Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~атынаста ~олданылатын с~здер мен ~~жат тілінде ~олданылатын с~здерді екі айырып жазы~ыз

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

СОӨЖ тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқыңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста қолданылатын сөздер мен құжат тілінде қолданылатын сөздерді екі айырып жазыңыз.  Сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Үлгі:

Дипломатиялық стиль

Құжат тілі

 

Мемлекетаралық келісім

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

КЕЛІСІМ

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады,

өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты ескере келіп,

теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды көздей отырып, төмендегілерге келісті:

1-бап

Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды.

2-бап

Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды сырттан әкелуге және сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшін елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіденжоғары болмауын қамтамасыз етуге келісті.

3-бап

Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып отыруға келісті.

4-бап

Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай екі елдің жеке адамдары мен құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.

5-бап

Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүниежүзілік баға мен халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісім не туралы?

2. Мемлекетаралық келісімнің әдеттегі келісімнен айырмашылығы неде?

3. Келісімнің мақсаты не?

4. Екі жақ қандай келісімдерге келді?

СӨЖ тапсырмасы

1.http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals сайтынан «Дипломатия жаршысы» журналынан дипломатиялық мәтін үзіндісін орысшадан қазақшаға аударып, жазылуын, мазмұнын талдаңыз.

2.  «Халықаралық ұйымдар және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында баспасөз материалдарымен жұмыс істеңіз. Онда қандай халықаралық мәселелер көтерілгенін, өту барысын зерттеп, келесі сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми құрылған кезі қай кез? А. 1977

В. 1975.

С.1973  

Д. 1974

2. ЕҚЫҰ қандай бағытта жұмыс атқармайды?

А. Қауіпсіздік

В. Ынтымақтастық  

С. Адам құқығы  

Д. Еңбек бөлінісі

3. Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту ЕҚЫҰ-ның –

А.Мақсаты.  

В. Қызметі

С.Жетістігі  

Д.Жұмыс нәтижесі

4. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды?

А.1993

В.1994  

С.1992  

Д. 1996

5. ЕҚЫҰ-ның ҮІІ Саммиті қашан қай жерде өтті?

А.2010, 1-2 желтоқсан. Астанада.   

В. 2010, 1-2 желтоқсан. Алматыда.  

С. 2011, 1-2 желтоқсан. Румынияда.  

Д. 2009, 1-2 желтоқсан, Венада

6.Келесі сөздердің толық атауы мен қызметін жазыңыз.

БҰҰ, ИКҰ, ЕК, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ.




1. Ответы к экзамену по Теории Организации
2. Общепризнанные принципы и нормы международного права как составная часть правовой системы России
3. тема имеющаясложноорганизованную структуру с различными элементами компонентами
4. одна из главных составляющих маркетинговой деятельности роль которой все более возрастает
5. Сбербанк России [3
6. Миома матки
7.  С 26 43 Гоголь Н
8. Тема реферату та презентації Прізвище учня 1
9. Курсовая работа- Современные этапы и перспективы развития торгово-экономических отношений России и ЕС.html
10. модуль МО Введение в дисциплину Педагогика Цель и задачи изучения дисциплины Педагогикаи ее професс
11. модуль 2 Основи діагностики лікування та профілактики основних хвороб органів травлення Практичне з
12. Нутриенты в питьевой воде Вода, санитария, охрана здоровья и окружающей среды
13. Дипломная работа- Психологічні чинники прояву політичної культури студентської молоді
14.  С193218 АН
15. 1 Понятие фирмы ее сущность и роль [0
16. Реферат- Женская преступность
17. Поэтика психологических характеристик в повести ВАстафьева Пастух и пастушка
18. ПАТРИОТИЗМ Понятия Отчизна Отечество Родина по своей сути глубоко нравственные формируются одн
19. Реферат- История теорий социального неравенства
20. Политология МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИ