.  Жарғының I қосымшасының «С» бөлімінде тұлғалардың азаматтық еліне немесе кәдімгі мекен-жайына қайта оралуына қарсы салмақты қарсылық болып «нәсіліне, дініне, ұлтына немесе саяси көзқарасына байланысты қудалау немесе қудалауға негізделген қауіптілік» табылады.  

  1948 жылы «қудалау» термині Адам құқығы туралы жалпыға бірдей  Декларациясына енгізілді. Декларацияның 14 бабында «басқа елдерде қуғындалудан баспана іздеу және сол баспананы пайдалану» құқығы туралы айтылды және сол бапта баспанаға құқық қандай жағдайда қолданылмайтындығы көрсетілген: «Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін әрекеттер немесе саяси емес қылмысты жасағанға негізделген қудалау жағдайларында».

  1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияда «қудалау» терминіне түсініктеме берілмеген.  Оған түсініктеме берудің бір нұсқасы ретінде осы конвенцияның 33 бабына сілтеме жасауға болады, онда босқындарды «олардың нәсіліне, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа қатысына немесе саяси көзқарасына байланысты өмірі мен еркіндігіне қауіп төнетін елге» мәжбүрлі түрде қайтаруға және жер аудартуға тыйым салынады.

  Бұл мәселе  1957 жылғы 13 желтоқсандағы «Қылмыскерлерді беру туралы» Конвенцияда көрініс тапты30

, ол саяси қылмыспен байланысты қылмыс жасаған немесе саяси қылмыс жасағаны үшін беруден бас тартуды қарастырады.

  1951 ж. Конвенция босқынның қудалаудан қауіптенуін немесе қудалаудың шынымен болуын  талап етпейді. Қауіптену адамның кәдімгідей шетелде болуы кезінде қалыптасқан жағдайлармен тууы мүмкін (мысалы, студент, дипломат ретінде немесе демалыста), ал «толық негізделген» деген анықтама өткен шақтан гөрі келешекке қатысты. Сонымен, субъективті және объективті факторлар ұштасады. Қауіптену босқын анықтамасының ең болмағанда субъективті факторларда шоғырлануын бейнелейді.  Қауіптенуді ұлғайтуға немесе азайтуға болады, бірақ олар орынды болып қалады. Дегенмен анықтамалардан, тәжірибеден және түсіндірмелерден іс жүзінде  тәуекелді бағалауға бағытталған мәртебені анықтауда субъективті элемент қандай рөл атқаратыны тіпті айқын емес. Егер өтініш білдірушінің оның қауіптенуі туралы әңгімесі бірізді және сенімді болса, онда жаңа ресми дәлелдерді талап етудің қажеті болмас. Бұл жерде, субъективті қауіптенуге дәлел емес, адамның өмірінің, көзқарасы мен міндеттерін қоса, субъективті аспектілеріне дәлел керек шығар. Олар адам өмірінің әлеуметтік және саяси жағдайын айқындауға көмектесіп қана қоймай, екіжақты сұрақты шешуге көмектеседі: жеке өтініш білдірушіге сенім туралы және шын мәніндегі орынды қауіптену туралы. Өйткені мәселенің түйіні, «субъективті» қауіптену толық негізделген болып табылуында; өтініш білдірушінің қудалаудың үлкен қаупімен кезіккендігі фактісін анықтау үшін фактілер жеткілікті ме.

    Істің жағдайын дәлелдеу ауыртпалығы өтініш берушіге жүктеледі , бірақ адамның қашу кезінде басынан кешкен оқиғалары мен психикалық жарақаттары өтініш білдірушінің хабарлаған мәліметтерінің сәйкес фактілері мен сенімділігін тексеруші және бағалаушы кез-келген адам үшін сәйкес міндеттеме туғызады. Босқындарға «қорғау» беру —Конвенция мақсаттарының бірі болғандықтан, критерийлердің либералдық түсіндірмелері қажет. Қудалау алдындағы қорқыныш үрейдің негізділігі немесе негізсіздігі туралы шешім —бұл іс мәніне қарай, егер оны шыққан еліне қайта қайтарса, өтініш білдірушімен келешекте не болуы мүмкін екендігі жайлы гипотеза тұрғызу. Сондықтан дәлелдемелердің дұрыс стандартын қолдану кезінде ерекше абай болу қажет.

    Дәлелдеу стандарты туралы даулар болжап білуге негізделген қорғау жүйесінің кейбір ішкі кемшіліктерін айқындайды. Босқындар мәртебесін анықтау —оңай мәселе емес: шешім қабылдаушы тұлғалар өтініш білдірушінің қандай сенімге ие бола алатынын және оның беталысын бағалауы керек.  Көп жағдайда туған елі туралы ақпарат болмайды немесе жеткіліксіз болады, сондықтан барлық уақытта ұсынылуы мүмкін емес дәлелдер талап етілуі мүмкін. Өтініш білдірушінің сөздерінде өзін-өзі ақтаудың артықшылығын байқауға болады, дегенмен оның атынан айтатын өзінен өзге адамның болмауынан бұл жағдайдың басқаша болуы мүмкін де емес. Толық негізделген қудалаудан қауіптенудің жағдайын дәлелдеу ауырпалығы өтініш білдірушіге жүктеледі, одан өзге, кейбір объективті дәлелдемелер талап етіледі; дегенмен ресми дәлелдемелер көбінесе болмайды немесе барынша жалпылама болады, сондықтан әрбір нақты жағдайларда қорытынды жасауға негіз бола алмайды.

Қауіптің шын мәнінде бар екендігін анықтау проблема болып қала береді, бірақ болжап білу сипаты мен қорғау мақсаты салдарды, сонымен қатар, ықтималдықты таразылаудан алшақ сенімділік дәрежесін ескеруге мәжбүр етеді.

    Қазір бұл, шынында да, босқын мәртебесі дербес анықталатын көптеген елдерде мойындалды. Мысалы, Adjei v. Minister of Employment and Immigration ісі бойынша Канаданың Федералдық аппелляциялық соты «қудалаудан қауіптенудің салмақты негіздері» деген сөз тіркесін Конвенцияға сәйкес тұлғаның босқын деп танылуы туралы өтінішті қолдайтын дәлелдеме  ретінде қолдануға болатынын мақұлдады; Сот келесі сұрақты қойды: «Егер өтініш білдірушіні еліне қайтарса, қудалаудың орын алуының ықтималдығы бар ма? Австралияның Жоғарғы Соты «нақты ықтималдық» ұғымын қолданды, бұл  50 % құрайтын ықтималдық деп түсіндіріледі, ал Ұлыбританияның Лордтар Палатасы Fernandez ісін қараған кезде бірінші рет қолданылған тәсілдемені мақұлдады: толық негізделген «қауіптену» туралы талап, тек қана қудалану ... ықтималдығының ақылға сиымды дәрежесі көрсетілуі қажеттігін белгілейді».31

    Босқындарды құқықтық қорғау туралы халықаралық нормаларды қолдану үшін мемлекеттер оларды бекітулері қажет. Кейбір мемлекеттерде бекіту актісінің өзі шарттың ұлттық деңгейдегі әрекет ететінін көрсетеді, осыдан заңды мәртебеге немесе қандай да бір жеңілдікке  қол жеткізгісі келген босқын оған құқықтық норма ретінде сілтеме жасай алады. Дегенмен мұндай елдерде де, әсіресе, процедура мәселелерінде шартты мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялау бойынша нақты шаралар талап етілуі мүмкін. Басқа мемлекеттерде, оның ішінде жалпы құқықтық жүйедегі көптеген елдерде босқын мәртебесі ұғымы құқықтық мазмұнға ие болуы үшін олардың құқықтық жағдайының стандарттарын заң бойынша қорғау мақсатында және атқарушы биліктің қарауына тәуелді болмауы үшін міндетті түрде арнайы заң талап етіледі.

2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша әріптестігі.

    Шекараны кесіп өткен адамдармен жұмыс істеу кезіндегі әріптестіктің жалпы қағидасы мүше –мемлекеттер БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес және жай халықаралық қауымдастық мүшелері ретінде өзіне қабылдаған міндеттемелерден шығады.32

 1951ж. БҰҰ Конвенциясына сәйкес (35бап) келісуші Мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен немесе Біріккен Ұлттардың оның атқаратын қызметі беріле алатын кез-келген басқа органдарымен ынтымақтасуға міндеттеме алады, атап айтқанда, осы Конвенцияның ережелерінің қолданылуын бақылауға қатысты міндеттерді орындауға ықпал етеді.

  Жоғарғы Комиссар Басқармасына немесе Біріккен Ұлттардың оның орнына тұратын кез-келген басқа органдарға, Біріккен Ұлттардың тиісті органдарына баяндаманы көрсету мүмкіндігін беру үшін келісуші Мемлекеттер оларды талап етілетін мәліметтер мен статистикалық деректермен қажетті нысанда қамтамасыз етуге міндетті болады, атап айтқанда мыналарға қатысты:

а) босқындар жағдайлары;

b) осы Конвенцияны жүзеге асыру және

с) босқындар туралы күшіндегі заңдар, өкімдер және декреттер.

  Осы ереже 1967 жылғы Хаттамада (ІІ бап) қайталанған.

  Тәжірибеде көптеген мемлекеттер өз елінен әр түрлі себептермен қашуға мәжбүр болған тұлғалардың кең категориясы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының өзіне міндеттеме алуын қалайды. Бас Ассамблея ізгілік ниетте жасалған  БЖКБ қызметін қолдады, бірақ ол мұны қорғаудың болмауы вакуум тудыратындықтан жасады. Бұл, өз кезегінде, азаматтықтың болмауының құқықтық салдарынан пайда болуы мүмкін, мысалы, адам негізделген қудалау қаупінің болуынан немесе табиғи емес себептер азабынан, мысалы, зорлаудың әр түрлі себептерімен өз елінің қорғауын қолдана алмаса немесе қолданғысы келмесе.

    Сонымен, халықаралық қорғау үшін бастапқы кезең —бұл мәжбүрлілікпен байланысты салмақты себептермен әкімшілікпен ұсынылатын ізгілікті қажеттілік. Қудалаудан сақтанушы босқын және зорлаудан сақтанушы босқын —«жасанды апаттар», —тура солай Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қамқорлыққа лайықты, дегенмен қазіргі міндеттемелер мен ынтымақтастық жүйелері тәуелсіз мемлекеттерден ұзақ мерзімді шешімді әзірше талап етпейді.

  Бас Ассамблеяның Қарары оның көмекші органы  БЖКБ-ның қызметтік міндеттерін кеңейте алады, бірақ тікелей мемлекеттер үшін міндеттемелер туғызбайды. Бас Ассамблея мен БЖКБ арасындағы өзара қатынас Жарғыда бекітілген: Жоғарғы Комиссар Бас секретарьға бағынбайды, ол «Бас Ассамблеяның жетекшілігімен әрекет етеді»,  «осы органмен немесе Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеспен оған берілетін жетекшілікке алынатын директиваларға сүйенеді» және «осындай қызметтің басқа түрлерімен айналысады, оның ішінде Бас Ассамблеямен анықталатын репатриациямен және орналастырумен». Одан өзге, Жоғарғы комиссар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяда жыл сайынғы баяндаманы беруі керек; оның баяндамасы күн тәртібінің жеке тармағы ретінде қарастырылады.  Жарғы –әсіресе, қиындықтар пайда болған кезде –Жоғарғы комиссарға Кеңес беруші комитеттің қорытындысын сұрауды ұсынады, егер ондай қорытынды жасалған болса.

  Мемлекеттердің босқындар қорғауымен айналысатын басты халықаралық мекемелердің жұмысының әр түрлі деңгейлерінде қатысулары қажетті. Сондықтан, мұндай ұйымдардың тәжірибесі БЖКБ мәртебесін де, босқындар жағдайын жақсартатын жалпы халықаралық құқық нормаларын да бағалау үшін өте маңызды.  БЖКБ —мемлекеттер пікірі көрсетілетін форум ғана емес; халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, ол әрекеті сәйкес саладағы норма шығарушылық процесіне ықпал ететіндердің бірі  болып табылады.

  Төтенше ізгілікті көмек көрсету бойынша әрекеттерді үйлестірудегі БҰҰ-ның рөлі өте маңызды. 1991 жылы 19 желтоқсанда Бас Ассамблея БҰҰ төтенше ізгілікті көмек саласындағы үйлестіруді нығайту туралы 46/182 қарарды қабылдады. Бұл қарарға ізгілік көмектің маңызды стандарттарын, бейтараптылықты және алалықсыздықты қарастыратын жетекші қағидалар мен ұсыныстар жинағы қосылды, бірақ, одан өзге,  «тәуелсіздікті, территориялық тұтастықты және мемлекеттердің ұлттық бірлігін» сыйлау және әрбір мемлекеттің «өзінің территориясында орын алған табиғи апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар құрбандарына көмек көрсету үшін» негізгі міндеттемесін мойындау да қосылды. Халқы ізгілік көмекті қажет ететін мемлекет сәйкес үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына жәрдемдесуіне болады, ал көрші мемлекеттер —зардап шеккен елдермен тығыз ынтымақтасады.

  Халқы ізгілік көмекті қажет ететін мемлекет сәйкес үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына жәрдемдесуге, ал көрші мемлекеттер —зардап шеккен елдермен тығыз ынтымақтасуға шақырылады.

  1969ж. ОАЕ Конвенциясы мүше –мемлекеттерге осылай ынтымақтасуды ұсынады және өзі 1951 ж. Конвенцияның Африкадағы тиімді регионалдық қосымшасы болып табылатынын жариялайды.  Дегенмен  БЖКБ бұл құжаттардың қатысушысы болып табылмайды және оның мәртебесін барынша жалпы қағидалармен және сәйкес тәжірибелермен, оның босқындар проблемасына кешендік тәсілдемені дайындау және жүзеге асырудағы ресми қатысуын қоса отырып байланыстыру керек.

  Мәжбүрлі орын ауыстыру дағдарыстарын шешуге Біріккен Ұлттар Ұйымының көптеген мекемелері ат салысты. Мысалы, ЮНИСЕФ —1946 ж. құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры,—бастапқыда басқыншылық құрбаны болған елдердің балаларына көмек көрсетуге өкілетті болды; қазір ол көмек қажет ететін бүкіл дүниежүзінің аналары мен балаларына төтенше де, ұзақ мерзімді де көмектер көрсетеді. Көбінесе  ЮНИСЕФ-тің босқын-балалармен жұмыс істеуіне тура келеді, мысалы, қасында оларға қарайтын ересек адамдары жоқ балаларға көмектеседі немесе таза су мен емдік тағамдармен қамтамасыз етеді.

  МПП қызметкерлері көптеген елдерде жұмыс істейді; оның атынан БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) өкіл-резидентері әрекеттенеді.

  ДДҰ (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы) Жарғысының 2. d) бабы33 оны сәйкес техникалық көмек көрсетуге, ал төтенше жағдайларда —сұраныс бойынша немесе үкіметтің келісімімен қажетті көмек көрсетуге уәкілеттейді. ДДҰ дүниежүзінде кеңінен таралған: бағдарламаларды үйлестірушілері немесе ұлттық бағдарламаларды үйлестірушілері  барлық елдерде дерлік жұмыс істейді. Сірә, шекаралар арқылы адамдардың көп тасымалдануы аурудың пайда болуына және таралуына әсер етеді, әсіресе, адамдардың көп саны жылдам жабдықталған лагерьлерде, антисанитарлық жағдайларда тұруға мәжбүр болған кезде. Төтенше жағдайлар кезінде ДДҰ кеңес бере алады және мамандарды бағыттайды, сонымен қатар Женевадағы және региондағы қорлардан қажетті дәрі-дәрмектерді жылдам жеткізе алады.

   Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтасатын  халықаралық және үкіметаралық ұйымдар ішінен 1951 ж. құрылған Көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымын атауға болады. КХҰ-ның мақсаты мен қызметі дүниежүзілік болып табылады және өзіне келесідей міндеттерді алады: жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тәртіпке келтірілген және жоспарлы көшіп-қонуын, жанұя мүшелерін қоса алғанда, адамдар ресурсының белгілі бір категориясының орын ауыстыруларын, босқындардың, өзі тұратын елді тастап кетуге мәжбүрлі қоныс ауыстырушы тұлғалар мен басқа да тұлғалардың ұйымдасқан қозғалысын ұйымдастыру;  техникалық көмек көрсету мен миграциялық саясат, заңнама, басқару және бағдарлама мәселелері бойынша кеңес беру, сонымен қатар мүдделі мемлекеттер мен ұйымдар көші-қон мәселелерінде ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға қатысты пікірлер мен тәжірибелермен алмаса алатын форум ретінде жұмыс атқару. КХҰ көшіп-қону мәселелері бойынша ақпараттарды таратуға да ат салысады —жеке дара және БЖКБ-мен ынтымақтаса отырып.

  Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастықта  Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті ерекше рөл атқарады (ҚКХК)34

. Ол қорғау бойынша БЖКБ қызметтерімен көп жағынан салыстырмалы міндеттерді орындайды, дегенмен негізі 1949 жылғы Женева конвенциясы мен Қосымша хаттама болатын жүйе шеңберінде қызмет атқарады. Көрсетілген әрбір құжаттарда  Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті немесе кез-келген  гуманитарлық ұйым олардың қарамағындағы тұлғаларды қорғау үшін және оларға көмек көрсету үшін қабылдайтын ізгілікті әрекеттер мойындалады.

  ҚКХК ізгілікті міндеті мен рөлі төрт Женева Конвенцияларының әрқайсысының мәтінінде көрсетіледі —жалпы 3 бапта және қамқорлықтағы адамдар мен қорғау маңызы туралы ережелерде. Конвенцияларда ҚКХК қызметі ғана мойындалып қоймайды: олардың  бастамашылық құқығы, «кез келген ізгілікті бастамашылық,конвенциямен қарастырылмаған, бірақ құрбандарды қорғауға қажет кез-келген әрекеттерді» жасау еркіндігі  мойындалады.

  Босқындарды қорғауға (тікелей немесе жанама) аймақтық ұйымдар да әсер етеді, мысалы, Африка бірлігі ұйымы, Американдық мемлекеттер ұйымы (АМҰ) және Еуропа Кеңесі.  Бұл ұйымдар, атап айтқанда, Африкадағы босқындар проблемасының нақты аспектілерін құрайтын 1969 ж. ОАЕ Конвенциясы,  Адам құқығы туралы 1969 ж. Америкалық конвенция,  Адам құқығы туралы 1950 ж35. Еуропалық конвенция, Босқындар үшін визаны алып тастау туралы 1959 ж. Еуропалық келісім36, Әлеуметтік қамсыздандыру туралы 1994 ж. Еуропалық келісім, Босқындарды қорғау туралы Хаттамасы бар консулдық қызмет туралы 1967 ж.  Еуропалық келісім және  Босқындар үшін жауапкершілікті беру туралы Еуропалық келісім 37

сияқты құжаттарды жасады.   

  Көші-қон және босқындарды қорғау мәселелеріндегі ұйымаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықтың қажеттігі көптеген форумдарда мейлінше жиі мойындалуда, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Ұйымда (бұрынғы —Мәжіліс). ОБСЕ процедуралары халықаралық шартқа тән қатаң нормативті сипатта болмағанымен, ынтымақтастық туралы мәселе әрбір кездесудің көңіл аудартатын мәселесі болып табылады және де ол барған сайын егжей-тегжейлі қарастырылады. 1986—жж. Венадағы кездесуде  СБСЕ қатысушы –мемлекеттері сұрақтар кешенін талқылады, олар: кез – келген елді тастап кету, өзінің елін де және оған қайта оралу, сонымен қатар босқындардың репатриацияға құқығы.

  1990 ж. маусым айында қабылданған СБСЕ Копенгагендік конференциясының Қорытынды құжатында да  қоныс аудару еркіндігі мен кең ауқымды құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқықты қоса алғанда, адамның негізгі құқықтары бекітілді.  Қоныс аударудың үлкен еркіндігінің қажеттілігіне ерекше көңіл бөле отырып, қатысушы –мемлекеттер «қажет болса, адамдардың өсіп бара жатқан орын ауыстыруы нәтижесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды қарастыру кезінде ынтымақтасатынын және кеңесетіндерін»  жариялады. 1990 ж. қарашада СБСЕ мемлекеттері жаңа Еуропа үшін Париж хартиясын қабылдады, оған енгендер: демократиялық институттардың жетекші қағидаларын нығайту, ұлттық азшылықтардың «салмақты үлесін», этникалық алауыздық пен кемсітушіліктің барлық нысанына қарсы  және «сонымен қатар діни және идеологиялық мотивтер бойынша қудалауға қарсы»38күресті көтермелеу.

  Босқындар мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) да қатысады. Жүздеген ұлттық және халықаралық ҮЕҰ босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларға көмек көрсетуге және олардың бүкіл дүниежүзі бойынша  қорғалуына ат салысуда. Олардың арасындағы ең белгілі ҮЕҰ:

        - «Шекарасыз дәрігерлер»39 ұйымы, шұғыл жасалған лагерьлер мен мекендердегі босқындардың денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмек пен қызмет көрсетуге арналған;

         - «Босқындар істері бойынша АҚШ Комитеті», ол көңіл аударуды қажет ететін проблемалары бар жерге тұрақты түрде барып тұрады және  проблемалар мен жағдайлар туралы құжаттарды жариялайды;

         -  1973 ж. құрылған «Босқындар істері және мәжбүрлі эмигранттар бойынша Еуропалық кеңес» —босқындар мәселелерімен және баспана құқығымен айналысатын 60-тан аса еуропалық ҮЕҰ ынтымақтасуына арналған форум;

         - әр түрлі «босқындар істері бойынша кеңестер» —Нидерландыда, Ұлыбританияда және басқа еуропалық елдерде, олар заңгерлік және басқа кеңестер береді немесе босқындарға және баспана іздеуші тұлғаларға қатысты ұлттық саясатқа ықпал етуге тырысады; құқық қорғаушы ұйымдар,  олардың  босқындар мен қудаланушыларға қатысты баяндамаларды ұсыну, бақылау  бойынша қызметі олардың мандатының логикалық жалғасы болып табылады.

  Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстың үкіметтік емес секторына келсек, онда атап айту керек, республикада конституциялық –құқықтық қатынастың арнайы субъектілері ретінде ҮЕҰ бөлінуінің белгілі бір тенденциясы қалыптасты. Бұған барлық елде дамып келе жатқан әлеуметтік маңыздылығы кез –келген мемлекетте ондағы демократиялық институттардың қаншалықты дамығанына қарамастан олардың қызметтерінің нәтижелерімен дәлелденген ҮЕҰ инфрақұрылымы ықпал етеді40.

  Босқындар істері бойынша қызметтің (мысалы, көшіп-қону мәселелерін регламенттеу тәжірибесі көрсеткендей) әр көпбағыттағы салалық өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы,  босқындарды қорғау мен «ар тұтқындарын», яғни «олардың күш қолданбағанын ескере отырып саяси, діни немесе басқа ойлы сенімдерінің немесе олардың этникалық тегі, жынысы, терісінің түсіне немесе тіліне қарай түрмеге қамалған, ұсталған немесе басқа  шектеулерге ұшыраған» ерлер мен әйелдерді қорғауға қатысты  Халықаралық амнистияның жарғылық қызметі бірін бірі толықтыратыны айқын.


 ııı бөлім. Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА интеграциясының өзекті мәселелері .

3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

  Босқындар мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңы мейлінше жас.  Біз осы жұмысымызда көрсетіп өткеніміздей, босқындар ұғымы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші –қон туралы» заңында берілген41.

  Қазақстанда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында босқындар деп тану жөнінде өтініш берген тұлғалармен жұмыс туралы және босқындар мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық әрекет етеді.42

 Нұсқаулыққа сәйкес  Қазақстан Республикасының территориясында тұлғаларды босқын деп тану облыстардың, Алматы қаласының және астананың Көші-қон және демография басқармаларымен («уәкілетті органның территориялдық қызметі») Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

   Босқын мәртебесінн анықтау процедурасының басталуына негіз болып шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның (өтініш беруші)  Қазақстан Республикасы территориясында оны босқын деп тану туралы жазбаша арызы табылады.  

  Босқын мәртебесін анықтау процедурасына кіреді:

  - өтінішті беру және анкетаны толтыру; өтініш берушімен әңгіме өткізу; өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру (бағалау); өтініш берушіні  босқын деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдау. Осы кезде орындалатын әрекеттер:

  а) Уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдері өтініш берушіні жаднама жазбахатта келтірілген оның құқықтарымен және  міндеттерімен таныстыруға міндетті. Өтініш берушінің босқын мәртебесін анықтаудың алдында тұрған процедуралар жөнінде қажет ақпараттарды алуы қажет . Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдау өтініш берушінің және оның жанұясының мүшелерінің оларды куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдаған кезеңнен бастап өтініш беруші Қазақстан Республикасының территориясында оның мәселесі бойынша нақты шешім қабылданғанға дейін тұруға құқығы болады (аппелляцияны қосқанда). Қазақстан Республикасының территориясында босқын деп тану туралы өтініш беруші тұлғаның Қазақстан Республикасының «Халықтың көші –қоны туралы» заңына  және халықаралық нормаларға сәйкес оның өтінішін тіркеуден де, босқын деп танудан да бас тартуға болады.

  б) Өтініш берушімен әңгіме жүргізу  өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын және дәлелдерін бағалау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында ол үшін жеткілікті біліктілігігі бар уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдерімен жүргізіледі. Әңгіме жүргізудің негізгі міндеті  өтініш берушіден сол әңгіменің негізінде  әрекеттегі заңға сәйкес  тұлғаны босқын деп тануға арналған критерийлерді қанағаттандыратындығы  туралы қорытынды жасау болып табылады.

  в) Өтініш беруші тұлғаны босқын деп тану шешімі уәкілетті органның территориялдық қызметімен өтінішті тіркеген күннен бастап отыз күннің ішінде қабылданады. Егер тексеруді талап ететін кейбір фактілердің анықталуы бекітілген мерзімде аяқталмаса, онда шешім соларды анықталғанша кейінге қалдырылады және қажет болған жағдайда комиссия осы жұмысқа ҰҚК, ІІМ  өкілетті тұлғаларын тарта алады. Шешімді қабылдау кезінде босқын мәртебесін анықтау процедурасы   «Халықтың көші –қоны туралы» заңында көрсетілген жағдайлар бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптенуі болуынан өзінің азаматтығы бар елінің қорғауын пайдалана алмайтын тұлғалар үшін әзірленген ескеру қажет.  Осыған байланысты территориясында  көрсетілген жағдайлар туындаған елдің ресми органдарынан (өкілдіктерінен) нақты тұлғаға (тұлғалар) қатысты кез –келген ақпаратты сұрату Қазақстан Республикасының және демография бойынша Агенттігінің төрағасының санкциясымен ғана жүргізіледі.  

  Босқын деп танылған тұлғаға ішкі істер органдарымен тіркелу үшін негіз болып табылатын белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.  Тұлғаны босқын деп танудан бас тартқан кезде оған бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде бас тарту себептері көрсетілген және қабылданған шешім бойынша арыздану тәртібі көрсетілген жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазы тапсырылады. Тұлғаны босқын деп танудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазын алған күннен бастап отыз күн ішінде  жоғарғы уәкілетті органдарға немесе сот тәртібінде арыздана алады. Арыз беруші тұлғаға оның арызы бойынша ақырғы шешім қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының территориясында болуға құқық беріледі.

  г) Босқын мәртебесі алғаш рет бір жылға дейін беріледі. Босқын мәртебесін өкілетті органның территориялдық қызметімен мақұлдануы үшін жыл сайын босқындардың есебі жүргізіледі, олардың куәлігі қайта тіркеледі. Оның барысында әңгіме жүргізіліп олардың отбасылық жағдайлары, тұрғылықты жері мен жұмыс орны, отбасы табысы, көрсетілетін көмек мөлшері анықталады.

  Тұлға Қазақстан Республикасының территориясындағы босқын мәртебесін иеленуден қалады, егер ол:

  - Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алса; басқа мемлекет территориясында босқын мәртебесін алса; ҚР шекарасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетсе; қудалау қауіптенуі салдарынан тастап кеткен елге өз еркінше қайта оралса.

Тұлға босқын мәртебесінен айырылады:

  - егер ол оны босқын деп тану үшін әдейі жалған мәліметтер хабарлаған болса. Бұл жағдайда оны қабылдауда, орналастыруда және басқа да қолдауларда Қазақстан Республикасы тартқан шығындар сот шешімімен өндіріле алады; оны босқын деп тану үшін негіз болған жағдайлар жойылған кезде. Бұл жағдайда тұлға өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауынан бас тарта алмайды және өзінің азаматтық еліне оралуы керек немесе азаматтығы жоқ тұлға ретінде өзінің тұрақты мекен-жайына оралуы қажет.  

  Босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалармен жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  - ҚРда босқын деп тану жөнінде өтініш берушіге арналған жаднама             жазбахат;

  - ҚРда  босқын деп тану жөнінде өтініш;

  - ҚР босқын деп тану жөнінде өтініш берушінің анкетасы;

  - территориалдық және уәкілетті органдар шешімдері;

  - босқын куәлігі;

  - ІІБ паспорттық және визалық жұмыс Басқармасына жолдама;

  - ҚР территориясында босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалардың тіркелу журналы.

  1996ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы Ереже бекітілді43

. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында  саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

  Қазақстан Республикасы қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік немесе ұлттық жағдайы, діни көзқарасына байланысты азаматтық елінде және/немесе тұрақты тұратын жерінде қудалау құрбаны болудың нақты қаупінен баспана немесе қорғаныс іздеуші тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ олардың халықаралық құқық нормаларымен қарстырылған адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана береді.

  Қазақстан Республикасында саяси баспананы беру туралы немесе саяси баспананы беруден бас тарту туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

  Қазақстан Республикасында саяси баспана берілмейді, егер тұлға:

  1) Қазақстан Республикасы заңымен қылмыс болып табылатын әрекеті үшін (немесе әрекетсіздігі үшін) қудаланатын болса немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін әрекеттер жасауда кінәлі болса;

  2) қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасы территориясында заңды күшке енген соттың айыптау үкімі болса;

  3) қудалау қаупі болмаған үшінші елде тұрған болса;

  4) жалған мәлімет берсе;

  5) оны қудаламайтын үшінші елдің азаматтығы бар болса.

  Ереже Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртіптерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында саяси баспана алуды тілейтін тұлға Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне немесе оның территориялдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне өз атынан жазбаша өтініш беруі керек.  Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тұлға мұндай өтінішті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемелері арқылы береді. Жасы 14-ке толмаған балалардан оларға берілген саяси баспана үшін жазбаша келісім талап етілмейді.

  Өтініш беруші саяси баспана  беру туралы мәселе шешілгенге дейін, айына екі рет Көші-қон және демография бойынша Агенттігінде немесе оның территориялдық бөлімшелерінде немесе өзінің тұратын жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (елшілік мекемесінде) белгіленіп отырады.  Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография бойынша Агенттігі немесе оның территориялдық бөлімшелері немесе дипломатиялық өкілдік (елшілік мекемесі) жағдайды айқындап болғанға дейін материалдарды рәсімдеуді тоқтатуға құқылы.  

  Өтінішпен бірге берілетін құжаттар: өмірбаян, суреттер, денсаулығы туралы анықтама, оның ішінде иммунодефицит вирусына зерттелуі туралы және осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігінің территориалдық  бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (елшілік мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде), «Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне жібереді. Көші қон және демография бойынша  Агенттігі өтініш берген тұлғаға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы Сыртқы Істер Министрлігінен, Ішкі Істер Министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен қорытынды сұрайды. Рәсімделген материалдарды  (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде) еңбектену, тұру және басқа орнығу мүмкіндіктері туралы негізделген қорытындымен Көші-қон және демография  бойынша Агенттігі  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Мемлекеттік –құқықтық бөліміне жібереді.

  Саяси баспана беру туралы өтініш бойынша материалдарды қарау мерзімі өтінішті берген күннен бастап үш айдан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік –құқықтық бөлімі  материалдарды  Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы немесе саяси баспана беру өтінішінен бас тарту туралы өзінің қорытындысымен азаматтық мәселелерін шешетін Комиссияға жібереді.44 

  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелерін шешетін Комиссия өтініш пен оған қоса берілген материалдарды қарайды және әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне өзінің ұсыныстарын енгізеді.  Саяси баспана беру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген тұлғаға және оның жасы 16-ға толған отбасы мүшелеріне беогіленген үлгідегі куәліктер беріледі.45 Саяси баспана берілгені  туралы куәлік Көші-қон және демография бойынша Агенттігімен беріледі. Облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және  Республика астанасының, аудандардың, қаладағы аудандардың ішкі істер басқармалары және бөлімдері Қазақстан Республикасында саяси баспана берілгені туралы куәлік негізінде ықтиярхатты рәсімдейді. Саяси баспана берілген тұлға мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы заңнамасымен  қарастырылған құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.46

  Саяси баспана беру туралы өтінішті қабылдаудан уәкілетті органның негізсіз бас тартуы,  өтінішті қарау мерзімін бұзу немесе лауазымды тұлғалардың өтінішті қараумен және қабылданған шешімдерді орындаумен байланысты басқа да заңсыз әрекеттеріне жоғарғы органдарға немесе  сотқа шағымдануға болатынын  Ереже бекітеді.

  ҚРда саяси баспана берілген тұлға мына жағдайларда саяси баспанаға құқығын жоғалтады:

- ҚР-дағы саяси баспанадан өз еркінше бас тарттса;

- ҚР азаматтығын немесе басқа елдің азаматтығын алса;

- өзі азаматы болып табылатын елге өз еркімен қайта оралса немесе тұрақты тұру үшін үшінші елге кетсе;

- ҚР заңымен бекітілген босқын мәртебесін алуға арналған заңды негізден айырылса .

  Тұлға ҚР Президентімен Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырылуы мүмкін, егер ол ҚР ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарама-қайшы  әрекетпен айналысса немесе тұлға қасақана қылмыс жасаса және сол үшін заңды күшіне енген айыптау үкімі  болса.    

1997 ж. Қазақстан  Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Нұсқаулық әзірленді.47

Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемелерімен шетелде тәжірибелік қолдануға арналған «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ереже негізінде әзірленді.

   Ережеде Қазақстан Республикасында  саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына және «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

  Ережеде  шетелдік азаматтарға және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштің берілу және қаралу тәртібі қарастырылады.  Атап айтқанда, Ережеде ҚР шегінен тыс жердегі  саяси баспана алуды тілейтін тұлға  Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтінішпен  өзі  ҚР дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемелеріне баруы керек. Егер тұлға саяси баспананы беру туралы өтінішті балаларымен бірге берсе, онда жасы 14-ке толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі. Өтініш беруші  саяси баспана  беру туралы мәселе шешілгенге дейін айына екі реттен кем емес     өзінің тұрғылықты жеріндегі ҚР-ның дипломатиялық өкілдігінде немесе елшілік мекемесінде белгіленіп отырады. Бұл тәртіп орындалмаған жағдайда көші-қон Департаменті немесе дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме материалдарды рәсімдеуді жағдай айқындалғанға дейін тоқтатады.

  Ереже ҚР-да саяси баспана  беру  туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау тәртібін нақтылайды; ҚР саяси баспана   алған тұлғаның және оның отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларын қарастырады, сонымен қатар егер мүдделі тұлғалардың босқын мәртебесін беру туралы өтініші бойынша іс қағаздарын жүргізуге қатысты қандай да бір сұрақтары болса, онда олардың тұрған жері бойынша уәкілетті органның территориялдық қызметіне өтініш бере алатынын белгілейді.

  1997 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі  N 622 «Қазақстан Республикасы Президентінің N 3432 «1997 жылға көшіп келу квотасы туралы»48Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысын жүзеге асыру және босқын оралмандардың қоныс аударуын тиімді, ретті ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 30 қыркүйекте «Босқын оралмандардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы»49 Қаулысы жарық көрді. Осы Қаулы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Сыртқы істер Министрлігімен, Ішкі істер Министрлігімен, Көлік және коммуникация Министрлігімен, Денсаулық сақтау Министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетімен, Қорғаныс Министрлігімен, облыс және Алматы қ. әкімдерімен, ҚР Үкіметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасына Монғолиядан, Иран Ислам Республикасынан босқын –оралмандар отбасыларының қоныс аударуын ұйымдастырып қамтамасыз ету жүктелді.

  1995 ж. арнайы Шешіммен50 босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры құрылды және босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже бекітілді51

.  Аталған Ережеге сәйкес, Қор гуманитарлық коммерциялық емес ұйым болып табылады және өзінің қызметінде саяси мақсаттарды көздемейді. Қор өзінің қызметін  оның міндеттері мен қызметтеріне сәйкес жүргізеді, халықаралық және ұлттық мекемелермен және ұйымдармен байланыстар орнатады, олармен бірге Келісімге  қатысушы –мемлекеттер босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларына көмек көрсетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысады. Қорға Келісімге  қатысушы –мемлекеттермен берілетін жарналар мөлшері, сонымен қатар қаражаттар, оларды беру тәртіптері мен мерзімдері туралы шешімдер Достастық үкіметтерінің басшыларының Кеңесі мәжілістерінде белгіленеді. Қор Келісімге  қатысушы –мемлекеттер территориясында  Ережені жүзеге асыру үшін қажет  өзінің өкілдіктерін құра алады. Қордың орналасқан жері –Мәскеу қаласы.

  Қордың негізгі міндеттері болып табылады:

- босқындар  мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету үшін қаржылық және материалдық құралдарды шоғырландыру; босқындар  мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы  Келісімге  қатысушы –мемлекеттер арасында олардың қоныс аударуын ұйымдастыру және орналастыру мақсатында қаражаттарды бөлу; Келісімге  қатысушы –мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарына  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауда көмек көрсету; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемаларына қауымдастықтың көңілін аудару, мейірімділік, ізгіліктік идеяларын насихаттау.

  Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Қор келесі қызметтерді орындайды:

- Қор қаражаттарын орналастыру және жинақтау үшін  Келісімге  қатысушы –мемлекеттер банктерінің мекемелерінде  белгіленген тәртіпте  ағымдағы және есеп айырысушы шоттар ашады;  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге   Келісімге  қатысушы –мемлекеттерге қаржылық және материалдық құралдарды бағыттайды; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы –мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып  өзінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру.

  Қордың қаражаты Келісімге  қатысушы –мемлекеттердің жарналары мен басқа да мүліктік және ақшалай салымдары есебінен қалыптастырылады; территорияларынан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар келетін Келісімге  қатысушы –мемлекеттермен бірыңғай қаржылық нормалар бойынша  міндетті түрде берілетін қаражаттарынан; кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың  меншіктерінің нысанына қарамастан өтеусіз  немесе қайырымдылық жарналарынан және азаматтардың, сонымен қатар шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қайыр көрсетуімен,өзге де қаражат көздерінен қалыптастырылады. Қорға жарналар есебінде  ғимараттар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар беріле алады.

  Жарналарды бағалау кезінде  жарнаны салу күніндегі айырбастау курсы немесе ресми валюталық курс ескеріледі. Қордың қаражаттары келесі мақсаттарға жұмсалады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы Келісімге  қатысушы мемлекеттерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету бағдарламаларын  қаржыландыру мен әзірлеуге, арадағы келісім негізінде тартылған  мамандар еңбегіне ақы төлеуге ; Қордың аппаратын ұстауға және оның ағымдағы қызметтерін қамтамасыз етуге.

  1992 ж. бастап Қазақстан Республикасында  босқындармен жұмыс тәртібін  және оларға бірінші кезектегі көмек көрсетуді анықтайтын  босқындармен жұмыс туралы Уақытша ереже әрекетте болды.   Уақытша ережеге сәйкес  ҚР «Көші- қон  туралы» Заңына сай басқа мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасы тұлғаларына  олардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне, қудалануы мен ығыстырылуына байланысты Қазақстан Республикасына оралуға мәжбүрлі болуынан және өзінің тарихи отанына қайту ойына байланысты босқындар мәртебесі беріледі. Болу уақытына тәуелсіз  Қазақстан Республикасы территориясындағы барлық босқындар тіркелуі керек. Тіркеуге негіз  болып  жазбаша өтініш және паспортты (туу  туралы куәлікті)  немесе оны ауыстыра алатын құжатты (қызметтік, зейнеткерлік куәлік, оқушының немесе студенттің билеті, еңбек кітапшасы, диплом, білім туралы куәлік немесе кәсіптік дайындық куәлігі) көрсету болып табылады.

  Тіркеу туралы өтініште көрсетіледі:

- Қазақстан Республикасына келу уақыты, мақсаты және негізі;

- жастарының көрсетілуімен жанұя құрамы, бұрынғы жұмыс орны, кәсібі, мамандығы;

- ҚР территориясына келмес бұрын тұрған елі мен тұрақты мекен –жайы;

-ҚР территориясындағы уақытша тұру орнының мекен –жайы;

- қажетті көмек көрсету туралы өтініш.

  Босқындарды тіркеу халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілімен жүргізіледі. Әрбір босқынға тіркеу карточкасы толтырылады. Босқындарды тіркегеннен соң  халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілдері қалалық және аудандық әкімшіліктер, халық депутаттарының ауылдық Кеңестері саудалық, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдайды,  басқа да қажетті көмектер көрсетеді, ал баспанасы болмаған жағдайда оларды уақытша орналасу орындарына жібереді.

  Өтініш берушіні босқын деп таныған жағдайда  ішкі істер органдары оған белгіленген үлгідегі уақытша куәлікті береді, куәлік келесі құқықтарды береді:

- әрбір еңбекке жарамды отбасы мүшесі мен зейнеткер үшін  есептік көрсеткіш  мөлшерінде  біржолғы көмекті және әрбір асырауындағы жан үшін –айлық есептік   көрсеткішінің 50 пайызын алуға  ;

- қажетті медициналық және әлеуметтік көмекті алуға;

- арнайы берілген орындарда (елді мекендерде) уақытша тұруға;

- босқын –көшіп келушілердің топтық шаруашылығын және орналасуын ұйымдастыру үшін иммиграциялық жер қорынан бос жерлерді беру туралы ұсынысты сәйкес жергілікті атқарушы органдарға енгізе алады.

  Босқынның уақытша куәлігі 3 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қажет болған жағдайда бұл мерзім куәлікті берген органмен ұзартыла алады. Қазақстан Республикасы халқының еңбек пен жұмыспен қамту органдары босқындар мен олардың отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.  Халықтың көші-қоны бойынша Департаменті  және оның уәкілетті өкілдері  жергілікті жерлерде  босқындардың келешек қызметтері туралы, оларға тұрақты тұратын жер беру мүмкіндігі және жұмысқа орналастыру туралы, босқынның тілегі бойынша басқа мемлекет территориясына өту немесе репатриация (бұрынғы тұрған елге қайта оралу) жайлы ұсыныстар дайындайды.

  Босқындарға материалдық көмек  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік иммиграциялық қорынан көрсетіледі. Мемлекеттік иммиграциялық  қорынан төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі жанындағы халықтың көші-қоны бойынша Департаментімен анықталады .52

      


3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері.

  Қазақстан Республикасы  дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, босқындар проблемаларын шешуге белсенді қатыса бастады. Бұл Қазақстанның босқындар мәселелеріне арналған  әр түрлі халықаралық құқықтық актілерде қатысуынан көрінеді. Жоғарыда айтылғандай Республика 1951ж. БҰҰ Конвенциясына және 1967ж. Хаттамасына қосылды.53 Бұл актілер  ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес  республика территориясында тікелей әрекет етеді , егер ішкі заң оған қарама-қайшы болатын жағдай туса, ішкі заңдар нормалары емес, халықаралық шарттар нормалары қолданылады. Қазақстанның көрсетілген құжаттарға қосылуы  оның босқындар мәселесі бойынша халықаралық интеграцияға белсенді қатысуға мүдделілігі туралы айтады. Осы саладағы негізгі құқықтық актілерді бекіте отырып республика дүниежүзілік тәртіпті орнықтырудағы өзінің ұстанымын дәлелдеді.

  Қазақстан көрсетілген актілерге қосылғаннан өзге көші-қон саласында көпжақты және екіжақты көптеген келісімдерге отырды. Осындай құқықтық құжаттар қатарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісім де бар (Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 ж.).

  Келісімде көрсетілгендей, осы Келісімнің мақсаты үшін босқын деп баспана берген Тараптың азаматы болмастан, өзінің басқа Тарап территориясында тұрақты тұратын жерін оған немесе оның отбасы мүшелеріне қатысты зорлау немесе қудалау немесе нәсілдік және ұлттық жағдайына қарай, дініне, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа қатысына байланысты, қарулы және ұлтаралық қақтығыстармен байланысты жағдайлар салдарынан  тастап кеткен тұлға танылады.  Бейбітшілікке қарсы, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыс жасаушы тұлға босқын деп таныла алмайды.

  Мүдделі Тараптардың көмек көрсетуімен жөнелтуші мемлекет:

- оның Тараптардың бірінің территориясына кедергісіз кіруі үшін мүмкіндік бере отырып, қарулы және ұлтаралық қақтығыстар аймағынан халықты алып шығуды жүзеге асырады;

-көшірілетіндердің жеке және мүліктік қауіпсіздіктерін қаматамасыз етеді, ол үшін соғыстың тоқтатылуына қол жеткізуге  , көшу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысады;

- көшушілерді қаржылық, материалдық –техникалық, азық –түліктік, медициналық және көлікпен қамтамасыз ету мәселелері мүдделі Тараптар арасында шешіледі.  

  Баспана беруші Тарап өзіне келесі міндеттерді алады:  

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар үшін  олардың уақытша орналасқан жерлерінде қажетті әлеуметтік –тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етеді; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың  әрбір Тараптың қабылдаған халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналасулары кезінде көмек көрсету.

  Бұл кезде тараптар өзіне келесідей міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  азаматтықтарымен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды талап ету және беру кезінде көмек көрсету;  

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жерінен зейнетақымен қамтамасыз етуге, еңбек стажына, шетелге шығуына  және  т.б. қатысты мәселелерді шешу үшін қажет неке туралы,туу туралы куәліктерді,еңбек кітапшасын, басқа да құжаттарды алуға көмек көрсету;

- босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы тастап кеткен мемлекет территориясында тұратын туыстары туралы және де сонда қалған мүліктері туралы мәліметтер алуға көмек көрсету.

  Келісімнің 7 бабында көрсетілгендей: жөнелтуші мемлекет босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушыға оның территориясында қалған баспанасы мен басқа мүліктерінің құнын , денсаулығына келген зиян мен жоғалтқан жалақысын өтейді. Материалдық өтемақының мөлшері жөнелтуші мемлекеттің бағалауы бойынша анықталады. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жоғалтқан   босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың материалдық зиянын және төленетін өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі мүдделі Тараптармен бірігіп анықталады. Бұл кезде Тараптар босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құрады.  Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімнің бөлінбес бөлігі болып табылады.

  Келісім бекітуді қажет етеді  және осы ережеге сәйкес  Қазақстан Республикасынан өзге оны бекіткендер: Әзірбайжан Республикасы,  Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Молдовия.  

  Алматы қаласында 1993 ж. 24 қыркүйектегі Келісіміге Хаттамаға қол қойылды.54 

  Осы саладағы құқықтық қайнар көздердің бірі деп көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды тануға болады (Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл)55. Меморандумға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойған, олар достасқан елдер халықтарының тарихи, мәдени және рухани ортақтығына және мемлекеттер арасындағы үзілмес байланыстарға негізделген . Бұл Меморандум Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы Шартқа сүйенеді және келесідей мақсаттарды көздейді: зиялы ой және еңбек потенциалын нығайту, сақтау және дамыту, қатысушы-мемлекеттердегі саяси тұрақтылыққа қол жеткізу, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді жүзеге асыру,  аймақта тұратын әрбір халықтың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, экономиканы үйлестіруге көмек көрсететін трансұлттық және аймақтық компаниялар, ғылыми-өндірістік орталықтар құру үшін жағдайлар жасау, басқа мемлекет территориясында тұратын бір мемлекеттің азаматына өзінің меншігін құруға, қолдануға және т.б. кепілдік беру, оның ішінде тұрған мемлекетінің заңына сәйкес өндіріс құралдарына және басқаларға.  

  Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мемлекет Басшылары өздерінің үкіметтеріне 1994 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы халықтар көші-қоны саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді тапсырады.  

  Қаралатын құжаттар қатарына кіреді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы қоныс аударушылардың қоныс аудару процесін реттеу мен олардың құқықтарын қорғау  туралы Келісім (Москва қ., 6 шілде 1998 жыл)56;

- Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген тұлғалардың өз бетінше қоныс аударуы мен азаматтығын реттеу мәселелері туралы Шарт (Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).57

- 1995 ж. босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға (1993 ж. 24 қыркүйегі) көмек туралы Келісімге Хаттамаға қол қойылды. Көрсетілген Хаттамаға сәйкес 1993 ж. 24 қыркүйектегі босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімнің 8 бабы толықтырылды, үшінші бөлімінің мазмұны келесідей болды: «Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің  Мемлекетаралық  қорының қызметі шеңберінде бір Тараптан екінші Тарапқа кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босатылады».

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның арасында ынтымақтастық туралы өте маңызды келісімге қол қойылды (13 қаңтар 1998 жыл)58. Келісуші Тараптар болып  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық Ұйым (КХҰ) табылды.

  Келісімде көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымның Басқарушы Органдарының  қабылданған шешімдеріне және сыртқы донорлармен қамтамасыздандырылған қорлардың болуына сәйкес  Ұйым Қазақстанда келесідей көші-қон  бағдарламаларын жүзеге асыратыны көрсетілген:  

- көші-қон мәселелеріндегі техникалық ынтымақтастық бойынша потенциал қалыптастыру, кеңес беру қызметін көрсету және басқа шаралар жасау;

- көш –қонға қатысты  ақпараттарды беру;

- ішкі және сыртқы көш –қон,  Қазақстан Республикасының Үкіметіне этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына,  босқындарға,  экологиялық қоныс аударушыларға, мемлекеттен тыс жерге және ішінде қоныс ауыстырушы тұлғаларға және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға көмек көрсетуіне жәрдемдесу; білікті кадрларды қайтару және селективті көші-қон.

  Ұйымның Қазақстанда өкілдік ашуға және оның қызметін жүзеге асыру үшін  қызметкерлер жалдауға құқығы бар (1 бап). Қажет болған жағдайда  Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласы  бекітілген және келешектегі бағдарламаларға қатысты  Тараптар арасындағы хат алмасу жолымен келісіледі.  Қазақстанда Ұйымға 1947ж. 21қарашадағы мамандандырылған мекемелеріне берілетін артылықшылықтар мен иммунитеттері туралы Конвенцияға сәйкес БҰҰ мамандандырылған мекемелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

  Қызметкерлер мәртебесі  - Өкілдікте жұмыс істеуші Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек контрактісі, шарты немесе келісімі негізінде Қазақстан Республикасының заңымен анықталады.

  Соңғы жасалған келісімдер ішінде  2002ж. 7 қарашада Кишиневта қол қойылған  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  көмек көрсетудің  Мемлекетаралық қоры туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Шешімін атауға болады.59

 Қарастырылып отырған  Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Келісіміне сәйкес  1995 жылы 10 ақпандағы Достастық елдері басшыларының Кеңесі Шешімімен бекітілген  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ережесімен анықталған қызметтерді атқарудың мүмкінсіздігіне байланысты, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын жоюды шешті және 1995 жылы 10 ақпандағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын құру туралы туралы Достастық мемлекеттер басшылары  Кеңесінің  Шешімі  күшін жойды деп танылды.

  Әлі  қолданысқа енгізілмеген, дегенмен ерекше көңіл аударарлық құжат  ─ бұл босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі мен Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі   қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушылар құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама Жобасы (22 желтоқсан 2003 жыл)60

.

  Жобаға сәйкес  Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары немесе  Қазақстан Республикасынан  Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетін  Ресей Федерациясының азаматтары Келісімде анықталған шарттарға  сай белгіленген нысанда  өтініш береді:

а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Ресей Федерациясындағы  Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының  көші-қоны мен демография бойынша Агенттігіне;

б) Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігіне немесе Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігіне.

  Уәкілетті орган немесе қабылдаушы мемлекеттердің елшілері тіркеу жүргізеді, өтініштің Келісім шарттарына сәйкестігін тексереді және жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.  

   Қабылдаушы  мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қарайды, онда шығуға кедергі келтіретін жағдайдың бары немесе жоғы туралы белгі соғады және  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне жібереді. Шығуға кедергі келтіретін жағдай болмаған жағдайда  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органы  немесе  елшілігі өтініш берген тұлғаға  қоныс аударуға (келуге) белгіленген үлгідегі рұқсатты береді.  Қоныс аударуға (көшіп келуге) рұқсат беруден бас тартылған тұлға    шығуға кедергі келтіретін жағдай жойылған  кезде  екінші рет қоныс аударуға (көшуге) өтініш бере алады.  (3 бап).

  Уәкілетті органдар  әрбір жарты жылдықта қоныс аударуға (көшуге) рұқсат алған тұлғалар туралы ақпараттармен алмасады  (4 бап).

  Өтінішті жөнелтуші  мемлекеттің уәкілетті органында қарау мерзімі бір айдан аспауы керек.  Өтініште көрсетілген жағдайларды қосымша тексеру қажет болған кезде  бұл мерзімді ұзартуға болады, бірақ бір айдан артық емес мерзімге. Өтінішті қарау мерзімі ұзартылған жағдайда  жөнелтуші  мемлекеттің уәкілетті органы  қабылдаушы  мемлекеттің уәкілетті органына немесе елшілігіне хабарлайды.  

  Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат Келісімге сәйкес тұлғаның тұрақты мекен-жайға көшуін және қоныс аударушы мәртебесін дәлелдейтін құжат болып табылады. Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат  берілген күнінен бастап бір жылға дейін күшінде болады. Қоныс аударуға рұқсат алған тұлғаға  уәкілетті орган қоныс аударушы мәртебесін  дәлелдейтін  белгіленген  үлгідегі куәлікті береді.  


Қорытынды.

  Сонымен, босқындар мәселесі бүгінгі күнде ерекше маңызға ие мәселелердің бірі. Соңғы уақыттарда таралған, ең алдымен,   терроризм актілерімен, аймақтық соғыстармен байланысты адамдар үшін қауіпті қатер, сөзсіз, қақтығыстар пайда болған жерлерден қашқан босқындар ағыны болатын жағдай туғызады. Олардың ішінде, барынша айқын мысал ретінде бола алатын, Америкадағы террористік актілер, оның жауабы ретіндегі Ауғанстандағы әскери әрекеттер, соның нәтижесінде Ауғанстаннан қашқан босқындардың өте үлкен армиясы пайда болды (2001 –ж.ж); Израильдің Палестинаға  қарсы әскери әрекеті, оның нәтижесінде палестиндік босқындардың ағыны күннен –күнге артуда (2002 ж.) және т.б.

  Сонымен қатар, босқындар табиғи катаклизмалар, саяси соқтығыстар және көптеген басқа себептер нәтижесінде пайда болады. Көрсетілген кез-келген жағдайларда адамдар олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған, өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жерлерден қашады.

  Соған қарамастан, босқындар жағдайын реттеуші халықаралық құқық нормалары әлі де құқықтық қорғау жүйесі ретінде  толық қалыптаспаған. Өйткені, төтенше деп есептелетін жағдайларға  қажет реттеуді қамтамасыз ете алмайды. Белгілі шамада олар жәбірленуші тұлғалардың жағдайын жеңілдетеді, бірақ олар ақырына жеткізілген болып табылмайды, өйткені босқындар мен баспана іздеушілерге  әлі де болса уақытша баспана немесе уақытша қорғау беруден, өзінің үйлеріне қауіпсіз қайтуды қамтамасыз етуден немесе өтемақы төлеуден бас тартылуы мүмкін.

       1) Жүргізілген талдаулар негізінде  бүгінгі таңда босқындарға қатысты қолданылатын негізгі дайындалған ережелер келесілер болып табылатынын айтуға болады:

       -  еркіндік пен жеке қауіпсіздікті шектеуге тыйым салу;

       - босқындарды  олардың өмірі мен еркіндігіне қатер төнетін елге немесе территорияға қайта оралуының алдын алу;

       - босқын мәртебесін анықтау процедурасына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

       - баспана  беруді қамтамасыз ету;  

       - жер аударуды болдырмау;

       - қамаудан босату;

       - жеке басының куәлігі мен жүру құжаттарын беру;

       - өз еркімен еліне қайтаруға ықпал ету;

       - жанұялардың қосылуына ықпал ету;

       - оқу орындарында оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

       - еңбекке құқықты және басқа да экономикалық және әлеуметтік құқықтарды қолдануын қамтамасыз етеді;

      2) Көрсетілген ережелердің көбісі бірінші дәрежелі маңызы бар  ережелер болып есептеледі, ал non-refoulement қағидасы тұрақты шешімдер іздеудің ең маңызды бастапқы нүктесі қызметін атқарады. Дегенмен, босқындарға қатысты қабылданатын шаралар және олар өмір сүретін жағдайлар  жеке бастың қауіпсіздігі, отбасылардың қосылуы, шешімдерге жету үшін салынатын халықаралық күшке және көмек қойылатын  талаптарға үлкен мән береді.

        3) Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда босқындарға қараудың дәл стандарты  олар тұрған мемлекет Конвенция мен Хаттаманы немесе басқа сәйкес шарттарды бекіткеніне тәуелді ерекшеленеді. Ол босқын ұғымы терминіне кең немесе тар мән берілуіне байланысты болады, тұлғаның ресми түрде босқын деп танылуы және мемлекет территориясында заңды тұруы да осыған байланысты.  

        4) Босқын мәртебесін анықтаудың ресми процедурасы айтарлықтай дәрежеде 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттаманың жүзеге асырылуы мен қолданылуының тиімділігін қамтамасыз етеді, сондықтан Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңындағы процедураның бекітілуі  босқындар сияқты құбылыспен күресте мемлекет саясатын анықтайтын маңызды кезең болып табылады.

        5) Қазақстан Республикасында босқындардың саяси –құқықтық  мәртебесі арнайы заңда бекітілмеген, бұл әрине өз кезегінде ағаттық болып табылады. Бұл жағдайға қатысты Ресей Федерациясын мысалға келтіруге болады, онда босқындардың құқықтық қатынастары жеке салалық заңдық актіде бекітілген. Біздің республикамызда ондай заң жоқ және босқындардың құқықтық мәртебесі заңдардың толық бір блогімен реттеледі. Ең алдымен, бұл ҚР «Халықтың көші –қоны туралы» заңы, одан соң әр түрлі  үкімет қаулылары, ведомстволық ережелер, нұсқаулар және т.б.

  Осыған қарамастан, Қазақстан зерттелінген салада екіжақты және көпжақты келісімдерге келе отырып, өзінің бейбітшілікке ұмтылатын бағдарламаларын жүзеге асыруда.  Осыған байланысты  көптеген елдермен салыстырғанда, Қазақстанның босқындардың жағдайын құқықтық реттеу саласындағы қатынастары тұрақты болып қалатынын атап айту керек. Мысалы, атап айтқанда, АҚШ президенті Д.Буштың өкіміне сәйкес, 2006 жылы Құрама Штаттар 70 мыңнан артпайтын саяси босқындарды қабылдайды, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл қудалауға ұшыраған немесе АҚШ-та тұратын өзінің жақын туыстарымен қауышқан адамдар. Квота 10 мыңға азайтылды, бұл иммигранттарды (көшіп келушілерді) қабылдауды шектеудің жалпы онжылдық беталысын көрсетеді. Р. Рейганның  кезінде квота 200 мыңды құрады. Бұрынғы Кеңестік Одақ елдерінің ішінен келесі жылы босқындар мәртебесін 17 мың адам ала алады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі.

        Халықаралық құқықтық актілер.

  1.  Босқындардың мәртебесі туралы Конвенция (Женева, 28 шілде 1951 ж.). Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға  15 желтоқсан 1998 жылғы Заңға сәйкес қосылды.
  2.  Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция ( 9 желтоқсан 1948 ж.) «Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» ҚР Заңы  29 маусым 1998 жыл №244-1 .
  3.  Апартеидтің алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция (30 қазан 1973 ж. ).
  4.  Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы БҰҰ Конвенциясы. 21 қараша 1947 ж.
  5.  Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық Конвенция  (Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.). 
  6.  Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция  (Рим, 4 қараша 1950 ж.) (өзг. мен тол.  21 қыркүйек 1970 ж., 20 желтоқсан 1971 ж., 1 қаңтар 1990 ж., 6 қараша 1990 ж., 25 наурыз      1992 ж., 11 мамыр 1994 ж.)
  7.  1949 жылғы Әрекет етуші әскердегі жараланғандар мен аурулардың жағдайын жеңілдету туралы Женева Конвенциясы .
  8.  1949 жылғы Қарулы күштер құрамына кіретін жараланғандардың, аурулардың және теңізде кемелері қирағандардаң жағдайын жеңілдету туралы Женева Конвенциясы .
  9.  1949 жылғы Әскери тұтқындарға қарау туралы Женева Конвенциясы.
  10.  1949 жылғы Соғыс уақытында азаматтық халықты қорғау туралы Женева Конвенциясы .
  11.  ETS 024 беру туралы Европалық Конвенция (Париж, 13 желтоқсан 1957 ж.)
  12.  Босқындар мәртебесіне қатысты Хаттама (31 қаңтар 1967 ж.) Қазақстан Республикасы аталған Хаттамаға 15 желтоқсан 1998 жылғы ҚР заңына сәйкес қосылды 
  13.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы (Сан-Франциско, 26 маусым 1945 ж.).
  14.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері бойынша Жоғарғы  Комиссары Басқармасының Жарғысы (14 желтоқсан 1950 ж.).
  15.  Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның Жарғысы, I қосымша,II бөлім.
  16.  Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының Жарғысы (Конституциясы)  (Нью-Йорк, 22 маусым 1946 ж.)
  17.  Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Жарғысы 24 маусым 1998ж.
  18.  Адам құқығы туралы жалпыға бірдей Декларация (1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиясында қабылданған).
  19.  Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
  20.  Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт  (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
  21.  Территориялдық баспана туралы Декларация  14 желтоқсан 1967ж.
  22.  Босқындарға қатысты визаны алып тастау туралы Еуропалық Келісім  (20 сәуір 1959 ж.).
  23.  Босқындар үшін жауапкершілікті беру туралы Еуропалық келісім (16 қазан 1980 ж.).
  24.  СБСЕ: Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясы 21 қараша 1990 ж. 30 ILM 190 (1991).
  25.  ТМД Экономикалық Сотының шешімі 11 қыркүйек 1996 жылғы  №С-1/14-96. 
  26.  10 ақпан 1995 жылғы Мемлекетаралық босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек  қорын құру туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ел басыларының Кеңесінің шешімімен бекітілген мемлекетаралық босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек қоры туралы Ереже.
  27.  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық көші-қон Ұйымы арасындағы әріптестік туралы Келісім (13 қаңтар 1998 жыл).
  28.  Көші-қон аясындағы әріптестік туралы Меморандум (Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл).
  29.  Мемлекетаралық босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек қоры туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ел басыларының Кеңесінің Шешімі (Кишинев, 7 қазан 2002 ж.).
  30.  Қазақстан Республикасы көші-қон және демография бойынша Агенттігі мен Ресей Федерациясы Ішкі Істер Министрлігінің арасындағы  6 шілде  1998 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қоныс аудару процесін реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы Келісімді жүзеге асыру тәртібі туралы хаттама жобасы. (22 желтоқсан 2003 жыл).
  31.  Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Қазақстан  

    Республикасына еңбек шарты бойынша келген тұлғалардың  

азаматтығы мен өз еркімен қоныс аудару мәселелерін реттеу  

         туралы Шарт. ( Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).

        Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.

  1.  1995 жыл 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 16 шілде 1997 жыл №167-1 (02.03.2006 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен).
  3.  Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы. 13 желтоқсан 1997 жыл, №204-1 (20.12.04 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен).
  4.  Қазақстан Республикасының «Босқындар мәртебесі туралы Конвенция мен босқындар мәртебесіне қатысты хаттамаға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы. 15 желтоқсан 1998 жыл, №317-1.
  5.  Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы 15 шілде 1996 жылғы №3057 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. (19 сәуір 2000 жылғы №374 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер енгізілген).
  6.  19 маусым 1995 жылғы  №2337 «ҚР шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.
  7.  27 наурыз 1997 жылғы №430 «Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы куәлік үлгісін және оның сипаттамасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы.
  8.  30 қыркүйек 1997 жылғы №1388 «Босқын репатрианттардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы. (күшін жойған).
  9.  «Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы өтініш берген тұлғалармен жұмыс және босқын мәртебесін анықтау тәртібі туралы» ҚР көші-қон және демография бойынша Агенттігінің 27 мамыр 1998 жылғы №22 Бұйрығымен бекітілген.
  10.  3 ақпан 1997 жылғы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» ҚР Сыртқы Істер Министрінің Нұсқаулығы.
  11.  30 қаңтар 1996 жылғы №23 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беруге қатысты материалдарды ішкі істер органдарымен қаралуының жеке мәселелері туралы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Бұйрығы.
  12.  Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құру туралы Шешім. (Алматы, 10 ақпан 1995 жыл)
  13.  15 желтоқсан 1992 жылғы №1055 ҚР Министрлер Кабинетінің   Қаулысымен бекітілген Босқындармен жұмыс туралы Уақытша Ереже.
  14.  24 қыркүйек 1993 жылғы Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімге Хаттама (Алматы, 10 ақпан 1995ж.).
  15.  15 желтоқсан 1992 жылғы №1055 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен бекітілген «Иммиграция туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар Бағдарламасы.

         Арнайы әдебиеттер.

  1.  Brownlie, I., International Law and the Use of Force by States, (1963), ch.  IX.
  2.  Гай С. Гудвин Гилл. Статус беженца в международном праве. М., «Юнити». 1997 г.  
  3.  Нюрнбергский процесс над главными нацистскими военными преступниками. Сборник материалов в семи томах. М., Государственное издательство юридической литературы, 1957- 1961, т. I.
  4.  Потапов В.И. Беженцы и международное право. М., «Международные отношения», 1986 г.
  5.  Регулирование правового статуса некоммерческих организаций в гражданских кодексах государств мира/Сборник материалов. Издание 2-е, переработанное и дополненное. Алматы, «Издательство 1ем», 2003 г.
  6.  Rikhof, J., 'War Crimes, Crimes against Humanity and Immigration Law', 19 Imm. L.R. (2d) 18.  
  7.  САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 17, ст. 146.
  8.  Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, «Жети –Жаргы», 1996 г.

2 Потапов В.И. Беженцы и международное право. М., «Международные отношения», 1986 г. С. 7.

3 Гай С. Гудвин Гилл. Статус беженца в международном праве. М., «Юнити». 1997 г.  С. 15.

4 New Shorter Oxford English Dictionary (1993) сөздігінде босқын «өз үйінен қуылған, баспана іздеуге мәжбүрлі, атап айтқанда соғыстан, діни қуғыннан, саясат толқуынан, дүлей апаттан басқа елден баспана іздеу» ретінде, ал «баспана» —  «қауіптен немесе қайғыдан қорғану; қорғаныс, көмек ...» ретінде түсіндіріледі.

5 Босқындар мәртебесі туралы Конвенция  (Женева, 28 маусым 1951 ж.). Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияға 1998 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес қосылды.

6 Босқындар мәртебесіне қатысты Хаттама 31 қаңтар 1967 ж. Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияға 1998 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес қосылды. 

7 Гай С. Гудвин-Гилл. Статус беженца в международном праве. М., 1997. С. 16-17.

8 Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссары Басқармасының Жарғысы (14 желтоқсан 1950 ж.).

9 Квислинг Видкун (1887-1945) – Норвегияны фашистік Германияның басып алуына ықпал еткен, Норвегиядағы фашистік партияның басшысы және ұйымдастырушысы.

10 Гай С. Гудвин – Гилл. Статус беженца в международном праве. М., «Юнити», 1997 г. С. 45 –46.

11 Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, «Жети – Жаргы», 1996 г. С. 145 –146.

12 Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңы, 3 желтоқсан 1997 жыл, N 204-1  (өзгерістер мен толықтырулармен, 20.12.04 ж. күйі бойынша).

13 Территориялық баспана туралы Декларация, 14 желтоқсан 1967 ж.

14 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы 15 шілде 1996 жылғы №3057 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. (19 сәуір 2000 жылғы №374 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер енгізілген).

153 ақпан 1997 жылғы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» ҚР Сыртқы Істер Министрінің Нұсқаулығы.

16 Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы (Сан-Франциско, 26 маусым 1945 ж.).

17 19 маусым 1995 жылғы  №2337 «ҚР шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.

18  Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның Жарғысы, I қосымша,II бөлім.

19 Цит. по: Нюрнбергский процесс над главными нацистскими военными преступниками. Сборник материалов в семи томах. — М.: Государственное издательство юридической литературы, 1957— 1961, т. I, с. 67. См. Brownlie, I., International Law and the Use of Force by States, (1963), ch. IX.

20 Цит. по: Нюрнбергский процесс над главными нацистскими военными преступниками. Сборник материалов в семи томах. — М.: Государственное издательство юридической литературы, 1957— 1961, т. I, с. 67. См. Brownlie, I., International Law and the Use of Force by States, (1963), ch. IX, 176, 197.

21 1949 жылғы Әрекет етуші әскердегі жараланғандар мен аурулардың жағдайын жеңілдету туралы Женева Конвенциясының 50 бабын , 1949 жылғы Қарулы күштер құрамына кіретін жараланғандардың, аурулардың және теңізде кемелері қирағандардаң жағдайын жеңілдету туралы ЖеневаКонвенциясының50,51баптарын. 1949 жылғы Әскери тұтқындарға қарау туралы Женева Конвенциясының 129, 130баптарын. 1949 жылғы Соғыс уақытында азаматтық халықты қорғау туралы Женева Конвенциясының 146, 147 баптарын, 1. Қосымша Хаттаманың 11, 85 баптарын қараңыз. Конвенцияларда «әскери қылмыс» деген термин қолданылмайды, бірақ Хаттаманың 85 бабы маңызды құқық бұзушылықты әскери қылмыс ретінде қарастырады. Rikhof, J., 'War Crimes, Crimes against Humanity and Immigration Law', 19 Imm. L.R. (2d) 18 қараңыз.

22 Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция ( 9 желтоқсан 1948 ж.) «Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы « ҚР Заңы  29 маусым 1998 жыл N 244-1 .

23Апартеидтің алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция (30 қазан 1973 ж. ). Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық Конвенция (Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.). Резолюция 3068 (ХХVIII) от 30 қараша 1973 ж.

24 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 16 шілде 1997 жыл №167-1 (02.03.2006 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен).

25 Гай с. Гудвин – Гилл. Статус беженца в международном праве. М., «Юнити», 1997 г. С. 143-144.

26 Потапов В.И. Беженцы и международное право. М., «Международные отношения», 1986 г. С. 47.

27 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).

28 Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт  (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).

29 Grahle – Madsen A. Op. Cit., p. 167 – 168.

30 ETS 024 беру туралы Европалық Конвенция (Париж, 13 желтоқсан 1957 ж.)

31 Гай С. Гудвин –Гилл. Статус Беженца в международном праве. М., «Юнити», 1997 г. С. 55-56.

32 БҰҰ Жарғысы.1, 13. 1 В), 55, 56 баптары.

33 Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының Жарғысы  (Конституциясы)  (Нью-Йорк, 22 маусым 1946 ж.)

34 24 маусым 1998 жылғы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Жарғысына сәйкес Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл жарты ай қозғалысын Халықаралық Қызыл Крест деп те атайды. Қозғалыс Қызыл Крест және Қызыл жарты ай Ұлттық қоғамдарын, Халықаралық Қызыл Крест Комитетін және Қызыл Крест пен Қызыл жарты ай Халықаралық Федерациясын қамтиды.

35 Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция  (Рим, 4 қараша 1950 ж.) (өзг. мен тол.  21 қыркүйек 1970 ж., 20 желтоқсан 1971 ж., 1 қаңтар 1990 ж., 6 қараша 1990 ж., 25 наурыз      1992 ж., 11 мамыр 1994 ж.)

36 Босқындарға қатысты визаны алып тастау туралы Еуропалық Келісім  (20 сәуір 1959 ж.).

37 Босқындар үшін жауапкершілікті беру туралы Еуропалық келісім (16 қазан 1980 ж.).

38 СБСЕ: Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясы 21 қараша 1990 ж. 30 ILM 190 (1991).

39 Регулирование правового статуса некоммерческих организаций в гражданских кодексах государств мира/Сборник материалов. Издание 2 - е, переработанное и дополненное. Алматы, «Издательство 1ем», 2003 г. (180 с)

40 Регулирование правового статуса некоммерческих организаций в гражданских кодексах государств мира/Сборник материалов. Издание 2 - е, переработанное и дополненное. Алматы, «Издательство 1ем», 2003 г.

41 Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы. 13 желтоқсан 1997 жыл, №204-1 (20.12.04 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен).

42 «Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы өтініш берген тұлғалармен жұмыс және босқын мәртебесін анықтау тәртібі туралы» ҚР көші қон және демография бойынша Агенттігінің 27 мамыр 1998 жылғы №22 Бұйрығымен бекітілген.

43 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы 15 шілде 1996 жылғы №3057 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. (19 сәуір 2000 жылғы №374 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер енгізілген).

44 30 қаңтар 1996 жылғы №23 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беруге қатысты материалдарды ішкі істер органдарымен қаралуының жеке мәселелері туралы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Бұйрығы.

45 27 наурыз 1997 жылғы №430 «Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы куәлік үлгісін және оның сипаттамасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы.

46 19 маусым 1995 жылғы  №2337 «ҚР шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.

47 3 ақпан 1997 жылғы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» ҚР Сыртқы Істер Министрінің Нұсқаулығы.

48 САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 17, ст. 146.

49 30 қыркүйек 1997 жылғы №1388 «Босқын репатрианттардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы. (күшін жойған).

50 Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құру туралы Шешім. (Алматы, 10 ақпан 1995 жыл)

51 10 ақпан 1995 жылғы Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек  қорын құру туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ел басыларының Кеңесінің шешімімен бекітілген Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қоры туралы Ереже

52 15 желтоқсан 1992 жылы  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің N 1055 қаулысымен бекітілген «Иммиграция туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға бойынша кешенді шаралар Бағдарламасы.

53  15 желтоқсан 1998 жылғы N 317-1 «Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияға және Босқындар мәртебесіне қатысты Хаттамаға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы » Қазақстан Республикасының Заңы.

54 10 ақпан 1995 жылғы Босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімге Хаттама (Алматы, 10 ақпан 1995 ж.).

55 Көші қон аясындағы әріптестік туралы Меморандум  ( Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл).

56 Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы қоныс аудару процесін реттеу мен қоныс аударушылардың құқығын қорғау туралы Келісім ( Москва қ., 6 маусым 1998 жыл).

57 Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Еңбек шарттары бойынша Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың азаматтығы мен өз еркімен қоныс аудару мәселелерін реттеу туралы Шарт ( Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл)

58 Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық көші қон-ұйымы арасындағы әріптестік туралы Келісім (13 қаңтар 1998 жыл).

59 Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қоры туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ел басыларының Кеңесінің Шешімі (Кишинев, 7 қазан 2002 ж.).

60 Қазақстан Республикасы көші-қон және демография бойынша Агенттігі мен Ресей Федерациясы Ішкі Істер Министрлігінің арасындағы  6 шілде  1998 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қоныс аудару процесін реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы Келісімді жүзеге асыру тәртібі туралы хаттама жобасы. (22 желтоқсан 2003 жыл).




1. ГеленджикКраснодарГеленджик Январь 2014 г1
2. Проблема формування соцiальних стандартiв освiти.html
3. Менталитет русской культуры
4. Жуковский Василий Андреевич
5. на тему- Займ и кредит в гражданском праве Выполнила-
6. недель. Рвота беременных средней степени тяжести
7. вариантов и синонимов фразеологических оборотов8 4
8. Тема 6 Классификация судебнопсихиатрических экспертиз 1
9. прежнему не утихают споры о характере взаимоотношений регионов с федеральным центром
10. Ипотечное кредитование как способ решения жилищной проблемы
11. Технология выращивания озимой пшеницы в АОО Симферопольский
12. и продолжавшиеся в течение всего XIX в
13. П.Бондарь ldquo;rdquo; 2013 г
14. темах органах тканях клетках и механизмах регуляции обеспечивающих жизнедеятельность человека во взаимод
15. Internet и нейрокомпьютеры как социотехнологические стратегии искусственного мира некоторые онто-эпистемологические аспект
16. Хоча всі вже звикли до сумної цьогорічної осені однак в такий святковий день душа бажає привітнішої погоди
17. Этика и психология управления
18. от количества отработанного времени
19. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА По конструктивной части курсового проекта Выполнил- студент гр
20. Сочинение- Направление на право