У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекция 3 ДТ~ны~ ~ызметі Жоспар- Ма~саты мен міндеттері ДТ~ны~ ~йымды~ ~~рылымы Ба~ылау с~р

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Тақырып 2.

            Дүниежүзілік туристік ұйымның атқаратын қызметі

Лекция 3

ДТҰ-ның қызметі

Жоспар:

  1.  Мақсаты мен міндеттері
  2.  ДТҰ-ның ұйымдық құрылымы

Бақылау сұрақтары

Әдебиеттері

Мақсаты мен міндеттері

 1- баптың 3-ші жарғысына сәйкес, ДТҰ-ның негізгі мақсаты «туризм экономикасының дамуына үлес қосу, халықаралық өзара түсіністік, бейбітшілік, өркендеу, құрмет, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің жасына, ұлтына, тілі мен дініне қарамастан тең құқыда сақталуы» болып табылады. Баптың 2-  тармағында осы мақсатты ұстану арқылы ұйымдар дамыған елдер көбінесе туризм саласына  көңіл аударады делінген. Жарғыда, сонымен қатар, ДТҰ-ның қызмет жағдайына байланысты әр түрлі принциптік жағдайларды қарастыра алады делінген, сонымен қатар, БҰҰ-мен серіктестіктің маңыздылығы мен қажеттілігі жайлы айтылған. 3-баптың 3-ші жарғысында ДТҰ БҰҰ-ның тиісті ұйымдарымен және мамандандырылған мекемелерімен серіктестік орнатып, олармен эффективті қарым-қатынас жасап отырады. БҰҰ өркендеу бағдарламасымен іскерлік қатынас орнату мүмкіншіліктерін қарастырады. Бағдарламаның дамуына да ДТҰ-ның қосар үлесі зор.

Осылайша ДТҰ БҰҰ-ның маманданған мекемесі болмаса да, ( СССР-дің кейбір баспа жұмыстарында қате көрсетілген) кейбір пәрменді келісімдер ең абыройлы халықаралық ұйым және оның мамандандырылған мекемесі болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Туристтік Ұйыммен жасалған серіктестік пен қарым-қатынаска  ДТҰ генералдық ассамблеясының 31- мамыр 1977 жылы өткен  ІІ - сессиясында және БҰҰ-ның генералдық ассамблеясының 22- қараша 1977 жылы өткізілген 32- сессиясында қабылданған болатын. Онда көбіне ақпарат пен құжаттар алмасу, қолғабыс пен  ұсыныстың орындалуында туристтік қызметтің шеңберіне деген көзқарасты; жұмыста қайталанушылықтың болуына жол бермеу; ЭКОСОС кеңестердің арқылы қызметтің үйлестігін анықтау; халықаралық конференцияларға қатысу және мәжілісжұмысында БҰҰ сызығының, соның ішінде бірнеше сұрақтарға, ДТҰ қызметінің тиімділігін; айырбас жазба баяндамалармен және соңғы көріністермен ақпарат алмасу; жиын, анализдеу және туризмге қатысты қажетті статистикалық ақпаратпен алмасу, БҰҰ ДТҰ құқықтарын осы қызметтің тиімділігінің жоғарылауы бойынша мойындайды және айрықша практикалық жұмыстың жоспары бойынша баға береді.

ДТҰ «жеке келісімнің тұжырымы туралы ізденіс жасайды және БҰҰ-ның басқа да туризм саласымен айналысатын мекемелерімен ынтымақтастық орнатады, Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымымен (ИКАО) және Халықаралық Теңіз Ұйымымен (ИМО) келісім-шарт жасасқан болатын. Бұл келісім-шарттар 1978 жылы өз күшіне енді. Бұдан кейін ЮНЕСКО, МОТ, ФАО, ЮНЕП және ВОЗ ұйымдарымен келісім-шарт жасалды.

1976 жылдың мамырында ПРООН және ДТҰ арасында келісім-шартқа қол қойылды,  мұнда туризм саласы проектілерін кепілдендіретін соңғы агенттіктің бірі жұмыс істейді (Executing Agency), ПРООН қаржыландырады.

1975 жылы туризм саласында басқа елдермен 50-жылдық белсенді ынтымақтастық қызметі кезінде , ресми туристтік ұйымның халықаралық жалғаулығын өзінің өкілдіктерін жаңа ұйымға өткізді, бірақ үкіметаралық деңгей - Дүниежүзілік Туристтік Ұйым болатын.

ДТҰ-ның  ұйымдық құрылымы

ВТО жұмыстың органдары:

- бас ассамблея;

- атқарушы орган;

- хатшылық.

ДТҰ-ның қосалқы органдары:

- бағдарламалық комитет;

- финанстық комитет;

- туризмді қарқынды дамытумен айналысатын комитет;

- сауда мен сапа комитеті;

- статистика және туризмнің макроэкономикалық анализы комитеті;

- сауда қатынасын зерттеу мен туризм өркендеуін қадағалайтын комитет;

- біріктірілген жаңа комитетшелердің өтінішін қарастыратын бөлім;

- туризм этикасының Дүниежүзілік комитеті.

ДТҰ-ныі  жоғарғы органы бас ассамблея  болып табылады, ол 2 жыл кезекті сессияларға шақырылып отырады.

Шынайы және ассоцияцияланған мүшелер сессияда 5-тен аспайтын уәкілмен өткізіледі, оның ішінде біреуі делегацияның бас қызметтерін атқарушы ролін орындайды. Біріктірілген мүшелер Біріктірілген  мүше комитетінің  құрамынан 3 байқаушы  тағайындайды.

ДТҰ жарғысында бас ассамблеяның төтенше сессия шақыру өтініші  қарастырылады.

Бас ассамблея кез-келген сұрақты қарастырып ,оған  ұсыныстар жасайды. Оның атқаратын қызметінде, дербес жағдайдаларға мыналар кіреді:

  •  Президент пен вице-президентті тағайындау
  •  Атқарушы орган қызметкерлерін тағайындау
  •  Генерал хатшыны тағайындау ( атқарушы орган арқылы тағайындалады)
  •  Ревизорлар тағайындау
  •  ДТҰ-ның қаржылық регламенттерін бекіту
  •  Ұйымның жалпы басқарушылық бағытын анықтау
  •  Секретариат қызметшілерінің жағдайын бекіту
  •  ДТҰ-ның жалпы бағдарламасын бекіту
  •  ДТҰ-ның қаржылық басқармасын бекіту және ұйымды финанстық саясатпен басқару
  •  Жұмыс жасау мақсатында техникалық және аумақтық ұйымдар құру
  •  Ұйым мен оның мекеме қызметшілерінің жұмысына есеп беру, сонымен қатар оларға қажет жағдайда шара қолдану
  •  Ұйымға мүше бола алатын Халықаралық келісім-шарт ұсыныстарына дайындық
  •  ДТҰ жарлықтарына сәйкес жаңа мекемелерді қабылдау мүмкіншіліктеріне ие

1975 жылы Мадрид қаласында өткізілген І-ші сессиясында ДТҰ-ның генералдық ассамблеясы одан соң мынадай сессиялар ұйымдастырды:

2, 3 —Торремолинос, Испания (мамыр 1977 ж. Және қыркүйек 1979 ж.),

4—Рим (қыркүйек 1981 ж.),

5—Дели (қараша 1983 ж.),

6—Софии (қыркүйек 1985 ж.),

7 —Мадрид (қыркүйек 1987 ж.).

ДТҰ бас ассамблеясының 8-сессиясы  1989 жылы қарашада Париж қаласында өтті

1989 жылы туризм жөнінен Гаагада ( Нидерланд) Парламентаралық  мүше мен ДТҰ арасында конференция өтілді. Гааганың туризм декларациясы 1989 ж. сәуірдің 14 күні 10 негізгі халықаралық туризм принципін бекітті.

ДТҰ-ның 9-шы Бас ассамблеясында (Буэнос-Айрес, 1991) туристердің қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәселені 1991 ж 4 қарашада қарап өтеді

10 – ДТҰ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода ХХІ  ғасыр Бағдарламасын қабылдайды, бұл бағдарламаға 182 мемлекет қосылады. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі ролді мемлкеттік туризм ұйымдары алады, олар ұлттық ұзақ уақыттық туристік бағдарлама  жасаумен айналысады. Россия, Финляндия, Австрия, Филиппин және т.б мемлекеттер осындай бағдарламаны ұстанады. 1992 ж 13 маусымда  Рио-де-Жанейрода,сонымен қатар қоршаған орта және оны дамыту туралы Декларациясы қабылданды.

1994 жылы Дүниежүзілік туризм министрлері конференциясында туризм Декларациясы қабылданады ( Осака,Жапония, 1994 ж 4 қараша )   

1996 жылы ДТҰ-ның екінші форумында парламент пен аумақ билігі «Туристік саясатқа жауапкершіліктер» деген тақырыпқа Декларация бекітті (Бали, Индонезия).

1997 жылы туризм сферасының жетекшілерінің  Дүниежүзілік жиналысы өтті (Манила, Филиппины, 22-23 мамыр  1997ж.) әлеуметтік туризм әсері  атты Маниль декларациясы  1997 ж 22 мамырда қабылданды.

ДТҰ Бас Ассамблеясының 13-ші  сессиясы Сантьяго (Чили) қаласында 1999 жылдың 27 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Туризмнің глобалдық-этикалық кодексі қабылданды

Кодекстің резолюциясының зерттемесі ДТҰ-ның бас ассамблеясында Стамбұлда 1997 жылы қабылданды. Келесі 2 жыл арнайы Глобальды этикалық кодекс комитетін құруға дайындық болды, ДТҰ-ның бас хатшысы мен заңды кеңісшісі қабылдаған бұл жоба Іскерлік кеңес,  ДТҰ Аймақтық комиссиясы және Атқарушы кеңесі негізінде құрылды.

БҰҰ комиссиясының қарқынды жұмысының арқасында 1999 жылы Нью-Йоркте жаңа концепция қабылдады және ДТҰ-ны қосымша секторлармен толықтыруды ұсынды.  70-тен астам мемлекеттер Кодекстің жазбаша түсініктемелерін қабылдады. Олар ДТҰ-ға мүше елдер еді. Ұзақ уақыт бойы дайындалған 10 пункттен тұратын қорытынды Глобальды этикалық туризм кодекс 1999 жылы қазанда ДТҰ бас ассамблеясымен Сантьяго қаласында бір ауыздан қабылданды

Туризмнің глобальды этикалық кодексінің мақсаты – соңғы жылдары жазылған әр түрлі құжаттарды, кодекстерді және декларацияларды  жинақтап,қоғамға пайдасын тигізетін жаңартулар енгізу болып табылады.

Туризмнің глобальды этикалық кодексі 10 мақала бекітті:

- халық аралық қатынастарда туризмге көп көңіл бөлу

- туризм - жеке және ұжымдық жетілдіру  факторы;

- туризм - төзімді дамудың факторы;

- туризм - қолданыстағы адамзаттың мәдениетті мұрасын және өз үлесінің арту шеңбері;

- туризм - қабылдаған елдер және одақтар үшін берекелі қызмет;

- туристтік үдеріске қатысушылар міндеті;

- туризмге деген құқық;

- туристтік сапардың еркіндігі;

- жұмыскердің және туристтік индустрияның кәсіпкерінің құқықтары;

- туризмнің ғаламдық этикалық кодексінің ұстанымының жүзеге асуы.

Тоғыз кодекс - " үкіметтердің, туроператорлардың және өздерімнің жиһангездерінің бейнетқорлардың туристтік агенттіктердің «ойынның жөн-жосық»  туристтік бағыттарын анықтау болып табылады. Оныншы мақала даулы сұрақтарға және тұңғыш рет оларды шешу механизмін де қарастырған болатын.

Кодекстің ұстанымдарының арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден, кодекс туризмге деген құқықты бекітті.

Екіншіден, туристтер барған еліндегі азаматтар секілді тең құқыққа ие болады деп бекітті

Үшіншіден, визалық, санитарлы және кедендік формальділіктер барынша оңтайлы шешілуі тиіс. Туристерге саяхаттау үшін еркіндіктер беріліп, халықаралық туризмге барынша көп туристерді тарту; осы формалдылықтың ықшамдау негізінде басқа елдер арасындағы бейбітшілік пен туристерге жағдай жасау формальділіктер келісімін жоғары деңгейге қою; туризм индустриясына нұқсан келтіретін жағдайларды, оның ішінде, ақырындап салықтарды төмендетіп немесе мүлдем алып тастау туралы мақаланы бекітті

Төртіншіден, туризм саласы бойынша мамандандырылған мамандар, әсіресе, инвесторлар жаңа жоба зерттеу барысында қоршаған орта мен табиғатқа зиян келтірмеу үшін мемлекет бекіткен заңдар шеңберінде зерттеу жүргізуі тиіс; сонымен қатар, олар болашақ бағдарламаларының жобасы, мүмкін болатын нәтижелер жайлы және мазмұны туралы ақпарат беріп отыруы тиіс.

ДТҰ-ның 14-сессиясында да біршама құжаттар бекітілген( Сеул қаласы ( Корей Республикасы)/ Осака қаласы (Жапония), 24-29 қыркүйек 2001 ж). Олар:

- «Әлем мен туризм» деп аталатын Сеуілдік декларация. Бұл декларация бойынша бүкіләлемге туризм саласын күшейтілген түрде қарқынды дамыту

- Мыңжылдық Осака декларациясы;

- Дүниежүзілік Туристік Ұйымның туризм саласы бойынша көшбасшылары атынан өтініші жазылған. Бұл өтініште ДТҰ-ның Бас ассамблеясының 14-сессиясында,Мыңжылдық Сеул (Корея Республикасы) конференциясындағы және Осакада (Жапония) қатысқан лидерлері 23 қыркүйек – 1 қазан 2001 ж жазған болатын.  

2000-2002 ж аралығында ДТҰ мен ЮНКТАД арасында біріккен бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама "Төзімді туризм - екі іліктес мақсаттың шешіміне деген оқтаулы: қайыршылықтан (ST - EP) " құтқару мен дамыған мемлекеттер арасында қзара қатынастарды дамыту бағытына арналған бағдарлама болды. ST-EP бағдарламасы туризмді дамыту бойынша Бүкіләлемдік саммитте Йиханнесбургте 2002жылдың тамыз айында мақұлданды. Алдағы уақытта бұл бағдарлама ДТҰ-ның әрбір жиылысы кезінде ескеріліп, дамытылып отырды. 2004 жылы ДТҰ ST-EP Фондының негізін қалады ( Корея қаласында орналасқан)

Төмендегі мәселелер бойынша ДТҰ:

- ST-EP Фонды бірінші кезекте БҰҰ-ның мыңжылдық Декларациясына сәйкес белгіленген мақсаттарға қол жеткізіп,өркендетіліп отыруға міндетті

- БҰҰ бекіткендей қайыршылық деңгейі барынша төмен болуы қажет

- дамыған елдерде туристтік қатынастарды орнатумен қатар, артта қалған мемлекеттермен де қатынас орнатуы қажет

2002 жылы ЮНЕП пен ДТҰ өткізген Бүкіләлемдәк экотуризм саммитінде (Квебек,19-22 мамыр 2002 ж) Квебектік экотуризм декларациясы қабылданды,бұл декларацияда ұлттық бөлім басшыларына, жеке меншік секторларға, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға, оқыту мекемелеріне,сонымен қатар, үкіметаралық ұйымдар мен финанс мекемелеріне қатысты ұсыныстар жазылған болатын.

ДТҰ-ның 2003жылғы қазан айында Қытайда (Пекин) өткізілген 15-сессиясында, 2005 жылғы қараша/желтоқсан айларында Дакар дағы(Сенегал)

16-сессиясында, 2007жылғы Колумбиядағы ДТҰ-ның 17 -  сессиясы өтті.

16-сессия кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Ынтымақтастық жүйесі мынандай бөлімшелерден тұрады: а) БҰҰ жасаған бағдарламаларға қатысу б) Мекемелерді басқару Конвенциясына көңіл бөлу. Сонымен қатар, 16-сесияда туризм индустриясындағы Ақ кітап жобасы мен 2010 ( туризм саласындға 50 мемлекет көосеткіштері мен ДТҰ тарапынан мемлекеттегі туризм көрсеткіштерін бағалауға мүмкіншілік беретін құжат ) жылғы « Саяхаттар жайлы арнайы ұсыныстары бар жобалары қарастырылды. Бұл құжаттардың барлығы да саяхат жасауда арнайы ұсыныстарды басқарады.

 2005 жылғы ДТҰ UNWTO (ЮНВТО) аббреватурасын қабылдады.

Қоғамдық туризмді дамыту, ДТҰ-дан басқа 1963 ж Брюсселде құрылған Халықаралық туризм бюросы  маңызды орын алады. Бұл бюро қоғамдық туризмді дамыту жолындағы  ұлттық туристік ұйымдардың барлығының басын қосады. Бұл ұйымның хартиясы 1972 жылы Вена қаласында Бас ассамблеяда қабылданды. Мұнда қоғамдық туризмнің негізгі фундаменттері қабылданған болатын. 1980 және 1982 жылы ДТҰ-ның Маниль Декларациясында және ДТҰ-ның Акапульттық хартиясында қабылданған декларацияларға да сыр көрсетті. Жоғарыда көрсетілген декларациялар сауықтыру туризміне де бағытталған.

Өзінің шешімдері  мен аймақтарды ұтымды басқару үшін бас ассамблея 6 аймақтық комиссияларды: үшін Африканың(КАФ), Американың(КАМ), Шығыс Азияның және Тынық мұхиттың(КАМ), Европаның(КЕВ), Таяу Шығыс(КМЕ) және Оңтүстіктің Азиясының(КСА) шегінде ДТҰ бөліп бекітті. Аймақтық комиссияның мәжілістері жиналыстары әрдайым сайлаушы төрағасымен және председатель басшылығыменмерзім 2 жылға сайланатын сайланушылардың төраға және екі вице-председателей – комиссияның қатысуымен өтеді.

ДТҰ басқарушысы органы атқарушы кеңес қызметін атқарады. Сессия арасындағы мерзімдерде Бас ассамблея әкімшілік және техникалық сұрақтармен айналысады ( функционалдық және қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде )  

ДТҰ-ның Атқарушы кеңесі қызметіне  көбіне мыналар кіреді:

  •  Бас ассамблея қажетті шараның(соның ішінде кеңеске ұйымның бас хатшысымен) барлығын дұрыс шешуі тиіс,сонымен қатар, ассамблея алдында есеп беру;
  •  Есеп беруді қабылдап, оларды Бас хатшы көмегімен ұйым қызметі туралы ақпарат алмасып отыру;
  •  Бас ассамблея қабылдаған ұсыныстарды зерттеп, болжамдар жасау;
  •  Бас ассамблеяға бағдарламаға ұсыныс жасамас бұрын ұйым жасаған жалпылама бағдарламаларды жан-жақты қарап шығу;
  •  Бас ассамблеяның есеп беруі және әкімшілік қызмет пен жобалардың бюджеттерін бақылау;
  •  Ұйым басқармасының Қосалқы органдарды қажет деп санағанда құру;
  •  Бас ассамблея бекіткен кез – келген тапсырмаларды орындау;

Атқарушы кеңес қосалқы органдардан тұрады. Оларға:

Бағдарламалық және координациялық техникалық комитет ұйым жасаған бағдарламалар сұрақтарын талқылаумен айналысады;

Бюджеттік-қаржылық комитет кеңес қабылдаған тапсырмалардың қаржылай жактарын есептесумен айналысады;

Қоршаған орта комитеті құрамында барлық кеңес мүшелері қатыса алады;

Формальдылықтарды ықшамдау комитеті жүйелі түрде туристердің халықаралық қатынастардағы кіріс-шығыстарын қадағалап, ұлттық туризмді бақылап отырады. Комитет барлық атқарушы кеңес мүшелері үшін қызмет етеді.

Статистика комитеті анализдерді және халықаралық және ұлттық   статистикалық бағыттағы туризм сұрақтарын шешумен айналысады;

Жаңадан қосылған мүшелерді басқарумен айналысатын кішігірім комитетше. Комитетшенің басты мақсаты – жаңа құрылған комитеттердің ДТҰ қабылдаған квалификациялық талаптарына сай келуін қадағалау.

ДТҰ секретариаты штат қызметкерлерінен тұрады және оны ДТҰ-ның бас хатшысы басқарады.

ДТҰ-ның  ұйымдық құрылымы

Бас хатшы Бас ассамблеяның бекітуі бойынша тағайындалады ( атқарушы кеңес ұсынысымен). Бас хатшы 4 жылға тағайындалады. Бірақ 4 жыл ішінде дұрыс қызмет жасай алмай қалған жағдайда оны қайта сайлауға болады. Бас хатшы Бас ассамблея мен атқарушы кеңес алдында олардың тапсырмасын орындауға міндетті. Көбінесе бас хатшы ұйымның қызметі жайлы, әкімшілік есп, бюджеттік жоба мен жалпы бағдарлама жұмыстарына есеп береді және заңды ұйымдарды қамтамасыздандырып отырады. ДТҰ – ның бас хатшы қызметін  : Роберт С. Лонати (Франция, 1975— 1984 жж.); Виллибальд П. Паар (Австрия, 1985—1989 жж.) атқарды.

Антонио Э. Савиньяк (Мексика) 1990 жылдың қараша айынан бастап бас хатшы қызметін атқаруда.

Секретариат персоналы ДТҰ –ның бас хатшысымен тағайындалады. Секретариат берілген тапсырмалардың дұрыс атқарылуына жауапкершілік артылады. Халықаралық ұйымдарда қабылданғандай бас хатшы және секретариат персоналы ДТҰ қабылдаған заңнамаларға сәйкес « Кез-келген мемлекеттен немесе үкіметтен ешқандай да тапсырма алмауы тиіс. Олар тек ДТҰ ұйымарының ғана тапсырмасын орындауға міндетті. ДТҰ беделін халықаралық дәрежесін  түсіретіндей ештене жасамауы тиіс.»

Ұйым бағдарламасын орындауға эффективті көмек көрсету мақсатында құрылған персонал.

1989жылы тамыз айында 6 топ секретариатта құрылған болатын. Олар әр түрлі сұрақтар мен мәселелермен айналысады. Туризм сферасында автоматтандыру, сауықтыру туризмі, жастар туризмі, мүгедектер туризмін дамыту, туризм және транспрот мәселелерін өзіне қамтыды.

1989 жылдың 31 желтоқсанында ДТҰ құрамына 67 өкіл тіркелді.




1. а действующие в процессе от своего имени имеющие право на совершение процессуальных действий направленных
2. это семья ребенка
3. усадьба семьи Степана Бандеры где один из лидеров Организации украинских националистов ОУН провел юные го
4. Культура древних цивилизаций
5. й. 16 февраля~ 2014
6. Картотека домашней библиотеки- выходные данныекниги авторы название издательство и так далее раздел биб
7. Тема Гігієна розумової праці та заходи безпеки у кабінеті української мови та літератури СШ ’ 119 Дослід.html
8. Вы можете установить локальный принтер если имеете административные права на данном компьютере
9. Расчетные документы не оплаченные в срок
10. Реферат з краєзнавства Культурне надбання рідного краю Київська область Київщина край багатий на
11. Сифонокладальный и сарциноидный тип таллома отсутствуют
12. Средневековое искусство Западной Европы
13. Реферат- Компьютерные вирусы и борьба с ними
14. Прикладная кинезиология. Ключ к человеку.html
15. то из них могут быть удовлетворены самостоятельно взрослым человеком какието ~ только совместно с кемлибо.html
16. Театрализация в детском саду
17. Реферат- Развитие учения Христологии в ранней Церкви (1-3 века)
18. Реферат- Проблемы демократического процесса в Российской Федерации
19. Тема- Лечение сахарного диабета Тюмень ~ 2009 г
20. единица синтаксиса.