Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Cақтандыру брокері сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті, сондай-ақ өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырумыен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Агенттік сыйақы Сақтандыру компаниясы мен агенттің арасында жасалған агенттік келісімнің талаптарына сәйкес агенттің сақтандыру компаниясының атынан және оның мүдделеріндегі тиісті міндеттерін (тапсырмаларын) орындағаны үшін оған төленетін қызметақы.
Актуарий сақтандыру компаниясының қажетті төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға
Аннуитет Кезең кезеңмен төленетін ақшалай сомма (жарна, рента,немесе табыс)
Аннуитет шарты сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде Пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
Ерікті сақтандыру Тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі
Жазатайым жағдай Сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термиялық әсер етудің нәтижесінде денсаулығының бұзылуына, жарақаттануына немесе қайтыс болуына апарып соққан, адамның ерік-жігеріне қарамастан кенеттен туындайтын қысқа мерз оқиға.
Жауапкершілікті сак/у Үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру
Жеке сақтандыру Сақтандыру объектісі ретінде адамның өмірі, денсаулық және еңбек қабілеті саналатын сақтандыру саласы
Жеке сақтандыруАзаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Қайта сақтандыру ұйымы уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
Міндетті сақтандыру Заң негізінде жүзеге асырылаьын сақтандыру
Мүліктік сақтандыру Мүлікті иелену, пайдалану және сатуға қатысты сақтандырушының сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жиынтығы
Өзін-өзі сақтандыру немесе тәуекелділік қоры Шаруашылық субъектінің натуралды қосалқы бөлшектері түріндегі орталықтандырылған қор
Пруденциалдық нормативтер уәкілетті органдар белгілеген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтауға міндетті нормативтер
Ретроцессия қайта сақтандырушының факультативті немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылдаған тәуекелдерді басқа қайта сақтандырушыларға беруі
Сактандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңдыт ұлға
Сактандыру өтемі сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы себепті сақтанушыға төлейтін ақшалай өтем.
Сактандыру ұйымы Сақтандыру объектісі заңды тұлғаның немесе азаматтың кез келген мүддесі болуы мүмкін.
Сақтандыру жағдайы сақтандыру шартында қарастырылған, оның басталуымен сақтандырушының сақтанушыға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті туындайтын оқиға.
Сақтандыру жарнасы Келісім-шарт негізінде сақтандырушының сақтанушыға төлейтін міндетті төлемі
Сақтандыру келісім-шарты төтенше жағдайлар болған кездерде өзара құқықтары мен міндеттерін орындау шарттары көрсетілген сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы екіжақты келісім.
Сақтандыру куәлігі сақтандыру компаниясы сақтандырушартынжасасу кезінде сақтандыру полисі берілгенге дейін беретін сақтандыру құжаты.
Сақтандыру қоры - дүлей апаттар мен басқа да төтенше уақиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры.
Сақтандыру қызметі сақтандыру ұйымының заңнаманың талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға байланысты қызметі.
Сақтандыру объектісі сақтандыру объектісі заңды тұлғаның немесе азаматтың кез келген мүддесі болуы мүмкін. Сақтандыру объектісі сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандырудың аталған түрлерін реттейтін заңнамалық актілермен анықталады. Сақтанушының мүддесіне кереғар келетін мүдделер сақтандыруға жатпайды.
Сақтандыру резервтері Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттары бойынша актуарлық есептер негізінде бағаланған міндеттемелері
Сақтандыру рыногы сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерд ісақтандыру компаниялары көрсетеді
Сақтандыру сертификаты сақтандырушы сақтанушыға бас полистің күші жүретін жекелеген жүктің сақтандырылғанын растау ретінде беретін құжат
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.
Сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында не аннуитет шартында белгіленген мөлшерде Сақтанушыға сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
Сақтандыру тарифтері - сақтандыру жарналарының мөлшерлемесі, сақтандыру қызметінің көрсетілгені үшін осы мөлшерлеме бойынша ақы алынады. Сақтандыру тарифтері сақтандыру өнімінің бағасы ретінде қолданылады және шарттың сақтандыру сомасының немесе сақтандырылатын объекті құнының үлесі (%-ы) түрінде белгіленеді.
Сақтандыру тәуекелі Сақтандыру жағдайы қалыптасқан жағдайда белгілі бір тәуекелділікке келу
Сақтандыру төлемі сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім басталған кезде сақтандыру сомасының шегінде сақтанушыға төлейтін ақша сомасы.
Сақтандыру түрлері Сақтандырушыға сақтандыру ұйымынан келісім негізінде ұсынылатын сақтандыру өнімдерінің түрлері
Сақтандыру шарты, сақтандыру полисі сақтанушы мен сақтандыру компаниясы арасындағы құқықтық қатынастардың орын алғанын анықтайтын және сақтандыру талаптарын белгілейтін құжаттар. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы орын алған кезде, сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасасылған тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздер-ң арасынд жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына сақтандыру шарты жасасылған басқа тұлғаға шартта белгіленген сома шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті тұлға.
Сақтанушы сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Сақтанушы заңды тұлға және жай азаматтар болуы мүмкін.
Суброгация Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы.
Сюрвейер Сақтанушының немесе сақтандырушының өтініші бойынша сақтандырылған немесе сақтандырылуға тиесілі кемелер мен жүктерді тексеруді жүзеге асыратын сарапшы.
Тәуелсіз сарапшыҚаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнінд уәкілетті мемл-к орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға