Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
№3-дәріс
Қайта қалпына келмейтін (жөнделмейтін) объектілер
Дәріс жоспары:
Қайта қалпына келмейтін объектілерге келесі объектілер жатады: конденсаторлар, резисторлар, транзисторлар, микросұлбалар және жартылай өткізгіш вентильдер. Бұлар жөндеуге келмейтін немесе қалпына келу мүмкін емес, не болмаса экономикалық жағынан ақталмайтын объектілерге жатады. Сондықтан да мұндай объектінің жұмыс істеуі, өмір циклы істен шыққанға дейін ғана болады.
Қайта қалпына келмейтін объектілердің сенімділік көрсеткіштері
Қайта қалпына келмейтін объектілердің сенімділігін бағалау үшін кездейсоқ шамалардың ықтималдық сипаттамаларын істен шыққанға дейін объектінің жұмыс өндірімін пайдаланады. Жұмыс өндірімі деп объектінің ұзақтылығын немесе көлемін түсінеді, ол сағатпен, циклмен, немесе басқа бірліктермен өлшемденеді. Мысалы, бұл жүру километрі, өндірілген энергияның киловатт-сағат саны, электр жылжымалы құрамның жүріп өту саны болуы мүмкін. Жұмыс өндірімін істен шыққанға дейін уақыт бірлігімен өрнектейтін болса, онда істен шықпай жұмыс істеу термині қолданылады.
Қайта қалпына келмейтін объектілердің негізгі сенімділік көрсеткіштері:
Сенімділік функциясы деп істен шыққанға дейінгі жұмыс өндірімінің кездейсоқ шамасы пайдаланудың (эксплауатациялаудың) басынан бастап санағанда белгілі жұмыс өндірімінен аз болмау ықтималдығын айтады:
, (1)
мұндағы Т - істен шыққанға дейінгі кездейсоқ жұмыс өндірімі; t - белгілі жұмыс өндірімі.
Сенімділік функциясының қасиеттері:
;
- t жұмыс өндірімінің монотонды кему функциясы;
, яғни кез келген объект уақыты келгенде істен шығады.
Сенімсіздік функциясы деп объектінің (0, t) интевалында істеу шығу ықтималдығын айтады. Сенімділік емес функциясы жұмыс өндірімінің істен шыққанға дейінгі кездейсоқ шаманың таралуының интегралды функциясы болып табылады:
. (2)
Жұмыс өндірімінің белгілі интервалында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы
Жұмыс өндірімінің екі интервалын (0, t1) және (t1, t2) қарастырамыз. (0, t2) интервалында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы екі оқиғаның бірдей туындауымен анықталады:
- (0, t1) интервалында объект істен шықпай жұмыс істеді, бірінші оқиғаның ықтималдығы Р(t1);
- t1 кезеңіне дейін жұмыс істеп тұрған объект (t1, t2) интервалында істен шықпай жұмыс істеді, екінші оқиғаның ықтималдығы Р(t2).
Ықтималдарды көбейту ережесі бойынша:
.
Осыдан, . (3)
Істен шыққанға дейінгі жұмыс өндірімінің таралу тығыздығы жұмыс өндірімінің істен шыққанға дейінгі таралу заңдылығының дифференциалды формасына жатады:
, (4)
және тең.
Белгілі қатынастарға сәйкес сенімділік функциясы мен сенімсіздік функциясы жұмыс өндірімінің істен шыққанға дейінгі таралу тығыздығына байланысты болады және келесі теңдеумен өрнектеледі:
,
.
Объектінің істен шығу интенсивтілігі
шамасы (t,t+dt) жұмыс өндірілімі интервалында көптеген бірдей объектілердің ішінен таңдалып алынған (наугад) объектінің істен шығу ықтималдығын сипаттайды. Бұл кезде ол интервалдың басында жұмыс істеуге жарамды ма, әлде одан бұрын істен шыққан ба, белгісіз. Бұл әр кезде қолайлы бола бермейді, сондықтан да басқа көрсеткішті істен шығу интенсивтілігі жиі қолданылады. Бұл осы жұмыс өндіріміне дейін істен шығу туындамаған жағдайда белгілі жұмыс өндірімі үшін анықталатын қалпына келмейтін объектінің істен шығуының туындауының жуықталған тығыздығы. Істен шығулардың интенсивтілігін жұмыс өндірімінің жоғарылауы болғанда сенімділік функциясының кемуінің салыстырмалы жылдамдығы ретінде қарастыруға болады. «Істен шығу интенсивтілігі» көрсеткішін пайдалану кезінде t кезеңіне дейін жұмыс істеп тұрған объектілер қарастырылады да, істен шыққандарды алып тастайды:
. (5)
Бастапқы шарт Ғ(0)=1 тең болғанда бұл теңдеуді шешу сенімділік функциясын тұжырымдауға мүмкіндік береді:
. (6)
Объектінің істен шыққанға дейінгі орташа жұмыс өндірімі объектінің істен шыққанға дейінгі математикалық күтуі деп аталады:
. (7)
Таралу заңын бейнелейтін формалардың арасындағы белгілі қатынастарды пайдалана отырып былай жазуға болады:
(8)
Объектінің істен шыққанға дейінгі орташа жұмыс өндірімі істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы қисығындағы аудан саналады.
Осы айтылған сенімділік көрсеткіштері сенімділікті есептеу типінен (параметрлік және параметрлік емес тәсілмен) тәуелді әр түрлі тәсілдермен табылады. Оларға сүйенетін бірнеше модельдерді қарастырамыз.