Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і М~ны~ арысы Батысты~ берісі Ресейді~ озы~ м~дениеті мен ~ылымынан кенже келе жат~ан ~аза~ ~о~амына игі ы

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ІІІ тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы  Қазақстандағы әлеуметтік ойлар. 3 сағат.

    ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жүз жылдан астам уақытқа созылған патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының реакцияшыл сипатымен қатар сол кезде қашаннан көрші келе жатқан екі елдің өмірінде жаңа мәдени қарымқатынастың да пайда болғаны белгілі. Мұның арысы Батыстың, берісі Ресейдің озық  мәдениеті мен ғылымынан кенже келе жатқан қазақ қоғамына игі ықпалы болды. Осының әсерінен қазақ даласында кең көлемде ағартушылық сипат алған жаңа әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптасты. Қазақтың ұлттық мәдениетінің тарихында жаңа жол ашушы қоғамдық-саяси қайраткерлер мен ойшылдар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай  Алтынсарин, Абай Құнанбаев халықты білімге, мәдениетке шақырды,  осындай озат идеяларды Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысының жетекшілері отаршылдықпен күреспен, тәуелсіздік ұғымдарымен байытты.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар тарихымен таныстыру. Ол үшін Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаевтардың әлеуметтанулық көзқарастарынан хабардар ету. Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлының әлеуметтанулық көзқарастарындағы өзіндік ерекшеліктерді көрсету.

1-сабақ. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары.1сағат. 

      1. Шоқан халықтық реформа туралы.

      2. Шоқанның дін туралы ойпікірлері.

     3. Ыбырай ғылым мен білімнің әлеуметтік рөлі туралы.

     4. Ыбырай дін халықтың рухани өзегі ретінде.

      1. Сабақтың мақсаты: Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастарын  оқып, үйрену. Бұл міндетті шешу үшін студенттерді Шоқан Уәлихановтың халықтық реформа және дін туралы ойпікірлерімен, Ыбырай  Алтынсаринның ғылым мен білімнің әлеуметтік рөлі, халықтың рухани өзегі - дін  туралы ұстанымдарымен таныстыру.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы,  ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов  қоғам дамуының прогресті жолын қолдаушы, демократиялық бағытты ұстанушы ғана емес, өз халқының артта қалғандығы туралы күрделі әлеуметтік ойтолғаныстардың иесі. Ол өзінің көптеген шығармаларында өз халқының артта қалғандығы туралы жаны ауырып, оның ары қарай дамуы үшін Ресеймен экономикалық және мәдени байланысты нығайта түсу қажет деп санады. Ол ұлттық шектелушілік пен тұйықтықтың халық мүддесіне жұмыс істемейтінін жақсы түсінді. Сондықтан қазақ халқының алдыңғы қатарлы дамыған елдермен жанжақты байланыста болғанын қалады, жаңаруды оқу-білім беру, ағарту ісінен іздеді. Бұл бағытта сан жылдар көрші ел – Ресейдің Қазақстан үшін ерекше маңызы барын ескере отырып, ол өз халқының ұлттық дербестігін сақтауын ойлады. Оның «... қандай даму сатысында тұрса да, халықтың қалыпты өсуі үшін қажет нәрселер: өздігінен даму, өздігінен қорғануы, өзін-өзі басқару...» екенін айтуы жайданжай емес еді [3, 103]. 

Сондай-ақ ұлы ғалымның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін адамдар еркін болуы шарт деген ойы бүгін де аса маңызды. Ал еркіндікті дұрыс пайдалана білу үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.       

Шоқанның әлеуметтанулық көзқарасының ең бір бағалысы - тарихты ілгері бастырудағы халықтың рөлін дұрыс тануы, өзінің талап-ойының барлығын халықтың атымен байланыстыруы. Сондықтан ол өз өмірінің негізгі мақсаты — қолынан келгенше халқының рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.

«...Қазақ халқы ең бейбітшілікті сүйгіш халықтардың бірі» дей отырып, Шоқан Уәлиханов осыны дәлелдегісі келді.  Көшпенділерге нәсілшілдік  қатынасты әшкерелей отырып, ол қазақтардың өзіндік ерекшеліктерін, мәдениетін, ақылпарасатын, адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалады. Ол өзінің «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы жазбалар» атты мақаласында былай деп жазды: «Еуропада күні осы уақытқа дейін көшпелі  тайпаларды мейірімнен жұрдай  қатыгез орда, жабайылардың тәртіпсіз тобыры деген ұғым әлі үстемдік құрып отыр. Көшпелі монғол мен қазақ халқы жайындағы түсінік тұрпайы хайуан тектес жабайылар деген долбармен тығыз байланысты. Ал сөйткен жабайылардың басым бөлігінің  өз әдебиеті, аңыз-әңгімелері, жазбаша және ауызша шығармалары бар. ...Дала перзенті  - қазақ өзінің ақыл-парасаты, қабілет-қарымы, адамгершілігі жөнінен отырықшы татар мен түріктің қарапайым адамдарынан әлдеқайда биік тұр. Өлең-жырға құмарлық, әсіресе, суырып салма  ақындық көшпелі тайпаларды  дараландыра түседі» [4, 94].  

         Шоқан Уәлиханов шығармаларының ішінде оның «Сот реформасы  жайында жазба» атты еңбегі әлеуметтік ойлар тұрғысынан да ерекше қызығушылық туғызады. Бұл, біріншіден, сол кездегі қазақтың әлеуметтікэкономикалық ойының теориялық және практикалық жағынан асқар шыңы.  Екіншіден, бұл   қазақтың ұлттық мұңмүддесін ойлаудың шынайы көрінісі.

        Шоқанның пайымдауынша, адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретіні зиянды болып табылады. Сондайақ қандай бір болмасын реформаға қоғамдық қажеттілік болғанда ғана оның жүзеге асатынын атап көрсетеді. Ал қоғамдық қажеттілік деген ұғымға ол әлеуметтік факторларды - адамдардың ақылқабілетін, өнегелілігін, саяси сана сезімінің жоғарылығын сиғызады.

   Ш. Уәлиханов реформаны іске асыру барысында қоғамдықтарихи үдерістердің, халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын,  ерекшеліктерін ескеруді қажет деп санайды. Ол қазақтың еуропалық реформаны қабылдайтын қабілетін арттыру үшін қарапайым халыққа алдын ала білім беру арқылы оның ой қабілеттілігін жетілдіру керектігін жақсы түсінді.

Қоғамдықсаяси жаңарудың қозғаушы тетігі, оның материалдық қажеттерін қамтамасыз етудің шарты ретінде Шоқан  экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән берді. «Біздің қазіргі уақытымызда халыққа етене жақыны әрі ең маңыздысы болып, оның ең толғақты қажеттіліктеріне тікелей қатысты реформа, - деп жазды Шоқан, -  экономикалық және әлеуметтік реформалар есептеледі, ал саяси реформалар экономикалық реформаларды жүргізу құралы ретінде орын алады, өйткені әрбір адам жекеше түрде және бүкіл адамзат ұжым болып өз дамуында бір ғана  соңғы мақсатқа  өзінің материалдық тұрмысын жақсартуға талпынады, осы тұрғыдан прогресс (ілгерілеушілік) аталатын нәрсе анықталады» [   ]. Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе  Шоқан «прогресс» деген ұғымның мазмұнын адамдардың материалдық әлауқатын жақсартуға қатысты қарап, оны халықтың еркіндігі және ағарту ісімен байланыстырады.

     Ұлы демократ Шоқан Уәлиханов өз кезіндегі патрирхалдық-феодалдық қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына көз жібере алды. Ол ерекше мәртебе, құқықтарға ие сұлтандар, билер, байлар мен қожалар және «қыр пролетарлары»  кедейлерден тұратынын көре білді. Және бұлардың мүдделерінің қайшылықты сипатта болатынын атап көрсетті. Сол себепті Шоқан «бүкіл ұлттың мүддесі» жекелеген топтың мүддесінен жоғары тұруы қажет дейді. 

        Оның әлеуметтанулық көзқарасының ең бір бағалысы — тарихты алып барушы күш — халық екенін дұрыс тануы болды. Ол «оннан гөрі жүз дұрысырақ та, пайдалырақ та» деп жазды.

   2. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарастары, әсіресе адамдардың діни сенімі туралы ойлары сол кездегі замандастарынан ерекше. Оның діннің шығу себебін ғылыми түрде дәлелдемек болуының өзі өз дәуірі үшін бір адым ілгері басқандық болып саналады. Ол діни танымдар мәнін түсіндіруде, нақтылай айтқанда қазақтардың шамандығы жайында айта келіп, философиялық танымның негізгі мәселесін   материя мен сана байланысын материалистік  тұрғыда ұғынды. Мұның негізгі себебі Шоқанның терең білімі және айрықша қабілетімен түсіндіруге болады. Ол табиғат пен қоршаған ақиқатшындық адамның санасынан тыс тіршілік етеді деген шешімге келген, әлемді мәңгілік және шексіз деп санаған.

Ш. Уәлиханов дінге қатысты арнайы бірнеше мақала жазған.  Олар -  «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Даладағы мұсылмандық туралы» және «Тәңірі (Құдай)».

Шоқан діни надандықтың қас жауы болды, мұсылмандық фанатизм мен діни кертартпалыққа батыл түрде қарсы тұрды, қазақ қауымының өркендеуіне бірден-бір тежеу, қырсық осыдан деп ұқты. Ол қазақтарға татар молдалары мен ортаазиялық өтірік әулиелердің зиянды әсерін бар ынта-жігерімен әшкереледі. Ол «Даладағы мұсылмандық туралы» мақаласында «Біз қалайда татарлық кезеңді айналып өтуіміз керек...» дей отырып, бұл ультрамұсылмандық бағыттың қанат жаюына ықпал етіп отыр деп атап көрсетті [3, 7677]. Бұдан құтылудың жолын ол білімнен іздеді, сөйтіп «Тек ақиқат білім ғана күмәннан арылатын рух береді, тек сол ғана өмір мен материалдық тұрмысты бағалауға үйретеді» деп жазды [3, 77].

Ш. Уәлиханов дінді де халықтық мәселе қатарына жатқызды. Ол «біз үкіметтің  қандай-да бір білімге қарсы кез келген дінге қамқорлық танытпауын және қорқыту мен соққыға негізделген теологиялық заңдарды далаға зорлықgty енгізбеулерін өтініп, талап етеміз» [3,79].  «Орыс үкіметі біздің өнегелі, тәрбиемізді сеніп тапсырған татардың діни ақзамдары біздің пиғылымыз бен ниетіміздің азғындауына әсер етті, пара алды, екіжүзділікке үйретті,  ортаазиялықтармен қосылып аңқау қазақты алдап соғуда».  Сонымен қатар патшалық әкімшіліктің «бұратана сібірліктер арасына біздің миссионерлеріміз бен дін қызметшілері арқылы  енгізілген христиандық, құзырлы адамдардың айтуы бойынша, мейлінше сәтсіз жүріп жатыр және бәрінен маңыздысы – халыққа онша ықпал етіп жатқан жоқ» деп жергілікті халықтың өз сеніміне мықтылығын атап көрсетеді [3, 79]. Сондайақ Шоқан қазақ даласының татарлардан дінді дәріптеуі жағынан ерекшелігін ескере отырып,  Орынбор мүфти ведомоствасынан бөліп, аймақтық ерекше ахун тағайындау, татар молдарының орнына  қазақтар мен қожаларды бекітуді ұсынды.

1854-1855 жылдары жазылған «Тәңірі (Құдай)» атты мақалада да өздерінің  өмір сүруінің болмысына айналған шамандық сипаттағы алуан түрлі тұрмыстық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жан-жақты әңгіме ете отырып,  ислам дінінің  ғасырлар бойы келе жатқан, өздерінің  өмір сүруінің болмысына айналған шамандықтың қалдықтарын жоя алмай отырғандығын айтылады.  Шоқан әдет-ғұрыптардың барлығы халықтың табиғаттың тосын құбылыстарын қасиетті деп  тануынан, тұрмыс тіршілігінен туғандығын атап көрсетеді.

Қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруде Ш. Уәлихановтың  «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаланың орны бөлек. Ұлы ғалымның  пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Сондайақ діни сенім табиғат күшінің адамға еткен өктемдігінің әсерінен, адамның оның алдында әлсіздігінен пайда болғандығын дәлелдейді. Өзі қырсырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді. Шоқан Уәлихановтың: «Бүкіл әлемді оның таңғажайыптарымен бірге тану қажеттілігі, өмір мен өлімнің және адамның табиғатқа қатынасы туралы сұрақтар шамандықты – бүкіл әлемді  немесе табиғатты  және өлген адамдарды шексіз қадірлеп, мәпелеу жағдайын тудырды. Сөйтіп аңғалдық кезеңіндегі адам табиғат не бүкіл әлем деп аталатын күн, ай, жұлдызды және басқа да шексіздікті, мәңгілік пен алуан түрлілікті қадір тұтуға алып келді» деп жазуы тегіннентегін емес еді.

Адам өзі өмірінде  басшылыққа алатын табиғатқа  қатысты ережеқағидалар тудырды. Шамандық нанымсенім деп атайтын ырымсалттардың шығу тегі  міне осында жатыр еді. «Біздің пікіріміз бойынша,- деп жазды Шоқан Уәлиханов, - шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды, жалпы көк идеясында оның барлық жеке бөліктері, яғни күн мен ай; жер, ол да жеке бөліктерімен: өзентауларымен, керемет тастарымен, ағаштарымен т.б. қадір тұтылды»[3, 58].

   Шынында да, табиғаттың адамға, әсіресе оның аңғалдық кезеңінде ықпалы тым күшті, тым қуатты болды, тым құпия болды, сөйтіп адам өзі өмірінде  басшылыққа алатын табиғатқа  қатысты ережеқағидалар  тудырды.  Шамандық нанымсенім деп атайтын ырымсалттардың шығу тегі,  міне, осында жатыр еді.   

Діни надандықтың қас жауы бола отырып, Шоқан мұсылмандық фанатизм мен діни кертартпалыққа батыл түрде қарсы тұрды, қазақ қауымының өркендеуіне бірден-бір тежеу, қырсық осыдан деп ұқты. Ол қазақтарға татар молдалары мен ортаазиялық өтірік әулиелердің зиянды әсерін бар ынта-жігерімен әшкереледі.

    Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары көп жағдайда әлемдік озық идеялармен ұштасып, үңдесіп жатты. Сондықтан білім-ғылымға, ежелден көршіміз Ресеймен экономикалық және мәдени байланысты нығайта түсуді үндеген тамаша ойлары бір жарым ғасырдай уақыт өзі «ең бейбітшілікті сүйгіш халықтардың бірі» санаған халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді.

3. Қазақтың тұңғыш кәсіби ұлы ағартушысы, ақын және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халқымыздың аса бір қиын кезеңінде шығар  жолды тек ғылым мен білімнен іздеп, соның жарқын жаршысы болды.

Ыбырай Алтынсариннің тағдырына тұңғыш рет мектеп ашу, қараңғы қазақ даласында білім шырағын жағу, халқын ана тілінде оқыту сияқты тарихта бұрын-соңды болмаған, маңызы жағынан теңдесі жоқ әлеуметтік  мұратты жазды. Әрине, бұл қазіргі жағдайда қиын мәселе болмағанымен ол кез үшін оңай болған жоқ. Оған  қоғамдағы орысша оқуға  деген әлеуметтік қарсылықпен де күресу керек болды. Сондай-ақ патшаның жергілікті бастықтарының «бекіністердің жанынан мектеп салудан гөрі, үйлерінің онсыз да қызыл төбелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір көрегенінің өзі» оқуға деген оңай қарсылық емес еді. Бұған Ыбырай Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге: «Қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған  халық; әттең бұл іске оқыған  адамдардың жаны ашымайтыны  есіңе түскенде  кейде күйінесің. Біз бұл жағынан алып қарағанда  кейде жылы сөзге  ынтызар жетім бала сияқтымыз» деп жазғаны да дәлел бола алады. Бұл арада әңгіме биліктегі орыс оқығандары турасында болып отыр.

Алайда, түрлі қиындықтармен күресе отырып, озық ойлы орыс достарының тікелей  көмегімен Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы қаңтардың 8 күні қазақ сахарасында тұңғыш ашқан мектебіне 14 бала тартты. Өз сөзімен айтқанда, ол «балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кіріседі». Және олардың парақор болып шықпаулары  үшін оларға  адамгершілік  жағынан  да әсер етуге бар күшін салады. Өйткені ол кезде ауылда орысша шала оқығандардың көбісі өз мүмкіндігін халықтан жырып қалу үшін пайдаланатын.

Ұлы ағартушы  мектепті қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі  осы деп санады. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге  дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алатынын атап көрсетеді. Ол мектептің ең алдымен халықтық мектеп болуы,  халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек деді. Қазақ шаруалары балаларын мектепке алып келгенде, балам білім алады деп қана қуанбасын, өзі де сол мектепті көріп, «өмірді осылай құру керек екен» деп, үлгі алып қайтатын болсын деп ойлады.

Ыбырай Алтынсарин сауаттылықты ашумен қатар жастарды өмірге дайындау мәселесін көтерді, 1883-ші жылы Торғай қаласыңда ашылған қолөнер мектебін (ремесленная школа) қазақ халқы өміріндегі "айрықша мәнді оқиға" деп атап, оны "қазақтардың нақты білімінің бастамасы" санады.

Ол қазақ балаларымен қатар қыздарға да білім беру, олардың бойына түрлі кәсіптік мамандық дәнін егу жөніндегі қажырлы  жұмыстарды  тұңғыш ұйымдастырушы.

    Ы. Алтынсарин жақсы оқытушыны дүниедегінің бәрінен қымбат көретінін айта отырып, былай деп жазған болатын: «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы, тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды».

Ы.Алтынсарин оқубілім бар жақсылықтың, материалдық және рухани игіліктердің бастауы, онсыз  байлық та, бақыт та, мұрат та жоқ деп санады. Оның ойынша, нағыз адамдар — ғылымды игерген, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін өздерінің рухани өсулеріне пайдалана білетін кісілер. Қазіргі мектеп көрген қауымға етене таныс «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңнің мына жолдары ғылым мен білімнің бар құдіретін ашып тұрған сияқты:

 Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

    Жастарды ғылым мен техника дүниесіне тереңдеп кіруге, оны игеруге үгіттей отырып, Ы.Алтынсарин «Біз болмасақ сіз барсыз, Үміт еткен достарым...» деп,  жас ұрпақтарға зор сенім білдіреді:                                    

«Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызған,

Айшылық алыс жерлерден

Жылдам хабар алғызған.

Мың шакырым жерлерге

Күн жарымда барғызған.

Адамды құстай ұшырған

Мал істейтін жүмысты

От пен суға түсірді. 

Ы. Алтынсарин қазақ оқушыларының бойына ізгілік өрнегін егу үшін ана тілінде тұңғыш "Қазақ хрестоматиясы" оқулығын дайындады.

4. Исламды жетік меңгерген Ы. Алтынсарин қазақ елінің рухани тәрбиесіндегі діннің рөліне ерекше мән берді, дінді оқыту ісі мен тәрбиеден бөлмеді. Бұл түсінікті болатын. Себебі мұсылманшылық қазақтың рухани өзегі еді. Осы бағытта оның артына қалдырған мұрасының ең маңыздысының бірі «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты оқу құралы  болып саналады. Бұл кітаптың жазылуының себептерін автор былай ашып беріп еді: «Сонымен, бірінші жағынан халықтың өз дінін білу жөніндегі талабын, бұл талапты ешбір шарамен тоқтатуға болмайтынын еске ала келіп, екінші жағынан, осылай болған соң қазақ жастарына өзінің ана тілінде  жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына сай дін оқытуға негізгі құрал бола алатын оқу құралын жасап берудің қажет екендігін еске ала келіп, оның үстіне мүмкіндігі болғанынша, біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі  түсініктері  теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына  жол бермеу үшін (бұл  қазақтарды  татарландырудың  ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой), мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осыған қоса жіберіліп отырған оқу құралын құрастыруға кірістім».

 Ыбырай Алтынсарин еңбегінде ислам туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады, мұсылмандық құқық пен өсиеттің, діни жарлықтар мен салт-жораларының ережелерін объективті түрде баяндап берді. Сонан соң бұл кітапты жазудағы тағы бір мақсат – ислам дінін шала сауатты татар молдаларынан қорғау еді. Оның ойынша, олар (татар молдалары - Ә.Б.) бүгінгі таңда жағымсыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін. Сондықтан ол бар күш-жігерімен, батыл әрекетімен халқын исламға соншалықты соқыр сеніммен берілген сүйкімсіз татар молдалардың  ықпалынан сақтауды, сол үшін  де қазақтарға орыс халқының үлгісінде білім, өнер жолымен әсер етуді өзінің алдына басты мақсат етіп қойды.

   Халқымыздың ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері Ыбрай Алтынсарин халқына қызмет етуді «азаматтық борыш» санады. Ол дүниенің кілті ғылымда деп ұғынды, өз халқын, әсіресе жастарды оқытуды, оларға білімғылым нұрын шашуды арман етті. Сол себепті де ұлы ұстаздың аты өзінің шексіз сүйген халқының жадында мәңгі қала бермек.  

Бақылау сұрақтары

  1.  Ш.Уәлихановтың халықтық реформа туралы ойы қандай?

    2.Ш.Уәлихановтың дін туралы ойпікірлері қандай?

    3. Ы. Алтынсаринның ғылым мен білімнің әлеуметтік рөлі туралы ойлары қандай?

     4. Ы. Алтынсариннің дін халықтың рухани өзегі дегенді қалай түсінесің?

    5. Ш.Уәлиханов пен Ы. Алтынсаринның дін туралы ойларының сәйкестігі және өзгешілігі туралы не айта аласың?

    2-сабақ. Абайдың әлеуметтанулық көзқарастары.1 сағат.

      1. Қоғамды тарихи құбылыс ретінде тану.

      2. Адам болмысы туралы.

      3. Дін туралы ойлар

      4. Адам тәрбиесіндегі еңбектің рөлі жөнінде.     

   1. Сабақтың мақсаты: Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарын оқып-үйрену. Бұл міндетті шешу үшін Абай Құнанбаевтың қоғам, адам болмысы, дін  және еңбектің адам тәрбиесіндегі рөлі туралы ой-тұжырымдарымен таныстыру.

Абайдың әлеуметтанулық ойпікірлерін әңгіме еткенде алдымен қоғам туралы ойларына арнайы тоқтау қажет. Өйткені бұрын-сонды қазақ ойшылдарының арасында Абайдан артық қоғам туралы іргелі ойтұжырымдар жасаған жоқ. Бұған Батыс ойшылдарының әсер еткені сөзсіз. Алайда, Абайда қоғамды қазақ даласының перзенті ретінде тану басым.

   Абайдың топшылауында дүниеде, оның ішінде қоғамда қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Ол өзінің 1894 жылғы жазған «Жиырмасыншы сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?» деп жазды. Бұл арада адам табиғаттың туындысы деген ой да ашық айтылған. Сондай-ақ  өлең сөздерінің бірінде: «Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес, Ой артынан ой туар, Желге мінсең жеткізбес»,  деп жоғарыдағы ойын жалғастыра түседі.

   Абай «Отыз жетінші сөзінде»: «Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?»  және «Дүние - үлкен көл, замана - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деп табиғат пен қоғамды салыстыра отырып, екеуіне де өзгеріс ортақ екенін көрсетеді. Қоғамды  тарихи құбылыс ретінде таниды.  

   Дүниені білуге, тануға болатындығын дұрыс топшылай отырып, Абай адам баласының жануарлар дүниесінен айырмасын көрсетеді. Ол «Жетінші сөзінде»: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» деумен шектелмей,  Құдай тағала адам жанын хайуанның жанынан ірі жаратқан деп адам жаратылысының бөлек екенін айтады. Абай адамның санасынан тыс -  объективтік дүние барлығын, демек дүниенің көрінбей тұрған сырын адамның бес сезімі арқылы қабылдауға болатынын, алайда, ол үшін көкіректе сәуле, көңілде сенім болуы керек. Санасыз, сезімсіз құр көзбен көргендіктің хайуан малдан айырмашылығы жоқ дейді.

«Он тоғызыншы сөзінде» Абай қоршаған ортаны танып, білуді – адамның парасатты парызы санай отырып, оның адамның тәрбиеленуі мен  қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударады. Ол: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп, әлеуметтанулық тілмен айтқанда, адамның әлеуметтену үдерісін аңғартады. Абай бұл ойын «Қырық үшінші сөзінде» ары қарай дамыта түсіп, адам сыртқы дүниені танығанда «Көзбенен көріп, кұлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деп келеді де, ол хабарлардың «ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалыппен әрнешік өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен (көз, құлақ, қол, тіл, мұрын – Ә.Б.) өткен соң, оларды жалғастырып, көңілде суреттемек» деп жазды.

  2. Ұлттық рухани бұлақтан танымсусынын қандырған, Шығыс пен Батыстың озық мәдениетінен барынша нәр алған Абайды феодалдықпатриархалдық қазақ қоғамының басты проблемасы  адам тағдыры қатты ойлаңдырған. Адам баласының өмірі, оның ісәрекеті, мінезқұлқы, мұраты және тағы басқалар ақынның көптеген шығармаларының алтын арқауындай деуге  болады. Сондықтан ұлы ақын өзінің азаматтық кредосын «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ...» деп, адам баласын қор қылатын надандықпен аяусыз күресті, адамды жаңаша тәрбиелеуге ұмтылды. Сөйтіп алға нақты мақсат қояды, адамның жан азығы — білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ деп адамды білімге уағыздады. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру — дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білу, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп өмірдің мәнмағынасын айқындады.  

  Абай адам болмысының өте күрделі екенін өз замандастарының қайсысынан болса да жақсы білген. Тек білім мен ғылымның арқасында ғана адам күнделікті қарымқатынаста байқалатын адамгершілік пен имандылық қасиеттерді тереңірек танып, оны өз бойларына жұғысты етуге мүмкіндік алады. Сондықтан адамның өз ақылойын, дарынқабілетін, танымтүсінігін, рухани өресін үнемі, тоқтаусыз жетілдіре түсуі, оған бойындағы бар күшжігерін  мақсатты түрде жұмсап отыруы қажет.

   Қазақ қоғамының қайшылықты көріністерін жақсы білген ақын адам баласына "Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ" деп бес дұшпанды көрсетсе, "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым — ойлап қой" деп оған «бес асыл істерді» қарсы қойды. Жаманнан жиренуді, жақсыдан үйренуді насихаттады.

  Абай адамдардың ішкі жан дүниесін, оның қатпарқатпар астарын, қысқа ақыл, жай көзге таныта бермейтін жұмбақ сырларын шебер сөзбен өрнектеді. Мысал үшін «Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп») атты өлеңін алайық:

                                                  Тасыса өсек,

                                                   Ысқыртса кесек,

               Құмардан әбден шыққаны.

Күпілдек мақтан.

                                                   Табытын қаққан,

     Андығаны, баққаны.

       Ынсап, ұят, терең ой,

                                           Ойлаған жан жоқ, жауып қой, -  деп «жарым адамның»  әлеуметтік келбетін барынша шеберлікпен бере алды.

    Абайдың "Болыс болдым мінеки", "Болды да партия", "Бөтен елде бар болса", "Мәз болады болысың" деген өлендерінен қоғамның әлеуметтік ауыр жағдайлары субъективтік факторлардың зардаптарынан болып  отырғанын байқаймыз. Ол ел тізгінін ұстаушылардың шен құмарлыққа ұмтылып, соның жолында малын да, арын да сатып, мәз болуын қатты сынайды:

          Мәз болады болысың,

                           Арқаға ұлық қаққанға,

                                      Шелтірейіп орысың,

                                      Шенді шекпен жапқанға.

                                           Немесе  

                                         Болыс болдым мінеки,

                                         Бар малымды шығындап.

                                         Түйеде қом, атта жал,

                                         Қалмады елге тығындап.

Сөйтсе-дағы елімді,

         Ұстай алмадым мығымдап.

 Күштілерім сөз айтса

   Бас изеймін шыбындап.

 Бұл сол кездегі сөзбен кестеленген болыстың бет бейнесі, жан дүниесі, іс-әрекеті, яғни бар болмысы. Бұдан артық айту қиын.

  Абай биліктің де, тіршіліктің де көзі жаттың қолында болып, олардың қолпаштауынсыз малды малдап, жанды жандай алмайтын, тәуелді күйге түскен ел-жұртының халін "Қалың елім, қазағым, қайран жүртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың" - деп барынша қынжыла айтады.

     Өз ұлтын бұрынсонды Абайша сүйе білген де, қиыншылығына күйіне білген де ешкім болмағанына дау жоқ. Ірінің қуанышы да, реніші де ұсақ болмайды. Сондайақ ұлы адам ұлттық деңгейде де қала алмайды. Олай болса, ол ұлы бола алмас еді. Сондықтан Абайдың күллі адам баласын қор қылатын үш нәрседен сақтандыруын түсіну қиын емес. Ол «Отыз сегізінші сөзінде»: «Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық» деп нақты атап қоюмен шектелмейді. Бұлардың себеп-салдарларын ашып береді:  «Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді де, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады» дей отырып,  білімсіздік пен залымдықтың адамды әлеуметтік топтан айырып, хайуандар, тіпті жыртқыштар әлеміне қосатынын айтады. Бұдан қатал да ащы айту мүмкін емес. Және ғұлама ойшылдың пікірінше, бұлардың бірден бірі емі білім, ғылым  болмақ.  

   Абай халықты адамгершілік қасиет – бірлікті арттыруға жұмылдырды. Оның ойынша, елдің жақсы, жаман болуы оның ынтымақберекесіне байланысты. Ол ел берекелі болса — жақсы жайлау, ол бір — көл дейді. Сондайақ Абай: «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос»,- деп, ұлттық бірлікке, ішкі татуластыққа, ынтымақтастыққа үндеді. Бұл – бір. Екіншіден, Абай қазақ қоғамының қараңғылығынан шығар жолды ғылымнан  іздеді. Оның "Ғылым таппай мақтанба" деуі әсте жайданжай емес.  Данышпан Абай өзінің «Он сегізінші сөзінде»: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» дегенде де ғылымды бүкіл адам баласының басты қасиеттерінің бірі ретінде атаған болатын. 

    3. Алғашқы қазақ ағартушыларының ежелден халқына серік болып келе жатқан дінге соқпай кеткені жоқ. Халықты ағарту, рухани жаңаруға үгіттей отырып, оның рухани дүниесінің өзегін, салт-дәстүрлерінің негізін құрайтын дін туралы айтпай кету мүмкін де емес еді.

Абай араб әлеміндегі ислам дініндегі философиялық қағидаларды жақсы білген. Соның арқасында ол қазақтың имандылық және адамгершілік турасындағы түсінігін байытты. Ол өзінен бұрынғы қазақ ойшылдарынан ілгері кетті. Оның  өлеңдерінде, қара сөздерінде "Алла" деген сөз жиі қолданылады. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп аталатын өлеңінде:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы осы деп әділетті, - деп Абай осы үш сүюді адамгершіліктің асылы - имандылық деп таниды. Осы дінің де, құдайға құлшылығың да дейді. Және екі дүниеде бұл шындық  екенін және ол шындық – алланың досы екенін айтады. Ал енді осыларды бұзатын да үш нәрсе барын ашық айтып, олар – пайда, мақтан, әуесқой деп, олардан шошы, іргенді аулақ сал деп кеңес береді. Бұл – шайтанның ісі, алайда біз осылардан тыйылдық па деп  сұрау салады. Иманды танымаған құлшылық қабыл болмайды деп ескертеді. Имандылықтың пендеге жол ашатынына сенеді. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», сондықтан құдайдың бірлігіне анық сенетін болсаң, сен де үйреніп, ұқсап бақ деп ақын өз ойын тұжырымдайды.

Абай "Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас"— деуі Алланы шындық ретінде мойындаушылық екені белгілі. Бірақ оның танымы бөлек. Замана, адамзат, мінез - бәрі өзгереді, бірақ Алла өзгермейді. Абай бұл шындықты ақылмен ұғып білу мүмкін емес деген қорытындыға келеді. Бұл ойын «Отыз сегізінші сөзінде» былайша дәлелдеген: "Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хаким (данышпан, дана адам- Ә.Б.) ақыл еріштіре алмады. Алла тағала — өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағала "бір" дейміз, "бар" демеклік те — ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те «алла тағалаға лайықты келмейді». Бұл жерде қазақ даласына жеткен Платонның құдайды ақылмен тануға болмайды деген ой-жүйесінің ықпалы айқын сезіледі. Абайды зерттеушілердің  айтқанындай, оның шығармаларында Алла негізінен үш мәнде қолданылған. 1. Онтологиялық мазмұнда, яғни Алла — дүниенің хақтығын, ақиқаттығын, барлығын бейнелейтін, оның адамның еркінен, санасынан тыс объективтік шындық екенін мойындау. 2. Космогониялық мағынада, яғни Алла әлемді жаратушы қүдірет. Махаббатпен жаратқан адамзатты да, жаннан тәтті Алланы да сүй, өйткені ол жаратушы. Ал жаратушыға тек махаббат арналуы кажет дей отырып, Абайдың "Жүректің ақыл куаты, махаббат қылса тәңірі үшін", — деуі сондықтан. 3. Гносеологиялық тұрғыда, яғни ислам дінінде Алланы тану оның расулы (елшісі) Мұхаммед пайғамбар арқылы жүзеге аспақ. Ол жүйе: Алла — Мұхаммед — Адам болмақ. Сол себепті Абайдың "Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?" дегені түсінікті.

Дін туралы пікірлерінде Абай да сол кездегі шала сауатты имам, молдаларға соқпай кете алмаған. Ол өзінің жоғарыдағы сөзінде: «Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады. Бұларды білімсіздік, бәлки бұзық фиғыл, әлинсан ғәдду ләма жәһилге (адамның көңілі жаманшылыққа ауып тұрады деген - Ә.Б.)  хисап. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғараб-парсыдан тіл үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады» деп жазды. Абай Аллаға құлшылық ету арқылы адамның еңсесін езе беруге, фанатизмге мүлдем қарсы болды.

Абай талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, иманға да қиянатшылар жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман дей отырып, дін туралы ойын былайша түйіндейді: «Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз -Ә.Б.) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаңа болса, өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес». Қысқаша ғұлама ойшылдың дін хақындағы ой-пікірі осындай.

4. Еңбектің адамды тәрбиелейтінін, адамды-адам еткен еңбек екенін жақсы білген Абай көптеген шығармаларында адамды қажетті қасиет ретінде еңбекті сүюшілікке шақырды. Ол қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің бір себебін оның жұмысының жоқтығынан көрді. Егер ол егін салса, саудамен айналысса,  мұндай жаманшылықпен айналысуға оның қолы тиер ме еді ойланады. Ол қоғамда болатын өзгерістерді тек адам еңбегімен байланыста қарады. «Төртінші сөзінде» «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деп адал еңбекке үндеді. Жанын қарманып, адал еңбекпен мал табуды арлы адамның ісі санады. «Жиырма тоғызыншы сөзінде» малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек деді. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» және «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек кыл» деп еңбек еткен адамды айрықша бағалай келіп, ол еңбектің биік мәртебесін, оның адамгершілік қасиеттің көрінісі екенін атап көрсетеді.  

  Абай қоғам өміріндегі игілік пен дәулет біткеннің бәрін жасаған адам еңбегі, ал барлық жаманшылық, тіпті халықтың артта қалушылығы еңбексіздіктен деп санады. Оның пайымдауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады. «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын", "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" дейді. Сонымен қазақ халқының ұлы ойшылы Абай білуді, тіпті ілгері басу, жоғары өрлеу, жетілу сықылды әлеуметтік қасиеттерді тек еңбек арқылы болатын іс деп таныды. "Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған ", - деп Абай еңбек туралы ойын түйіндеп, адал еңбегін сауған қолөнер иесін  қазақтың әулиесі деп жоғары бағалады.

  Ғұлама-ойшыл ақын Абай Құнанбаев қазақ даласындағы барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды "ақыл, білім, ар, мінез" арқылы жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды.  

Бақылау сұрақтары

  1. Абайдың қоғамды тарихи құбылыс ретінде тануын түсіндір?

  2. Абайдың: «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ...» дегенінің мәні неде?

  3. Абайдың «Он сегізінші» сөзіндегі: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деуінің себебін түсіндір?  

  4. Абайша күллі адам баласын қор қылады деген  үш нәрсе не?

  6.  Абайша бес нәрседен қашық болу, бес нәрсеге асық болу не?

 7.  Абай діннің әлеуметтік қызметі туралы ойлары қандай?

   

        

3-сабақ. Ә. Бөкейхан мен А. Байтұрсынұлының әлеуметтанулық көзқарастары.1сағат.

     1. Ә. Бөкейхан отарлық саясаттың әлеуметтік зардаптары туралы.

     2. Ә. Бөкейхан қазақ халқының даму жолы - білім мен мәдениет жайында.

     3. А. Байтұрсынұлы адам тәрбиесіндегі білімғылымның рөлі туралы.

     4. А. Байтұрсынұлы мектептің жастар тәрбиесіндегі маңызы жайында.

      1.   Сабақтың мақсаты: Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтанулық көзқарастарын оқып-білу. Бұл мақсатты шешу үшін мынандай міндеттер қойылады: Ә. Бөкейханның отарлық саясаттың әлеуметтік зардаптары және қазақ халқының даму жолы - білім мен мәдениет жайындағы мен  А.Байтұрсынұлы адам тәрбиесіндегі білімғылымның рөлі және мектептің жастар тәрбиесіндегі маңызы жөніндегі көзқарастарын таныстыру.

ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлттық санасының оянуына айрықша әсер еткен аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан болды. Ол қазақтың тарихы, ұлттық ерекшеліктері мен тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен өнерін зерттеп, мол мұра қалдырған. Оның еңбектерінде  қазақ даласының сан ғасырлық тарихы, патшалық Ресейдің отардау саясатының тууы, дамуы және оның әлеуметтік зардаптары, бұдан кейінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени-рухани жағдайлары егжей-тегжейлі зерттеліп, бұл саясатқа қарсы жергілікті халықтың көзқарасы, оның  мақсат-мүддесі жан-жақты талданды.

   Әлихан Бөкейхан патшалық Ресейдің түпкі мақсатын ашық көрсетті. Ол қазақ даласына біртіндеп кіріп, билік жүргізу реформасын сатылап жүргізе отырып, бұған халықтың санасын үйретіп, ел ішінде рушылдыққа дем беру арқылы қазақ мемлекеттілігін біржолата жою, басқару жүйесін, әділ сот ісін орыстандыруға ұмтылу болды. Және Ресей империясының орыстандыру саясатына тән нәрсе - әдепсіздік, озбырлық, жергілікті халықтың құндылықтарын құрайтынның баршасын дөрекілікпен кемсіту болды. Орыс басқарушылары жергілікті халықтың тілін білмеді, білгісі де келмеді. Олар тек шала сауатты тілмаштар арқылы ғана жұмыс істеді. Далалық облыстарда, тіпті болыс кеңсесінде барлық хат алмасу, іс қағаздары орыс тілінде жүргізілді.   

Шынында да, Әлихан Бөкейханның патшалық Ресейдің отарлық саясатын кең көлемде қарастыра отырып, жер мәселесіне, одан туатын әлеуметтік әділетсіздіктерді ерекше ынтамен қарастырған еді.  Ол алдымен жер үлесін жергілікті халыққа беруді жақтады. Сонан соң ол жерді сатуға, меншік есебінде үлестіріп беруге қарсы шықты, өйткені егіншілік мәдениетін толық меңгермеген қазақ шаруасы көрші қоныстанушыларға үлесін сатып, жерсіз қалуы мүмкін еді. Ол «Қазақ» газеті бетінде оқырмандарға патшалық Ресейдің жер туралы заңдарының отарлық сипатын, реакцияшыл мазмұнын, әлеуметтік салдарын барынша нақты деректермен ашып берді. Патша шенеуніктерінің жергілікті халықты өз жерінен ығыстыруы заңсыздық, ал қоныс аудару мекемелері айтты деп, халықтың ығыса беруі жігерсіздік екендігін айтты.

   Әлихан Бөкейхан қазақ жерін бөлудің мөлшері туралы жазған «Жауап хат» мақаласында: «Үкімет біздің қазақ халқының пайдасын ойласа, сен, қазақ, бір күнде мал шаруасын тастап, егінші бол демейді. Шаруа қиындықпен, зор шабындықпен өзгертіледі» деп жазған болатын.

Отарланудың нәтижесінде қазақтардың мәдени-саяси жағдайында қайшылықты өзгерістер пайда болды. Бұрын қазақтар арасында туысқандық  байланыс күшті болатын, олардың барлығына ортақ ұран – аңызға айналған тұлға Алаш еді. Саяси басқарудағы ресейлік жүйе қазақ мемлекетінің тұтастығын бұзды. Жергілікті халық тілінен, дінінен, ділінен айрыла бастады. Әкімшілік  қазақтың бастауыш  мектептеріндегі мұғалімдерден орыс тілін білуді талап етті. Мектеп ашу мен медресе салу үшін айрықша рұқсат қажет еді, сол себепті қазақ өз жерінде, өз елінде отырып, мектеп пен мешітті жасырын салып, жасырын ұстады. Бұл қазақ балаларының еркін білім алуына қиындық келтірді.

    2. Күшті патшалық Ресей  империясына ашықтан-ашық қарсы шығудың әзір ерте екенін түсініп, Әлихан Бөкейхан қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, қазақ қоғамын Ресей мен Еуропаның  озық мәдениетіне  жеткізу, ортағасырлық әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып шығатын батыстың буржуазиялық қарым-қатынас жолын таңдады. 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен жергілікті және қала қайраткерлерінің съезінде қазақ халқына таяудағы басты қажеттілік – ана тіліне, діни, сайлауға бостандық туралы мәселелерді көтеруі жайданжай емес еді.

      Ә. Бөкейхан «Рухани мәдениет қарауылынан» деген мақаласында «Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу» деп жазды. Ол шын білімнің тәжірибеден туатынын, білім жолының негізі тәжірибе болатындығын жақсы білген. «Ақыл, зерек тексеріп, тергеп, терең бойлап тоқып, кестелеп көзбен көргеннен, қолмен ұстағаннан қорытынды шығарады. Бұл неше сыннан өтіп, таспадай сыдырылып, таяқтай жанылып, білім негізі болып шығады» - дейді ол. Ал «Білім күші» атты мақала да  білім құдіретіне, оның адам өміріндегі мәніне ерекше көңіл бөлді. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» дейтін қазақ мақалын айта отырып, білімнің бәрінен жүйріктігін атап көрсетеді.  

     Европа газет шығару мәселесінде көш ілгері кетіп, оған ерекше мән беріліп, газет – ғұмыр айнасы, ұлы патшалықтың бірі деп саналатын. Осыларды жаза отырып, Ә. Бөкейхан «Ашық хат» атты мақаласында қазақ қоғамындағы газеттің орны, оны шығарудың қиындықтары мен проблемаларын арнайы сөз етеді. Ол қазақта газет шығарудың шарты – оқушының барлығын атап көрсетеді. Маңызды, ғұмыр тілегіне тұратын, кестелі сөзді мақалалар  газет деңгейін көтеріп қана қоймай, оның қазынасын да молайтатыны, газеттің оқушысы көп болса, оның қазынасы да бай болатыны, газеттің жаны – мақала екендігін баса айтады. «Газетаны күйлеп, жаратып бәйгеге қосуға өз алдына шебер, білгіш, жүйрік керек... Газетаға басшы болу кім болса, соның қолынан келмейді. Газета ісі үй ағаш болса, басқарма мұның тезі болады... Тілші, хабаршы – газетаның отыны» - дейді автор.

   Ірі ғалым, көреген саясаткер өз халқының бостандығы мен азаттығы, болашағы мен бақыты  жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан да болған Әлихан Бөкейханның сан салалы саяси қызметі мен рухани асыл мұралары қазақ өз елінің иесі болып тұрғанда мәңгі жасай бермек.    

ІІ. ХХ ғасырдың басында үркердей топтанып шыққан қазақтың зиялы қауымының аса көрнекті өкілі, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда,  «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған Ахмет Байтұрсынұлы өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін қозғаған, адамды рухани қалыптастырудағы оқу-білімнің құдіретін терең түсінген ойшыл болатын.       

    Ахмет Байтұрсынұлы ел  ішіндегі надандық пен жалқаулықты қазақты артқа тартып отырған аса қиын да күрделі мәселелер деп санады. Ол: «Надандықтың кесепаты әр жерде-ақ маңдайымызға тисе де,  ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз — бәрі надандық кесапаты. ... Дүниеде ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, әлсізді әлдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ аз» деп налыды. Сөйтіп ол өнер мен ғылымның қадіріне жеткен өзге елдерді өнеге етті. Ондай елдер басқалардың аяқ астында жаншылмайтынын, олармен терезесі тең болатынын айтты. Алайда, қазақ халқын қараңғы дегенде, әңгіме тек халықта емес, содан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқ болып отырғандығында еді. Сол кездегі оқу іздеген талапкерлердің қырықтан біреуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары далада қаңғырып жүргені шындықтан туған жай болатын.

   Батыс мәдениетінен  алшақ, білім-ғылымнан кенже қалған, күнделікті малын бағып, егінін еккеннен басқа тірлігі шамалы, бейқам, жым-жырт жатқан қазақ халқын, «баяғы қалпы мен салты, ұйқыдан басқаны ойлай қоймайтын жұртты, қымызға қанып, қызарып жанып жүрген бай мен шалап ішіп мас болған кедейді» оятуды А. Байтұрсынұлы басты мақсат етті. Ол «малы қамауда, жаны талауда, ұйқысы әлі қанбаған» халқына  көзіңді аш, оян, ұйықтайтын не сиқың бар дей отырып, алға басып, жұрт қатарына кіру, басқадан кем болмаудың басты амалы білім мен ғылым деп білді. Еуропада ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ дей отырып, ол Еуропаны үлгі тұтты.

Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді деп санады. «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Білім жарысы», «Білім жарысы қақында», «Оқыту жайынан», «Жазу тәртібі», «Бастауыш мектеп», «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» және т. б. мақалаларында оқытуды реттеу, тәртіпке келтіру, оны ұйымдастыру мәселелерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық және техникалық даму мәселелерімен тығыз байланыста қарады.

     Халыққа білім беру мәселесімен қатар А. Байтұрсынұлы қазақ қоғамындағы ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлді. Адамзат қоғамында жан таңырқарлық нәрсенің бәрі ғылыммен  байланысты екенін айта отырып, ол 1913 жылы жазылған «Орысша оқушылар» атты еңбегінде ғылымның құдіретін насихаттайды. Ол адам баласын көкте құстай ұшқызған да, суда балықтай жүздірген де, дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызған да, отарба, от кемелерді жүргізген де ғылым екенін, басқа елдердің де қазақ еліндей болғанын, олардың бүгінгі күндерге тек ғылым арқылы жеткенін айтады. Одан әрі қазақ баласы тәуірірек оқырлық мектептерде қазыналық орындар аз, өз күшімен оқытуға әркімнің шамасы келе бермейтінін, ал патшалық Ресей қазаққа мектеп салып бермек түгіл, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейтінін, мектептерді тәртіпке келтіру, қазақша оқуды  халыққа тарату - өз міндетіміз екенін атап көрсетеді. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. ...Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» - деп жазды ұлы ағартушы.   

  2.  Қазақ қоғамындағы оқыту үдерісінде, әсіресе қазақша оқуда кемшілік көп болатын. Сол сияқты қазақ балаларын өз тілінде оқыту ісі кәсібилікті талап ететінін арнайы мәселе еді. Сондықтан А. Байтұрсынұлының: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға  үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек... Бұл күнгі ғылымды жұрттарда  бала оқыту  жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында» -  деп жазды.   

        А. Байтұрсынұлы «Қазаққа керегі екі түрлі оқу, оның бірі -  мұсылманша, екіншісі - орысша»  дей отырып, орысша оқуға уақыт және басқа жағынан мүмкіндіктер бола бермеуіне байланысты, «жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмағандықтан», қазақша оқуды, тезірек сауат ашуды ұсынады. Қазақша оқу дегенде сол кездегі мұсылманша оқуды айтпайды, қазақтың тілінде оқуды айтады. Содан әрі ол оқу құралының қажеттігіне тоқталып, бала оқытатын кітаптың, балалар үшін жазу тәртібінің болуына баса көңіл аударады. Ғалым өзі жасаған әліпбидің негізгі мазмұнын түсіндіріп, араб таңбаларының қажеттігін дәлелдей отырып: «Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб қаріптерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек», - дейді. Ол қазақ тіліне сіңіп кеткен араб, парсы сөздерінің тілімізде сақталуын жақтайды.     

   Ұлы ағартушы бастауыш мектепте қазақтың діні, тілі, жазуы таза болуы, оның миссионерлік пікірден, саясаттан  алыс болуын алға тартты. Сонымен бірге қазақты дінінен, болмаса жазуынан айыруға болмайтынына байланысты үкімет мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден безіп, бастауыш мектеп екі жаққа да пайдалы болуы керектігі атап көрсетіледі.

   Ахмет Байтұрсынұлы бастауыш мектептер үшін 5 жылдықты ұсынады. Оның алғашқы үш жылында бірыңғай қазақша, екі жылында  орысша оқытылуы тиіс. Бастауыш мектепте  кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайы. Ал бастауыш мектептің орысша оқытатын екі жылында үйретілетін білім гимназияның төменгі кластарына жарарлық болуы тиіс екеніне назар аударады.  Автор қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе, орысша да білу қажеттігіне тоқталады. Сонымен бірге қазақты орысшаға аударамыз деген пікірдің бәрін бүлдіріп отырғанын атап көрсетеді.  

    Ол кездегі қазақ мектептерінде ана тілінде оқытудан басқа, педагогика, методикадан (әдістемеліктен) хабардар мұғалімдер тіпті жетімсіз болатын. Сол себепті «Мектеп керектері» деген мақалада ұлы ұстаз мектепке керектіні, яғни білімді, педагогика мен методикадан хабардар, дұрыс оқыта білетін мұғалімді дайындау, табу негізгі міндет деп саналды. Ол бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалім – мектептің  жаны, мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады деді.

    Ахмет Байтұрсынұлының мектеп жөніндегі ойлары бүгінгі күнге дейін мәнін әсте жойған жоқ. Ол мектептің тәуелсіздігін, оқу үдерісі мәселелерін өзі шешіп, өзін-өзі басқаруын қалады. Мұғалімдердің жоғарыдан тағайындалмай, сайлау жолымен орналасуын ұсынды. Сол уақытта оқу-тәрбие үдерісі  нәтижелі болмақ. Оның бастауыш мектептерде оқу ана тілінде жүргізілуі керек деген пікірі тіліміздің қазіргідей жағдайында аса өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.

    Ғұлама ғалымның: «Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөздері ұлтымызға мәңгілік ұран болуға тиіс.  

           Бақылау сұрақтары

  1. Ә.Бөкейханша, отарлық саясаттың әлеуметтік зардаптары қандай?

  2. Ә.Бөкейхандың білім мен мәдениет - қазақ халқының бірден-бір өркениет жолы дегенді қалай түсінесің?

  3. Ә.Бөкейхан ұсынған қазақ халқының әлеуметтік бірлігін қамтамасыз етудің жолы қандай?

  4. А.Байтұрсынұлы адам тәрбиесіндегі білімғылымның рөлі туралы неайтты?

  6. А.Байтұрсынұлыша, «мектеп  әлеуметтік орта» дегенді қалай түсінесің?

  7. А.Байтұрсынұлының халықты оятудың жолын оқу-білімнен іздеуінің себебі неде?

PAGE   \* MERGEFORMAT18




1. ТЕМА 30. РОССИЯ ПРИ ИВАНЕ ГРОЗНОМ ПЛАН Введение 1
2. Мировая война 1939 - 1945гг точки зрения на причины возникновения и факторы развития конфликта
3. Однако по составу игроков они не одинаковы
4. Тема 5 Функционирование предприятий
5. О возможности изменения гравитационного воздействия
6. лолларды бедные священники проповедовали учение профессора Оксфордского университета Джона Виклифа
7. Влияние иммобилизации на иммунологические показатели на фоне введения меланотропина
8. тема ремонтного и технического обслуживания механосборочного производства ее назначение и проектирование.html
9. Записать выражение для объемной плотности энергии магнитного поля
10. і 170 Соціальна реабілітація як процес- авідноситься в рівній мірі як до особистості фахівця який є її ор
11. Разработка компенсационного стабилизатора напряжения на базе операционного усилителя. Разработка цифрового
12. темах заочное обучение Минск БГУИР 2008 УДК 681.html
13. 1742 pp Він походив із литовсько чеського роду навчався у Вільнюсі та Києві працював у канцелярії київського
14. Реферат- Мировой рынок и свободные экономические зоны.html
15. Реферат- Созвездие Орион
16. Влияние структуры продукции на объем. Особенности формирования себестоимости
17. Анализ учебного занятия
18. Реферат- Бренд-менеджмент в инновационных отраслях экономики
19. Тульский государственный университет Кафедра Финансы и менеджмент социальная Экономиче
20. Тема 1 СУТНІСТЬ ТА ПРЕДМЕТ АУДИТУ Вивчення теми передбачає розгляд таких питань- поняття аудиту та