Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
4
Тілдің пайда болуы, қоғамдық-әлеуметтік мәні
Жоспар:
Тілдің шығуы туралы
Тіл мен қоғам бірлігі
Тілдің әлеуметтік мәні
Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыда-ақ өзіне аударып келген. Олар бұл мәселе туралы түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан қилы байымдаулар жасады.
Тілдің шын шығу тегін, табиғатын тану, оның ғылыми жүйесін толық зерделеу адамзаттық дүниетаным жетістігі ретінде танылады. Тілдің шығуы туралы антикалық дәуірде үлкен ілім жасалған. Мифологиялық түсінік пен танымды қабылдап, талдау жасаған ежелгі гректер тілдің ішкі мағыналық табиғатын тануда өзіндік қисын қалыптастырған. Сөздің ішкі тұлғасын, негізгі этимологиясын анықтауда антикалық философтар үлкен жетістіктерге қол жеткізе отырып, тілді адам өзі ойлап тапқан деген тұжырым жасаған.
Орта ғасырдағы тіл білімінде тілдің шығу тегі құдай теориясына негізделді. Еуропа ғылымында тілдің шығу тегі Інжілдегі қисындық үлгілермен, мұсылман философиясында Құран негізіндегі Алланың атымен түсіндірілді. Орта ғасырдағы зерттеушілер тілдің шығу теориясын дұрыс түсіну үшін этимологиямен айналысты. Исидор Севильский көне еврей тілін адам баласының алғашқы тілі ретінде қабылдап, Вавилондық мұнараның салынуына дейінгі тілдің түбірін, ондағы негізгі заңдылықтарды анықтауға тырысты. Лютер "шындық - сөзде, тілде жасырынып жатыр" деп есептеді. Я.Беше неміс және латын сөздерін буынға бөліп зерттеп, мағынаны іздеді. Парацельс еңбегінде адам тілді құстардан үйренген деген пікір айтты. Мұсылман философиясында VІІІ ғ. бастап сөздің сыртқы жамылғыш тұлғасы мен ішкі мағынасының ұқсастығы, жақындығы зерттелді. Мұны алғаш қарастырған ғалым, зерттеушілердің көрсетуінше, Халал ибн Ахмат болған. ІХ ғ. мына теориялар болған:
1. Тіл (араб тілі - ағашқы адамзаттық тіл) - Алла тағаланың құдіретімен пайда болған.
2. Араб тілі Алла тағаланың жаратуымен жасалды, бірақ ол бірден қалыптасқан жоқ, лексикалық қалыпта Адамға үйретілді, кейін пайғамбарлар арқылы дамытылып, тек Мұхаммед пайғамбар арқылы бүкіл байлығы хабарланды [А.Салқынбай, Е.Абақан. Тіл әлемі. 279-б.].
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды. Бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды. Мұның өкілі-неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716). Аталған теория тілдің шығуын былайша түсіндіреді: Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстардың сайрауын, судың сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, - дейді.
б) Тілдің шығуы туралы екінші теория эмоциональдық теория. Бұл теория 18-19 ғасырларда кең тараған. Оның жақтаушысы Ж.Ж.Руссо (1712-1778).Ол «бір нәрсеге құштарлық алғашқы сөздерді шығарды», деп жазды. Ж.Ж. Руссоның «эмоциональдық теориясы» одағай теориясына (19-20 ғасырларда) келіп ұласты. Одағай теориясы бойынша, алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар арқылы, яғни одағайлар арқылы білдірген. Сол эмоцияны білдіретін әр түрлі «еріксіз шығарылған дыбыстар» әлгі заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып шарттасып жасаған. Осыдан келіп тіл пайда болған дейді. Тіл туралы келісу, шарттасу үшін, ол адамдардың бұрыннан тілі болуы керек қой. Олай болса, бұл теория да ешбір дәлелсіз.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л.Нуаре, К.Бюхер) мен Ф.Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады.
Бұл болжамды көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.
Дүниені танып білуге қойылатын басты бір методологиялық талап шындықтың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді. Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына да, қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да, қойылатын бірінші талапты тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мәні, оның шығу себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп шығады. Бірақ бұл мәселе жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, мынадай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі бүкіл адамзат баласына тән жалпы сөйлеу құралы болып табылатын тілді білдіретін жалпы ұғым, ал екіншісі жеке халықтардың сөйлеу құралы болатын жеке (нақты) тілді білдіретін жекеше ұғымдар.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат қоғамының пайда болуы сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ философия мен психология, археология мен этнография, физиология мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса күрделі проблема болып табылады. Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол-адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады. Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.
Олай болса, материалдық өндірісті тудыратын тіл емес, керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы адамдардың бәріне түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат тілінің пайда болу теориясының негізін салған К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және мұқтаждығьнан туады". Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бірқатар ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазір де де бар. Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа еліктеу” (немесе аноматопоэтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді. Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді. Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық құбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы" деген логикалық қорытынды шығаруға жетелейді.
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория "қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.
XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші құрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын құдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сайып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен этнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысында туған қоғамдық қажеттілік алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам қоғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Маслов Ю. С. Введение в языкознание. М.,1987.
2. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М.,1987.
3. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
4. Будагов Р. А. Введение науку оязыке. М.,1965.
5. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
6. Головин В. А. Введение в языкознание. М., 1983.
7. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
8. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
9. Степанов Ю. С. Основы языкознания. М.,1992.
10. Теоретические основы классификаций языков мира. М.,1980.
11. Основные направления структурализма. М., 1964
12. Дирингер Д. Алфавит. М.,1963.
13. Вандриес. Ж. Язык М.,1987.
14. Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность. М., 1974.
15. Гумбольдт В фон. Избранные труды по языкознанию. М., 1964.
16. Соссюр Ф. Курс общей лингвистики. М., 1933