Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Саясатты~ т~сінігі мен таби~аты

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1.Саясаттың түсінігі мен табиғаты. Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.  Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

саяси теория;саяси институтгар;саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;халықаралық қатынастар.Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйесаяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.

2. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану (орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада),  polis (қала-мемлекет) және  logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. «Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.Саяси ғылымның пайда болуын ХІХ – ХХ ғғ. межесімен байланыстырады. Бұл кезеңде саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Саясаттанудың әдістемелері: позитивтік әдістеме (өкілдері О.Конт, Г.Спенсер), эмпирикалық  (тәжірибелік) әдістеме (Ч. Мерриам),  әлеуметтік әдістеме, марксизм, психоанализ (З.Фрейд),бихевиоризм.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдықжағынан да қалыптаса бастады. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; саяси институттар; партиялар, топтар және қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғ. 70-90 жж. саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.

3. Саясаттанудың объектісі.Саяси нақтылық – саясаттанудың зерттеу және  үйрену объектісі.Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өзінің объектісі мен мәселелері бар. Саясаттанудың зертеу объектісі – қоғамның саяси өмірі және ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер, яғнисаяси нақтылық болып табылады. Қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік практикалық процесс. Табиғатқа қарағанда қоғамдық өмірдің субъектісі, яғни оның жасаушысы бар. Субъект қандай болса, белгілі бір дәрежеде тарих та сондай. Тарихи катаклизмдер, әлеуметтік эволюциялар – адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі, әлеуметтік күштердің, орасан зор бұқараның өзара қатынастарының нәтижесі. Қоғамдық өмірдің бұл жағын «саяси нақтылық» деген түсінікпен анықтаймыз.

Саяси нақтылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктеліс жағдайындағы үлкен топтар қатар өмір сүріп, бір-бірімен әрекет жасайды, топтар мүдделерін өзара үйлестіре отырып, шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болғандықтан, топтар арасындағы қатынастар саяси сипат алады. Саяси қатынастар субъектілер арасындағы қатынастар болғандықтан субъектілік сипат алады. Сондықтан саяси нақтылықтың маңызды әлеуметтік меселесі – осы субъектілердің мүдделерін үйлестіру және соның негізінде қоғамның тұтастығын сақтау, прогрестің шарты ретінде — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Саясаттану саяси нақтылықтың шығу негіздерін, оның қоғамдағы орнын, құрылымын, пайда болу заңдылықтарын, дамуын, қызметін қарастырады.

Зерттеушілердің көпшілігі саясаттануды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін шоғырланған, бірнеше жеке пәндерден тұратын ғылым деп санайды. Зерттеу меселелеріне байланысты саясаттану мынандай бағыттардан (жеке пәндерден) тұрады (1-схема): саяси философия, саясат  теориясы, саяси әлеуметтану, саяси психология, саяси ілімдер тарихы, саяси антропология, халықаралық қатынастар теориясы. Саясаттанудың келесі құрылымы оны теориялық немесе (немесе жалпы) және қолданбалы деп бөлумен байланысты. Саясаттанудың бұл екі бағыты бір-бірін толықтырып отырады.

4.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады. Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.  Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)

5.Саясат ұғымы және оның пайда болуы. "Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты. Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді.  Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді.  Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді.  Саясат адамдардың мінез — құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.

 6.Саясаттанудың негізгі шарттары мен функциялары. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамдысаяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі. Әр түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқындала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының қызметінің өзгеруі қазіргі уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет етуде. Жариялылыққа, демократияға деген көзқараста да сондай өзгерістер қажет. Қоғамдағы соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген адамдарға дұрыс саясибағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың өздерінің ішінде саясаттанымдық білімдерінің жетіспей жататындары да бар. Сондықтан олар дың саяси белсенділіктерінің кеміс түсетін сәттері жиі кездеседі. Саясаттану осыкемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі. Саясаттану теориялық-әдістемелік функция атқарады. Белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияның саяси режимін талдауды, баға беруді осыілім арқылы жүзеге асыруға болады. Саясаттану саяси шындықты көрсететін пән болғандықтан ол саясатқа әсер ете алады. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізугеболады.

7. Саясаттың құрылымы мен субъектілері. Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектілері болып мыналар табылады:Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады.Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі.Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.

8. Саясаттың түрлері мен қоғамда алатын орны. Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау; - сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау. Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 
- достық қарым – қатынас орнату. - сауда қарым – қатынастарын орнату. - экономикалық қарым – қатынастарды орнату. - әскери қарым – қатынас орнату. Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.

9. Саясаттану нені зерттейді. Саясаттануда түрлі сипаттағы елдердің  қоғамдық-саяси жүйесін даму ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа келтіру бұл ғылымның басты мақсаты деп санауға болады. 
Сонымен саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттер, жеке адамның саяси – құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәселдері, саяси өзгерістердің тұрлері, саяси мәлениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні. Қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан жиналған, деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардан өзара ұқсастығы бойынша болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саясаттағы рационалдық және иррационалдық секілді факторларды да сараптайтын саясаттану. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда жетістіктерге жету үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай орындалады, «мүмкін еместіктің» себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар керек және қоғамның басты саяси құндылықтары неде деген сұрақтарға да жауап қайтарады. Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді.

10. Саясаттану қызметтері. Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:  Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.  Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.  Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.  Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.  Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды.
11. Саясаттану пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері. Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Саясаттану әдістері: Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.  Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады.  Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу.  Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.  Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі.  Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.  Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.  Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.
12. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретіндегі зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері әлеуметтанудың саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өз зерттейтінмәселесі, пәні бар дербес ғылым.  Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат»  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

13. Саяси пікірдің қалыптасуының, дамуының периодтылығы. 1)Антикалық замандағы саяси ойлар. Платон мен Аристотельдің саяси ойлары.2)Орта ғасырдағы негізгі саяси ойлар. Августин Аврелий, Фома Аквинский. 3)Жаңа замандағы саяси ойлар 4)Қазіргі заманғы батыс саясаттануы. 1)Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б. Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания. 2) Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғ). Бұл дәуірде рухани өмірде түгелдей дін үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Авреллий Августин (354-430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп жетілдірді.Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы” деген еңбегінде баяндалған.  3)Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы тапсырылды. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады.  ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. 
4)ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм.элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.  Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты көпшіліктің- күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. 

14.Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Ежелгі шығыстың таптық  қоғамындағы саяси ой-пікірлер.  Ежелгі Шығыс  елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның  таптарға жіктелуі мен мемлекеттер  пайда бола  бастағанда  жүзеге  асады. Саяси ой-пікірлердің  пайда болуы  бұл елдерде көбінде аңыздарға  (мифтерге) тікелей  байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына  білімдер  саласы ретінде  қалыптаспаған,  мифологиялық көзқарастың  құрамдас  бөлігі болып келеді.Әлеуметтік  және саяси  құқықтық тәртіптердің баршасының  негізгі  құдайдан  негіз алады деген  түсінік  қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің  барлық  тұтқасы аспан астындағы құдайдың  қолында деп дәріптелген  (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның  еркін жүргізушілер болып келеді. Египет, Вавилон,  Индия сияқты  елдерде құдай биліктің  негізгі қайнар көзі бола тұра,  жердегі  істерді,  адамдардың тағдырын жасаушылар  болып қала береді.  Египет пен гректердің  аңыздары  бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң  шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан  тікелей  Моисей  қабылдап алған деген наным  бар.  Билікті құдай атынан  адамдар  жүргізеді. Айрықша жағдайларда  құддай өзі араласады. Ежелгі  Египет нанымы бойынша  ақиқатты, әділдікті  және  заңдылықты  әйел құдайы Маат жүргізеді-міс. Бұл түсінік  басқа елдерге де тән. Осы аталған  идеялар ежелгі египеттің  деректік негізі  «Птахотеп оқуларында» (б.ж.д. 28 ғасыр), «Өлілер кітабында» (б.з.д. ХХY-ХХIY ғасырлар) бар. Аталған  оқуларда  басқарушы адамдар  кейпінде суреттеледі.  Билеушілерді қастерлеу идеясы басым  жатады. Дегенмен, қара халықтың бас көтерулері  болып  тұрған. Мысалы,  «Ипусердің сөзінде» (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның  төменгі топтары мен  құлдардың қозғалысы айтылады. Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен  діннің  ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – бархмандар жүргізген. Брахманизмнің  көрінісі б.з.д. 2 –мыңыншы жылдардың  ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша  қоғамды 4 варнаға  (жікке) бөлген: (оларды құдай жасаған):1)  брахмандар.2)  кшатрий-жауынгерлер 3)  вайшийлер  (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) 4)  құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлеріКонфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін  қалаушы. Ол ілім  атадан-балаға ауысатын  мұралық  аристократияның  мүддесін  жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды  әділдіктің  заңдылығы  тұрғысынан  төменгілер  және  жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің  өкіметін   аспан сыйлаған қасиетті  ұғым деп түсіндіреді. Халықтың  өкімет өкілдеріне  жақындай түсуі -  елді басқару өнеріне  жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық  тарапынан  өкіметті  қолдау болып табылады.

15.Ежелгі дүниенің саяси ойлары. Ежелгі Шығыс–шығыс деспотиясы, патернализм, традиционализм, билікті құдай әсерімен пайда болды деп түсіну. Антикалық кезең – діни-мифологиялық көзқарастардан ұғымдық-талдау және юридикалық зерттеуге дейін. Мемлекет құрылымын талдау, оның түрлерінің жіктелуі, басқарудың ең дұрыс түрін анықтау.

16. Қайта өрлеу кезеңінің және Ортағасыр саяси ойлары.Ортағасырлық саяси ойлар: араб-исламдық және батыс европалық. Діни қызметкерлер күшімен әлеуметтік-саяси ойлардың дамуы. Саясаттағы мемлекет пен діннің ролі. Ортағасырлық саяси ойлардың негізгі сұрағы – екі биліктің қарым-қатынасы: зиялы және діни, шіркеулік және мемлекеттік. Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі – Қайта өрлеу дәуірі. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік ғылымдардағы жарқын жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавеллижатады. Оның саясатқа байланысты шығармалары: “Тақсыр”(«Государь»), “Соғыс өнері”, “Флоренцияның тарихы”. Макиавелли діни саясатқа қарсы шықты. Шындықтың белгісі – сенім емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан» деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге бейімдеу керек. Адамдардың өмірін жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар билік, мемлекет ұйымдастыру керек» – деп түсініп осы мақсатқа жеткізетін әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, мақсатын айқындауға жол ашты.

17. Жаңа саяси теориялары.Жаңа еуропалық саяси ой – қайта өрлеу мен ағартудан ХХІ ғасырдағы саяси теориялар мен доктриналарға дейін. Саяси теорияның гуманитарлық даму бастаулары, оның теологиядан босауы. Адамның табиғи құқы, қоғамдық келісім туралы концепциялар, билікті бөлу қажеттілігін негіздеу, либерализм мен консерватизм концепциялары, неолиберализм мен неоконсерватизм, солшыл және оңшыл радикализм. Демократия туралы қазіргі заманғы концепциялар. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет теориялары. Құндылықтарды талдау және демократия қызметінің механизмі.

18. XVIIIғ. Француз ағартушыларының саяси пікірлері. Монтескье Шарль Луи Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748).Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:заң шығарушы, атқарушы сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты. Аталған еңбекте басқарудың республикамонархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекетдемократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

19. XIX-XXғғ. Саяси ғылым. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм.элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты көпшіліктің- күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. В.Паретто (1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді. Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері –еңбекшілерді басып жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б.Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушыФ.Рацель) Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс.

20.Н.Макиавеллидің саяси идеялары. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік ғылымдардағы жарқын жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавеллижатады. Оның саясатқа байланысты шығармалары: “Тақсыр”(«Государь»), “Соғыс өнері”, “Флоренцияның тарихы”.Макиавелли діни саясатқа қарсы шықты. Шындықтың белгісі – сенім емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан» деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге бейімдеу керек. Адамдардың өмірін жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар билік, мемлекет ұйымдастыру керек» – деп түсініп осы мақсатқа жеткізетін әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, мақсатын айқындауға жол ашты. Макиавелли мемлекетті негізгі екі түрге: монархия мен республикаға бөліп, “Тит Ливидің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар”атты еңбегінде республиканы монархиядан жоғары қояды. Ең ұтымдысы - республика: билікте халық өкілдері, ақсүйектер мен сайланбалы мемлекет басшысы болуы керектігін көрсетті. Макиавеллидің пікірі бойынша республикада еркіндік пен теңдікті жеңіл жүзеге асыруға болады. Макиавеллидің көптеген ой-пікірлерінің ішіндегі саяси білімдер дамуына қосқан үлкен үлесі – саяси мәселелерді діни, жалпы этикалық - философиялық көзқарастан ажыратып, бөлек сала ретінде түсіндіріп саяси ғылымды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашуы.

21. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари саяси идеялары. Әл-Фараби саясат жөнінде өз кезеңіндегі терең ойлар айтқан ойшыл. Әл-Фарабидің саяси идеялары рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру арқылы беріледі (Ежелгі Грек тарихы бойынша «қала» деген түсінік «мемлекет» орнына қолданды). «Рахымды қалада» билеуші мен оның тұрғындарының дүние және бақыт жөнінде шынайы түсінігі бар. «Рахымсыз, күнәға батқан қалада» ондай ұғым жоқ. Бақытсыз және опасыз қалада тұрғындар сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйенетін рахатты жоғары бағалайды, ал қайырымды қалада басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделеді. Тұтас алғанда, Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы саяси білімдердің дамуына игі әсерін тигізді. Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ақын, философ, қоғам қайраткері – Жүсіп Баласағұн. Ақынның «Құтадғу білік» («Құтты білім») атты поэмасы – ортағасырлық қазақ даласындағы әртүрлі тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер беретін шығарма. Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, мемлекетті орталықтандыру және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік пен бостандықтың болуын қалайды. ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына белгілі мөлшерде үлес қосушы ақын, ойшылдардың ішінен Махмуд Қашғаридің есімін ерекше атауға болады. Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп аралап 1074 жылы өзінің «Диуани лұғат – ат – түрік» атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі Түрік қағанаттары тарихының барлық салаларын, соның ішінде саяси мәселелерді де жан-жақты қамтиды.

22. Қазіргі саяси ілім.Қазіргі кездегі саяси ілім XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек. Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето. 3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау. 4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек. 5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамныңжәне әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс. 6.Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады. 7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.

23. Биліктің жалпы түсінігі, мағынасы, мазмұны. Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б. Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.

24.Саяси билік-биліктің бір түрі. Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес. Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Саяси билік –ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан. 

25. Саяси биліктің легитимділігі. Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен,ережелермендәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен: 1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді; 2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету; 3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

26.Биліктің бөлінуі. Саясаттанудағы негізгі әрі күрделі мәселелердің бірі – саяси билікті жүргізу түрі мәселесі. Билікті ұйымдастыру түрінің бірі – абсолютизм– монархтардың қолындағы мұраға қалдыратын шексіз билік.Авторитаризм– бір адамның немесе топтың шексіз билігі. Ондай билікте тиран, деспот, фюрер, көсем немесе халық бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ елді билейді. Деспотизм – бір адамның қатал самодержавиялық шексіз және дара биліктің түрі. Охлократия – гректің тобыр сөзінен – тобыр билігі деген мағынада. Плутократия (гректің «плутос»-байлық, «кратос»-билік) – саяси билік бай, ауқатты топтың қолында болатын мемлекеттік құрылыс. Тирания – мұнда билік күшке, зорлыққа, деспотқа негізделеді. Тоталитаризм (латын тілінен «тоталис» — толық, тұтас) — қоғам өмірінің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген биліктің түрі Элитаризм – қоғамды ерекше пұрсатты жағдайындағы адамдар тобына, элитаға бөлудің қажеттігін негіздейтін концепция (билік түрі). Либерализм– парламенттік құрылымды, буржуазиялық бостандықты жақтайтын буржуазиялық идеологиялық, қоғамдық-саяси ағым. Бюрократия – билікті жүзеге асырудың ерекше формасы, ерекше пұрсатты кастаның билігі және  оның көпшілікке тәуелсіз болуы. Демократия – халық билігіне негізделген саяси билік. Басқару түріне байланысты билік монархиялық және республикалық болып бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарға өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық  жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.Билік мемлекеттің құрылысына қарай унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді. Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекетік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Конфедерация  деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады.

27.ҚРда билікті жүргізу жолдары. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды, онда Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң шығарушы, Атқарушы және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес жүзеге асырылады, тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды делінген тәртіп бекітілді. Жаңа Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси билігінің үш тармағының атаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын Парламент деп қалдыру ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі палатасы Мәжіліс деген атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-министр, Үкімет—Атқарушы биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш тармағының бірі—Сот билігі –Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат) деп аталатын болды. Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан Республикасы бүгін Президенттік—парламенттік республикаға айнала бастады. Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады.

28. Ш.Л.Монтескье билік туралы қағидасы. Оның билік проблемасына байланысты жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”, “Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”. Ш.Монтескье “Заңдардың рухы” еңбегінде зерттеудің өзегі етіп демократияны ұсынып демократиялық әділеттік арқылы мемлекеттік билік қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір сүрген кезеңде дүние жүзінде мемлекет басқарудың бір ғана түрі-- монархия болды. Бұндай саяси режимде халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым биліктің бұл түрін болашақсыз деп тұжырымдайды. Француз ғалымы билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен халықты босату керек деген шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке қалайша бақылау орнатуға болады?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Ш.Монтескьенің берген жауабы – саяси билікті үш тармаққа бөлу принципі мен биліктің үш 49тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік жүйені пайдалану арқылы бақылау жасауы болды. Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы керек. Конституцияда биліктің тармақтарының ара қатынасы бекітіледі. Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша дауысқа салу арқылы). Ш.Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Нәтижесінде өз ілімін «іске аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады.Бірақ бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып жатыпты. Ш.Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32 жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің Конституциясын қабылдады. кейін саяси биліктің осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады.

29. Г.Спенсердің саяси көзқарастары. Орта ғасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі, ағылшындық психолог – Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, революцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференциация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі – қарапайым немесе жыртқыш; екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғыл-данатыны – соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда.

30.Макс Вебердің билік туралы теориясы. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария). Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге) негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. М.Вебердің ойынша, құқықтық мемлекет негізделетін легитимді үстемдіктің үшінші түрі-- ашық, жария үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, жариялылық билік демократиялық талаптарға сәйкес келетіні белгілі. Демократиялық жағдайда мемлекеттік биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: - билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орнатылуы. - мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

31.Саяси жүйенің мазмұны мен мағынасы. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.

32.Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:  Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;  Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;  Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады  Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;  Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
33. Саяси жүйенің функциялары мен қызметтері. Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.

34.Саяси жүйенің типологиясы. Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар:
1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелерді бөліп көрсетеді. Әлеуметтік топтар мүдделерінің келісімі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық қатынастардың сипатымен, үстем таптың мүдделерімен анықталынады.
2) Мұндай тәсілдің негізін М.Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легатимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден — мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын нығайту үшін саяси дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар еді деп есептейді.

35.Саяси жүйе деген не және оның түрлері. Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық,  авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі. Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

36.Саяси жүйе туралы теориялар. Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды елеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен түратын өз ортасымен қатынасын талдады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық кибернетикалық мақсаттардың өрекеті принципі бойынша өтеді.
«Кірісте» қогам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды «игеруге», қайта өндеуге және сыртқы сигналдарга лайықты жауап беру үшін шақырылған. «Шығыста» жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдср мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін.

37.Қоғамдық саяси жүйе және оның элементтері туралы түсінік. Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектепинституттеатр) жүзеге асыратын барлық мекемелер. Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады. Кезкелген саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде әртүрлі мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұймыдар болып табылады. Барлық элементтер өзара әрекетте болады және ақыр аяғында олардың өмір сүруінің экономикалық шарттарында негізделген әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін келістірудің белгілі бір тәсілінің жиынтығымен жүзеге асады. Кез-келген саяси жүйс, оның әрбір элементі белгілі бір әлеуметтік мүдделердің дәл болсын, болмасын бейнесі болып табылады.

38.Д.Истонның саяси жүйеге байланысты пікірі. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Канада саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның қарастырылып отырған проблемаға арналған еңбектері: " Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе" (1953) - Бұл еңбек, сөзсіз, концептуальдық сипатта; "Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау" (1965); "Саяси сараптамаға кіріспе" (1979), "Саяси құрылымның сараптамасы" (1990). Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:1. Қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесі ретінде көрінеді.2. Саяси жүйе бос кеңістікте емес, керісінше физикалық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады. Саяси жүйе ашық, себебі ол — әлеуметтік жүйенің бір бөлігі және ауқымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.4. Саяси жүйенің өміршеңдігі қоршаған ортаның теріс әсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағ- дайларға бейімделе алуымен анықталынады 5. Саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтік өмірдің тұрақтылығы мен түрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.6. Барлық саяси жүйелердің ортақ қасиеті — олардың тұтастығы мен амандығын қамтамасыз ететін бейімделу қабілеті, осының арқасында дағдарыстардан шығуға болады.

39. Демократиялы саяси режимнің жалпы мағынасы. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы". Қоғамдық істерді шешу мен шешімдерді қабылдауға мүдделі адамдардың барлығының демократиялық жолмен қатысуы көптеген елдердің тарихьшда болды. Мысалы, Шыңғыс ұрпақтарының және оған жақын адамдардың ортасынан жоғары билеушіні — ханды сайлауы, жерлерде жергілікті билеушілер — билердің сайлануы, ашық пікір алысудың негізінде жайылым бөлісу, сыртқы басқыншылардан қорғану және т.б. өмірлік маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақ хандығының тарихында да орын алған Алайда құрылымданған сословиелерге, таптарға, әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа да топтарға бөлінген қоғамда жүзеге асатын демократиялық басқару, тиісті түрде модификацияланбауы мүмкін емес. Сондықтан біз демократияны қоғамның саяси құрылымы ретінде, саяси режим ретінде қдрастырамыз. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түріңде қызмет етіп, дамиды. Әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін саяси режим ретіндегі демократияның басты ерекшеліктер бар.

40.Демократия формалары. Демократия — алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.Делегативті демократия — гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О’Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.Идентитарлы демократия — халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.Өкілдік демократия — халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

41. Демократияның негізгі тұжырымдамалары. Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

42. Тоталитарлық саяси тәртіп. Тоталитарлық тәртіп дегеніміз –қоғамның барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шек қою; саяси салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с.Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы; - әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі; - мемлекеттік немесе жалғыз басқарушы партияның идеологиясының жүргізілуі; - бейімделушіліктің (конформизм) қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.

43.Авторитарлық саяси тәртіп. Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым. Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі.Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тікелей байланысты. Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі; - қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі; - мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси партиялармен бірігуі; - парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы.

44.Мемлекет мағынасы, мәні, белгілері. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

45.Мемлекеттің құрылымы мен қызметтері. Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ИталияФранцияҚазақстан т.б. осы түрге жатады.Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШАлманияМалайзия, т.б. жатады. Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. 

46. Мемлекеттік құрылыстың формалары. Мемлекет басқаруы бойынша: Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады. Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

47.Саяси партия анықтамасы, белгілері,құрылымы,қызметтері.саяси. «Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:  аристократиялық котерийлер (үйірмелер);  саяси клубтар;  көпшілік партиялар. Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Партиялардың негізгі қызметтері:  жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;  басқа партиялармен бәсекелестікте болу;  белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;  мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;  қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару. Саяси партиялардың ортақ белгілері:1. Әлеуметтік бірлестік. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарға басшылық жасап, олардың саяси-әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп іс-қимылдар жасауға басшы болу.2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату.3. Саяси билікке келу үшін күрес жүргізу. 4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу. 5. Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.
48.Партиялы
қ жүйе. Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым-қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Демек, партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы. Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық және көппартиялық. Бір партиялық жүйе бұрынғы барлық социалистік елдерде болды. Қазіргі кезде бірпартиялық жүйе саяси қызмет ететін елдер – Солтүстік Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Мысыр және т.б. Елдегі партиялық жүйе партиялардың санымен анықталмайды. Мысалы, Қытайда бір партиялық жүйе, бірақ саяси партия біреу ғана емес, онда бірнеше партия бар. Сол сияқты, АҚШ-та, Англияда екі партиялық жүйе, бірақ бұл елдерде партиялардың саны  тек екі-екіден ғана емес, екеуінде де көптеген партия саяси өмірге қатысады.

49.Саяси партиялар типологиясы. Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

а) маманданған;ә) бұқаралық деп жіктейді.Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары,мүшелерібелсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшыларшаруаларбуржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

50. Құқықтық мемлекеттің мәні мен негізгі принциптері. Құқықтық мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзінің Конституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында - ақ: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі –заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуы керек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет.

51.Азаматтық қоғам және оның белгілері,өмір сүру қабілеті. Азаматтық қоғамның негізгі белгісі--әрбір азаматтың, яғни жеке тұлғаның еркін дамуы. Бұндай қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Азаматтар өз еркімен (мемлекетке қатыссыз) күнделікті өміріне қажетті қоғамдық ұйымдар,бірлестіктер қалыптастырады. Мысалы, жанұялар бірлестігі, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа да бірлестіктер. Азаматтық қоғамның өте маңызды демократиялық белгісі – мемлекет азаматтардың бақылауынан тыс іс - әрекет жасай алмауы. Азаматтар мемлекет атқаратын міндеттерді өз еріктерімен мемлекетке тапсырады және оның орындалуына бақылау жасайды.

52.Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасуының,дамуының қиыншылықтары. Азаматтық қоғам мәселесінің мазмұнды және ұзақ уақыт бойы қалыптасқан өз теориясы бар. Саясаттану тарихында бұл мәәселені зерттеген және осы теорияға елеулі үлес қосқан ойшылдар мен ғалымдар Аристотель, Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.ЖРуссо және т.б. Олардың ішінде азаматтық қоғам тақырыбына ғылыми талдау жасаған немістің атақты ойшылы Г.Гегель болды. Ол азаматтық қоғам жалпы халық пен мемлекет арасындағы «байланыс жүргізу түрі» деп атады. Яғни, азаматтар мен мемлекет арасындағы біріктірушілік пен реттеушіліктің болуы. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, бірлестіктерді қамтиды. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. ГроцийБ. СпинозаДж. ЛоккШ. МонтескьеД. АдамсД. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты.

53.Саяси идеологияның жалпы түсінігі, мазмұны. Саяси идеология — саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. «Идеология» деген ұғым гректің идея — бейне және логос — білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

54.Саяси идеологияның функциялары. Саяси идеология қызметі — қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;5) бағалау қызметі. Идео¬логия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

55.Саяси идеология үғымы, түрлері. Саяси идеология — саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. «Идеология» деген ұғым гректің идея — бейне және логос — білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Саяси идеология деңгейлері — қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады. Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

56.Саяси мәдениет түрлері. Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады; "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады; "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

57.Саяси әлеуметтану түрлері. Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі. Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері: Саясилану; Персонификация; Идеологизация;Институционализация.Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:отбасы;дос, жолдастар;мектеп;БАҚ;саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

58.Саяси мәдениет:жалпы түсінік, құрылысы,функциясы. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:1.Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына, олардың саяси ой-санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған қоғамдық-саяси мақсаттардағы іс-қимылына игі әсер етеді, азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. 2.Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі ретінде қызмет етеді, билік жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды. 3.Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі және халықаралық саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлер мен басқа да лауазымды адамдарды бағалай білуге үйретеді.  4.Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның қорғаушысы, қоғамның жедел дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады. 5.Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде танылған қоғамдық тәртіп үлгілерін жеткізу.Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым белсене қатысып, мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін тигізеді. Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз - адамдардың саяси білімдерін,

саяси ой-пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге

қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бейімдейтін қоғам

мәдениетінің ерекше саласы.

59.Мемлекеттің ішкі саясаты. Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды. Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:мемлекеттің  ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау (қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

60.Халықаралық қатынастар:мәні,субъектілері,факторлары. Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде

61.Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері.  Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. 

62.Партияның алатын орны,түрлері мен қызметтері.Партия деп - қоғамдағы әлеуметтік-саяси мүдделерді шешу үшін өздеріне ортақ көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке келуге ұмтылатын азаматтардың ерікті ұйымын айтады.“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін қолдаймын”, “мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:аристократиялық котерийлер (үйірмелер);саяси клубтар;көпшілік партиялар.

Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.Партиялардың негізгі қызметтері:жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;басқа партиялармен бәсекелестікте болу;белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

63.Қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдардың қатынастар формасы ретінде. Қоғамдық-саяси ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген азаматтар бірлестігі жатады. Қоғамдық-саяси ұйымдар азаматтардың өз мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық қозғалыстар да қоғамдық саяси ұйымдар сияқты азаматтардың өз мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық қозғалыс деп – белгілі бір әлеуметтік жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға бағытталған қоғамдық күштерді айтады. Қоғамдық қозғалыстың пайда болуының негізгі себебі -жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмауында. Сондықтан олар өз мүдделестерімен топтасады. Қоғамдық қозғалыстардың көбінің тұрақты ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқарудағы айқын принциптері болады. Әдетте, олар: әділеттік, бостандық, қарусыздандыру, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық өрлеу, қоршаған ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаттарды ұстанады.

64.ҚРдағы саяси партиялардың идеялық саяси тұжырымдамалары. Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.

65. ҚРдағы саяси партиялар мен әлеуметтік саяси қозғалыстар-64ті жаза салыңдар.

66.Саяси сана және саяси мәдениет. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттерінебағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеялардыкөзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет (ағылш. political cultureағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқауларқазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

67.Жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады.Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;Қоғам  мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту. Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі  дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси  іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

68.Мемлекеттің шығу теориясы және оның басқару түрлері. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Күштеу теориясы (өкілдері: ДюрингКаутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады.  Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарғажіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді. Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді.Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.  

69.Саяси тәртіптер және оның түрлері. Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пенеркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі.

Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады.Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар: - күшті орталықтанған билік - бір топтың немесе партияның билікке монополиясы - элитаның қалыптасуы - оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы - билік өзгеруінің күштеу мінезі және оппозицияның бар болуы.Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.

70.Саяси режим ұғымы,типтері. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.  Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия деп халық билігітеңдікқұқықәділдікеркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

71.Жеке тұлғаның демократиялық белсенділігі. Демократиялық саяси білімнің де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуына тиімді әсер ететіні даусыз. Қазіргі кезде алдыңғы қатарға адамдар санасының жаңа қырлары, оның ішінде ұлттық санасының оянуы ұсынылып отыр. Демократиялық саяси білімнің маңызы: азаматтардың демократиялық менталитетін қалыптастыруға көмектесу, демократиялық саяси мәдениет құндылықтары мен түрлерін игеруді үйрету, тұлғаның саяси төзімділік, сенімді серіктестік, келісімге ұмтылу сияқты қасиеттерін қалыптастыру. 

72.Саяси жетекші туралы түсінік және оның қағидалары. Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader) Мемлекеттін, саяси партиянын, коғамдық ұйымнын жетекшісі;саясатмемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға. Саяси іс әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ басшылардың орны ерекше.Оған халықтың не белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады.Саяси жетекшіліктің,топ бастарлықтың табиғатын,сыр сипатын ғалымдар ерте заманнан білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. 

73.Саяси элитаның қоғамдағы рөлі.“Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы:-   шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)-  жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар -  билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді.Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік, өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған.“Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды.Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:1)  республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;2)  экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық “тармақтары” мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі.

74.Тұлғаның саяси мәдениеті. Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына қоғамдағы барлық салалар өз әсерін тигізеді,олар: ұлттық ерекшеліктер, рухани құндылықтар, діни, құқықтық, экономикалық жағдайлар. Қандай қоғамда болмасын, осы аталған ерекшеліктерге қарамастан, саяси мәдениеттің қызметі, өз орны мен ролі барлық қоғамға ортақ адамдардың саяси іс-қимылдарын көрсетеді. Әр елдің саяси мәдениетін тек сол іс-қимылдардың деңгейі арқылы анықтауға болады.Еуропа және Америка елдері саяси ғылымдарындағы саяси мәдениетті типтерге бөлу Г.Алмонд пен С.Вербаның “Азаматтық мәдениет” (1963 ж.) деген еңбегінен басталады. Саяси мәдениет үш “таза” типтерге бөлінеді, олар патриархалдық: бұнда  азаматтардың саяси мәдениетке қатысуы да, қызығушылығы да жоқ; берілгендік: бұнда саяси институттарға бағыттаушылық басымдық алады; белсенділік: бұнда азаматтардың саясатқа қызығушылығы мен белсенділігі жоғары сипат алады. Қоғам өміріндегі бұл үш тип бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Жоғарыда аталған авторлардың пікірінше, ең кеңінен 92таралғаны және саяси тәртіпті қамтамасыз ететіні «берілгендік» мәдениет үлгілерін меңгерген “азаматтық” мәдениет болып табылады. 

75.Қазіргі замандағы билеуші элита. "Элита" деген сөз француз тілінде тандаулы, іріктелген, сұрыпталған деген мағынаны білдіреді. Қазіргі өндірістік дамыған елдерде элитаның құрамы әр түрлі келеді. Оған саяси серкелер, шенеуніктер, зиялылар, бизнесмендер кіреді. Сонымен қатар басқарушы элитаға кірмей қалған топ оған кіруге немесе жаңа элитаны құруға күреседі. Саяси жетекшіліктің, топ бастаушылықтың (лидерліктін) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардын. ішінде ерекше көзге түсетін  Н. Макиавеллидін. "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағы-нушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауы-на сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлык қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналык пен әділетгіліктіц үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықгың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. 

76.Қазіргі әлемдік дамудың жалпы мақсаттары. Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдерімоделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.

77.Қазақстан халықаралық катынастар жүйесінде.Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттіліктің белгілері мен элементтерін толық орнықтыруға бағыт ұстанған белсенді де парасатты саяси қызмет атқарып келеді. Бұның айқын дәлелі 1992 жылғы 2-ші наурызда, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы.Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеяның биік мінбелерінен халықаралық өзекті мәселелерді шешуге қатысып өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде елімізді дүние жүзінің басым көпшілік мемлекеттері танып отыр, олармендипломатиялық қатынастар орнатылды.Ел саясатының бейбітсүйгіш сипаты, жедел әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі белсенді практикалық іс-әрекеті – барлық мемлекеттермен шынайы достық қатынастарды дамытуғамүмкіндік беріп отыр. нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым. Жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды, еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады.  

78.Мүдделі топтар:ұғымы,функциялары,типологиясы. Топшылдық – қоғамдық қатынастардағы әлеуметтік-саяси құбылыс. Саяси сферада мүдделі топтардың қызметі өте күшті болуы себепті саяси күресті мүдделі топтардың қарым-қатынасы ретінде де қарастырады. Глобальдық масштабта немесе макродеңгейде Топшылдық геостратегиялық мақсаттары түйіскен мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың белгілі бір топқа одақтастар ретінде бірігуінен байқалады. Мысалы, 1-дүниежүзілік соғыста Антанта тобына біріккен одақтас елдер өз мүдделеріне қарсы Үштік одаққа біріккен мемлекеттермен соғысты. Қазіргі кезеңде де әлемдік саясатта топтасу құ-былысы күшті. Еуроодаққа Еуропа мемлекеттері бірігіп жатса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Еуразия континентіндегі ірі мемлекеттер тобы бірігуде. Мүдделі топтар үнемі тұрақты болмайды. Қоғам талаптары өзгеруімен бірге топтар да өзгеріп, жаңарып отырады. Басым топтар әлсіздерін ығыстырып, жаңадан қалыптасқан топтармен өзара перманенттік күресін жалғастыра береді.Топшылдықты қоғамдық қатынастарға, адам өміріне өз ықпалын тигізіп отыратын объективті шындық ретінде қарастырған дұрыс.Егер топ мақсат-мүдделеріне байланысты демократия құндылықтарын, жалпыхалықтық пайдалы мұраттар мен құндылықтарды көздесе ол топтың ісі игілікті. Егер эгоистік топтар халықтың түпкілікті мүдделеріне зиян мақсаттарды көздесе ондайлардың әрекеттеріне қоғамдық қарсылық қажет.  

79.Саяси көшбасшылықтың теориялары. Ерте  қытай  ойшылы  Конфуций  (Кун-Цзы  б.д.д.V  ғас.)  жақсы  басшы  әділетті басқаруы міндетті деп есептеген.Конфуцийдің  пікірінше,  басшы  ӛзінде  бес «тамаша қасиетті» ұштастыра білуі керек: «ізгілікті басшы қайырымдылықты есепсіз шашпайды»,  «еңбекке күштеп кӛндіргенімен, халықтың ашу-ызасына жол бермейді», «ӛзінің  талап-тілектерін  орындауда  қанағаттылықты  ұстайды»,  «жоғары  мәртебесін сезінгенімен ӛркӛкірек емес», «құрметті талап еткенімен, қатыгез болмауы керек». Платонға сүйенсек, даналық билігі, саяси ақыл үстемдігі абсолютті басқару болып табылады. Ең үздік мемлекетте, кім бақытқа жетсе және кім қайырымды бай болса, солар басқарады.Саясаттың  қазіргі  заманғы  түсініктері  Флоренциядан  шыққан  ойшыл  Н. Макиавеллиден  бастау  алады. Макиавеллидің “Билеуші” трактаты (1513 жылы жазылды) оқырманды тағы да кӛшбасшылық мәселесі кӛтеретін саясаттың жаңа әлеміне әкеледі. Ғалымның пікірінше жаңа мемлекеттік құбылысты жаңа билеуші басқаруы тиіс. Билеуші  билікке  халық  пен  ақсүйектердің жақтауы арқасында келеді. Саяси кӛшбасшылық – кӛпшіліктің саяси қарекетін топтастыру, ұйымдастыру, оған белгілі бір бағыт беру механизмі. Ең алғашқы кӛшбасшылық типологиясын жасаған М.Вебер болды.Кӛшбасшылық  –  М.Вебер бойынша «бұйрық беру мен бағынуды қамтамасыз етуге қабілеттілік».  Бірінші типі – дәстүрлі кӛшбасшылық, бұл билік дәстүрлерінің қасиеттілігіне сенуге негізделеді. Екінші типі – жария ұжымды немесе бюрократиялық кӛшбасшылық:  жеке  адамға  емес  заңға  бағынуҮшінші типі – харизматикалық аса білімділігі, сапасы, айрықша қабілеті бар кӛшбасшы.  

80.Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең.80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуыСоның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады.Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады.Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.

81.ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі. Конституция-біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақсатымыз, мемлектеттердің әлемдік қоғамдастыққа енген, азаматтардың дәлетті де лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық өркенді мемлекет құру жолындағы ілгері басуымыздың негізін қалаушы басты құжат болып қала береді.1998 жылғы 7-ші қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының негізінде арнайы құрылған сарапшылық кеңес азаматтардан келіп түскен әр-бір ұсынысты зерделеп, ұсыныстарына орай өзгерістер енгізілді. Оған өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі-біздің заңгерлеріміздің қателігі емес, қоғамның тез дамуы және бүгінгі жүрдек уақыт, үндеген талаптар биігінен көріне білуге деген ұмтылыстан туған қажеттілік екенін білу қажет.Конституция қоғамдағы негізгі қарым-қатынастарды реттейін жалпы жұртшылыққа арналған ережелер негізгі болып табылуына байланысты, осы ережелер негізін әрбір азамат білуі борышымыз әрі орындауға міндетті.Негізгі Заңның қоғамда констиутцияылық заңдылықты, тұрақтылық пен құқық тәртібін қамтамассыз етуге бағытталған қорғаушылық бағыты осылардан айқын көрініс береді.

82.Әлемдік жүйедегі негізгі  бағыттар. Әлемдік жүйе  - жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ол жөнінде алғашқылардың бірі болып,АҚШ президенті А Р.Никсон 1969 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: "Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз", - деді. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде әлемдік қауымдастыққа XX ғасырдың 80-ші жылдары баса назар аударыла бастады. Халықаралық құқықта "халықаралық қауымдастық" ұғымы негізі мемлекет болып табылатын ғаламдық саяси жүйе ретінде анықталады, жүйе мемлекетаралық мазмұнға ие. "Халықаралық қауымдастық" ұғымы ғаламдық әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Жаһандану мемлекеттік емес, үкіметтік емес элемент- терді енгізу арқылы халықаралық қаты- настар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Бүл жүйеге дәстүрлі емес акторлар кіреді: халықаралық үкіметтік емес уйымдар, ТҰК, БАҚ, баламалы қозғалыстар (экологиялықфеминистоккәсіби және т.б.).

83.ҚР Әлемдік діндер съезі. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астанақаласында өткізуді ұсынды. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. 2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды.

84.ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  жолдауы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына биылғы жолдауында мемлекеттің жаңа саяси бағыты белгіленді.Елбасы өзінің алдыңғы жолдауларында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі – сот құқық жүйесін жетілдіру екендігін белгілесе, биылғы жолдауда сот жұмысына тағы да назар аударып, сот жұмысын жоғарғы деңгейге көтеру, жетілдіру үшін, сондай-ақ бір мезгілде сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытудың қажеттілігін көрсетті. Бұл бағытта қазіргі таңда сот жүйесінде тиімді жұмыстар атқарылып, мәселен медиация (бітімгерлік) институтын тараптарды татуластыру, келісімге келтіру, жәбірленушінің кешірім жасауы институттарын заң шеңберінде барынша қолданылуда.Соттардың алдында тұрған кезек күттірмес басым міндеттер – сот төрелігін атқарудың сапасын арттыру, сот төрелігін атқарудың мерзімін және істердің қозғалысын ретке келтіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресті жалғастыру болып табылады.

85.Қ.Яссауидің саяси идеясы. Ахмет Яссауи (шамамен 1093-1166) - түркі тілдес халыктардын корнекті ойшылы, есімі ислам әлеміне белгілі. түркілік суфизмнін негізін салушы. Онын негізгі енбегі "Диуани хикмет" ("Даналык кітабы") - парасатты создер, олентер жинағы - 12 ғасырдағы сакталган әлеби, тарихи. әлеуметтік-саяси асыл мүра болып табылады.  'Хикметте" суфистік идеологияның, саясат пен практиканын бүкіл алуан түрі көрсетілді. Алайда "Даналык кітабында" Ахмет Яссауи әлеуметтік-саяси ойларының терендігін сактаған. карапайым бүл дүние адамдарының эмоиионалды-психологиялык үміттін жакындығын карастырған. Сондыктан "хикметтер" рухани, әлеуметтік-саяси өмірдің барлык жактарын камтыған, сол кездегі діни ахуалды бейнелеген автордың дүниетанымы.Ахмет Яссауи әділетті саясат жүргізуге жэне халыкка кызмет етуге шакырды. Оның әлеуметтік-саяси ойларын шәкірттері дамытты. Ол озін ортағасырлык дәуірдін ұлы ойшылы ретінде корсетті, онын козкарастары казак халкының жэне баска да түркі халыктарынын әлеуметтік-саяси ойларынын дамуына ыкпал етті.

86.ҚР Мемлекеттік билігі. Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

87.Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару. Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар: Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

88.ҚР саяси жүйесі мен Конституциясы. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады. Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын және принциптерін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

89.Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары. Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық   проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне негізделеді.Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.

90.ҚР сыртқы саясаты,оның көп бағыттылық сипаты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей,ҚытайАҚШЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.




1. этнос в этнографии
2. Условия существования тока.
3. тема принадлежащая к семейству ОС Microsoft Windows в линейке следующая за Windows 7 и разработанная транснациональн
4. 45я параллель муниципального учреждения г
5. Вариант 1 1 Опишите технологию подготовки и принятия управленческих решений укажите ее элементы
6. ТЕМА БЮДЖЕТНОГО УПРАВЛЕНИЯ В УСЛОВИЯХ ОАО.html
7. В законах мышления человека отложился многовековой опыт практической общественной деятельности
8. Лукойл
9. Тема- сучасні технології мобільного зв'язку Перевірив- _______ Биковець В
10. тематичну постановку задачі яка містить- опис вхідних даних їх типів та у разі необхідності опис обмежен
11.  Распространение нейтронов в горных породах процессы замедления и поглощения нейтронов
12. тема управления Учет и отчетность ~ информационная основа финансового менеджмента
13. статьях по видам а рассказ о некоторых видах восточных боевых искусств с точки зрения здоровья красоты и из
14. летником Потому и назвали его Летним
15. Producing region. mritime school forestry institute nd regionl museum re locted here
16. Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС
17. Понятие виды система и общие условия проведения и оформления следственных действий
18. Статья посвящена роли Л
19. Секция Б В Дом по ул
20. тема обучения 4