У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~рекеті ~азіргі отбасы дамуыны~ ба~ыттары ж~не отбасымен байланыс орнатуды~ педагогикалы~ ~ психология.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Жоспар:

  1.  Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлескен іс-әрекеті
  2.  Қазіргі отбасы дамуының бағыттары және отбасымен байланыс орнатудың педагогикалық – психологиялық негіздер
  3.  Қорытынды
  4.  Пайдаланылған әдебиеттер

Әлеуметтік педагогика ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұғым ретінде қарастырады. Баланың әлеуметтенуінің алғашқы сатысы да осы отбасында жүзеге асады. Қоғамдық әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістер міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады.Бірақ өзгерістердің кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құру тікелей әсер ете бермейді.Отбасының моральдық, психологиялық жаңаруы барынша созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді.

Педагогикалық ойдың даму тарихында отбасы мәселелері Батыс және Шығыс елдері философтары, әлеуметтанушылары, педагогтары, психологтары және т.б. ғалымдардың зерттеу нысаны болды. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу – ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару - әр қоғамның көкейіндегі басты арманы. Ал баланың негізгі білім мен тәрбиенің қайнарын әуелі отбасынан, мектептен, одан соң белгілі бір оқу орындарынан алатыны баршаға мәлім. Сол сияқты жастарды отбасы өміріне даярлау да өмір баспалдағына байланысты, оларға мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен – ақ «отбасы» деген тақырыпта әңгіме құрып, әр затты өз уақытында түсіндіріп, олардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыпты күрделендіре түсіріп, ұғындырып, санасына құйып отырған жөн. Бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына, ондағы қалыптасқан әдеттер мен дағдыларға, ата - аналардың өзара жасайтын қарым-қатынасына, ондағы адамдардың кәсібі мен қызметіне т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбие әдістері де түрленіп отыруы қажет.

Республикамыздың президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030», «Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерін – біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін саралайтын әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің  өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз», - деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикамыздағы отбасылардың алдында қомақты міндеттер жүктейді.

Ата- аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесіне, материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым –қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады.Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастар «қызықты» әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайда қалдырады.Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер, іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі.Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойына да тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Міне қазіргі отбасының осындай ерекшеліктері баланың әлеуметтану үрдісін де күрделендіре түсіреді.Баланың әлеуметтік қалыптасуы ерте балалық шақтан (Мэри Эйнверт және Джон Болби) бастау алады:

  1.  қоршаған ортаға бейімделу және оған деген қызығушылық (дүниеге келгеннен үш айға дейін);
  2.  сүйіспеншілік сезімнің дамуы (екіден жеті ай аралығында);
  3.  потенциалды қарым –қатынасының дамуы (үш пен он ай аралығы);
  4.  «Мен» тұрақты сезімнің пайда болуы (тоғыз бен он сегіз аралығы);
  5.  эмоционалды қиялының пайда болуы (он сегіз бен отыз алты жас аралығында);
  6.  эмоционалды пайымдаудың көрініс табуы (отыз бен қырық сегіз жас аралығы);

Сонымен қатар әлеуметтік педагогикада адам әлеуметтенуіне күшті ықпал ететін биогенді және социогенді бағыттар айқындалған.

Биогенді бағытты жақтайтындар жеке тұлғаның дамуы тұқымқуалаушылыққа тәуелді деп есептейді.Олардың айтуынша, нақ осы адамның болашаққа кім болатыны тұқымқуалауға байланысты. Ғылыми тұрғыдан алғанда бұл бағыт жеткілікті түрде негізделмеген.

Баланың әлеуметтік тәрбиесін жүзеге асыруда мұғалімнің оқушылардың отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс.Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. Міндетті, қажетті деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың ақыл кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады.Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектігін білу де маңызды.Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден бір дұрыс норма – ол бірін – бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиелеу қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Мұндай қатынастың маңыздылығы сол – мұғаліммен ата-аналарда жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Екінші ереже. Ата – ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық  мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білім жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі – ресми тұлға. Ол қызмет аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден жасыратын құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да, ата-аналар қандай болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға тиіс.

Төртінше ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қолданылса, онда қиындық, қайшылық  және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндетті шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайда толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын тәрбиелік рецент беретін анықтама деп емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау керек.

Ата- ананың нағыз махаббаты- балаға орынды талап қоя отырып, жоғары мақсатқа жеткізетін жақсы көрушілік. Ол мақсат балаларға өздігінен өмір сүріп, еңбек етуді үйретеді. Отбасы мүшелеріндегі үлкендердің балалармен бірігіп әрекеттерінің мәні зор. «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет», «Ережеден өнеге артық», «Сөз шақырады ал үлгі қызықтырады» деген халықтың даналық сөздері үлкен педагогикалық шындықты білдіреді, себебі бұлар- көп жылдар, көп ғасырлар бойы қалыптасқан өмір тәжірибесінің жиынтығы.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен  қарым – қатынасының формалары.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке  ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.

 

Әдебиеттер:

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.

2. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.

3.  Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

 




1. Энергия 2012 с международным участием
2. Вступ Будівництво нової соціалістичної культури було невідємною складовою частиною величезної тво
3. а за вознаграждение совершить одну или несколько сделок от своего имени но за счет комитента инвестора ст
4. Мероприятия по организации и совершенствованию транспортного хозяйства УП ЗППП
5. ТЕМАТИКИ ВОЛКОВА Оксана Юріївна УДК 517
6. песнь добирается Слева сказка говорит
7. Сущность и значение контроля в менеджменте 1
8. І 18122013 ІІ Порівняльне цивільне право
9. Тема 11. Основополагающие категории человеческого бытия Схема 1
10. Такой многократно повторяющийся участок вычислительного процесса называется циклом
11. тиричную сс числа АВС
12. стади этнографическое исследование история жизни феноменологическое исследование гоипаеа1Иеогу устна
13. Глава 2. Личность в общении
14. Bipolar transistors
15. Особенности принятия управленческих решений в менеджменте
16. Учет и контроль денежных средств на расчетном счете
17. Результаты использования биометросанита и энроцида в схемах лечения острого послеродового эндометрита у коров в условиях ЗАО НИВА Муромского района Владимирской области
18. Об основах обязательного социального страхования
19. Ленинградский металлический завод Кафедра резания станков и инструм
20. ~леуметтану ~ылым ретінде